Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 3 шiлдедегi N 159 қаулысымен бекiтiлген Аударымдық төлем тәсiлiмен төлем айналымын бөлу жөнiнде есеп жасау және есеп беру ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 14 ақпандағы N 34 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 18 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1469. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 78 Қаулысымен.

      Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.09.27 № 78 (4-тармақты қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының банк жүйесiндегi ақша қозғалысына жан-жақты талдау жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 3 шiлдедегi N 159 қаулысымен бекiтiлген Аударымдық төлем тәсiлiмен төлем айналымын бөлу жөнiнде есеп жасау және есеп беру ережесiне V990906_ өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
      2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Аударымдық төлем тәсiлiмен төлем айналымын бөлу жөнiнде есеп жасау және есеп беру ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 3 шiлдедегi N 159 қаулысымен бекiтiлген Аударымдық төлем тәсiлiмен төлем айналымын бөлу жөнiнде есеп жасау және есеп беру ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Аударымдық төлем тәсiлiмен төлем айналымын бөлу жөнiнде есеп жасау және есеп беру ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына, екiншi деңгейдегi банктерге және "Казпочта" ашық акционерлiк қоғамына жiберсiн.
      3. Ақпарат технологиясы департаменті (Денисов Ю.Л.) тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді пысықтасын және оны 2001 жылдың 12 наурызында өндірістік пайдалануға енгізуді қамтамасыз ететін болсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсін.
 

     Ұлттық Банк

      Төрағасы



                                           Қазақстан Республикасы



                                           Ұлттық Банкі Басқармасының

                                           2001 жылғы 14 ақпандағы

                                           N 34 қаулысымен

                                           бекітілген



 
 
             Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының
           1999 жылғы 3 шiлдедегi N 159 қаулысымен бекiтiлген
                Аударымдық төлем тәсiлiмен төлем айналымын
            бөлу жөнiнде есеп жасау және есеп беру ережесiне
                        өзгерiстер мен толықтырулар
 
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 3 шiлдедегi N 159 қаулысымен бекiтiлген аударымдық төлем тәсiлiмен төлем айналымын бөлу жөнiнде есеп жасау және есеп беру ережесiне V990906_ мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. 1-тармақтағы: "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi филиалдарының" деген сөздер "екiншi деңгейдегi банктердiң және "Казпочтабанк" ашық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - банктер)" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Банктер аударымдық төлем тәсiлiмен төлем айналымын бөлу бойынша есептi бөлiмшеге келесi есеп беретiн айдың 15-iнен кешiктiрмей электрондық байланыс арналары бойынша электронды форматпен тапсырады (N 1 қосымша, N 2 қосымша және N 3 қосымша).".
      3. 3-тармақтағы "Ұлттық Банктiң филиалына" деген сөздер "бөлiмшеге"

 

деген сөзбен ауыстырылсын.

     4. 4, 5 және 6-тармақтар алынып тасталсын.

     5. 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

     "7. Аударымдық төлем тәсiлiмен төлем айналымын бөлу бойынша есеп

Қазақстан Республикасының төлем жүйесiне және облыстарына қатысты

Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын төлем құжаттарын және

төлемдердi жүзеге асыру тәсiлдерiн көрсетуге арналған.".

     6. 8-тармақ мынадай тармақшалармен толықтырылсын:

     "Аударымдық төлем тәсiлiмен төлем айналымын бөлу бойынша есеп

мыналарды пайдалана отырып төлемдер мен ақша аударымдарының санын және

сомасын көздеуi тиiс:

     1) Вексельдер;

     2) Төлем ордерлерi;

     3) Банктiк есепшот ашпай аударым жасау;

     4) Ақша аударуға арналған өтiнiш;

     5) Халықаралық почта аударымдары;

     6) Аккредитивтер.".

     7. 9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:


 
       "2) төлем жүйесiнiң түрлерi бойынша төлем айналымын бөлу: Ақша аударудың банкаралық жүйесi, Бөлшек төлем жүйесi, Iшкi банк жүйесi, бiр-бiрiне ашқан корреспонденттiк есепшоттар арқылы банктер арасында жүзеге асатын төлем".
      8. Мынадай редакциядағы 9-1 және 9-2 тармақтармен толықтырылсын:
      "9-1. Iшкi банктiк iшкi аймақтық төлемдерге банк iшiндегi төлем бастамашыларының нұсқауларымен жүргiзiлген банктiң (филиалдың, операция залын) iшкi облыстық төлемдерi, сондай-ақ бiр облыстың банк филиалдарының арасындағы, оған қоса бiр облыстың банкi мен клиентi арасындағы төлемдер жатады.
      9-2. Iшкi банктiк аймақаралық төлемдерге iшкi банктiк жүйе бойынша төлем бастамашыларының нұсқауларымен жүргiзiлген банктiң облысаралық төлемдерi, Қазақстан Республикасының облыстары арасындағы, оған қоса банк пен клиент арасындағы облысаралық төлемдер жатады.".
      9. 10-тармақ мынадай редакциядағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "10. Аударымдық төлем тәсiлiмен төлем айналымын бөлу бойынша есеп жасау кезiнде әр бағанда орындауға қабылданған құжаттарда көрсетiлген саны және сомасы көрсетiледi. Бұл орайда шетел валютасымен орындауға қабылданған құжаттар банктiң ақы төлеген кездегi бағамы бойынша теңгемен көрсетiледi.".
      10. 11-тармақтың:
      бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: "Есеп мәлiметтерiнде банк клиент және банк төлемi бойынша бөлек орындаған банктердiң төлем жүйесiнде жүргiзген төлемдерiнiң саны және сомасы көрсетiлуi тиiс."
      үшiншi бөлiгiндегi "банкте ашылған" деген сөздер "банктiк есепшот ашпай аударым жасауды қоса алғанда банкте ашылған" деген сөздермен ауыстырылсын.
      11. 13-тармақтағы:
      "төлем құжаттарының транзакциялары мен сомасының жалпы мөлшерi көрсетiледi" деген сөздер "төлем құжаттарының жалпы саны мен сомасы көрсетiледi" деп жазылсын.
      12. Мынадай редакциядағы 15-1, 15-2, 15-3, 15-4, 15-5 және 15-6 тармақтармен толықтырылсын:
      "15-1. Вексельдер бойынша есеп жасаған кезде банкте есепке алынған вексельдердiң жалпы саны және сомасы, сондай-ақ өтелген вексельдердiң жалпы саны және сомасы көрсетiледi.
      15-2. Төлем ордерлерi бойынша есеп жасаған кезде орындалған төлем ордерлерiнiң жалпы саны және сомасы көрсетiледi.
      15-3. Банктiк есепшот ашпай аударым жасау бойынша есеп жасаған кезде

 

қолма-қол ақша қабылдау үшiн пайдаланылатын есепшот-хабарламалар мен басқа

құжаттар, қолма-қол жарнаға берiлген түбiртектер, хабарландырулар

негiзiнде банк (филиал) жасаған төлем құжаттарының жалпы саны және сомасы

көрсетiледi.

     15-4. Ақша аударуға арналған өтiнiштер бойынша есеп жасау кезiнде

банк қабылдаған және орындаған ақша аударуға арналған өтiнiштердiң жалпы

саны және сомасы көрсетiледi.

     15-5. Халықаралық почта аударымдары бойынша есеп жасаған кезде

"Western uniоn", "Money gram" жүйелері және басқа да осындай жүйелер

бойынша жүзеге асырылған халықаралық аударымдардың жалпы саны және сомасы

көрсетiледi.

     15-6. Аккредитивтер бойынша есеп жасау кезiнде эмитент банктер ашқан

аккредитивтердің жалпы сомасы және сомасы көрсетіледі.".

     13. Осы өзгерістер мен толықтыруларға қоса берілген N 1 қосымша жаңа

редакцияда жазылсын (N 1 қосымша).

     14. Осы өзгерiстер мен толықтыруларға қоса берiлген редакция N 2

қосымша болып толықтырылсын.

     15. Осы өзгерiстер мен толықтыруларға қоса берiлген редакция N 3

қосымша болып толықтырылсын.


     Ұлттық Банк

      Төрағасы


                            Қазақстан Республикасының

                            Ұлттық Банкі Басқармасының

                            2001 жылғы 14 ақпандағы

                            N 34 қаулысымен бекітілген

                            Аударымдық төлем тәсiлiмен төлем айналымын

                            бөлу жөнiнде есеп жасау және есеп беру        

                            ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларға

                            N 1 қосымша


Банктің МФО коды ___________

Банктің атауы  _____________    


     Төлем тәсілі бойынша төлем айналымын бөлу жөнінде есеп

                                                       (мың теңге)

___________________________________________________________________________

N !   Облыстардың атауы              !        Төлем тапсырмасы       

___!__________________________________!____________________________________

1 !                2                 !        3        !         4

___!__________________________________!_________________!__________________

                                               К                   С      

___!__________________________________!_________________!__________________

1  Банк бойынша барлығы:

2  Ақтөбе      

3  Ақмола     

4  Алматы     

7  Жамбыл      

8  Қарағанды        

9  Қызылорда     

10  Қостанай    

11  Маңғыстау      

12  Павлодар                                                    

13  Солтүстік Қазақстан                                  

14  Батыс Қазақстан                                       

15  Оңтүстік Қазақстан                                 

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________


                                                       таблицаның жалғасы:

___________________________________________________________________________

Төлем талап-тапсырмасы        !           Чектер          !Банктік есеп.  

______________________________!___________________________!шотты тікелей 

Орындалғаны  ! N 2-ші         !Қолма-қол     !Тауар және  !дебеттеу

             !картотекадағы   !ақшаны алу    !көрсетілген !

             !                !үшін          !қызмет үшін !

             !                !              !есеп айырысу!

_____________!________________!______________!____________!________________

  5    !  6  !    7   !   8   !   9   !   10 !  11  !  12 !   13  !   14 

_______!_____!________!_______!_______!______!______!_____!_______!________

  К       С       К       С       К       С     К      С      К       С   

_______!_____!________!_______!_______!______!______!_____!_______!________


                                                       таблицаның жалғасы:

___________________________________________________________________________

Төлем карточкалары!    Инкассалық нұсқаулар      !   Төлем ордері         

                  !______________________________!

                  ! Төленгені  ! N 2-ші          !

                  !            !картотекадағы    !

__________________!____________!_________________!_________________________

   15    !   16   !  17  !  18 !   19   !    20  !    21   !     22

_________!________!______!_____!________!________!_________!_______________

   К         С       К      С      К         С        К          С     

_________!________!______!_____!________!________!_________!_______________


                                                       таблицаның жалғасы:

___________________________________________________________________________

          Вексельдер       !Банктік  !Ақша ау. !Халық.  !Аккреди.! Жиынтығы

___________________________!есепшот  !даруға   !аралық  !тивтер  !  

Есепке алынғаны ! Өтелгені !ашпай    !арналған !почта   !        !

                !          !аударым  !өтініш   !аударым.!        !

                !          !жасау    !         !дары    !        !

                !          !         !         !        !        !

________________!__________!_________!_________!________!________!_________

    23   !  24  !  25 ! 26 ! 27 ! 28 ! 29 ! 30 ! 31 ! 32! 33 !34 ! 35 ! 36

________________!__________!_________!_________!________!________!_________

    К       С      К    С    К    С    К    С    К    С   К   С    К    С 

___________________________________________________________________________


Банктің басшысы ______________________ (аты-жөні)

Бас бухгалтер ______________________ (аты-жөні)

Орындаушы ______________________ (аты-жөні) тел.___________


                N 1 қосымшаны толтыру тәртiбi



 
       Екiншi деңгейдегi банктер мен "Казпочта" ААҚ төлем тәсiлiмен төлем айналымын бөлу жөнiндегi есептi (N 1 қосымша) былайша жасауы қажет:
      1. Төлем құжаттары мен төлем жасау тәсiлдерi бағаны Қазақстан Республикасының (бұдан әрi - ҚР) облыстарына қатысты толтырылады, сонымен қатар банктiң, оның филиалдарының және олардың клиенттерiнiң төлемдерi облыстардың тиiстi бағандарында көрсетiледi.
      2. С, С - саны және сомасы.
      "Төлем тапсырмасы"
      Форматтың 3, 4-бағандарында төлем бастамашыларынан банк қабылдаған төлем тапсырмаларының жалпы саны мен сомасы және төлем бастамашысы банк болып табылатын төлем тапсырмалары көрсетiледi.
      "Төлем талап-тапсырмасы"
      Форматтың 5, 6-бағандарында ақша жiберушi банк орындаған төлем талап-тапсырмаларының жалпы саны мен сомасы, оның iшiнде банкке ұсынылған, орындалған төлем талап-тапсырмалары көрсетiледi. Банктiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi есепшотына ұсынған төлем талап-тапсырмасы бұған кiрмейдi.
      Форматтың 7, 8-бағандарында N 2 (клиенттiң) картотекасындағы төлем талап-тапсырмаларының жалпы саны мен сомасы көрсетiледi.
      "Чектер"
      Форматтың 9, 10-бағандарында чек берушi банк қабылдаған қолма-қол ақшаны алуға арналған чектiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi.
      Сонымен қатар шетел валютасына эмиссияланған, банк төлеуге қабылдаған жол чектерi банктiң осы чектерге төлем жасаған күнгi бағамы бойынша теңгемен көрсетiлуi қажет.
      Форматтың 11, 12-бағандарында чек берушi банктiң чек ұстаушыға тауарлар және көрсетiлген қызметтер үшiн төлеген чектерiнiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi.
      "Банктiк есепшоттарды тiкелей дебеттеу"
      Форматтың 13, 14-бағандарында банктiң тiкелей дебеттеу әдiсiмен есеп айырысуды жүзеге асыру шартына сәйкес жасаған төлемдердiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi.
      "Төлем карточкалары"
      Форматтың 15, 16-бағандарында төлем карточкалары жүйесiнде (қолма-қол ақшаны алу бойынша төлем және тауарлар мен көрсетiлетiн қызметке ақы төлеу бойынша төлемдер) жүзеге асырылатын трансакциялардың жалпы саны мен сомасы көрсетiледi.
      "Инкассалық нұсқаулар"
      Форматтың 17, 18-бағандарында жiберушi банк төлеген ақшаға инкассалық нұсқаудың жалпы саны мен сомасы көрсетiледi. Банкке ұсынылған, орындалған инкассалық нұсқау да осыған кiредi. Банктiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi есепшотына ұсынылған инкассалық нұсқаулар бұған кiрмейдi. Инкассалық нұсқауларды iшiнара орындаған кезде "Төленген" бағанында банк инкассалық нұсқаулардың нақты төленген сомасының төлем құжаттарының санын көрсетедi.
      Сонымен қатар инкассалық нұсқаулардың саны мен қалған сомасы толық төленгенге дейiн "N 2 картотека" бағанында көрсетiледi.
      Форматтың 19, 20-бағандарында N 2 (клиенттiң) картотекасындағы инкассалық нұсқаудың жалпы саны мен сомасы көрсетiледi.
      "Төлем ордерлерi"
      Форматтың 21, 22-бағандарында банк клиенттерiнен қабылданған және төлем бастамашысы банк болып табылатын төлем ордерлерiнiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi. Банк өздiгiнен әзiрлеген құжаттар не Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен бекiтiлген, банк пен клиент арасындағы операциялар негiзделiп жасалатын төлем құжаттарын осы бағанда көрсету керек.
      "Вексельдер"
      Форматтың 23, 24-бағандарында банк есепке алған вексельдердiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi (есепке вексель ұсынушы адамға төленген сома).
      Форматтың 25, 26-бағандарында өтелген вексельдердiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi.
      "Банктiк есепшот ашпай аударым жасау"
      Форматтың 27, 28-бағандарында түбiртектер, қолма-қол ақшамен жарна төлеу хабарландырулары, есепшот хабарламалары және қолма-қол ақшаны қабылдау үшiн пайдаланылатын басқа да құжаттар негiзiнде банк жүзеге асырған төлем құжаттарының жалпы саны мен сомасы көрсетiледi.
      "Ақша аударуға арналған өтiнiш"
      Форматтың 29, 30-бағандарында банк қабылдаған және орындаған ақша аударымдарына берiлген өтiнiштердiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi.
      "Халықаралық почта аударымдары"
      Форматтың 31, 32-бағандарында "Western uniоn", "Money gram" жүйелерi

 

және басқа да осындай жүйелер бойынша жасалған халықаралық аударымдардың

жалпы саны мен сомасы көрсетiледi.

     "Аккредитивтер"

     Форматтың 33, 34-бағандарында есептi кезең iшiнде ашылған

аккредитивтердiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi. Бұл бағанды

аккредитивке бұйрық берушiнiң өтiнiшiне сәйкес аккредитив ашушы эмитент

банк толтырады.

     "Жиынтығы"

     Форматтың 35, 36-бағандарында төлем құжаттарының жалпы саны мен

сомасы, төлем жасау тәсiлдерi көрсетiледi.


                            Қазақстан Республикасының

                            Ұлттық Банкі Басқармасының

                            2001 жылғы 14 ақпандағы

                            N 34 қаулысымен бекітілген

                            Аударымдық төлем тәсiлiмен төлем айналымын

                            бөлу жөнiнде есеп жасау және есеп беру        

                            ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларға

                            N 2 қосымша


     Төлем жүйесіне қатысты төлем айналымын бөлу жөнінде есеп


                                                            (мың теңге)   

___________________________________________________________________________

N !   Облыстардың атауы     !       Ішкі банктік жүйе бойынша 

___!_________________________!_____________________________________________

   !                         !  Ішкі аймақаралық   !   Аймақаралық   

   !                         !_____________________!______________________

   !                         !  Саны     !  Сомасы !   Саны     !  Сомасы

___!_________________________!___________!_________!____________!_________

1               2                  3           4           5          6

___!_________________________!___________!_________!____________!_________

1  Банк бойынша барлығы:

2  Ақтөбе      

3  Ақмола     

4  Алматы     

5  Атырау

6  Шығыс Қазақстан    

7  Жамбыл      

8  Қарағанды        

9  Қызылорда     

10  Қостанай    

11  Маңғыстау      

12  Павлодар                                                    

13  Солтүстік Қазақстан                                  

14  Батыс Қазақстан                                       

15  Оңтүстік Қазақстан  

___________________________________________________________________________


                                                       таблицаның жалғасы:

___________________________________________________________________________

          Банкаралық төлемдер                      !         Жиынтығы

___________________________________________________!

Ішкі аймақаралық  ! Аймақаралық   !Корреспонденттік!

                  !               !есепшоттар      !

                  !               !бойынша         !

__________________!_______________!________________!_______________________

Саны    !  Сомасы ! Саны  !Сомасы ! Саны   !Сомасы !  Саны     !   Сомасы

________!_________!_______!_______!________!_______!___________!___________

    7        8        9      10      11       12       13            14

________!_________!_______!_______!________!_______!___________!___________



                   N 2 қосымшаны толтыру тәртiбi



 
       Екiншi деңгейдегi банктер мен "Казпочта" ААҚ төлем жүйелерiне қатысты төлем айналымын бөлу жөнiндегi есептi (N 2 қосымша) былайша жасауы қажет:
      "Ішкi банктiк жүйелер бойынша"
      1. Iшкi аймақтық.
      Форматтың 3-бағанында iшкi банктiк жүйе бойынша банктiң Қазақстан Республикасы облыстарының шегiнде жiберген төлемдерiнiң жалпы саны көрсетiледi (мәтiн бойынша бұдан әрi - облыстар).
      Форматтың 4-бағанында iшкi банктiк жүйе бойынша банктiң облыстар шегiнде жiберген төлемдерiнiң жалпы сомасы көрсетiледi.
      Аймақаралық.
      Форматтың 5-бағанында iшкi банктiк жүйе бойынша банктiң облыстар арасында жiберген төлемдердiң жалпы сомасы көрсетiледi.
      Форматтың 6-бағанында iшкi банктiк жүйе бойынша банктiң облыстар арасында жiберген төлемдерiнiң жалпы сомасы көрсетiледi.
      "Банкаралық төлемдер"
      1. Iшкi аймақтық.
      Форматтың 7-бағанында банктiң бөлшек төлемдер жүйесi (БТЖ), банкаралық ақша аудару жүйесi (БААЖ) арқылы облыс iшiнде жiберген төлемдерiнiң жалпы саны көрсетiледi.
      Форматтың 8-бағанында банктiң бөлшек төлемдер жүйесi (БТЖ), банкаралық ақша аудару жүйесi (БААЖ) арқылы облыс iшiнде жiберген төлемдерiнiң жалпы сомасы көрсетiледi.
      2. Аймақаралық.
      Форматтың 9-бағанында банктiң бөлшек төлемдер жүйесi (БТЖ), банкаралық ақша аудару жүйесi (БААЖ) арқылы облыстар арасында жiберген төлемдерiнiң жалпы саны көрсетiледi.
      Форматтың 10-бағанында банктiң бөлшек төлемдер жүйесi (БТЖ), банкаралық ақша аудару жүйесi (БААЖ) арқылы облыстар арасында жiберген төлемдерiнiң жалпы сомасы көрсетiледi.
      3. Корреспонденттiк есепшоттар бойынша.
      Форматтың 11-бағанында банктiң корреспонденттiк есепшоттар бойынша

 

ұлттық валютамен және шетел валютасымен жiберген төлемдерiнiң жалпы саны

көрсетiледi.

     Форматтың 12-бағанында банктiң корреспонденттiк есепшоттар бойынша

ұлттық валютамен және шетел валютасымен жiберген төлемдерiнiң жалпы сомасы

көрсетiледi.

     "Жиынтығы"

     Форматтың 13-бағанында банктiң төлем жүйесi бойынша жүзеге асырған

төлемдерiнiң жалпы саны көрсетiледi.

     Форматтың 14-бағанында банктiң төлем жүйесi бойынша жүзеге асырған

төлемдерiнiң жалпы сомасы көрсетiледi.


                            Қазақстан Республикасының

                            Ұлттық Банкі Басқармасының

                            2001 жылғы 14 ақпандағы

                            N 34 қаулысымен бекітілген

                            Аударымдық төлем тәсiлiмен төлем айналымын

                            бөлу жөнiнде есеп жасау және есеп беру        

                            ережесiне өзгерiстер мен толықтыруларға

                            N 3 қосымша


    Төлем бастамашыларына қатысты төлем айналымын бөлу жөнінде есеп


                                                          (мың теңге)   

___________________________________________________________________________

N ! Төлем бастамашылары !Ішкі банктік жүйе !Банкаралық ! Банк бойынша

   !                     !     бойынша      ! төлемдер  ! барлығы     

___________________________________________________________________________

1  !            2        !         3        !     4     !        5

___________________________________________________________________________

                         !  Саны   ! Сомасы !Саны!Сомасы! Саны ! Сомасы

___________________________________________________________________________

2   Банк

3   Клиент

4   Жиынтығы

___________________________________________________________________________


                     N 3 қосымшаны толтыру тәртiбi



 
       Екiншi деңгейдегi банктер мен "Казпочта" ААҚ төлем бастамашыларына қатысты төлем айналымын бөлу жөнiндегi есептi (N 3 қосымша) былайша жасауы қажет:
      "Банк"
      "Iшкi банктiк жүйе бойынша" форматындағы 3-бағанның 2-жолында бастамашысы банк болған және iшкi банктiк жүйе бойынша жiберiлген төлемдердiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi.
      "Банкаралық төлемдер" форматындағы 4-бағанның 2-жолында банк бастамашы болған және Банкаралық ақша аудару жүйесi (бұдан әрi - БААЖ), бөлшек төлемдер жүйесi (бұдан әрi - БТЖ) және корреспонденттiк есепшоттар бойынша жiберiлген төлемдердiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi.
      Форматтың 4-бағанының 2-жолында бастамашысы банк болып iшкi банктiк жүйе, БААЖ, БТЖ және корреспонденттiк есепшоттар бойынша жүргiзiлген төлем құжаттарының жалпы саны мен сомасы көрсетiледi.
      "Клиент"
      "Iшкi банктiк жүйе бойынша" форматының 3-бағанының 3-жолында төлем бастамашыларының нұсқауымен iшкi банктiк жүйе бойынша банк жiберген төлемдердiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi.
      Форматтың 4-бағанының 4-жолында төлем бастамашыларының нұсқауымен БААЖ, БТЖ және корреспонденттiк есепшоттар бойынша банк жiберген төлемдердiң жалпы саны мен сомасы көрсетiледi.
      Форматтың 4-бағанының 3-жолында төлем бастамашыларының нұсқауымен

 

iшкi банктiк жүйе, БААЖ, БТЖ және корреспонденттiк есепшоттар бойынша банк

жүргізген төлем құжаттарының жалпы саны мен сомасы көрсетіледі.

     "Жиынтығы"

     "Ішкі банктік жүйе бойынша" форматындағы 3-бағанның 4-жолында ішкі

банктік жүйе бойынша банк жіберген төлемдердің жалпы саны мен сомасы

көрсетіледі.

     "Банкаралық төлемдер" форматындағы 4-бағанның 4-жолында БААЖ, БТЖ

және корреспонденттiк есепшоттар бойынша банк жіберген төлемдердің жалпы

саны мен сомасы көрсетіледі.


     Мамандар:

              Икебаева Ә.Ж.

              Жұманазарова А.Б.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады