Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi тесттеудi өткiзу нұсқау, тесттеу программалары және тесттеу нәтижесiнiң шекаралық мәнiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 17 сәуірдегі N 02-2-4/67 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 18 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1470. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі N 02-01-02/60 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінде 1999 жылғы 30 қарашада N 986 тiзбесiне тiркелген, Агенттiк төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы N А-202 бұйрығымен бекiтiлген, бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуларға конкурс өткiзудiң ережесiне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырғандар бекiтiлсiн:
      1) Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi тесттеудi өткiзу туралы нұсқау (1 Қосымша);
      2) А-1, А-2, А-3, А-4, А-5 санаттарындағы бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi тесттеу программасы (2 Қосымша);
      3) А-6, А-7, В-6, В-7, С-5 (ҚР Сыртқы iстер министрлiгiнiң орталық аппаратының кеңесшiсi, орталық органның бас маманы), С-6 (Қазақстан Республикасының консулы, Сыртқы iстер министрлiгiнiң бiрiншi хатшысы, Орталық сайлау комиссиясының референтi), С-7, С-8 (орталық органның жетекшi маманы, Сыртқы iстер министрлiгiнiң үшiншi хатшысы), С-9 (ҚР Сыртқы iстер министрлiгiнiң атташесi), С-10 (Сыртқы iстер министрлiгiнiң референтi, орталық органның маманы) санаттарындағы бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi тесттеу программасы (3 Қосымша);
      4) Д-1, Д-2, Е-1, Е-2 санаттарындағы бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi тесттеу программасы (4 Қосымша);
      5) С-5 (облыстық аумақтық органның бөлiм бастығы, аудандық аумақтық органның жетекшiсi), С-6 (аудандық аумақтық орган жетекшiсiнiң орынбасары), С-8 (облыстық аумақтық органның аға приставы, облыстық аумақтық органның аға сот орындаушысы), С-9 (облыстық аумақтық органның бас маманы), С-10 (облыстық аумақтық органның жетекшi маманы, облыстық аумақтық органның приставы, облыстық аумақтық органның сот орындаушысы, аудандық аумақтық органның құрылымдық бөлiмше жетекшiсi), С-11 (аудандық аумақтық органның бас маманы), С-12 (облыстық аумақтық органның маманы, аудандық аумақтық органның жетекшi маманы), С-13 (аудандық аумақтық органның маманы), D-3 (облыстық аппараттың құрылымдық бөлiмшесiнiң жетекшiсi; көмекшi, кеңесшi, облыс әкiмiнiң бас инспекторы; аудандық аппаратының жетекшiсi), D-4 (поселке,ауыл (село) әкiмiнiң орынбасары; облыстық аппаратының бас маманы; аудандық аппаратының бөлiм бастығы; аудан әкiмiнiң көмекшiсi, кеңесшiсi); D-5 (облыстық аппаратының жетекшi маманы, аудандық аппаратының бас маманы), D-6 (облыстық аппаратының маманы; аудандық аппаратының жетекшi маманы; поселкелiк, ауылдық (селолық) аппаратының бас маманы; облыстық аппараты сот мәжiлiсiнiң хатшысы), D-7 (аудандық аппаратының маманы, аудандық аппараты сот мәжiлiсiнiң хатшысы), D-8 (поселкелiк, ауылдық (селолық) аппаратының маманы), E-3 (облыстық органның бөлiм бастығы, аудандық органның жетекшiсi), E-4 (аудандық орган жетекшiсiнiң орынбасары), Е-5 (облыстық органның бас маманы), E-6 (облыстық органның жетекшi маманы, аудандық органның құрылымдық бөлiмшесiнiң жетекшiсi), E-7 (аудандық органның бас маманы), E-8 (облыстық органның маманы, аудандық органның жетекшi маманы), E-9 (аудандық органның маманы) санаттарындағы бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi тесттеу программасы (5 Қосымша);
      6) алынып тасталынды - 2002 жылғы 16 қыркүйектегі N 02-2-4/128 бұйрығымен
      7) Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға
үмiткерлердi тесттеу нәтижесiнiң шекаралық мәнi (7 Қосымша);
      8) В-1, В-2, В-3, В-4, В-5, С-1, С-2, С-3 санаттарының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi тестілеу программасын (8 Қосымша).
      Ескерту: 1-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 19 қарашадағы N 02-2-4/167 бұйрығымен .
      Ескерту: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 16 қыркүйектегі N 02-2-4/128 бұйрығымен.
      2. Агенттiк төрағасының 2000 жылғы 13 қаңтардағы N 02-1-7/2 бұйрығы күшi жойылсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттiк қызметтi кадрмен қамтамасыз ету департаментiнiң директоры В.А.Цойға жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

      Төраға

ҚР Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігі төрағасының
2001 жылғы 17 сәуірдегі   
N 02-2-4/67 бұйрығына    
1 Қосымша           

Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға
орналасуға үмiткерлердi тесттеудi өткiзу
жөнiндегi нұсқау       1. Жалпы ереже

      1.1 Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi (бұдан әрi - үмiткер) тесттеуден өткiзудiң мақсаты - үмiткерлердiң бiлiмi мен қабiлетiн әдiл бағалау.

      1.2 Бiлiктiлiк талаптарымен белгіленген құжаттары сәйкестi үмiткерлер, конкурстық комиссияның шешiмiнiң негізiнде тесттеуге жiберiледi. Ол жөнiнде хабардар етiледi. Хабарлау кезiнде тесттеудiң өтiлетiн орны, күнi және уақыты көрсетiледi.

      1.3 Тесттеудi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң және аумақтық бөлiмшелерiнiң тесттеу әкiмгерлерi (бұдан әрi - әкiмгер) өткiзедi.

      1.4 Тесттеу барысында Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тесттер және логикалық тесттер қолданылады.

      1.5 Тесттеудi өткiзудiң әдiлдiгiн тесттеудiң жағдайы, уақыты, қорытындыны есептеуi, нұсқаудың, мазмұнының стандарттылығымен қамтамасыз етiледi, сондай-ақ әкiмгерлердi сыбайлас жемқорлықты жiбермеу жөнiндегi жазбаша шек қою арқылы қабылдау болып табылады.

      1.6 Тесттеу 4-кезеңнен тұрады:
      1) тесттеуге дайындық;
      2) нұсқау;
      3) үмiткерлердiң тесттеуден өтуi;
      4) қорытындыны есептеу.     

2. Тесттеуге дайындық

      2.1 Тесттеудi өткiзу кезiнде мына төмендегілер үшiн уақытты жеткiлiктi бөлу қажет:
      - әкiмгердiң кiрiспе сөзiне;
      - үмiткерлердiң нұсқаумен танысуына;
      - үмiткерлердiң сұрақтарына жауап беруге;
      - тесттiң орындалуы.

      2.2 Тесттеудi өткiзу үшiн орын үмiткерлердiң орналасуына ыңғайлы жағдайға сәйкес болу керек: егерде бiр мезгiлде бiрнеше үмiткерлер тесттеуден өтетiн болса, олар бiр-бiрiнен жеткiлiктi қашықтықта отыруы қажет. Тесттеу уақытында үмiткерлер сөйлесуге және тест өткiзiлiп отырған бөлмеден шығып кетуге болмайды.

      2.3 Тесттеудiң барлық материалдары алдын-ала дайындалған және тексерiлген болуы қажет. Әрбiр тестiң қатаң сақталатын нұсқауы бар.

      2.4 Тесттеудi өткiзу тәртiбi, iрiктеу рәсiмнің ұзақтығы және мазмұны жөнiнде үмiткерлер алдын-ала ескертiлуi қажет.

3. Нұсқау

      3.1 Әкiмгердiң кiрiспе сөзi тесттеудiң өткiзiлетiн орны, рет-жосығы, тұтастай iрiктеу рәсiмi жөнiндегi мәлiметтердi бередi. Тесттеудiң жалпы уақыты және жекеше алғанда әрбiр тесттiң орындалу уақыты көрсетiледi. Yмiткерлерге шамасына қарай әрi жылдам, әрi нақты орындалуы ескертiлуi қажет. Нұсқаудың соңында үмiткерлерге сұрақтар қоюына мүмкiндiк берiледi.

      3.2 Тесттеу компьютерде немесе қағазға түсiру арқылы өткiзiлуi мүмкiн. Егерде техникалық жағдайға байланысты компьютерде тест өткiзу мүмкiндiгi болмаған жағдайда тесттеудi өткiзу қағазға түсiру арқылы өткiзiлетiнi жөнiнде шешiм шығарылады.

      3.3 Компьютерде тест өткiзiлетiн жағдайда тесттеудiң басында әкiмгер толық нұсқау өткiзуi тиiс. Рәсiмнiң басталуына дейiн компьютердi пайдалануға қатысты үмiткердiң барлық сұрақтарына жауап бередi. Содан кейiн әкiмгер нұсқау өткiзуге көшедi.

      3.4 Әкiмгер барлық үмiткерлердiң тапсырманы меңгергендігіне көзi жетуi тиiс, басқа жағдайда қосымша түсiнiктеме бередi.

      3.5 Әрбiр үмiткер компьютермен еркiн жұмыс iстеуге еркiндiк берiледi.

      3.6 Қағазға түсiру арқылы тесттеуден өткiзу кезiнде әкiмгер нұсқаудағы мәлiметтердi үмiткерге түсiндiруге мiндеттi.

      3.7 Нұсқау дауыстап оқылуы керек. Әкiмгер барлық үмiткердiң тапсырманы меңгергендiгiне көзi жетуi тиiс, басқаша жағдайда қосымша түсiндiрме бередi. Тесттеудiң уақыты қатаң сақталуы керек. Тесттеумен жұмыс кезiнде уақытты дәл есептеу үшiн, секундамер пайдалану қажет.

      3.8 Қағазға түсiру арқылы тесттеуден өткiзу кезiнде үмiткерге ұшталған қалам пайдалануға болмайды.

      3.9 Yмiткерлер өзi жөнiндегi мәлiметтердi арналған формаға толтыруы қажет.

4. Үмiткерлердiң тесттеуден өтуi

     4.1 Үмiткер нұсқаудан кейiн тесттi орындауға кiрiседi. Логикалық тесттi орындауға берiлген жалпы уақыт - 25 минут, заңдарды бiлуге арналған тесттi орындауға - 100 минут (130 сұрақ), 85 минут (110 сұрақ) немесе 55 минут (70 сұрақ)
      Ескерту: 4.1-тармақ толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 19 қарашадағы N 02-2-4/167 бұйрығымен .
      Ескерту: 4.1-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 16 қыркүйектегі N 02-2-4/128 бұйрығымен.

         4.2 Тесттеудiң программасында қарастырылған логикалық тесттен өтетiн үмiткерлер одан заңдарды бiлуге арналған тесттеуге дейiн өтедi.

      4.3 Тестеудi орындауға берiлген уақыт бiткенде программа автоматты түрде жабылады.

      4.4 Әкiмгер тесттеу бiткеннен кейiн үмiткерлердiң тестке қатысқанына рақмет айтып және конкурстық iрiктеудi өткiзудiң келесi кезеңiн еске салады.

5. Тест қорытындысын есептеу

      5.1 Қағазға түсiру арқылы тесттеудiң қорытындысын тексеру тест сұрақтарына дұрыс жауаптардың санын есептеу әдiсi көмегiмен жүргiзiледi және осы мәлiметтер сәйкестi формаға түсiрiледi.

      5.2 Компьютерде тестеудiң дұрыс жауаптарын есептеу компьютерлiк программаға енгiзу көмегiмен автоматты есептеледi. Қорытынды принтерде басып шығарылып үмiткерге танысу үшiн берiледi. Yмiткерлер қорытындымен танысқаннан кейiн қорытынды қағазына қол қояды.

      5.3 Тесттеудi өткiзгеннен кейiн логикалық тест және заңдарды бiлуге арналған тесттеудiң қорытынды қағазы агенттiкте сақталады, тесттеудiң қорытындысы жөнiндегi мәлiмет үмiткерлердi тiзiмдеу олардың шекаралық мәнiнiң қорытындысының сәйкестi бағасы көрсетiлген түрiнде рәсiмделедi.

      5.4 Тесттеудiң қорытындысының тiзiмi жабық сипаттағы түрде болады:
      оған қол жеткiзушiлiк конкурстық комиссия мүшелерiне, агенттiк өкiлдерiне және тесттеудi өткiзу процесiн қамтамасыз етуге тартылған мамандарға ғана рұқсат етiледi.

                                                 ҚР Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігі төрағасының
2001 жылғы 17 сәуірдегі   
N 02-2-4/67 бұйрығына    
2 Қосымша          

      Ескерту: 2 Қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 19 қарашадағы N 02-2-4/167 бұйрығымен .
      Ескерту: 2 Қосымша өзгертілді, толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 16 қыркүйектегі N 02-2-4/128 бұйрығымен.

А-1, А-2, А-3, А-4, А-5 санаттарына бос әкiмшiлiк
мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi
тестiлеу программасы

      Осы программа тесттiң екi түрiнен құрылады: Қазақстан Республикасы заңдарын бiлуге және логикалық тестіден тұрады.
      1) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Конституциялық заңын , Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңын , Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк қызмет туралы" заңын , Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" заңын , Қазақстан Республикасының "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" заңын , 2000 жылдың 21 қаңтардағы N 328 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң
қызмет этикасы Ережелерiн бiлуге арналған 130 сұрақ енгiзiлген.
      Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестілеудi өткiзудi пайдалану кезiнде сұрақтар тiзбесiнен iрiктелген жоғарыда аталған нормативтiк құқықтық актiлердiң әрбiрi бойынша үмiткер 20 сұраққа және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасы Ережелерi бойынша 10 сұраққа жауап беруi қажет.
      2) Логикалық тест адамның күрделi жұмыстарды орындаудағы ептiлiгiн және оның интеллектуалдық мүмкiндiгiн сипаттайтын логикалық ойлау оперативтiлiк қабiлеттiлiгiн айқындайды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігі төрағасының
2001 жылғы 17 сәуірдегі   
N 02-2-4/67 бұйрығына    
3 Қосымша         
 

            Ескерту: 3 Қосымша өзгертілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 19 қарашадағы N 02-2-4/167 бұйрығымен .
      Ескерту: 3 Қосымша өзгертілді, толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 16 қыркүйектегі N 02-2-4/128 бұйрығымен.

БАҒДАРЛАМА
А-6, А-7, В-6, С-4, С-5 (Сыртқы iстер министрлігінiң орталық
аппаратының кеңесшiсi, орталық органның бас маманы), С-6 (Қазақстан Республикасының консулы, Сыртқы iстер министрлiгінiң бiрiнші хатшысы, Орталық сайлау комиссиясының референтi), С-7, С-8 (орталық органның жетекшi маманы, Сыртқы iстер министрлiгінiң үшіншi хатшысы), С-9 (Сыртқы iстер министрлiгінiң атташесi), С-10 (Сыртқы iстер министрлiгiнiң референтi, орталық органның маманы) санаттарындағы бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi тесттеу программасы

      Осы программа тестінiң екi түрiнен құрылады: Қазақстан Республикасы заңдарын бiлуге және логикалық тестісiнен тұрады.
      1) Қазақстан Республикасы заңдарын бiлуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк қызмет туралы" заңын, 2000 жылдың 21 қаңтардағы N 328 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасы Ережелерiн бiлуге 70 сұрақ енгiзiлген.
      Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тесттеудi өткiзудi пайдалану кезiнде жоғарыда аталған нормативтi құқықтық актiлердiң әрбiрi бойынша үмiткер сұрақтар тiзбесiнен iрiктелген 20 сұраққа және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасы Ережелерi бойынша 10 сұраққа жауап беруi қажет.
      2) Логикалық тест адамның күрделi жұмыстарды орындаудағы ептiлiгiн анықтайтын және интеллектуалдық мүмкiндiгiн сипаттайтын логикалық ойлау оперативтiлiк қабiлеттiлiгiн анықтайды.
 

     ҚР Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігі төрағасының
2001 жылғы 17 сәуірдегі   
N 02-2-4/67 бұйрығына    
4 Қосымша           

      Ескерту: 4 Қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 19 қарашадағы N 02-2-4/167 бұйрығымен .
      Ескерту: 4 Қосымша өзгертілді, толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 16 қыркүйектегі N 02-2-4/128 бұйрығымен.

D-1, D-2, Е-1, Е-2 санаттарына бос әкiмшiлiк
мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi тестiлеу программасы

      Осы программа Қазақстан Республикасы заңдарын бiлуге арналған тестiден тұрады.
      Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңын , Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк қызмет туралы" заңын , Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" заңын , Қазақстан Республикасының "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" заңын , 2000 жылдың 21 қаңтардағы N 328 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасы Ережелерiн бiлуге арналған 110 сұрақ енгiзiлген.
      Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестiлеудi өткiзудi пайдалану кезiнде сұрақтар тiзбесiнен iрiктелген жоғарыда аталған нормативтiк құқықтық актiлердiң әрбiрi бойынша үмiткер 20 сұраққа және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасы Ережелерi бойынша 10 сұраққа жауап беруi қажет.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігі төрағасының
2001 жылғы 17 сәуірдегі   
N 02-2-4/67 бұйрығына    
5 Қосымша         

      Ескерту: 5 Қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 16 қыркүйектегі N 02-2-4/128 бұйрығымен

      С-5 (облыстық аумақтық органның бөлiм бастығы, аудандық аумақтық органның жетекшiсi), С-6 (аудандық аумақтық орган жетекшiсiнiң орынбасары), С-8 (облыстық аумақтық органның аға приставы, облыстық аумақтық органның аға сот орындаушысы), С-9 (облыстық аумақтық органның бас маманы), С-10 (облыстық аумақтық органның жетекшi маманы, облыстық аумақтық органның приставы, облыстық аумақтық органның сот орындаушысы, аудандық аумақтық органның құрылымдық бөлiмше жетекшiсi), С-11 (аудандық аумақтық органның бас маманы), С-12 (облыстық аумақтық органның маманы, аудандық аумақтық органның жетекшi маманы), С-13 (аудандық аумақтық органның маманы), D-3 (облыстық аппараттың құрылымдық бөлiмшесiнiң жетекшiсi; көмекшi, кеңесшi, облыс әкiмiнің бас инспекторы; аудандық аппаратының жетекшiсi), D-4 (поселке, ауыл (село) әкiмiнiң орынбасары; облыстық аппаратының бас маманы;
аудандық аппаратының бөлiм бастығы; аудан әкiмiнiң көмекшiсi, кеңесшiсi); D-5 (облыстық аппаратының жетекшi маманы, аудандық аппаратының бас маманы), D-6 (облыстық аппаратының маманы; аудандық аппаратының жетекшi маманы; поселкелiк,
ауылдық (селолық) аппаратының бас маманы; облыстық аппараты сот мәжiлiсiнiң хатшысы), D-7 (аудандық аппаратының маманы, аудандық аппараты сот мәжiлiсiнiң хатшысы), D-8 (поселкелiк, ауылдық (селолық) аппаратының маманы), E-3 (облыстық
органның бөлiм бастығы, аудандық органның жетекшiсi), E-4 (аудандық орган жетекшiсiнiң орынбасары), E-5 (облыстық органның бас маманы), Е-6 (облыстық органның жетекшi маманы, аудандық органның құрылымдық бөлiмшесiнiң жетекшiсi),
E-7 (аудандық органның бас маманы), Е-8 (облыстық органның маманы, аудандық органның жетекшi маманы), Е-9 (аудандық органның маманы) санаттарындағы бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi тесттеу программасы
санаттарына бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi тестiлеу программасы

      Осы программа Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестiлердi қамтиды.
      Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тecткe Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңын , Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк қызмет туралы" заңын , Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасы Ережелерiн бiлуге арналған 70 сұрақ енгiзiлген.
      Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестiлеудi өткiзудi пайдалану кезiнде сұрақтар тiзбесiнен iрiктелген жоғарыда аталған нормативтiк құқықтық актiлердiң әрбiрi бойынша үмiткер 20 сұраққа және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасы Ережелерiнен 10 сұраққа жауап беруi қажет.

      ҚР Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігі төрағасының
2001 жылғы 17 сәуірдегі   
N 02-2-4/67 бұйрығына    
6 Қосымша          

      Ескерту: 6 қосымша алынып тасталынды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 16 қыркүйектегі N 02-2-4/128 бұйрығымен

                  ҚР Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігі төрағасының
2001 жылғы 17 сәуірдегі   
N 02-2-4/67 бұйрығына    
   7 Қосымша           

      Ескерту: 7 Қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 19 қарашадағы N 02-2-4/167 бұйрығымен .       

Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға
үмiткерлердi тестілеу нәтижелерiнің шекаралық мәнi

      1. А-1, А-2, А-3, А-4, А-5, В-1, В-2, В-3, В-4, В-5, С-1, С-2, С-3, D-1, D-2, Е-1, Е-2 санаттары үшiн Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестi бойынша шекаралық мәнi әрбiр нормативтiк құқықтық актiлер бойынша кем дегенде 70%, басқа санаттар үшiн әрбiр нормативтiк құқықтық актiлер бойынша кем дегенде 50% дұрыс жауаптардан құрылады.

      2. Логикалық тест бойынша шекаралық мән белгiленбейдi.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігі төрағасының
2001 жылғы 17 сәуірдегі   
N 02-2-4/67 бұйрығына    
   8 Қосымша         

      Ескерту: 8 Қосымшамен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 19 қарашадағы N 02-2-4/167 бұйрығымен .
      Ескерту: 8 Қосымша өзгертілді, толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 16 қыркүйектегі N 02-2-4/128 бұйрығымен.

В-1, В-2, В-3, В-4, В-5, С-1, С-2, С-3 санаттарына
бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға
үмiткерлердi тестiлеу программасы

      Осы программа тесттiң екi түрiнен құрылады: Қазақстан Республикасы заңдарын бiлуге және логикалық тестіден тұрады.
      1) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк қызмет туралы" заңын, Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" заңын, Қазақстан
Республикасының "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" заңын, 2000 жылдың 21 қаңтардағы N 328 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасы Ережелерiн бiлуге арналған 130 сұрақ енгiзiлген.
      Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестiлеудi өткiзудi пайдалану кезiнде үмiткер Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша 40 сұраққа, қалған сұрақтар тiзбесiнен iрiктелген нормативтiк құқықтық актiлердiң әрбiрi бойынша үмiткер
20 сұраққа және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасы Ережелерi бойынша 10 сұраққа жауап беруi қажет.
      2) Логикалық тест адамның күрделi жұмыстарды орындаудағы ептiлiгiн және оның интеллектуалдық мүмкiндiгiн сипаттайтын логикалық ойлау оперативтiлiк қабiлеттiлiгiн айқындайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады