"Белгілі бір тауар рыногының шекараларын айқындау және рынок субъектісін монополист деп тану тәртібі туралы ережені бекіту туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 17 сәуірдегі N 77-ОД бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 17 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1500. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлiгi Бәсекелестiктi қорғау комитетi Төрағасының 2006 жылғы 22 қыркүйектегі N 230 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлiгi Бәсекелестiктi қорғау комитетi Төрағасының 2006 жылғы 22 қыркүйектегі N 230 бұйрығымен.

---------------Бұйрықтан үзінді----------------

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қосымшаға сәйкес кейбiр бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Төраға

Қазақстан Республикасы  
Индустрия және сауда   
министрлiгi Бәсекелестiктi
қорғау комитетi Төрағасының
2006 жылғы 22 қыркүйектегі
N 230 бұйрығына    
қосымша        

Күшi жойылған кейбiр бұйрықтардың
тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау агенттiгi Төрағасының 2001 жылғы 17 сәуiрдегi N 77-ОД бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1500 нөмiрiмен тiркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жаршысында басылған, 2001 ж., N 25, 437-құжат)...
-------------------------------

      "Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы"  Заңның  16-бабына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН
      1. Белгiлi бiр тауар рыногының шекараларын айқындау және рынок субъектiсiн монополист деп тану тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн. 
      2. Экономикалық талдау және қаржылық қамтамасыз ету департаментi (С. Ержанова) осы Ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзудi қамтамасыз етсiн.
      3. Ұйымдастыру-инспекторлық басқармасы (Ғ. Сауытов) осы бұйрықты Агенттiктiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы  департаменттерiнiң назарына жеткiзсiн.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттiк төрағасының орынбасары С. Құрманғалиевқа жүктелсiн.

      Агенттік төрағасы

Қазақстан Республикасының   
Табиғи монополияларды реттеу, 
бәсекелестікті қорғау және   
шағын бизнесті қолдау жөніндегі
агенттігі төрағасының     
2001 жылғы 17 сәуірдегі    
N 77-ОД бұйрығымен бекітілген

Белгiлi бiр тауар рыногының шекараларын айқындау
және рынок субъектiсiн монополист деп тану
тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ 

1. Жалпы қағидалар  

      1. Осы Ереже "Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес республикалық, облыстық, қалалық, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларының белгiлi бiр тауар рыноктарының шекараларын айқындау және тиiстi рынокта рынок субъектiсiн монополист деп тану тәртiбiн реттейдi. 
      2. Ереже барлық меншiк нысандарындағы қазақстандық және шетелдiк заңды тұлғаларға (олардың филиалдары мен өкiлдiктерiне) қолданылады. 
      3. Осы Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар: 
      белгiлi бiр тауар рыногы - белгiлi аумақтағы тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) немесе өндiрушiлер мен сатып алушылар өндiру немесе тұтыну процесiнде оларды бiр-бiрiмен алмастыра алатындай олардың сапасы, қолданылуы және бағасы бойынша салыстыруға келетiн, бiрiн-бiрi алмастыратын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) жиынтығы; 
      бiрiн-бiрi алмастыратын тауар - сатып алушы тұтыну процесiнде функциялық тағайындалуы, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары мен басқа өлшемдерi бойынша оларды бiр-бiрiмен нақты алмастыра алатындай немесе алмастыруға даяр болатындай салыстыруға келетiн тауарлардың тобы; 
      тиiстi тауар рыногының шекаралары - белгiлi немесе бiрiн-бiрi алмастыратын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) сатып алушының тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) осы аумақта экономикалық, аумақтық және технологиялық сатып алу мүмкiндiктерiнiң және осы мүмкiндiктердiң оның шекараларынан тыс болмауы нәтижесiнде айқындалған аумақтағы айналымының шекаралары; 
      географиялық шекаралар немесе географиялық рынок тұтынушылардың белгiлi немесе бiрiн-бiрi алмастыратын тауарды сатып ала алатын және осы аймақтан тыс жерде экономикалық және басқа себептер бойынша сатып алуға мүмкiндiгi жоқ аймақ. 
      Белгiлi немесе бiрiн-бiрi алмастыратын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) әрбiр түрiнiң жеке рыногы болады, оның шекаралары оның айналымының географиялық ауданын көрсетедi; 
      рыноктық үлес - рынок субъектiсiнiң белгiлi немесе бiрiн-бiрi алмастыратын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) әкелу және әкету көлемдерiн ескере отырып, белгiлi немесе бiрiн-бiрi алмастыратын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) республикалық, облыстық, қалалық рыноктарда жеткiзiп берудiң немесе сатудың жиынтық көлемiне қатысу көрсеткiшi; 
      белгiлi бiр тауар рыногының көлемi - бұл белгілi бiр тауар рыногында жұмыс жасайтын барлық өндiрушiлердiң тауардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) белгiлi бiр түрiн жеткiзiп беруiнiң немесе өткiзуiнiң, оларды әкелу (импорт) және әкету (экспорт) көлемдерiн ескере отырып, өткiзiлген өнiмнiң саны бойынша нақты бiрлiктермен немесе өткiзуден алынған түсiмнiң мөлшерлерi бойынша бағаланған жиынтық көлемi. 

2. Белгiлi тауар рыногының географиялық
шекараларын айқындау  

      4. Тауар рыногының географиялық шекаралары сатып алушылар белгiлi немесе бiрiн-бiрi алмастыратын тауарды (жұмысты, қызмет көрсетудi) сатып алатын немесе сатып ала алатын және экономикалық, технологиялық, әкiмшілiк немесе басқа себептер бойынша осы аумақтан тыс жерлерде сатып алу мүмкiндiгi жоқ аумақты айқындайды. 
      5. Рынок аумағы сондай-ақ сатып алушылардың тауарлардың арзандығы теңдiгiн тану қағидаты бойынша да айқындалады. Егер сатып алушылар бiр аймақта сатылатын тауарды басқа аймақта сатылатын тауардың алмастырушысы деп есептесе, онда бұл аймақтарды белгiлi тауар мен қызмет көрсетулердiң бiр географиялық рыногы деп қарастыруға болады. 
      Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатып алуға қол жеткiзу мынадай жағдайларда қамтамасыз етiледi: 
      нақты тауарды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) немесе тауарлар тобын осы аумақта белгiлi баға бойынша сатып алу мүмкіндігі; 
      көлiктiк шығындардың тауардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) құнына қатысты негiздiлiгi мен орындылығы; 
      тауардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) сапасының, сенiмдiлiгiнiң және басқа тұтынушылық қасиеттерiнiң сақталуы; 
      тауар бағасының оның сапасына сәйкестiгi; 
      тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатып алуды-сатуды, әкелудi-әкетудi шектеудiң (тыйым салудың) болмауы; 
      тауарларды немесе қызмет көрсетулердi өндiру, өткiзу, жеткiзiп беру жүзеге асырылатын аумақ шегiнде тең бәсеке жағдайларының болуы. 
      6. Монополияға қарсы органдардың республикалық, облыстық, қалалық белгiлi бiр тауар рыноктарының шекараларын айқындауы: 
      "Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында жүргiзiлуi көзделген Белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру кезiнде жылына бiр реттен сирек емес; 
      рынок субъектiсiнiң белгiлi бiр есептi кезең (жарты жылда бiр рет) iшiндегi 100% үстемдiк үлесi бар рынок субъектiлерiн қоспағанда, рыноктық үлесiн нақтылау кезiнде; 
      шаруашылық жүргiзушi субъект уәждеп жүгiнген жағдайда; 
      белгiлi тауар рыноктарының жай-күйiн талдау кезiнде; 
      монополияға қарсы заңның бұзылу фактілерiн анықтау кезiнде; 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қосымша үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерiнiң қызметiн реттеу шараларын белгiлеуi кезiнде жүзеге асырылады. 

3. Тауар рыногының көлемiн және рынок субъектiсiнiң
(субъектiлерiнiң) үстемдiк үлесiн айқындау  

      7. Тауар рыногының сандық сипаттамасы рыноктың географиялық шекараларының шегiндегi белгiлi бiр немесе бiрiн-бiрi алмастыратын тауар рыногының нақты көрсеткiштердегi (ерекше жағдайларда құндық көрсеткiшi бойынша) жалпы көлемi болып табылады. 
      Рынок субъектiсiнiң (субъектiлерiнiң) рыноктық үлесi белгiлi бiр тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) республикалық, облыстық, қалалық тауар рыноктарына жеткiзiп беру немесе сату көлемiнiң оны тауар рыногының шекарасынан тыс әкету көлемiн қоспағандағы белгiлi бiр тауар рыногының жалпы көлемiне арақатынасы ретiнде айқындалады. 
      Рынок субъектiсi (субъектiлерi) өз өнiмдерiнiң бiр бөлiгiн жеке өндiрiс мұқтаждары үшiн пайдаланған жағдайда, сатудың немесе өткiзудiң жалпы көлемiне тек оның рынокта сатылатын немесе өткiзiлетiн бөлiгi ғана енгiзiлуге тиiс. 
      Белгiлi бiр тауар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) рыногының жалпы көлемi осы рынок субъектiлерiнiң өткiзiлген өнiм саны бойынша нақты көрсеткiштермен немесе ақша түрiнде бағаланған белгiлi бiр немесе бiрiн-бiрi алмастыратын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) әкелу және әкету көлемдерiн ескере отырып, белгiлi бiр немесе бiрiн-бiрi алмастыратын тауарларды жеткiзiп беру немесе өткiзу сомасы ретiнде айқындалады. 

4. Рынок субъектiсiн (субъектiлерiн) монополист
(монополистер) деп тану тәртiбi туралы  

      8. "Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рынок субъектiсiнiң бәсекеге терiс әсер ететiн, басқа рынок субъектiлерiнiң тауар рыногына қол жеткiзуiн немесе өзге түрде қиындататын, экономикалық қызмет еркiндiгiн шектейтiн ерекше жағдайы үстем (монополиялық) жағдай деп танылады. 
      Рынок субъектiсiнiң (субъектiлерiнiң) тиiстi тауар рыногындағы үлесi монополияға қарсы орган жыл сайын белгiлейтiн шектi шамадан асатын жағдайы үстем деп танылады. 
      Сонымен бiрге тиiстi тауар рыногындағы үлесi 35%-дан аспайтын субъект жағдайы үстем деп танылмайды. 
      Сондай-ақ тиiстi тауар рыногындағы үлесi монополияға қарсы орган жыл сайын белгiлейтiн шектi шамадан аспайтын, рынок субъектiсiнiң жағдайы, егер мұны мыналардың негiзiнде монополияға қарсы орган белгiлесе, үстем (монополиялық) деп танылады: 
      - рынок субъектiсiнiң тиiстi тауар рыногындағы үлесiнiң тұрақтылығы; 
      - рыноктағы бәсекелестерге тиесiлi үлестерiнiң салыстырмалы мөлшерi; 
      - жаңа рынок субъектiлерiнiң (бәсекелестердiң) рынокқа кiру мүмкiндiктерi. 
      Кез келген рынок субъектiлерiнiң жағдайы, егер оларға қатысты мынадай талаптар орындалса, үстем (монополиялық)деп танылады: 
      белгiлi бiр тауар рыногындағы екiден көп емес рынок субъектiлерiнiң жиынтық үлесi 50 және одан көп пайызды құраса; 
      белгiлi бiр тауар рыногындағы үштен көп емес рынок субъектiлерiнiң жиынтық үлесi 70 және одан көп пайызды құраса. 
      9. Белгiлi бiр тауар рыногында үстем жағдайға ие шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi анықтау мақсатында тауар рыноктарының жай-күйiн талдауды монополияға қарсы орган жүзеге асырады. 
      10. Өндiрiсi жаңа технологиялар мен ғылыми-техникалық прогрестiң жетiстiктерiн қолданумен байланысты жаңа, тектестерi жоқ және сұранысқа ие тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзе отырып, белгiлi бiр тауар рыногына алғаш кiрген рынок субъектiлерiнiң үстем жағдайы бiр жыл бойы монополиялық деп танылмайды. 
      11. Үлесi белгiлi бiр тауардың республикалық, облыстық, қалалық рыноктарында үстем болып табылатын рынок субъектілерi Белгілi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi. Рынок субъектiлерiне олардың Тiзiлiмге енгiзiлгенi туралы (N 1 қосымшадағы хабарламаның саны) монополияға қарсы орган хабарлайды.
      Мемлекеттiк тiзiлiмдi жасау және жүргiзу тәртiбiн монополияға қарсы орган Белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне сәйкес айқындайды.
      Монополияға қарсы органның бұйрығымен бекiтiлген Белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi баспасөзде жариялауға жатады.

5. Белгiлi тауар рыногында үстем (монополиялық)
 жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң мiндетi
мен жауапкершілiгi

     12. Тiзiлiмге енгiзiлген рынок субъектiлерi әрбiр есептi кезең iшiнде (жарты жыл, жыл iшiнде) монополияға қарсы органға мынадай ақпарат беруге мiндеттi:
     1) қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi туралы есеп;
     2) кәсiпорынның акцияларын (үлестерiн, пайларын) сату және (немесе) басқаруға беру туралы мәлiметтер;
     3) өнiмнiң монополиялық түрлерi жөнiндегi ақпарат: өндiрiс көлемдерi, босату бағасы және өндiрiстiң кiрiстiлiгi.
     13. Рынок субъектiлерi монополияға қарсы заңды бұзғаны үшiн "Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Заңның 4-тарауына сәйкес жауап бередi.

                                      Тауардың белгiлi бiр түрi   
                                    рыногының шекараларын айқындау  
                                   және рынок субъектiсiн монополист
                                   деп тану тәртiбi туралы ережеге 
                                            N 1 қосымша          

          Белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық)
           жағдайға ие рынок субъектiлерiнiң Мемлекеттiк
                  тiзiлiмге енуi туралы хабарлама

       ___________________________________________________________
                       рынок субъектiсiнiң атауы 
       ___________________________________________________________
       Тiзiлiмге енгiзiлетiн рынок субъектiсi бойынша тауарлардың
                 (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) атауы
       ___________________________________________________________
       Тiзiлiмге енгiзiлетiн рынок субъектiсi негiзiндегi Агенттiк
                               бұйрығының N және күнi

       Агенттік Төрағасы
       "___"___________ 2001жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады