Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін көтеру үшін шет елге жіберу Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігі Төрағасының 2001 жылғы 16 мамырдағы N 02-2-4/81 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 9 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1564. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 5 ақпандағы N 02-1-02/15 (V053449) бұйрығы.

     Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы"   Заңының 5 бабы 1 тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
     1. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін көтеру үшін шет елге жіберуге ұсынылып отырған ереже бекітілсін.
     2. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Мемлекеттік қызметтерді кадрлық қамтамасыз ету Департаментіне (В.А. Цойға) жүктелсін.
     3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

     Төраға

   

    Қазақстан Республикасы               Қазақстан Республикасының
    Білім және ғылым                          Мемлекеттік қызмет
    министрі                                  істері жөніндегі
    келісілген                                Агенттік Төрағасының
                                              Бұйрығымен бекітілген
    2001 ж. 2 шілде                           2001 жылдың 16 мамыр
                                                 N 02-2-4/81

Шет елдерде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау,
қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеруге жiберу
Ережесi

     1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттiк қызмет туралы" Заңының 5 бабы тармағының 7) тармақшасына сәйкес жасалынды және шет елдерде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және білiктілiгiн көтеруге /бұдан әрi - оқытуға/ жiберудің шарттары мен тәртiбiн айқындайды.
     2. Шет елдерде мемлекеттiк қызметшiлердi оқыту былайша жүзеге асырылуы мүмкiн:
     1) халықаралық келiсiмдер негiзiнде;
     2) мемлекеттiк қызметшiлердi мемлекеттiк және әлеуметтiк бағдарламалары ауқымында;
     3) шет ел үкiметтерінің, халықаралық ұйымдардың және тағы басқалардың шақыруы бойынша.
     3. Мемлекеттiк қызметшiлердi шет елдерде оқыту мына қаржы көздерi есебiнен жүзеге асырылады:
     1) мемлекеттiк бюджет қаржысынан;
     2) әртүрлi халықаралық ұйымдардың, оқу орталықтарының, халықаралық қаржылық және экономикалық ұйымдардың әрi донор - елдердің қаржысынан;
     3) қолданылып жүрген заңда тиым салынбаған басқа да қаржылардан.
     4. Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар /бұдан әрi - мемлекеттiк органдар/ шетелдiк ұйымдардан оқуға шақыру алғаннан кейiн 3 жұмыс күн iшiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi Агенттiкке /бұдан әрi - Агенттiк/ тиiстi ақпараттарды жолдайды.
     5. Агенттiк, егер шақыру қағазы адрестiк /атаулы/ болса және мемлекеттiк органның нақты жобасын /бағдарламасын/ iске асыруға бағытталған жағдайлардан басқа, ұсынылып отырған оқыту тақырыбы және қызмет мамандығына сәйкес, жетi күнтiзбелiк күн iшiнде осы ақпараттарды басқа мүдделi мемлекеттiк органдарға жолдайды.
     6. Мемлекеттiк қызметшiнi шет елде оқытуға iрiктеу және жiберу, оқытуға қажеттілiктi айқындау негiзiнде, кандидаттардың еңбектерiн ескере отырып тиiстi мемлекеттiк органдар, Агенттiкпен келiсе отырып жүзеге асырады.
     Мемлекеттiк қызмет кадрлерiн есеп және мониторинг жүргiзу және төмендегi мемлекеттiк қызметкерлердi шет елге оқуға жiберу талаптарын ұстану мақсатында, мемлекеттiк органдар Агенттiкке ұсынылып отырған үмiткерлер тiзiмiн ұсынады.
     7. Мемлекеттiк қызметшiлердi шет елдерде оқытуға жiберу кезiнде төмендегі шарттар сақталынуы тиiс:
     1) мемлекеттiк қызметшi өзiн шет елде оқытуға жiберетiн мемлекеттiк органда жұмыс iстейтiн болуы керек;
     2) оқытудың тақырыптық бағдарламасы мен курстары атқаратын лауазымдық қызметтiк мiндеттерiне немесе үмiткердің мамандығына сәйкес және мемлекеттiк органның негiзгi бағыттарына, мақсаттары мен мiндеттерiне жауап беруi тиiс;
     3) мемлекеттiк қызметшi оқуды аяқтағаннан кейiн мемлекеттiк органның басшылығына мiндеттi түрде есеп бередi.
     8. Мемлекеттiк қызметшi шет елде оқуды аяқтағаннан кейiн 30 күнтiзбелiк күн iшiнде мемлекеттiк органның кадрлық қызметiне iссапар, оқытудың бағдарламасы туралы есеп беруге және тиiстi оқудан өткендiгiн айғақтайтын құжаттар /диплом, сертификат, куәлiк ж.т.б./ көшiрмесiн тапсыруға мiндеттi.
     9. Мемлекеттiк органдар келесi жылдың 10 қаңтарына дейiн бекiтiлген үлгi /1 қосымша/ бойынша жылдың қорытындысы бойынша шет елде оқып жатқан қызметкерлер тiзiмiн Агенттiкке бередi.
     10. Шет елде даярлаудан, қайта даярлаудан және бiлiктiлiгiн көтеруден өткен мемлекеттiк қызметшiлер туралы мәлiметтер Агенттіктің деректер жүйесiне енгізiледi.

                                                       N 1 қосымша

       Шет елдерде даярлаудан, қайта даярлаудан және
    біліктілігін көтеруге өткен мемлекеттік қызметшілер
                       туралы мәлімет

____________________________________________________________________
  Облыстың (Астана, Алматы қалаларының), мемлекеттік органдардың
          атаулары 200 ___ жылдың қорытындысы бойынша
____________________________________________________________________
Р/ Қызметкер. Кате. Құры.  Курс. Ел    Өткі. Қаржы. Оқуды Серти. Ес
N  дің тегі,  го.   лымдық тың   және  зу    ланды. ұйым. фикат  кер
  аты, әке.  риясы бөлім. атауы өткі. мер.  ру     дас.  куә.  ту
  сінің аты       шесімен       зу    зімі  көзі   тыру. лігі
                  атқара.       орны               шылар (серти.
                  тын                                    фикат
                  лауа.                                  нөмі.
                  зымы                                   рі)
____________________________________________________________________  ____________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады