ҚР-ның ҚНмЕ А.2.2-1-2001 "Кәсіпорындар, үй-жайлар және ғимараттар құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамасының құрамымен оны әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі туралы нұсқауды" бекіту жөнінде

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2001 жылғы 17 мамырдағы N 109 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 9 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1566. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 4 маусымдағы № 160-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 04.06.2014 № 160-НҚ бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасындағы объектілер мен кешендерді жобалау жөніндегі нормативтік базаны бұдан әрі жетілдіру мақсатында
 
                                БҰЙЫРАМЫН:
 
      1. ҚР-ның ҚНмЕ А.2.2-1-2001 "Кәсіпорындар, үй-жайлар, ғимараттар құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамасының құрамы мен оны әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі туралы нұсқауы" бекітілсін.
      2. ҚР-ның ҚНмЕ А.2.2-1-2001 "Кәсіпорындар, үй-жайлар, ғимараттар

 

құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамасының құрамы мен оны

әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі туралы нұсқауды" бекіту жөніндегі бұйрық

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген

күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     3. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының орынбасары

Х.С. Әбдірайымовқа жүктелсін.



     Төраға міндетін атқарушы

                         Қазақстан Республикасының

                       құрылыс нормалары мен ережелері


                   Кәсіпорындар, үй-жайлар мен ғимараттар

                құрылысының жобалау-сметалық құжаттамаларын

             әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі мен құрамы туралы

                                  НҰСҚАУ

                        ҚР-ның ҚНмЕ А.2.2-1-2001

                              Ресми басылым





      Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігінің       

                        Құрылыс істері жөніндегі комитеті






         Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелеріне

                             Ақпараттық мәліметтер


     Әзірлеген:        "Мемсараптама" РМК


     Енгізілді:        Құрылыс істері жөніндегі Комитетінің Құрылыстағы

                       жаңа технологиялар, техникалық нормалау басқармасы


     Ұсынылды:         Құрылыс істері жөніндегі комитетінің ҒТК-тің

                       2001 жылдың "19" қазанындағы N 10-1 қаулысы


     Бекітілді:        Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2001 жылдың

                       17 мамырындағы N 109 бұйрығымен



     Мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қызметке енеді.


     А.2.2-1-96 ҚР-ның ҚНмЕ-нің орнына "Кәсіпорындар, үй-жайлар мен

                                       ғимараттар құрылысының

                                       жобалау-сметалық

                                       құжаттамаларын әзірлеу,

                                       келісу, бекіту тәртібі және

                                       құрамы туралы Нұсқау"

___________________________________________________________________________

     Қазақстан      Қазақстан Республикасының         А.2.2-1-96 ҚР-ның

     Республикасы   құрылыс нормалары мен ережелерi   ҚНмЕ-нiң орнына

     Құрылыс iстерi ________________________________  Қазақстан

     жөнiндегi      Кәсiпорындар, үй-жайлар мен       Республикасының

     Комитетi       ғимараттар құрылысының жоба       А.2.2-1-2001 ҚР-ның

                    құжаттамаларын әзiрлеу, келiсу,   ҚНмЕ

                    бекiту тәртiбi мен құрамы туралы

                    Нұсқау

___________________________________________________________________________

                             1. ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ


 
       1.1. Осы Нұсқау кәсiпорындар, үй-жайлар мен ғимараттар құрылысының* жобалау-сметалық құжаттамаларын әзiрлеу, келiсу, бекiту тәртiбi мен құрамын белгiлейдi және сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметтерi субъектiлерiне тапсырыс берушiлердiң, мемлекеттiк басқару мен қадағалау органдарының, кәсiпорындардың, жобалау ұйымдарының, өзге де (оның iшiнде шетелдiк) заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағында қолданылуына арналған.
      Жобалау-сметалық құжаттама ол бекiтiлген күнiнен бастап үш жыл бойы iске асыру үшiн жарамды. Бұл мерзiм өткеннен кейiн қайтадан әзiрленген жобалау-сметалық құжаттаманы қолданылып жүрген нормалар мен ережелерге, жаңа техникалық шарттарға сәйкес қарап бекiту үшiн қажеттi өзгерiс енгiзiледi. Мерзiмi өткеннен кейiн нормалар мен ережелерге сәйкес белгiленген тәртiппен жобалау-сметалық құжаттаманы қайтадан жасау үшiн қаралып, қайтадан бекiтiлген жаңа техникалық шарттарға қажеттi өзгертулер енгiзiледi.
      1.2. Кәсiпорындар, үй-жайлар мен ғимараттар құрылысының инвестицияларына негiзделген қала құрылысы құжаттамаларын, байқау объектiлерi мен жеке қоныстық үйлер құрылысының жобасы мен пәтерлердi қайта жобалау (қайта жабдықтау) құжаттамаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегi объектiлер құрылысына арналған жоба құжаттамаларын әзiрлеу тәртiбi жекелеген нормативтiк құжаттарда белгiленедi.
 
                             2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
 
      2.1. Объектілер құрылысының жобалау-сметалық құжаттамаларын әзiрлеу

 

үй-жайлар, ғимараттар мен кәсiпорындар құрылысына бекiтiлген

инвестициялардың негiздемелерi мен өзге де алдын-ала жобалау

құжаттамаларының (нобайлық жоба, бизнес-жоспар, қосымша құрылыстың

бөлшектiк жоспарының жобасы және тағы басқалар) негiзiнде жүзеге асырылады.

     Құрылыстың Жобалау-сметалық құжаттамасы арқылы, қабылданған

инвестициялық негiздемесiнiң шешiмi мен негiзгi техникалық-экономикалық

көрсеткiштерi нақтыланады.


___________________________________________________________________________

     Құрылыс iстерi жөнiндегi   2001 жылғы         Мемлекеттiк тіркелген

     комитетiнiң құрылыстағы    "17" мамырдағы     күнінен бастап

     жаңа технологиялар мен     N 109 бұйрықпен   қызметке енеді.

     техникалық нормалау        бекітілген

     басқармасымен енгiзілген.

___________________________________________________________________________


 
       2.2. Жобалау-сметалық құжаттамаларын әзiрлеу барысында Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, осы Нұсқауда қазiргi бар нормативтiк талаптарды (шарттарды, шектеулердi), сондай-ақ құрылыс саласындағы инвестициялық қызметтi реттейтiн өзге де құжаттарды басшылыққа алу қажет.
      2.3. Жобалау-сметалық құжаттама екi кезеңмен жасалады:
      Бiрiншi сатысы - белгiленген тәртiппен бекiтiлуге жататын жоба;
      Екiншi сатысы - бекiтiлген жоба негiзiнде жасалған жұмыс құжаттамасы.
      Техникалық күрделi емес объектiлер үшiн құрылыс үлгi жобасы, үлгi жобасының шешiмi мен жобаны қайта қолданып орындалуы болжанады, осының негiзiнде бекiтiлген бөлiмнен және жұмыс құжаттамасынан тұратын жұмыс жобасы жасалуы мүмкiн.
      2.4. Объектiлер құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамаларын әзiрлеудi белгiленген тәртiптегi жобалау қызметiнiң осы түрiне мемлекеттiк лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалар iске асырады.
      2.5. Жобаның бас жобалаушысы жобалау-сметалық құжаттамаларының сатысын жасайды, авторлық қадағалауды жүзеге асырады және құрылысы аяқталған объектiнi қабылдауға қатысады.
      2.6. Бекiтiлген жобаға өзгертулер мен толықтыру енгiзу бас жобалаушымен мүдделi ұйымның немесе мемлекеттiк органдардың келiсiмi бойынша жүргiзiледi.
      2.7. Объектiнiң құрылысын жобалау мердiгерлiк (өзара шарт) келiсiмiмен тапсырыс берушiмен бас жобалаушының келiсiм шартқа отыруы мен жобалау-iздестiру жұмыстарын орындауы негiзiнде iске асырылады.
      Келiсiмнiң (өзара шарт) ажыратылмайтын бөлiгi жобалау тапсырмасы болып табылады. Бекiтiлген тапсырмамен бiрге объект құрылысын жобалауға тапсырыс берушi жобалаушы ұйымға шығыс материалдарын А және Б қосымшаға сәйкес бередi.
      2.8. Тапсырыс берушi, келiсiм негiзiнде мемлекеттiк лицензиясы бар өзге де заңды ұжымдары мен жеке тұлғаларына тапсырыс берушi өкiлеттiлiгiн бере алады.
      2.9. Келiсiм-шартта (өзара шартта) тапсырыс берушiге берiлетiн жобалау құжаттамаларының құрамы туралы арнаулы талаптар айтылмаған жағдайда құрылыс құрылымының, технологиялық процестер мен жабдықтарының есептерi оның құрамына енгiзiлмейдi. Бұл материалдар тапсырыс берушiде немесе бас жобалаушыда сақталады және (қажет болған жағдайда) мемлекеттiк жобаларды сараптау ұйымдарымен мемлекеттiк қадағалау органдары талап еткенде берiледi.
      2.10. Жобалау-сметалық құжаттамаларына тапсырыс берушi мен бас жобалаушы уақытылы, жобалау-сметалық құжаттамаларына жаңа нормативтiк құжат күшiне енуiне байланысты қажеттi өзгертулер енгiзуге мiндеттi.
      2.11. Жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу процесiнде құрылған объект құрылысын жобалау барысында өнертабыстар мен патенттi қолдану және өнертабыстарды құқықтық қорғау қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес жүзеге асырылады. (РҚАО-ның сілтемесі: Z990427_ (11-14 баптар))
      2.12. Yлгi жобалары (үлгi жобалар шешiмi) бағдарлама (жоспар) жобаларды мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптаудың дұрыс қорытындылары негiзiнде жасалып келешекте орталық атқарушы орган Сәулет, қала құрылысын және iстерi жөнiндегi мемлекеттiк басқармасының шешiмiмен бекiтiледi (келiсiледi).
      2.13. Мемлекеттiк қаржы немесе мемлекеттiк инвестиция тарту негiзiнде салынатын объектiлер үшiн мiндеттi түрде сметалық құжаттама жасалынады, ал қалған жағдайларда оның жасалынуы тапсырыс берушi шешiмi бойынша жүргiзiледi.
 
             3. ЖОБА ҚҰЖАТТАМАЛАРЫН ӘЗIРЛЕУ, КЕЛIСУ ЖӘНЕ БЕКIТУ
                                    ТӘРТIБI
 
      3.1. Объект құрылысының жобалау-сметалық құжаттамаларын iске асыру құрылысқа бекiтiлген (мақұлданған) инвестиция негiздемесi мен алдын-ала жобалау құжаттары, келiсiм-шарт (жобалау тапсырмасын және қажеттi шығыс мәлiметтердi қоса алғанда) инженерлiк iзденiс және сәулет-жобалау тапсырмасы жергiлiктi сәулет, құрылыс салу және құрылыс органдарымен тапсырыс берушiнiң өтiнiшi бойынша берiлген инвестициясы негiздемесiнде жасалады, сондай-ақ жобаланушы объектiнi инженерлiк коммуникацияға қосудың техникалық шарттары.
      3.2. Сәулеттiк жоспарлау тапсырмасына сәулеттiк, технологиялық және құрылымдық шешiмдерге, сәулеттiк объектiнiң iшiн жабдықтауға, iшiн әрлеуге қойылатын талаптарды, егер мұндай талаптар қолданылып жүрген заңдық және нормативтiк құқықтық актiлер ережелерiне, қала құрылысы құжаттамаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң айрықша бөлiмiнiң нормаларына негiзделмеген жағдайда, сондай-ақ тапсырыс берушi мен жоба авторының құқықтарын шектейтiн өзгедей талаптарын енгiзуге жол берiлмейдi.
      3.3. Құрылыс объектiлерi мен кешендерiн жобалауда арнайы жұмыс түрлерiнiң жобалау ережелерi мен нормалары болмаған жағдайда тапсырыс берушiге ғылыми-зерттеу және арнайы ұйымдар тартылып, олардың жобаларының спецификасын бейнелейтiн арнайы техникалық шарттары жасалынуы тиiс.
      3.4. Мемлекеттiк нормалармен, ережелермен, стандарттарға және жобалау тапсырмасына сәйкес әзiрленген жобалау құжаттамасы жауапты орындаушының (жобаның бас инженерi, жобаның бас сәулетшiсi) сәйкес жазуларымен куәландырылуы тиiс және егер Қазақстан Республикасының заңдық кесiмдерiнде ерекше көрсетiлмеген жағдайда қосымша келiсiмдер жасалмайды.
      3.5. Нормативтiк құжаттар талаптарынан негiзделген орынды шегiнiстер тек осы құжатты бекiткен мемлекеттiк органдардың келiсiмi (рұқсаты) болған жағдайда ғана жол берiледi.
      3.6. Объект құрылыстары мен кешендерiнiң жобалау құжаттамалары Қазақстан Республикасының Үкiметiмен белгiленген нормаларға сәйкес мемлекеттiк сараптаудан өтуi тиiс. (РҚАО-ның сілтемесі: P940830_ V980671_ )
      3.7. Алдын-ала жасалатын және жобалау-сметалық құжаттамаларға мемлекеттiк сараптама мына мақсаттарда жүргiзiледi:
      - объект құрылыстары бойынша инвестицияның тиiмдiлiгiнiң бағасы, мемлекет қаржысы есебiнен қаржыланатын немесе оның меншiгiнде болған жағдайда;
      - мемлекет қаржы есебiнен немесе оның меншiгi есебiнен қаржыланатын құрылыс объектiлерi бойынша инвестиция тиiмдiлiгiн бағалау;
      - жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың және мемлекет құқықтарын бұзатын құрылыс объектiлерiнiң алдын-алу үшiн ережелер мен нормалар бекiтiлген талаптарға (шарттарына, шектеулерiне) сай келмеген жағдайда;
      - жобада алынған техникалық-экономикалық көрсеткiштердiң қабылдану дұрыстығы деңгейiн анықтауда;
      - жобалау шешiмдерiн және құрылыс объектiлерi мен комплекстерiнiң сапасын жақсартуда.
      3.8. Құрылыс объектiлерi мен кешендерiнiң жобаларын мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптау Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлеттi заңды тұлғасымен жүргiзiледi.
      3.9. Мемлекет инвестициясынсыз қаржыланатын құрылыс кешендерi мен объектiлерiнің құжаттамалары жарылу мен өрттен сақтандыру, конструкция берiктiлiгiмен тұрақтылық қызметi және еңбек жағдайларымен оны қорғау шарттары бөлiмдерi мен мәселелерiнен басқа сараптау жұмыстарын орындауға мемлекеттiк лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалармен жүргiзiледi.
      3.10. Белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сараптаманы өтпеген жобалау-сметалық құжаттамалары (жобалар және жұмыс жобалары), аяқталмаған және келешекте бекiтiлуге, таратылуға жатпайтын болып есептеледi.
      3.11. Құрылысы толықтай немесе жартылай мемлекет инвестициясы есебiнен жүргiзiлетiн мемлекеттiк ұлттық бағдарламалар мен республикалық мақсатты бағдарламалар, сондай-ақ iрi және теңдессiз объектiлер мен кешендер жобасына сараптама жүргiзу мемлекеттiк өкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен құрылатын сараптау комиссиясымен (жұмысшы тобымен) жүргiзiледi.
      Көрсетiлген бағдарлама мен жобаны бекiту сараптау комиссиясының (жұмысшы тобының) ұсынысымен Қазақстан Республикасының Үкiметiмен жүргiзiледi.
      3.12. Құрылыс объектiлерi мен кешендерiнiң (жобалар және жұмыс жобаларын) (3.11. тармағында айтылғаннан басқа) жобалау-сметалық құжаттамалары мемлекеттiң қаржысы немесе инвестициялық кредит есебiнен Қазақстан Республикасы кепiлдiкке алынып, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың қаржысына Мемлекеттiк жобаларды ведомстводан тыс сараптаудың дұрыс қорытындысы негiзiнде белгiленген үлгiде (құрылыстың сметалық құнының лимитi бойынша).
      Жобалау-сметалық құжаттаманы бекiту техникалық- экономикалық көрсеткiштердi көрсету негiзiнде (В, Г, Д қосымшаларын қара), соның iшiнде құрылыс құны базистiк немесе ағымдағы деңгей құны (ұлттық немесе шетел валютасымен) сәйкес органның (заңды тұлғаның) шешiмiмен (бұйрығымен) жүргiзiледi.
      3.13. Құрылыс объектiлерi мен кешендерiнiң салынуына мемлекеттiң қаржысы тартылмаса, жобалау-сметалық құжаттамаларын бекiтуге тапсырыс берушiге жобаларды ведомстводан тыс мемлекеттiк сараптаудың оң қорытындысы негiзiнде осы Нұсқаудың 3.9. тармағына сәйкес тапсырыс берушiнiң шешiмiмен шаруашылық субъектілерi - жеке меншiктiлер және өзге де белгіленген тәртiппен бекiтiледi.
      3.14. Құрылыс объектiлерi мен комплекстерiнiң жобалау-сметалық

 

құжаттамаларын қайта бекiту жобаларды бекiту үшiн белгiленген үлгiдегi

(жұмыс жобасы) жүргiзiледi.

             4. КӘСIПОРЫНДАР, ҮЙЛЕР МЕН ҒИМАРАТТАР ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ

                 ЖОБА ҚҰЖАТТАМАЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

     4.1. Өндiрiстiк мақсаттағы кәсiпорындар, үйлер мен ғимараттар

құрылысының жобасы мынадай бөлiмдерден тұрады:

     - жоба төлқұжаты;

     - жалпы түсiнiктемелiк жазба;

     - объектiнiң бас жоспар және көлiк;

     - технологиялық шешiм;

     - өндiрiстi кәсiпорынды басқару, қызметкерлер еңбегiн және еңбек

жағдайын ұйымдастыру;

     - сәулеттiк-құрылыстық шешiм;

     - инженерлiк жабдықтар, желілер мен жүйелер;

     - құрылысты ұйымдастыру (қажетiне қарай анықталған ғимарат көлемiн

жобалауға);

     - айналадағы ортаны қорғау;

     - азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық шаралары, төтенше

оқиғалардың алдын-алу шаралары;

     - сметалық құжаттама;

     - инвестицияның тиiмдiлiгi (қажетiне қарай) және техника-экономикалық

көрсеткiштер (3 қосымша);

     - негiзгi құрылыс материалдарының, бұйымдар мен конструкциялардың

қажеттiлiгiнiң жиынтық ведомостысы.


 
       Кәсiпорын, ғимарат мұқтажы үшiн тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектiлер жасау қажеттiгi барысында жоба құжаттамасы құрамынан тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектi құрылысының жеке жобасы бөлiнiп алынады.
      Ол осы Нұсқаунаманың 4.2-тармағына және елдi-мекен құрылысы құжаттамаларының құрамы, әзiрлеу, келiсу мен бекiту тәртiбi туралы нұсқаунамалық ережелерге сәйкес, кәсiпорын, ғимарат үшiн ортақ техника-экономикалық көрсеткiштерi мен өзара байланыстырыла әзiрленедi.
      Өндiрiстiк мақсаттағы кәсiпорындар, үйлер мен ғимараттар құрылысының жобасы бөлiмдерiнiң ұсынылатын құрамы мен мазмұны төменде келтiрiледi.
      4.1.1. Жалпы түсiнiктемелiк жазбаға енедi:
      - жобаны әзiрлеуге арналған негiздеме, жобалауға арналған бастапқы деректер, кәсiпорынның, ғимараттың және оның құрамына енетiн өндiрiстердiң қысқаша сипаттамасы, жобалық қуаты мен номенклатурасы, өнiмдердiң сапасы, бәсеке қабiлеттiлiгi, техникалық деңгейi, шикiзат базасы, отынға, суға, жылу мен электр энергиясына деген қажеттiлiк, шикiзатты, өндiрiс қалдықтарын, қайталама энергетика ресурстарын пайдалану туралы деректер;
      - құрылыс ауданының әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық жағдайлары туралы мағлұматтар;
      - бас жоспар, инженерлiк желiлер мен коммуникациялар бойынша негiзгi көрсеткiштер, аумақты инженерлiк қорғау жөнiндегi шаралар;
      - жұмыс iстеушiлердiң еңбек жағдайы мен еңбегiн қорғауды сипаттайтын жалпы мағлұматтар, санитариялық-эпидемиологиялық шаралар, еңбектiң қауiпсiздiгiн және халықтың онша жинақы емес топтарының тiршiлiк қызметi жағдайын қамтамасыз етушi негiзгi шешiмдер;
      - жобада қолданылған өнертабыстар мен патенттер туралы мағлұматтар;
      - жобаны әзiрлеу нәтижесiнде алынған техникалық-экономикалық көрсеткiштер, оларды бекiтілген (мақұлданған) объектi құрылысына инвестициялар көрсеткiштерiмен және жобалауға белгiленген тапсырмамен, жобаны жүзеге асыру жөнiндегi қорытындылармен және ұсыныстармен салыстырулар;
      - жобалау шешiмдерiн келiсу туралы мағлұматтар; әзiрленген жобалау-сметалық құжаттамаларының мемлекеттiк нормаларға, ережелерге, стандарттарға, бастапқы деректерге, сондай-ақ мемлекеттiк қадағалау (бақылау) органдары мен объектiнi орналастыру орнын келiсу барысында мүдделi ұйымдар мен адамдар берген техникалық шарттар мен талаптарға сәйкестiгiн айғақтау;
      - қолданымдағы нормативтiк құжаттардан ауытқушылық туралы келiсулердi белгiленген тәртiпте ресiмдеу; көлемдi-жоспарлау мен сәулеттiк шешiмдердiң негiзгi принциптерi.
      4.1.2. Объектiнiң бас жоспары және көлiк тараптарына енедi:
      - құрылыс салынатын аудан мен алаңның қысқаша сипаттамасы; бас жоспар (аумақты аймақтарға бөлудi ескеру арқылы), iшкi алаңдық және сыртқы көлiк, көлiк түрiн таңдау жөнiндегi шешiмдер мен көрсеткiштер; негiзгi жоспарлау шешiмдерi, аумақты көркейту жөнiндегi шаралар; инженерлiк желiлер мен коммуникацияларды орналастыру жөнiндегi шешiмдер; кәсiпорын күзетiн ұйымдастыру;
      - негiзгi сызбалар:
      а) кәсiпорынды, үйдi, ғимаратты орналастырудың ситуациялық жоспары, онда бұрыннан қолданылған және жобаланып жатқан сыртқы коммуникациялар, инженерлiк желiлер мен халық қоныстанған аумақтар, санитариялық-қорғаныш аймақтарының шекарасы, айрықша күзетiлетiн аумақтар көрсетiледi;
      б) желілік (алаңнан сырт және iшкi алаңдық) құрылыстар үшiн трасса жоспары, қажеттілік барысында - трассаның көлденең пiшiнi келтiрiледi, жер алқабының картограммасы (желiлiк құрылыстардан басқа);
      в) бас жоспар, оған бұрыннан қолданылған және жобаланып жатқан (қайта жаңғыртылатын) және бұзылуға жататын үйлер мен ғимараттар, айналадағы ортаны қорғау мен көркейту объектiлерi, аумақты көгалдандыру мен iшкi алаңдық инженерлiк желiлердi және көлiк коммуникацияларын орналастыру жөнiндегi принциптi шешiмдер, аумақтың жоспарлау белгiлерi салынады. Iске қосылатын кешенге енетiн объектiлер, желiлер мен көлiк коммуникациялары бөлiнiп көрсетiледi.
      4.1.3. Технологиялық шешiмдерi енедi:
      - өндiрiстiк бағдарлама туралы деректер; өндiрiс технологиясы бойынша қысқаша сипаттама мен негiзделген шешiм, өнiмдердi жасаудың еңбек өнiмдiлiгiмен (станоксыйымдылығы), технологиялық процестердi механикаландыру мен автоматтандыру туралы деректер;
      - қолданылатын жабдықтың, соның iшiнде импорттық жабдықтың құрамы мен негiздемесi; қалдығы шамалы және қалдықсыз технологиялық процестер мен жабдықтарды қолдану, жылуды және тұтылған химиялық реагенттердi қайталап пайдалану жөнiндегi шешiмдер;
      - жұмыс орнының саны мен олардың жарақтандырылуы; цехаралық және цехтық коммуникациялар сипаттамасы;
      - өнiм сапасын бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi ұсыныс;
      - жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру жөнiндегi шешiм;
      - атмосфераға ұшырылатын және су көздерiне құйылатын зиянды тастамалардың көлемi мен құрамы (жекелеген цехтар, өндiрiстер, ғимараттар бойынша) туралы деректер;
      - қоршаған ортаға зиянды заттарды тастау мен ұшырудың алдын алу (азайту)жөнiндегi техникалық шешiмдер; авариялық жағдайлардың туындау мүмкiншілiктерiн бағалау және оларды болдырмау жөнiндегi шешiмдер;
      - iске жаратылатын және көмiлетiн өндiрiс қалдықтарының түрi, құрамы мен мөлшерi;
      - технологиялық процестердiң отын-энергетикалық және материалдық балансы;.
      - технологиялық мұқтаждарға арналған ресурстардың негiзгi түрлерiне деген қажеттiлiк;
      - негiзгi сызбалар:
      а) технологиялық процестердiң принциптi сызбалары;
      б) жабдықтар мен көлiк құралдарын орналастыруды көрсету арқылы корпустар (цехтар) бойынша технологиялық жоспарлау;
      в) жүк тасқынының сызбасы;
      г) бөлiмдi әзiрлеген кезде техникалық жобалау салалық нормаларын басшылыққа алу қажет.
      4.1.4. Өндiрiстi, кәсiпорынды басқару және жұмысшылар мен қызметшiлердiң еңбек жағдайын және еңбегiн қорғауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгiнiң нормативтi құжаттарына сәйкес орындалады.
      Бұл бөлiмде мынадай мәселелер қаралады:
      - кәсiпорынды және жекелеген өндiрiстердi басқарудың ұйымдық құрылымы, басқарудың автоматтандырылған жүйесi мен оны ақпараттық, функционалдық, ұйымдық және техникалық қамтамасыз ету;
      - басқару қызметкерлерiнiң еңбегiн автоматтандыру мен механикаландыру, жұмыс iстеушiлер саны мен кәсiптiк-бiлiктiлiк құрамын есептеу нәтижелерi, жұмыс орындарының саны мен жарақтандырылуы;
      - жұмыс iстеушiлердiң санитариялық-гигиеналық жағдайы. Еңбектi қорғау мен техника қауiпсiздiгi жөнiндегi шаралар, соның iшiнде өндiрiстiк шу мен дiрiлдi азайту жөнiндегi шешiмдер; үй-жайлардың газдалуы, жылудың көптiгi, еңбек жағдайы жайлылығының артуы т.б..
      4.1.5. Сәулеттiк-құрылыстық шешiмдерi енедi:
      - объектiнiң сәулеттiк шешiмiне қысқаша сипаттама есебiмен: құрылыс алаңы, оның орналасқан жерi, мөлшерi, қазiргi жағдайы мен қолданылуы, аумақтың экологиялық жағдайы туралы берiлгендер, көлiк және инженерлiк-құрылыс жағдайы;
      - инженерлiк коммуникация және ол бойынша өтетiн немесе өнiм сымдары аумағындағы, жоспарлы шектеулер мен заң күшi бар құрылыс салу құжаттарымен;
      - снос талаптары бойынша; ғимараттар мен жабдықтарды ауыстыру, халықтың аз қамтылған тобының өмiрлерiн қамтамасыз ету, қосымша құрылыспен толтыру, құрылыс салу концепциялары, мәдениет және табиғат ескерткiштерi, оларды қорғау зоналары мен айрықша реттеу зоналары;
      - жерасты кеңiстiгiн қолдану мүмкiншiлiктерi ережелерi, сәулет-жоспарлау тапсырмалары белгiленген талаптарды орындау;
      - объектiнi қамтамасыз ету үшiн жобаланатын инженерлiк ғимараттардың шешiмiн сипаттау;
      - жобаланатын объектiнiң негiзгi сәулет-жоспарлау параметрлерi;
      - құрылыс алаңының инженерлiк-геологиялық, гидрологиялық жағдайлары туралы мағлұматтар, негiзгi үйлер мен ғимараттар бойынша сәулеттiк-құрылыстық шешiмдердiң қысқаша сипаттамасы мен негiздемесi, өндiрiстiк, тұрмыстық шу мен дiрiлдi азайту, жұмыс iстеушiлерге санитариялық қызмет көрсету жөнiндегi принциптi шешiмдердiң негiзделуi;
      - электр, жарылыс және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi шаралар; құрылыс құрастырмаларын, желiлерiн және ғимараттарын тоттанудан қорғау;
      - негiзгi сызбалар: негiзгi салмақ түсетiн және қоршау құрастырмаларын схематикалық бейнелеу арқылы негiзгi үйлер мен ғимараттардың жоспарлы қималары және қасбеттерi, қажетiне қарай жобалау тапсырмасына сәйкес басқа да графикалық безендiрулер материалдары.
      4.1.6. Инженерлiк жабдықтар, желілер мен жүйелерi енедi:
      - сумен жабдықтау, канализация, жылумен, газбен, электр энергиясымен жабдықтау, жылыту, желдеткiш және ауаны тазарту жөнiндегi шешiмдер, суды, отынды, электр энергиясын тұтынуды бақылау қондырғыларын орнатып есептеу және реттеу жөнiндегi шаралар;
      - үйлер мен ғимараттардың инженерлiк жабдықтары, соның iшiнде электр жабдықтары, электр жарығы, байланыс пен белгi беру, радиоландыру мен теледидар, өртке қарсы құрылғылар мен найзағайдан қорғау және т.б.;
      - инженерлiк жүйелердi басқаруды диспетчерлеу мен автоматтандыру;
      - негiзгi сызбалар:
      а) жылумен, электр энергиясымен, газбен, сумен жабдықтаудың, канализацияның және т.б. принциптi сызбалары;
      б) инженерлiк желiлердiң жоспарлары мен сұлбасы;
      в) негiзгi құрылыс жүйелерiнiң сызбалары;
      г) жылу-желдеткiш құрылғыларының, электр энергиясымен жабдықтау мен электр жабдықтары, радиоландыру мен белгi беру, инженерлiк желiлердi басқаруды автоматтандыру т.б. көрсетiлген негiзгi ғимараттардың жоспарлары мен сызбалары.
      4.1.7. Құрылысты ұйымдастыру.
      Осы бөлiм қолданылып жүрген нормативтерге сәйкес және құрылыс қызметi нарығы туралы деректердiң негiзiнде, жобалау жұмыстарын орындау шартында баяндалған жағдайлар мен талаптарды ескеру арқылы әзiрленедi.
      4.1.8. Қоршаған ортаны қорғау.
      Бөлiм мемлекеттiк және мемлекетаралық стандарттарға, республикалық құрылыс органдары басқармасы бекiткен құрылыс нормалары мен ережелерiне, Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң нормативтiк құжаттарына және табиғатты қорғау қызметiн реттейтiн басқа да нормативтiк актiлерге сәйкес орындалады.
      4.1.9. Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық шаралары, төтенше оқиғалардың алдын-алу жөнiндегi шаралар.
      Осы бөлiм азаматтық қорғаныс, халықты және аумақтарды табиғи және техногендi сипаттағы төтенше оқиғалардан қорғау саласындағы нормалар мен ережелерге сәйкес орындалады.
      4.1.10. Сметалық құжаттама.
      Кәсiпорындар, үйлер мен ғимараттар (немесе олардың кезектерi) құрылысының сметалық құнын анықтау үшiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк Құрылыс iстерi жөнiндегi ұйымның нормативтiк-әдiстемелiк құжаттарында келтiрiлген ережелер мен нысандарға сәйкес смета құжаттамасы жасалады. Жобалау сатысында әзiрленген смета құжаттамасы құрамында:
      - түсiнiктемелiк жазбада смета-нормативтiк базаның қолданылуы, баға деңгейi мен басқа да мәлiметтер, берiлген құрылыс шарттарының ерекшелiгi келтiрiледi;
      - құрылыс құнының жиынтық сметалық есептемелерi; шығын мәлiметтерi;
      - объектiлiк және жергiлiктi сметалар;
      - шығынның жекелеген түрлерiнiң (соның iшiнде жобалау және iздестiру жұмыстарының) сметалық есептемелерi болуға тиiс.
      Бұл құжаттамалар сараптамаға бекiтiлуге ұсынылады.
      Жұмыс құжаттамалары құрамында:
      - жиынтық смета болған жағдайда шығын жиынтығы;
      - объектiлiк және жергiлiктi сметалар.
      Құрылыс құнын анықтау үшiн белгiленген тәртiпте әзiрленетiн, күшiне енгiзiлетiн және нақтыланатын, қолданылымдағы сметалық-нормативтiк базаны пайдалану ұсынылады.
      Құрылыс құнын тапсырыс берушiнiң смета құжаттамасында бағаның екi деңгейiнде:
      - қолданылымдағы сметалық норма мен баға негiзiнде анықталатын (тұрақты) деңгейде;
      - сметаны жасау кезiнде қалыптасқан ағындағы немесе құрылысты салу кезiнде болжанған болжамды деңгейге келтiру ұсынылады.
      Сметалық құжаттама құрамымен анықталған ағымдағы баға деңгейi негiзiнде тапсырыс берушi мен мердiгер құрылыс өнiмiне шарттық бағаны қалыптастырады.
      Жоба құрамындағы құрылыстың есептiк құны құрылыс құнының арттырылған көрсеткiштерi негiзiнде, арттырылған сметалық нормативтермен iлгерiлiмдi ұқсас жобаның құндық көрсеткiштерi негiзiнде анықталады.
      Қажет болған жағдайда жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалған кезде құрылыс құны шетел валютасында есептелiнiп ағымдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi белгiлеген курспен айналдырылуы мүмкiн.
      4.1.11. Инвестиция тиiмділігi және техника-экономикалық көрсеткiштер.
      Жобаның тиiстi бөлiмдерiн әзiрлеу барысында алынған сандық және сапалық көрсеткiштер негiзiнде инвестициялар тиiмділігiнiң есептемесi жасалады. Жобаның экономикалық тиiмдi бағасы белгiленген тәртiппен және методикалық нұсқаулармен анықталады.
      Жинақтап қорытылған деректер мен есептеме нәтижелерi осы объектi құрылысына инвестицияны негiздеу құрамында, жобалау тапсырмасымен анықталған негiзгi техникалық-экономикалық көрсеткiштермен салыстырылады және оның негiзiнде жобаны инвестициялау мен жүзеге асыру туралы түпкiлiктi шешiм қабылданады.
      Жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарды, үйлердi және ғимараттарды кеңейту, қайта жаңарту мен техникалық қосымша жарақтандыру жобаларында техникалық-экономикалық көрсеткiштер, тұтасынан объектi бойынша да кеңейту, өңдеу және техникалық қосымша жарақтандыру аяқталғаннан кейiн қуаттың өсуi ретiнде келтiрiлген.

 

     4.1.12. Жобаның тиiстi бөлiмдерiнде келтiрiлуi керек:

     - құрылыстағы жоба құжаттамалары жүйесiнiң (ҚЖҚЖ) мемлекеттiк

стандарттармен белгiленген нысанда қолдануға ыңғайластырылып жасалған

жабдықтар спецификасын;

     - жеке жасалатын жабдықтардың конструкторлық құжаттамаларын әзiрлеуге

бастапқы талаптарды, мұның өзi шартта (контрактта) айтылуы тиiс.

     4.2. Тұрғын үй азаматтық мақсаттағы объектiлер құрылысының жобалары

мынадай бөлiмдерден тұрады:

     - жалпы түсiнiктемелiк жазба;

     - сәулеттiк-құрылыстық шешiм;

     - технологиялық шешiм;

     - инженерлiк жабдық жөнiндегi шешiм;

     - айналадағы ортаны қорғау;

     - азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық шаралары, төтенше

оқиғалардың алдын-алу жөнiндегi шаралары;

     - құрылысты ұйымдастыру;

     - инвестиция тиiмділігi (қажет болғанда) және техникалық-экономикалық

көрсеткiштер (4 және 5 қосымша);

     - негiзгi тұтынатын құрылыс материалдары, бұйымдар мен

конструкциялардың жиынтық ведомостысы.


 
       Осы бөлiм халықты және аумақты, табиғатты төтенше жағдайлардан қорғау азаматтық қорғаныс ережелерi мен нормаларына сәйкес орындалады.
      4.2.1. Жалпы түсiнiктемелiк жазбаға енедi:
      - жобаны әзiрлеуге арналған негiздеме; жобалауға арналған бастапқы деректер;
      - құрылыс алаңын таңдау негiздемесi туралы мағлұматтар, объектiнiң қысқаша сипаттамасы; объектiнiң жобалық қуаты (сыйымдылығы, өткiзу қабiлеттiлiгi) туралы деректер;
      - жұмыс iстеушiлер саны және кәсiптiк бiлiктiлiк құрамы есебiнiң нәтижелерi, жұмыс орындарының (тұрғын үйлерден басқа) саны туралы мағлұматтар, отынға, суға және электр энергиясына деген қажеттiлiк туралы деректер;
      - құрылыс салу кезектiлiгi мен қала құрылысы кешендерi туралы мағлұматтар;
      - жобаның негiзгi техникалық-экономикалық көрсеткiштерi, өткiзiлген жобалау шешiмдерiн келiсулер туралы мағлұматтар, әзiрленген құжаттамалардың мемлекеттiк нормаларға, ережелерге және стандарттарға сәйкестiгi туралы айғақтау, техникалық пайдалану жөнiндегi (тұрғын үйлер сериясы үшiн әзiрленiп жатқан, қайталап қолданылатын материалдар бойынша) шаралар;
      - халықтың онша жинақы емес топтарының тiршiлiк қызметi жағдайын қамтамасыз ету жөнiндегi негiзгi шешiмдер.
      4.2.2. Сәулеттiк-құрылыстық шешiм (Сәулеттiк жоба) құрайды:
      - объектiнiң сәулеттiк шешiмiне қысқаша сипаттама есебiмен: құрылыс алаңы, оның орналасқан жерi, мөлшерi, қазiргi жағдайы мен қолданылуы; аумақтың экологиялық жағдайы туралы берілгендер, көлiк және инженерлiк-құрылыс жағдайы; инженерлiк коммуникация және ол бойынша өтетiн немесе өнiм сымдары аумағындағы, жоспарлы шектеулер мен заң күшi бар құрылыс салу құжаттарымен;
      - снос талаптары бойынша; ғимараттар мен жабдықтарды ауыстыру; халықтың онша жинақы емес тобының тiршiлiк қызметi жағдайын қамтамасыз ету, қосымша құрылыспен толтыру, құрылыс салу концепциялары, мәдениет және табиғат ескерткiштерi, оларды қорғау зоналары мен айрықша реттеу зоналары, жерасты кеңiстiгiн қолдану мүмкiншiлiктерi ережелерi;
      - сәулет-жоспарлау тапсырмалары белгiленген талаптарды орындау;
      - объектiнi қамтамасыз ету үшiн жобаланатын инженерлiк ғимараттардың шешiмiн сипаттау;
      - жобаланатын объектiнiң негiзгi сәулет-жоспарлау параметрлерi. Учаскенiң бас жоспары мен құрылыс салу бойынша шешiм.
      4.2.3. Құрылыстық шешiмдерi құрайды:
      - инженерлiк-геологиялық жағдайлар туралы мәлiметтер; құрылыс шешiмiнiң негiздемесi және оның сәулеттiк сәйкестiгi, құрылыс салу талаптарын қоса алғандағы қызметтiк белгiсi, көлемiн-жоспарлау және конструктивтi шешiмi тапсырыс берушiнiң талаптарына және техникалық жағдайға сай болуы;
      - құрылысты ұйымдастыру жөнiндегi негiзгi ережелер;
      - объектiнiң өрт қауiпсiздiгi жарылыс, жылу қорғау, құрылыстың құрылымын тоттанудан қорғау, бөлмелерде жайлылықты талап етудi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар.
      4.2.4. Техникалық шешiмдерi құрайды:
      Объектiнiң функционалды мақсаты; технология, технологиялық процестердi механикаландыру, автоматтандыру жөнiндегi шешiмдердi негiздеу және олардың тапсырыс берушi қойған деңгейге және еңбектiң қауiпсiздiгi, жайлылығы жөнiндегi нормативтерге сәйкестiгi.
      4.2.5. Инженерлiк жабдықтар жөнiндегi шешiмдерi енедi:
      - инженерлiк жабдықтар-жылу, желдеткiш, ауаны тазарту, газбен, сумен жабдықтау, канализация жөнiндегi принциптi шешiмдердi негiздеу;
      - инженерлiк жүйелердi диспетчерлеу, автоматтандыру және басқару жөнiндегi шешiмдер, электр энергиясы жабдықтары, электр жарығы, найзағайдан қорғау жөнiндегi принциптi шешiмдер, күзет және өрттен қорғауға белгi беру құралдары;
      - су, жылу мен электр энергиясын тұтынуына бақылау орнату есептеу және реттеу шығындарын қоса есептегенде бақылау жөнiндегi шаралары, инженерлiк желiлер мен жабдықтарды кезбе токтан қорғау жөнiндегi шаралар;
      - байланыс пен белгi беру құралдары, радиоландыру, теледидар жөнiндегi шешiмдер, еңбекке қолайлы жағдай жасауға арналған жабдықтар;
      - өрттен сақтандыру шаралары жөнiндегi жобалау шешiмдерi.
      4.2.6. Қоршаған ортаны қорғау.
      Бөлiм мемлекеттiк және мемлекетаралық стандарттарға, құрылыс нормалары мен ережелерiн табиғатты қорғау қызметтерiн реттейтiн және басқа да нормативтiк актiлерге сәйкес әзiрленедi.
      4.2.7. Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық шаралары.
      Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық шаралары төтенше жағдайлар ескертуi жөнiндегi шаралары. Осы бөлiм азаматтық қорғаныс ережелерi мен нормаларына сәйкес халықты және аумақты, табиғатты төтенше жағдайлардан қорғаумен жүргiзiледi.
      4.2.8 Құрылысты ұйымдастыру.

 

     Осы бөлiм қолданылымдағы нормативтерге сәйкес және құрылыс қызметi

нарығы туралы деректер бар, жобалау жұмыстарын орындау шартында баяндалған

жағдайлар мен талаптарды ескеру арқылы әзiрленедi.

     4.2.9. Сметалық құжаттама.

     Осы нұсқаунаманың 4.1.10. тармағы қағидасына ыңғайластырылып

әзiрленедi.

     4.2.10. Инвестиция мен техникалық-экономикалық көрсеткiштердiң

тиiмдiлiгi. Осы Нұсқаунаманың 4.1.11. тармағы қағидасына ыңғайластырылып

әзiрлендi.

     4.2.11. Негiзгi сызбалар:

     - 1:5000, 1:10000 көлемiндегi ситуациялық жоспар;

     - топографиялық негiзде учаскенiң бас жоспарының 1:500, 1:1000

көлемiндегi схемасы немесе бас жоспары; салмақ түсетiн негiзгi және қоршау

құрастырмаларын схематикалық бейнелеу арқылы үйлер мен ғимараттар

қабаттары, қасбеттерi, қималар жоспары (жеке және қайталап қолданылатын

жобалар бойынша);

     - қайталап қолданылатын жобалар қабыстырылатын каталождық қағаздар;

     - негiзгi үй-жайлардың интерьерi (жобалау тапсырмасына сәйкес

жасалады);

     - жеке сындарлы шешiмдердi схематикалық бейнелеу;

     - негiзгi жабдықтарды орналастыру нормаларына және қабат бойынша

жоспарларға сүйенiп технологиялық жинақтау;

     - инженерлiк жабдықты орналастырудың принциптi схемалары;

     - сыртқы инженерлiк коммуникациялар трассасының схемасы;

     - iшкi алаңдық желiлер трассасы мен олардағы құрылыстар жоспары;

     - объектiнi электр энергиясымен жабдықтау схемасы;

     - инженерлiк жабдықтар құралдары мен санитарлық-техникалық

құрылғыларды басқаруды автоматтандырудың принциптi схемалары;

     - байланыс пен белгi берудi ұйымдастыру схемалары;

     - қоқыстан тазарту схемасы.


 
       4.3. Жобалаушы ұйым тапсырыс берушiмен бiрге жобалау-iзденiс жұмыстарын орындау келiсiмiнде берiлетiн жобалау-сметалық құжаттаманың санын анықтайды, ал егер ол болмаған жағдайда тапсырыс берушiге төрт данада берiледi. Бөлiп алушы жобалау ұйымы бас жобалаушыға құжаттаманы бес данада бередi.
 
                      5. ЖҰМЫС ҚҰЖАТТАМАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ
 
      5.1. Кәсiпорындар, үйлер және ғимараттар құрылысының жұмыс

 

құжаттамасының құрамы құрылыстағы жоба құжаттамасы жүйесiнiң тиiстi

мемлекеттiк стандарттарымен анықталады және тапсырыс берушi мен бас

жобалаушының жобалау шартында (контрактiсiнде) нақтылайды.

     5.2. Мемлекеттiк және салалық стандарттар, сондай-ақ жұмыс

сызбаларында сiлтеме жасалған үлгi құрастырмалары, бұйымдар мен тораптар

сызбалары жұмыс құжаттамасы құрамына кiрмейдi, тек шартта айтылған

жағдайда ғана, тапсырыс берушiнiң бас жобалаушысына белгiленген тәртiпте

бере алады.

                                                                А Қосымша


           Өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi жобалауға тапсырма

___________________________________________________________________________

     (Жобаланушы кәсiпорын, үй және ғимарат атауы

     мен орналасқан жерi)

     Негiзгi деректер мен талаптар тізбесі

___________________________________________________________________________

1.   Жобалауға арналған негiздеме

2.   Құрылыс түрi

3.   Жобалау сатылығы

4.   Нұсқалық және конкурстық талдама жөнiндегi талап

5.   Құрылыстың айрықша жағдайлары

6.   Объектiнiң негiзгi техникалық-экономикалық

     көрсеткiштерi, соның iшiнде қуат, өнiмдiлiк,

     өндiрiстiк бағдарлама

7.   Өнiмдердiң бәсекелестiк қабiлеттiлiгi сапасы мен

     экологиялық өлшемдерiне қойылатын талаптар

8.   Технологияға, кәсiпорын режимiне қойылатын талаптар

9.   Сәулеттiк-құрылыстық, көлемдi-жоспарлау және

     сындарлы шешiмдерге қойылатын талаптар

10.  Кезектiлiктi және iске қосылатын кешендердi бөлiп

     көрсету, кәсiпорындарды келешекте кеңейту жөнiндегi

     талаптар

11.  Табиғатты қорғау өлшемдерi мен шараларының

     талаптары және жағдайлары

12.  Еңбек қауiпсiздiгi мен гигиенасы режимiне қойылатын

     талаптар

13.  Өндiрiстi бейiмдеу жөнiндегi талаптар

14.  Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық

     шараларын және төтенше жағдайлардың алдын-алу


 
       жөнiндегi шараларды әзiрлеуге қойылатын талаптар
15. Ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық
      жұмыстарын орындау жөнiндегi талаптар
16. Көруге қойылатын материалдар құрамы ___________________________________________________________________________
 
      Жобалау тапсырмасының құрамы салалық ерекшелiгi мен құрылыс түрiн ескеру арқылы белгiленедi.
      Жобалау тапсырмасымен бiрге тапсырыс берушi төменде көрсетiлгендей жобаны ұйымдастырудың бастапқы материалдарын бередi:
      Осы объектi құрылысы инвестициясының негiздемесiн;
      Объектiнi орналастыру орнының алдын ала келiсiлгенi туралы жергiлiктi атқарушы өкiмет органының шешiмiн;
      құрылысқа арналған жер бөлiгiн (трассаны) алу актiсi мен оған қоса тапсырылатын материалдарды;
      белгiленген тәртiпте жасалатын сәулеттiк-жоспарлау тапсырмасын;
      жобаланып жатқан объектiнi жабдықтау көздерiне, инженерлiк желiлер мен коммуникацияларға қосудың техникалық шарттарын;
      объектi құрылысы туралы шешiмдi жұртшылықтың талқылауы туралы мағлұматтарды;
      жабдықтар, соның iшiнде жеке жасалған жабдықтар жөнiндегi бастапқы деректердi;
      технологиялық процестер мен жабдықтарды жасауға байланысты орындалған ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жөнiндегi қажеттi деректердi;
      түгендеу материалдары, үйлер мен ғимараттарды бұзу және бұзылатын үйлер мен ғимараттар үшiн өтем сипаты туралы жергiлiктi атқарушы органдардың бағалау актiлерi мен шешiмдерiн;
      жергілiктi мемлекеттiк қадағалау органдарынан алынған материалдарды, соның iшiнде әлеуметтiк-экономикалық жағдай, табиғат жайы және айналадағы табиғи орта жайының сипаттамасын бұрыннан бар ластау көздерi туралы деректердi және табиғат қорғау органдарының талаптарына, құрылыс салынатын аудандағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға сәйкес келетiн басқа да мағлұматтарды;
      инженерлiк iздестiрулердiң және тексерулердiң қолда бар материалдарын, учаскедегi үйлер мен ғимараттардың, жер астындағы және жер бетiндегi желiлер мен коммуникациялардың өлшем сызбаларын;
      кәсiпорын өнiмдерiнiң сызбалары мен техникалық сипаттамаларын;
      құрылыстың тендерлiк құжаттамаларын (қажеттiгi барысында) әзiрлеуге тапсырма;
      жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi, үйлер мен ғимараттар құрастырмаларын

 

тексеру нәтижесi бойынша қорытындылар мен жасалған материалдарды;

     жабдықтардың ерекшелiгiне және олардың жайы туралы мағлұматтарға

сәйкес жұмыс iстеп тұрған цехтарды, учаскелердi технологиялық жоспарлау,

жұмыс орнындағы еңбек жағдайы туралы деректердi;

     уақытша үйлер мен ғимараттарды, көтеру-көлiк машиналары мен

механизмдерiн орналастыру, құрылыс материалдары қойылатын орындар

шарттарын;

     басқа да материалдарды бередi.

                                                           Б қосымша

       Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектiлердi жобалауға тапсырма

___________________________________________________________________________

     (Объектiнiң атауы мен орналасқан жерi)

     Негiзгi деректе мен талаптар тiзбесi

___________________________________________________________________________

1.   Жобалауға арналған негiздеме

2.   Құрылыс түрi

3.   Жобалау сатылығы

4.   Нұсқалық және конкурстық талдама бойынша

     талап

5.   Құрылыстың айрықша жағдайлары

6.   Негiзгi техникалық-экономикалық көрсеткiштер,

     соның iшiнде тұрғын үйлер немесе қоғамдық

     үйлер, олардың пайдаланылу мақсаты (қабаттар,

     секциялар мен пәтерлер, сыйымдылығы, өткiзу

     қабiлеттiлiгi)

7.   Тұрғын үйлерге жапсарлас салынған қоғамдық

     қызмет көрсету кәсiпорындарының пайдаланылу

     мақсаты және түрi, олардың қуаты, сыйымдылығы,

     өткiзу қабiлетi, үй-жайлардың құрамы және

     алаңы, құрылыс көлемi

8.   Үйдiң сәулеттiк-жоспарлау шешiмдерiне, өзара

     байланысу жағдайына, үйдi әрлеуге қойылатын

     талаптар

9.   Пәтерлердiң ұсынылатын үлгiлерi мен олардың

     арақатынасы

10.  Инженерлiк және технологиялық жабдықтарға

     қойылатын негiзгi талаптар

11.  Инженерлiк жабдықтарға қойылатын негiзгi

     талаптар

12.  Халықтың шағын ұтқыр топтарының тiршiлiк

     қызметi жағдайын қамтамасыз ету жөнiндегi

     талаптар

13.  Алаңды көркейту мен сәулеттiк шағын

     нысандарға қойылатын талаптар

14.  Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-

     техникалық шараларын және төтенше

     жағдайлардың алдын алу жөнiндегi шараларды

     әзiрлеу бойынша талаптар

15.  Көрсетiлетiн материалдарды жасау, олардың

     құрамы мен нысаны; жобалау мен құрылыс салу

     процесiнде ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-

     конструкторлық жұмысты орындау;

     Объектiде экологиялық және санитариялық-

     эпидемиологиялық шарттарды орындау

     қажеттiгi туралы талаптар

___________________________________________________________________________

     Тапсырыс беруші жобалау тапсырмасымен бірге жобалау ұйымына мынадай

құжаттар мен материалдарды береді:

     - осы объекті құрылысы инвестициясының негіздемесін;

     - объектіні орналастыру орнын алдын ала келісу туралы жергілікті

атқарушы өкімет органының шешімін;

     - сәулеттік-жоспарлау тапсырмасын;

     - құрылыс учаскесін нақтылы жоспарлаудың бекітілген жобасының қолда

бар материалдарын;


 
       - құрылыс учаскесін топографиялық түсірулердің қолда бар материалдары мен геологиялық және гидрологиялық іздестірулер деректерін;
      - бұрыннан бар және сақталатын құрылыстар мен екпе бұталар жөніндегі материалдарды;
      - жер бетіндегі және жер астындағы инженерлік құрылыстар мен коммуникациялар туралы мағлұматтарды;
      - ғимараттарды бұзу және бұзылатын құрылыстардың өтемі туралы

 

жергілікті атқарушы органдардың түгендеу материалдарын, бағалау актілері

және шешімдерін;

     - бөлінетін отын түрлері бойынша деректерді;

     - сыртқы инженерлік желілер мен коммуникацияларға қосылудың техникалық

шарттарын;    

     - қоршаған ортаның ахуалдық жайы, адамдардың тұру жайлылығы, тұрғын

үй-азаматтық мақсаттағы объектілер құрылысы маңында техногенді

объектілердің және ықтималды авариялық оқиғалар барысында олар ықпал

ететін аймақтардың болуы туралы мағлұматтарды;

     - тағы басқа қосымша материалдарды береді.

                                                            В Қосымша

     Өндірістік мақсаттағы объектілерге арналған техникалық-экономикалық

                          көрсеткіштердің үлгі тізбесі

___________________________________________________________________________

         Көрсеткіш атауы                         өлшем бірлігі    Маңызы

___________________________________________________________________________

1.            2.                                     3.            4.   

___________________________________________________________________________

1.  Кәсіпорын қуаты, жылына шығарылатын         млн.теңге

    өнім:

      - құнға шаққанда                          өлшем бірлігіне

      - заттай есептегенде                      сәйкес

2.  Учаскенің жалпы алаңы                       Га

3.  Құрылыс салу коэффициенті                   коэфф.

4.  Қуат бірлігіне шаққанда үлестік шығын:

    электр энергиясы                            кВт сағат

    су                                          текше метр

    жылу                                        гкал

    табиғи газ                                  мың текше м

    мазут                                       т

    көмір                                       т

5.  Жұмыс істеушілердің жалпы саны              Адам

6.  Жұмыс істеушінің шығаратын жылдық өнімі:   

    құнға шаққанда                              мың теңге/адам

    заттай есептегенде                          өлшем б/адам

7.  Құрылыстың жалпы құны, соның ішінде         мн.теңге

    құрылыс монтаж жұмысы                       млн.теңге

8.  Қуаттың үлесті капитал салымы               теңге/өлшем б.    

9.  Құрылыстың ұзақтығы                         ай

10. Негізгі өндірістік қорлардың құны           млн.теңге

11. Өнімнің өзіндік құны                        мың т/өл.б.     

12. Баланстық (жалпы) пайда                     мың.теңге

13. Таза пайда (кәсіпорынның таза пайдасы)      мың.теңге

14. Өндіріс рентабельділігінің деңгейі          %

15. Кірістің ішкі нормасы                       %     

16. Өтелу мерзімі                               жыл

17. Кредитті және басқа да заемдық қаржыны      жыл

    өтеу мерзімі

___________________________________________________________________________


Ескерту: Кәсіпорындарды, үйлерді және ғимараттарды кеңейту, қайта жаңарту

мен техникалық қосымша жарақтандыру жобалары бойынша

техникалық-экономикалық көрсеткіштер осы Нұсқаунаманың 4.1.11-тармағы

талаптарына сәйкес келтіріледі.


                                                              Г Қосымша

      Қоғамдық ғимараттар мен үйлерге арналған техникалық-экономикалық    

                           көрсеткіштердің үлгі тізбесі

___________________________________________________________________________

       Көрсеткіштер атауы                          Өлшем бiрлiгi   Маңызы

___________________________________________________________________________

1             2                                          3            4

___________________________________________________________________________

1.  Қуаты, сыйымдылығы, өткiзу қабiлетi            тиiстi өлшем

                                                   бiрлiгi

2.  Жер учаскесiнiң жалпы алаңының                 га

    көлемi

3.  Үйлер мен ғимараттардың жалпы                  шаршы метр

    алаңы

4.  Құрылыс көлемi                                 текше метр

5.  Алаңның бiр өлшемiне энергетика                ш.о.т.

    ресурсының үлестiк шығыны

6.  Құрылыстың, соның iшiнде құрылыс-              млн.теңге

    монтаж жұмысының жалпы құны

7.  Құрылыстың ұзақтығы, с. I. құрылыс-            ай

    монтаж жұмысы

8.  Объектiнiң сапалық сипаттамасы

9.  Баланстық (жалпы) пайда (қажеттiгi             мың теңге

    болғанда)

10. Таза пайда қажет болғанда                      мың теңге

11. Өтелу мерзiмi                                  жыл

___________________________________________________________________________

            ТҰРҒЫН YЙЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ТЕХНИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ

                        КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ ҮЛГІ ТІЗБЕСІ


___________________________________________________________________________

           Көрсеткiштер атауы                          өлшем      Мәні

                                                       бiрлiгi

___________________________________________________________________________

1                 2                                      3        4

___________________________________________________________________________

1.  Пәтерлер саны, сыйымдылығы                        бiрлiк

2.  Құрылыс көлемi                                    текше метр

3.  Жалпы алаңының көлемi                             шаршы

                                                      метр

4.  Тұрғын алаңының көлемi                            шаршы

                                                      метр

5.  Тұрғын алаңының өлшем бiрлiгiне сәйкес жалпы

    алаңға арақатынасының коэффициентi

6.  Құрылыстың жалпы құны, соның ішінде               млн.теңге

    құрылыс-монтаж жұмысының құны

7.  Алаңның (жалпы тұрғын алаңның) 1 шаршы            млн.теңге

    метрiнiң, с.i. құны құрылыс-монтаж жұмысының

    құны

8.  Бiр пәтердің орташа құны                          млн.теңге

9.  Жалпы алаңның 1 шаршы метрiне энергетика          ш.о.т.

    ресурстарының үлестiк шығыны

10. Табиғи жарық

11. Құрылыстың ұзақтығы                               ай 

___________________________________________________________________________


    Мамандар:

         Омарбекова А.Т.

         Икебаева Ә.Ж.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады