Жоғары білімді медицина және фармацевтика мамандарын біліктілік санатын беру үшін аттестациядан өткізудің ережесі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 1 маусымдағы N 530 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 19 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1576. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 6 желтоқсандағы N 1071 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының " Бiлiм беру туралы ", "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" заңдарын , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852  "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" қаулысын  орындау, сондай-ақ жоғары бiлiмдi медицина және фармацевтика мамандарына білiктiлiк санатын беру үшiн аттестация жүйесiн жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Жоғары бiлiмдi медицина және фармацевтика мамандарын бiлiктiлiк санатын беру үшiн аттестациядан өткiзудiң ережесi бекiтiлсiн.
      2. Облыстардың, Астана мен Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерiнiң), ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттары, ҚазММУ және медициналық академиялар, колледждер, республикалық медициналық ұйымдардың басшылары осы бұйрықпен бекiтiлген ереже талаптарын орындауды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ҚР Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң медициналық ғылым, бiлiм және лицензиялау Департаментiнiң директоры Х. Сағынға жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркелген сәттен бастап күшiне енедi.    

     Төрағаның міндетін атқарушы

    "Келісілген"                                  "Бекітілді"
Қазақстан Республикасы                     ҚР Денсаулық сақтау ісі
  Білім және ғылым                         жөніндегі агенттігінің
министрлігінің Бірінші                       2001 жылғы 1 маусым
   Вице-Министрі                              N 530 бұйрығымен
2001 ж. "__" _____N __

Жоғары бiлiмдi медицина және фармацевтика мамандарын
бiлiктiлiк санатын беру үшін аттестациядан өткiзудiң
ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ережелер

 
      1. Осы Жоғары бiлiмдi медицина және фармацевтика мамандарын бiлiктiлiк санатын беру үшiн аттестациядан өткiзудiң ережелерi (бұдан әрi - Ережелер) Қазақстан Республикасының " Бiлiм беру туралы ", "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" заңдары , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" қаулысы  негiзiнде әзiрленген.
      Бiлiктiлiк санатын беру аттестациясы Қазақстан Республика аумағында қарастырылған мамандықтар, дәрiгерлiк және фармацевтикалық мамандықтар номенклатурасы бойынша жүргiзiледi.
      2. Бiлiктілiк санатын беру аттестациясынан өтуге жоғары медициналық бiлiмдi, емдеу-профилактикалық, санитарлық-эпидемиологиялық, дәрiханалық ұйымдар мен денсаулық сақтау iсiн басқару органдар қызметтерiне жiберiлген адамдар, ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлер, денсаулық сақтау iсiнің мемлекеттiк емес саласында (бұдан әрi - денсаулық сақтау ұйымдары) жеке медицина практикасында және жеке фармацевтикалық қызметтермен айналысатын мамандар белгiленген тәртiппен жiберiледi.
      3. Бiлiктiлiк санатын беру аттестациясының негiзгi мiндеттерi: мамандардың кәсiби даярлық деңгейiн анықтау, бiлiктiлiгi жоғарырақ және талапты мамандарды айқындау, нарықтық қарым-қатынас жағдайында еңбек төлем-ақысының саралану жолымен медициналық қызметкерлердiң әлеуметтiк сақталуын қамтамасыз ету.
      4. Осы ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) аттестация - берiлген құжатқа (куәлiкке) мамандардың кәсiби дайындық деңгейiнiң сәйкестiгiн анықтау мақсатында жасалатын шара;
      2) бiлiктiлiк санат - нормативтiк өлшемдерге сәйкес қызметкердiң кәсiби мiндеттерiн шешудi қамтамасыз ететiн бiлiктiлiк деңгейi.
      5. Жоғары медициналық және фармацевтикалық білiмдi маманның бiлiктiлiгiн аттестациялық комиссия үш бiлiктiлiк санат бойынша анықтайды: жоғары, бiрiншi, екiншi.
      6. Жоғары бiлiктiлiк санат жоғары медициналық және фармацевтикалық бiлiмдi, осы мамандық бойынша кем дегенде он жыл, ал селолық денсаулық сақтау iсiнiң мамандары үшiн кем дегенде жетi жыл жұмыс өтiлi бар, жақсы жұмыс көрсеткiштерiмен сипатталатын мамандарға және мынадай кәсiби талаптарға сай беріледi:
      1) жоғары бiлiктiлiк санат iзденушiсi Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау жөнiндегi заңдылықтар негiзiн, денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымы мен қағидаттарын, денсаулық сақтау iсiнiң экономикасы мен жоспарлауын бiлуi тиiс;
      2) жоғары бiлiктiк санаты бар мамандар үшiн мамандық бойынша бiлiктiлiк талаптарда қарастырылған терең теориялық даярлығы мен практикалық дағдылары болуы тиiс;
      3) мамандығы бойынша соңғы 5 жылда кем дегенде 3 жарияланымы болуы қажет;
      4) үздiксiз өз кәсiби деңгейiн арттыруы, диагностика немесе емдеудiң жаңа әдiстерiн игеруi және практикаға енгiзуi қажет, соңғы 5 жыл iшiнде кем дегенде 144 сағат дипломнан кейiнгi даярлықтың (курстар, циклдер, тағылымдама және басқаларды) белгiленген нысан бойынша берiлген куәлiкпен расталған бiр түрiн өтуі тиіс;
      5) теориялық даярлығы, кәсiби бiлiмi мен дағдылары бойынша жоғары білiктi маман денсаулық сақтау iсiнiң республикалық, облыстық және қалалық саласын сәйкес мамандық бойынша бас маман ретiнде жоғары білiктi басшылықпен қамтамасыз ете алады.
      7. Бiрiншi бiлiктiлiк санат жоғары медициналық және фармацевтикалық бiлiмдi, мамандығы бойынша тағылымы кем дегенде жетi жыл, ал селолық денсаулық сақтау мамандары үшiн кем дегенде бес жыл, жақсы жұмыс көрсеткiштерiмен сипатталатын мамандарға және мынадай кәсiби талаптарға сай берiледi:
      1) бiрiншi бiлiктiлiк санат iзденушiсi Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жөнiндегi негiзгi заңдылықтарымен, денсаулық сақтау iсiнiң құрылымдарымен және қағидаттарымен таныс болу керек;
      2) бiрiншi бiлiктiк санаты бар мамандар үшiн мамандық бойынша бiлiктiлiк талаптарда көзделген жақсы теориялық даярлығы мен практикалық дағдылары болуы тиiс;
      3) өзiнiң кәсiби деңгейiн үздiксiз көтеруi тиiс, диагностика немесе емдеудің жаңа әдiстерiн игеруi және практикаға белсендi түрде енгiзуi қажет, соңғы бес жыл iшiнде кем дегенде 72 сағат дипломнан кейiнгi даярлықтың (курстар, циклдер, тағылымдар және басқалардың), белгiленген нысан бойынша берiлген куәлiкпен расталған бiр түрiн өту керек;
      4) соңғы бес жыл iшiнде мамандық бойынша кем дегенде 2 жарияланымы болу керек;
      5) шұғыл жағдайда жедел көмек көрсете білуi тиiс;
      6) салауатты өмiр салтын насихаттауға белсендi түрде ат салысуға тиiс, орта медициналық қызметтегi жас мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiнде жұмыс жүргiзуi тиiс;
      7) бiрiншi бiлiктiлiк санаты бар маман теориялық даярлығы, кәсiби бiлiмi мен дағдылары бойынша республикалық, облыстық және қалалық денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымында бөлiмдi, бөлiмшенi, зертхананы басшылықпен қамтамасыз ете алады және денсаулық сақтау басқармаларының органдарында бас маман мiндетiн атқара алады.
      8. Екiншi бiлiктiлiк санат жоғары медициналық және фармацевтикалық бiлiмдi, мамандық бойынша жұмыс тағылымы кем дегенде бес жыл, ал селолық денсаулық сақтау iсi мамандар үшiн - кем дегенде үш жыл, жақсы жұмыс көрсеткiштерiмен сипатталатын мамандарға және мынадай кәсiби талаптарға сай берiледi:
      1) екiншi бiлiктiлiк санат iзденушiсi Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау бойынша заңдылықтардың негiзiн бiлетiнiн көрсетуi керек;
      2) екiншi бiлiктiк санаты бар мамандар үшiн мамандық бойынша бiлiктiлiк талаптарда қарастырылған жақсы теориялық даярлығы мен практикалық дағдылары болуы тиiс;
      3) конференциялар, семинарлар, симпозиумдар жұмысына қатысу жолымен үздiксiз өзiнiң кәсiби деңгейiн арттырып отыруы тиiс;
      4) соңғы бес жылда мамандық бойынша кем дегенде бiр жарияланымы болу керек;
      5) салауатты өмiр сүру салтын насихаттауға белсендi ат салысуы керек, орта медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердiң бiлiктiлiк деңгейiн арттыру бойынша жұмыс жүргiзуi керек;
      6) теориялық даярлық және кәсiби дағдыларының деңгейi бойынша екiншi бiлiктiлiк санатты маман қалалық және аудандық денсаулық сақтау ұйымының зертханасын, бөлiмшесiн, бөлiмiн басшылықпен қамтамасыз ете алады.

2. Аттестациялық комиссия және оның құрамы

      9. Бiлiктiлiк санатын беруге арналған аттестацияны жүргiзу үшiн денсаулық сақтау ұйымдарында орталық аттестациялық комиссия, аттестацияның нақты өткiзілетiн мерзiмдерiн белгiлейтiн, аттестациядан өтушiнiң жұмысына талдау жасайтын, аттестацияның қорытындысы бойынша шешiмдер шығаратын мамандықтар бейiндерi жөнiндегi мамандандырылған аттестациялық комиссия құрылады.
      10. Бiлiктiлiк санатын берудегi аттестациялық комиссия қызметкерлерiнің құрамы мен өкiлеттiлiк мерзiмдерi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң бұйрығымен белгiленедi.
      11. Аттестациялық комиссия мүшелерiнiң жалпы саны жұп саннан (7, 9, 11 адам) тұруға тиiстi. Аттестациялық комиссия мынадай құрамда құрылады: аттестациялық комиссияның төрағасы - денсаулық сақтау ұйымының бастығы немесе бастығының орынбасары, төрағаның орынбасары, хатшы және комиссия мүшелерi. Комиссияның құрамына денсаулық сақтау басқармалары органдарының, медициналық бiлiм беру, ғылыми ұйымдарының, жергiлiктi атқару органдарының басшылары мен қызметкерлерi, кәсiподақ және қоғамдық ұйымдардың өкiлi кiредi.

3. Аттестацияны жүргiзу тәртiбi

      12. Қызметкерлердiң аттестациясы денсаулық сақтау ұйымдарының уәкiлеттi органдары белгiлеген кесте бойынша жүргiзiледi.
      13. Бiлiктiлiк санатын алуға аттестациядан өтуге ықылас бiлдiрген мамандар аттестациялық комиссияға арыз тапсырады.
      Арызбен қоса мамандар:
      1) ұйым басшысымен бекiтiлген және денсаулық сақтау басқармалары органдарының бас мамандары рецензиялаған, аттестациядан өтетiн маманның ауруларды емдеу, оңалту, олардың диагностикасын ұйымдастыру мен жетiлдiруде, сондай-ақ фармацевтикалық қызметтегi үлесiн бейнелейтiн, соңғы үш жылдағы жұмысын сипаттайтын реттi көрсеткiштер талдауымен өндiрiстiк қызмет туралы есебiн;
      2) нотариустың куәландыруымен берiлген дипломның көшiрмесiн;
      3) нотариустың куәландыруымен берілген бiлiктілiгiн көтеруден өткенi туралы куәлiктiң көшiрмесiн;
      4) ұйым басшысының қолы қойылған өндiрiстiк мiнездемесiн;
      5) басылымда жарияланған мақалаларының тiзiмiн беруге тиiстi.
      Комиссия аттестациядан өтетiн маманның өтiнiш жасап отырған санат талабына сәйкестiгi туралы ұсынысы бар аттестациялық қағазды ресiмдейдi (1-қосымша). Аттестациядан өтетiн қызметкер аттестациялық комиссияның отырысына 10 күн қалғанша аттестациялық қағазбен танысып, оған қолын қоюы керек.
      14. Қызметкерлердiң аттестациясының нәтижесi дауыс беру арқылы комиссияның қорытынды отырысында анықталады және жазбаша хаттамамен аттестациялық қағазда ресiмделедi. Хаттамаға және аттестациялық қағазға аттестациялық комиссияның төрағасы, хатшысы мен комиссияның мүшелерi қолдарын қояды.
      15. Егер комиссияның қорытынды отырысына кем дегенде 2/3 адам қатысатын болса шешiм дұрыс деп саналады. Дауыс берудiң нәтижесi комиссияның қорытынды отырысына қатысушы мүшелердiң санының көптiгiмен анықталады. Әрбiр қызметкерге комиссия мына қорытындылардың бiрiн бередi:
      өтiнiш жасаған санат талабына сәйкес келедi;
      өтiнiш жасаған санат талабына сәйкес келмейдi.
      16. Қызметкерлерге берiлген бiлiктiлiк санаты келесi кезектi аттестациядан өткенше сақталады.
      17. Бiлiктiлiк санатын беру кезiнде реттiлiктi сақтау қажет: жоғары, бiрiншi, екiншi санаттар.
      18. Маман бiлiктiлiк санатын алу үшiн аттестациядан өтуге негiзгi, сондай-ақ қосымша мамандығы бойынша өтiнiш жасауына болады.
      19. Егер қызметкер аттестациядан өтуге өз тiлегiн бiлдiрiп және оған берген өтiнiшi бойынша бiлiктiлiк санаты берілмесе, ол бұрынғы санатында қалады.
      20. Аттестацияға байланысты келiспеушiлiктер күшi бар заңға сәйкес қарастырылады.
      21. Денсаулық сақтау ұйымдарында және денсаулық сақтау iсiн басқару органдарында басшылық (бастығының орынбасары) лауазымында қызмет ететiн, бөлiмдерi бар емханалардың меңгерушiлерi "әлеуметтiк-гигиенист-денсаулық сақтау iсiнiң ұйымдастырушысы" және "провизор-ұйымдастырушы" мамандығы бойынша аттестациядан өтедi. Аталған мамандар дәрiгерлiк қызметтiң қайсыбiр мамандығы бойынша қосымша осы мамандық болу шартымен жалпы негiзде аттестацияланады.

4. Аттестациялық комиссия шешiмiн iске асыру

      22. Аттестациялық комиссияның жоғары бiлiктiлiк санатын беру туралы шешiмi аттестация өткен күннен кейiн бiр ай iшiнде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң бұйрығымен бекiтiледi.
      23. Аттестация нәтижесi бойынша қызметкерлерге куәлiк берiледi (2-қосымша). Куәлiктiң көшiрмесi қызметкердiң жеке iс-құжаттарында сақталады. Куәлiк беру журналда тiркеледi (3-қосымша).
      24. Бiлiктiлiк санатын беру туралы ресiмделген куәлiк Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында қолданылады.
      25. Денсаулық сақтау практикасын дамытуға аса зор үлес қосқан
мамандарға ұжымның кепiлдемесi бойынша одан да жоғары бiлiктiлiк санатын беру үшiн, ерекше ретте мерзiмiнен бұрын өтуге рұқсат берiледi, бiрақ бұрынғы өткен аттестациядан кем дегенде үш жыл уақыт өтуi тиiс.   

N 1 қосымша 

--------------------------------------------------------------------               (министрлiктiң немесе ведомствоның атауы)
--------------------------------------------------------------------                   (денсаулық сақтау ұйымының атауы)

                           АТТЕСТАЦИЯЛЫҚ ҚАҒАЗ

___________________________________________________________берiледi.
        (тегi, аты, әкесiнiң аты, лауазымы, санаты)
Туған жылы________ Ұлты________________
Медицинадағы өтiлi________ соның iшiнде осы  ұйымдағы_______________
Білімі______________________________________________________________          (оқу орнының атауы, бiтiрген жылы және алған мамандығы)
Ғылыми атауы мен ғалым дәрежесi, құрмет белгiлерi___________________
____________________________________________________________________Қандай санатқа аттестациядан өтетiн қызметкер өтiнiш бердi
____________________________________________________________________                               (жазумен)
Аттестациядан өтушiнiң қызметi туралы сын-пікiр
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

      Денсаулық сақтау ұйымның
      бастығы_____________________________________________________
                            (тегi, аты, әкесiнiң аты)

Жұмыс туралы сын-пiкiрмен және
тұжырымдармен таныстым "___"__________________
                       ____________________________
                       (аттестациядан өтушiнiң қолы)
Аттестациялық комиссияның шешiмi
____ж. "___" ____________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Аттестациялық комиссияның төрағасы ___________________________
                                    (тегi, аты, әкесiнiң аты)

Төрағаның орынбасары_________________________________________
                        (тегi, аты, әкесiнiң аты)    
Хатшы___________________________    
      (тегi, аты, әкесiнiң аты)
Комиссияның    
мүшелері:__________________________________________________________
                 (тегi, аты, әкесiнiң аты)    
____________________________________________________________________                 (тегi, аты, әкесiнiң аты)     ____________________________________________________________________
                 (тегi, аты, әкесiнiң аты)
____________________________________________________________________                 (тегi, аты, әкесiнiң аты)
____________________________________________________________________                 (тегi, аты, әкесiнiң аты)

N 2 қосымша

Біліктілік санатын беру туралы
КУӘЛІК

Осы куәлік аттестациялық комиссиясының біліктілік санатын беру туралы______________________________________________________________
____________________________________________________________________

200__ж. "___"_________ N_______ шешіміне сәйкес
________________________________________________________беріледі.
                 (тегi, аты, әкесiнiң аты)
________________________________________________________   

     
Аттестациялық комиссия
төрағасы                      ___________ (тегi, аты, әкесiнiң аты)
                                 (қолы)
Аттестациялық комиссияның
хатшысы                       ___________ (тегi, аты, әкесiнiң аты)
                                 (қолы)    

     М.О.

     Тіркеу нөмірі _________   Берілген күні __ж."___"_______    

N 3 қосымша

Қызметкерлерге біліктілік санатын беру туралы куәлікті беруді
тіркеуге арналған журналдың нысаны

              _________________________________________________
                      (денсаулық сақтау ұйымның атауы) 

____________________________________________________________________N  Тегі,аты, Лауазым   Аттестациялық  Біліктілік  Куәліктің Куәлік
   әкесінің  атауы мен комиссия шеші. санат беру  берілу    алғанын
   аты       берілген  мінің шыққан   жөніндегі   күні      қолын
            біліктілік     күні       бұйрықтың             қоюмен
             санаты                    нөмірі               растау
                                      мен күні  ____________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады