Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің ішкі істер органдарында және оқу орындарында дене шынықтыру және атыс дайындығын, бұқаралық дене шынықтыру-спорт жұмыстарын одан әрі жақсарту жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 25 маусымдағы N 497 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 31 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1603. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрлігінің 2007.05.11. N 203 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрлігінің 2007.05.11. N  203  (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы"  Жарлығын , Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10-11 қазандағы "Қазақстан 2030"  жолдауын  орындау үшін 

                       БҰЙЫРАМЫН: 

      1. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Кадр жұмысы департаментіне, ішкі істер органдарының кадр аппараттарына дене шынықтыру дайындығы сабақтарының жүргізілуін және оған қызметкерлердің қатысуын бақылау жүктелсін. 
      2. "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамының (бұдан әрі "Динамо" ДСҚ) Орталық кеңесі республиканың ішкі істер органдары жеке құрамының дене шынықтыру және атыс дайындығы сабақтарының іс жүзінде өткізілуі мен әдістемелік қамтамасыз етілуін оқу-әдістемелік семинарларының тесттер өткізу мен дайындық деңгейін анықтауды ұйымдастыруды (оқу процесін жоспарлау, бағдарламалар әзірлеу, спорттық базамен қамтамасыз ету және оқытушылармен жабдықтау) қамтамасыз етсін. 
      3. Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Комитеттерінің төрағалары, министрлік департаменттерінің, дербес басқармаларының, Ішкі істер бас басқармасының (ІІББ), Ішкі істер басқармасының (ІІБ), көліктегі Ішкі істер бас басқармасының КІББ-нің, оқу орындары мен училищелерінің бастықтары: 
      1) қатардағы және басшы құраммен дене шынықтыру және атыс дайындығын ұйымдастыру жұмысын ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби дайындығының басты бағыттарының бірі деп есептесін; 
      2) жеке құраммен дене шынықтыру және атыс дайындығы жұмысын жеке бақылауға алсын, барлық дәрежедегі командирлердің дене шынықтыру сабақтарына, сондай-ақ спорт-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларына қатысуын қамтамасыз етсін. Дене шынықтыру және атыс дайындығы сабақтарына қатысуды, ол сабақтардың ұдайы өткізілуін және қарамағындағылардың белгіленген тесттерді уақтылы тапсыруын қамтамасыз етуде олардың дербес жауапкершілігін белгілесін. 
      Сабақтардан дәлелді себептерсіз қалуды қызметтік міндеттерін орындаудан жалтару ретінде қарастырсын; 
      3) ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамымен дене шынықтыру және атыс дайындығы сабақтарын жергілікті жағдайлармен және қызмет өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, қызметтік уақыт есебінен 100 сағат көлемінде ұдайы жүргізсін. Сабақтарды жоспарлы негізде аптасына кемінде екі рет қызметтік уақыттың 1 сағаты есебінен өткізсін; 
      4) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жыл сайын дене шынықтыру мен атыс дайындығы және жекпе-жек ұрыстың бақылау нормативтерін қабылдау арқылы ішкі істер органдары жеке құрамының дайындық деңгейін анықтасын; 
      Дене шынықтыру мен атыс дайындығы және жекпе-жек ұрыс бойынша жеке бағаны күнтізбелік жылдың аяғында шығарып, жеке істің екінші бөлігіне енгізсін. 
      Дене шынықтыру мен атыс дайындығынан 2 жыл бойы қанағаттанарлықсыз деген жеке нәтиже көрсеткен ішкі істер органдарының қызметкерлерін олардың атқаратын лауазымына сәйкестігін анықтау және ішкі істер органдарындағы қызметте одан әрі пайдалану туралы мәселені шешу үшін аттестациялық тәртіпте қарасын; 
      5) қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың дене шынықтыру мен атыс дайындығының деңгейін міндетті түрде олардың мінездемелерінде және аттестацияларында көрсетсін; 
      6) денсаулығына байланысты дене шынықтырудың сауықтыру тобына жатқызылған адамдардың сабақтарын бұл топтарда дәрігердің қадағалауымен, дене шынықтыру дайындығы бойынша бақылау тесттерін қабылдаусыз өткізсін; 
      7) Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің ішкі істер бөлімшелерінде және оқу орындарында дене шынықтыру-бұқаралық және спорт жұмыстарын ұйымдастыруды бірінші басшыларға жүктесін; 
      8) спорттың қызметтік-қолданбалы түрлерінен құрама командаларды дайындауды және Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің чемпионаттары мен "Динамо" ДСҚ-ның Орталық кеңесі ұйымдастыратын жарыстарға жіберуді қамтамасыз етсін. 
      4. Қолда бар штатты қайта бөлу есебінен әрбір қалалық ІІБ-де, АІІБ, ЖІІБ(б)-де, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі - ҚАЖК) облыстық басқармаларында әскери және дене шынықтыру дайындығы жөніндегі инспектор лауазымы енгізілсін: 
      1) әскери және дене шынықтыру дайындығы жөніндегі инспекторлардың біліктілігін арттыру үшін "Динамо" ДСҚ базаларында 10 күндік оқу-әдістемелік семинарлар; 
      2) дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыратын және жүргізетін қоғамдық инспекторлар үшін жылына бір рет 7 күндік жиындар өткізілсін. 
      5. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Кадр жұмысы департаменті: 
      1) Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің оқу орындарына дене шынықтыру дайындығы бойынша адамдарды іріктеп алуды осы бұйрықтың талаптарына сәйкес (2-қосымша) жүзеге асырсын. 
      6. "Сақшы-На страже" газеттерінің, "Казахстанская полиция" журналының редакциялары ішкі істер органдарындағы, ішкі әскерлердегі және оқу орындарындағы дене шынықтыру мен атыс дайындығының, спорт-бұқаралық жұмысының ахуалын ұдайы жариялап отырсын. Жеке құрамның әскери дайындығын арттыруда және кәсіби шеберлігін жетілдіруде дене шынықтыру мен спорттың рөлі мен маңызын кеңінен ашсын. 
      7. Дене шынықтыру мен атыс дайындығы сабақтарын өткізу үшін әрбір қалалық ІІБ-де, АІІБ, ЖІІБ(б)-де, ҚАЖ Комитетінің облыстық басқармаларында қарапайым спорт құрылыстары салынсын. 
      Дене шынықтырумен атыс дайындығымен, спортпен шұғылдану үшін материалдық базаны нығайту мақсатында ішкі істер органдарының, "Динамо" қоғамы ұйымдарының, туризм және спорт жөніндегі жергілікті комитеттердің, басқа да тыс ұйымдардың қаражатын және жергілікті бюджет көздерін кооперациялау кеңірек пайдаланылсын. 
      8. "Динамо" ДСҚ-ға ішкі істер органдарында тұрған, басшы құрам адамдарын тағайындауға болатын ішкі істер органдары қызметкерлерінің дене шынықтыру дайындығын қамтамасыз ету үшін лауазымда 200 қызметкерге 1 инспектор есебінен инспекторларды қосымша ұстауға рұқсат етілсін.
      9. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
      10. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі полиция полковнигі С.Н. Баймағанбетовке және "Динамо" ДСҚ-ның Орталық кеңесіне (Т.К. Досымбетов) жүктелсін.

     Қазақстан Республикасының
     Ішкі істер министрі
     генерал-майор

Қазақстан Республикасы      
Ішкіісминінің           
2001 жылғы 25 маусымдағы    
497  бұйрығына          
1-қосымша             

ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ 
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ДАЙЫНДЫҒЫ НОРМАТИВТЕРІ

1. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ДАЙЫНДЫҒЫ

      1. Дене шынықтыру дайындығы - бұл ішкі істер органдары қызметкерлерінің денсаулығын күшейтуге, психологиялық тұрақтылығына, негізгі физикалық сапаларын тәрбиелеуге және қолдауға бағытталған, арнайы ұйымдастырылған оқу-әдістемелік процесс. 
      2. Ішкі істер органының жеке құрамымен дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақ қаңтарда, ал оқу орындарында - оқу жылының басталуымен бір уақытта басталады және қызмет орны бойынша, жергілікті жағдайлар мен материалды база есебімен жыл бойы жұмыс уақытында жүргізіледі. 
      3. Дене шынықтыру дайындығы жөніндегі сабақ үшін, ішкі істер органдарының (бөлімшелерінің) меншікті спорттық базалары, осы мақсатқа жарамды үй-жай және басқа орындар, орман-паркті аймақ, сондай-ақ жалға алынған спорттық ғимарат пайдаланылады. 
      4. Қызмет ерекшелігіне байланысты оқу-жаттығу сабағын ұйымдастыру мүмкін болмаған қызметкерлер, дене шынықтыру дайындығы жөніндегі мамандардың ұсынымдарын есепке ала отырып, бақылау тесттерін тапсыруға өз беттерімен дайындалады. 
      5. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің оқыту мақсаттарында оқу жылы бойынша дене шынықтыру жөніндегі бағдарламаларды тыңдаушыларды дайындау ерекшелігіне сәйкес дене шынықтыру дайындығы кафедралары әзірлейді. Бағдарламалар өз құрамына қоян-қолтық айқас бөлімін, осы бұйрықтың бақылау тесттерін енгізуге және оларды тапсыруға тыңдаушылардың дайындығын қамтамасыз етуге тиіс. 
     6. Қызметкерлер бақылау тесттерін тапсыру және дене шынықтыру дайындығы сабақтарын өткізу үшін жыл сайын медициналық куәландырудан өтеді және жасы мен денсаулық жағдайының есепке алынуы ескеріле отырып, медициналық-жас шамасы топтарына бөлінеді:

     ЕРЛЕР:

     1-топ - 21-27 жас
     2-топ - 28-34 жас
     3-топ - 35-39 жас
     4-топ - 40-44 жас
     5-топ - 45-49 жас
     6-топ - 50-54 жас
     7-топ - 55 және одан жоғары

     ӘЙЕЛДЕР:

     1-топ - 21-25 жас
     2-топ - 26-30 жас
     3-топ - 31-35 жас
     4-топ - 36-40 жас 

     7. Ішкі істер органдарының жеке құрамы үшін дене шынықтыру дайындығы бойынша бақылау тесттері барлық қызметкерлер тапсыруы тиіс жалпы жаттығулардан және әртүрлі қызметтердің жұмыскелері үшін тікелей қызметтік-қолданбалы бағыты бар арнайы жаттығулардан тұрады.

               2. ЕРЛЕР ҮШІН ЖАЛПЫ ЖАТТЫҒУЛАР

 

___________________________________________________________________________
р/р № Жаттығу.  Баға                медициналық-жас топтары
      лардың             _________________________________________________
      атауы                 21-27 28-34 35-39 40-44 45-49 50-54 55 ж/е жғ.
___________________________________________________________________________
1   Жүгіру       өте     
    60 м.       жақсы         -     -     -    11.2  12.0  12.6   13.2
    (сек)       жақсы         -     -     -    11.6  12.5  13.2   13.7 
               қанағат        -     -     -    12.2  13.0  13.6   14.2

2   Жүгіру       өте 
    100 м.      жақсы      13.0   13.5  14.0     -     -     -      -
    (сек)       жақсы      13.5   14.0  14.5     -     -     -      -
               қанағат     14.0   14.5  15.0     -     -     -      -

3   2400 метр    өте     
    (1.5 мили)  жақсы      12.04  12.20 12.25  12.36  12.45 13.00  13.20
    (мин, сек)  жақсы      13.40  14.00 14.10  14.30  14.40 14.50  15.10
               қанағат     14.25  15.30 15.36  15.40  15.52 16.15  16.30

4   Ұзақ қа.     өте 
    шықтыққа    жақсы        30     31    32     33     37    39      -
    жүгіру      жақсы        32     33    34     35     39    42      -
    6 км       қанағат       34     35    36     37     41    43      -
    (мин, сек) 

5   Жүгіру       өте
    (Кросс)     жақсы      3.20   3.30   3.40   3.50   4.30  5.00  5.30 
    1 км        жақсы      3.30   3.45   4.00   4.15   4.45  5.15  5.45
    (мин, сек) қанағат     3.50   4.00   4.25   4.40   5.00  5.30  6.00

6   Шаңғымен     өте
    жүгіру      жақсы        24     25    27     31     35    37    41
    5 км        жақсы        25     26    29     33     37    39    43
    (мин, сек) қанағат       26     27    31     35     39    41    45

7   Қайықша      өте
    жүгіру      жақсы        25     26    27     28     29    30    32 
    10х10 (сек) жақсы        26     27    28     29     30    31    33
               қанағат       27     28    29     30     31    32    34

8   Көлденең     өте 
    салмада     жақсы        15     13    11     9      7     6      -
    тартылу     жақсы        13     11    9      7      5     4      -
    (тартылу   қанағат       11     9     7      5      3     2      -
    саны)    

9   Кешенді      өте 
    күш жатты.  жақсы        5      4     3      5      4     3      -
    ғулары      жақсы        4      3     2      4      3     2      -
    (қайталау  қанағат       3      2     1      3      2     1      -
    саны)  

10  Жерге        өте
    тіреліп     жақсы        -      -     -      -      -     -     10  
    қолдарын    жақсы        -      -     -      -      -     -     7 
    бүгу, жазу қанағат       -      -     -      -      -     -     5

11  Орнынан      өте
    ұзындыққа   жақсы        2.55   2.50  2.45   2.40   2.35  2.30  2.25
    секіру      жақсы        2.50   2.45  2.40   2.35   2.30  2.25  2.20
    (см)       қанағат       2.45   2.40  2.35   2.30   2.25  2.20  2.10

12  Жүзу
    100 метр                     Уақыт ескерілмейді

13  Атыс         өте
    дайындығы   жақсы                             25
    Жаттығу     жақсы                             21
    МТ-1       қанағат                            18
    (ұпай) 
___________________________________________________________________________

                     3. ӘЙЕЛДЕР ҮШІН ЖАЛПЫ ЖАТТЫҒУЛАР
___________________________________________________________________________
р/р №  Жаттығулардың      Баға                Медициналық-жас топтары
          атауы                           _______________________________
                                             21-25  26-30  31-35  36-39
___________________________________________________________________________
1    Жүгіру             өте жақсы            9.2    10.2   11.3   12.2
     60 м. (сек)          жақсы              9.7    10.5   11.8   12.6
                        қанағат              10.2   11.0   12.3   13.2 

2    Жүгіру (кросс)     өте жақсы            4.30   5.00   5.40   6.00
     1 км (мин, сек)      жақсы              4.50   5.20   6.00   6.30
                        қанағат              5.00   5.40   6.20   7.00

3    Жүгіру (кросс)     өте жақсы            13.50  14.26  14.30  14.40
     2400 м., 1.5 мили    жақсы              14.30  15.30  16.10  16.50 
     (мин, сек)         қанағат              16.06  16.10  16.54  17.00  

4    Шаңғымен жүгіру    өте жақсы             31     34     35     38
     5 км (мин, сек)      жақсы               35     36     37     40
                        қанағат               38     39     40     42

5    Қайықша жүгіру     өте жақсы             16     18     22     26
     6х10 (сек)           жақсы               17     20     24     28
                        қанағат               18     22     26     30    

6    Орнынан ұзындыққа  өте жақсы            2.10   2.05   2.00   1.95 
     секіру (см.)         жақсы              2.05   2.00   1.95   1.90
                        қанағат              2.00   1.95   1.90   1.85

7    Кешенді күш        өте жақсы             35     30     26     18 
     жаттығулары          жақсы               30     26     22     15
     (1 минутта 1 рет)  қанағат               25     22     18     12

8    Жүзу 50 метр                      Уақыт ескерілмейді

9    Атыс дайындығы     өте жақсы                        25
        Жаттығу           жақсы                          21
      МТ-1 (ұпай)       қанағат                          18
___________________________________________________________________________

                   4. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ДАЙЫНДЫҒЫ БОЙЫНША
                 ЖАЛПЫ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ОРЫНДАУДЫҢ ШАРТТАРЫ

      8. 60, 100, 1000, 2000, 3000 м., 1,5 мили (2400 м.) ҚАШЫҚТЫҚҚА ЖҮГІРУ стадиондағы жүгіру алаңдарында немесе кез-келген тегіс жерлерде жүргізіледі. 
      9. ОРНЫНДА ТҰРЫП ҰЗЫНДЫҚҚА СЕКІРУ кез-келген тегіс жерлерде жүргізіледі. 
      10. Биік салмада ТАРТЫЛУ бастапқы жағдайдан жоғары қарай тартылу аяқтарын жерге немесе еденге тигізбеу арқылы орындалады. 
      Жаттығу иекті көлденең салмаға тигізген жағдайда ғана орындалды деп саналады. Салмаға тартылуды тербелуден бастаған дұрыс. Тартылу кезінде 5 секундтан артық демалуға (тоқтауға) рұқсат етілмейді. 
      11. КЕУДЕНІ КӨТЕРУ арқасымен жатып, тізесі мен бүгілген аяқ арасы 90 градустық бұрыш жасап, қолдың саусақ буынын иыққа қойып, табанын қарсыласы немесе келесі бір адам ұстап тұру арқылы орындалады. 
      12. ШАҢҒЫМЕН ЖҮГІРУ рельефі нашар немесе орташа ойлы-қырлы жерлерде салынған дистанцияларда ауаның температурасы 15 градус С төмен болмайтын кезде жүргізіледі. 
      13. КЕШЕНДІ КҮШ ЖАТТЫҒУЛАРЫ (әйелдер үшін) - 1 минут уақыт ішінде жүргізіледі, алғашқы 10 секундта арқамен жатып, қолдарын белге қою арқылы, аяқтарын қосып (аяқтарын сәл бүгуіне рұқсат етіледі) бастапқы қалыпқа келерде жауырынын еденге тигізуі қажет; жатқан қалыпта қолдарын тіреп айналып және демалыс үшінші үзліссіз 30 секунд ішінде жатқан қалпында қолдарын жерге тіреп тұрып бүгу мен жазудың максималды саны (денені тік ұстап, қолды көкірегі еденге тигенше бүгу) - әйелдер үшін. 
      14. КЕШЕНДІ КҮШ ЖАТТЫҒУЛАРЫ (ер адамдар үшін) - қолды жазу немесе бүгу арқылы етпетінен жатып тірелу жаттығуы (денені тік ұстап, қолды көкірегі еденге тигенше бүгу) - 10 рет. 
      - етпетінен жатқан қалпынан жаттығуды отырып жасау - 10 рет 
      - отырған қалпында (сан мен сирақ арасының бұрышы 90 градустан кем болмауы тиіс) - 10 рет секіру 
      - арқасымен жатып, қолды белге қою арқылы, көкірегі аяққа жеткенше, кеудені оңға ию - 10 рет 
      Жаттығулар үзіліссіз жүргізіледі, 4-7 денсаулық - жас шамасы топтарындағы жұмыскерлер үшін әр жаттығулардың мөлшері бір циклде 5 қайталауды құрайды. 
       15. Челночный бег 10 раз по 10 метров - проводится на ровной площадке, размеченной линиями старта и поворота на расстоянии 10 м. друг от друга. Упражнение выполняется с высокого старта. По команде "марш" пробежать 10 м., коснуться любой частью тела линии поворота; повернуться кругом, пробежать 10 м. в обратном направлении, коснуться любой частью тела линии старта, повернуться кругом и далее повторно. Всего пробежать 10
отрезков - для мужчин, 6 отрезков - для женщин.
      РҚАО-ның ескертуі: Тармақтың қазақша аудармасы болмағандықтан мәтін орысшада беріліп отыр.

      16. ҰЗАҚ ҚАШЫҚТЫҚҚА (6 км) - жаттығу белгілі жерлерде, сөре мен мәре бір деңгейде болатын жерлерде орындалады.
     17. СУҒА ЖҮЗУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ қолайлы жағдайларда қолдан жасалынған немесе табиғи суаттарда (су тоқтамайтын, жиналатын жерлер) жүргізіледі.
     18. Нормативті жеңілдету күн сайынғы киім үлгісімен жаттығу жұмыстарын жүргізген уақытта рұқсат етіледі.
     1) 60 м. қашықтыққа жүгіру - 1,5 сек.
     2) 100 м. қашықтыққа жүгіру - 2 сек.
     3) 1000 м. қашықтыққа жүгіру - 10 сек.
     4) 2400 м. қашықтыққа жүгіру - 20 сек.
     5) 3000 м. қашықтыққа жүгіру - 30 сек.
     6) қайықша жүгіру - 3 сек.
     7) ұзақ қашықтыққа жүгіру - 2 мин.
     8) 5 км. қашықтыққа шаңғымен жүгіру - 2 мин.
     9) салмада тартылу 2 тартылуға.
     10) орнынан тұрып ұзындыққа секіру - 10 см.

                          5. АТЫС ДАЙЫНДЫҒЫ

      19. Оқытудың міндеттері:
 
      1) қызметкерлерді табельдік қару мен оқ дәрілердің ұрыстық ерекшеліктері және материалдық бөлімін білуге оқыту; 
      2) қаруды пайдаланудың үйреншікті дағдыларын, атыстың практикалық ережелерінде қолдану және қаруды атуға дайындауға қол жеткізу; 
      3) қаруды арнаулы операцияларда пайдалануды үйрету. 
      20. Атыс дайындығы қызметкерлердің әр түрлі жағдайларда әрекет етудегі кәсіби біліктілігінің құрамдас бөлігі болып табылады. Кәсіби дағдының жоғары сапасына оқытудағы, сабақты және атысты дұрыс ұйымдастырудағы әдістемелік жүйелілік арқылы қол жеткізіледі. 
      Қарудың материалдық бөлігін зерделеу кезінде, оның құрылысына және атысқа дайындауына терең білімділік пен нақты әдеттері ұластырылады, ақауларын, кідірістерін табу және жоюға баса мән беріледі. Алынған білім мен нақты әдеттер практикалық атысты жүргізу кезінде толық жетілдіріледі. 
      Атыс жаттығулары бөлімшелерде ұйымдастырылады және жүргізіледі. Атыс жаттығулары бірнеше үйрену орындарында жүргізіледі. Бұл жағдайларда міндетті үйрену орындары болып, барлау мақсатын үйрету, оларға дейінгі қашықтықты бақылау және белгілеу орындары болып табылуы тиіс. 
      Атыс жаттығуларында атыс жүргізу үшін және әртүрлі қарумен әр түрлі жағдайларда қаруды жылдам оңтайлап алу әрекеттерінде үйренушілерге автоматтандырылған әдетке айналған дағдылар қалыптасады, жетіледі, қуаттандырылады. Бұл ретте шарттар сабақтан сабаққа дейін күрделене түседі. Үйренушілермен қару-жарақтың материалдық бөлігін, қауіпсіздік ережелері мен шараларын, әр түрлі қарулардан атудың әдістері мен ережелерін игергеннен кейін атыстар ұйымдастырылады және жүргізіледі. 
      Атыс дайындығынан практикалық сабақтарды ұйымдастыру және қызметкерлердің білімі мен ептілігін тексеру барысында Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің 1994 жылғы 4 сәуірдегі N 91 бұйрығымен бекітілген (КС СО-94) атыс қаруынан ату курсының ұсыныстарын міндетті түрде басшылыққа алулары тиіс.

                         6. ЖЕКПЕ-ЖЕК ҰРЫС

       Табельдік қаруды, қолда бар құралдарды және әскери күрес тәсілдерін пайдалана отырып ұрыс жүргізуге даярлық жасауға бағытталған.

                     21. ӘСКЕРИ КҮРЕС ТӘСІЛДЕРІ

       Қаруланбаған адамның қаруы жоқ және қаруланған қарсыласына қарсы жүргізу үшін арналған. Белсенді түрде өзін қорғауға, құқық бұзушылардың агрессивті көріністерінің жолын кесуге, қоғамдық тәртіппен азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіруші адамдарды қарусыздандыруға және ұстауға бағытталған.

               22. ӘСКЕРИ КҮРЕС ТӘСІЛДЕРІНІҢ ЖАЛПЫ КЕШЕНІ

                         1-ТАҚЫРЫП. ҰСТАУ ЖӘНЕ ЕРІП ЖҮРУ:

      1) қолын артына қайырып арқасына қарай бұрау;
     2) алақанын ішке қарай бұрап, қолын артына қайыру;
     3) қолдың ортанғы жілігін бұрай ұстау арқылы.

                     2-ТАҚЫРЫП. АЛДЫН АЛУ СОҚҚЫЛАРЫ:

      1. Қолмен:
     1) иекке, қосқабақтың ортасына, бұғанаға жұдырықпен (саусақтарды қыса ұстап) тура соққы беру;
     2) жұдырықпен (бұлшық еті бар бөлігімен) шықшытқа, самайға құлаштап соққы беру; қолдың қырымен мойыннан (өңештен) жоғары қабырғалап соққы беру, шықшытқа, "көкірекке" шынтақпен соққы беру;
     3) қабырғасына жұдырықпен (саусақтарды қыса ұстап) соққы беру;
     4) иекке жұдырықпен (саусақтарды қысып ұстап) астынан "көкірекке", иекке алақанмен соққы беру.
     2. Аяқпен:
     1) аяқ-киімнің тұмсығымен астынан, тіземен кіндіктің тұсына, аяқ-киім тұмсығымен жіліншікке, аяқ-киімнің үстімен бос тұрған қолға соққы беру;
     2) аяқ-киімнің табан жағымен тура тізеге, кіндіктің тұсына, іштің төменгі жағына соққы беру;
     3) аяқ-киімнің табан жағымен (өкшелеп) тізенің жоғарғы қабырға тұсына соққы беру.

      3-ТАҚЫРЫП. ҚАРУЛАНБАҒАН ЖӘНЕ ҚАРУЛАНҒАН АДАМНЫҢ 
                СОҚҚЫЛАРЫНАН ҚОРҒАНУ:

      1. Қолдың ортанғы жілігін соққыға қарсы қою:
     1) жоғары - жоғары жақтан болатын соққыға қарсы;
     2) жоғары жанына қарай - басқа (бетке) жанынан, дененің жоғарғы бөлігіне тиетін соққыларға қарсы;
     3) төмен - төменнен болатын соққыларға қарсы;
     4) төменнен жанына қарай - дененің төменгі бөлігіне тиетін соққыларға қарсы;
     екі қолдың ортанғы жіліктерін соққыға қарсы қою:
     1) екі қолды төмен айқастыра ұстап - төменгі жақтан болатын соққыларға қарсы;
     2) екі қолды жоғары айқастыра ұстап - жоғары жақтан болатын соққыларға қарсы;
     3) алдына қарай айқастыра ұстап - құлаштап ұрған соққыларға қарсы.
     2. Аяқ-киімді (табан жағымен) алғы жанына қарай - аяқпен жасалатын соққыларға қарсы.
     3. Ортанғы жілікпен ішке қарай қағу:
     1) бетке, дененің жоғары бөлігіне тиетін тура соққыларға қарсы - көтеру;
     2) ішке, кіндіктің тұсына тиетін тура соққыларға қарсы - түсіру.
     4. Орын ауыстыру арқылы:
     1) артқа, жанына қарай, артқа және жанына қарай секіру;
     2) артқа, жанына қарай тайғанай адымдау.
     5. Денені бұрып артқа және жанына қарай адымдау, жалтару.

     4-ТАҚЫРЫП. БОСАТЫЛУ:

      1. Ұстап алудан:
      1) білектен, жеңнен бір қолмен - қарсыласының үлкен саусағынан ұстап жанына қарай жұлқып тарту;
      2) білектен, жеңнен екі қолмен - қарсыласының үлкен саусағынан бос қол арқылы жанына қарай жұлқып тарту;
      3) тамағынан, жағадан - шынтақпен жоғарыға қарай ұру;
      4) тамақтан (мойыннан) арт жақтан - білектен ұстау және тізеге өкшемен артқа қарай (жұдырықпен артқа қарай шапқа) соққы беру. 
      2. Құшақтап алудан: 
      1) денені алдынан - жамбасты артқа қарай бүгу және тіземен шапқа) аяқ киімнің тұмсығымен тізеге) соққы беру, саусақтармен көзге басу арқылы (жұдырықпен тамаққа); 
      2) денені артқы жағынан - сираққа өкшемен артқа қарай (алқымынан төменге) соғу және қарсыласқа бұрылу үшін алға қадам басу; 
      3) мойынды иықпен және бүйірден білекпен құшақтап алудан - қарсыласына жақын қолмен оның қолы көзін басу; 
      4) мойынды иықпен және артқы жақтан білекпен құшақтап алудан - "көкірекке" артқа қарай шынтақпен соққы беру; 
      5) аяқты алғы жақтан құшақтап алудан - аяқты артқы жаққа қойып, шынтақпен немесе жұдырықпен (бұлшық етті бөлігімен) арқасына (басына) жоғарыдан соққы жасау, иегінен желкесінен ұстап алып басып беру; 
      6) аяқты артқы жақтан құшақтап алудан - қолға жығылып кейін қарай өкшемен соққы беру арқылы босатылу. 

 
       5-ТАҚЫРЫП. ҚАРУСЫЗДАНДЫРУ:

       Дәл алдынан қауіп төндірген кезде: 
      1) тапаншамен (пышақпен) - білекпен (алақанмен) ішке тартып алу және жоғарыдан жұдырықпен (бұлшық етті бөлігімен) соғып қағу аяқпен төменнен білекке соққы жасау, ұңғыны қарсыласқа қарай жұлқып - қаруды тартып алу;
      2) мылтықпен (автоматпен) - білекпен (алақанмен) ішке тартып алу және қаруды жұлып алумен аяқтың табан бөлігімен (өкшесімен) бүйіріне - тізесіне (шатына) соққы жасау.

     6-ТАҚЫРЫП. ӨЗАРА  КӨМЕК:

     1. Ұстау кезінде
     1) қарсыластың қолын екі қолмен ұстап алу;
     2) қарсыласының мойнын бүйірден (артқы жақтан) иықпен, білекпен ұстап алу.
     2. Қарумен қауіп төндіруге қарсы:
     қаруды қауіпсіз бағытқа тартып алу (бұрып жіберу) жағдай бойынша (1-тақырыптағы) соққылармен, (5-тақырыптағы) қарусыздандыру тәсілдерімен көмектесу. Жағдай бойынша соққыларға, ұстап алуға, құшақтап алуға қарсы (2-тақырыптағы) соққылармен, (1-тақырыптағы) ауырту тәсілдерімен көмектесу.

      7-ТАҚЫРЫП. ҚАРУСЫЗДАНДЫРУҒА ЖАСАЛҒАН ӘРЕКЕТКЕ
                ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ (қару тапаншақапта):

       алдынан, бүйірден, арттан - (2-тақырыптағы) жағдай бойынша соққылармен, 1-тақырыптағы) аурулық тәсілдермен тойтару.

     8-ТАҚЫРЫП. ТАПАНШАМЕН ҚОРҚЫТЫП, СЫРТТАЙ ТЕКСЕРУ:

      1) жатқан қарсыласты;
     2) қолдарын тіреп тұрған қарсыласты.

      23. Әскери күрес тәсілдерінің күшейтілген кешені

     Жалпы кешенде көзделген тәсілдерді және келесі қосымша техникалық іс-қимылдарды қамтиды.

     1-ТАҚЫРЫП. ҰСТАУ ЖӘНЕ ЕРІП ЖҮРУ:

     1) қолды ішке қарай бұрудан артқа қайыру;
     2) жұлқумен қолды артқа қайыру.

     2-ТАҚЫРЫП. АЛДЫН АЛУ СОҚҚЫЛАРЫ:  

      Екі соққыдан тұратын комбинация (жалпы кешеннің 2-тақырыбында кез-келгенін еркін түрде орындау)
     1) қолмен;
     2) қолмен және аяқпен;
     3) аяқпен және қолмен.

      3-ТАҚЫРЫП. ҚОЛДЫ ІШКЕ ҚАРАЙ БҰРУ АРҚЫЛЫ АРТҚА ҚАЙЫРУДАН КЕЙІН
                ЖҮРГІЗІЛЕТІН ҚАРУЫ ЖОҚ ЖӘНЕ ҚАРУЛАНҒАН ҚАРСЫЛАСЫНЫҢ
                           СОҚҚЫЛАРЫНАН ҚОРҒАНУ

      Соққыларға қарсы қолдардың білезіктерін "шанышқы тәрізді" қою:

     1) қолмен, қарумен, затпен - жоғарыдан, бүйірден төменнен құлаштап ұрудан;
     2) баспен.
     Жалпы кешеннің 3-тақырыбындағы қаруы жоқ және қаруланған қарсыластың соққыларынан қорғану іс-қимылдарымен жасалған соққылардан қорғану.

      4-ТАҚЫРЫП. ҰСТАП АЛУ МЕН ҚҰШАҚТАП АЛУДАН БОСАТЫЛУ:

 

     Жалпы кешеннің 4-тақырыбындағы іс-қимылдан кейін жауап тәсіл ретінде қолды ішке қарай бұрудан артқа қайыру.

      5-ТАҚЫРЫП. ҚОЛДЫ ІШКЕ ҚАРАЙ БҰРУДАН АРТҚА ҚАЙЫРУ АРҚЫЛЫ
               ҚАРУСЫЗДАНДЫРУ:

     1. Дәл алдынан тапаншамен қауіп төндіруге қарсы:
     1) алдынан;
     2) артынан.
     2. Қарсыластың қарусыздандыруға әрекеттенуі кезде:
     1) төс қалтасынан (қолтығындағы тапанша қабынан);
     2) шалбарының қалтасынан (белбеудегі тапанша қабынан).

      6-ТАҚЫРЫП. КӨМЕК КӨРСЕТУ:

     Арттан, бүйірден келген кезде қолын ішке қарай бұрудан кейін артқа қайыру.

     7-ТАҚЫРЫП. ҚАРУСЫЗДАНДЫРУ ӘРЕКЕТІНЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ:

      Әлсіз жерге соққы жасалғаннан кейін (жағдай бойынша соққыны таңдау) қолды ішке қарай бұрудан кейін артқа қайыру.

     8-ТАҚЫРЫП. БАЙЛАУ, КІСЕНДЕУ:

      1) қарсылас ішімен жатқан (құлатылған) жағдайда;
     2) қабырғаға қарап тұрған жағдайда.

     24. ӘСКЕРИ КҮРЕС ТӘСІЛДЕРІНІҢ АРНАЙЫ КЕШЕНІ:

      Жалпы және күшейтілген кешендерде көрсетілген тәсілдерді және келесі қосымша техникалық іс-қимылдары жатады.

     1-ТАҚЫРЫП. КІСЕНДЕУ ЖӘНЕ БАЙЛАУ ҮШІН ҰСТАУ:

     1) арттан аяқтан ұстап лақтыру, жата беріп қолды ішке қарай бұрау және отырып қолды артқа қайыру;
     2) арттан аяғынан ұстап лақтыру, жата беріп иықпен және білекпен отырып, тұншықтыру және қолды артқа қайыру;
     3) артқы шалумен қолын отырып артқа қайыру.

     2-ТАҚЫРЫП. ҰСТАУ КЕЗІНДЕ КӨМЕК КӨРСЕТУ:

      1) серіктес аяқты арттан ұстап отырып, қолды артқа қайыруға көшумен лақтырғанда, жатып қолды бұрау;
     2) серіктес аяқты арттан ұстап, жатып қолды ішке қарай бұрау арқылы лақтырған кезде отырып, қолды артқа қайыру.

     25. РЕЗИНА ТАЯҚТЫ ҚОЛДАНУ ТЕХНИКАСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

      1-ТАҚЫРЫП. НЕГІЗГІ ҰСТАУЛАР:

     1) бір қолмен ұстағыштан;
     2) бір қолмен ұстағыштан төмен;
     3) екі қолмен ұстау.

     2-ТАҚЫРЫП. ТАЯҚТЫҢ ҰЗЫН ЖАҒЫМЕН ҰРУ:

     1) жоғарыдан - еңкейген қудалаудағының қолынан, иығынан, арқасынан;
     2) бүйірден - қолынан, санынан, денесінен;
     3) құлаштап ұру - қолынан, санынан, денесінен;
     4) "көкіректен" тік соғу (нұқу).

     3-ТАҚЫРЫП. ТАЯҚТЫҢ ҚЫСҚА ЖАҒЫМЕН ҰРУ:

     1) құлаштап ұру - қабырғадан, "көкірекке";
     2) артқа ұру - "көкірекке" (арттан шапқан кезде);
     3) жоғарыдан ұру - еңкейгеннің арқасынан.

      4-ТАҚЫРЫП. ТАЯҚТЫҢ ОРТАҢҒЫ БӨЛІГІМЕН ҰРУ:

      1) алға ұру - қарсылас жақындауға әрекеттенген кезде кеуденің жоғары бөлігіне;
     2) төмен ұру - аяқтан ұстауға әрекеттенген кезде арқаның жоғарғы бөлігінен ұру.

     5-ТАҚЫРЫП. ҚАРУЫ ЖОҚ ЖӘНЕ ҚАРУЛАНҒАН ҚАРСЫЛАСЫНЫҢ СОҚҚЫЛАРЫНА ҚАРСЫ   
                РЕЗИНА ТАЯҚПЕН ҚОРҒАНУ ІС-ҚИМЫЛДАРЫ:

      1. Таяқтың ортаңғы бөлігін соққыға қарсы қою:
     1) жоғары - жоғарыдан болатын соққыларға қарсы;
     2) жоғары жанына қарай - бетке (басқа) бүйірден, құлаштап ұру соққыларына қарсы;
     3) төмен - төменнен болатын соққыларға қарсы;
     4) төмен жанына қарай - дененің төменгі жақ бөлігіне бүйірден, құлаштап ұру соққыларына қарсы.
     2. Таяқтың ортаңғы бөлігімен тойтарыс беру:
     1) ішке;
     2) сыртқа.

     6-ТАҚЫРЫП. ТАЯҚПЕН БУЫНДЫРА ҚАПСЫРЫП ҰСТАУ:

      1) артынан;
     2) артынан-бүйірінен;
     3) айқастырылған қолмен - артынан.

      7. ЖЕКПЕ-ЖЕК ҰРЫС ТӘСІЛДЕРІН ҚАЙТАЛАУ ТӘРТІБІ

      26. Жекпе-жек ұрыс тәсілдерінің арнайы кешенін экономикалық полиция, тергеу басқармасы (департаменті), есірткіге қарсы күрес жөніндегі басқарма, әскери-тергеу департаменті қызметтерін I-II медициналық жасқа бөліну топтарының қатардағы және басшы құрам адамдары үйренеді. 
      27. Жекпе-жек ұрыс тәсілдерінің күшейтілген кешенін криминалдық полиция, жол полиция қызметтері, патрульдік-күзет қызметі, мемлекеттік күзет қызметі, қылмыстық-атқару жүйесі бөлімшелерінің, АММО қызметтері I-II медициналық жасқа бөліну топтарының қатардағы және басшы құрам адамдары үйренеді. 
      28. Арнайы мақсаттағы "Сұңқар" бөлімшесінің қызметкерлері жекпе-жек ұрыс тәсілдерін даярлықтың барлық бағдарламалары бойынша үйренеді. 
      29. Қатардағы және басшы құрамның қалған адамдары, 40 жастан асқан әйелдерді қоспағанда, жалпы кешеннің тәсілдерін үйренеді. 
      30. Резиналы таяқты қолдану техникасының негізін барлық медициналық жасқа бөліну топтарының оларды алып жүру мен қолдану рұқсат етілген қатардағы және басшы құрам адамдары үйренеді. 

      
8. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ДАЙЫНДЫҒЫ МЕН 
ЖЕКПЕ-ЖЕК ҰРЫСТЫ БАҒАЛАУ  

       31. Ішкі істер органдарының қызметкерлерін дене шынықтыру дайындықтары мен жекпе-жек ұрыс жөніндегі бағалары сабақтарға қатысуын есепке алу журналы мен бағалау тестерін тапсыру ведомостеріне (хаттамаларға) қойылады. 
      32. Дене шынықтыру дайындығы жөнінде жекелеген баға алу үшін қызметкерлер кемінде бес тест тапсыруға міндетті, оларға күш-жинау дайындығы, жылдам-күш жинау дайындығы мен төзімділік сапасын дамыту жатады; 
      1) 40-жасқа дейінгі ерлер NN 2 немесе 7, 3, 5, 6 қар түспейтін аудандарда таңдауы бойынша 4, 8 немесе 9 жаттығуларды тапсырады; 
      2) 54-жасқа дейінгі ерлер NN 1 немесе 11, 3, 5, 6 қар түспейтін аудандарда таңдауы бойынша 4, 8 немесе 9 жаттығуларды тапсырады; 
      3) 55-жастағы және одан үлкен ерлер№NN 1 немесе 11, 3, 5, 6, 10 қар түспейтін аудандарда N№3 жаттығуларды тапсырады; 
      4) 40-жасқа дейінгі әйелдер NN 1, 5, 7 таңдауы бойынша 2, 3, 4, 8 қар түспейтін аудандарда№N 3 жаттығуларды тапсырады. 
      33. Қызметкердің дене шынықтыру дайындығының жекелеген бағасы оның бес тесті орындағаны үшін алған бағаларынан жинақталады және былай анықталады: 
      "өте жақсы" - егер үш бағасы "өте жақсы", қалғаны "жақсы" болса; 
      "жақсы" - егер үш бағасы "жақсыдан" төмен болмай, қалғаны "қанағаттанарлық" болса; 
      "қанағаттанарлық" - егер барлық бағалар "қанағаттанарлық" немесе бір қанағаттанарлықсыз баға алған кезде үш бағасы "жақсыдан" төмен болмаса. 
      34. Қызметкердің жекпе-жек ұрыс бойынша дайындығының жекелеген бағасы осы санатта көзделген қызметкерлерге арналған тақырыптардың кез-келген әртүрлі үш тәсілі орындағаны үшін алған бағаларынан жинақталады. 
      Жекпе-жек ұрыс тәсілдерін орындау былай бағаланады: 
      "өте жақсы" - егер тәсіл суреттемеге сәйкес өзіне өзі сенімдікпен, ықшам, тез орындалса; 
      "жақсы" - егер тәсіл ықшам, бірақ баяу орындалса немесе бір қате жіберілсе; 
      "қанағаттанарлық" - егер тәсіл тәсілдің құрылымын бұзып, баяу орындалса немесе екі басқа қателерге жол берілсе. 
      35. Ішкі істер органы бөлімшенің дене шынықтыру бойынша және жекпе-жек ұрыс бойынша жеке бағасы қызметкерлерді жеке дайындықтарының бағаларынан құралады және былай анықталады: 
      "өте жақсы" - егер қажетті баға 90% болса, сонымен бірге тексерілгендердің жартысы және одан көбі "үздік" деген баға алса 
      "жақсы" - 80% оң бағалар алынса, сонымен бірге тексерілгендердің жартысы және одан көбі "жақсыдан" төмен емес бағалар алса 
      "қанағаттанарлық" - егер 70% оң бағалар алынса. 

 
9. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ДАЙЫНДЫҒЫ МЕН ЖЕКПЕ-ЖЕК ҰРЫС 
БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚТЫ ТЕКСЕРУ 

 
      36. Ішкі істер органдары (бөлімшелері) жеке құрамның дене шынықтыру дайындығы мен жекпе-жек ұрыс бойынша дайындықтарын тексеру кезінде былай бағаланады: 
      1) жеке дайындықтары; 
      2) ішкі істер органы бөлімшелерінің дайындығы; 
      3) жалпы органның дайындығы. 
      37. Ішкі істер органдарын инспекциялау кезінде қатардағы және басшы құрам бөлімшенің құрамында тексеріледі. Бөлімшенің тізімдегі құрамынан 30% қызметкерлер тартылады. 
      38. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің оқу орындарын тексеруге науқастануы бойынша немесе еңбек демалысында немесе іссапарда болуына байланысты жоқ болған қызметкерлерді қоспағанда тізімдегі құрамның 100% есебінен курсанттар мен тыңдаушылар тартылады. 
      39. Әрбір нақты жағдайда тексеруге жататын ішкі істер органдарының санын тексеруші жоспар-тапсырмаға сәйкес анықтайды. Әрбір облыстағы ІІБ-де тексеруге кемінде 5 бағынышты ішкі істер бөлімшелері, оқу орындарында әр курстан кемінде 3 оқу взводы тартылады. 
      Көліктегі ІІББ-нің бөлімшелері аумақ бойынша (облыстың бөліну қағидасы бойынша) тексеріледі. 
      40. Ішкі істер органы жеке құрамының дене шынықтыру дайындығын тексеру кезінде денеге түскен салмақты ағзалары өзгеше қабылдайтын қызметкерлерге медициналық көмек көрсету үшін инспекторлық бригадалар құрамына медициналық қызметтердің мамандарын қосқан жөн. 
      41. Жекелеген дене шынықтыру дайындығын тексеруге арналған бақылау тестерін тексеруші бұйрыққа сәйкес (үш бақылау тестері) белгілейді. 
      42. Жекелеген дене шынықтыру дайындығының бағасы тексеру нәтижелері бойынша оның бақылау тесттерін орындағаны үшін болған бағаларынан құралады және былай анықталады: 
      "өте жақсы" - егер үш баға "өте жақсы" немесе екі баға "өте жақсы" және біреуі "жақсы" болса; 
      "жақсы" - егер үш баға "жақсы" немесе екі баға "жақсы", біреуі "өте жақсы" немесе екі баға "жақсыдан" төмен болмай, біреуі "қанағаттанарлық" болса; 
      "қанағаттанарлық" - егер үш баға "қанағаттанарлық" немесе екі баға "қанағаттанарлық", біреуі "жақсы" немесе екі баға "жақсыдан" төмен болмай, біреуі "қанағаттанарлықсыз" болса. 
      43. Жекпе-жек ұрыс бойынша жекелеген дайындықтарды тексеру және бағалау белгіленген тәртіпте (3, 4-тармақтар) жүзеге асырылады. 
      44. Ішкі істер органдары бөлімшелерінің дене шынықтыру және жекпе-жек ұрыс жөніндегі бағалар жекелеген бағалардан құралады және белгіленген тәртіпте (3, 5-тармақтар) анықталады. 
      45. Ішкіісмин, ІІБ-нің, ІІББ-нің, оқу орындарының, орталықтың дене шынықтыру бағасы тексерілген бөлімшелер алған бағалардан құралады және былай анықталады: 
      "өте жақсы" - егер тексерілген бөлімшелердің жартысы және одан көбі "өте жақсы" деген баға алып, ал қалғаны "жақсы" деген баға алса. 
      "жақсы" - егер тексерілген бөлімшелердің жартысы мен одан да көбі "жақсыдан" төмен емес баға алып, ал қалғаны "қанағаттанарлық" баға алса. 
      "қанағаттанарлық" - тексерілген бөлімшенің кемінде біреуі "қанағаттанарлықсыз" деген баға алса. 
      Іс жүзінде тексеру үшін қажетті қызметкерлер санын қамтамасыз етпеген бөлімшеге автоматты түрде "қанағаттанарлықсыз" деген баға қойылады. 
      46. ІІБ аппараты басшы құрамының, оқу орындары басшы оқытушылар құрамының дене шынықтыру дайындығы және жекпе-жек ұрыс бойынша бағалары бөлімшенің бағасына теңестірілмейді және ішкі істер органының, оқу орындарының бағасын анықтау кезінде ескеріледі. 
      47. Дене шынықтыру дайындығы мен жекпе-жек ұрыс бойынша тексеру (тест) тапсыру үшін ұсынылған ішкі істер органының қызметкерлері барлық тесттерді орындауға қатысуға міндетті осы шарттарды орындамаған жағдайда бөлімшеге "қанағаттанарлықсыз" деген баға қойылады. 
      Қайсы бір тесті орындау кезінде тест тапсырушы жарақат алса және бақылау тексерісті тапсыруды жалғастыра алмаған жағдайда ерекшелік жасалуы мүмкін, мұндай жағдайда көрсетілген нәтижелері есептелінеді, ал бұдан әрі тексерісті қосымша белгіленген басқа қызметкер тапсырады. 

      10. Дене шынықтыру дайындығы (ДД) және жекпе жек ұрыс (Ж/Ұ) бойынша   
                       бақылау тесттерін тапсырудың

                             БАҒАЛАУ ВЕДОМОСЫ
_________________________________________________________________________
              (ішкі істер бөлімшесінің, органының атауы)

                                           2001 жылғы "___" _____________

___________________________________________________________________________
р/р № Т.А.Ә  Лауа. атағы     ДД бойынша бақылау тесттер     ж/ұ    Дене 
 N           зымы         _______________________________ бойын. шынықтыру
                           Нә.  Баға Нә.  Баға Нә.  Баға  ша     дайындығы
                           тиже      тиже      тиже       баға   бойынша 
                                                                 жеке баға 
___________________________________________________________________________
     
___________________________________________________________________________

Тексерілген ж/қ саны _________, тізімдік құрамға шаққанда _____% 

ДД бойынша "өте жақсы" 
деген баға алған қызметкерлер 
саны _________,                 тізімдік құрамға шаққанда _____%
жекпе-жек ұрыс 
бойынша _________,              тізімдік құрамға шаққанда _____%
 

ДД бойынша "жақсы" деген 
баға алған қызметкерлер 
саны _________,                 тізімдік құрамға шаққанда _____%
жекпе-жек ұрыс 
бойынша _________,              тізімдік құрамға шаққанда _____%

ДД бойынша "қанағаттанарлық" 
деген баға алған қызметкерлер 
саны _________,                  тізімдік құрамға шаққанда _____%
жекпе-жек ұрыс 
бойынша _________,               тізімдік құрамға шаққанда _____%

ДД бойынша "қанағаттанарлықсыз" 
деген баға алған қызметкерлер 
саны _________,                  тізімдік құрамға шаққанда _____%
жекпе-жек ұрыс 
бойынша _________,               тізімдік құрамға шаққанда _____%

ДД бойынша бөлімшеге 
қойылған жалпы баға                   ___________________

ж/ұ бойынша бөлімшеге
қойылған жалпы баға                   ___________________

________________________           ___________            ____________
(тексерушінің лауазымы, атағы)       (қолы)

________________________           ___________            ____________
(тексерушінің лауазымы, атағы)       (қолы)

Бөлімшенің мөрі

 

Қазақстан Республикасы   
Ішкіісминінің       
2001 жылғы 25 маусымдағы  
497  бұйрығына      
2-қосымша         

         Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің оқу орындарына түсуші 
          орта жалпы білім беретін мектептерді бітірушілер үшін 
                             БАҚЫЛАУ ТЕСТТЕР

                                ЖІГІТТЕР

________________________________________________________________________
р/р № Тесттердің     Презид.   Ұлттық                  БАҒА
        атауы        дайынд.   дайынд.    ________________________________
                     деңгейі   деңгейі     өте жақсы   жақсы    қанағат.
________________________________________________________________________
1.   100м-ге           12.8     13.0          13.2      13.7     14.2
     жүгіру (сек.)   
2.   3000м-ге          12.00    12.40         13.00     14.00    15.00 
     жүгіру (кросс)
     (мин., сек)
3.   Тартылу            18       15            13         11       9 
     (саны) 
___________________________________________________________________________

                                 ҚЫЗДАР
___________________________________________________________________________
р/р №  Тесттердің    Презид.    Ұлттық                  БАҒА
         атауы       дайынд.    дайынд.   _______________________________
                     деңгейі    деңгейі      өте жақсы  жақсы  Қанағат.
___________________________________________________________________________
1.   100м-ге          15.0       15.5          16.0      16.5   17.0
     жүгіру (сек.)
2.   1000м-ге         4.20       4.40          5.00      5.30   6.00
     жүгіру (кросс)
     (мин., сек)
3.   Арқамен жатып     30         25            25        20      15 
     денені көтеру
     (саны) 
___________________________________________________________________________
 
      Егер де тесттен өтуші тест өту кезінде бір ғана қанағаттанарлықсыз деген баға алып, ал қалғандары "жақсы" деген бағадан төмен болмаса, дене шынықтыру дайындығынан тест тапсырылды деп есептелсін. 
      Мысалы: тартылу - "жақсы", 100м-ге жүгіру - "жақсы", 3000 м-ге жүгіру - "қанағаттанарлықсыз" - тест тапсырылды.
     тартылу - "өте жақсы", 100м-ге жүгіру - "қанағаттанарлық", 3000 м-ге жүгіру - "қанағаттанарлықсыз" - тест тапсырылған жоқ.

     Дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу қорытындыларын шығару кезінде баллдық жүйе бойынша: 
     "өте жақсы" деген баға                     15  баллға тең,
     "жақсы" деген баға                         10  баллға тең,
     "қанағаттанарлық" деген баға                5  баллға тең,
     "қанағаттанарлықсыз" деген баға             0  баллға тең болады.

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады