Мемлекеттер, мемлекеттер үкіметі, халықаралық ұйымдар желілері бойынша Қазақстан Республикасына берілген грант қаражаты есебінен тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) жеткізушілерге қосылған құн салығын төлеуді растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 22 қарашадағы N 1583 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 27 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 1705. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы N 5 бұйрығымен.

       Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2009.01.09 N 5 бұйрығымен.

      -------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
      2. ...
      3. ...
      4. Осы бұйрық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Министр                                        Б.Жәмішев

Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрдің   
2009 жылғы 9 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына қосымша

Күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. .......
      5. "Мемлекеттер, мемлекеттер үкіметі, халықаралық ұйымдар желілері бойынша Қазақстан Республикасына берілген грант қаражаты есебінен тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) жеткізушілерге қосылған құн салығын төлеуді растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 22 қарашадағы № 1583 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1705 болып тіркелді, "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетені" журналында жарияланды, 2002 ж. № 12, 552-құжат).
      .........

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" K010209_ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес
                               БҰЙЫРАМЫН:
 
      1. Қоса берiлген Мемлекеттер, мемлекеттер үкiметi, халықаралық ұйымдар желiлерi бойынша Қазақстан Республикасына берiлген грант қаражаты есебiнен тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) жеткiзушiлерге қосылған құн салығын төлеудi растайтын құжаттар тiзбесi бекітiлсiн. 2. Әдiстеме департаментi (Н.Д.Үсенова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiссiн және оны мемлекеттiк тiркеуге Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне жiберсiн. 3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеу күнiнен бастап күшiне енедi және 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi. Министр Келісілді Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Мемлекет кіріс министрінің Қаржы министрі 2001 ж. 22 қарашадағы 2001 ж. 26 қараша N 1583 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттер, мемлекеттер үкіметі, халықаралық ұйымдар желілері бойынша Қазақстан Республикасына берілген грант қаражаты есебінен тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) жеткізушілерге қосылған құн салығын төлеуді растайтын құжаттар тізбесі
      Грант қаражаты есебiнен сатып алынатын (322.00 нысаны) тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару туралы өтiнiште қосылған құн салығын қайтару үшiн Қазақстан Республикасына грант беру туралы халықаралық шартқа сәйкес бенефициар болып табылатын мемлекеттiк орган - грант алушы және егер Қазақстан Республикасының аталған халықаралық шартымен өзге көзделмесе орындаушыны тағайындаушы оны сату мақсатында грант алушы тағайындайтын орындаушы - тұлға (бұдан әрi - орындаушы) салық органына өз тiркеу орны бойынша мынадай құжаттарды бередi:
      1) 322.00 нысан бойынша өтiнiш;
      2) Қазақстан Республикасына грант беру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбеге енгiзiлген шетел мемлекетiмен, шет ел мемлекеттерiнің үкіметтерiмен немесе халықаралық ұйымдармен жасалған Қазақстан Республикасының шартының көшiрмесi;
      3) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) жеткiзушi грант алушы не орындаушы жасаған шарт (келiсiм-шарт) көшiрмесi;
      4) орындаушының қосылған құн салығын қайтаруға өтiнiшпен жүгiну кезiнде осындай ретiнде оны тағайындауды растайтын құжат көшiрмесi берiледi;
      5) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) тиеу және алуды растайтын құжаттар:
      жеке жолмен қосылған құн салығының сомасын бөле отырып қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын жеткiзушiге қойылған шот-фактура; жүк құжаттамасы, тауар-көлiк жүк құжаттамасы; грант алушы немесе орындаушы материалды-жауап берушiнiң тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) алуды растайтын құжаты; белгiленген тәртiпте рәсiмделген жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) грант алушы немесе орындаушы орындаған және қабылдаған актiлер; 6) алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн, оның iшiнде қосылған құн салығына төлемді растайтын құжаттар. Мамандар: Омарбекова А.Т. Багарова Ж.А.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады