Ломбардтар құру, қызметiн лицензиялау, реттеу және тоқтату ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 2 қыркүйек N 332. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 28 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1786. Күші жойылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 43 (V042765) қаулысымен.

      Ломбард қызметiнiң рыногын одан әрi дамытуды ынталандыру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ломбард қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдерiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Ломбардтар құру, қызметiн лицензиялау, реттеу және тоқтату ережесi бекiтiлсiн және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
      2. Банктердi және сақтандыруды қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Ломбардтар құру, қызметiн лицензиялау, реттеу және тоқтату ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап жетi күндiк мерзiмде осы қаулыны және Ломбардтар құру, қызметiн лицензиялау, реттеу және тоқтату ережесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына жiберсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдары осы қаулыны және Ломбардтар құру, қызметiн лицензиялау, реттеу және тоқтату туралы ереженi алған күннен бастап үш күндiк мерзiмде ломбардтарға жiберсiн.
      4. Осы қаулы және Ломбардтар құру, қызметiн лицензиялау, реттеу және тоқтату ережесi күшiне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Ломбардтар туралы ереженi бекiту жөнiнде" 1997 жылғы 29 тамыздағы N 314 қаулысының  күшi жойылды деп танылсын.
      5. Ломбардтар осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап алты айдың ішінде өз қызметін Ломбардтар құру, қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату ережесінің талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасы Г.А.Марченкоға жүктелсін.

     Ұлттық Банкi
     Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
"Ломбардтар құру, қызметiн
лицензиялау, реттеу және
тоқтату ережесiн бекiту
туралы"         
2001 жылғы 5 қыркүйектегi
N 332 қаулысымен   
бекiтiлген       

ЛОМБАРДТАР ҚҰРУ, ҚЫЗМЕТIН ЛИЦЕНЗИЯЛАУ,
РЕТТЕУ ЖӘНЕ ТОҚТАТУ ЕРЕЖЕСI

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне , Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылық серiктестiктер туралы" Заң күшi бар Жарлығына , "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк  қызметi туралы", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi  туралы", "Шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына , Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерiне сәйкес әзiрленген және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың бiр түрi ретiндегi ломбардтарды құру, қызметiн лицензиялау, реттеу және тоқтату тәртiбiн айқындайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Ломбард - банк болып саналмайтын заңды тұлға (коммерциялық ұйым), ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң лицензиясы негiзiнде (бұдан әрi - лицензия) банктiк және басқа операциялардың мынадай түрлерiн жүргiзуге құқылы:
      1) ломбард операциялары: депозитке салынатын тез өтетiн бағалы қағаздар мен жылжымалы мүлікке кепiлдiкке қысқа мерзiмдi кредиттер беру;
      2) сейф операциялары: клиенттердiң құжаттама нысанында шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттары мен құндылықтарын сақтау, оған қоса сейф жәшiктерiн, шкафтар мен бөлмелердi жалға беру жөнiнде қызмет көрсету;
      3) лизинг қызметiн жүзеге асыру;
      4) құрамында қымбат металдар мен асыл тастар бар зергерлiк бұйымдарды сатып алу, кепiлге қабылдау, есебiн жүргiзу, сақтау және сату. <*>
      Ескерту: 1-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 1 тамыздағы N 277 қаулысымен .
      2. Ломбард өз қызметiн шаруашылық серiктестiктер нысанда құра алады және жүзеге асырады.
      3. Ломбардтардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерi олардың ұйымдық-құқықтық нысанына байланысты Қазақстан Республикасының тиiстi заң актiлерiнде белгiленедi.
      4. Өкiлдiк, атқарушы және сот билiгi органдарын және жарғылық капиталының елу процентiнен астамы мемлекетке тиесiлi ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидентi емес жеке және/немесе заңды тұлғалары ломбардтың құрылтайшылары мен қатысушылары бола алады.

2-тарау. Ломбард ашу

      5. Ломбард өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жарғы (жалғыз құрылтайшысы болса) не құрылтай шарты мен жарғы (құрылтайшылардың саны бiреуден артық болса), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк) берген лицензия негiзiнде жүзеге асырады.
      Құрылтай құжаттары, оның iшiнде оларға енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар Ұлттық Банкпен мiндеттi түрде алдын ала келiсiлуге тиiс.
      6. Ломбардты мемлекеттiк тiркеу Ұлттық Банктiң ломбард ашуға берген рұқсаты негiзiнде жүзеге асырылады (N 1 қосымша).
      7. Ломбард ашуға рұқсат беру туралы шешiмдi Ұлттық Банктiң Директорлар кеңесi қабылдайды. Ломбард ашуға лицензия, рұқсат берiлген жағдайда, Ұлттық Банк ломбард ашуға берiлген, қайтарып алынған және қайтарылған рұқсаттардың есебiн жүргiзiп отырады.
      8. Ломбард ашуға рұқсат алу үшiн өтiнiш берушi Ұлттық Банкке мынадай құжаттар ұсынуға тиiс:
      1) ломбард ашуға рұқсат беру туралы өтiнiш;
      2) құрылатын ломбардтың әрқайсысы үш данадан жасалған нотариат куәландырған құрылтай құжаттары: құрылтай шарты (егер бар болса) және мемлекеттiк тілдегі және орыс тiлiндегi жарғы;
      3) құрылатын ломбардтың жарғысын бекiту және органдарын тағайындау (сайлау) туралы құрылтайшылар жиналысының (құрылтайшының) шешiмi;
      4) құрылтайшы заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктерiнiң және құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшiрмелерi; <*>
      5) екiншi деңгейдегi банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлерiн келiсу тәртiбiн және шарттарын реттейтiн нормативтiк құқықтық актiде көзделген нысандар бойынша жасалған ломбардтың басшы қызметкерi лауазымына тағайындауға (сайлауға) ұсынылатын адамдар туралы деректер;
      6) <*>
      7) Қазақстан Республикасының банк заңдарының талаптарына сәйкес әзірленген операциялар жүргізудің жалпы шарттары мен ломбардтың ішкі ережелері және осы ереже; <*>
      8) <*>
      9) өтiнiш берушiнiң құрылтайшылар атынан өтiнiш беруге өкiлеттiгiн растайтын нотариат арқылы не басқаша түрде куәландырылған сенiмхат;
      10) <*>
      Ескерту: 8-тармақ толықтырылды, өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 2002 жылғы 1 тамыздағы N 277 қаулысымен .
      9. Ұлттық Банк ломбард ашуға берiлген өтiнiштi құжаттар толық берiлген күннен бастап бiр ай iшiнде қарайды.
      Өтiнiш берушi осы Ереженiң 8-тармағында көрсетiлген құжаттар топтамасын толық бермеген жағдайда, Ұлттық Банк қажеттi құжаттардың өткiзiлуiн талап етедi не барлық құжаттарды өтiнiш берушiге қарамай қайтарады. Көрсетiлген кемшiлiктер жойылғаннан кейiн заңды және/немесе жеке тұлғалар ломбард ашуға рұқсат алу туралы Ұлттық Банкке қайтадан өтiнiш беруге құқылы.
      Қайта ұсынылған құжаттарды қарау мерзiмi олар Ұлттық Банкке түскен кезден бастап есептеледi.
      10. Құрылтайшылар ломбардты мемлекеттiк тiркеу үшiн ломбард ашуға Ұлттық Банктiң рұқсатын алған күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей әдiлет органдарына өтiнiш беруге мiндеттi.
      11. Мынадай негiздердiң кез келгенi бойынша:
      1) ломбардтың құрылтай құжаттары қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келмесе;
      2) ломбардтың басшы қызметкерлерiнiң лауазымына кандидаттардың банк заңдарының талаптарына сәйкес келмесе ломбард ашуға рұқсат беруден бас тартылады.
      12. Ұлттық Банк қабылданған шешiм туралы өтiнiш берушiге жазбаша хабарлайды. Хабарлама құрылтайшылар атынан өтiнiш беруге уәкiлеттi адамның өтiнiште көрсетiлген мекен-жайына жiберiледi.
      13. Ұлттық Банк мынадай негiздердiң кез келгенi бойынша:
      1) заңды тұлға ломбард ретiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап бiр жылдың iшiнде соның негiзiнде рұқсат берiлген мәлiметтердiң дұрыс емес екендiгi анықталғанда;
      2) заңды тұлға ломбард ретiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап үш айдың ішiнде банктiк операциялар жүргiзуге лицензия алмаса;
      3) <*>
      Ескерту: 13-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 1 тамыздағы N 277 қаулысымен .
      14. Ломбард ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алу туралы шешiмдi Ұлттық Банктiң Директорлар кеңесi қабылдайды.

3-тарау. Ломбардқа лицензия беру тәртiбi

      15. Ломбард банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүргiзуге лицензия алу үшiн (N 2 қосымша) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағындағы талаптарды орындауға тиiс.
      16. Ломбард лицензия алу үшiн ломбард ретiнде мемлекеттiк тiркелгені туралы куәлiкті алған күннен бастап бiр айлық мерзiмде Ұлттық Банкке "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  16-бабында көзделген құжаттарды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  26-бабының 2-тармағындағы талаптарды орындағанын растайтын құжаттарды ұсынуға мiндеттi.
      17. Ұлттық Банк барлық құжаттарды алғаннан кейiн ломбард үй-жайының Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актілерiнде белгiленген барлық талаптарға сәйкес келуiн тексередi.
      Мұндайда ломбард қызметін жүзеге асыруға арналған үй-жай оның меншігінде болуы не кемінде екі жылға жалға алынған болуы керек.
      Ескерту: 17-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 1 тамыздағы N 277 қаулысымен .
      18. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия беру туралы өтiнiштi Ұлттық Банк құжаттар пакеті толық ұсынылған күннен бастап бiр айдың iшiнде қарауға тиiс.
      19. Лицензия беруден бас тарту Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негіздер бойынша жүргізіледі. <*>
      Талап етiлген құжаттар пакеті толық берiлмеген жағдайда, Ұлттық Банк қажеттi құжаттарды талап етуге не барлық құжаттарды қарамай-ақ өтiнiш берушiге қайтаруға құқылы. Қайтадан берiлген құжаттарды қарау мерзiмi олардың Ұлттық Банкке түскен кезiнен бастап есептеледi.
      Лицензия шектеусiз мерзiмге берiледi, атаулы болады және үшiншi тұлғаларға беруге болмайды. Ломбардқа банк операцияларын жүргiзуге лицензия берiлгенi туралы шешiм Ұлттық Банктiң ресми басылымдарында жарияланады.
      Ескерту: 19-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 жылғы 1 тамыздағы N 277 қаулысымен .
      20. Лицензия болмаған кезде жасалған ломбардтың мәмiлелерi жарамсыз деп танылады.
      Лицензия берiлгенi үшiн мөлшерi және төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген алым алынады.
      Лицензия жоғалған жағдайда ломбард оның көшiрмесiн алуға құқылы. Ұлттық Банк ломбардтың жазбаша өтiнiшi негiзiнде оны алған кезден бастап он күн iшiнде лицензияның дубликатын бередi. Ломбардқа лицензия дубликатының берiлгенi үшiн лицензиялық алымның мөлшерi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгiленедi.
      21. Банктiк және басқа да операцияларды жүргiзуге арналған лицензияның тиiстi түрде расталған көшiрмесi ломбард клиенттерiне көрiнетiн жерге орналастырылуға тиiс.
      22. Лицензия берiлген кезде ломбард ашу рұқсаты Ұлттық Банкке қайтарылады.
      22-1. Ломбард лицензияны жоғалтқан жағдайда дубликат алуға құқылы. Ұлттық Банк ломбардтың жазбаша өтініші бойынша он күнтізбелік күн ішінде лицензияның дубликатын береді.
      Ұлттық Банк ломбардқа лицензияны оның жазбаша өтініші және лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың негізінде, барлық құжаттар алынған кезден бастап он жұмыс күні ішінде қайта ресімдейді.
      Лицензияны қайта ресімдеуді бұрынғы берілген лицензияны Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негіздер бойынша айырбастау деп түсіну керек. <*>
      Ескерту: 22-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 1 тамыздағы N 277 қаулысымен .

4-тарау. Ломбардтардың филиалдар ашу тәртiбi және филиалдың
техникалық даярлығына қойылатын талаптар

      23. Ломбардтың филиалдары Ұлттық Банктiң келiсiмiмен ғана ашылады.
      24. Филиал - заңды тұлға болып табылмайтын, ломбардтың тұрған орнынан тыс жерде орналасқан, ломбардтың атынан банк операцияларының жекелеген түрлерiн және басқа да операцияларды жүзеге асыратын және ломбард берген өкiлеттiктер шегiнде iс-әрекет жасайтын ломбардтың құрылымдық бөлiмшесi. Ломбард өз филиалының мiндеттемелерi бойынша толық жауап бередi.
      25. Филиалдың ломбардпен бiрге бiрыңғай балансы болады және атауы ломбардтың атауымен, сондай-ақ ломбардтың тиісті ережелері негізінде және шеңберінде әзірленген оған Ұлттық Банк берген тiркеу номерiмен толық сәйкес келедi. Ұлттық Банктiң жазбаша келiсiмi болған жағдайда филиал ломбардтың уәкiлеттi органы бекiткен Ереже және оның бiрiншi басшысына берiлген сенiмхат, сондай-ақ ломбардтың тиісті ережелері негізінде және шеңберінде әзірленген Филиалдың операциялар жүргізуінің жалпы шарттары туралы ереже негiзiнде iс-әрекет жасайды. Филиалдың банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда банктiк есепшоттар ашуға құқығы жоқ. <*>
      Ескерту: 25-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 1 тамыздағы N 277 қаулысымен .
      26. Ломбардтардың филиалдары мiндеттi түрде:
      1) Ұлттық Банктiң екiншi деңгейдегi банктерге қойылатын нормативтiк құқықтық актілерiнің талаптарына сәйкес үй-жайларды техникалық жағынан нығайту, сонымен бiрге оны бiрге күзет, өрт және дабыл беру құралдарымен жабдықтау жөнiнде қажеттi iс-шараларды орындауға;
      2) тиiстi бiлiктi қызметкерлердi iрiктеуге тиiс.
      27. Филиалдың басшы қызметкерлерi банк заңдарында белгіленген талаптарға сай болуға тиiс.
      28. Ломбард филиал ашу үшiн Ұлттық Банкке:
      1) филиал ашуға келiсiм беру туралы өтiнiштi;
      2) ломбардтың уәкiлеттi (Жарғыға сәйкес) органының ломбард филиалын ашу туралы шешiмiн;
      3) нотариат куәландырған Филиал туралы ереженi;
      4) филиалдың қызметiн жүзеге асыру үшiн кемiнде екі жыл мерзiмге үй-жайды жалға алу туралы шарттың нотариат куәландырған көшiрмесiн не ломбардтың осы үй-жайға меншiк құқығын растайтын құжатты;
      5) екiншi деңгейдегi банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлерiн келiсу тәртiбiн және талаптарын реттейтiн Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актілерiнде көзделген нысандар бойынша жасалған ломбард филиалының басшы қызметкерлерiнiң лауазымдарына тағайындауға (сайлауға) ұсынылатын адамдар туралы деректердi береді.
      29. Ломбардтың филиалы туралы ереженi ломбардтың уәкiлеттi органы бекiтедi, ломбардтың бiрiншi басшысы қол қояды, ломбардтың мөрiмен бекiтiледi. Ломбардтың филиалы туралы ереже қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келуi керек және онда мыналар болуға тиiс:
      1) филиалды құрған ломбардтың атауы және мекен-жайы;
      2) атауы (немесе рет нөмiрi) және филиалдың мекен-жайы;
      3) ломбардтың филиалын ашу туралы ломбардтың уәкiлеттi органының шешiм қабылдаған күнi;
      4) филиалдың құрылу мақсаты және өкiлеттiктерi;
      5) филиал қызметiнiң мерзiмi;
      6) ломбард берген сенiмхат негiзiнде филиал жүргiзуге уәкiлеттi банк операцияларының тiзбесi;
      7) филиалды басқару тәртiбi;
      8) филиалды жабу тәртiбi.
      30. Ұлттық Банк барлық құжаттарды алғаннан кейiн филиал үй-жайының Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актілерiнде белгiленген барлық талаптарына сай келуiн тексередi.
      31. Ломбардтың филиалын ашуға келiсiм беру туралы мәселенi Ұлттық Банк осы Ережеге сәйкес барлық құжаттар толық берiлген күннен бастап бiр айлық мерзiмде қарауға тиiс.
      Ломбардтың филиал ашуына келісім беру туралы мәселесі жөніндегі шешімді банктік қадағалау бөлімшесіне жетекшілік ететін Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары қабылдайды. <*>
      Ескерту: 31-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 1 тамыздағы N 277 қаулысымен .
      32. Ломбард филиал ашу келiсiмін алған күннен бастап үш ай ішінде оны әділет органдарында есептік тіркеуден өткізуге және екі апталық мерзімде Ұлттық Банкке ломбард филиалының есептік тіркеуден өткізілгені туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін беруге міндетті.

5-Тарау. Ломбардтардың қызметiн ұйымдастыру және реттеу

      33. Ломбардтың басшы қызметкерлерi екiншi деңгейдегi банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлерiн келiсу тәртiбiмен шарттарын реттейтiн нормативтiк құқықтық актілерде белгiленген тәртiппен Ұлттық Банкпен мiндеттi түрде келiсуге тиiс.
      Ломбардтың бiрiншi басшысы, бас бухгалтері, сондай-ақ ломбард филиалының бiрiншi басшысы және бас бухгалтерi ломбардтың басшы қызметкерлерi болып танылады.
      Ломбардтың басшы қызметкерлерi, сондай-ақ Ломбардтың басшы қызметкерлерi лауазымына тағайындауға (сайлауға) ұсынылған үміткерлер банк заңдарында белгiленген талаптарға сай болуы тиiс.
      Ломбардтың басшы қызметкерлерi қайта сайланған жағдайда, ломбардтың уәкiлеттi органының тиiстi шешiмі қабылданғаннан кейін бiр ай ішінде осы Ереженiң 9-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген құжаттар Ұлттық Банкке мiндеттi түрде берілуге тиiс.
      34. Ломбардтар өз қызметiн Операциялар жүргiзудiң жалпы шарттары туралы ереже мен iшкi ережелерi болғанда ғана жүзеге асыруға құқылы.
      35. Операциялар жүргiзудiң жалпы шарттары туралы ереженi ломбардтың жоғары органы бекiтуге тиiс және онда мынадай мәлiметтер мен рәсiмдер болады:
      1) берiлетiн кредиттердiң шектi сомасы және мерзiмi;
      2) берiлетiн кредиттер бойынша сыйақы ставкаларының шектi мөлшерi;
      3) кредиттер бойынша сыйақы алу шарттары;
      4) ломбард қамтамасыз етуге қабылдайтын талаптар;
      5) көрсетiлетiн қызмет үшiн ставкалар және тарифтер;
      6) ломбардтың және оның клиенттерiнiң құқықтары мен мiндеттерi, олардың жауапкершiлiгiнiң басталу жағдайлары;
      7) кепiл билетiн жоғалтқан жағдайда кепiл берушiге оның дубликатын беру тәртiбi;
      8) ломбардтың жоғары органы операциялар жүргiзудiң жалпы талаптарына қосылуға тиiс деп санайтын өзге де жағдайлар, талаптар және шектеулер.
      36. Операциялар жүргiзудiң жалпы шарттары туралы ережеде ломбард жүзеге асыратын барлық банктiк және басқа операциялар жөнiнде мәлiметтер мен iс жүргiзу рәсiмдерi болуға тиiс.
      37. Операциялар жүргiзудiң жалпы талаптары ашық ақпарат болып табылады және коммерциялық немесе банктiк құпияның мәнi бола алмайды. Ломбардтар операциялар жүргiзудiң жалпы шарттары туралы ереже ломбардтың клиенттерiне көрiнетiн жерге орналастырылуы тиiс.
      38. Ломбардтың уәкiлеттi органы ломбардтың iшкi ережелерiн бекiтедi және:
      1) ломбард бөлiмшелерiнiң құрылымын, мiндеттерiн, функциясын және өкiлеттiгiн (егер болса);
      2) iшкi аудит қызметiнiң, кредиттiк комитетiнiң және басқа тұрақты жұмыс iстейтiн органдардың функциясын және өкiлеттiгiн;
      3) құрылымдық бөлiмше басшыларының құқықтары мен мiндеттерiн;
      4) ломбардтың атынан және есебiнен мәмiлелердi жүзеге асыру кезiнде оның лауазымды адамдары мен қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерiн белгiлейдi.
      39. Азаматтардан жылжымалы мүлiктi кепiлге қабылдау заттарды ломбардқа кепiлге қабылдау туралы шарттың негiзiнде жүзеге асырылады, ол Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарының талаптарына сай ресiмделедi. Кепiл заттары туралы шарт ломбардтың кепiл билетiн беруi арқылы ломбардта ресiмделедi (N 3 қосымша). Ломбард кепiлге берiлген заттарды пайдалануға және иелiк етуге құқылы емес. Ломбардтар кепiлге қабылдаған затты өз есебiнен кепiл берушiнiң пайдасына азаматтық заңдардың талаптарына сәйкес сақтандыруға мiндеттi. (РҚАО-ның сілтемесі: 5-бапты  қараңыз.)
      40. Ломбардтар өздерi жүргiзетiн операциялардың есебiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн белгiленiп бекiтiлген бухгалтерлiк есептiң стандарттарына сәйкес жүзеге асырады. Ломбардтың бухгалтерлiк есебiнiң саясатын оның жоғарғы басқару органы белгiлейдi. Бухгалтерлiк және басқа есептiң тiзбесi мен нысандары қолданылып жүрген заңдарға сәйкес белгiленедi.
      41. Ломбардтар бухгалтерлiк есепте және есеп жасауда пайдаланылатын құжаттарды қатаң есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ күмәнді борыштардың орнын жабу үшiн бухгалтерлiк есептiң стандарттарына сәйкес резервтер қалыптастыруға мiндеттi.
      42. Ломбардтардың қаржылық және басқа да есебiне қойылатын талаптар Ұлттық Банктiң жекелеген нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
      43. Ломбард операциялар жүргiзудiң шарттарын, осы Ереженiң талаптарын және Ұлттық Банктiң басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiн бұзған кезде, оған мынадай санкциялар қолданылуы мүмкiн:
      1) Қазақстан Республикасының заң актілерiнде белгiленген негiздемелер бойынша айыппұл салу және өндiрiп алу;
      2) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  48-бабында белгiленген негiздер бойынша лицензияның қолданылуын тоқтату не қайтарып алу.
      Ұлттық Банк құқық бұзу сипатына қарай банк операцияларының бәрiн не жекелеген түрлерiн жүргiзуге берiлген лицензияның қолданылуын тоқтатады не қайтарып алады. Лицензияны қайтарып алу ломбардты қайта тiркеуге немесе қызметiн тоқтатуға негiз болып табылады;
      3) ломбардтың аталған басшы қызметкерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекеттерін қолданылып жүрген заңдарға сай емес деп тану үшін жеткiлiктi деректердiң негiзiнде ломбардтың тиiстi органы осы мәселенi қарағанға дейiн ломбардтың басшы қызметкерлерiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан шеттету.
      44. Ұлттық Банк ломбардтың қызметiне заң талаптарына сәйкес инспекция жүргiзуге құқылы. Ломбардтар Ұлттық Банктiң тексеруге берiлген тапсырмасында көрсетiлген мәселелер бойынша инспекциялауды жүргiзетiн органға жәрдемдесуге, сондай-ақ кез келген лауазымды адамдар мен қызметкерлерден сұрау және ақпаратты тексерудi орындауға қажеттi кез келген ақпарат көздерiне қол жеткiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Инспекциялауды жүзеге асыратын адамдар ломбардтардың қызметiн тексеру барысында алынған және коммерциялық, банк құпиясы бар мәлiметтердi жария еткені үшiн жауап бередi.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      45. Ломбард Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген тәртiппен қайта құрылады және таратылады.
      46. Ломбард:
      1) Ұлттық Банктiң рұқсаты болған жағдайда, оның құрылтайшыларының шешiмi бойынша тартылуы (ерiктi тарату);
      2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда соттың шешiмi бойынша таратылуы мүмкiн (ерiксiз тарату).
      47. Өз мiндеттемелерi бойынша есеп айырысуға ломбардтың қаражатының жеткiлiктi болуы ломбардтың Ұлттық Банктен рұқсат алуы үшiн мiндеттi шарт болып табылады.
      48. Ломбардты ерiктi тарату Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      49. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес шешiледi.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 5 қыркүйектегi
N 332 қаулысымен бекiтiлген
Ломбардтар құру, қызметiн
лицензиялау, реттеу және
тоқтату ережесiне
N 1 қосымша

ЛОМБАРД АШУҒА
БЕРIЛГЕН РҰҚСАТ    

N ____ "____"_______________   _____ ж.

__________________________________________________________________
                     (ломбардтың толық атауы)
Мекен-жайы:_________________________________________________________             (индексi, облысы, ауданы, қаласы, көшесi, үй номерi)
     Аталған ломбард осы рұқсат берiлген күннен бастап бiр айдың iшiнде әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өтедi.
     _______ теңге сомасындағы жарғылық капиталды толық төлегеннен,
ұйымдастыру iс-шаралары мен ломбард үй-жайының банк операцияларының
жекелеген түрлерiн жүргiзуге дайындығы тексерiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүргiзуге лицензия беру туралы мәселенi қарайды.
     Осы рұқсатты ломбард банк операцияларының жекелеген түрлерiн
жүргiзуге лицензия беру кезiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкiне қайтарады.    

      Ұлттық Банк
      Төрағасы
     (Төрағаның орынбасары)

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 5 қыркүйектегi
N 332 қаулысымен бекiтiлген
Ломбардтар құру, қызметiн
лицензиялау, реттеу және
тоқтату ережесiне
N 2 қосымша

БАНК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН
ТҮРЛЕРIН ЖҮРГIЗУГЕ БЕРIЛГЕН
ЛИЦЕНЗИЯ

N______         Беру күні _______________

     Мемлекеттiк тiркеу күнi және номерi ___________________________
     _______________________________________________________________
     (ломбардтың толық атауы - мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде)
     Осы лицензия банк операцияларының мынадай түрлерiн жүргiзуге құқық бередi:
     1.
     2.
     3.
     4.
     Осы лицензияның талаптарынан туындайтын құқықтар үшiншi тұлғаларға берiлмейдi. Осы лицензия бiр данада берiледi.

     Ұлттық Банк Төрағасы
    (Төрағаның орынбасары)

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 5 қыркүйектегi
N 332 қаулысымен бекiтiлген
Ломбардтар құру, қызметiн
лицензиялау, реттеу және
тоқтату ережесiне
N 3 қосымша

___________________________         ________________________________
(ломбардтың/филиалдың атауы)      (ломбардтың/филиалдың мекен-жайы)

Кепiл билетi N

   1. Кепiл берушiнiң аты-жөнi_____________________________________
   2. Жеке басын куәландырушы құжат деректерi
   3. Тұрақты мекен-жайы___ _______________________________________
                    (елi, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң (облыс,
__________________________________________________________________
               қала) атаулары, почта индексi, көшесi, телефоны)
   4. Кепiлдiң атауы және сипаттамасы_____________________________
   5. Кепiлдi бағалау сомасы______________________________________
   6. Кепiл мерзiмi_______________________________________________
   7. Ломбард берген кредит сомасы________________________________
                                    (санмен және жазумен)
   8. Ломбард           берген         кредитке          сыйақы   сомасы____________________________________________________________
                              (санмен және жазумен)

   9. Жалпы сомасы________________________________________________
                           (санмен және жазумен)
   10. Ломбардтың кредит беру күнi________________________________
   11. Ломбард берген кредиттi өтеу күнi__________________________
   Кепiлге қойылған зат ломбардтың иелiгiне берiледi.
   Ломбардтың кепiлге қойылған затты пайдалануға және басқаруға құқығы жоқ.
   Ломбард мүлiк кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген кредиттi белгiленген мерзiмде өтемеген жағдайда, ломбард осы мүлiктi қойылған мүлiктi сату үшiн белгiленген тәртiппен сатуға құқылы.
   Осы кепiл билетi 2 данада жасалған.    

   Кепiл билетiнiң талаптарымен таныстым және бiр данасын алдым. 

   Кепiл берушi______________
                 (қолы)
   Қабылдаушы _______________
              (фамилиясы, қолы)    

   Ломбардтың мөрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады