Астана қаласы бойынша ыстық және суық суды тұтынушылардың есепке алынуын реттеу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімиятының қаулысы 2001 жылғы 16 қарашадағы N 3-1-967п Астана қалалық Әділет басқармасында 2001 жылғы 24 желтоқсанда N 159 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 06-1451 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 29.08.2014 № 06-1451 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Z970094_ Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 P001063_ "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы N 1822 P001822_ "Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімияты қаулы етеді:
      1. Үй-жай (пәтер) иелерінің кооперативтері, өндірістік кооперативтер, кондоминиум объектілерін басқаруды жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар әрбір үй бойынша нақты тұрып жатқан тұрғындар санын есепке алуды ұйымдастырсын.
      2. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар тұтынушыда есептеу құралдары

 

болмаған жағдайда ыстық және суық су үшін төлемді есептеуді бекітілген

нормалар және үй-жай (пәтер) иелерінің кооперативтері ұсынған деректерге

сәйкес нақты тұтынушылардың саны бойынша көрсету ұсынылсын.

     3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары

С.С. Есіловке жүктелсін.


     Астана қаласының әкімі


     Визалар:


     Келісілді:


     "Астанаэнергосервис" ААҚ

     басқарма төрағасы


     ҚР Табиғи монополияларды

     реттеу, бәсекелестікті қорғау

     және шағын бизнесті қолдау

     жөніндегі агенттігі

     Департаментінің директоры


     "Астана - плюс" ПИК

     қауымдастығының президенті


     "Бірлік-Единство" ПИК

     қауымдастығының төрағасы


     "Жаңа жол" ПИК

     қауымдастығының төрағасы


     "Астана Су Арнасы" МК

     Бас директоры


     Мамандар:

        Икебаева А.Ж.

        Омарбекова А.Т.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады