Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2000 жылғы 25 сәуiрдегi N 179 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 20. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 27 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1779. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 30 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол жасалмайтын ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыруды реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2000 жылғы 25 сәуiрдегi N 179 V001155_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiндегi:
      2-тармақтың екiншi азатжолындағы "(төлем құжаттарын және оларды қайтарып алу немесе тоқтата түру туралы өкiмдердi ресiмдеуден басқа)" деген сөздер "(төлем құжаттарын қайтарып алу немесе орындауды тоқтата түру туралы өкiмдердi ресiмдеуден басқа)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      22-тармақтағы:
      "СТН" деген сөз алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
      "Банк төлем құжаттарын өңдеу кезiнде СТН-ның тiркеу номерiнiң құрылымына сәйкес көрсетiлуiнiң дұрыстығын бақылауға мiндеттi" 29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "29. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге ұлттық валютамен, сол сияқты шетел валютасымен төлем жасау және/немесе ақша аударымын жүзеге асыру кезiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының валюталық заңдарының Z960054_ талаптарын сақтай отырып Қазақстан Республикасы аумағында шетел валютасымен төлем жасағанда және/немесе ақша аударымын жүзеге асырған кезде ақша жiберушiнiң қызмет көрсетушi алушы банкке ақша аудару туралы төлем тапсырмасы болып табылатын, белгiленген нысандағы (N 2 қосымша) бланкiлерге толтырылған ақша аударуға өтiнiшi пайдаланылады.
      Банк ақша аударуға берiлетiн өтiнiште осы Ереженiң N 2 қосымшасындағы нысанда көрсетiлген деректемелерден басқа осы өтiнiштi өңдеу үшiн оған қажет болатын ақша жiберушi туралы қосымша мәлiметтердi қосуға құқылы. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда банк ақша жiберушi туралы басқа да мәлiметтердi толтыруды талап етедi.";
      82-тармақтың 2) тармақшасының үшiншi және төртiншi сөйлемдерi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Егер бенефициар алушы банкпен шарт жасамаған болса, онда соңғысы бенефициардың банкiне бенефициардың қате аударған ақша сомасын қайтару туралы сұрату-хат жiберуге құқылы. Бенефициардың банкi сұрату-хаттың негiзiнде бенефициарға қате аударылған ақша сомасын қайтару қажеттiгi туралы хабарлайды. Сонымен қатар бенефициар "төлем белгiлеуiнде" ақшаны қайтару себебiн көрсете отырып төлем тапсырмасын жасау арқылы ақшаны қайтарады.
      Бенефициардың банкi мен бенефициар арасында қате аударылған ақша сомасын акцептсiз алу туралы талап жазылған шарт болған жағдайда бенефициардың банкi осы соманы бенефициардан шарттың талаптарына сәйкес даусыз тәртiппен алуға құқылы. Бенефициардың банкi "төлем мақсатында" бенефициардың банкi ақшаны қайтару себебiн көрсете отырып төлем тапсырмасын жасау арқылы ақша сомасын қайтарады;";
      101-тармақтың екiншi азатжолындағы "төлемдiк талап-тапсырма көрсеткен банкке" деген сөздер "ақша жiберушiнiң банкiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      105-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "105. Ақша жiберушiнiң банкi төлемдiк талап-тапсырманы алған кезде осы төлемдiк талап-тапсырманың әр данасында алған күнi туралы белгi қояды. Ақша жiберушiнiң банкi төлемдiк талап-тапсырмаларды тiркеу журналында келiп түскен төлемдiк талап-тапсырмалардың есебiн жүргiзедi. Журналдың нысанын, оны жүргiзу әдiсiн және журналда көрсетiлетiн төлемдiк талап-тапсырманың деректемелерiн банк өз бетiнше белгiлейдi.
      Төлемдiк талап-тапсырмаларды осы Ереженiң 33-тармағына сәйкес тiзiлiм бойынша ұсынған жағдайда, алған күнi туралы белгiнi осы тiзiлiмде қоюға болады.";
      106-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын:
      "Төлемдiк талап-тапсырманы беру тәсiлiн ақша жiберушi мен ақша жiберушiнiң банкi арасындағы шартпен белгiлеуге болады.";
      107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "107. Ақша жiберушiнiң банкi төлемдiк талап-тапсырманы алған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн ақша жiберушiден төлемдiк талап-тапсырма акцептiнен не акцептелген төлемдiк талап-тапсырмадан бас тартуды алмаған жағдайда ақша жiберушiнiң банкi төлемдiк талап-тапсырманы қайтару себебi көрсетiлген хабарламамен бiрге төлемдiк талап-тапсырманы жiберушiге қайтаруға құқылы.";
      120-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын:
      "Банк салық органының салық төлеушiнiң бiр банктiк есепшотынан салық берешегiн өндiрiп алу туралы инкассалық өкiмiн орындаған кезде, салық органының аталған банкте ашылған салық төлеушiнiң басқа банктiк есепшотына берген инкассалық өкiмiн, егер мұндай инкассалық өкiмдердi салық органы сол сомаға, берешектiң сол түрi бойынша, сол есептi кезең үшiн берген болса банк салық органының инкассалық өкiмiн орындау фактiсiн растайтын төлем құжатын қосып бере отырып салық органына орындамай қайтарады.";
      124-тармақтың бiрiншi және екiншi азатжолдарындағы "орындайды" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген нұсқауларды орындаудың кезектiлiк тәртiбiмен" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
      3. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан

 

Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу

шараларын қабылдасын;

     2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк

тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi

бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге

жiберсiн.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық

Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жангелдинге жүктелсiн.

     Ұлттық Банкi

       Төрағасы


     Мамандар:

             Омарбекова А.Т.

             Жұманазарова А.Б.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады