Аттестацияға жататын Қазақстан Республикасы азаматтық және эксперименталды авиациясының авиациялық қызметшілері лауазымдарының (кәсібінің) тізімдемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2002 жылғы 24 сәуірдегі N 528 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 21 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1858. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 442 бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010.09.30 № 442 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы  Заңының 5 бабының 1 тармағының 27) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 
      1. Аттестацияға жататын Қазақстан Республикасы азаматтық және эксперименталды авиациясының авиациялық қызметшілері лауазымдарының (кәсібінің) тізімдемесі бекітілсін.
     2. Азаматтық авиация комитеті әкімшілік бөлімі (Қ. Сүгір) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
     3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.     

      Төраға

Қазақстан Республикасы   
Азаматтық авиация     
комитеті төрағасының   
2002 жылғы 24 сәуірдегі  
N 528 бұйрығымен бекітілген

Аттестацияға жататын Қазақстан Республикасы
азаматтық және эксперименталды авиациясының
авиациялық қызметшілері лауазымдарының
(кәсібінің) тізімдемесі

      Ескерту: Тізімдемеге толықтырулар енгізілді - Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 14 қазандағы N 197   бұйрығымен .  

           1. әуесқой-ұшқыш
      2. коммерциялық авиацияның ұшқышы
      3. желі ұшқыш
      4. штурман
      5. бортинженер (бортмеханик)
      6. бортрадист
      7. бортсерік
      8. бортоператор
      9. әуе қозғалысын қамтамасыз ету қызметінің диспетчері (ӘҚҚ)
     10. Радиолокация, радионавигация, байланыс жөнiндегi
         инженерлерге
     11. Ұшуды электротехникалық қамтамасыз ету жөнiндегi
         инженерлерге
     12. Радиолокация, радионавигация, байланыс жөнiндегi
         техниктерге
     13. Ұшуды электротехникалық қамтамасыз ету жөнiндегi
         техниктерге

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады