"Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтік ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 17 мамырдағы N 394 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 21 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1859. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 638 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007.12.19.  N 638  (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдауды ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында бұйырамын:

      1. "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247  бұйрығына  мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтік ережелерінде: 
      11-1-тармақтың: 
      бірінші абзацта "26" цифры "28" цифрымен ауыстырылсын; 
      төртінші абзацта "5 қарашаға" деген сөздер "15 қыркүйекке" деген сөздермен ауыстырылсын, сондай-ақ "және 15 қарашадан 20 қарашаға" деген сөздер алынып тасталсын;
      29-тармақта "31" цифры "29" цифрымен ауыстырылсын;
      31-тармақта "1 желтоқсанға" деген сөздер "30 қыркүйекке" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім департаменті (Б.С. Әбдірәсілов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-министр Ғ. Мұтановқа жүктелсін.

       Министр

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады