Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық департаментiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Парламент, мәслихаттар депутаттарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын мемлекеттiк қаржыландырудың ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 25 ақпандағы N 71 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрайымының 2002 жылғы 1 шілдедегі N 305 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 8 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1941. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрайымының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы N 58 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрайымының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы N 58 бұйрығымен.

--------------Бұйрықтан үзінді--------------

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің, Қазынашылық комитеті Төрайымының кейбір бұйрықтарының күшін жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Бюджеттік есепті ұйымдастыру басқармасы қабылданған шешім туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бір апта мерзімде хабарласын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төрайым

Қазақстан Республикасы       
Қаржы министрлігінің        
Қазынашылық комитеті Төрайымының 
2005 жылғы 20 желтоқсандағы   
N 58 бұйрығына қосымша     

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық
департаментінің, Қазынашылық комитеті Төрайымының күші
жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      ...
       4. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің "Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент, мәслихаттар депутаттарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын мемлекеттік қаржыландырудың ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 25 ақпандағы N 71 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Төрайымының 2002 жылғы 1 шілдедегі N 305 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1941 болып тіркелген)...
______________________________________  

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"  Z952464_  Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық Заңына, "Бюджет жүйесi туралы"  Z990357_  Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"  Z010148_  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН
      1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Парламент, мәслихаттар депутаттарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын мемлекеттiк қаржыландырудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық департаментiнiң 1999 жылғы 25 ақпандағы N 71  V990737_  бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Парламент, мәслихаттар депутаттарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын мемлекеттiк қаржыландырудың ережелерiне (бұдан әрi - Ереже): 
      кiрiспедегi "N 2464" деген сан алынып тасталсын; 
      Ереженiң барлық мәтiнi бойынша ауыстырылатын сөздердiң септеулерi мен жекеше және көпше түрлерiне сәйкес "шығыстар сметасы", "сметасын", "сметасының" деген сөздер "қаржыландыру жоспары" деген сөздермен ауыстырылсын, "жергiлiктi атқарушы органның бухгалтериясы" деген сөздер "әкiм аппаратының бухгалтериясы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      1-тармақта "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бюджеттiк қаражатын жұмсауға арналған лимиттердi қазыналық рұқсаттармен ашу" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына республикалық бюджет шығыстарын қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес бюджет қаражатын пайдалануға рұқсаттар беруi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2, 3, 4-тармақтар алынып тасталсын; 
      5-тармақта "лимиттердің" деген сөз "бюджет қаражатының" деген сөздермен ауыстырылсын, "бекітілген" деген сөздің қазақша мәтіні сол күйінде қалады. 
      6-тармақта: 
      үшінші сөйлемде "тиісті әкімдіктің бас бухгалтеріне" деген сөздер "тиісті әкім аппаратының бас бухгалтеріне" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      төртінші сөйлемде "әкімнің шешімінің" деген сөздер "тиісті әкімнің ұсынуы бойынша жоғары тұрған аумақтық сайлау комиссиясы шешімінің" деген сөздермен ауыстырылсын, "аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының өкілеттік мерзімін" деген сөздер алынып тасталсын; 
      бесінші сөйлемде "30" деген сан "030" деген санмен ауыстырылсын, "әкімнің" деген сөзден кейін "аппаратының" деген сөзбен толықтырылсын; 
      мынадай мазмұндағы жетінші сөйлеммен толықтырылсын: 
      "Тек ерекше жағдайларда ғана Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қолдаухатының негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің жазбаша рұқсаты бойынша тиісті облыстардың, қалалардың және аудандардың әкім аппаратының бюджеттік шоттарынан бюджеттік қаражаттарды жұмсау мерзімін ұзартуға жол беріледі"; 
      8, 9-тармақтар алынып тасталсын; 
      10-тармақта "Өзге де ағымдағы шығыстар" 159 ерекшелігі" деген сөздер "тиісті ерекшеліктері" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      11-тармақтың екінші абзацындағы "және шығыстардың экономикалық сыныптамасының "Өзге де ағымдағы шығыстар" 159 ерекшелігі бойынша әкімнің бюджеттік шотына кассалық шығыстарды қалпына келтіру үшін есептеледі" деген сөздер "шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшеліктері бойынша кассалық шығыстарды қалпына келтіруге арналған әкім аппаратының бюджеттік шотына есептеу үшін мемлекеттік мекеменің кассасына" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      13-тармақта: 
      бірінші сөйлемде "тиісті" деген сөзден кейін "аппараттардың" деген сөзбен толықтырылсын; 
      "Өзге де салықтық емес түсімдер" 205109 кодтың атауы "Республикалық бюджетке" деген сөздермен толықтырылсын; 
      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "3. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік"; 
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Президенттің, парламент, мәслихаттар депутаттарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын өткізуге арналған бюджеттік қаражаттың атқарылуы жөніндегі бухгалтерлік есепті және қаржылық есептілікті Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қазынашылық Департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30  V980489_  бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулыққа және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 15 мамырдағы N 217   V980517_   бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебінің жылдық, тоқсандық көлемі мен нысандары туралы нұсқаулыққа сәйкес мемлекеттік мекемелер жүзеге асырады";
      15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24-тармақтар алынып тасталсын.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

      Төрайым     

      КЕЛІСІЛДІ     

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясы
      Төрағасының орынбасары
      2002 ж. 5 шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады