Мемлекеттiк қызметшi емес су жолдары ұйымдарының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті "Кеме қатынасының тіркелімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерiнiң мамандықтары бойынша жұмыс өтiлiн есептеу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 8 тамыздағы N 275-І бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 23 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1959. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 827 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 23.10.2013 № 827 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

       Ескерту. Тақырыбы және одан әрі мәтіні "су жолдары ұйымдарының" деген сөздерден кейін "және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті "Кеме қатынасының тіркелімі" мемлекеттік мекемесінің" деген сөздермен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 105 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығына
сәйкес
                        БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк қызметшi емес су жолдары ұйымдарының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті "Кеме қатынасының тіркелімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерiнiң мамандықтары бойынша жұмыс өтілін есептеу ережесi бекiтiлсiн.
      2. Су көлiгi департаментi (Ж.М.Қасымбек) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен келiссiн және мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне ұсынсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi Н.З.Ниғматулинге жүктелсiн.
      4. Бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қарым-қатынастарға таралады.

      Министр

        Келiсiлдi                       Қазақстан Республикасы
  Қазақстан Республикасының             Көлiк және коммуникациялар
Еңбек және халықты әлеуметтiк                  министрiнiң  
   қорғау вице-министрі                  2002 жылғы 8 тамыздағы
  2002 жылғы 23 шілде                 N 275-І бұйрығымен бекiтiлдi

Мемлекеттiк қызметшi емес су жолдары ұйымдарының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті "Кеме қатынасының тіркелімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерiнiң мамандықтары бойынша жұмыс өтiлiн есептеу ережесi

      1. Осы Мемлекеттiк қызметшi емес су жолдары ұйымдарының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті «Кеме қатынасының тіркелімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерiнiң мамандықтары бойынша жұмыс өтiлiн есептеу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Мемлекеттiк кәсiпорын туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысының 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзiрленген.
      Ереже мемлекеттiк қызметшi емес су жолдары ұйымдарының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті «Кеме қатынасының тіркелімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерiнiң мамандықтары бойынша жұмыс өтiлiн (бұдан әрi – жұмыс өтiлi) есептеу тәртiбiн анықтайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010.09.29 № 439 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      2. Мамандық бойынша жұмыс өтiлiне су жолдары ұйымдарында және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, басқа ұйымдарда сол мамандықпен iстеген барлық жұмыс уақыты кiредi, сондай-ақ:
      1) сол мамандық бойынша мемлекеттiк қызметте болу;
      2) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, Қарулы Күштерде, iшкi, шекара әскерлерiнде, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының азаматтық қорғаныс басқармалары органдары мен бөлiмшелерiнде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдары жүйесiнде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнде және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланында офицерлiк құрамдағы адамдардың, прапорщиктердiң, мичмандардың, мерзiмнен тыс және мерзiмдiк әскери қызметтегi әскери қызметшiлердiң мiндеттi әскери қызметiн өткерген;
      3) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, басшы құрамдағы адамдардың iшкi iстер органдары жүйесiнде, прокуратура органдарында қызмет iстеген, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағындағы сот аппаратында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетiнде жұмыс iстеген;
      4) еңбек сiңiрген жылдары үшiн үстемеақы алатын құқық беретiн лауазымдардағы жұмысы, сот органдарындағы, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының соттарында, прокуратура органдарында, iшкi iстер органдарында, КСРО-ның мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдарында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнде тақылеттес лауазымдарда жұмыс iстеген;
      5) КСРО Мемлекеттiк банкi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жүйесiнде сол мамандықтар бойынша жұмыс iстеген;
      6) жүктi болу және бала тууға байланысты демалыс, сондай-ақ баланы күту жөнiндегi жалақысы сақталмайтын, заңнамаға сәйкес берілетiн қосымша демалыс уақыты;
      7) егер шетелге жiберер алдында қызметкер мемлекеттiк кәсiпорында жұмыс iстеген болса және көшу уақытын қоспағанда, шетелден қайтып келген күнiнен бастап екi айдың iшiнде мемлекеттiк кәсiпорынға қызметке тұрса, сол мамандық бойынша шетелде жұмыс iстеген;
      8) егер қызметкер курсқа түскенге дейiн мемлекеттiк кәсiпорында жұмыс iстесе және бiтiрген соң кәсiпорынға қайта оралса, оның кадрларды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру курстарында мемлекеттiк кәсiпорындар жолдамасымен жұмыстан қол үзiп оқыған;
      9) мамандық салалары бойынша ұйымдардағы ғылыми жұмыс;
      10) заңсыз жұмыстан шығару және кейiн жұмысқа қайта орналасудағы мәжбүрлi жұмыста болмау;
      11) Қазақстан Республикасының Парламентi депутатының, мәслихат депутатының өкiлеттiктерiн жүзеге асыру уақыты кiредi;
      12) оның еңбек қызметі өткен қызмет саласы мен ұйымдастыру құқықтық-нысанына қарамастан мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындардағы және басқа да ұйымдардағы басшылық лауазымындағы жұмысы.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 105 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      3. Осы Ережеге сәйкес есептелетiн жұмыс өтiлi күнтiзбелiк есептеуде ескеріледi.
      4. Күнтiзбелiк ай iшiнде лауазымдық жалақысын көбейту құқығы туындаған қызметкерлерге, жұмыс өтiлiн ескере отырып, лауазымдық жалақысын есептеу осындай құқық туындаған күннен бастап жүзеге асырылады.
      5. Жұмыс өтілiн құрамын ұйым басшысы бекiтетiн комиссия анықтайды.
      Жұмыс өтiлiн белгiлеу жөнiндегi комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделедi. Шешiмнен көшiрмелер екi данада жасалады және бiр данасы кадр қызметiне немесе кадр мәселелері бойынша жауапты қызметкерге, екiншiсi - бухгалтерияға берiледi.
        Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 105 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      6. Мына құжаттардың кез келгені:
      1) еңбек кітапшасы;
      2) тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
      3) еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;
      4) қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер;
      5) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған не нотариат растаған қызмет ету тізімі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
      6) қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат болып табылады.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010.09.29 № 439 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады