Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2001 жылғы 5 қаңтардағы N 3 "Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілерінің бірыңғай есебін жүргізудің реті және осындай қылмыс жасаған тұлғалардың N 1-К нысанды статистикалық кәртішкесін, Нұсқауды бекітіп, қолданысқа енгізу туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2002 жылғы 10 қыркүйектегі N 40 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 11 қазанда тіркелді. Тіркеу N 2005. Күші жойылды - ҚР Бас прокурорының 2004 жылғы 20 қаңтардағы N 4 (V042741) бұйрығымен.

      Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есептерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының "Прокуратурасы туралы" Заңының  11 бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2001 жылғы 5 қаңтардағы N 3 "Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілерінің бірыңғай есебін жүргізудің реті және осындай қылмыс жасаған тұлғалардың N 1-К нысанды статистикалық кәртішкесін, Нұсқауды бекітіп, қолданысқа енгізу туралы" бұйрығына  келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрық пен бекітілген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілерінің бірыңғай есебін жүргізудің реті және осындай қылмыс жасаған тұлғалардың N 1-К нысанды статистикалық кәртішкесіне, Нұсқауға:
      1) мәтін бойынша келесі сөз тіркестері "Облыстық прокуратуралар жанындағы және оларға теңестірілген құқықтық статистика және ақпарат орталық (тары, тарына, тарымен)" келесі "облыстар және оларға теңестірілген құқықтық статистика және ақпарат орталықтары (тары, тарына, тарымен)" деген сөз тіркестерімен ауыстырылсын;
      2) 7 тармақтағы қызмет сөзінен кейінгі "салық" сөзі "қаржылық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) 9 тармақтың 3 абзацы келесі мазмұнда берілсін:
      "құқық бұзушылықты айқындаған, және оны істі (материалдарды) қарастыруға өкілетті, соның ішінде орталық құралымдар, аумақтық бойынша ҚСжАО кәртішкелерді дереу жолдайды, әкімшілік істер бойынша шешім заңды күшіне енген соң дереу жолданады";
      4) 9 тармақтың 4 абзацы келесі мазмұнда берілсін:
      "құқық бұзушылықты айқындаған, бірақта субъектінің жауапкершілігін ісін (материалын) өкілетті емес болған жағдайда, осы іс-әрекет жөніндегі материалдар тәртіптік немесе әкімшілік жаза тағайындайтын органдарға жолданады. Істі (материалды) қарастырудың нәтижелері туралы өкілетті орган дереу әкімшілік істер бойынша - шешімнің заңды күшіне енген соң дереу құқық бұзушылықты анықтаған органға (лауазымды тұлғаға) хабарлама (5 қосымшаны) жолдайды. Осы ақпарат негізінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты айқындаған орган (лауазымды тұлға) аумақтық ҚСжАО-ғына кәртішкені жолдайды.";
      5) 9 тармақтың 5 абзацы алынып тасталсын;
      6) 12 тармақтың 3 абзацы келесі мазмұнда берілсін:
      "6 тармақта көрсетілуге тиісті іс-әрекеттің саралануы Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" заңымен  үйлестіріліп істі қараған органның бергендері - тармақта қолданған жаза шаралары";
      7) 12 тармақтың 4 абзацындағы "9-18" сандары "9-17" сандарымен ауыстырылсын, келесі сөзтіркестері "19-23 тармақтардағы - заңды тұлға жөніндегі мәліметтер" алынып тасталсын;
      8) 13 тармақтың 1 абзацындағы 24,25 сандары 18,19-бен ауыстырылсын, 2 абзацтағы 26,27 сандары 20,21-мен ауыстырылсын;
      9) 18 тармақ келесі редакцияда берілсін:
      "Тұлғаны тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім заңдарда белгіленген реттерде өзгертілсе, немесе жойылса, мемлекеттік орган (лауазымды тұлға) бұл туралы сыбайлас жемқорлық қылмыстылықты айқындаған органға дереу хабарлайды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстылықты айқындаған орган, өз кезегінде (4 қосымша) 2 дана хабарламаны дереу ҚСжАО жолдайды, ол бір данасын ҚСжА(Д)О жібереді. Хабарлама жергілікті және орталықтандырылған есептерге түзетулер енгізуге негіз болады.";
      10) 22 тармақ келесі сөйлемдермен толықтырылсын:
      "Сұрау салудың 7 тармағында тексерілушінің лауазымы немесе тексерілушінің үміттенген лауазымы көрсетілуі керек. Сұрау салу мөрмен куәландырылады.";
      11) 26 тармақтың екінші абзацы келесі мазмұнда берілсін:
      "Сұрау салу өзінің нысандық түрі бойынша, "қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасаған ведомстволық бағынышты соттармен белгіленген реттерде әрекетке қабілетсіздігі мойындалған, немесе әрекетке қабілеттілігі шектелген; сондай ақ мемлекеттік лауазымды қызметке орналасу құқығынан сот шешімімен айырылған тұлғалардың істерін есепке алып, жүргізудің бірыңғай реттері туралы", Нұсқаудың 4 қосымшасына ұқсас";
      12) 27 тармақ келесі мазмұнда берілсін:
      "Сұрау салу бойынша тексерілуші тұлға жөніндегі орталықтырылған есептегі барлық мәліметтер, мерзімінің өтелуінен, сотталғандығының жойылуынан, қылмыстық қудалаудың тоқтатылу негіздерінен тәуелсіз беріледі.
      Егерде сұрау салынған тұлға жөнінде есепте мәліметтер болмаған жағдайда сұрау салудың сыртына "мәліметтер жоқ" деген мөртаңба басылады. Орталықтандырылған есепте тексерілуші тұлға жөнінде қандайда болмасын деректер болған жағдайда сұрау салудың сыртына "Анықтауды жүргізген қызметкер" деген мөр табан басылып тексерудің уақыты көрсетіледі.".
      2. N 1-К нысанды сыбайлас жемқорлық қылмыстармен құқық бұзушы тұлғаларды есепке алу кәртішкесінің 4 тармағындағы деректемеде "салық полициясы (9)" сөздерін "қаржы полициясы (9)" деген сөздермен ауыстырылсын. 12, 19, 20, 21, 22, 23 тармақтары алынып тасталсын да нөмірлік реттері сәйкестендірілсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының орынбасары М.Қ.Ваисовқа жүктелсін.

     Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасының
     Бас Прокуроры міндетін             Жоғарғы Сотының
     атқарушы                               Төрағасы

                                        "Келісілген"
                                        9 қыркүйек 2002 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады