Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызметтердi көрсету ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 185-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 17 қазанда тіркелді. Тіркеу N 2014. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 14 наурыздағы № 82-нқ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 14.03.2013 № 82-нқ бұйрығымен.

      Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызметтердi көрсету тәртiбiн белгiлеу, олар көрсететiн қызметтерге бағаны реттеу мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызметтердi көрсету ережесi бекiтiлсiн.
      2. Бәсекелестiктi дамыту департаментi (Н.Х.Жұмабаева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оны кейiннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн.
      3. Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (Б.Б.Досан) осы бұйрықты Агенттiктiң аумақтық департаменттерiнiң назарына жеткiзсiн.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттiк төрағасының орынбасары А.Р.Ойнаровқа жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Төраға

Қазақстан Республикасының   
Табиғи монополияларды реттеу 
және бәсекелестікті қорғау  
жөніндегі агенттігі төрағасының
2002 жылғы 11 қыркүйектегі  
N 185-НҚ бұйрығымен     
бекітілген         

Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк
мекемелердiң ақылы қызметтердi көрсету ережесiн
бекiту туралы 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызметтердi көрсету ережесi (бұдан әрi - Ереже) мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызметтердi көрсетуiнiң, олар көрсететiн ақылы қызметтерге бағаларды қалыптастырудың, қараудың және бекiтудiң бiрыңғай тәртiбiн белгiлеу мақсатында енгiзiлiп отыр.

      2. Осы Ереже мемлекеттiк органдар болып табылмайтын, тiзбесi заңнамаға сәйкес қалыптастырылатын және бекiтiлетiн мемлекеттiк мекемелерге қолданылады.

      3. Ақылы қызметтердi көрсетуден түсетiн түсiмдердi мекеменiң ағымдағы "Ақылы қызметтерден түсiмдер" шотына есептеуге рұқсат етiлетiн, мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелер Қазақстан Республикасының тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Заңымен айқындалады. Қараңыз K080000095, P090000220 

      4. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      уәкiлеттi органдар - басқаруында мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелер бар орталық немесе жергілiктi атқарушы органдар;
      тұтынушылар - мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк органдардан қызметтердi алатын заңды тұлғалар мен азаматтар.

      2. Ақылы қызметтердi ұсыну тәртiбi

      5. Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелер тұтынушыларға ақылы қызметтердi көрсету орындарында мынадай көрнекi ұсынылған ақпаратқа ие болуға тиiс:
      1) толық көлемде (қысқартусыз) баяндалған осы Ереже;
      2) осы мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелер көрсететiн ақылы қызметтердің, өтiнiштердi қарау мерзiмдерi көрсетiлген тiзбесi;
      3) уәкiлеттi органдар бекiткен, ұсынылатын қызметтер бағаларының прейскуранты.

      6. Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелер ақылы қызметтердi тұтынушының ауызша немесе жазбаша өтiнiшiнiң негiзiнде көрсетедi.

      7. Прейскурантта көзделмеген төлемдi өндiрiп алуға тыйым салынады.

3. Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк
мекемелер мен тұтынушылардың ақылы қызметтердi көрсету
(алу) кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi

      8. Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелер:
      1) тұтынушыларға көрнекi және қол жетер нысанда қажеттi және сенiмдi ақпарат ұсынуға;
      2) тұтынушыларға көрсетiлiп отырған ақылы қызметтерге қатысты мәселелер бойынша түпкiліктi тегiн консультациялар беруге;
      3) қызметтердi толық көлемде, прейскурантта көзделген баға бойынша және мерзiмдерде ұсынуға мiндеттi.

      9. Тұтынушылар:
      1) мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелер көрсететiн қызметтер үшiн төлем жасауға;
      2) мекемелерге өзiнiң деректемелерiн:
      заңды тұлғалар - ұйымның атауын, орналасқан орнын, төлем деректемелерiн, СТН;
      жеке тұлғалар - аты-жөнiн, тұрғылықты орнын, төлем деректемелерiн, СТН хабарлауға мiндеттi.

      10. Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелер ақылы қызметтердi ұсыну кезiнде қызметтерге алдын ала ақы төлеудi талап етуге құқылы.

      11. Ақылы қызметтi ұсынбаған немесе тиiсiнше ұсынбаған жағдайда тұтынушы заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекеменің іс-қимылдарына шағымдануға құқылы.

4. Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк
мекемелердiң ақылы қызметтерiне баға белгiлеу тәртiбi

      12. Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызметтерiне бағаларды осы Ережеге сәйкес өздерi дербес белгiлейдi және басқаруында осы мекемелер бар Уәкілеттi органдар бекiтедi.

      13. Мекемелердiң ақылы қызметтерiне бағаларды бекiту немесе оларды өзгерту тоқсанына бiр реттен жиi жүргiзiлмейдi.
      Бекiтiлген бағалар алдағы тоқсан басының 1 күнiнен бастап енгiзiледi.

      14. Уәкілеттi органдар қосымша материалдарды сұратуға құқылы, мекемелер оларды сұрау алынған сәттен бастап, үш күндiк мерзiмде ұсынуға мiндеттi.
      Бағаларды бекiту мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
      1) мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелер баға жобаларын Уәкілеттi органдарға тоқсан басталғанға дейiн 45 күн бұрын ұсынады;
      2) уәкілеттi органдар бағаларды бекiтуге қажеттi барлық материалдарды алған күннен бастап 20 күндiк мерзiмде ұсынылған жобаларды қарайды және тиiстi шешiмдер қабылдайды.

      15. Бағалардың жобалары титул парағы, "Жалпы ереже" бөлiмi, бағалардың кестесi бар прейскуранттардың жобалары нысанында ұсынылады.

      16. Прейскуранттардың жобаларына:
      1) көрсетiлетiн қызметтер үшiн төлемдер өндiрiп алу негiзiнде бағаларды бекiту немесе қайта қарау қажеттiгi негiзделетiн түсiндiрме жазба, төлем өндiру негiздемесi;
      2) қызметтердi көрсету жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттама;
      3) өткен кезеңдегi (жыл, тоқсан) қаржыландыру жоспары;
      4) 1-нысан бойынша баға жобасын есептеуге арналған жиынтық деректер (1-қосымша);
      5) 2-нысан бойынша қызметтердiң әрбiр түрi бойынша шығындар құрамының калькуляциясы (2-қосымша);
      6) шығындардың баптары бойынша таратып жазу (3, 4-қосымшалар);
      7) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi белгiлеген тәртiппен Уәкiлеттi органдар бекiткен уақыт нормалары қоса берiледi.

      17. Есеп айырысу және негiздеушi материалдардың әрбiр парағына мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекеменiң басшысы мен бас бухгалтерi қол қояды.

5. Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын
мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызметтерiне бағаларды
қалыптастыру тәртiбi

      18. Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелер көрсететiн ақылы қызметтерге бағаларды қалыптастыру кезiнде Бухгалтерлiк есептiң стандарттарына, салық заңдарына сәйкес келетiн шығындар, осы Ережеде көзделген шектеулердi ескере отырып,
ескерiледi.
      Ұсынылатын материалдардағы есептiк деректер Бухгалтерлiк есеп стандарттарының тиiстi нысандары көрсеткiштерiнiң негiзiнде толтырылады.

      19. Бағаларды қалыптастыру кезiнде шығындардың құрамында көрсетiлетiн қызметтердiң өзiндiк құнына тура және тiкелей енгiзiлуi мүмкiн қызметтердi көрсетумен байланысты шығыстар ескерiледi:
      1) материалдық шығындар (шикiзат және материалдар, сатып алынатын бұйымдар мен жартылай дайын бұйымдар, көмекшi материалдар) кiредi.
      Бағаларға енгiзiлетiн материалдық шығындар, егер заңдарда оларды бекiтудiң басқа тәртiбi көзделмесе, Уәкiлеттi орган бекiткен немесе сараптық бағалаудан өткiзген өнiм бiрлiгiн шығаруға жұмсалатын шикiзаттың, материалдардың, электр энергиясының шығыс
нopмaларына сүйене отырып, айқындалады.
      Материалдық шығындардың құны қосылған құн салығынсыз бағалардың калькуляциясында ескерiледi;
      2) мекемелердiң қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi мемлекеттiк қызметшiлер болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiне сәйкес, заңдарда белгiленген тәртiппен қолданылады;
      3) ақылы қызметтердi көрсету кезiнде тiкелей iске қосылған өзге де шығындар енгiзiледi.

      20. Еңбекақы төлеуге шығыстарды есептеу кезiнде қызметкерлердiң нақты, бiрақ нормативтiктен аспайтын саны ескерiледi.
      Қызметкерлердiң нормативтiк саны мен мекемелерi ақылы қызметтерiне жұмсалатын уақыт нормативтерiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi
министрлiгi белгiлеген тәртiппен Уәкілетті орган бекiтедi.

      21. Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызметтерiне бағаларды қалыптастыру кезiнде ақылы қызметтердi көрсетумен тiкелей байланысы жоқ шығыстар (жалпы және әкiмшiлiк шығыстар) мен пайда нормасы ескерiлмейдi.

      22. Мекемелердiң ақылы қызметтерiне баға теңгемен белгiленедi.

6. Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын
мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызметтердi көрсету
тәртiбiн бақылау

      23. Уәкiлеттi органдар мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелердiң қызметiне ақылы қызметтердi көрсету мен құнын есептеу бөлiгiнде жыл сайын тексерулердi жүзеге асыруға құқылы. Тексеру нәтижелерi бойынша бағаларды негiздеу үшiн берiлген деректердiң нақты деректерден елеулi ауытқуы анықталған кезде уәкiлеттi органдар өз шешiмiн жоюға немесе прейскурантқа өзгерiстер енгiзуге құқылы.

      24. Осы Ереженiң орындалуын бақылауды бәсекелестiктi дамыту және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы агенттiгi жүзеге асырады.

7. Осы Ереженiң талаптарын сақтамағаны
үшiн жауапкершiлiк

      25. Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелердiң лауазымды тұлғалары осы Ереженiң талаптарын орындамағаны және тиiсiнше орындамағаны үшiн, сондай-ақ сенiмсiз және жалған мәлiметтердi ұсынғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жауапкершiлiкке тартылады.

Қазақстан Республикасы Табиғи       
монополияларды реттеу және        
бәсекелестікті қорғау жөніндегі     
агенттігінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі 
N 185-НҚ бұйрығымен бекітілген     
Мемлекеттік органдар болып табылмайтын 
мемлекеттiк мекемелердiң ақылы     
қызметтердi көрсету ережесiне     
1-қосымша               

1-нысан  

Мекен-жай (факс, тел.)

Мекеменiң атауы __________________________

1-нысан

Құрылтайшы _______________________________

200__ жылғы "___"______________ жағдай бойынша
бағалар жобасын есептеуге арналған деректер

N !Шығындар баптары мен басқа!Өткен кезең.!Ақылы қызметтердi көр.
  !да көрсеткiштерiң атаулары!дегi (жылғы)!сету жөніндегi шығыстар
  !                          !ақылы қыз.  !-----------------------
  !                          !меттер жө.  !Қолданыс.!Бiр   !Баға
  !                          !нiндегi нақ.!тағы ба. !жылға !есеп.
  !                          !ты көрсет.  !ғада қа. !баға  !теу
  !                          !кiштер      !былданды !есеп. !үшін
  !                          !------------!   жыл   !теу   !уәкі.
  !                          !Бар.!Оның   ! (тоқсан)!үшін  !летті
  !                          !лығы!iшiнде !         !мекеме!орган
  !                          !    !тоқсан.!         !жоба. !бір
  !                          !    !дар бо.!         !лайтын!жылға
  !                          !    !йынша  !         !көр.  !(тоқ.
  !                          !    !бөле   !         !сет.  !санға)
  !                          !    !отырып !         !кіштер!қабыл.
  !                          !    !       !         !      !дады
------------------------------------------------------------------
1!             2            !  3 !   4   !     5   !   6  !  7
------------------------------------------------------------------
1. Ақылы қызметтерді көрсету.
   ден түскен қаражат түсім.
   дерi
   (млн. теңге)            -
   барлығы

2. Ақылы қызметтердi көрсету
   жөніндегi шығындар
   (млн. теңге)            -
   барлығы

1) Шикiзат пен материалдар
2) Сатып алынған бұйымдар,
   жартылай фабрикаттар,
   көмекшi материалдар
3) Отын
4) Энергия
5) Басқа шығындар
6) Негiзгi құралдардың тозуы
7) Материалдық емес
   активтердiң өтелiмi
8) Еңбекақы шығыстары
   барлығы -
   Оның iшiнде:
   үстемеақылар, төлемдер,
   өтемақылар
9) Еңбекақы төлеуден
   аударымдар

   АНЫҚТАМА:
1  Саны - барлығы  
   (мың адам)
   оның iшінде:
   Ақылы қызметтерді
   жүзеге асыратын:
   норматив бойынша
   нақты

Басшы
Бас бухгалтер

Қазақстан Республикасы Табиғи       
монополияларды реттеу және        
бәсекелестікті қорғау жөніндегі     
агенттігінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі 
N 185-НҚ бұйрығымен бекітілген     
Мемлекеттік органдар болып табылмайтын 
мемлекеттiк мекемелердiң ақылы     
қызметтердi көрсету ережесiне     
2-қосымша               

2-нысан

________________________________
(қызмет, жұмыс атауы)

________________________________
(мекеме атауы)

КАЛЬКУЛЯЦИЯСЫ

Қолданыстағы баға: _____ теңге _____ тиын

Бекiтiлген күнi: 200__ жылғы ____________

Калькуляциялық бiрлiк: 1 қызмет

N !Шығындар баптары мен басқа да!Өткен кезең.!Баға   !Баға есептеу
  !   көрсеткіштердің атауы     !дегі нақты  !есептеу!үшін Уәкі.
  !                             !көрсеткiштер!үшiн   !летті орган
  !                             !            !Мекеме !қабылдады
  !                             !            !жоспар.!
  !                             !            !лайтын !
  !                             !            !көрсет.!
  !                             !            !кiштер !
-------------------------------------------------------------------
1 !              2              !      3     !   4   !      5
-------------------------------------------------------------------
1  Шикiзат пен материалдар

2  Сатып алынған бұйымдар,
   жартылай фабрикаттар, көмекшi
   материалдар

3  Отын

4  Энергия

5  Негiзгi құралдардың тозуы

6  Еңбекақы төлеу шығыстары
   барлығы -
   Қосымша еңбекақы
   (үстемеақылар, төлемдер,
   өтемақылар)
   Еңбекақы төлеуден аударымдар

7  Басқа шығындар

8  Қызметтердi ұсыну жөнiндегi
   барлық шығын

9  Қызметтiң қосылған құн
   салығынсыз бағасы

10 Қосылған құн салығы

   Қызметтiң ҚҚС-мен бiрге
   бағасы

Басшы
Бас бухгалтер

Қазақстан Республикасы Табиғи       
монополияларды реттеу және        
бәсекелестікті қорғау жөніндегі     
агенттігінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі 
N 185-НҚ бұйрығымен бекітілген     
Мемлекеттік органдар болып табылмайтын 
мемлекеттiк мекемелердiң ақылы     
қызметтердi көрсету ережесiне     
3-қосымша               

(2-нысанға) 

Материалдық шығындарды таратып жазу

   Материалдық   !Өлшем бiрлігі! Баға есептеу кезiнде ескерiлген
шығындардың атауы!             !  нормалар бойынша бiр қызметке
                 !             !       жұмсалатын шығындар
                 !             !-----------------------------------
                 !             !   шығыс    !    баға    ! сома
                 !             ! нормалары  !            !
-------------------------------------------------------------------
        1        !       2     !      3     !      4     !   5
-------------------------------------------------------------------
Шикiзат пен
материалдар

Көмекшi
материалдар

Энергия

Отын

Басшы
Бас бухгалтер

Қазақстан Республикасы Табиғи       
монополияларды реттеу және        
бәсекелестікті қорғау жөніндегі     
агенттігінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі 
N 185-НҚ бұйрығымен бекітілген     
Мемлекеттік органдар болып табылмайтын 
мемлекеттiк мекемелердiң ақылы     
қызметтердi көрсету ережесiне     
4-қосымша               

(2-нысанға)

"Еңбекақы" бабы бойынша таратып жазу

    Жұмыс түрлерi     !      Баға есептеу кезiнде ескерiлдi
                      !--------------------------------------------
                      !Еңбек сыйымдылығы ! 1 сағаттың !  Еңбекақы
                      !   нормативтері   !    құны    !   сомасы
-------------------------------------------------------------------
Лауазымдық жалақы

Үстемеақылар, төлемдер

Өтемақылар

Барлығы:

Басшы
Бас бухгалтер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады