Банкроттық рәсімдерінде кредиторлар талаптарының тізілімін калыптастыру және бекіту жөніндегі Нұсқаулықтың бекітілуі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2002 жылғы 1 қазандағы N 4 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 6 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2034. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс Комитетi төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 12 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс Комитетi төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 12 бұйрығымен (2006 жылғы 8 желтоқсанда N 213-ші "Заң газеті" газетінде жарияланды).

----------------Бұйрықтан үзінді---------------------
       Бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс Комитетi Төрағасының кейбiр бұйрықтарының күшi жойылған деп танылсын.
      2. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төраға  

      Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз
борышкерлермен жұмыс Комитетi
төрағасының 2006 жылғы   
20 наурыздағы N 12 бұйрығына 
қосымша           

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс
Комитетi Төрағасының күшi жойылған кейбiр
бұйрықтарының тiзiмi

      ...
      4. "Банкроттық рәсiмдердегi кредиторлардың талаптары тiзiмiн бекiту және қалыптастыру Нұсқаулығын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетi Төрағасының 2002 жылғы 1 қазандағы N 4 бұйрығы, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2034 тiркелген...
-----------------------------------

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Банкроттық туралы  Заңын  іске асыру және құру тәртібі жөніндегі комитеттің өз қызметі шегінде банкроттық рәсімін өткізуге бақылау жүргізуді іске асыру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Банкроттық рәсімдерінде кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру және бекіту жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының орынбасарына Н.Қ.Мақажановқа жүктелсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді.

       Төраға

Қазақстан Республикасы      
Қаржы министрлігінің Дәрменсіз  
борышкерлермен жұмыс жөніндегі  
комитеті төрағасының      
2002 жылғы 01 қазанындағы    
N 4 бұйрығымен бекітілген    

  Банкроттық рәсімдерінде кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру және бекіту туралы
 нұсқаулық

      Осы Банкроттық рәсімдеріне кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру және бекіту туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы  Заңына  сәйкес әзірленген және банкроттық рәсімдерінде кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру, қарау және бекіту мәселелерін реттейді.

  1. Конкурстық іс және соттан тыс тарату рәсімі барысында кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру,
 қарау және бекіту

      1. Конкурстық басқарушы конкурстық іс және борышкерді соттан тыс тарату рәсімі барысында кредиторлар талаптарын өтеу және олардың мүдделерін қалыптастыру мақсатында кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастырады.

      2. Борышкерді банкрот деп тану туралы хабарламаны және кредиторлар талаптарын өтініш тәртібімен жариялауды конкурстық басқарушы өзінің тағайындалу күнінен бастап бір апта мерзімде,  Заңның  70-бабының 1-тармағындағы 1 және 2-тармақшаларының талаптарына сәйкес ресми баспа басылымдарында орналастырады.

      3. Борышкерлерге кредиторлар талаптарын борышкерді банкрот деп тану туралы хабарламаны жариялау, борышкерді таратудың соттан тыс рәсімін жүргізу және  Заңның  71-бабының 1-тармағындағы екінші бөліктің талаптарына тиісті мәліметтер болуы сәтінен бастап, олар екі айлық мерзімнен кешіктірмей мәлімдеуі тиіс.

      4. Кредиторлар белгіленген мерзімде талаптарын конкурстық басқарушы оларды алу күнінен бастап бір айлық мерзімде қарауы тиіс және танылған олардың талаптарын кредиторлар қалыптастыратын талаптарының тізіліміне енгізіледі. Егер, конкурстық басқарушы оған қарсы қарау мерзімінде ( Заңның  71-бабының 2-тармағы) келіспеушілік қоймаса, талап танылған деп саналады.

      5. Кредиторлар талаптарын қарау нәтижелері туралы (толық көлемде немесе бөлігінде талаптарды тану немесе танымау туралы) конкурстық басқарушы жазбаша түрде әрбір кредиторды танымау себебін көрсете отырып, осындай шешімді қабылдау күнінен кейінгі күнде құлақтандырылады.
      Конкурстық басқарушы құлақтандыруды бекіту үшін уәкілетті органға кредиторлар талаптарын қарауды аяқтау және қалыптастырылған тізілімді беру мерзімдері туралы кредиторға хабарлайды.

      6. Тізілімге оны енгізу туралы немесе талаптар сомасы туралы конкурстық басқарушы мен кредитор арасындағы туындайтын келіспеушіліктерді уәкілетті орган немесе кредитордың тиісті өтініші бойынша сот қарайды.
      Соттың шешімі немесе уәкілетті органның талабы не тиісті өзгеріс күшіне енгені бойынша кредиторлар талаптар тізіліміне қойылады.

      7.  Тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 37   бұйрығымен .

      8.  Заңның  78-бабының 1-тармағына сәйкес кредиторлар талаптарының сомасын айқындау кезінде екінші кезекте осы баптың 2 және 3 тармақтарында көзделген мына жағдайларды қоспағанда банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін жинақталып қалған және борышкерді банкрот деп тану және тарату туралы сот шешімі күшіне енгенге дейін төленбеген өтелмеген берешек ескеріледі:
      1) егер жалақы төлеу бойынша кредиторға банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін бір жыл ішінде бұрынғымен салыстырғанда жоғары еңбекақы белгіленсе, яғни, егер банкроттық туралы іс бойынша іс қозғау туралы сот ұйғарымын шығарған күнге дейінгі бір жыл кезеңінде кредиторға бұрынғымен салыстырғанда жоғары жалақы белгіленсе, жоғарлатудың бұл сомасы екінші кезектің саналмайды және бесінші кезекке енгізілуі тиіс.
      Бұл ереже бір лауазым немесе мамандық бойынша лауазымдық жалақы немесе тарифтік ставкасын көбейту сомаларына, сондай-ақ, егер оның тек қана осы шарты өзгерілсе жеке еңбек шартында көзделген жалақы мөлшері сомасының көбейтілуіне қатысты қолданылады;
      2) егер еңбекақы төлеу бойынша кредитормен еңбек қатынасы банкроттық туралы іс қозғалуға дейін бір жылдың ішінде туындаса, оның талаптарының борышкерде қалыптасқан есеп-қисабы банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі жылдан бір жыл бұрынғы орташа айлық жалақысынан аспайтын мөлшерде жүргізіледі.
      Бұл шарттар банкроттық туралы іс бойынша іс қозғалғанға дейінгі бір жылдан бастап уақыт кезеңі ішінде жұмысқа орналасқан кредиторлар жалақы төлеу бойынша талаптарына қатысты.
      Мұндай кредиторлар берешек сомасы банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі бір жылдың алдындағы он екі күнтізбелік айда борышкерде құралған ұқсас лауазым немесе мамандықтың орташа айлық лауазымдық жалақысы немесе тарифтік ставкасынан мөлшерде есептеледі.
      Мұндай кредиторларға белгіленген лауазымдық еңбекақы немесе тарифтік ставка бойынша жоғарлату сомасы кредиторлар талаптарының тізілімінің екінші кезегіне есептелмейді және бесінші кезекке енгізілуі тиіс.
      Кредиторлар екінші кезектегі талаптарын өтеу кезінде міндетті зейнетақы жарналары бойынша сомалар зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңдарға сәйкес олардың дербес шоттарына аударылады. Көрсетілген сомаларды жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару, сондай-ақ жалақыдан есептеліп алынған табыс салығының сомасы осы табыстар төленетін кезек құрамында жүргізілуі тиіс.
      Банкротты таратуға байланысты банкрот жұмысшыларының жұмыстан босатылуымен байланысты шығу жәрдемақысы мен өтемақыларын есептеу конкурстық өндірісте жүргізіледі және бұл төлемақылар конкурстық өндірістің әкімшілік шығыстарына кіреді. Еңбек қатынастарына байланысты осы төлемақылардан есептелген жеке табыс салығының сомалары әкімшілік шығыстар шеңберінде бюджетке аударылады.

      9. Кредиторлар алдындағы талап сомаларын анықтау кезінде үшінші кезекте кепілмен қамтамасыз етілген бөлігінде берешек есептеледі. Кепілмен қамтамасыз етілмеген міндеттемелер бөлігіндегі берешек кредиторлар талаптарының тізілімінің бесінші кезектегі талаптар құрамына енгізіледі.
      Конкурстық басқарушы әрбір кепілді қарыздың кезекке енгізілу негіздемесін тексереді. Бұндай негіздемелер болып тиісті түрде ресімделген және белгіленген тәртіппен тиісті уәкілетті органдарда (сәйкес облыстар, Астана, Алматы қалаларының "Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" РМК, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы басқармасы, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі) тіркелген кепіл шарты, сондай-ақ конкурстық масса құрамында кепіл мәні ретінде көрсетілген мүліктің болуы табылады.
      Конкурстық масса құрамында кепілге қойылған мүлік жоқ болған кезде кредитордың талабы жалпы бесінші кезекте есептеледі.

      10. Төртінші кезекте кредиторлар талаптарының сомасын анықтау кезінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша банкроттық туралы іс жөнінде іс қозғалған кезде пайда болған айыппұлдар мен өсімақыларды қоспағанда борышкердің бюджетке берешегі ескеріледі.
      Бұл кезде конкурстық басқарушы бірінші және екінші кезекте кредиторлар талаптарының есеп-қисабы кезінде есептелген әлеуметтік салық сомасы да төртінші кезекке енгізілетінін ескеруі тиіс.

      11. Бесінші кезектегі талаптардың құрамына енетін талаптардың сомасын айқындау кезінде кредиторлар азаматтық-құқықтық міндеттемелері бойынша талаптарының, оның ішінде кредиторларға тиесілі сыйақы (мүдде),  Заңның  78-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбекақы төлеу мен өтем төлеу, сондай-ақ  79-бабының  3-тармағымен және  80-бабының  3-тармағымен белгіленген өзге кезектегі кредиторлар талаптарының ескеріледі.
      Бесінші кезектегі кредиторлар зияндарды өтеу және айыпты (айыппұл, өсімақылар) өндіріп алу жөніндегі талаптарының жеке есепке алынады және есептелетін сыйақы (мүдде) өтелгеннен кейін қанағаттандырылуы тиіс.

      12. Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру кезінде конкурстық басқарушының борышкердің қаржы-шаруашылық қызметіне аудит өткізген жағдайда, борышкердің тиісті міндеттерінің негізділігі бөлігінде аудиттің тұжырымын ескеру қажет.

      13. Борышкердің барлық берешегінің түрі бойынша тұрақсыздық айыбы (өсімақылар, айыппұлдар) және сыйақы есептеу борышкерді банкрот деп тану және оны тарату туралы сот шешім қабылдаған сәттен бастап тоқтатылады.

      14. Кредиторлар талаптарының қалыптасқан тізілімін конкурстық басқарушы:
      борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енген;
      таратудың соттан тыс рәсімін өткізу туралы уәкілетті орган шешім шығарған күннен бастап үш айдан кешіктірмей уәкілетті органға бекіту үшін (1 және 2-қосымшалар) береді.

      15. Кредиторлар талаптарының тізілімін растайды құжаттар өзіне:
      1) бірінші кезекте:
      өтініш, сараптама комиссиясының әлеуметтік-медициналық қорытындысын (СКӘМ), сот шешімі болған кезде, бақытсыздық жағдай туралы актілерді, төлем ведомосі және берешек пен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 17 наурыздағы N 201  қаулысымен  бекітілген "Жұмысшылар мен қызметшілерге еңбек міндетін атқаруына байланысты мертігіп қалған жағдайда немесе денсаулығына басқаша зақым келгенде олардың шеккен зиянын меншіктің барлық нысанындағы ұйымдардың өтеуі жөніндегі ереже" және жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына келген зиянды өтеу тәртібін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес есептелген капиталдандыру бойынша есептерді;
      2) екінші кезекте:
      өтініш, төлем ведомосі, еңбек шарты бойынша жұмыс істеп жүрген тұлғаларға еңбекақы төлемі және өтемақы төлеу бойынша берешектер, соның ішінде жалақыдан ұсталынған алименттер және міндетті зейнетақы жарналарды төлеу бойынша берешектер, сондай-ақ сот шешімі болған кезде, авторлық шарт бойынша сыйақыларды есептеу есебін;
      3) үшінші кезекте:
      сот шешімі болған кезде ресімделген кепіл шартының үлгісіне жататын өтініші;
      4) төртінші кезекте:
      өтініш, сот шешімі болған кезде салыстыру актілерін;
      5) бесінші кезекте:
      өтініш, шарт, орындалған жұмыстар, қызмет көрсетулер, жеткізулердің актілерін, сот шешімін, салыстыру актілері және т.б. болған кезде төлем тапсырмаларын;
      кредиторлық берешектері бойынша аудиттің тұжырымы болған кезде қосып алуы қажет.

      16. Құжаттар түпнұсқада (телнұсқада) берілуі қажет, ол болмаған кезде құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері беріледі. Құжаттардың мазмұны номенклатура бойынша істің бас тақырыбына сәйкес келуі қажет. Әр істің бас тақырыбы қысқа және қорытындалған нысанда іс құжаттарының мазмұны мен тізбесін көрсетуі қажет.
      Әр іс нөмірленуі, тігілуі (баулануы) және істің келесі жағы борышкердің мөрі және конкурстық басқарушының қолымен расталуы қажет.
      Құжаттар хронологиялық тәртіпте немесе шимай жазбалар мен артық данасыз қисынды тізбектілікте тігіледі.
      Конкурстық басқарушы берілген істердің растығы мен қалыптасу дұрыстығына жауапкершілікте болады.

      17. Конкурстық басқарушы уәкілетті органға өтініш, кредиторлар талаптарының тізілімі, оларды қарау қорытындыларын жібереді және қабылдау-беру актілері бойынша осы нұсқаулықтың 18-тармағында көзделген нормаларға сәйкес ресімделген құжаттарды береді.
      Уәкілетті орган кредиторлар қарсылық білдірмеген жағдайда, апталық мерзімде кредиторлар талаптарының тізілімін бекітеді.
      18. Кредиторлар талаптарының тізілімін бекіту туралы өкілетті органның бұйрығы (3-қосымша) екі түрде толтырылады. Оның біреуі конкурстық басқарушыға беріледі, екіншісі - уәкілетті органда сақталады.      
      Кредиторлар талаптарының тізілімін бекіту туралы уәкілетті органның бұйрығы шығарылғаннан кейін әрбір параққа уәкілетті органның жауапты тұлғасы мен конкурстық басқарушының қолы қойылуы қажет. Кредиторлар талаптарының тізілімінің бір данасы уәкілетті органда қалады, екіншісі - конкурстық басқарушыға қайтаруға жатады.
       Ескерту: 18-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі  Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 25 ақпандағы N 17   бұйрығымен .

      19. Уәкілетті орган кредиторлары талаптарының тізілімін бекіткеннен кейін қабылдау-беру актілері бойынша оларға берілген құжаттарды конкурстық басқарушыға қайтарады. Бұл ретте, өз мөрі мен қолын тігілген (бауланған) істің келесі жағына қояды.

      20. Кредиторлар тарапынан қарсылықтар болған кезде, туындаған дау  Заңның  72-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіпте қаралады.

      21. Бекітілген кредиторлар талаптарының тізілімінде қолданылып жүрген заңдарда көзделген негіздемелер болған кезде өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Бұл жағдайда, өзгерістер мен толықтыруларды ресімдеу тәртібі бастапқы бекітілген кредиторлар талаптарының тізіліміне (1, 2 және 3-қосымшалар) ұқсас.

      22. Жоқ борышкердің кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру және бекіту жағдайларында, конкурстық басқарушы немесе уәкілетті орган кредиторлар мәлімдеген талаптар және  Заңның  94,  95-тармақтарында  белгіленген тәртіпте расталған құжаттар негізінде талаптар тізілімі қалыптасады.
      Осы Нұсқаулықтың 17 және 18-тармақтарында белгіленген мерзімде өкілетті органның бұйрығы шығарылады және тәртіпке енгізіледі.
       Ескерту: 22-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі  Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 25 ақпандағы N 17   бұйрығымен .

      23. Конкурстық өндірісті іс қозғаусыз және уәкілетті органға тарату өткізуін тапсыруымен жоқ борышкерді тарату туралы сотпен шешім қабылдаған кезінде, уәкілетті орган осы Нұсқаулықтың 4-9-тармақтарына сәйкес кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастырады.

  2. Оңалтылған рәсім кезінде кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру, қарау және бекіту

      24. Қоса берілген оңалту рәсімдерін қолдану туралы қолдау хатқа борышкерді оңалту жоспарында Заңның  47-бабы  2-тармағында көрсетілген кредиторлардың алдындағы берешекті өтеу мерзімі туралы мәліметтер болуы тиіс.
       Ескерту: 24-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 7   бұйрығымен .

      25. Заңның  10-бабының  1-тармағына сәйкес оңалту басқарушы кредиторлар талаптарын өтеу және оңалту рәсімдеріне олардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында кредиторлар талаптарының тізілімін оңалту рәсімі кезінде қалыптастырады.
       Ескерту: 25-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 7   бұйрығымен .

      26. Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру, оны бекіту, өзгерістер мен толықтырулар енгізу осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
       Ескерту: 26-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 7   бұйрығымен .

      27. Кредиторлар талаптары тізіліміне Заңның  47-бабы  2-тармағында көрсетілген, оңалту рәсімін қолдану сәтінде туындаған кредиторлар алдындағы берешектің сомасы енгізіледі.
       Ескерту: 27-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 7   бұйрығымен .

      28. Оңалту басқарушы кредиторлар талаптарының қалыптасқан тізілімін оңалту рәсімін қолдану туралы хабарлама шыққан күннен бастап үш айдан кешіктірмей уәкілетті органға бекіту үшін осы Нұсқаулыққа сәйкес ұсынады.
       Ескерту: 28-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 7   бұйрығымен .

      29.  Тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 7   бұйрығымен .

3. Қорытынды бөлік

      30. Кредиторлар талаптарының тізілімін қарау және бекіту кезінде уәкілетті орган конкурстық басқарушы ұсынған кредиторлық берешекті растайтын құжаттары басшылыққа алынады.

Қазақстан Республикасы     
Қаржы министрлігінің Дәрменсіз 
борышкерлермен жұмыс жөніндегі 
комитет төрағасының       
2002 жылғы 01 қазанындағы    
N 4 бұйрығымен бекітілген,   
Банкроттық рәсімдерінде     
кредиторлар талаптарының     
тізілімін қалыптастыру және   
бекіту туралы Нұсқаулықтың    
1-қосымшасы           

Өтініш

      Соттың (уәкілетті органның) 2002 жылғы "___" __________
шешімімен _______________________________________ банкрот деп
                     (борышкердің атауы)
танылды (соттан тыс тарату рәсімі енгізілді) және конкурстық іс
жүргізу енгізіледі (ашылды).
      "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
10-1-бабының  10-тармағы мен  73-бабына  сәйкес қарау және
____________________________ үшін, кредиторлар талаптарының
    (борышкердің атауы)
тізілімін бекіту үшін, сондай-ақ мәлімет үшін қоса берілген 
құжаттарды ұсынамын.

      Қосымша:
      1. Кезектер кесіндісінде ажыратумен 2 данадағы кредиторлар
талаптарының тізілімі (2-қосымша), ______ бет.
      2. Берешекті растайтын құжаттар (сот шешімі, салыстыру,
келісім-шарт және т.б. актілері),_________бет.
      3. Барлығы: менің қолыммен және борышкер-ұйымының мөрімен
расталған, тігілген (бауланған) кітаптар, ________бет.
      4. Басқалары, _________ бет.

       Конкурстық басқарушы
      ____________________   __________    _______________
      (борышкердің атауы)      (қолы)        (аты-жөні)

Қазақстан Республикасы     
Қаржы министрлігінің Дәрменсіз 
борышкерлермен жұмыс жөніндегі 
комитет төрағасының       
2002 жылғы 01 қазанындағы    
N 4 бұйрығымен бекітілген,   
Банкроттық рәсімдерінде     
кредиторлар талаптарының     
тізілімін қалыптастыру және   
бекіту туралы Нұсқаулықтың    
2-қосымшасы          

Кредиторлар талаптарының тізілімі

      ________________________________________________________
                  (таратылған кәсіпорынның атауы)
___________________________________________________________________
Рет|Кезек,|Ұсынылған  | Конкурстық басқарушы. |Конкурстық |Ескертпе 
 N |креди.|қарыздың   |      ның шешімі       |басқарушы. |
   |тордың| сомасы    |                       |  ның      |
   |атауы |(мың теңге)|                       | шешіміне  |
   |      |           |                       |түсініктеме|
___________________________________________________________________
   |      |           | Тізілімде |Қабылданба.|           |
   |      |           | танылған  | ған (бас  |           |
   |      |           |   және    |тартылған) |           |
   |      |           |енгізілген | сомасы    |           |
   |      |           |   сомасы  |(мың теңге)|           |
   |      |           |(мың теңге)|           |           |
___________________________________________________________________
 1.   2.       3.           4.          5.          6.        7.
___________________________________________________________________

Конкурстық басқарушы ________  ___________________________________
                      (қолы)    (конкурстық басқарушының аты-жөні)

Конкурстық кәсіпорынның
бас бухгалтері   ________      ___________________________________
                  (қолы)        (конкурстық басқарушының аты-жөні)
М.О.

Қазақстан Республикасы     
Қаржы министрлігінің Дәрменсіз 
борышкерлермен жұмыс жөніндегі 
комитет төрағасының       
2002 жылғы 01 қазанындағы    
N 4 бұйрығымен бекітілген,   
Банкроттық рәсімдерінде     
кредиторлар талаптарының     
тізілімін қалыптастыру және   
бекіту туралы Нұсқаулықтың    
3-қосымшасы          

       Ескерту: 3-қосымша өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі  Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 25 ақпандағы N 17   бұйрығымен .

БҰЙРЫҚ

Кредиторлар талаптарының
тізілімін бекіту туралы

      Соттың (уәкілетті органның) 2002 жылғы "___" ____________ шешімімен _________________________________ банкрот деп танылды,
                (борышкердің атауы)
конкурстық іс жүргізу (соттан тыс тарату рәсімі енгізілді) енгізілді.
      "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  10-1-бабының 10-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 қарашадағы  N 1268  "Қаржы Министрлігінің жекелеген мәселелері" туралы және Банкроттық рәсімдерінде кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру және бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет Төрағасының 2002 жылғы ____ N ___ бұйрығымен бекітілген Нұсқаулығына сәйкес, кредиторлар талаптарының тізілімін бекіту туралы конкурстық басқарушы өтінішінің негізінде ұсынылған құжаттарды қарап _______________________________________, шығып, Комитет Басқармасы:
(борышкердің атауы, конкурстық басқарушының аты-жөні),
      1. ___________________________ кредиторлар талаптарының
           (борышкердің атауы)
тізілімін бекітсін деп шешті.
      1-кезек ____________________(мың теңге);
      2-кезек ____________________(мың теңге);
      3-кезек ____________________(мың теңге);
      4-кезек ____________________(мың теңге);
      5-кезек ____________________(мың теңге).
      Тізілім бойынша барлығы: __________________(мың теңге)
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Басқармасы бастығының орынбасары  ____________________________________ жүктелсін.

       (Басқарма бастығы) ____________________  ___________________
                      (бірінші басшының қолы)  (басшының аты-жөні )

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады