Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының "Облигациялар шығарылымын тіркеу және өтеу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N 156 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 392. Қазақстан Респуликасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 6 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2035. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 385 (V032591) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының ипотекалық бағалы қағаздар рыногын дамыту және бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының "Облигациялар шығарылымын тіркеу және өтеу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1996 жылғы 20 желтоқсандағы N 156 қаулысына  мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) атауындағы "тәртібі туралы" ережені" деген сөздер "ережесін" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "тәртібі туралы" ереже" деген сөздер "ережесі" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Облигациялар шығарылымын тіркеу және өтеу тәртібі туралы ережеде:
      атауындағы "тәртібі туралы" ереже" деген сөздер "ережесі" деген сөзбен ауыстырылсын;
      Ереженің мәтіні бойынша түрлі септіктегі "Осы Ереже" деген сөздер тиісті септіктегі "Осы Ережелер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақ алынып тасталсын;

      6-тармақ:
      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген, ипотекалық банктік заем (кредит) шарттары бойынша талап ету құқықтарының кепілі және/немесе осындай шарттар бойынша ипотекалық куәліктер кепілі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кредиттер бойынша қамтамасыз ету ретінде қабылдауы мүмкін бағалы қағаздар және ақша кепілі ипотекалық облигациялар шығарылымын қамтамасыз ету болып табылады.
      Ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын кепілдің құны ипотекалық банктік заем (кредит) шарттары бойынша негізгі борыш қалдығының сомаларынан, кепіл заты болып табылатын ақшадан, сондай-ақ номиналдық құннан (купондық борыштық бағалы қағаздар бойынша) не сатып алу бағасынан (дисконттық борыштық бағалы қағаздар бойынша) тұрады. Мұндайда ақша және бағалы қағаздар кепілі ипотекалық облигациялар шығару және орналастыру кезінде ипотекалық облигацияларды қамтамасыз ету болып табылатын кепілдің құрамына енгізіле алмайды, ал айналыс процесінде ипотекалық облигацияларды қамтамасыз ету ретінде ұсынылған, кепілге салынған ақша мен бағалы қағаздардың құны кепілдің жалпы құнының кемінде 20%-ін құрауы керек.";
      төртінші абзац "ипотекалық облигациялар бойынша кепілді қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      21-1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) егер жаңа шығарылымның облигациялары ипотекалық болып табылса;";
      көрсетілген Ереженің қосымшаларында:
      "тәртібі туралы ереженің" деген сөздер "Ережеге" деген сөзбен ауыстырылсын;

      N 1а қосымшада:
      "осы Ереженің" деген сөздер "осы Ережеге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтағы "осы Ереженің" деген сөздер "осы Ережеге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақта:
      "бухгалтерлік баланстармен" деген сөздер "қаржылық есеп берумен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "және облигациялар шығарылымының қамтамасыз етілгендігі туралы аудиторлық қорытындымен расталған" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Қаржылық есеп беру аудиторлық есеппен расталады.";
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Қамтамасыз етілген облигацияларды (ипотекалық облигацияларды қоспағанда) мемлекеттік тіркеу кезінде - аудиторлық есеп не облигациялар шығарылымының қамтамасыз етілгендігін және ақшалай бағалауды растайтын мүлікті бағалау туралы есеп.";

      N 2 қосымшада:
      16-тармақтың бірінші және екінші абзацтары алынып тасталсын;

      N 4 қосымшада:
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      "7-1. Ипотекалық облигациялар шығару кезінде эмитент жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген, ипотекалық банктік заем (кредит) шарттары бойынша талап ету құқықтарының кепілі және/немесе осындай шарттар бойынша ипотекалық куәліктер кепілі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кредиттер бойынша қамтамасыз ету ретінде қабылдауы мүмкін бағалы қағаздар және ақша кепілі шартының (шарттарының) олардың мемлекеттік тіркелгендігі туралы белгісімен қоса көшірмесін (көшірмелерін) ұсынады".
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күннен кейін күшіне енгізіледі.
      3. Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаменті (Шалғымбаева Г.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
       Төрағасы

О внесении изменений и дополнений в постановление Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 20 декабря 1996 года N 156 "Об утверждении Положения о порядке регистрации выпуска и погашения облигаций"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 23 сентября 2002 года N 392. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 ноября 2002 года N 2035. Утратило силу - постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 октября 2003 года N 385 (V032591)(пост. N 385 у.с - пост. от 30.07.2005 г. N 269 (V053822) (вводится в действие по истечении 14 дней со дня гос.регистрации в МЮ РК)

      В целях развития рынка ипотечных ценных бумаг Республики
Казахстан и защиты прав и интересов инвесторов на рынке ценных бумаг, Правление Национального Банка Республики Казахстан постановляет:

      1. Внести в  постановление  Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 20 декабря 1996 года N 156 "Об утверждении Положения о порядке регистрации выпуска и погашения облигаций" следующие изменения и дополнения:
      1) в названии слова "Положения "О порядке" заменить словом "Правил";
      в пункте 1 слова "положение "О порядке" заменить словом "Правила"; 
      2) в Положении о порядке регистрации выпуска и погашения облигаций, утвержденном указанным постановлением:
      в названии слова "Положение о порядке" заменить словами "Правила";
      по тексту Положения слова "Настоящее Положение" в различных падежах заменить словами "Настоящие Правила" в соответствующих падежах;
      пункт 1 исключить;
      в пункте 6:
      дополнить абзацами вторым и третьим следующего содержания:
      "Обеспечением выпуска ипотечных облигаций является залог прав
требования по договорам ипотечного банковского займа (кредита), обеспеченным ипотекой недвижимости, и/или залог ипотечных свидетельств по таким договорам, а также залог ценных бумаг, которые могут быть приняты Национальным Банком Республики Казахстан в качестве обеспечения по кредитам, и денег.
      Стоимость залога, являющегося обеспечением по ипотечным облигациям, состоит из сумм остатка основного долга по договорам ипотечного банковского займа (кредита), денег, являющихся предметом залога, а также из номинальной стоимости (по купонным долговым ценным бумагам) либо цены приобретения (по дисконтным долговым ценным бумагам). При этом залог денег и ценных бумаг не может быть включен в состав залога, являющегося обеспечением ипотечных облигаций при выпуске и размещении ипотечных облигаций, а в процессе обращения стоимость заложенных денег и ценных бумаг, предлагаемых в качестве обеспечения ипотечных облигаций, должна составлять не более 20 % от общей стоимости залога.";
      абзац четвертый дополнить словами ", за исключением залога по ипотечным облигациям";
      подпункт 1) пункта 21-1 изложить в следующей редакции: 
      "1) если облигации нового выпуска являются ипотечными;";
      в приложениях к указанному Положению: 
      слова "Положению о порядке" заменить словом "Правила";
      в Приложении N 1а:
      в пункте 6 слова "настоящего Положения" заменить словами "настоящих Правил";
      в пункте 7:
      слова "бухгалтерскими балансами" заменить словами "финансовой отчетностью"; 
      слова "и подтвержденные аудиторским заключением об обеспеченности выпуска облигаций" исключить; 
      дополнить предложением следующего содержания:
      "Финансовая отчетность подтверждается аудиторским отчетом.";
      дополнить абзацем вторым следующего содержания:
      "При государственной регистрации обеспеченных облигаций (за исключением ипотечных облигаций), - аудиторский отчет либо отчет об оценке имущества, подтверждающий наличие и денежную оценку обеспечения выпуска облигаций.";
      в приложении N 2:
      абзац первый и второй пункта 16 исключить;
      приложение N 4:
      дополнить пунктом 7-1 следующего содержания:
      "7-1. При выпуске ипотечных облигаций эмитент представляет копию (копии) договора (договоров) залога прав требований по договорам ипотечного банковского займа (кредита), обеспеченным ипотекой недвижимости, и/или залога ипотечных свидетельств по таким договорам, а также залога ценных бумаг, которые могут быть приняты Национальным Банком Республики Казахстан в качестве обеспечения по кредитам, и денег, с отметкой об их государственной регистрации.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении
четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Департаменту регулирования рынка ценных бумаг (Шалгимбаева Г.Н.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления довести его до сведения заинтересованных подразделений центрального аппарата Национального Банка Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Заместителя Председателя Национального Банка Республики
Казахстан Сайденова А.Г.
 
       Председатель
  Национального Банка