Жеке және заңды тұлғалардың мiндеттi түрде орындайтын ветеринариялық шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыру Ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрінің 2002 жылғы 14 қарашадағы N 367 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 18 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2088. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабының 2 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Жеке және заңды тұлғалардың мiндеттi түрде орындайтын ветеринариялық шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыру Ережесi бекiтiлсiн.
      2. Ветеринария департаментiне (Мыңжанов М.Т.), Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң облыстық аумақтық басқармаларымен, Астана және Алматы қалалары, бiрлесе отырып, заңнамада белгiленген тәртiпте, осы бұйрықтан туындайтын керектi шаралар қабылдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жүргiзу Ветеринария департаментiнiң директоры М.Т.Мыңжановқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрiнiң
      орынбасары - Министр

Ауылшаруашылығы     
Министрiнің      
2002 жылғы 14 қарашадағы
N 367 бұйрығымен бекiтiлген

Жеке және Заңды тұлғалардың мiндеттi түрде
орындайтын ветеринариялық iс-шараларының
ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 26 бабына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға мiндеттi түрде орындау үшiн ветеринариялық iс шараларды жүргізyдiң және ұйымдастырудың бiрыңғай тәртiбiн анықтайды.

      2. Осы Ереженi бұзғандығы үшiн айыпты заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдылығына байланысты жауапкершiлікке тартылады.

2. Жалпы түсiнiк

      3. Осы Ережеде қолданылатын түсiніктер:
      1) ветеринариялық iс шаралар - мал ауруларын жұқтырмайтын, таратпайтын, аурулардың алдын алатын, диагноз қойып емдейтiн, адамға қауiптi аурулармен ауырған малдарды алып қою , жою-құрту мәселесiн шешетiн iндетке қарсы кешендi шаралары;
      2) ветеринариялық паспорт - жазылған мал иесi, малдың түрi, жынысы, түсi, жасы және ауруға қарсы егiлген мағлұматтары бар, малдың ауырғаны, емделгенi, қойылған диагноздары көрсетiлген Мемлекеттiк өкiлеттiк органымен белгiленген түрде ветеринариялық құжат;
      3) қолайсыз пункт - эпизоотиялық ошағы бар аумақ;
      4) эпизоотиялық ошақ - ауру қоздырғышы, тарататын факторлары және ауыратын малдар бар аумақ, қора.

3. Ветеринариялық-санитарлық тұрақтылық аумағында
жүзеге асырылатын шаралар

      4. Жануарлар иелерi жүргiзетiн ұйымдастыру шаруашылық шаралары:
      1) ветеринариялық инспекторлардың талабы бойынша малды профилактикалық тексеруге, диагностикалық зерттеулерге, профилактикалық егуге ұсыну;
      2) ветеринариялық мамандарға ветеринариялық iс-шараларды орындауға қолайлы жағдай туғызу;
      3) мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау органдарына жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабарлауға;
      4) мал қораларында және аулаларында тұрақты механикалық тазарту жүргiзу, көңдi зарарсыздандыруға үю;
      5) барлық малдарды паспортизациялау және үйлестiру;
      6) табынды, отарды, топты инфекциялық аурулардан таза аумақтық малдарымен толықтыру;
      7) жаңадан әкелiнген малдарды диагностикалық зерттеулер және ветеринариялық емдеу жүргiзу мақсатында 30 күн бойы оқшаулап ұстау;
      8) мал азығын малдың инфекциялық ауруларынан таза аумақтарда дайындау;
      9) асхана және қасапхана қалдықтарын термикалық зарарсыздандыру;
      10) ветеринариялық мамандарға өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына жәрдем көрсетуге;
      11) қолайлы және қолайсыз аумақ малдары арасындағы қатынасты болдырмау.

      5. Мал иелерi орындайтын ветеринариялық-санитарлық iс-шаралар:
      1) малды орналастыруда, азықтандыруда және пайдалануда ветеринариялық-санитарлық ережелердi орындау;
      2) мал жайылымдарын және суаттарын қалыпты ветеринариялық-санитарлық жағдайда ұстау;
      3) көңдi және өлексенi уақытында зарарсыздандыру;
      4) мал қораларына реттi профилактикалық дезинфекция (микроорганизмдердi жою), дератизация (тышқандарды жою), дезинсекция (зиянды бунақ денелердi жою), дезакаризация (кенелердi жою) жүргiзу;
      5) мал фермаларын, қораларын дезинфекциялық тосқауылдармен қамтамасыз ету;
      6) мал шаруашылығы объектiлерiнiң аумақтарын қоршау.

      6. Ветеринариялық мамандар орындайтын арнайы iс-шаралары:
      1) малдарға жыл сайын клиникалық тексерiс жүргiзу;
      2) малдарға ветеринариялық алдын-алу иммундеуi және емдеу алдын-алу жұмыстарын жүргiзу;
      3) малдарға жоспарлы диагностикалық зерттеулер жүргiзу.

4. Жұқпалы аурулар шыққан жағдайда, сондай-ақ
iндет ошағында және қолайсыз пунктте жүргiзiлетiн iс-шаралар

      7. Мал иелерiмен орындалады:
      1) бiрнеше жануар кенеттен өлген, бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы ветеринариялық мамандарға хабарлауға және ветеринариялық мамандар келгенге дейiн ауру деп күдiк келтiрiлген жануарларды оқшаулап ұстау жөнiнде шаралар қолдануға;
      2) ветеринариялық маманның рұқсатынсыз ауырды деген малды бiр жерден екiншi жерге айдауға тиым салынады;
      3) союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей жануарларды өткiзу үшiн союға және сойылғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық-санитарлық сараптама жасамай өткiзугe жол бермеуге;
      4) iндет ошағының аумағына бөтен адамдарды және көлiктердi енгiзуге тиым салынады;
      5) малдың көңiн, өлексесiн және ауру малдың басқа да қалдықтарын зарарсыздандыру.

      8. Ветеринариялық инспекторлардың бақылауымен ветеринариялық
мамандар-лицензиаттармен орындалады:
      1) малға клиникалық тексерiс және шарасыз иммунизация жүргiзу;
      2) ауру малдарды емдеу;
      3) лажсыз дезинфекция жүргiзуге.
      9. Ветеринариялық инспекторлар орындайды:
      1) қолайсыз пункттен малдарды және олардың өнiмдерiн әкетуге, әкелуге тиым салу;
      2) ауру малды арнайы бөлiнген жерлерде союды және олардың
өнiмдерiн өңдеудi ұйымдастыру;
      3) аса "Жұқпалы мал ауруларынан өлген, ауырған малдарды және
олардан алынған өнiмдердi алып қою , жою.

5. Осы Ережелердiң орындалуын қадағалау

      10. Осы ережелердiң орындалуын қадағалауды аумақтық ветеринариялық испекторларына және аумақтық ветеринариялық бас инспекторына жүктеледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады