Медицина және фармацевтика қызметкерлерiне бiлiктiлiк санаттарын беру ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 6 желтоқсандағы N 1071 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 15 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2120. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 25 ақпандағы N 190 (V042763) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы "Бiлiм туралы" N 389-І , 1997 жылғы 19 мамырдағы "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" N 111-І  Заңдарын, "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 16 қарашадағы N 1465 қаулысын  орындау үшiн және медицина және фармацевтика қызметкерлерiне бiлiктiлiк санаттарын беру жүйесiн жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Медицина және фармацевтика қызметкерлерiне бiлiктiлiк санаттарын беру ережесi бекiтiлсiн.
      2. "Жоғары медициналық және фармацевтикалық бiлiмдi мамандарды бiлiктiлiк санатын беруге аттестациялауды өткiзудiң ережесi туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы мiндетiн атқарушының 2001 жылғы 1 маусымдағы N 530 бұйрығының  күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Медициналық ғылым және бiлiм департаментiнiң директоры Н.Хамзинаға жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық оның Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген сәтiнен бастап күшiне енедi.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрiнiң
2002 жылғы 6 желтоқсандағы
N 1071 бұйрығымен    
бекiтiлген        

Медицина және фармацевтика қызметкерлерiне
бiлiктiлiк санатын беру
ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы "Бiлiм туралы" N 389-І , 1997 жылғы 19 мамырдағы "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" N 111-І  Заңдарының, "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 16 қарашадағы N 1465 қаулысының  негiзiнде әзiрленген Медицина және фармацевтика қызметкерлерiне бiлiктiлiк санатын беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесiнде жұмыс iстейтiн жоғары және орта кәсiптiк бiлiмдi мамандардың бiлiктiлiк санаттарын алудың тәртiбiн айқындайды.

      2. Бiлiктiлiк санатын алу үшiн жоғары және орта медициналық және фармацевтикалық бiлiм қажет.

      3. Бiлiктiлiк санаты денсаулық сақтаудың мемлекеттiк жүйесiнде жұмыс iстейтiн мамандарға, ғылыми, ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге, денсаулық сақтаудың мемлекеттiк емес секторында жеке медицина практикасымен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын мамандарға (бұдан әрi - мамандар) берiледi.
      Бiлiктiлiк санаттарын берудi Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органы (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы дәрiгерлiк және фармацевтикалық мамандықтар номенклатурасында көзделген мамандықтар тiзбесiне сәйкес жүргiзедi.

      4. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгi мынадай үш бiлiктiлiк санаты бойынша айқындалады:
      1) екiншi санат;
      2) бiрiншi санат;
      3) жоғары.

      5. Маман негiзгi, сол сияқты қоса атқаратын қызметтерiне сәйкес мамандықтар бойынша бiлiктiлiк санатын алуына болады.

      6. Қызметкерлерге берiлген бiлiктiлiк санаты бес жыл бойы сақталады. Бұл мерзiм өтiп кетiп және кезектегi бiлiктiлiк санатын беру рәсiмiнен өтпеген жағдайда бар санаттың күшi жойылады.

      7. Бiлiктілік санатын беру кезiнде дәйектiлiктi сақтау керек: екiншi, бiрiншi, жоғары санаттар, ғылыми дәрежелерi бар адамдардан басқа, мыналарға:
      1) медицина және фармацевтика ғылымдарының кандидаттарына осы мамандығы бойынша кәсiби талаптарына сай кем дегенде 8 жыл (ауылдық жерде - кем дегенде 6 жыл) жұмыс стажы болған кезде екiншi емес, бiрден бiрiншi санат берiледi;
      2) медицина және фармацевтика ғылымдарының докторларына осы мамандығы бойынша кәсiби талаптарына сай кем дегенде 11 жыл (ауылдық жерде кем дегенде 9 жыл) жұмыс стажы болған кезде екiншi мен бiрiншi емес, бiрден жоғары санат берiледi.

      8. Денсаулық сақтау ұйымдарындағы қызметтермен айналысуға жiберiлген медициналық бiлiмi жоқ мамандарға бiлiктiлiк санатын беру осы Ереженiң талаптарына сай жүргiзiледi.

      9. Бiлiктiлiк санатына үмiткер мамандар уәкiлеттi органға өтiнiш бередi.

      10. Маман өтiнiмге мыналарды қоса беруге мiндеттi:
      1) ұйым басшысы бекiткен, жұмысы мен азаматтардың денсаулығын сақтау iсiне өзiнiң қосқан үлесiн сипаттайтын көрсеткiштердi талдай отырып, соңғы үш жылдағы өндiрiстiк қызметi туралы есебiн (ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердiң немесе ғылыми-зерттеу институттары, оқу ұйымдары дәрiгерлерiнiң есебiне рецензияны осы мекеменiң басшысы беруге тиiс);
      2) нотариус куәландырған дипломның көшiрмесiн;
      3) нотариус куәландырған бiлiктiлiгiн көтеруден өткенi туралы куәлiктiң көшiрмелерiн;
      4) ұйым басшысы қол қойған және мөр басылған өндiрiстiк мiнездемесiн;
      5) жұмыс орны бойынша ұйымның басшысы растаған, жарияланған мақалаларының тiзiмiн;
      6) мамандығы бойынша жұмыс стажының болуын растайтын құжаттардың көшiрмесiн;
      7) нотариус куәландырған бiлiктiлiк санатын беру туралы куәлiктiң көшiрмесiн.

      11. Уәкiлеттi орган осы уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен құрылатын мамандандырылған бiлiктiлiк комиссиясының ұсынымы негiзiнде өтiнiш жасалған бiлiктiлiк санатын беру немесе оны бермеу туралы шешiм шығарады.

      12. Маман бiлiктiлiк талаптарына сай келмеген жағдайда, оған бiлiктiлiк санаты берiлмейдi.

      13. Егер қызметкерге өтiнiш жасаған бiлiктiлiк санаты берiлмесе, ол бұрынғы санатында қалады.

      14. Бiлiктiлiк санатын беру рәсiмдерiне байланысты даулар қолданыстағы заңға сәйкес қарастырылады.

2. Бiлiктiлiк талаптары

      15. Бiлiктiлiк санаттарын алу кезiнде кәсiби бiлiктiлiгi, құзыреттiлiгi, атқаратын қызметiне сәйкес лауазымдық мiндеттерiн орындау қабiлеттiлiгi, жүйелi түрде бiлiктiлiгiн арттыруы бағаланады.

      16. Екiншi бiлiктiлiк санаты сол мамандық бойынша кем дегенде бес жыл жұмыс стажы бар, ал ауылдық жерлерде жұмыс iстейтiн медицина және фармацевтика мамандары үшiн - кем дегенде үш жыл жұмыс стажы бар, мынадай кәсiби талаптарға сай келетiн медицина және фармацевтика қызметкерлерiне берiледi:
      1) маманның бiлiктiлiк талаптарымен көзделген мамандықтар бойынша тиiстi бiлiмi мен практикалық дағдылары болуға тиiс;
      2) жоғары медициналық және фармацевтикалық бiлiмдi маманның мамандығы бойынша соңғы 5 жылда кем дегенде бiр жарияланымы болуға тиiс, ал ауылдық жерде жұмыс iстейтiн медицина және фармацевтика мамандары үшiн аудандық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдары есептеледi;
      3) маман соңғы 5 жыл iшiнде кәсiбi бойынша жалпы көлемде кем дегенде 144 сағат (курстар, циклдер, тағылымдама), белгiленген үлгiдегi құжатты берумен расталған бiлiктiлiк арттыру мен қайта даярлаудан өтуге тиiс.

      17. Бiрiншi бiлiктiлiк санаты сол мамандық бойынша кем дегенде сегiз жыл жұмыс стажы бар, ал ауылдық жерлерде жұмыс iстейтiн медицина және фармацевтика мамандары үшiн - кем дегенде алты жыл жұмыс стажы бар, мынадай кәсiби талаптарға сай келетiн медицина және фармацевтика қызметкерлерiне берiледi:
      1) маманның бiлiктiлiк талаптарымен көзделген мамандықтар бойынша тиiстi бiлiмi мен практикалық дағдылары болуға тиiс;
      2) жоғары медициналық және фармацевтикалық бiлiмдi маманның мамандығы бойынша соңғы 5 жылда кем дегенде 2 жарияланымы болуға тиiс, ал ауылдық жерде жұмыс iстейтiн медицина және фармацевтика мамандары үшiн аудандық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдары есептеледi;
      3) маман соңғы 5 жыл iшiнде кәсiбi бойынша жалпы көлемде кем дегенде 144 сағат (курстар, циклдер, тағылымдама), белгiленген үлгiдегi құжатты берумен расталған бiлiктiлiк арттыру мен қайта даярлаудың бiр түрiнен өтуге тиiс.

      18. Жоғары бiлiктiлiк санат сол мамандық бойынша кем дегенде он бiр жыл жұмыс стажы баp, ал ауылдық жерлерде жұмыс iстейтiн медицина және фармацевтика мамандары үшiн - кем дегенде тоғыз жыл жұмыс стажы бар мынадай кәсiби талаптарға сай келетiн медицина және фармацевтика қызметкерлерiне берiледi:
      1) маманның бiлiктiлiк талаптарымен көзделген мамандықтар бойынша тиiстi бiлiмi мен практикалық дағдылары болуға тиiс;
      2) жоғары медициналық және фармацевтикалық бiлiмдi маманның мамандығы бойынша соңғы 5 жылда кем дегенде 3 жарияланымы болуға тиiс, ал ауылдық жерде жұмыс iстейтiн медицина және фармацевтика мамандары үшiн аудандық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдары есептеледi;
      3) маман соңғы 5 жыл iшiнде кәсiбi бойынша жалпы көлемде кем дегенде 144 сағат (курстар, циклдер, тағылымдама), белгiленген үлгiдегi құжатты берумен расталған бiлiктiлiк арттыру мен қайта даярлаудың бiр түрiнен өтуге тиiс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады