Ақмола облысында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан міндетті сақтандыруды ұйымдастыру және жүргізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімінің қаулысы 2002 жылғы 12 мамырдағы N а-5/60. Ақмола облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 10 маусымда N 1156 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № а-4/103 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2010.04.02 № а-4/103 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне K941000_ , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Z010148_ Заңының 27-бабындағы 2-тармағының 3-тармақшасына, сәйкес Қазақстан Республикасының "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шілдедегі № 19-1 Z960019_ Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жұмыстары төтенше жағдайларға ұрыну қаупі жоғары ұйымдардың тізімін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 қаңтардағы № 89 P010089_ қаулысына сәйкес, кәсіпорындарға, ұйымдарға және жекелеген азаматтарға төтенше жағдайлардың салдарынан келтірілген шығындарды қайтару кепілдігін қамтамасыз ету мақсаттарында облыс әкімияты қаулы етеді:
      1. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасына сақтандыру ұйымдарымен бірлесе отырып, жұмыстары төтенше жағдайларға ұрыну қаупі жоғары ұйымдар мен жеке азаматтарды міндетті түрде сақтандыру шараларын ұйымдастыру мен өткізу ұсынылсын.
      2. Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдіктері осы қаулының 1-тармағына сәйкес жұмыстары төтенше жағдайларға ұрыну қаупі жоғары ұйымдардың басшыларынан міндетті түрде резервтік қаржылық және материалдық ресурстар құру, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі күштері мен құралдарды құру, дайындау және қолдауды талап етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.С. Сейітжановқа жүктелсін.
 
      Облыс әкімі
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады