Тұрар Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылдық аймағындағы Ленин ауылының атауын Рахым Сәбденов ауылы деп өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облыстық мәслихаты мен Облыс әкімінің 2002 жылғы 25 мамырдағы N 13-7 шешімі. Жамбыл облысының Әділет басқармасында 2002 жылғы 12 маусымда N 632 тіркелді.

      Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихаты және әкімінің ұсыныстарын қарай келе, облыс әкімі жанындағы ономастика комиссиясының оңды ұйғарымын ескере және "Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 5, 11 баптарын басшылыққа ала отырып, облыстық мәслихат және облыс әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Тұрар Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылдық аймағындағы Ленин ауылының атауы Рахым Сәбденов атындағы ауыл болып өзгертілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы мемлекеттік ономастикалық комиссиядан осы шешімге келісім беру сұралсын.

       Облыстық мәслихат                  Облыс Әкімі
      сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихат хатшысы
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады