Кейiннен мемлекеттiк қызметшiлерге беру үшiн мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорына тұрғын үйлердi иелiкке алу Ережелерiн бекiту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімінің қаулысы. 2002 жылғы 26 маусымдағы N 143/8. Павлодар облысының Әділет басқармасында 2002 жылғы 16 шілдеде N 1339 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 178/13 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 178/13 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы", 1999 жылғы 23 шiлдедегi заңы "Мемлекеттiк қызмет туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы  "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" заңы сәйкес, облыстық мәслихаттың (II сайланған ХVIII (кезектен тыс) сессиясы) 2002 жылғы 18 наурыздағы "Облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 22 қаңтардағы "2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы" шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" N 11/18 шешiмiн iске асыру мақсатында, мемлекеттiк қызметшiлердi мемлекеттiк тұрғын үймен қамтамасыз ету және бюджет қаражатын ұтымды жұмсау үшiн облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған кейiннен мемлекеттiк қызметшiлерге беру үшiн мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорына тұрғын үйлердi иелiкке алу Ережелерi (бұдан әрi  Ережелер) бекiтiлсiн.

      2. Облыс коммуналдық шаруашылық, көлiк және коммуникациялар, мемлекеттiк сатып алу, коммуналдық меншiк департаменттерi, қалалар мен аудандар әкiмдерi Ережелердiң орындалуын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын және бөлiнген қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылау облыс әкiмi орынбасарының мiндетiн атқарушы Б.С. Демеуовке жүктелсiн.

      Облыс әкiмi

Облыс әкiмиятының    
2002 жылғы 26 маусым   
N 143/8 қаулысымен бекiтiлген

Кейiннен мемлекеттiк қызметшiлерге беру үшiн
мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорына
тұрғын үйлердi иелiкке алу
Ережелерi

     Тұрғын үйдi иелiкке алудың осы Ережелерi кейiннен мемлекеттiк қызметшiлерге беру үшiн мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорына тұрғын үйлердi иелiкке алу үрдiсiн реттеу және облыстық бюджеттен бөлiнген қаражатты тиiмдi жұмсау мақсатында әзiрлендi.

1. Жалпы ережелер

      1. Кейiннен мемлекеттiк қызметшiлерге беру үшiн мемлекеттiк тұрғын үй қорына алынған тұрғын үйлер Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында белгiленген техникалық, санитарлық және басқа мiндеттi талаптарға сәйкес болу керек.
      2. Кейiннен мемлекеттiк қызметшiлерге беру үшiн мемлекеттiк тұрғын үй қорына тұрғын үйлердi иелiкке алуды қазақстан Республикасы "Мемлекеттiк қызмет туралы"»Заңына сәйкес және облыс әкiмiнiң келiсiмi бойынша бағдарламаның әкiмшiсi  облыс коммуналдық шаруашылық, көлiк және коммуникациялар департаментi (бұдан әрi  Бағдарламаның әкiмшiсi) мына құжаттар болған жағдайда iске асырады:
      1) тұрғын үйдi иелiкке беруге өтiнiшi;
      2) отбасы құрамы мен тұратын жерi туралы анықтама;
      3) мемлекеттiк қызметшi мен онымен үнемi тұратын отбасы мүшелерiнде меншiк құқығындағы тұрғын үйдiң жоқтығы жөнiндегi анықтама;
      4) мемлекеттiк қызметшiнiң жұмыс орнынан (қызметiнен) анықтама.
      Қажетiне қарай өтiнушi қосымша тұрғын бөлiмiне құқық беретiн отбасында науқастың ауыр түрiмен ауыратын адамның немесе отбасында жиырма аптадан астам уақыт екiқабат болған әйелдiң барлығы жөнiндегi денсаулық сақтау мемлекеттiк мекемесiнiң анықтамасын әкелу керек.

2. Кейiннен мемлекеттiк қызметшiлерге беру
үшiн мемлекеттiктұрғын үй қорына тұрғын
үйлердi сатып алу жөнiнде конкурс
ұйымдастыру тәртiбi

      3. Бағдарлама әкiмшiсi Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы "Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңына сәйкес кейiннен мемлекеттiк қызметшiлерге беру үшiн мемлекеттiк тұрғын үй қорына тұрғын үйлердi иелiкке алу жөнiнде мемлекеттiк сатып алуды өткiзудiң тәсiлдерiн таңдайды, конкурсты өткiзуге өтiнiмдi дайындайды және облыс мемлекеттiк сатып алу департаментiне ұсынады.
      4. Облыстық конкурстық комиссия қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес кейiннен мемлекеттiк қызметшiлерге беру үшiн мемлекеттiк тұрғын үй қорына тұрғын үйлердi мемлекеттiк сатып алу жөнiнде конкурсты ұйымдастырады және өткiзедi, конкурстық құжаттамада көрсетiлген мына өлшемдердi есепке алып, сатып алынатын тұрғын үйлердiң жеке әрбiр түрi бойынша ұтып алған конкурстық өтiнiмдi анықтайды:
      1) өтiнушiнiң талаптарын қанағаттандыратын тұрғын үй бiрлiгiне ең аз бағасы негiзiнде анықталатын тұрғын үйдiң құны;
      2) қосалқы үй-жайлардың және үй жаныдағы аумақтың көрiктендiру элементтерiнiң болуы;
      3) көрiктендiрудiң деңгейi, қосымша шаруашылық құрылыстар мен үй жанындағы телiмдердiң (жеке тұрғын үйлер үшiн) болуы;
      4) тұрғын үйдiң санитарлық және техникалық нормаларға сәйкес келуi.

3. Кейiннен мемлекеттiк қызметшiлерге
беру үшiн мемлекеттiк тұрғын үй
қорына тұрғын үйлердiиелiкке
алудың ерекшелiктерi

      5. Облыс мемлекеттiк сатып алу департаментi ықтималды жеткiзушiнiң конкурстық өтiнiмiн қарастыру кезiнде ұсынылып отырған тұрғын үйдi конкурстық құжаттамада көрсетiлген өлшемдерге сәйкес келуiне сараптама комиссиясымен тексерiп қарауды ұйымдастыруға құқылы.
      6. Тұрғын үйдi тексеру жөнiндегi конкурстық комиссия сараптамаға өтiнiмнiң түсу сәтiнен үш күндiк мерзiмде ұсынылып отырған тұрғын үйдi тексередi және облыстық конкурстық комиссияға тұрғын үйдi тексеру актiсiмен қоса ұсынымдарын бередi.
      7. Сараптама комиссиясының ұсынымдарын есепке алып, облыстық конкурстық комиссия заңнамамен белгiленген мерзiмде тұрғын үйдi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстың қорытындыларын шығарады, олардың негiзiнде Бағдарлама әкiмшiсi сатып алынатын тұрғын үйге меншiк құқықтарын Тiркеу органы  "Қазақстан Республикасы әдiлет министрлiгiнiң Павлодар облысы бойынша Тiркеу қызметi комитетiнiң жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» РМК-да мiндеттi тiркеуден өткiзiп, жеткiзушiлермен тұрғын үйдi сатып алуға келiсiм шарт жасасады.
      8. Бағдарлама әкiмшiсi бұдан әрi мемлекеттiк қызметшiлерге беру үшiн мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорына тұрғын үйлердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi келiсiм шарттың шарттарына сәйкес уәкiлеттi органда  облыс коммуналдық меншiк департаментiнде тиiстi рәсiмдердi өткеннен кейiн сатып алынған тұрғын үйдi облыстың коммуналдық мемлекеттiк меншiгiне қабылдайды.

4. Төлеу және тұрғын үйдi беру тәртiбi

      9. Сатып алынған тұрғын үйге төлеудi Бағдарлама әкiмшiсi тұрғын үйдi сатып алу жөнiндегi келiсiм шарт пен тұрғын үйдi балансқа алу актiсi негiзiнде жүзеге асырады. Соның өзiнде Бағдарлама әкiмшiсiнiң тұрғын үйiн балансқа алу кезiнде жеткiзушi коммуналдық қызмет-тердi толық көлемде төлеуi керек.
      10. Облыс әкiмияты немесе әкiмiнiң актiсiмен иелiкке алынған тұрғын үй Бағдарлама әкiмшiсi балансынан құзыреттерiне мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорын бөлу мен басқару кiретiн атқарушы органдар ретiнде қалалар мен аудандар әкiмдерiне берiледi.
      11. Қалалар мен аудандар әкiмияттары иелiкке алынған тұрғын үйлердi оларға қызметтiк тұрғын үй мәртебесiн берiп, әрi қарай Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары» Заңына сәйкес меншiк құқығынсыз мемлекеттiк қызметшiлерге беру үшiн қалалар мен аудандардың мемлекеттiк коммуналдық меншiгiне қабылдайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады