Алматы қалалық Әкiмшiлiгiнiң 2002 жылғы 29 қаңтардағы N 1/80 "Халыққа мемлекеттiк нақты әлеуметтiк көмек көрсету бойынша учаскелiк комиссиялар жөнiндегi Ереженi бекiту туралы" қаулысының N№2 қосымшасына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 19 шілдедегі N 3/470 қаулысы. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2002 жылғы 1 тамызда N 462 тіркелді

      Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 5/870  қаулысымен .
_____________________________________

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Қазақстан  Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" және 2001 жылғы 17 шiлдедегi " Мемлекеттiк  атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Заңдарына сәйкес Алматы қалалық әкiмшiлiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI
      1. 2002 жылғы 29 қаңтардағы "Халыққа мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету бойынша учаскелiк комиссиялар жөнiндегi Ереженi бекiту туралы"  қаулымен  бекiтiлген халыққа мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi учаскелiк комиссиялардың құрамына келесi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) Алмалы аудандық учаскелiк комиссиясының құрамына енгiзiлсiн:

      Анатолий Степанович Дон - аудандық коммуналдық - шаруашылық бөлiмiнiң меңгерушiсi,

      Баян Әлiмжанқызы Керiмқұлова - Алмалы аудандық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау орталығы тұрмыс деңгейiн талдау бөлiмiнiң бас маманы;   

      осы құрамнан шығарылсын:

      Н.Т. Қаболдинов, А.М.Рахметуллин.

      2) Әуезов аудандық учаскелiк комиссиясының құрамына енгiзiлсiн:

      Зәуре Қайыпбекқызы Қазыбекова - Әуезов аудандық жұмыспен қамту орталығының бастығы;

      осы құрамнан шығарылсын:

      М.Ю. Новоселов.

      3) Жетiсу аудандық учаскелiк комиссиясының құрамына енгiзілсiн:

      Зиядин Құрбанұлы Мыңбаев - учаскелiк комиссия төрағасының орынбасары, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау орталығының бастығы,

      Жұмәдiл Төлегенұлы Маханов - әкiмнiң жергiлiктi өзiн-өзi басқару мәселелерi жөнiндегi үйлестiрушi - кеңесшiсi,

      Сәния Әлденқызы Өмiрәлиева - соғыс ардагерi және зейнеткерлер кеңесiнiң төрағасы.

      осы құрамнан шығарылсын:

      А.В. Савченко, Е.Н.Раисов.

      4) Медеу аудандық учаскелiк комиссиясының құрамына енгiзiлсiн:

      Нәзипа Камалқызы Оспанова - учаскелiк комиссия төрағасының орынбасары, аудандық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау орталығының бастығы,

      Жанат Хамитұлы Ыбыраев - аудандық iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары, осы құрамнан шығарылсын:

      Б.К.Жаманқұлова, Н.К. Ағыбаев.

       Алматы қаласының Әкiмi

      Әкiмшiлiк хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады