"2002-2005 жылдарға арналған Атырау облысының халқы арасында йод тапшылығынан науқастанудың алдын алу" аумақтық бағдарламасы туралы

Жаңа

Екінші сайланған Атырау облыстық Мәслихаты ХVIІ сессиясының 2002 жылғы 19 сәуірдегі N№198-II шешімі. Атырау облысының Әділет басқармасында 2002 жылғы 24 мамырда N 974 тіркелді

      Халықтың арасында таралған йод жеткіліксіздігінің алдын алу және оны жою мақсатында және 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II  Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңына сәйкес ІІ сайланған Атырау облыстық Мәслихатының ХVII сессиясы шешім етті:
      1. Облыстық әкімияттың 2002 жылғы 21 ақпандағы N 100 қаулысымен ұсынылған Атырау облысының халқы арасында "2002-2005 жылдарға арналған йод тапшылығынан науқастанудың алдын алу бағдарламасы" бекітілсін.
      2. Қала және аудан әкімдері, денсаулық сақтау департаменті, облыстық санэпидстанциясы, меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен мекемелер басшылары осы аумақтық бағдарламаның іске асырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін У.Бисенұлы.

      Облыстық Мәслихат
      ХVIІ сессиясының төрағасы

      Облыстық Мәслихаттың хатшысы

Атырау облыстық әкімиятының қаулысы
2002 жылғы 21 ақпан N 100

"2002-2005 жылдарға арналған Атырау облысының халқы
арасында йод тапшылығынан науқастанудың алдын алу"

      Халықтың арасында таралған йод жеткіліксіздігінің алдын алу және оны жою мақсатында облыс әкімияты қаулы етеді:
      1. N 1, N 2 қосымшаларға сәйкес Атырау облысының халқы арасында "2002-2005 жылдарға арналған Атырау облысының халқы арасында йод тапшылығынан науқастанудың алдын алу бағдарламасы" мақұлдансын және облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын.
      2. Қала және аудан әкімдері, денсаулық сақтау департаменті, облыстық санэпидстанциясы, меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен мекемелер басшылары осы аумақтық бағдарламаның іске асырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.Қ.Мүрсалиеваға жүктелсін.

      Облыс әкімі

Облыстық әкімияттың
2002 жылғы 21 ақпандағы N 100
қаулысына N 1 қосымша

    

"2002-2005 жылдарға арналған Атырау облысының халқы арасында
йод тапшылығынан науқастанудың алдын алу" бағдарламасы

Бағдарлама төлқұжаты

      "2002-2005 жылдарға арналған Атырау облысының халқы арасында йод тапшылығынан науқастанудың алдын алу бағдарламасы" өз мәртебесі және мәні бойынша Атырау облысы әкімі облыстық қызметтерінің ведомствоаралық іс-қимыл жасауды қарастыратын, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-аухатын қамтамасыз етуін және денсаулық сақтауға бағытталған, аумақтық орташа мерзімді бағдарлама болады.
      Бағдарлама келесі құжаттардың негізінде дайындалған:
      1. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы 1994 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасын заңы .
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 қазандағы N 1283 Қазақстан Республикасының халқы арасында йод тапшылығынан науқастанудың алдын алу туралы" қаулысы .
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 ақпандағы N 344 Қазақстан 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы жарлығы.
      4. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту бағытындағы бірінші кезекті шаралар туралы N 3956 жарлығы .
      5. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы N 4153 Халық денсаулығы мемлекеттік бағдарламасы туралы жарлығы .
      Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 маусымдағы N 789 "Қазақстан Республикасы бағдарламаларды жасақтау ережелерін бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленген.

Кіріспе

      Бағдарламаны әзірлеуге негіз болып отырған йод тапшылығынан науқастану, қоршаған ортада топырақта, ауада, жергілікті тамақ өнімдерінде йодтың жетіспеушілігіне байланысты аурулардың көбеюі, халықтың арасында алдын алу шараларының төмен деңгейі, халықтың гигиеналық білімінің төмен деңгейі, медициналық көмектің жетіспеушілігі.
      Осылар ұдайы йод жеткіліксіздігіне себеп болып, ақыл-ой дамуы мен бой өмуінің іркілісінен парасат коэффициентінің төмендеуі, гипотиреоз бен қалқанша безінің ұлғаюы сияқты науқастардың өскелең таралуына алып келеді. Йодтың жетіспеушілігі балаларда сәби кезінде меңіреушілікке әкеліп соқтыратын қайтымсыз психикалық ауытқуды, ал жүкті әйелдерде өздігінен түсік тастауды, өлі туудың артуын, ұрықтың туа біткен кемшіндігін, жасқа жетпей шетінеудің көбеюіне соқтыруда.
      Сөйтіп, ұдайы йод жеткіліксіздігінің мәні оның салдарының халықтың, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына елеулі түрде әсер ететін ауырлығымен айқындалады, сондай-ақ халықтың еңбек өнімділігінің төмендеуінен және мүгедектер, әсіресе бала кезінен мүгедек болғандар санының өсуінен көрінетін әлеуметті экономикалық маңызды проблема болып табылады.
      Бағдарлама Қазақстан Республикасы халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бағытындағы ұлттық саясатты іске асыру жоспары және негізі.
      Бағдарламаның негізгі құрамдас бөлігі мыналар болады:
      1. Халықтың йод тапшылығынан науқастану, шетінеу және мүгедектік деңгейіне мониторинг жүргізу.
      2. Атырау облысында тұрғындар арасындағы йод жетіспеушілігімен байланысты аурулар деңгейінің тұрақтануына, азаюына бағытталған шараларды жүзеге асыру.
      3. Халық арасында бірінші кезекте балалар, жасөспірімдер, жүкті әйелдер арасында йод тапшылығын бұзушылықты ерте анықтауға бағытталған шараларды жүзеге асыру.
      4. Емдеу алдын алу шараларының, диспансерлік бақылаудың сапасын күшейту.
      5. Облыстағы тамақ өнеркәсібі мекемелерінде азық-түлікті йодтау әдістерін енгізуге бағытталған шараларды жүзеге асыру.
      6. Облыс халқы арасында йод тапшылығынан науқастанудың алдын алу туралы санитарлық-ағарту жұмысын күшейту.
      7. Облыстың балалар, жасөспірімдер, студенттер, емдеу-сауықтыру мекемелерін йодпен байытылған тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүргізу.
      8. Йодпен байытылған өнімдердің йодталу сапасына мониторинг ұйымдастыру.
      9. Облыс халқы арасында йод тапшылығынан науқастану деңгейін төмендетуге бағытталған алдын алу және емдеу шараларының тиімділігі туралы мониторинг ұйымдастыру.

Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау

      1980-90 жылдары қазақстандық, ресейлік, американдық ғалымдардың қатысуымен жүргізілген зерттеулердің деректері бойынша Қазақстанда туа біткен гипотиреоздың жоғары жиілігі 150-300 есеге байқалған. Мұндай жағдайды мемлекеттің мұқият қадағалауын, жедел де тиімді алдын алу және емдеу іс-шараларын ұйымдастыруды қажет ететін ұлттық апат ретінде қарау қажет.
      Бірақ, Атырауда йод тапшылығына байланысты науқастанудың әлеуметтік-гигиеналық мониторинг деңгейі жоқ.
      Атырау облысының денсаулық сақтау мекемелері йод тапшылығынан науқастану, мүгедек болу, неонатальдық және перинатальдық гипотиреоз оқиғалардың есебі жүргізілмейді. Денсаулық сақтау саласында эндокринолог штатының күрт азаюы йод тапшылығынан науқастарды ерте анықтау және диагностикалық жұмыстарын жоққа шығарды.
      Балалар декреттік тобын тереңдетілген медициналық байқаудан өткізген кезде эндокринологпен қаралмайды, сол себептен йод тапшылығынан пайда болған өзгерістер ерте анықталмайды және емдеу жүргізілмейді. Жүкті әйелдермен аурудың алдын алу жұмысы төменгі деңгейде, эндокринологпен қаралмайды, йод тапшылығынан пайда болған өзгерістер ерте анықталмайды, сол себептен науқас балалар дүниеге келеді. Балалар, жасөспірімдер, жүкті әйелдерді диспансерлік бақылау да қажетті деңгейде жүрмейді, сол себепті аурушылық созылмалы түрде өтеді.
      2000 жылы жүргізілген іріктеулі зерттеу қорытындысында Атырау облысында, бұрын йод тапшылығының зардабына жатпайтын, жемсау ауруының көптен таралуы анықталды. Ал, Атырау қаласында жемсау аурушылығының көрсеткіші бүкіл Қазақстанда ең жоғарғы деп табылуда (профессор Базарбекованың мәліметі бойынша мектеп жасындағы балалардың 46%).
      Қазіргі мезгілде диспансерлік есепте 2128 жемсау ауруы, олардың ішінде 1259 ауру Атырау қаласында, 869 ауру аудандарда тіркелді.
      - Мақат ауданында 110-64,3 бүкіл диспансерлік аурулардан
      - Жылыой ауданында - 242 - 51,5%
      - Индер ауданында - 150-70,1%
      - Құрманғазы ауданында - 150 - 69,9%
      - Махамбет ауданында - 99 - 63,5%
      - Исатай ауданында - 74 - 71,8%.
      Тиреотоксикоз аурушылығы жыл сайын өсуде.
      Атырау облысы халқы арасындағы 1985-99 жылдардағы тиреотоксикозбен аурушылдық
      ------------------------------------------------------------
                  1995   1996   1997   1998   1999   2000   2001
      ------------------------------------------------------------
      Барлығы      34,9   122,2  169,3  142,3  169,2  196,2  229,8
      соның ішінде
      балалар      0,7      1,4    -    608,5  310,0   31,6   38,4

      Балалар эндокринологында 115 бала қалқанша безінің ауруымен оның ішінде 13 бала туғаннан гипертиреозбен диспансерлік есепте тұрады. Бұрын Республикада йод тапшылығының алдын алуға жүргізілген шаралар, соның ішінде антиструминді барлық балалар мен жүкті әйелдерге беру шарасы жүргізілмеген.
      Тек қана ас тұзын йодтау организмнің йод тапшылығын толығымен қанағаттандырмайды, өйткені тұзды ұзақ және ұзақ сақтау шартының бұзылуынан құрамындағы йодтың мөлшері азаяды.
      Басқа елдердің ғылыми зерттеу және медициналық орталықтарының ресми зерттеу жұмыстары йод тапшылығын йодтың органикалық емес қоспаларын қолдану жолымен жоюының қауіпсіздігіне күмән келтіреді, өйткені оның артық мөлшері организмге қолайсыз әсер етіп, қалқанша бездің ауруы пайда болады, сондықтан адам ағзасы органикалық емес қоспалардың түскенін жеке реттеуді қамтамасыз ете алмайды.
      Бүгінгі күні көптеген тамақ өнеркәсібінің мекемелері ведомстволық зертханалары болмағандықтан өндірілетін өнімдердің құрамындағы йодтың санын анықтай алмайтындығы жағдайды күрделендіреді. Өндірілетін азық-түлігінде органикалық емес йодтың құрамын зертханалық бақылау жүргізіп отырған мекемелер. Йодты анықтау әдісі субъективті түрде өткізеді. Мысалы, йодтың органикалық емес қоспаларымен йодталған ашытқыда йодты анықтау әдісі зерттелетін үлгінің ерітіндісінің бояуының қанықтығына, яғни, йодтың санын сырттай көзбен анықтауға негізделген.
      Ресейде йодтың органикалық қоспаларымен йодталған ашытқыны қолдану тиым салынған.
      Қазіргі уақытта Қазақстанда азық-түлікті йодтың органикалық қоспасы - йод казейндерінен йодтардың жаңа түрлері өндірілуде. Мысалы, сүт және сүт тағамдарын, нан және нан өнімдерін. Йод казейннің кең көлемде қолдану мүмкіншілігі көңіл аударарлық /шұжық өнімдері, сыра, алкогольсыз сусындар, кондитер өнімдері, нан және нан өнімдері, сүт және сүт өнімдері, май және май өнімдері және тағы басқалар/ және де йод казейнді қолданғанда йодтың артықшылдығы болуы мүмкін еместігі, өйткені адам ағзасына түскен йодтың органикалық қоспасы өздігінен реттеледі, қолайсыз жағдай туғызбайды, көптеген елдердің ғалымдарының зерттеулері осыны дәлелдейді.

      Ресейде азық-түлікті йод казейнмен байыту кеңінен өріс алған

Бағдарлама мақсаты

      Бағдарламаның негізгі мақсаты Атырау облысының халқын йодпен толық қамту, халық денсаулығының жағдайын жақсарту, йод тапшылығынан науқастанудың алдын алу, Атырау облысы тұрғындарының сырқаттану жағдайында әлеуметтік-гигиеналық мониторинг жүйесін құру және емдеу-алдын алу шараларын тиімді жүргізу болып табылады.

Бағдарламаның міндеттері

      1. Атырау облысы халқының йод тапшылығымен байланысты сырқаттану деңгейін төмендету.
      2. Өндірілетін тамақ өнімдерін йодпен байыту жаңа әдістерін енгізу.
      3. Атырау облысы халқын сырқаттану жайына және жүргізіліп отырған алдын алу, емдеу, санитарлық-ағарту шараларының тиімділігіне әлеуметтік-гигиеналық мониторинг жүйесін құру.

Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске
асыру тетіктері

      1. Йод жеткіліксіздігіне байланысты науқастануды, шеттеуді, мүгедектік деңгейіне мониторинг жүргізуді ұйымдастыру.
      2. Йод тапшылығына байланысты Атырау облысы халқы арасында науқастануды тұрақтандыру және төмендету шараларын жүзеге асыру.
      3. Халық арасында йод тапшылығынан науқастанудың, әсіресе балалар, жасөспірімдер, жүкті әйелдер арасында ерте анықтауға бағытталған шараларды жүзеге асыру.
      4. Емдеу-алдын алу, диспансерлік бақылау сапасын жақсарту.
      5. Өндірілетін тамақ өнімдерін йодпен байыту әдістерін енгізу жөнінде шараларды жүзеге асыру.
      6. Йод тапшылығынан пайда болатын сырқаттардың алдын алу мақсатында санитарлық ағарту жұмыстарын күшейту.
      7. Барлық балалар, жасөспірімдер, студенттер, емдеу мекемелерін йодталған тамақпен қамтамасыз ету шараларын жүргізу.
      8. Йодпен байытылған тамақтардың сапасына және зиянсыздығына мониторинг ұйымдастыру.
      9. Халық арасында йод тапшылығынан пайда болатын науқастардың деңгейін төмендетуге бағытталған алдын алу және емдеу шараларының тиімділігіне мониторинг ұйымдастыру.

Бағдарламаны қаржыландыру ресурстары мен көздері

      Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету жергілікті қаржы есебінен жүзеге асырылатын болады.

Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже

      Атырау облысы халқы арасында йод тапшылығына байланысты сырқаттану деңгейінің төмендеуі.

Қорытынды

      Осы бағдарламаны орындау арқылы Атырау облысының азаматтарының денсаулығын жақсартуға және санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға қол жеткізеді.
      Бағдарлама санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты ілгері арттыруға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру арқылы йод тапшылығымен ауыратын адамдарға әлеуметтік және медициналық көмек көрсету шараларына жұмсалатын мемлекеттік материалдық шығындарын азайтуға әкеледі және экономикалық тиімділік береді.

Облыстық әкімияттың
2002 жылғы 21 ақпандағы N 100
қаулысына N 2 қосымша

"2002-2005 жылдарға арналған Атырау облысының халқы
арасында йод тапшылығынан науқастанудың алдын алу"
бағдарламасын жүзеге асыру шараларының жоспары

-------------------------------------------------------------------------
N  Іс-шараның атауы  Аяқталу нысаны   Орындау    Жауапты       Күтілетін
                                     мерзімдері  орындаушылар  нәтижесі
-------------------------------------------------------------------------
1. Йод жетіспеушілігіне Есепке алу   2002 жылдық   Денсаулық  Сырқаттану 
байланысты ауруларды    үлгісін      1-ші тоқсаны  сақтау        есебін
есепке алу жөніндегі    бекіту                     департаменті  реттеу
есеп беру үлгілерін
/формаларын/ әзірлеу
2. Емханалар штатына    Барлық қала  2002 жылдың   Денсаулық   Халыққа
қосымша эндокринолог    және аудан   1-ші тоқсаны  сақтау    мамандандырыл-
/ересектер мен          емханаларын              департаменті  ған емдеу-
балалар/ ставкасын      білікті                                сауықтыру
енгізу, бюджетте        мамандармен                          көмек көрсету
қаралған қаражаттың     толықтыру 
көлемінде
3. Йод жетіспеушілігіне Атырау       2002 жылдың   Денсаулық    Атырау
байланысты, йодтапшылы- облысы       30-шы         сақтау       облысы
ғынан науқастанудың,    халқының     қаңтарына     департаменті халқының
аурушылықтың, қайтыс    сырқаттану   дейін және                 сырқаттану
болудың, мүгедектің     жағдайы      келесі айдың               жағдайына
деңгейіне мониторинг    туралы ай    15-не дейін                мониторинг
ұйымдастыру             сайынғы      ай сайын
                        статистикалық
                        есеп
4. Атырау облысының халқы  Медициналық  3 жылда    Денсаулық    Атырау
арасынан йод тапшылығынан  тексеруді    бір рет    сақтау       облысының
науқастануды анықтау       ұйымдастыру  /2002      департаменті халқы
мақсатында кешенді         өткізу,      және                    арасында
медициналық тексеруді      тексерудің   2005                    йод тапшы-
ұйымдастыру және өткізу    актін        жылдары                 лығынан
                           тапсыру                            науқастануды
                                                                уақытында
                                                                анықтау
5. Тереңдетілген           Йод            Қала,   Денсаулық     Йод
медициналық тексеру        тапшылығынан   аудан   сақтау      тапшылығынан
кезінде балаларды, жас-    пайда болатын  емдеу-  департаменті  пайда
өспірімдерді, студенттерді, ерте кезеңде  сауықтыру             болатын
жүкті әйелдерді, 100 пайыз  анықтау                           ауытқуларды
эндокринологпен қаралуын                                      алдын-алу
қамту                                                         және емдеу
6. Йод тапшылығынан пайда  Қажет ететін   Жыл      Денсаулық  Сырқаттың
болған ауытқулары бар      кісілерді      сайын    сақтау     созылмалы
адамдарды диспансерлік     мед.бақылаумен        департаменті   түрге
есепке уақытылы алу.       қамту және                         айналуының
Динамикалық түрде бақылауды, сауықтыру                        алдын алу
сауықтыруды қамтамасыз ету.
7. Тамақ, су, ауа, топырақ, "Экотест-ВА"  2002     Денсаулық  Халық
кіші дәреттерде йодтың     приборын іске  жылы     сақтау     арасында йод
мөлшерін анықтау үшін      қосу және йод  прибор  департаменті, тапшылығы-
"Экотест-ВА" приборын алу, тапшылығы      алу     облыстық   нан кездесетін
бюджетте қаралған        кесірінен пайда  2003  санэпидстанция  ауытқуларды
қаражаттың көлемінде    болған ауытқуларды жылы    облыстық     уақытында
                          анықтау үшін             қаржы     диагностикалау
                           пайдалану
8. Биологиялық мониторингіні  Ауытқуларды  3 жылда Денсаулық    Халық
ұйымдастыру және жүргізу,     анықтау    12 рет,  сақтау    арасында йод
халықтың йодпен қамтамасыз               /2002-  департаменті, тапшылығы-
етілуін кіші дәретті                     2005/ облсанэпидстанция,  нан
зерттеумен анықтау                             штаттан тыс бас  кездесетін
                                               эндокринолог,   ауытқулардың
                                               педиатрлары,    уақытында
                                               лаборант-       алдын алу
                                               дәрігерлері     және емдеу
9. Тамақ, су, ауа,         Тамақ, су,    Зерттеу  Облыстық    Жүргізілетін
топырақтардың құрамындағы  ауа, топырақ  құралын  санэпид-    шаралар
йодтың мөлшеріне           сынамаларын   сатып    станция     тиімділігіне
мониторинг ұйымдастырып    уақытында     алғаннан             баға беру
жүргізу                    зерттеу       кейін
10. Жетім балалар, жүкті   Халықтың      2002-    Еңбек және  Сырқаттану
әйелдер, т.б. топтық       қорғалмаған   2005     халықты     деңгейін
жемсау сырқатының алдын    топтарына     жыл      әлеуметтік  азайту
алу бағытында йод препа-   көмек                  қорғау
ратымен қамту үшін         көрсету                департаменті,
қаражат бөлу, бюджетте                            қала, аудан
қаралған қаражаттың                               әкімдері, қаржы
көлемінде.                                        басқармасы,
                                                  денсаулық сақтау
                                                  басқармасы,
                                                  облсанэпидстанция.
11. Облыс және қала        Тамақтану    Ұдайы   Аудан, қала,  Йод
бойынша балалар, жас-      сапасын              облыс әкімият.тапшылығынан
өспірімдер, емдеу-         жақсарту             тары, қаржы   пайда болатын
сауықтыру мекемелерін                           басқармасы,   науқастардың
құрамында бар жерде                             тендерлік     алдын алу
йодпен байытылған                               комиссиялар,
тағамдармен қамту,                              денсаулық сақтау
бюджетте қаралған                               департаменті,
қаражаттың көлемінде.                           облсанэпидстанция.
12. Тамақ өндіру Индертұз, Тамақтану    Ұдайы   Облыс, қала,     Йод
Атыраунан, Заманнан т.б.   сапасын              аудан        тапшылығының
мекемелер басшыларына      жақсарту             әкімдері,    науқастарының
өндірілетін тағамдарды                      облсанэпидстанция  алдын алу.
йодталған белокпен
байыптауға ұсыныс беру
13. Йодталған тамақ        Тамақтану    Ұдайы   Облыстық         Йод
өнімдерінің сапасына және  сапасын            санэпидстанция  тапшылығының
қауіпсіздігіне, ҚР         және                              науқастарының
Үкіметінің 5.10.2001 ж.    халықтың                           алдын алу.
N 1283 "2002-2005 жылдары  денсаулығын
Қазақстан халқы арасында   жақсарту.
йод тапшылығынан пайда болған
ауытқулардың алдын алу туралы"
қаулысын орындауда мүддесі
қозғалған ведомстволармен
жүргізілетін шаралардың сапасы
мен нәтижелілігіне мониторинг
ұйымдастыру.
14. Йод тапшылығының кері  Халықтың     Ұдайы   Денсаулық        Йод
әсерін тамақтану және оның салауаттылығын       сақтау        тапшылығының
алдын алу шаралары туралы  көтеру             департаменті,  науқастарының
мәліметті халық арасында                      білім беру     алдын алу
кеңінен тарату. Санитарлық                    департаменті,
ағарту жұмысты балалар,                    облсанэпидстанциясы,
жасөспірімдер, студенттер,                 салауатты өмір-салтын
жүкті және бала емізетін                   құру орталығы, аудан,
аналар арасында күшейту.                   қала әкімдері.
15. Барлық ведомстволар   Істелінген  Тоқсан    Қала, аудан  "2002-2005 ж.
осы бағдарламаның         жұмысқа     сайын,    әкімдері,   йод тапшылығы
орындалуы туралы          есеп беру   келесі    денсаулық   науқастарының
мәліметті облыстық                    айдың     сақтау      алдын алу"
санэпидстанцияға ҚР                   15        департаменті, туралы
Үкіметінің 5.10.2001 ж.               жұлдызына облыстық     шараларының
N 1283 "2002-2005 жылдары             дейін     қаржы        жүргізілуінің
Қазақстан халқы арасында                                     тиімділігі мен
йод тапшылығынан пайда болған                                сапасына баға
ауытқулардың алдын алу туралы"                               беру
қаулысының орындалуы туралы
әкімге мәлімет дайындау үшін
денсаулық сақтау департаментіне
тапсырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады