Сақтандыру шарттары бойынша сақтанушы төлейтiн (төлеген) сақтандыру сыйлықақылары бойынша шегерiмдердiң шегiн белгiлеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 27 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 14 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2208. Күші жойылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 19 ақпандағы N 38 қаулысымен.

----------Қаулыдан үзінді-----------

     Сақтандыру қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру шарттары бойынша сақтанушы төлейтiн (төлеген) сақтандыру сыйлықақылары бойынша шегерiмдердiң шегiн белгiлеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 27 қаулысының (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2208 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 5 басылымдарында 2003 жылғЫ 24 ақпанда - 9 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын...

     Төраға

-------------------------------------

     "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 99-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
     1. Сақтандыру шарттары бойынша сақтанушы төлейтiн (төлеген) сақтандыру сыйлықақылары бойынша шегерiмдердiң шегiн белгiлеу жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.
     2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiледi және оның күшi 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
     3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
     1) 3аң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
     2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

     Қазақстан Республикасының
     Қаржы министрі
     
     келісілді

     13 ақпан 2003 ж.

Қазақстан Республикасының      
Ұлттық Банкi Басқармасының     
"Сақтандыру шарттары бойынша    
сақтанушы төлейтiн (төлеген)    
сақтандыру сыйлықақылары бойынша  
шегерiмдердiң шегiн белгiлеу   
жөнiндегi нұсқаулықты бекiту    
туралы"               
2003 жылғы 31 қаңтардағы        
N 27 қаулысымен           
бекiтiлген              

Сақтандыру шарттары бойынша сақтанушы төлейтiн (төлеген) сақтандыру сыйлықақылары бойынша шегерiмдердiң
шегiн белгiлеу жөнiндегi
НҰСҚАУЛЫҚ

1-тарау. Жалпы ережелер

     1. Осы Нұсқаулық "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес әзiрлендi және корпоративтiк табыс салығын есептеу мақсаты үшiн салық салынатын табысты айқындау кезiнде сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары шегерiмдерiнiң шегiн белгiлейдi.

     2. Осы Нұсқаулықтың күшi сақтандыру ұйымымен сақтандыру шартын жасаған және Салық кодексiнiң талаптарына сәйкес корпорациялық табыс салығын төлеушi болып табылатын сақтанушыларға қолданылады.

2-тарау. Сақтандыру сыйлықақылары бойынша шегерiмдер шегi

     3. Сақтанушы автомобиль көлiгiн сақтандыру класы бойынша жылдық жиынтық табыс алу үшiн пайдаланылатын мүлiктi сақтандыру шарттары бойынша 100 процент, бiрақ сақтандыру шартында көрсетiлген, сақтандырылатын мүлiктiң баланстық құнының 5 процентiнен көп емес мөлшерде төленетiн (төленген) сақтандыру сыйлықақыларын шегеруге құқығы бар.

     4. Сақтанушы мынадай барлық:
     1) темiржол көлiгiн сақтандыру;
     2) әуе көлiгiн сақтандыру;
     3) су көлiгiн сақтандыру;
     4) жүктердi сақтандыру;
     5) осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетiлген кластарды қоспағанда, мүлiктi сақтандыру кластары бойынша жылдық жиынтық табыс алу үшiн пайдаланылатын мүлiктi сақтандыру шарттары бойынша 100 процент, бiрақ сақтандыру шартында көрсетiлген, сақтандырылатын мүлiктiң баланстық құнының 1 процентiнен көп емес мөлшерде төленетiн (төленген) сақтандыру сыйлықақыларын шегеруге құқығы бар.

     5. Сақтанушы мынадай барлық:
     1) кәсiпкерлiк тәуекелдi сақтандыру;
     2) автомобиль көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
     3) темiржол көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
     4) әуе көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
     5) су көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
     6) тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
     7) шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру;
     8) осы тармақтың 1)-6) тармақшаларында көрсетiлген кластарды қоспағанда, зиян келтiрiлгенi үшiн азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру кластары бойынша жылдық жиынтық табыс алу үшiн пайдаланылатын мүлiктi сақтандыру шарттары бойынша 100 процент, бiрақ сақтанушының жылдық жиынтық табысының 1,5 процентiнен көп емес мөлшерде төленетiн (төленген) сақтандыру сыйлықақыларын шегеруге құқығы бар.

     6. Осы Нұсқаулықтың 3-5-тармақтарында белгiленген шектеулер мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының шегерiмдерiне қолданылмайды.

3-тарау. Қорытынды ережелер

     7. Осы Нұсқаулықта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен шешiледi.

Об утверждении Инструкции по установлению пределов вычетов по страховым премиям, подлежащим уплате (уплаченным) страхователем по договорам страхования

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 января 2003 года N 27. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 марта 2003 года N 2208. Утратило силу - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 19.02.2005г. N 38

         Извлечение из постановления Правления Агентства РК
            по регулированию и надзору финансового рынка и
              финансовых организаций от 19.02.2005г. N 38
 
      "В целях совершенствования нормативных правовых актов, регулирующих страховую деятельность, Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Признать утратившим силу постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 января 2003 года N 27 "Об утверждении Инструкции по установлению пределов вычетов по страховым премиям, подлежащим уплате (уплаченным) страхователем по договорам страхования"...
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня принятия...
     
      Председатель".
--------------------------------------------------------------------
 
      В целях реализации статьи 99 Кодекс а Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" Правление Национального Банка Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемую Инструкцию по установлению пределов вычетов по страховым премиям, подлежащим уплате (уплаченным) страхователем по договорам страхования.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его действие распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2003 года.

      3. Департаменту финансового надзора (Бахмутова Е.Л.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений центрального аппарата, территориальных филиалов Национального Банка Республики Казахстан и страховых (перестраховочных) организаций.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Сайденова А.Г.

      Председатель

Утверждена постановлением    
Правления Национального Банка  
Республики Казахстан       
от 31 января 2003 года N 27    
"Об утверждении Инструкции по   
установлению пределов вычетов по  
страховым премиям, подлежащим уплате
  (уплаченным) страхователем по   
договорам страхования"     

Инструкция
по установлению пределов вычетов по страховым премиям,
подлежащим уплате (уплаченным) страхователем по
договорам страхования

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящая Инструкция разработана в соответствии с Кодексом  Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) и устанавливает пределы вычетов страховых премий по договорам страхования при определении налогооблагаемого дохода для целей исчисления корпоративного подоходного налога.
      2. Действие настоящей Инструкции распространяется на страхователей, заключивших договор страхования со страховой организацией и являющихся плательщиками корпоративного подоходного налога в соответствии с требованиями Налогового кодекса.

Глава 2. Пределы вычетов по страховым премиям

      3. Страхователь имеет право на вычет страховых премий, подлежащих уплате (уплаченных), в размере 100 процентов по договорам страхования имущества, используемого для получения совокупного годового дохода, но не более 5 процентов от балансовой стоимости страхуемого имущества, указанного в договоре страхования, по классу страхование автомобильного транспорта.
      4. Страхователь имеет право на вычет страховых премий, подлежащих уплате (уплаченных), в размере 100 процентов по договорам страхования имущества, используемого для получения совокупного годового дохода, но в совокупности не более 1 процента от балансовой стоимости (стоимости) страхуемого имущества, указанного в договоре страхования, по всем следующим классам страхования:
      1) страхование железнодорожного транспорта;
      2) страхование воздушного транспорта;
      3) страхование водного транспорта;
      4) страхование грузов;
      5) страхование имущества, за исключением классов, указанных в подпунктах 1)-4) настоящего пункта и пункте 3 настоящей Инструкции.
      5. Страхователь имеет право на вычет страховых премий, подлежащих уплате (уплаченных), в размере 100 процентов, но в совокупности не более 1,5 процента от совокупного годового дохода страхователя по всем следующим классам страхования:
      1) страхование предпринимательского риска;
      2) страхование гражданско-правовой ответственности владельцев автомобильного транспорта;
      3) страхование гражданско-правовой ответственности владельцев железнодорожного транспорта;
      4) страхование гражданско-правовой ответственности владельцев воздушного транспорта;
      5) страхование гражданско-правовой ответственности владельцев водного транспорта;
      6) страхование гражданско-правовой ответственности перевозчика;
      7) страхование гражданско-правовой ответственности по договору;
      8) страхование гражданско-правовой ответственности за причинение вреда, за исключением классов, указанных в подпунктах 1)-6) настоящего пункта.
      6. Ограничения, установленные в пунктах 3-5 настоящей Инструкции, не распространяются на вычеты страховых премий, подлежащих уплате (уплаченных) по договорам обязательного страхования.

Глава 3. Заключительные положения

      7. Вопросы, не урегулированные настоящей Инструкцией, разрешаются в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.