Табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы өтініштерді ұсыну және қарау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 24 ақпандағы N 49-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 21 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2214. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 430 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.06.2015 № 430 бұйрығымен.

      Ескерту: Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 283-НҚ бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      Ескерту: Бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен.
      1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы өтініштерді ұсыну және қарау ережесі бекiтiлсiн.
      Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 283-НҚ бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы департаменті (А.Т.Шабдарбаев) осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн:
      1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгiленген тәртiппен жариялауды қамтамасыз етсiн;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң орталық аппараты мен аумақтық органдарының құрылымдық бөлiмшелерi назарына жеткiзсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары А.К.Әміринге жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Қазақстан Республикасының   
Табиғи монополияларды     
реттеу және бәсекелестiктi  
қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң
2003 жылдың 24 ақпандағы  
N 49-НҚ бұйрығымен      
бекiтiлген           

Табиғи монополиялар субъектілерін қайта
ұйымдастыруға және таратуға келісім беру
      туралы өтініштерді ұсыну және қарау
ережесі

      Ескерту: Ереженің атауы жаңа редакцияда жазылды;
      барлық мәтін бойынша:
      "қызмет (тауарлар, жұмыстар) көрсету", "Субъект көрсетілетін қызмет (тауарлар, жұмыстар)" деген сөздер тиісінше "реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының)", "Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстарын)" деген сөздермен ауыстырылды;
      "Осы Нұсқаулықтың", "Осы Нұсқаулықта" деген сөздер тиісінше "Осы Ереженің", "Осы Ережеде" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 283-НҚ бұйрығымен .

      Осы Табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы өтініштерді ұсыну және қарау ережесі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы", "Банкроттық туралы", "Акционерлік қоғамдар туралы", "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершіліктерге ие серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және табиғи монополиялар субъектілерін (бұдан әрі - Субъект) қайта құру және тарату рәсімдерін уәкілетті органмен келісу талаптарын нақтылайды
      Ескерту: Кіріспе жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005.09.29 N 283-НҚ, өзгерту енгізілді - 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрықтарымен.

1. Жалпы ереже

      1. Осы Ереженің мақсаттары тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасауды болдырмау, Субъектілер ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкасының) немесе олардың шекті деңгейлерінің негізсіз көтерілуінен заңды және жеке тұлғаларды қорғау болып табылады.
      Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 283-НҚ бұйрығымен.

      2. Осы Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар:
      1) мүлiк иесi - субъект мүлiгінің иесi немесе меншiк иесiнiң уәкiлеттi органы, құрылтайшы (құрылтайшылар), сондай-ақ субъектiнiң уәкiлеттi құжаттарымен субъектiнi қайта құру және тарату жөнiнде шешiм қабылдайтын орган;
      2) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      3) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия субъектісі саласында табиғи монополия субъектісі ұсынатын және белгілі бір тауарды тұтынушыға беру түрінде қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жағдайларды қоса, уәкілетті органмен мемлекеттік реттеуге жататын қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
      4) орталық уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      5) аумақтық орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі.
      Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 283-НҚ , 2007.08.02. N 212-НҚ , 2009.02.05 N 30-НҚ Бұйрықтарымен .

      3. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Субъектiге қайта құру немесе тарату тәсiлдерi қолданылады.

      4. Субъектiнi мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу сондай-ақ оның қызметiнің тоқтатылуын тiркеу тiркейтiн орган арқылы уәкiлеттi органның алдын ала келiсiмiмен жүзеге асырылады.

      5. Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) көлемiн едәуiр қысқартуға жол бермеу немесе үзiлiстi болдырмау мақсатында оңалту тәсiлдерi қолданылуы мүмкiн.
      Субъектiнi қайта құру Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің өсуiне негiз болмауы керек.
      Уәкілетті орган тағайындалатын оңалту басқарушысының кандидатурасын және табиғи монополия субъектісінің оңалту жоспарын келіседі.
      Ескерту: 5-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 283-НҚ бұйрығымен .

2. Субъектiнi қайта құру немесе таратуды
уәкiлеттi органмен келiсу

      6. Субъектiнi қайта құру немесе тарату уәкiлеттi органның келiсуiмен жүргiзiледi.

      7. Субъектiнi қайта құру немесе таратуға келiсiм беру туралы өтiнiш Субъектi мүлкiнiң иесi қайта құру немесе тарату туралы шешiм қабылдағаннан кейiн уәкiлеттi органға беріледi.
      Субъектi мүлкінің иесi қайта құру немесе тарату туралы шешiм қабылдағаннан кейiн Субъект 5 күн iшiнде Субъектiнi қайта құру немесе таратуға келiсiм беру туралы өтiнiштi уәкiлеттi органға өткiзедi.
      7-1. Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген Субъектінің қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы өтініші тиісті аумақтық уәкілетті органға беріледі.
      Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген Субъектінің қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы өтініші, сондай-ақ екі және одан көп облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)  аумағында табиғи монополиялар салаларындағы қызметті жүзеге асыратын Субъектілерді біріктіру, қосу тәсілімен қайта ұйымдастыру жүргізу кезінде орталық уәкілетті органға беріледі.
      Ескерту: 7-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007.08.02. N 212-НҚ Бұйрығымен .

      8. Өтiнiш уәкiлеттi органға Субъекті қызметінің тоқталуын Қазақстан Республикасының әділет органдарында тиісінше тіркегенге (қайта тіркеу) дейiн берiлуге тиiстi.
      Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 283-НҚ бұйрығымен .

      9. Субъектiнi соттан тыс тәртiппен таратуды жүргiзгенде, Субъект банкроттық рәсiмдердiң жүргiзілуiн қадағалайтын органға соттан тыс тәртiппен таратуды жүргiзу туралы өтiнiшпен қатар уәкілеттi органға Субъектiнi тарату туралы өтiнiш бередi.
      Ескерту: 9-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007.08.02. N 212-НҚ Бұйрығымен .

      10. Қайта құру немесе таратуға келiсiм беру туралы өтiнiш еркiн нысанда құрылады және уәкiлеттi органға Осы Ереженің 3-тарауында көрсетілген талаптарға сәйкес берiледi.

      11. Өз еркiмен қайта құру немесе таратуда келiсу жөнiндегi шешiмдi қарау және қабылдау үшiн Субъект уәкiлеттi органға қосымша келесi құжаттарды ұсынуға мiндеттi:
      1) анықтама-негіздеме, сондай-ақ Субъектіні қайта құру қажеттілігінің экономикалық негіздемесі (қайта құрылғаннан кейін Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтің (бағаның, алым ставкасының) болжанып отырған жобасымен);
      2) Субъектiнiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң талдауы, соның iшiнде өткен жылғы бухгалтерлiк балансы (қосымшаларымен) және ағымдағы жылдың тиiстi кезеңi мен оларға түсiндiрме жазбалар;
      3) қосылғанда, жалғастырғанда, қайта құрған кезде-өткiзу акты, сондай-ақ қосылу, Субъектiге жалғаса қатысатын басқа да тұлғалар туралы мәлiметтер. Бұл мәлiметтер құрылтайшы құжаттардың атауынан, көшiрмесiнен, мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктен (қайта тiркеу) тұруға тиiстi;
      4) бөлген немесе еншiлеген кезде-бөлу балансының көшiрмесi, сондай-ақ Субъектiнi еншілеу бөлуге байланысты құрылатын тұлғалардың құрылтайшы құжаттарының жобасы;
      5) Субъектi мүлкi иесiнiң қайта құру немесе тарату туралы шешiмi;
      6) Субъектiнiң құрылтайшы құжаттарының көшiрмесi;
      7) (алынып тасталды)
      8) әр жаңадан пайда болатын заңды тұлғалардың орналасқан жерi туралы мәлiмет;
      9) Субъектiнiң басқа заңды тұлғаларға қатысы туралы мәлiмет;
      10) салалық министрлiктiң, оның аумақтық органының немесе жергiлiктi атқарушы органның (Субъект коммуналдық меншік есебiнде болған жағдайда немесе бұл Субъектiнi қайта құру немесе тарату туралы мәселенi шешу үшiн қажеттi жағдайда) Субъектiнi қайта құру немесе тарату мүмкiндiгi туралы қорытындысы.
      Субъектi мүлкiнiң иесi Осы Ереженің 11-тармағы 2)-тармақшасында көрсетiлген қосылу мен бiрiктiруге қатысатын басқа да тұлғаларға байланысты құжаттарды ұсынуға мiндеттi.
      Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 283-НҚ бұйрығымен .

      12. Уәкілетті орган, егер Субъекті осы Ереженің 11, 13-тармақтарында көзделген талаптарды сақтамаса, өтінішті қабылдамауға.
      Ескерту: 12-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 283-НҚ , 2007.08.02. N 212-НҚ Бұйрықтарымен.

3. Субъектіні қайта құру немесе таратуды келiсуге
ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар

      13. Уәкiлеттi органға ұсынылатын құжаттар мен ақпараттар толық және сенiмдi болуы керек.
      Қосымша берiлетiн құжаттар түпнұсқада немесе оның көшiрмесi түрiнде болуы, соңғы жағдайда өтiнiшке қол қоятын тұлға және/немесе орган жазбаша түрде олардың толықтығы мен сенiмдiлiгiн растауы қажет.

      14. Сенiмсiз мәлiметтердi ұсыну Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.

      15. Уәкілетті органға өтінішпен бірге берілетін құжаттар мен ақпараттар тігілген, нөмірленген, Субъектінің мөрімен, сондай-ақ уәкілетті органның қолымен расталған болуға тиіс.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарды сақтамау өтінішті қанағаттандырудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
      Ескерту: 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ Бұйрығымен.

      16. Коммерциялық құпия құрайтын ақпараттар өтiнiм берушімен "коммерциялық құпия" деген белгiмен және бөлек мұқабамен жiберiлуi мүмкiн, бiрақ өтiнiмдер қаралатын ақпарат (құжаттар) пакетiне мiндеттi түрде енгiзiлуi керек.

      17. Ақпараттың құрамында коммерциялық құпияның болуы оны уәкiлеттi органға ұсынудан бас тартуға негіз болмайды, бұл жағдайда  Субъекті уәкiлеттi органға ақпарат ұсынған кезде коммерциялық құпия жайындағы мәлiметтердiң толық тiзiмдемесiн көрсетуге тиіс.
      Ескерту: 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007.08.02. N 212-НҚ Бұйрығымен.

      18. Ақпараттың (құжаттардың) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде болуы оны уәкiлеттi органға ұсынудан бас тартуға немесе ұсыну мерзiмiн сақтамауға негіз болмайды.
      Ескерту: 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007.08.02. N 212-НҚ Бұйрығымен.

      19. Субъектiлердi қайта құру немесе таратуға келiсiм беру туралы өтiнiштегi мәлiметтердiң (фактiлер, деректер) өзгеруi немесе шешiм қабылдау кезiнде мәндiлiкке ие ақпараттар (құжаттар) Субъектi уәкiлеттi органның назарына 3 жұмыс күнi ішінде жазбаша түрде жеткiзіледi. Уәкілеттi органға өзгерiстер туралы хабарламау Қазақстан Республикасының заңдарында қаралған жауапкершiлiкке алып келедi, сондай-ақ өтінішті қанағаттандырудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
      Ескерту: 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 283-НҚ , 2007.08.02. N 212-НҚ Бұйрықтарымен.

4. Субъектiнi қайта құру немесе таратуға келiсiм беру
туралы өтінішті қарау тәртiбi

      20. Уәкiлеттi органмен Субъектiнi қайта құру немесе таратуға келiсiм беру туралы 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімді құрайды.
      Ескерту: 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007.08.02. N 212-НҚ Бұйрығымен.

      21. Ескерту: 21-тармақ алып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007.08.02. N 212-НҚ Бұйрығымен.

      22. Ескерту: 21-тармақ алып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007.08.02. N 212-НҚ Бұйрығымен.

      23. Субъекті өтiнiштi берген кезде өздiгiнен осы Ереженің 11-тармағында көрсетiлген ақпараттар мен құжаттарға қосымша уәкiлеттi органға Субъектінің пiкiрiнше белгіленген мерзiмде шешiмдi қабылдауға қандай да бiр әсерiн тигiзетiн кез-келген ақпаратты жiберуге құқылы.
      Ескерту: 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007.08.02. N 212-НҚ Бұйрығымен.

      24. Қайта құру немесе таратуға келiсiм беру туралы өтiнiш Субъектiнi жоспардан тыс тексеруге негiз бола алады, соның қорытындысы бойынша уәкiлеттi орган осы Ереженің 25, 26 тармақтарына сәйкес шешiм қабылдайды.

      25. Субъектiнi қайта құру немесе таратудың қажеттiлiгi уәкілеттi органмен экономикалық және/немесе технологиялық тиiмдiлiк өлшемiмен, заңды және жеке тұлғалардың құқығын қорғау және мемлекет, тұтынушы, Субъектi мүдделерiнiң балансын қамтамасыз ету мақсатында бағаланады, сонымен қатар:
      1) Субъектiнiң тұтынушыларымен шартты бұзуына;
      2) Субъекті ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің өсуiне;
      3) қоршаған ортаға терiс әсер етуiне;
      4) Субъекті ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) жүйесiнiң технологиялық бiртұтастығын бұзуға;
      5) Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) үздіксіз ұсынуын бұзуға әкелмеуi тиiс.
      Ескерту: 25-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 283-НҚ бұйрығымен .

      26. Өтінішті қараудың нәтижелері бойынша уәкілетті орган:
      1) өтінішті қанағаттандырады;
      2) өтінішті қабылдамайды;
      3) өтінішті қанағаттандырудан бас тартады.
      Ескерту: 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007.08.02. N 212-НҚ Бұйрығымен.

      26-1. Уәкілетті органның келісімінсіз жүзеге асырылған субъектінің қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы заңнамада белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылады.
      Ескерту: 26-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 283-НҚ бұйрығымен.

      27. Уәкілетті органның шешіміне қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдануы мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады