Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі N 164 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 25 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2247. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 202 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.03.29 N 202 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН :
     1. Бекітілсін:
     1) Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру жүргізу Ережесі;
     2) Ветеринариялық паспорты;
     3) Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру жүргізу үшін облыстарға, Астана және Алматы қалаларына бекітілген кодтары.
     2. Ветеринариялық департаментіне, Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармаларымен, Астана және Алматы қалалары, бірлесе отырып, заңдылықтарда белгіленген тәртіпте, осы бұйрықтан туындайтын керекті шаралар қабылдасын.
     3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау ветеринария Департаментіне (М.Т.Мыңжанов) жүктелсін.
     4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енеді.

    Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрінің
     орынбасары - Министр

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
"Ауыл шаруашылық жануарларын 
бірдейлендіруді жүргізу Ережесі"
2003 жылғы 02 сәуіріндегі   
N 164 бұйрығымен бекітілген  

Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді жүргізу
Ережесі

1. Жалпы ережелер

     1. Осы ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 32 бабының 1 тармағына сәйкес әзірленді және жануарлар ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі ветеринариялық дауалауды жүзеге асыруды бақылау мақсатында және ауылдық (поселкалық) округтарда (қалаларда) ауыл шаруашылық жануарларына есеп жүргізу ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендірудің бірыңғай тәртібін анықтайды.
     Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 218 бұйрығымен .

     2. Осы Ереженің талаптарының орындалуы ауыл шаруашылық жануарларын өсірумен және ұстаумен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға, жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ тиісті әкімшілік аумақтық бірлігінде мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға міндетті болып табылады.

     3. Осы Ережеде келесі негізгі ұғымдар қолданылған:
     1) бірдейлендіру - ауыл шаруашылық жануарларын сырғалау, таңбалау және татуировкалау арқылы жеке бірдейлендіру номерін тасымалдаушыны (пласмасты биркалар, сырғалар, татуировкалайтын номерлер) берумен қатар паспорттауды жүргізу рәсімі;
     2) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін N өз өкілеті шегінде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

     4. Ауыл шаруашылық жануарларын және құстарды бірдейлендіру рәсімі ауыл шаруашылық жануарлары иелерінің есебінен жүргізіледі.

2. Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру тәртібі

     5. Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру бойынша кешенді шаралар жоспарын аудандық (облыстық дәрежедегі қалалар) жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) дайындайды, сондай-ақ ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру бойынша компьютерлік мәліметтер базасын жасау және аудандық (облыстық дәрежедегі қалалар) және ауылдық (селолық) округтерге кодтарды бекіту.
     Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 218 бұйрығымен .

     6. Әкімшілік аумақтық бірліктердің мемлекеттік ветеринариялық инспекторының қатысуымен жергілікті атқарушы органдар ауылдық (селолық) округте және елді мекендерінде, аудандарда және облыстық дәрежедегі қалаларда ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру бойынша шараларды ұйымдастырады.
     Ескерту: 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 218 бұйрығымен .

     7. Ауылдық округтың мемлекеттік ветеринариялық инспекторы ауылдық округтың әкімінің өкілімен бірлесе отырып жылына екі рет (ағымдағы жылдың қаңтар және шілде айларында) ауылшаруашылық жануарлардың инвентаризациясын жүргізіп, оның нәтижиелерін міндетті түрде ауылдық әкімшілік округтың жануарларды есептеу және тіркеу журналына енгізеді.
     Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 218 бұйрығымен .

     8. Осы Ережелердің 3 тарауына сәйкес, қажетті мөлшердегі ветеринариялық паспорттарды және зооветеринариялық керек-жарақтарды (пластмассалық сырғалар, таңбалар және басқа да көмекші құралдарды) ветеринариялық клиникалардан, дәріханалардан және басқа да сатылатын орындардан сатып алуды түгендеу нәтижесі бойынша ауыл шаруашылық жануарларының иелері жүзеге асырады. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар белгілеген уақытта ауыл шаруашылық жануарларының иелері (әрі қарай - иелері) жануарларды бірдейлестіру рәсімдерін аяқтаулары тиіс.
     Ескерту: 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 218 бұйрығымен .

     9. Егер иелері бірдейлендіру рәсімін қамтамасыз етпеген жағдайда селолық округтың мемлекеттік ветеринариялық инспекторы белгіленген тәртіпте ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқама шығарады, сондай-ақ бұл туралы жергілікті атқарушы органдарға хабарлайды.

     10. Селолық округтың мемлекеттік ветеринариялық инспекторы иелерімен ол берген нұсқама орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес әкімшілік жауапқа тарту туралы қаулы шығаруға құқылы.

     11. Селолық округта ауыл шаруашылық жануарларын және құстарды бірдейлендіруге байланысты барлық жұмыстар (сырғалау, тавролау және басқа жұмыстар), ветеринариялық паспортты рәсімдеуді қоспағанда, ауылдық округтың мемлекеттік ветеринариялық инспекторының тікелей бақылауымен ауыл шаруашылық жануарлары лицензиясы бар ветеринариялық мамандармен жүзеге асырылады.
     Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 218 бұйрығымен .

     12. Селолық округтың жергілікті атқарушы органдармен ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру рәсімі ветеринариялық паспортты және екі данада ведомство жазумен жүргізіледі, ведомствоға ауыл шаруашылық жануарлар иесі ветеринариялық паспортты алдым деп растап қол қояды.
     Ескерту: 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 218 бұйрығымен .

     13. Ведомстволарға ауылдық округтың мемлекеттік ветеринариялық инспекторының мөрі қойылады. Бір данасы жүргізілген бірдейлендіру туралы есеп ретінде аудандық (қалалық) аумақтық басқармаға компьютерлік мәліметтер базасына енгізу үшін беріледі, екінші данасы ауылдық округтың мемлекеттік ветеринариялық инспекторында қалады.

     14. Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру бойынша мәліметтердің компьютерлік базасынан және жануарларды тіркеу, есепке алу жорналынан есептен шығару үшін, немесе есепке қою үшін, ауыл шаруашылығы малдарын сатып алу, жоғалу, сою немесе сату жағдайларында мал иелері жергілікті атқарушы органдарды әкімшілік аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық инспекторына хабарлайды.
     Ескерту: 14-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 218 бұйрығымен .

     15. Түйелерді, жылқыларды, ірі қара малдарды, бұғыларды, естектерді, иттерді және мысықтарды сатқанда немесе бергенде олардың ветеринариялық паспортын жаңа иесіне бір мезгілде беру арқылы жүзеге асырылады.
     Қойларды, ешкілерді, шошқаларды сатқанда немесе бергенде жеке бірдейлендіру номерін тасымалдаушыны ауыл шаруашылық жануарлардың жаңа иесінің ветеринариялық паспортының 3 бетіндегі кестенің 3 бағанына енгізеді.

3. Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді
жүргізудің әдістері

     16. Бірдейлендіру номерінің жеке тасымалдаушысы ауыл шаруашылық жануарлары туылғаннан кейін екі айдан кеш емес уақыттың ішінде оң құлақта (аяқта) тағылуы тиіс.

     17. Бірдейлендіру нөмірінің жеке тасымалдаушының бірінші жолында, ауыл шаруашылығы жануарының туған жері (халықаралық стандартизациялау жөніндегі ұйымның-ISO коды) елдің аталуы қысқартылған екі әріп қойылады және облыстың коды, екінші жолда ауданның (қаланың), ауылдық (поселкалық) округі, ал үшінші жолға жануардың бірдейлендіру нөмірі.
     Ескерту: 17-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 26 қаңтардағы N 85 бұйрығымен .

     18. Ауыл шаруашылық жануарлары мен құстарының иелерінің қалауы бойынша олардың түріне байланысты бірдейлендіруді жүргізу үшін таңбалаудың мынадай әдістері анықталады:
     1) түйелер, жылқылар, ірі қара мал, бұғылар, естектер пласмассты биркалармен сырғаланады немесе оң жамбасқа ыстық немесе суық әдістерімен тавроланады;
     2) қойлар, ешкілер, шошқалар пласмассты биркалармен сырғаланады немесе татуировка әдісі қолданылады.
     3) иттер және мысықтар жеке ветеринариялық паспортты беру арқылы бірдейлендіріледі;
     4) асыл тұқымды құстар оң аяғына сақиналау арқылы сырғаланады;
     5) халықаралық стандарттарға сәйкес, бірдейлендірудің электронды түрі ауыл шаруашылық жануарларының барлық түрлері үшін.
     Ескерту: 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 218 бұйрығымен .

     19. Түйелерді, жылқыларды, ірі қара малдарды, бұғыларды, естектерді бірдейлендіру рәсімі ветеринариялық паспортты және жеке бірдейлендіру номерін тасымалдаушыны беру арқылы жүзеге асырылады.

     20. Қойлар, ешкілер, шошқалар ветеринариялық паспортты ауыл шаруашылық жануарлары мен құстардың топтарына (отарына) және әрбір жануарға және құсқа жеке бірдейлендіру номерін тасымалдаушыны беру арқылы жүзеге асырылады.

     21. Ауыл шаруашылық жануарлары мен құстарды сырғалау, таңбалау және татуировкалау осы Ереженің қосымшасына сәйкес ұсынылып отырған үлгіде жүзеге асырылады.

     22. Егер жеке бірдейлендіру номерін тасымалдаушы жоғалтқан жағдайда иелері бұл туралы селолық мемлекеттік ветеринариялық инспекторға жоғалған номерді қалпына келтіру үшін шаралар қолдануға хабарлауға міндетті.

4. Жауапкершілік

     23. Осы Ереженің талаптарын бұзған жағдайда айыпты тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы Министрінің
2003 жылғы 02 сәуіріндегі  
N 164 бұйрығымен бекітілген 
Ауыл шаруашылық жануарларын 
бірдейлендіруді жүргізу  
Ережесіне          
Қосымша           

Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді
жүргізу үшін биркалардың, тавролардың және
татуировканың үлгілері

     1. Ірі қара малдарды, бұғыларды, қойларды, ешкілерді және шошқаларды бірдейлендіру үшін сопақша сырғамен.
     Көлемі: ұзындығы - 35 миллиметр (әрі қарай - (мм), ені - 25 мм, қалыңдығы - 2 мм; сырға мен бекіту тұтқасының аралығы - 11 мм; бекіту тұтқаның қалыңдығы - 5 мм; тұтқаны бекітетін сақинаның ені - 20 мм; бірінші және екінші жолдардағы шрифтердің көлемі - 5 мм, ал үшінші жолдағы сандардың - 7 мм, сырғалар жұмсақ әрі берік түрлі-түсті фонды материалда, сандар әр-түрлі түсті және ойылып жазылады, жазу екі қатар орналасады: бірінші қатарда елдің аталуы қысқаша екі әріп, облыстың коды, екінші қатарда аудан (қала), ауылдық (поселкалық) округтің коды, ал үшінші қатарда жануарлардың бірдейлендіру нөмірі.
    Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 26 қаңтардағы N 85 бұйрығымен

     2. Түйелерді, жылқыларды, ірі қара малдарды, бұғыларды, естектерді бірдейлендіру үшін ыстық немесе суық әдістерімен тавролар
     0,1,2,3,4,5,6,7,8,9
     Тавроның көлемі: ересек жануарлар үшін биіктігі 8 см, ені 5 см; жас жануарлар үшін биіктігі 5 см, ені 3 см. Ыстық тавролау үшін тавро ұзындығы 18-30 мм, қалыңдығы 3 мм жалпақ тегіс темірден жасалынады. Суықпен тавролағанда біркелкі өлшемдегі цифрлар қолданылады.

     3. Қойларды, ешкілерді, шошқаларды татуировкалау арқылы бірдейлендіру.
     Қойларға, ешкілерге және шошқаларға оң құлағына татуировка арқылы жеке бірдейлендіру номерін тасымалдаушыны берген кезде құлақтың сырт жағынан қою бояу жағады, әдетте бояуды дайындау үшін трактордың түтін шығатын құбырынан күйені пайдаланады, оны майда ұнтақтап және денатуратты спиртте немесе үштік одеколонда араластырады, сосын заводта дайындалған өткір номерлері бар арнайы қысқаштармен құлаққа тесік жасайды және құлақта пайда болған жараға бояуды уқалайды.

     4. Құстарды бірдейлендіру үшін номерлі аяқ сақиналары
     (шеңбердің ішінде) KZ N 00-00-000-0000000

Қазақстан Республикасы      
Ауыл шаруашылығы министрлігінің 
"Ауыл шаруашылық жануарларын  
бірдейлендіруді жүргізу Ережесі"
2002 жылғы 02 сәуіріндегі    
N 164 бұйрығымен бекітілген   

(1 бет) 

  _______________________________________________________________
      (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
                   аумақтық басқармасының аталуы)

                   Ветеринариялық паспорт

______________________________аудан (қала)
____________________________________облыс

                                                          (2 бет)

Ветеринариялық паспорттың номері: N 01-01-001-0000001 *

Жануар туралы деректер:

Түрі_______________________________________________________________

Жынысы_____________________________________________________________

Түсі_______________________________________________________________

Аталуы_____________________________________________________________

Жасы_______________________________________________________________

Бірдейлендірудің әдісі ____________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Ауылшаруашылық |  Иесінің   | Ауылшаруашылық  |  Ауылшаруашылық
жануарларының  |   немесе   | жануарларының   |  жануарларының
иесінің      |   заңды    | иесінің немесе  |  иесінің немесе
  немесе      |  тұлғаның  | заңды тұлғаның  |  заңды тұлғаның
заңды тұлғаның | мекен-жайы | ауысуының күні  | ауысуын растайтын
тегі, аты,   |            |                 | мемветинспектордың
әкесінің аты  |            |                 |   қолы және мөрі
___________________________________________________________________
    1               2             3                    4
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

     Берілген күні _____  ______________200__ж.

М.О.

(ветеринариялық паспортты берген
селолық округтың мемлекеттік
ветеринариялық инспекторының
мөрі)                                  __________________________
                                            (Т.А.Ә., қолы)

    Ескертпе * - ветеринариялық паспорттың номері кодификацияға сәйкес жазылады: бірінші екі сандар (01) -  облыстың аталуы; екінші екі сандар (01) - ауданның (қаланың) аталуы; үшінші үш сандар (001) - селолық округтың аталуы; төртінші жеті сандар (0000001) - ауылшаруашылық жануарларының жеке бірдейлендіру номерін тасымалдаушы. Ауылшаруашылық жануарларының тобына (отарына) ветеринариялық паспортты берген кезде төртінші жеті сандар (жеке бірдейлендіру номерін тасымалдаушы) көрсетілмейді. Бұл сандар ветеринариялық паспорттың 3 бетіндегі кестенің 3 бағанында көрсетіледі.

                                                           3 бет
___________________________________________________________________
N |Күні| Ауылшаруашылық  | Ветеринариялық | Ветеринариялық | Қолы
|    | жануарларының   | іс-шаралардың  |  іс-шараларды  |
|    |тобына (отарына) | аталуы (егулер,|    жүргізген   |
|    | ветеринариялық  |  дауалаулар,   |ветеринариялық  |
|    |паспортты берген | манипуляциялар | маманның Т.А.Ә.|
|    |  кездегі жеке   |     немесе     |                |
|    | бірдейлендіру   |диагностикалық  |                |
|    |    номерін      |   тесттер * )    |                |
|    | тасымалдаушы    | ауылшаруашылық |                |
|    |                 | жануарларының  |                |
|    |                 |тиісті аурулары |                |
|    |                 |    бойынша     |                |
___________________________________________________________________
1   2         3                  4                  5         6
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

    Ескертпе* - ветеринариялық іс-шараларды жазғанда (егулер, дауалаулар, манипуляциялар немесе диагностикалық тесттер * ) ауылшаруашылық жануарларының ауруларының атауларын көрсету керек

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрлігінің 
"Ауыл шаруашылық жануарларын  
бірдейлендіруді жүргізу Ережесі"
2002 жылғы 02 сәуіріндегі   
N 164 бұйрығымен бекітілген  

        Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру
       жүргізу үшін облыстарға, Астана және Алматы
              қалаларына бекітілген кодтары

___________________________________________________________________
N  |                                             |
п/п |                Облыстар                     |  Кодтар
___________________________________________________________________
1      Ақмола                                         01
2      Ақтөбе                                         02
3      Алматы                                         03
4      Атырау                                         04
5      Шығыс-Қазақстан                                05
6      Жамбыл                                         06
7      Батыс-Қазақстан                                07
8      Қарағанды                                      08
9      Қызылорда                                      09
10      Қостанай                                       10
11      Маңғыстау                                      11
12      Павлодар                                       12
13      Солтүстік-Қазақстан                            13
14      Оңтүстік-Қазақстан                             14
15      Астана қ.                                      15
16      Алматы қ.                                      16
___________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады