Шетелдіктердiң асырап алуына берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды есепке алу туралы нұсқаулықты бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2003 жылғы 11 сәуірдегі N 08-1/31 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 12 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2264. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 11-1-2/130 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 03.04.2015 № 11-1-2/130 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Келiсiлдi:                       
      Қазақстан Республикасының        
      Білім және ғылым министрі        
      2003 жылғы 11 сәуірдегі          

      Келiсiлдi:
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      2003 жылғы 14 сәуірдегі

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
      Шекаралық қызмет директоры
      2003 жылғы 11 сәуірдегі

      Шетелдiктердiң асырап алуына берiлген Қазақстан  Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды есепке алу туралы тәртiбiн реттеу мақсатында бұйырамын:
      1. Шетелдiктердiң асырап алуына берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды есепке алу туралы қоса берілiп отырған нұсқаулық бекiтілсiн.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап 30 күн өтiсiмен қолданысқа енгiзiлсiн.

       Мемлекеттік хатшы -
      министр

Қазақстан Республикасының  
Мемлекеттiк хатшысы -   
Сыртқы iстер министрiнiң  
2003 жылғы 11 сәуірдегі  
N 08-1/31 бұйрығымен    
бекітілген        

  Шетелдiктердiң асырап алуына берiлген Қазақстан
Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз)
балаларды есепке алу туралы
нұсқаулық   1. Жалпы ереже

      Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңының  95-бабындағы 1-тармаққа,  209-бабындағы 6-тармаққа, Қазақстан Республикасының "Дипломатиялық қызмет туралы" Заңының  6-бабына , Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 27 қыркүйектегi N 217 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Консулдық  Жарғысының 25 және  32-баптарына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 қарашадағы  N 1197 Қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды шетелдiктердiң асырап алуына беру ережесiне сәйкес әзiрленген және шетелдiктердiң асырап алуына берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды (бұдан әрi - балалар) есепке алу тәртiбiн анықтайды.

  2. Консулдық есепке алу

      2. Балаларды консулдық есепке алу олар Қазақстан Республикасынан тысқары кеткенге дейiн Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнде (бұдан әрi - Сыртқы iстер министрлiгі) жүзеге асырылады.

      3. Балаларды консулдық есепке алғаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгiленген мөлшерде консулдық алым алынады.

      4. Балаларды есепке алу үшiн асырап алушылар төмендегi құжаттарды ұсынады:
      1) асырап алынған ұл (қыз) баланы консулдық есепке алу туралы өтiнiш (1 қосымша);
      2) iшкi iстер органдарының шетелде тұрақты тұру орнына жол жүруге арналған рұқсат жазбасы бар Қазақстан Республикасының ұлттық паспорты;
      3) ұл (қыз) баланы асырап алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар;
      4) баланың 2 фотосуретi;
      нотариалды түрде куәландырылған:
      5) баланың туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;
      6) ұл (қыз) баланы асырап алу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi.

      5. Балаларды есепке алу процесiне, асырап алушылардың мiндеттi түрде жеке қатысуы-оларды азаматтық және азаматтық iс жүргiзу заңнамасында құқықтары мен мiндеттерi белгiленген өкiл ұстау, сондай-ақ қажет болған жағдайда аудармашының қызметін пайдалану құқығынан айырмайды.

      6. Балалар туралы мәлiметтер Шетелдiктер асырап алған ұл (қыз) балаларды - Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу журналына (одан әрi - Балаларды есепке алу журналы) (2 қосымша), сондай-ақ балаларды есепке алудың жеке карточкасына (3 қосымша) енгiзiледi.

      7. Есепке алуды баланың паспортына реттiк нөмiрi, күнi, сондай-ақ, лауазымды тұлғаның мөртабаны мен қол қою арқылы Сыртқы iстер министрлiгi жүргiзедi (4 қосымша).

      8. Сыртқы iстер министрлiгi баланың есепке алынғандығы туралы оның одан-әрi тұратын мемлекетiндегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдiктерiне және консулдық мекемелерiне (бұдан әрi - консулдық мекемелер) хабарлайды.

      9. Аталған ақпаратты алған жағдайда, баланың тұратын мемлекетiндегi консулдық лауазымды тұлға Балаларды есепке алу журналына жазба (2 қосымша) жүргiзедi.

      10. Паспортында есепке алынғандығы туралы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мөртабаны болған жағдайда қосымша консулдық мекеменiң консулдық тiркелгендiгi туралы мөртабан қою талап етiлмейдi.

      11. Балалардың Қазақстан Республикасынан кетуiн-паспортында ҚР iшкi iстер органдарының шетелде тұрақты тұруға кетуге арналған рұқсат жазбасы, сондай-ақ Сыртқы iстер министрлiгiнде есепке алынғандығы туралы мөртабаны болған жағдайда асырап алушы ата-аналар жүзеге асырады.

  3. Тұрғылықты орнын өзгерту

      12. Асырап алынған ұл (қыз) баланың тұрғылықты орны өзгерген жағдайда, асырап алушылар бұл туралы аталған баланың есепте тұрған консулдық мекемеге Қазақстан Республикасының азаматы - асырап алған ұл (қыз) баланың тұрғылықты орны өзгергендiгi туралы жазбаша хабарлама (5 қосымша) арқылы хабарлайды.

      13. Мемлекет iшiнде тұрғылықты орны өзгергендiгi туралы хабарлама алынған жағдайда, консулдық лауазымды тұлға Баланы есепке алу журналына тиiстi жазба жүргiзедi.
      Тұратын мемлекетiн өзгерткен жағдайда, консулдық лауазымды тұлға есептен шығарылғандығы туралы Баланы есепке алу журналына жазба енгiзедi, бұл орайда баланың паспортына есептен шығарылғандығы туралы мөртабан қойылмайды.
      Есепке алу деректерiндегi өзгерiстер туралы ақпарат баланың одан әрi тұратын мемлекетiндегi консулдық мекемеге, сондай-ақ Сыртқы iстер министрлiгiне жiберiледi.

      14. Асырап алушылар өзге мемлекетке тұруға келген баланы есепке алу туралы өтiнiш жасаған жағдайда, консулдық лауазымды тұлға тиiстi ақпараттың дұрыстығын тексерудi жүзеге асырады және деректердi Баланы есепке алу журналына енгiзедi.
      Баланың мекен-жайды өзгерткендiгi туралы ақпарат болмаған жағдайда, консулдық лауазымды тұлға баланың бұрын тұрған жерiндегi консулдық мекемеге немесе Сыртқы iстер министрлiгiне сұрау салуға мiндеттi.

  4. Балаларға бақылауды жүзеге асыру

      15. Қазақстан Республикасының консулдық лауазымды тұлғасы консулдық округi шегiнде шетелдiктерге ұл (қыз) бала асырап алуға берiлген балаларға бақылау жасауды жүзеге асырады, сондай-ақ кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн баланың тұрмыс жағдайы мен тәрбиесiнiң сәйкестiгiн тексеру мақсатында асырап алушыларға барып тұрады.
       Ескерту: 15-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 30 қарашадағы N 08-1/363   бұйрығымен
 

      16. Сыртқы iстер министрлiгi ай сайын Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне есепке алынған балалардың тiзiмiн жiбередi.
 

      17. Егер асырап алушылар өздерiне жүктелген ата-ана мiндетiн орындаудан жалтаратындығы, ата-ана құқығын қиянат жасап пайдаланатындығы, асырап алынған ұл (қыз) балаға қатыгездiк танытатындығы, сондай-ақ, оның денесiне немесе жүйкесiне залал келтiретiн зорлық-зомбылық жасайтындығы, жыныстық ар тазалығына қастандық жасалғандығы анықталған жағдайда, консулдық лауазымды тұлға дереу Сыртқы iстер министрлiгiне хабарлайды және халықаралық құқық жол беретiн шекте баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғау
жөнiнде шаралар қабылдайды.

                                     Қазақстан Республикасының
                                  Мемлекеттiк хатшысы-Сыртқы icтep
                                           министрiнiң
                                   2003 жылғы 11 сәуірдегі 08-1/31
                                       бұйрығымен бекiтiлген
                                    Шетелдiктердiң асырап алуына
                                  берiлген Қазақстан Республикасының
                                     азаматтары болып табылатын
                                    ұл (қыз) балаларды есепке алу
                                           туралы нұсқаулыққа
                                                1 қосымша

                                    Қазақстан Республикасы
                                    Сыртқы iстер министрлiгiне
                                    Азамат/ша (аты-жөнi, азаматтығы)
                                  __________________________________
                                  мекен-жайы және тел.:_____________
                                  __________________________________

         ҰЛ (ҚЫЗ) БАЛАНЫ КОНСУЛДЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ ТУРАЛЫ
                           ӨТIНIШ

___________________________________қалалық АХАЖ органымен 200 жылғы
"____"_________берген сериясы ________ N______  ұл (қыз) баланы 
асырап алу туралы куәлiктiң негiзiнде менiң - Қазақстан
Республикасының азаматы/шасы - ұл/қыз баламды консулдық есепке
алуыңызды сұраймын.

                    Бала туралы мәлiметтер

Аты-жөнi, туған уақыты мен туған жерi:_____________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Паспорт N__________________________________________________________
      Қазақстан Республикасында____________________________________
берiлген ________________________________мекен-жайы бойынша тұратын
____________________________________________________________________
кетуге және тұруға рұқсаты бар.
      Қазақстан Республикасында баланың мынадай жақын туыстары
тұратынын хабарлаймын (аты-жөнi мен мекен-жайы):____________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мен асырап алған ұл
(қыз) бала________________________________________________________
кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн (18 жас) Қазақстан Республикасының
азаматтығын сақтайтындығын және консулдық лауазымды тұлға баланың
тұрмыс жағдайы мен тәрбиесiнiң сәйкестiгiн тексеру мақсатында
ұл (қыз) баланы асырап алушыларға кез келген уақытта баруға құқығы
бар екендiгi маған белгiлi.
_________________________________тұрғылықты орным өзгерген жағдайда,
кетерден 10 күн бұрын:_____________________________________________
мекен-жайында орналасқан Қазақстан Республикасының дипломатиялық
өкiлдiгiн немесе консулдық мекемесiне хабардар етемін.
200___ жылғы "___" ____________ ___________ (өтiнiш берушiнің қолы)

                                      Қазақстан Республикасының
                                  Мемлекеттiк хатшысы-Сыртқы icтep
                                           министрiнiң
                                   2003 жылғы 11 сәуірдегі 08-1/31
                                       бұйрығымен бекiтiлген
                                    Шетелдiктердiң асырап алуына
                                  берiлген Қазақстан Республикасының
                                     азаматтары болып табылатын
                                    ұл (қыз) балаларды есепке алу
                                           туралы нұсқаулыққа
                                                2 қосымша 

           ШЕТЕЛДIКТЕР АСЫРАП АЛҒАН ҚАЗАҚСТАН
              РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫ - 
           ШЕТЕЛДIКТЕРДІҢ АСЫРАП АЛҒАН ҰЛ (ҚЫЗ)
              БАЛАЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ   ЖУРНАЛЫ

______________________________________________________________
N Асырап    Асырап   Асырап   Ұл(қыз)   Асырап    Асырап     Асырап
  алғанға   алғанға  алғанға  асырап    алғаннан  алушы.     алушы.
  дейінгі   дейінгі  дейінгі  алуды     кейінгі   лардың     лардың
  ұл(қыз)   ұл(қыз)  ұл(қыз)  жүргіз.   ұл(қыз)   аты-жөні,  тұрғы.
  баланың   баланың  баланың  ген меке. баланың   оларды     лықты
  аты-жөні, туған    ата-ана. менің     аты-жөні  және бала. орны
  жынысы    жылы,    сының    атауы,    және бала ны консул.
            күні     аты-жөні мекен-    туралы    дық есепке
            және     және     жайы      соттың ше.алу туралы 
            жері     азамат.            шімімен   белгі
                     тығы               өзгертіл.
                                        ген мәлі.
                                        меттер
       ______________________________________________________________
1    2        3       4        5           6          7        8
____________________________________________________________________

таблицаның жалғасы 
________________________________________
Ұл(қыз) баланы   N паспорт   Ескертпе
асырап алу       беруге ар. 
туралы шешім     налған Ф-1
шығарған сот.    N формасын
тың атауы.       ресімдеген
Шешім шығарыл.   ІІБ атауы,
ған күн, судья.  паспорттың
ның аты-жөні       берілген
                 күні
________________________________________
    9               10          11
________________________________________  

                                     Қазақстан Республикасының
                                  Мемлекеттiк хатшысы-Сыртқы icтep
                                           министрiнiң
                                   2003 жылғы 11 сәуірдегі 08-1/31
                                       бұйрығымен бекiтiлген
                                    Шетелдiктердiң асырап алуына
                                  берiлген Қазақстан Республикасының
                                     азаматтары болып табылатын
                                    ұл (қыз) балаларды есепке алу
                                           туралы нұсқаулыққа
                                                3 қосымша

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ                   ___________
     СЫРТҚЫ IСТЕР МИНИСТРЛIГI                 |  3х4    |
                                         | фотосы  |
                                            |_________| 

                                                     ШЕТЕЛДIК АЗАМАТТАР АСЫРАП АЛҒАН ҚАЗАҚСТАН
         РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫ - ҰЛ (ҚЫЗ)
        БАЛАЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ЖЕКЕ KAPTOЧКАСЫ

______________________________________________________________
1  Асырап алғанға дейiнгі ұл (қыз)
   баланың аты-жөнi
2  Асырап  алғаннан  кейiнгі ұл (қыз)
   баланың аты-жөнi
3  Жынысы
4  Туған уақыты және жерi
5  Паспорт сериясы мен нөмiрi, берiлген
   күнi
6  Қазақстаннан шетелге кетер алдындағы
   тұрғылықты орны (тiркелген жерi)
7  Сот шешiмi, нөмiрi, уақыты және жерi
8  Асырап алушылар (аты-жөнi)
   Асырап алған әкесi:
   Асырап алған анасы:
9  Тұратын елiндегi мекен-жайы және
   телефон нөмiрi:
10 Ұл (қыз) баланы асырап алу туралы
   куәлiк (деректер)
11 ҚР-дағы жақын туыстары
   (Аты-жөнi, мекен-жайы)
12 Консулдық есепке алу немесе есептен
   шығаруды жүргiзу туралы белгі
____________________________________________________________________

      Күні ________________      Лауазымды тұлғаның қолы____________

                                      Қазақстан Республикасының
                                  Мемлекеттiк хатшысы-Сыртқы icтep
                                           министрiнiң
                                   2003 жылғы 11 сәуірдегі 08-1/31
                                       бұйрығымен бекiтiлген
                                    Шетелдiктердiң асырап алуына
                                  берiлген Қазақстан Республикасының
                                     азаматтары болып табылатын
                                    ұл (қыз) балаларды есепке алу
                                           туралы нұсқаулыққа
                                                4 қосымша 

                  ______________________________
                  |  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ     |
                  | СЫРТҚЫ IСТЕР МИНИСТРЛIГI    |
                  |                             |                   
                  |     КОНСУЛДЫҚ ЕСЕПКЕ        |
                  |           АЛЫНДЫ            |
                  |       N _____________       |
                  |  200___жылғы "__"_________  |
                  |                             |
                  |Бөлім бастығы___________ М.О.|
                  |_____________________________|

                                            Қазақстан Республикасының
                                  Мемлекеттiк хатшысы-Сыртқы icтep
                                           министрiнiң
                                   2003 жылғы 11 сәуірдегі 08-1/31
                                       бұйрығымен бекiтiлген
                                    Шетелдiктердiң асырап алуына
                                  берiлген Қазақстан Республикасының
                                     азаматтары болып табылатын
                                    ұл (қыз) балаларды есепке алу
                                           туралы нұсқаулыққа
                                                5 қосымша 

                       Қазақстан Республикасының                    
                        ____________________________________________
                       консулдық бөлiмiне (Бас Консулдық, Консулдық)
                       азамат/ша (аты-жөнi, азаматтығы)
                       _____________________________________________
                       мекен-жайы және тел:
                       _____________________________________________

      Қазақстан Республикасының азаматы - асырап алынған
       ұл (қыз) баланың тұрғылықты орнының өзгергендiгi
                       туралы хабарлама

      Жаңа мекен-жайға көшуiне байланысты Қазақстан Республикасының
азаматы/шасы________________________________________________________
                         (ұл (қыз) баланың аты-жөні)
паспорт N ____________________осы мекен-жайы бойынша тұратын болады:
      Тұратын мемлекетiмдi өзгерткен жағдайда, жаңа тұратын орынға
келгеннен кейiн ол жөнiнде 10 күннiң iшiнде Қазақстан
Республикасының жақын дипломатиялық өкiлiне немесе консулдық
мекемесiне хабардар етемiн.

      200___ жылғы "___" _______________           _______________
                                                        (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады