Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық электрбайланыс туралы ережелерiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 14 мамырдағы N 218 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 16 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2363. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 299 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010.06.30 № 299 Бұйрығымен.

      "Азаматтық авиация мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына , "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Заң күшi бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес бұйырамын:
      1. Қоса берiлген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының авиациялық электрбайланыс туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Әдiлет Mинистрлiгiнде мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап осы бұйрық күшiне енедi.

      Төраға

Қазақстан Республикасы          
көлiк және коммуникация         
министрлiгi азаматтық авиация      
комитетi төрағасының           
2003 жылғы 14 мамырдағы N 218      
бұйрығымен бекiтiлген           

Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық
электрбайланыс туралы ережелерi 1 тарау. Жалпы ережелерi

      1. Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық электрбайланыс туралы ережелерi (әрi қарай - Ережелер)  электрбайланыс құрылымы мен оны ұйымдастыру принциптерiн, байланыс жасау және қалыптастыру ережелерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясындағы электр байланыс құралдарын пайдалану тәртiбiн жүйелейдi.

      2. Осы Ережелердiң талаптары мен баптары азаматтық авиация қызметкерлерiмен таратылады және қамтамасыз етiледi және азаматтық авиация әуе кемелерiнiң ұшуларын қамтамасыз ету мақсатында, өз қызметiнде авиациялық электр байланыс құралдарын пайдаланатын меншiктiлiк формасы әртүрлi барлық заңды және жеке тұлғаларға мiндеттi.

      3. Осы Ережелерде пайдаланылатын негiзгi анықтамалар:
      1) абонент (желi пайдаланушы) - бекiтiлген индексi бар және электрбайланыс желiсiн өз қызметiнде пайдаланушы мекеме немесе лауазым иесi;
      2) авиациялық әуе электрбайланысы - борт пен авиациялық станциялардың немесе борттық станциялардың арасындағы радиобайланыс;
      3) авиациялық орнықты станция - авиациялық әуе электрбайланысының құрлықтағы станциясы;
      4) жер үстiндегi авиациялық электрбайланыс - негiзiнен аэронавигациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әуе қатынасының жүйелiлiгiн, тиiмдiлiгiн және үнемдiлiгiн қамтамасыз етуге арналған белгiлi бiр тұрақты пункттердiң арасындағы электрбайланыс;
      5) авиациялық электрбайланыс - кез келген авиациялық мақсаттарға арналған электрбайланыс;
      6) апат - нақты және тiкелей қауiп туғызатын, жедел жәрдемдi қажет ететiн жағдай;
      7) борттық станция - әуе кемесiнiң бортына орнатылған авиациялық әуе электрбайланысының жылжымалы станциясы;
      8) азаматтық авиациядағы әуе қозғалыстары, ұшуда радиотехникалық қамтамасыз ету және электробайланыс жұмыстарын өзiнiң құқықтары мөлшерiнде ұйымдастырмайтын басқа ведомстволар-мекемелер;
      9) индекс - телефон станциясындағы абоненттiң нөмiрi, авиациялық орнықты электрбайланыс желi (осыдан кейiн - АОЭЖ) индексi, радиожелiсi өзiн танытатын шартты белгi белгiленген көрсеткiш;
      10) электрбайланыс арнасы (тарату арнасы) - екi электрбайланыс станциясының арасындағы бiрден-бiр тiкелей байланыс құралы болып табылатын техникалық құрылғылар және электрдабылдар мен радиодабылдардың таралу өрiстерiнiң жиынтығы;
      11) ұшу-пайдалану агенттiгi - әуе кемелерiн пайдаланумен немесе осы салада өз қызметiн ұсынумен шұғылданатын тұлға, мекеме, ұйым;
      12) медиктiк-санитарлық көлiк - құрлықта, суда немесе әуеде тек қана медиктiк-санитарлық тасуларға арналған, толық құқықты, өкiлеттi мекемелердiң, яки жанжалға қатысушылардың бақылауымен iстелетiн кез-келген, тұрақты немесе уақытша тасу көлігі;
      13) авиациялық электр байланыс мекемесi - бiр немесе бiрнеше авиациялық электрбайланыс станциясының пайдаланылуына жауап беретiн мекеме;
      14) "БЛИНДОМ" хабарлау белгiсi - екi жақты байланыс жасай алмаған кезде, бiрақ бұл кезде тапсырылатын станция қабылдау мүмкiншiлiгi бар болған жағдайда бiр станциядан екiншi станцияға хабарлау;
      15) жер үстiндегi жылжымалы станция - алдын ала қарастырылмаған пункттерде тоқтаған немесе қозғалыс кезiнде пайдалануға арналған, борттық станция болып табылмайтын авиациялық электрбайланыс станциясы;
      16) радиотелефондық желiсi - бiр топтамадағы жиiлiктерде жұмыс iстейтiн, сол жиiлiктердi тыңдайтын, сондай-ақ, екi жақты байланыс пен "әуе-жер" трафикасын мүмкiндiгiнше сенiмдiлiкпен қамтамасыз ету үшiн бiр-бiрiне белгiлi дәрежеде көмек көрсететiн радиотелефондық авиациялық станциялардың тобы;
      17) авиациялық орнықты электрбайланыс желiсi (осыдан кейiн AFTN) - жер бетiндегi авиациялық электрбайланыстарының бөлiгi болып табылатын және AFTN) станцияларының арасында хабарлар алмасуға арналған авиациялық орнықты тiзбектердiң бүкiл әлемдiк кешендi жүйесi. "Кешендi" деген сөздi осы желiсiндегi барлық басқа станциялардағы көрсетiлген желiсi аумағында кез келген авиациялық электрбайланыстың хабар беру мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн жұмыс режимi деп ұғу керек;
      18) хабар - желiсiнен өтетiн, осы желi белгiлейтiн форматы бар ақпарат;
      19) авиациялық электрбайланыс станциясы - жер бетiндегi авиациялық электрбайланыс станциясы;
      20) AFTN станциясы - авиациялық орнықты электрбайланыстар желiсiнiң бiр бөлiмi болып табылатын, мемлекеттiң рұқсатымен немесе бақылауымен жұмыс iстейтiн станция;
      21) жеделхат - қалыптасқан үлгi бойынша жөнелтушi толтырған және желiсiне жiберу үшiн авиациялық электрбайланыс станциясына берiлген құжат;
      22) тiзбек - екi станция арасындағы барлық төте арналарды қосатын байланыс жүйесi;
      23) электрбайланыс - сым, радио, оптикалық немесе басқа да электрмагниттiк жүйелер арқылы сәуле шығару, болмаса дабыл, белгi, жазбаша мәтiн, бейнеленген файлдар, дыбыс қабылдау сияқты әр түрлi хабар тарататын байланыс желiсi.

2 тарау. Авиациялық электрбайланысқа қойылатын талаптар

      4. Азаматтық авиацияның (осыдан кейiн АА) авиациялық электрбайланысы - электрбайланыс желiсiне бiр-бiрiмен өзара байланысқан орталықтардың, станциялардың, жеке құрылымдардың, электрбайланыстың әр түрлi құралдарының жиынтығы. Авиациялық электрбайланыс құралдарының шартты белгiлерi осы Ережелердiң 1-қосымшасында көрсетiлген.

      5. АА-ның электрбайланысы мынандай негiзгi мiндеттердi орындауды қамтамасыз етуге тиiстi:
      1) әуе қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мен ретке келтiру және олардан хабар-ошар алып тұру, сондай-ақ ұшудың барлық сатыларынан хабар жеткiзiп тұру мақсатында ӘҚБ орталықтары (пункттерi) арқылы әуе кемелерiнiң экипаждарына нұсқау, жарлық, тапсырма және әр түрлi хабарлар беру;
      2) ұшуды жоспарлау мен ұйымдастыру және әуе қозғалысын басқару iсiнде әуе қозғалысын басқару орталықтарын (пункттерiн) өзара әрекеттестiру, үйлестiру;
      3) азаматтық авиацияның ұйымдары, ӘКП және ӘҚБ ұйымдар қызметтерiн қолма-қол үйлестiру;
      4) әкiмшiлiк-басқарушылық және өндiрiстiк ақпараттар беру;
      5) азаматтық авиация автоматтандырылған басқару жүйесiнiң (осыдан кейiн АБЖ) әр түрлi мәлiметтерiн беру.

      6. Азаматтық авиацияның авиациялық электрбайланысына қойылатын негiзгi талаптар:
      1) уақтысында байланыс орнату (жасау);
      2) байланыстың сенiмдiлiгi және үздiксiздiгi;
      3) ақпарат берудiң қажеттi жылдамдығын қамтамасыз ету;
      4) ақпарат берудiң талап етiлген дәлдiгiн қамтамасыз ету;
      5) ақпарат беру кезiнде құпиялықты қамтамасыз ету;
      6) мүмкiндiгiнше нәтижелiлiк және қызмет тиiмдiлiгi.

3 тарау. Авиациялық электрбайланыс құрылымы
мен ұйымдастыруға қатысты негiзгi ережелерi

      7. Қазақстан Республикасының авиациялық электрбайланысы (осыдан кейiн АЭБ) үш бөлiмге бөлiнедi:
      1) авиациялық әуе электрбайланысы;
      2) авиациялық жер үстiндегi электрбайланысы;
      3) авиациялық радиохабар тарату.

      8. Авиациялық әуе электрбайланысы мыналар үшiн ұйымдастырылады:
      1) ӘҚБ орталықтарының (пункттерiнiң) диспетчерлерi әуе кемелерiнiң экипаждарымен тiкелей радиотелефондық байланыс жүргiзу және барлық ұшу кезеңiнде қозғалғаннан (рульдеуден) бастап қонғанға дейiн және рульдеу соңына дейiн мәлiметтер беру үшiн авиациялық байланыс ұйымдастырылады;
      2) ӘҚБ орталықтары арқылы ұшып жүрген әуе кемесiнiң экипаждарымен радиотелефондық, радиотелеграфтық, сонымен бiрге радиооператорлардың көмегiмен байланыс жүргiзу;
      3) ӘҚБ орталықтары және апаттан құтқару қызметi арқылы әуе кемесiнiң экипаждарымен немесе апатқа ұшырағандармен байланыс жүргiзу.

      9. Авиациялық жер үcтi электрбайланысы мыналар үшiн ұйымдастырылады:
      1) ӘҚБ орталықтарының (пункттерiнiң) әрекеттерiнiң үйлесуiн қамтамасыз ету;
      2) азаматтық авиацияның ұйымдары мен әуе кеңiстiгiн пайдалану және ӘҚБ ұйымдарының қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ету;
      3) өндiрiстiк-диспетчерлiк қызметтер мен азаматтық авиацияның әкiмшiлiк басқару қызметшілерiнiң әрекетiн қамтамасыз ету;
      4) азаматтық авиация әуе кемелерiнiң ұшуларын қамтамасыз ету;
      5) мәлiметтердi беру.

      10. Авиациялық радиохабар тарату мыналар үшiн ұйымдастырылады:
      1) оперативтi ұшу-ақпараттық қызметiнде ұшып жүрген әуе кемесiнiң экипаждарын хабардар ету;
      2) әуеайлақ ауданында хабарларды автоматты түрде беру;
      3) маршрутта жүрген әуе кемесiнiң экипаждарына ауа райы туралы хабарды автоматты түрде беру.

4 тарау. Авиациялық электрбайланыстарды ұйымдастыру
жұмыстарына қатысты жалпы талаптар

      11. Авиациялық электрбайланыс станцияларының жұмыс уақытын (сағатын) азаматтық авиацияның ұйымдарының, мекемелерiнiң (станция кiмнің басқаруында болса, сол мекеменiң) жетекшiлерi белгiлейдi.

      12. Ұшудың аэронавигациялық ақпарат жинақтарында ол "жұмыс уақыты" - жәй жұмыс режимi көpceтілуі керек.

      13. Егер авиациялық электрбайланыс органдарының (станцияларының) жұмыс уақыты мезгiл тәртiбiнiң реттелуiне, сынақ жұмыстарының жүргiзiлуiне және аппаратураның ауыстырылуына, сондай-ақ ауежайындағы жұмыс уақытының өзгеруiне байланысты қалыптасқан режимнен өзгерсе, онда жұмыс уақытының өзгеруi басталғанға дейiн бiр жетi бұрын аэронавигациялық ақпарат жинағына қалыптасқан тәртiп бойынша өзгерiс ендiрiледi және ол туралы хабарлама қағаз таратылады (осыдан кейiн НОТАМ).

      14. Авиациялық электрбайланыс станциясы (әрi қарай - станция) өздерiнiң жұмыс сағатын ұшуды қамтамасыз етуге қажеттi мөлшерде, яғни трафик бойынша қанша қажет болса, сонша мөлшерде жасап алады.

      15. Өз жұмысын тоқтатар алдында станция бұл туралы өзi тiкелей байланыс жасайтын барлық басқа станцияларды хабардар етедi; жұмыс сағатының мерзiмiн ұзартудың қажетi жоқ екендiгiн нақтылайды; егер оның әдеттегi жұмыс уақытынан ерекшелiгi болса, қайта бастау жұмыс уақытын хабарлайды.

      16. Станция желi құрамында тұрақты түрде жұмыс жасап, жалпы тiзбекте қабылдау мен таратуды қамтамасыз етiп жүрген жағдайда ол өзiнiң жұмысын тоқтататындығы туралы ниетiн бас станцияға (егер ондай станция бар болса) немесе осы желi шеңберiндегi барлық басқа станцияларға хабарлайды. Жұмысын 2 минут жалғастырып, егер осы уақыт аралығында ешқандай шақыру алмаса, содан кейiн жұмысын тоқтата алады.

      17. Тәулiк бойы жұмыс iстемейтiн, апатқа, аяқ асты жағдайға, бақытсыздыққа қатысы бар немесе қатысуды жорамалдап отырған станция байланыс құралдарының тиiстi қызметiмен қамтамасыз ету үшiн өзiнiң әдеттегi жұмыс сағатын (қызмет уақытын) жасап ала алады.

      18. Авиациялық электрбайланыстың әрбiр станциясы өз жұмысын осы Ережеде баяндалған талаптарға сай жүзеге асыруға тиісті.

      19. Ол мынандай жағдайларда болады:
      1) кейбiр ережелердiң бұзылуы қауiптi болып табылмайды, өйткенi ол хат жазысу немесе жолығысу жолдары арқылы мүдделi жақтардың арасында тiкелей байланыс жасау нәтижесiнде түзетiлуге тиiстi;
      2) станция қатерлi немесе бiрнеше рет ереже бұзуға жол бердi делiк, мұндай жағдайда оны табушы өкiлеттi орган осы станция құрамына кiретiн тиiстi өкiлеттi органға бұл туралы түсiнiктеме жасайды;
      3) осы тармақтың 1), 2) iшкi тармақшасында баяндалған iс-әрекет мынандай жағдайда да болады, егер байланыс станцияларының бiреуi шет елдiкi болса.

      20. Авиациялық электрбайланыстың барлық станциялары дүниежүзiлiк үйлестiру уақытын (UTC) пайдалануға тиiстi. Тәулiктiң аяғы түн ортасы болып саналады, яғни 24.00, ал басы - 00.00.

      21. Ерекшелiк ретiнде электрбайланыстың жергiлiктi желiсiнде осы желi үшiн кесiмдi уақытты пайдалануға жол берiледi.

5 тарау. Авиациялық әуе электрбайланысына
қатысты жалпы талаптар

      22. Авиациялық әуе электрбайланысы мыналарды қамтамасыз етуге тиiстi:
      1) қозғалыс қызметi диспетчерлерiнiң әуе кемелерiнiң экипаждарымен ұшқаннан қонғанға дейiнгi барлық ұшу аралығында тiкелей радиотелефон байланысын үздiксiз жүргiзу;
      2) қозғалыс қызметi диспетчерлерiнiң ұшып жүрген әуе кемелерiнiң экипаждарымен радиооператорлар арқылы радиотелефон байланысын жүргiзу;
      3) қозғалыс қызметi диспетчерлерi (радиооператорлары) мен ұшып жүрген әуе кемелерiнiң экипаждары арасында радиотелеграфтық есту байланысын жүргiзу;
      4) қозғалыс қызметi пунктi диспетчерлерi (радиобюро) мен әуе кемелерiнiң экипаждары арасында хабарлар алмасуға тұрақты түрде даяр болу;
      5) байланыстың жоғары сапасы;
      6) iздеусiз және бұрап келтiрусiз байланыс;
      7) әуе кемелерiнiң экипаждарына хабарларды айналымдық түрiнде беру мүмкiндiгi.

      23. Авиациялық әуе электрбайланысы Қазақстан Республикасы әуе қозғалысы басқармасында қабылданған ұстанымдарға сәйкес ұйымдастырылады.

      24. Авиациялық әуе электрбайланысы сертификацияланған (құрал-жабдықтар типiне  сертификаты бар) электрбайланыс құралдары мен мәлiметтер берудi пайдалана отырып ұйымдастырылуға тиiстi.

      25. Қабылданған әуе қозғалысын ұйымдастыру құрылымы негiзiнде әрбiр ұйымдарда немесе ӘКП және ӘҚБ ұйымдарында авиациялық әуе электрбайланысын ұйымдастыру схемасы жасалынады.

      26. Авиациялық әуе электрбайланыстарын ұйымдастыру үшiн жоғары жиiлiктер (осыдан кейiн ЖЖ), өте жоғары жиiлiктер (осыдан кейiн ӨӨЖ) диапазонды радиобайланыс құралдарын және спутниктiк байланыс пайдаланылады. ЖЖ диапазонды құралдар әуе кемелерiнiң экипаждарын қашық байланыспен қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ, ӨЖЖ радиобайланысы жоқ жерлерде ұшу аймағындағы байланыстар үшiн пайдаланылады.

      27. Қозғалыс қызметiнiң әрбiр диспетчерлiк пунктiнде авиациялық әуе электрбайланысы құралдарының болуы, олардың радиомәлiметтерi, жұмыс режимдерi әуе трассасы бойынша аэронавигациялық ақпараттар жинағына және Қазақстан Республикасы әуе кеңiстiгiндегі қамтамасыз ету радиотехникалық құралдарының уақыт тәртiбiне (регламентiне) енгiзiледi.

      28. Авиациялық әуе электрбайланысы жоғары сенiмдiлiкке ие болуға тиiстi. Әуе кемелерiмен байланысты жоғалтып (үзiп) алу - ұшудағы ерекше жағдай деп есептелiнедi. Егер радиобайланыс бар құралдарды пайдалануда 5 минут iшiнде экипаж бiрнеше рет қайталап шақырулардың ешқайсысына жауап бермесе, онда әуе кемелерiмен радиобайланыс үзiлген жағдайда оны қалпына келтiруге қатысты мүмкiн болған шаралардың бәрiн тез арада қолдану керек.

      29. Авиациялық әуе электр байланысының сенiмдiлiгiн арттыру үшiн, қалыптасқан талапқа сай әрбiр радиостанция желiлерiнiң запас жасалуы керек.

      30. Егер хабар беруге жердегi электрбайланысты пайдалануға болатын болса, ескертiлген 37-тармақтан басқа тармақтарда авиациялық әуе электрбайланыстары жиiлiктерiнде хабар беру жүргiзiлмейдi.

      31. Авиациялық станцияны бiр кезде бiрнеше борттық станциялар шақырған жағдайда әуе кемелерiмен байланыс орнату жөнiндегi шешiмдi авиациялық орнықты станция қабылдайды.

      32. Радиостанцияны бұрап келтiру (настройка)және тексеру үшiн сынақ дабылдарын беру 10 секундтан аспауы керек, ол радиотелефон арқылы дауыспен берiлетiн цифрлардан (Бiр, Екi, Үш т.б.) тұрады; содан кейiн сынақ дабылдарын беретiн радиошақыру станциясы жалғастырады.

      33. Қажет болған жағдайда радиобайланыс қашықтығы мен үздiксiздiгiн арттыруға байланысты ұйымдастыру-техникалық шаралар жүргiзiлуге тиiстi. Ондай шараларға мыналар жатады:
      1) ұшу трассасына шығарылған ӨЖЖ диапазонды peтстанцияларды ұйымдастыру;
      2) ӨЖЖ диапазонды радиобайланыс құралдарын орналастыру үшiн биiк жерлердi, биiк құрылыстарды пайдалану;
      3) күшi жоғары және арнаулы антенна жүйесi бар ӨЖЖ диапазонды радиобайланыс құралдарын қолдану;
      4) радиобайланыс пен спутниктiк байланыстың жаңа құралдарын пайдалануға енгiзу;
      5) ӨЖЖ каналдары қабылдамаған (жоқ болған) немесе радиобайланыстың үздiксiздiгi бұзылған жағдайда диспетчерлердiң нұсқауын және экипаждардың хабарларын беру үшiн ЖЖ каналдарды ұйымдастыру.

      34. Авиациялық әуе электрбайланысын ұйымдастыру кезiнде мыналар ескерiлуi керек:
      1) қолданылатын радиоқұралдардың тактикалық, техникалық мүмкiндiктерi;
      2) қолданылатын радиотехникалық құралдардың электрмагниттiк үйлесiмдiлiгi;
      3) жиiлiктi таңдау;
      4) радиотолқындардың өту жағдайы, атмосфералық, өнеркәсiптiк және басқа да электрлiк кедергiлер, жұмыс процесi кезiндегi авиациялық әуе электрбайланыстарын жетілдiруге байланысты ұйымдастыру-техникалық шараларын өткiзу мүмкiндiгi.

      35. ӘҚБ үшiн әуе жолдары мен жергiлiктi диспетчерлiк пункттердегi байланыстарды және авиациядағы әуе радио-байланыстарын ұйымдастырудың қалыптық схемасы осы Ережелермен бiрге берiлген осы Ережелердiң 5-қосымшасында көрсетiлген.

      36. Аэродром ауданындағы ӘҚБ үшiн авиациялық әуе радиобайланысын ұйымдастырудың қалыптық схемасы осы Ережелермен бiрге берiлген 6-қосымшада көрсетiлген.

6 тарау. Авиациялық әуе электрбайланысында
өңдеуден өткен хабарлар

      37. Авиациялық әуе электрбайланысында өңделген хабарлар категориялары, байланыс орнату мен хабар таратудың кезек тәртiбi, осы Ережелердiң 14-қосымшасында көрсетiлген.

      38. Апат туралы хабарламалар осы Ережелердiң 14 тарауында айтылған қағидаларға сәйкес өңдеуден өткiзiледi.

      39. Жедел хабарлар. Әуе кемелерiнiң қауiпсiздiгiне немесе басқа да көлiк құралдарына, сондай-ақ, бортта немесе көзге көрiнерлiк шамада болған (бiрақ жедел жәрдем көрсетудi қажет етпейтiн) белгiлi бiр адамдарға қатысы бар хабарлар.

      40. Ұшу қауiпсiздiгi туралы хабарлар мыналарды қамтиды:
      1) қозғалысқа және басқаруға қатысты хабарлар мен [PANS- RAC (DOC 4444)];
      2) ұшып жүрген әуе кемелерiне тiкелей қатысы бар ұшу-пайдалану агенттiгiнде немесе әуе кемесiнiң бортында құрастырылған хабарлар;
      3) ұшып жүрген немесе ұшуға даяр тұрған әуе кемелерiне тiкелей қатысы бар метеорологиялық хабарлар туралы (жеке-жеке берiлген немесе радиохабары үшiн арналған);
      4) ұшып жүрген немесе ұшуға даярланып жатқан әуе кемелерiне қатысы бар басқа да хабарлар.

      41. Метеорологиялық хабарламалар - әуе кемелерiнiң бортынан немесе әуе кемелерiне осы Ережелердiң 40 тармағының 3) iшкi тармақшасында көрсетiлген ақпараттардан басқа метеорологиялық ақпараттар.

      42. Ұшу жүйелiлiгi туралы хабарлар мынаны қамтиды:
      1) әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгi мен ұшу жүйелiлiгiн қамтамасыз етуде өте маңызды орын алатын құралдардың пайдаланылуы мен техникалық қызмет көрсетiлуiне қатысты хабарлар;
      2) әуе кемелерiнiң күтiмiне қатысты хабарлар;
      3) жолаушылар мен экипаж мүшелерiнiң қажеттiлiгiне орай әдеттегi күн кестесiнiң ауытқуынан туған өзгерiстерге қатысты ұшу-пайдалану агенттiгiнiң өкілдерi берiлген нұсқаулар;
      4) жоспарланбаған қонуға қатысты хабарлар;
      5) әуе кемелерi үшiн тығыз қажеттi бөлшектер мен материалдарға қатысты хабарлар;
      6) күн кестесiнiң өзгеруiне қатысты хабарлар.

7 тарау. Әуеайлақтағы авиациялық әуе электрбайланысы

      43. Әуеайлақтың аумағында авиациялық электрбайланысы осы әуеайлақ үшiн қабылданған әуе қозғалысын басқарудың схемасына сәйкес жүргiзiледi.

      44. Әуеайлағының аумағында авиациялық әуе электрбайланыс ӨЖЖ диапазонындағы радиобайланыс құралдарын пайдалану арқылы iске асады.

      45. Әуе қозғалысын басқару мен әуеайлағының аумағындағы байланысты қамтамасыз ету үшiн мынандай радиожелi ұйымдастырылуы мүмкiн:
      1) аумақ;
      2) мұнара;
      3) жақындап келетiн (секторлардың санына қарай);
      4) айналатын;
      5) ұшатын және қонатын;
      6) бұратын (жүретiн);
      7) апаттан құтқаратын (ӘҚБ-ның жалпы барлық тармақтары үшiн);
      8) АТИС;
      9) ВОЛМЕТ;

      46. Қазақстан Республикасының әуеайлақтарын әуе кемелерiнiң қосымша қонатын жерi ретiнде пайдалану кезiнде әуе айлақ аумағындағы ұшу басқармасының барлық ведомстволары ұшу, биiктiк алу, қонуға кiру үшiн маневр жасау кезеңдерiнде ӘҚБ-ның бiрыңғай әдiстерi мен жұмыс технологияларын және радиохабарласу сөзтiркесiн қолдану арқылы iске асырады.

      47. AA-ның қосымша қонатын жер ретiнде пайдаланылатын А, Б және В класс әуеайлақтарында, сондай-ақ, бiрлесiп тiрек ететiн, бiрлесiп пайдаланатын әуеайлақтарда 124,0 МГц жиiлiкпен жұмыс iстейтiн ӨЖЖ диапазонды командалық мәрелiк (қосымша) бiртұтас радиобайланыс ұйымдастырылады.

      48. Радиожелi бiрлестiгiне қатысты жүгiру, ұшу, қону және айналу iсi әуе қозғалысы басқармасы қабылдаған схемаларға және әуе  кемелерiнiң қозғалыс қарқындылықтарына байланысты қозғалыс қызметi арқылы жүзеге асады; олар мiндеттi түрде осы әуе айлаққа арналған нұсқаулыққа және аэронавигациялық хабарлар жинағына жазылады.
      Мұндай жағдайда радиобайланыстың бiртұтас жиiлiгi белгiленедi.

8 Тарау. Әуе трассаларында және жергiліктi әуе жолдарында
авиациялық әуе электрбайланыстарын ұйымдастыру

      49. Әуе трассаларындағы, жергiлiктi әуе жолдарында (осыдан кейiн ЖӘЖ) авиациялық әуе электрбайланыс әрбiр әуе трассасы мен ЖӘЖ үшiн әуе қозғалысы басқармасы қалыптастырған схемаға сәйкес ұйымдастырылады.

      50. Әуе трассаларында және жергiлiктi әуе жолдарында әуе қозғалысын басқаруды қамтамасыз ету ӨЖЖ және ЖЖ диапазондарындағы радиобайланыс құралдары арқылы жүзеге асады.

      51. Әуе трассалары мен ЖӘЖ әуе қозғалысын басқаруды қамтамасыз етудiң негiзгi құралдары болып осы нақтылы жағдайда әуе кемелерiнiң ұшуын барынша терең басқаруды қамтамасыздандыратын сол диапазондардағы радиобайланыс құралдары есептелiнедi.

      52. Әуе қозғалысын басқаруды және әуе трассалары мен бiрiншi категориялы жергiлiктi әуе жолдарындағы байланысты қамтамасыз ету үшiн мынандай радиожелiлер ұйымдастырылады:
      1) ӨЖЖ диапазонындағы әуе қозғалысы қызметiнiң аймағы (осыдан кейiн ӘҚҚА) зонасын басқару үшiн (секторлардың саны бойынша);
      2) ЖЖ диапазонды ӘҚҚА зонасындағы әуе байланысы (ӨЖЖ-ны даламен қалқалау болмаған жағдайда);
      3) ЖЖ диапазонындағы қашықтық байланыс;
      4) ӨЖЖ диапазонындағы апаттан құтқару байланысы.

      53. ӘҚҚА зонасындағы басқаруға арналған ӨЖЖ диапазонындағы радиожелiнiң саны берiлген ӘҚҚА зонасында ұйымдастырылған секторлардың санымен анықталады. Метрлiк радиотолқынның таралу ерекшелiгiн ескере отырып, ӘҚҚА-ның барлық зоналарында (секторларында) әуе қозғалысын басқарудың үздiксiздiгiн қамтамасыз ету үшiн, басқаруды ӘҚҚА диспетчерлерi арқылы тiкелей жүзеге асыруға тиiстi бiр немесе бiрнеше ӨЖЖ ретрансляторлары ұйымдастырылуы мүмкiн; сондай-ақ, көмекшi аудандық орталық (осыдан кейiн КАО) ұйымдастырылуы да мүмкiн. ӨЖЖ жұмысы КAO ретранслятор мен радиостанцияларының ӘҚҚА диспетчерлерi радиостанцияларының жиiлiгiнде немесе жиiлiктердi жылжыту, ауыстыру әдiсi бойынша iстелiнуге тиiстi.

      54. ӘҚҚА аймағында авиациялық әуе байланысы үшiн ЖЖ диапазондағы радиожелi ӘҚҚА диспетчерлерiнiң бiрнешеуi үшiн бiр жиiлiкте, сондай-ақ "жиiлiктер тобы" принципi бойынша ұйымдастырылуы мүмкiн.

      55. ЖЖ диапазонды алыс байланыстағы радиожелi алыс қашыққа арнаулы және халықаралық ұшуды орындайтын әуе кемелерiнiң экипаждарымен байланыс жасау үшiн ұйымдастырылады.

      56. Әуе трассаларымен алысқа ұшуды орындайтын әуе кемелерiнiң экипаждары мен ӘҚБ диспетчерлiк пункттерiнiң арасындағы ЖЖ диапазонындағы қашық байланысты радиожелi Қазақстан Республикасын азаматтық авиацияның өкiлеттi органының келiсiмiмен ұйымдастырылуы мүмкін.

      57. ӨЖЖ диапазонында хабар беретiн радиоканалдар әуе кемелерiнiң экипаждарымен және:
      1) әуежайлар және авиакомпаниялар арасында - қажеттi коммерциялық хабарлар алу мақсатында;
      2) авиациялық техникалық базамен (орталығымен) АТБ (АТО) - әуе кемелерiнiң материалды бөлшектерiнiң жағдайы хабарлар алу, қосымша жанар-жағар май құйып алатындығы және кейбiр бөлшектерiн ауыстыратындығы туралы мәлiмдеу мақсатында байланыс үшiн ұйымдастырылады.

      58. Әуе қозғалысын басқаруды қамтамасыз етуге, екiншi категориялы ЖӘЖ және ЖӘЖ аэродром аумақтарында мынандай радиожелiлер ұйымдастырылады:
      1) ӘҚБ және ЖӘЖ-бен байланыс;
      2) ЖӘЖ аймағындағы ӘҚБ;
      3) ЖӘЖ-дiң әуеайлақтармен байланысы.

      59. ЖӘЖ-дағы әуе қозғалысын басқару үшiн радиожелi ұйымдастыру, ЖӘЖ әуеайлақтары аймақтарында ЖДП, ЖӘЖ жергiлiктi диспетчерлiк пунктi үшiн ӘҚБ схемаларын жасап қою.

      60. ЖӘЖ-да және ЖӘЖ әуеайлақтары аймағында әрбiр ЖДП үшiн әртүрлi жиiлiктегi ЖЖ және ӨЖЖ диапазонды әуе қозғалысын басқару радиожелiлерi ұйымдастырылады.

9 тарау. Авиациялық жұмыстарды орындау кезiндегi
электрбайланыс

      61. Авиациялық жұмыстарды орындау кезiнде авиациялық авиациялық электрбайланысты ұйымдастыру әуе кемелерiнiң ұшуын басқаруды қамтамасыз етудегi және авиациялық жұмыстар мен азаматтық авиация ұйымдардың өндiрiстiк қызметтерiндегi орындалған мiндеттердiң сипатына сәйкес келуi қажет.

      62. Әуе кемелерiнiң ұшуын басқаруды қамтамасыз етуге электрбайланыстарының жұмыс iстеп тұрған желiлері (арналары) пайдаланылады. Қажет болған жағдайда электрбайланыстың жеке желiлері (арналары) ұйымдастырыла алады; сондай-ақ тұрақты және уақытша (жедел) байланыс желiнiң, сонымен бiрге басқа да мекемелердiң, заңды және жеке тұлғалардың арендалық немесе абоненттiк арналарын құру арқылы да ұйымдастыруға болады.

      63. Әуе кемелерiнiң ұшуын электрбайланыспен қамтамасыз ету және ұйымдастыру схема және авиациялық жұмыстарды орындау үстiнде авиациялық электрбайланысты ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асады. Авиациялық электрбайланысты ұйымдастырудың схема мен нұсқаулығын авиаұйымының немесе ӘКП және ӘҚБ ұйымдарының жетекшiсi авиациялық жұмыстарды орындаушы авиакомпаниямен келiсе отырып бекiтедi.

      64. Авиациялық жұмыстарды орындаудағы авиациялық электрбайланысты ұйымдастыру туралы нұсқауда мыналар көрсетiледi:
      1) электрбайланыс желiлерi мен арналарының тiзiмi және олардың мiндеттерi;
      2) желiлер мен арналардың радиомәлiметтерi;
      3) жұмыс уақыты;
      4) әуе кемелерiнiң экипаждарын, жердегі тiлшiлерiмен байланыс орнату ерекшелiктерi.

      65. Әуе кемелерiнiң экипаждарының тұрақты байланыс тораптары жоқ ұшуларды басқару пункттерiмен тиянақты байланысын қамтамасыз ету үшiн жылжымалы радиобайланыс тораптары пайдаланылады.

10 тарау. Апаттан құтқару және iздеу-құтқару
жұмыстарына арналған апаттық электрбайланыс

      66. Апаттық радиожелi әуе трассаларындағы ӘҚБ-ны қамтамасыз ететiн диспетчерлiк пункттерi мен әуе айлақ аймақтары (аудандық орталық (осыдан кейiн - АО), қосалқы аудандық орталық (осыдан кейiн - ҚАО), жақындап келу диспетчерлiк пунктi (осыдан кейiн - ЖДП), қондыру жүйесiнiң дичпетчерлiк пунктi (осыдан кейiн - ҚЖДП)) үшiн немесе қозғалыс қызметi айқындайтын кез келген басқа да диспетчерлiк пункттер үшiн ұйымдастырылады.

      67. Қозғалыс қызметтерiнiң диспетчерлiк пункттерi радиожелiлердi үздiксiз тыңдаумен қамтамасыз ететiн және әуе кемелерiнiң экипаждарымен байланыс жасауға мүмкiндiк беретiн құралдармен жабдықталады.

      68. Апаттық радиожелiлер сол үшiн ұйымдастырылған диспетчерлiк пункттердiң жұмысы негiзiнде анықталған уақыт iшiнде қызмет етедi.

      69. Апаттық радиожелiлер тек мына жағдайларда пайдаланылады:
      1) негiзгi радиожелiлерi мен хабар беру қиындағанда;
      2) әуе кемелерiмен, яғни қонуға мәжбүр болған және iздеу-құтқару операцияларымен айналысып жатқан әуе кемелерiмен байланыс орнату қажет болғанда;
      3) борттық радиомаяктарды жұмыспен қамтамасыз етуде;
      4) негiзгi радиожеліде радиобайланыс үзiлген кезде.

      70. Әуе кемелерiнiң аралығында, сондай-ақ әуе кемелерi мен iздеу-құтқару жұмыстарымен айналысып жатқан жердегi қызмет аралықтарында байланыс орнату үшiн 123,1 МГц жиiлiктегi қосымша радиожелi ұйымдастырылады.

11 тарау. Спутниктiк байланыс

      71. Спутниктiк электрбайланыс ӘҚБ орталықтарының, электрбайланыс станцияларының әрекеттестiктерiн қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ ӘҚБ орталықтарының әуе кемелерiмен байланысын ету үшiн ұйымдастырады.

      72. Спутниктiк электрбайланыс, әдетте елiмiздiң қалыпты радиобайланысты пайдалану қиындаған немесе мүмкiн болмаған аймақтарында пайдаланылады.

      73. Спутниктiк электрбайланыс мынандай жолдармен ұйымдастырылуы мүмкiн:
      1) байланыстың спутниктiк каналдарын арендалау;
      2) жергiлiктi жүйелердi құру;
      3) АА-ның спутниктiк байланысының республикалық және халықаралық жүйелерiн құру.

12 тарау. Әуе кемелерiне радиотелефондық байланыс
орнату мен жүргiзу ережелерi

      74. Азаматтық авиацияның радиотелефондық байланысы ӘҚБ қызметi диспетчерлерiнiң әуе кемелерiнiң экипаждарымен өзара қолма-қол әрекет жасау мақсатында ұйымдастырылады және жүзеге асады.

      75. Радиотелефондық байланысты жүргiзуге әуе кемелерiнiң экипаж мүшелерi, ұшу жетекшілерi, ӘҚБ қызметiнiң диспетчерлерi, радиобюро радиооператорлары жiберiледi. Радиотелефондық байланысты жүргiзуге жiберiлген тұлғалар радиоалмастыру ережесiн және азаматтық авиациядағы радиодан ашық хабарларға тыйым салынған хабарларды берудi бiлуге мiндеттi. Бұл ереже мен тiзбенi бұзғаны үшiн олар жеке жауап бередi. Радиотелефондық байланысты жүргiзуге жiберiлген жоғарыда аталған тұлғаларға рұқсат ету iсi сынақ алынғаннан кейiн ұйым бастығының бұйрығымен жүргiзiледi.

      76. Қазақстан Республикасы территорияда радиотелефондық байланыс сол ережеде баяндалған заңдылықтар мен терминология бойынша орыс тiлiнде, ал халықаралық трассаларда ағылшын тiлiнде жүргiзiлуге тиiстi.

      77. Радиотелефон байланысын жүргiзу кезiнде эфир тәртiбi қатаң түрде сақталынуға тиiстi. Шақыру мен хабар беру қысқа, минутына 100 сөзден көп емес жылдамдықпен жүргiзiлуi керек. Шақырмас бұрын эфирдi тыңдау және оның бос екендiгiне көз жеткiзу керек, мұндай жағдайда эфирде сөйлесудi жүргiзiп отырған адамға шақыру кедергi келтiрмейдi. Бiр радиостанцияны басқа бiрнеше станциялар шақырған кезде байланыс жүргiзу тәртiбiн (ретiн) шақырылған радиостанция анықтайды. Радиоалмасудың көлемiне қарай азаматтық авиация ұйым (ӘКП және ӘҚБ кәсiпорындары бойынша да) жете iсiнiң шешiмiмен радиооператорға екi және одан да көп ӘҚБ ЖЖ диапазонды радиожелiлерде жұмыс iстеуге рұқсат етедi.

      78. Радиотелефон байланысының каналдарынан айтылуы қиын сөздер берiлгенде немесе қандай да бiр сөздiң, белгiнiң дұрыс қабылдануы қиындық тудырған жағдайда радиотелефон байланысында сөздердi әрiптермен жеткiзу осы Ережелердiң 10 және 11 қосымшаларға сәйкес олар жеке-жеке әрiптермен берiлуi керек.

13 тарау. Әуе кемелерiмен байланысу ережелерi

      79. Әуе қозғалысын үздiксiз басқаруды қамтамасыз ету үшiн барлық әуе кемелерiнiң экипаждары мен ӘҚБ пункттерiнiң диспетчерлерi тиiстi зоналар үшiн, ӘҚБ секторлары үшiн бөлiнген және аэронавигациялық хабарлар жинағында көрсетiлген радиотелефондық байланыс жиiлiктерiнде тұрақты түрде тыңдау жүргiзуге және шақыруға тоқтаусыз жауап беруге мiндеттi.

      80. Әуе кемелерiнiң радиотелефон байланысын орнату және жүргiзу үшiн AA-ның ӘҚБ қызметi диспетчерлiк пункттерiнiң радиостанцияларына шақыру дабылдарының бiрыңғай тұрақты бөлiктерi белгiлендi:
      1) "Орталық" - трассалардағы ӘҚБ үшiн командалық радиостанцияларға;
      2) "Бақылау" әуе трассалары мен олардан тыс ұшуларды байланыспен қамтамасыз ететiн аудандық орталық (осыдан кейiн АО), КАО, ӘҚБ-ның командалық радиостанциялары үшiн;
      3) "Радио" - ӘҚҚА, КAO, ішкі порттық байланыс (осыдан кейiн - IПБ) байланыс радиостанцияларына;
      4) "Аудан" - жергiлiктi диспетчерлiк пунктi (осыдан кейiн - ЖДП), шығарған жергiлiктi диспетчерлiк пунктi (осыдан кейiн ДП) командалық радиостанциялар үшiн;
      5) "Жақындау" - жақындау зоналары, ЖДП, командалық диспетчерлiк пунктi (осыдан кейiн - КДП) командалық радиостанцияларға;
      6) "Шеңбер" - ҚЖДП айналу зонасының командалық радиостанцияларына;
      7) "Қону" - ҚЖДП қону зонасының командалық радиостанцияларына;
      8) "Бастау" - бастаушы диспетчерлiк пунктi (осыдан кейiн - БДП), бастаушы командалық пунктi (осыдан кейiн - БКП) командалық радиостанцияларына;
      9) "Мұнара" - КДП, ЖӘЖ командалық радиостанцияларына;
      10) "Жағалау" - рульдеу диспетчерлiк пунктi (осыдан кейiн - РДП) командалық радиостанцияларына;
      11) "Транзит" - кәсiпорынның өндiрiстiк-диспетчерлiк қызметi (КӨДҚ) байланыс радиостанцияларына;
      12) "Ауа-райы" - ауа райы туралы хабар беретiн радиостанцияларына.

      81. Диспетчерлiк пункттiң толық шақырулары әуеайлақтық және тұрақты бөлiк шақыруларының географиялық немесе шарттылық атауларынан тұрады.
      Хабар берiлгеннен кейiн қабылдағанын растайтын "ТҮСIНДIМ - 85411" дегендi сөзбен бередi.

      82. Егер қабылдаған хабардың дұрыстығына күмәнi болса экипаж немесе диспетчер (оператор) "қайталаңыз" деу арқылы хабар мәтiнiн толық немесе оның бiр бөлiгiн қайтадан талап етуге оның бiр бөлiгiн қайтадан талап етуге мiндеттi.

      83. Әуе кемесi мен ӘҚБ пунктi арасында екiжақты тұрақты радиотелефон байланысы орнатылғаннан кейiн радиопiкiралмасу формасын қысқартып пайдалануға рұқсат етiледi. Мұндай жағдайда диспетчерлiк пункттердiң шақырулары түсiрiлiп айтылуы, әуе кемесiнiң шақырулары соңғы үш цифрға дейiн қысқартылуы мүмкiн; сондай-ақ цифрлар мәнi өлшем бiрлiктерiнiң атауларынсыз-ақ берiлуi мүмкiн.

      84. Экипаждың бiр радиожелiден екiншiсiне (бip желiден екiншiсiне) ауысуы өзi радиотелефон байланысын жасап отырған ӘҚБ диспетчерiнiң нұсқауынан немесе рұқсатынан кейiн ғана iске аса алады.

      85. Әуе кемесiнiң ӨЖЖ диапазонды ӘҚБ пункттерiмен радиотелефон байланысы қамтамасыз етiлмеген зоналарда ұшқанда әуе кемелерiнiң экипаждары олармен ЖЖ диапазонды радиостанциялар арқылы  байланыс жасауға мiндеттi.

      86. Әуе кемесiмен (ӘҚБ пунктiмен) екiжақты байланыс үзiлген жағдайда байланыс үзiлген әуе кемесiне хабар беру үшiн экипаждар мен  диспетчерлер осы радиожелiлерiмен байланысы бар басқа әуе кемелерiмен жердегi радиостанцияларын пайдалануға тиiстi.

      87. Бiр радиожелiде жұмыс iстейтiн әуе кемелерiнiң экипаждары
мен жердегi радиостанциялары бұзылған жағдайда ӘҚБ диспетчерлiк пункттермен радиобайланыс орнату және жүргiзу мақсатында бiр-бiрiне сұранысы бойынша жәрдем көрсетуге мiндеттi.

      88. Әуе кемелерiнiң экипаждарына екiжақты радиобайланысты орнату мүмкiн болмаған жағдайда ӘҚБ пункттерiнiң диспетчерлерi мен радиооператорлары байланыс бұзылуының себебi көрсетiп көрсетiлуi тиiс "Блиндом" қабылдауының растауынсыз-ақ хабар беруге мiндеттi. Мұндай хабар үш рет берiлуге тиiстi. Әуе кемесiне диспетчерлiк рұқсат блиндомын беру iсi iстелмейдi.

      89. Әуе кемесiнiң экипажымен байланыстың бұзылуы 5 минуттан артып кетсе, бұл ерекше жағдай болып есептелiнедi. Ол туралы мүдiрместен ұшу жетекшiсiне хабарлау керек және оны қайта қалыптастыру үшiн шаралар қабылданылуы тиiс.

      90. ЖӘЖ бойынша ұшу кезiнде әуе-жер желiлерiнен диапазонында ЖӘЖ байланыстары араласып келген әуе кемелерi экипаждарының радиотелефондық байланысы байланыстың басқа түрлерiнiң алдында басымдылыққа ие болады.

      91. Шақырулар, жиiлiктер, радиотелефон станцияларының ӘҚБ пункттерiнiң әуе кемелерiмен байланыс жұмысының уақыты туралы мәлiметтер аэронавигациялық хабарлар жинағында болады.

14 тарау. Қауiптiк дабылдарын беру және қабылдау ережелерi

      92. Халықаралық апаттық жиiлiк ретiнде ӨЖЖ-нiң 121,5 МГц және 243 МГц, сондай-ақ 500 кГц, 2182 кГц, 8364 кГц жиiлiктерi пайдаланыла алады. 500 кГц пен 2182 кГц жиiлiктерi теңiздегi апаттан құтқару қызметi сұраған кезiнде пайдаланылады.

      93. Апатқа ұшыраған әуе кемелерiнiң экипаждары мен жолаушыларына дер кезiнде көмек көрсету мақсатында АА-ның 1, 2 және 3 класс әуежайларында ӘҚБ диспетчерлерiнiң күшiмен 121,5 МГц жиiлiкте тәулiк бойы тыңдау ұйымдастырылады.

      94. Апат болған жағдайда шақыру, егер әуе кемесiнiң экипажы керек деп тапса, осы уақытта пайдаланылып жүрген "әуе-жер" eкі жақты байланысының жиiлiгiнде немесе 121,5 МГц апаттық жиiлiгiнде (радиотелефон байланысы болғанда) немесе авиациялық әуе электрбайланысының басқа да жиiлiктерiнде берiледi.

      95. Апаттық дабыл және шақырыс келесi түрде берiледi:
      1) радиотелеграфтық дабыл - телеграфтық есту байланысы бойынша берген кезде:
      үш нүкте, үш сызықша және үш нүкте (... -- ...) тiзбегiнен тұратын, бiр дабыл ретiнде берiлетiн, "СОС" сөзi Морзе кодасында - үш рет беріледi;
      "ДЕ" сөзi (халықаралық ұшулар кезiнде "ДЕ");
      2) радиотелефондық дабыл - телефондық байланыс бойынша берген кезде:
      "АПАТТЫҚ ЖАҒДАЙДАМЫН" (халықаралық ұшулар кезiнде "MAYDAY") сөз орамы - 3 рет дыбысталады;
      "МЕН" сөзi (халықаралық ұшулар кезiнде "THIS IS");
      апаттық жағдайдағы әуе кемесiнiң тану индексi - 3 рет дыбысталады.

      96. Оның қабылданғаны туралы растық (қолдау) хабар алынғанға дейiн дабыл қысқа интервалмен қайталана беруi керек.

      97. Егер жағдай мүмкiндiк берсе, қауiптiлiк дабылынан кейiн апат туралы хабар тiкелей берiлуi керек.

      98. Қауiптiлік туралы хабар былайша берiледi:
      1) Телефондық есту байланысы бойынша - радиотелеграфтық дабыл:
      "COC", ол бiр дабыл ретiнде - 3 рет берілетiн ... -- ... тобынан тұрады;
      "ДЕ" әрiптерiнiң тiркесi - 1 рет;
      апатқа ұшыраған шақырушы ӘК экипажы - 2 рет;
      орын ендiгi - 2 рет;
      орын бойлығы - 2 рет;
      UTC уақыты - 2 рет;
      Зақымдану түрi және қажеттi көмек - 1 рет;
      әуе кемесiнің командирi қабылдаған шешім және iздеу мен құтқаруға жәрдемi тиетiн басқа да мәлiметтер - 1 рет;
      "Қабылдаймын" сөзi - 1 рет;
      2) Телефон байланысы арқылы берiлгенде - радиотелефондық дабыл:
      "Апатқа ұшырадым" фразасы (халықаралық ұшулар кезiнде - "Мэйдей") - 3 рет;
      Я әрпi (халықаралық ұшуларда - ИСИ ) - 1 рет;
      апатқа ұшыраған шақырушы ӘК экипажы - 2 рет;
      орын ендiгi - 2 рет;
      орын бойлығы - 2 рет;
      UTC уақыты - 2 рет;
      зақымдану түрi және қажеттi көмек - 1 рет;
      ӘК командирi қабылдаған шешiм және iздеу мен құтқаруға жәрдемi тиетiн басқа да мәлiметтер - 1 рет;
      "Қабылдаймын" сөзi - 1 рет.

      99. Қауiптiлiк туралы әрбiр хабардан кейiн 1-2 минут iшiнде қабылдауға ауысу керек.

      100. Азаматтық авиациядағы апат дабылы радиожелiлерiнiң барлық тiлшiлерiне жолданады, бiрақ та апатқа ұшыраған әуе кемесiнiң экипажы ең алдымен осы мезгiлде мiндеттi түрде радиобайланыста тұруға тиiстi Әуе Қозғалысы Басқармасының (ӘҚБ) диспетчерiне хабар жолдап тұрғанын есте ұстауы қажет.

      101. Апат болған жағдайдағы шақыру барлық басқа берiлiмдерге (хабарларға) қарағанда шексiз басымдылыққа ие болады.

      102. Апат туралы хабар радиотелефондық алмасу кезiнде баяу және анық берiлуi керек, радиотелеграфтық есту байланысы кезiнде минутына 16 сөзден артпайтын жылдамдықпен берiлуi керек.

      103. Егер әуе кемесiнiң апат туралы жiберген хабары немесе жедел хабары қабылданғанын станция растамаса, онда оған басқа станциялар жәрдем етедi.

      104. Әуе кемесiнiң апатқа ұшырағаны туралы хабарды қабылдаған немесе оның растығына көзi жеткен станция:
      1) апат туралы хабарды қабылдағанын тез арада растайды;
      2) байланысты басқаруды өз жауапкершiлiгiне алады, немесе жауапкершiлiктi анық және нақтылы түрде басқа станцияға бередi де әуе кемесiне хабарлайды;
      3) барлық қажеттi хабарларды тездетiп беру үшiн дереу iс әрекетке көшiп:
      әуе қозғалысын ұйымдастырудың (осыдан кейiн ӘҚҰ) тиiстi органына;
      алдын-ала қол жеткiзген келiсiмге орай тиiстi ұшу-пайдалану агенттiгiне немесе оның өкiлiне хабар бередi.
      4) егер қажет болса, бұл жиiлiкте олардың жұмыс iстеуiне тыйым салынғандығы туралы басқа станцияларға ескертедi.

      105. Апат туралы хабарды қабылдағанын растау мынандай нысанда берiледi:
      1) радиотелефондық байланыс арқылы:
      апат жөнiнде хабар берушi әуе кемесiнiң үш рет айтылатын шақыруы;
      үш рет айтылатын өз радиостанциясының шақыруы;
      "АПАТҚА ҰШЫРАДЫМ ДАБЫЛЫН ҚАБЫЛДАҒАНЫМДЫ РАСТАЙМЫН" сөзi;
      2) радиотелефондық есту байланысы арқылы:
      апат туралы хабар берушi үш рет беретiн әуе кемесiнiң шақыруы;
      "ДЕ" сөзi;
      қабылдағанын растайтын, үш рет берiлген станцияның шақыруы;
      РРР тобы (қабылдауды растау);
      апат дабылы.

      106. Апат туралы хабардың барлығы белгілі және апатқа ұшыраған станцияға өздерi көмек бере алмайтын барлық станциялар осы жиiлiктегi берiлiмдi тоқтатады және апатқа ұшыраған әуе кемесiне көмек берілгендiгi анық болғанға дейiн эфирдi тыңдауды жалғастыра бередi.

      107. Апат туралы хабар қабылдаған, бiрақ оған қатыспаған кез келген радиостанция желілерi экипаж бен қозғалыс қызметi диспетчерлерiнiң арасында байланыс орнатуға көмек көрсетуге мiндеттi.

      108. Апат туралы хабар берiлгендiгiнен хабардар станция осы жиiлiкте мына жағдайларда өз жұмыстарын жалғастыра алады:
      апат жағдайы жоққа шығарылғанда;
      байланысты басқарушы станция берiлiмге рұқсат бергенде ол өзi көмек көрсетуi тиiс.

      109. Әуе кемесiнде апаттың себебi күшiн жойған жағдайда радиотелефондық байланыс арқылы "Апат алмасу аяқталды" деген сөзтiркеспен, ал радиотелеграфтық есту байланысы арқылы "ШУМ" деген кодтық айтылыспен экипаж апаттық жағдай жойылғаны туралы хабар беруге мiндеттi.

      110. Апатқа ұшыраған әуе кемесiнде жұмыс iстейтiн станция әуе кемесi ендiгi жерде апаттық күйде емес екендiгi белгiлi болған жағдайда бұл туралы ол:
      1) тиiстi ӘҚҰ органына хабарлайды;
      2) алдын ала қол жеткізілген келiсiм бойынша тиiстi ұшу пайдалану агенттiгiне немесе оның өкiлiне хабар бередi.

15 тарау. Шұғыл дабылдарды беру және қабылдау ережелерi

      111. Шұғыл дабыл шақырушы радиостанцияның әуе кемесi немесе басқа көлiк құралдарының қауiпсiздiгiне, сондай-ақ, бортта немесе көрiнерлiк шамада болған қандай да бiр тұлғаға қатысы бар, бiрақ шұғыл жәрдем көрсетудi талап етпейтiн қауырт хабарлары барлығын көрсетедi.

      112. Жедел хабардан бұрын 3 рет қайталанылатын, шұғылдығы PAN радиотелефондық дабыл болады.

      113. Әуе кемесi жiберетiн, шұғылдықтың жайын көрсететiн хабарлар:
      1) қазiргi уақытта пайдаланып жүрген "әуе-жер" жиiлiгiнде берiледi;
      2) анық айтылған төмендегi элементтердiң қажеттi мөлшерi мүмкiндiгiнше мынандай ретпен қамтылады:
      шұғылдығы "PAN" дабылы - 3 рет;
      хабар бағытталған станция аты (диспетчерлiк пункттiң шақыруы);
      әуе кемесiнiң танылым индексi (ӘК-нiң шақыруы);
      шұғылдық жағдайының сипаты (хабар беру себебi);
      ӘК командирiнiң шешiмi және экипаждың iс-әрекетi;
      әуе кемесiнiң орналасқан орны;
      ұшу биiктiгi (эшелоны), бағыты және жылдамдығы;
      кез келген басқа пайдалы хабарлар.

      114. Жедел хабар берген станция немесе жедел хабарды бiрiншi болып қабылдаған станция:
      1) апат туралы хабардың қабылданғандығын растайды;
      2) барлық қажеттi хабарларды тез беру үшiн iркiлместен iске кiрiседi:
      ӘҚҰ-дiң тиiстi органына хабарлайды;
      алдын-ала қол жеткiзген келiсiм бойынша тиiстi ұшу-пайдалану агенттiгiне немесе оның өкiлiне хабар бередi;
      3) қажет болса, байланысты басқаруды жүзеге асырады.

      115. Шұғыл хабар беруге кесiр келтiрмес үшiн басқа барлық станциялар тиiстi шара қолданады.

      116. Шұғылдық дабыл апаттық жағдайға қатысты емес басқа барлық дабылдар мен хабарлардың алдында басымдылыққа ие.

      117. Шұғыл дабылды естiген барлық әуе кемелерi мен ӘҚБ пункттерiнiң радиостанциялары хабар берудi тоқтатады және шұғылдығы туралы хабарды ӘҚБ-ның тиiстi пунктi қабылдағанына, сондай-ақ, әуе кемелерi мен олардың арасында екiжақты байланыс қалыптасқандығына көзi жеткенге дейiн эфирдi тыңдауды жалғастыруы тиiс.

      118. Шұғыл хабарды қабылдаған, бiрақ оған қатыспаған кез келген радиостанция желiлерi экипаж бен қозғалыс қызметi диспетчерлерiнiң арасында байланыс орнату iсiне көмек көрсетуге мiндеттi.

      119. Егер әуе кемесiндегi шұғылдық жағдай жойылса, экипаж бұл туралы ӘҚБ пунктiне хабарлауға және "ШҰҒЫЛДЫҚ ХАБАР АЯҚТАЛДЫ" деген сөзтiркестi беруге мiндеттi.

      120. Хабарландыру және таныстыру мақсатында медициналық-санитарлық көлiктерi үшiн PAN МЭЙ-ДИИ-КАЛ (француздың "medical" берiледi; ол 3 рет қайталануы керек. Одан кейiнгi хабар медициналық-санитарлық көлiктiң сапасына қатысты. Мұндай хабар мыналарды қамтиды:
      1) шақыру немесе медициналық-санитарлық көлiктi танудың қабылданған басқа да құралы;
      2) медициналық-санитарлық көлiктiң тұрған жерi;
      3) медициналық-санитарлық көлiктiң нөмiрi және түрi;
      4) жол сапардың есептеу уақыты, сондай-ақ, ұшу мен ұшып келудiң есептi уақыты;
      5) кез келген басқа ақпараттар: ұшу биiктiгi, радиожиiлiктi қорғау, берілім тiлi мен режимi, екiншi шолу радиолокациясының коды.

16 тарау. Авиациялық жердегi электрбайланысты ұйымдастыруға
қатысты талаптар. ӘҚБ пункттерiнiң (орталықтарының)
әрекеттестiгiн қамтамасыз ететiн электрбайланыс

      121. ӘҚБ пункттерiнiң (орталықтарының) әрекеттестiгiн қамтамасыз ету үшiн ӘҚБ пункттерiндегi диспетчерлерiнiң жұмыс орындарына төте немесе коммутаторлық қосу принципi бойынша қолма-қол байланыс аппараттарын орнату арқылы сөйлесу (телефондық) байланыс каналдарын ұйымдастырады.

      122. ӘҚҚА (КАО) өзара байланыстыру үшін ӘҚБ қызметiмен келiсе отырып, 15 секундтан аспайтын уақытша байланыс орнатумен қамтамасыз ету шартымен сөйлесу байланысының коммутаторлық каналын пайдалануға болады.

      123. Сөйлесу байланысы каналы ретiнде әдетте тондық жиектегi байланыс каналы пайдаланылады. Тондық жиiлiктегi байланыс каналдарын пайдалану мүмкiндiгi болмаған бағыттарда радиорелелiк каналдарын, радиобайланыс каналдарын (желiнiң), спутниктiк байланыс каналдарын, мәлiметтер желi арқылы берудi ұйымдастырады.

      124. Сөйлесу байланысының каналы ӘҚБ пункттерiнiң байланысты ұйымдастыру схема немесе жердегi байланысты ұйымдастыру және мәлiметтердi әуе қозғалысын автоматтандырылған басқару жүйесiне (АБЖ) беру схемасына сәйкес ұйымдастырылады.

      125. ӘҚҚА-ның авиациялық жердегi электрбайланысын ұйымдастырудың типтiк схемасы осы Ережелердiң 2-қосымшасында келтiрiлген.

      126. ӘҚҚА-мен бiрлестiрілген аймақтық орталықтың (осыдан кейiн - АО) авиациялық жердегi электрбайланысты ұйымдастырудың типтiк схемасы осы Ережелердiң 3-қосымшасында келтiрiлген.

      127. Жергiлiктi диспетчерлiк пунктiнiң (осыдан кейiн ЖДП) авиациялық электрбайланысын ұйымдастырудың типтiк схемасы осы Ережелердiң 4-қосымшасында келтiрiлген.

17 тарау. Iшкi әуежайлық электрбайланыс

      128. Iшкi әуежайлық электрбайланыс ӘҚБ органдарының, өндiрiстiк қызметiн қамтамасыз ету үшiн және оларды өзара байланыстыру үшiн ұйымдастырылады.

      129. Iшкi әуежайлық электрбайланыс желi схема бойынша жердегi жылжымалы станциялардың радиобайланыс желiлерiн қоса алғанда азаматтық авиация ұйым қызметi (бөлiмшелерi) жасап, әуе айлақ аймағындағы электромагниттiк үйлесiмдiлiк (осыдан кейiн - ЭМҮ) талаптарына жауап беретiн және азаматтық авиация ұйымының жетекшiсi бекiткен, электрбайланыстың сертификаттық (құрал-жабдықтар типтерiне сертификаттары бар) құралдарын, сондай-ақ мәлiметтер деректерiн пайдалана отырып ұйымдастырылады.

      130. Iшкi әуежайлық электрбайланыс мыналармен қамтамасыз етуге тиiс:
      1) ӘҚБ органдарының әуежай және авиакомпания қызметтерiне жоспарлау, әуе кемелерiнiң рейстерiне қызмет көрсету және даярлау, жүк тасуды ұйымдастыру, жолаушыларға қызмет көрсету сияқты iстердi атқару үстiнде тiкелей жетекшiлiк ету мүмкiндiгi;
      2) ӘҚБ органдары мен әуежай қызметтерiнiң өзара байланысы, авиациялық оқиғалар мен қақтығыстардағы апаттан құтқару командаларының есебiн хабарлау;
      3) әуе көлiгiнiң қызметiн пайдаланушы азаматтық авиация ұйымдардың, жолаушылардың, басқа да тұлғалардың қажеттi ақпараттар алуы.

      131. Жалпы пайдаланылатын желiге қосылу тәртiбi, жалпы пайдаланылатын желi трафикасына жiберудi реттеу тәртiбi, ведомстволық желi мен жалпы пайдаланылатын желi арасындағы байланыс тәртiбi Қазақстан Республикасының байланыс туралы Заңымен және қосылуы iске асатын желi туралы тиiстi Ережелерiмен реттеледi.

      132. Азаматтық авиация ұйымының жылжымалы жергiлiктi станциялары бар технологиялық радиобайланысы азаматтық авиация ұйым мен ӘКП және ӘҚБ ұйымдарының перрондағы жолаушыларға қызмет көрсетумен, әуе кемелерiн әзiрлеумен шұғылданатын, арнаулы автокөлiк қозғалысы мен перрондық жылжымалы механизация құралдарын басқарумен айналысатын қызметкерлердi тiкелей байланыспен қамтамасыз ету диапазоны аса күштi емес (5 Ваттқа дейiн) стационарлық, тез және өндiрiп iстейтiн, қолмен алып жүруге болатын ӨЖЖ-тегi радиостанциялардың күшiмен ұйымдастырылады.

      133. Iшкi әуежайлық радиобайланыс қызметтердiң жұмыс технологиясына сәйкес ұйымдастырылуы тиiс.

      134. Радиобайланысты ұйымдастырудың схемасын, радиостанциялардың саны мен типтерiн азаматтық авиация ұйымының жетекшiсi анықтайды.

      135. ӘКП және ӘҚБ-дағы әрбiр әуежайда компания және азаматтық авиация ұйымының қызметi үшiн тиiстi шақырылумен қамтамасыз етiлген жеке радиожелi (радиобағыт) ұйымдастырылуы тиiс.

      136. ӘКП мен ӘҚБ-дағы әрбiр әуежайда, авиакомпанияда және азаматтық авиация ұйымда iшкi әуежайлық радиобайланыстың жалпы схемасы жасалуы керек. Онда радиостанциялардың типтерi, олардың жиiлiктерi және орнатылған шақыруы бар барлық радиожелi (радиобағыт) бейнеленуi тиiс.

      137. Радиобайланысты жүргiзу осы Ереженiң талаптарына, сондай-ақ AA-ның байланыс шептерiнде ашық беруге рұқсат етiлген мағлұматтардың тiзiмiне сай және басқа да жетекшi құжаттар негiзiнде жүргiзiлуге тиiстi.

      138. Рұқсат етiлмеген жиiлiктерде және бекiтiлмеген шақырылуларда жұмыс iстеуге қатаң түрде тыйым салынады.

      139. Технологиялық, iздеу, апатты-құтқару жұмыc өндiрiсiне, табиғи апатты өткiзуге радиотехникалық жабдықтармен байланыс құралдарын пайдалану (осыдан кейiн - РТЖБП) қызметiнiң нысандарында жөндеу жұмыстары өндiрiсiне байланысты маңызды жағдайлардан басқа кезде, тасымалды радиостанцияларды азаматтық авиация ұйымының аумағынан шығаруға тиым салынады.

      140. Радиостанцияның техникалық пайдалану тәртiбiн, оның ремонтын, жұмыс қабiлеттiлiгiн тексерудi, беру, алу, сақтау, есептеу жұмыстарын, қызметкерлердiң радиостанцияда жұмыс iстеуiне рұқсат алу мен жұмысқа жiберудi, сондай-ақ олардың жұмысына бақылау жасауды осы желiнi пайдалану құқығына ие азаматтық авиация ұйым жасайды.

18 тарау. Әуе кемелерiнiң халықаралық ұшуларын қамтамасыз
ететiн электрбайланыс

      141. Әуе кемелерiнiң халықаралық ұшуларын қамтамасыз ететiн электрбайланыс мынандай мақсатта ұйымдастырылады:
      1) Қазақстан Республикасының ӘҚБ-дағы және шет елдердегi өзара әрекеттес пункттердi (орталықтарды) сөйлесу байланысымен қамтамасыз ету;
      2) аэронавигациялық ақпараттарды берумен және әуе кемелерiнiң ұшуы мен қозғалысын жоспарлауға байланысты ақпараттармен қамтамасыз ету;
      3) мәлiметтер беру;
      4) ауа райы туралы хабарлар беру.

      142. Қазақстан Республикасы ӘҚБ-ның тиiстi пункттерi (орталықтары) мен шет елдердi өзара байланыстыруды қамтамасыз ету үшiн тiкелей сөйлесу байланысының каналын ұйымдастыру керек.

      143. Телефон арнасын ұйымдастыру кiндiгi болмаған жағдайда басқа құралдармен (радиоарна, радиорелелiк, спутниктiк арналар) сөйлесу арналы ұйымдастырылуы мүмкiн. Мұндай жағдайда байланыс жасау уақыты 15 секундтан артық болмауы керек.

      144. Байланыстың сөйлесу арналары үшiн резерв ретiнде AFTN арналары, жалпы қолданыстағы халықаралық телефон байланыс желi басқа да байланыс желiлерін пайдалануы мүмкiн.

      145. Өзара байланыс арналарын ұйымдастыру тәртiбi мен оларды пайдалану тәртiбiн мүдделi жақтар анықтауға мiндеттi.

      146. Екi жақ келiсiмге қолдарын қоюлары керек. Онда арналардың ашылу уақыты мен тәртiбi, алдын ала тексеру жүргiзу және арналарды сынақтан өткiзу тәртiбi, ӘҚБ-ның диспетчерлiк пункттерiндегi (орталықтарындағы) арналарды пайдалану тәртiбi, олардың жұмысына бақылау жасау, төлем, өзара есептесу, ӘҚБ-ның пункттерiне реквизиттер жасау немесе екi жақтың қабылдау пунктi арнасы көрсетiлуi тиiс.

      147. Аэронавигациялық ақпарат және әуе кемелерiнiң ұшуы мен қозғалысына қатысты ақпарат AFTN арна бойынша берiледi.

      148. Қазақстан Республикасы АА-сы мен басқа елдер әуе кемелерiнiң халықаралық ұшуына қажеттi метеорологиялық ақпаратты қабылдау және беру ұшуды метеорологиямен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы заңына сай iске асады.

      149. Авиакомпаниялар арасында коммерциялық және қызмет ақпаратының алмасуы AFTN желiсiнiң каналдары және СИТА авиациялық электрбайланыс халықаралық қоғамының мәлiметтерiн беру арқылы, ТЕЛЕКС телефон байланысының халықаралық абоненттiк желiсi арқылы жүзеге аса алады.

      150. Халықаралық желiлер мен электрбайланыс жүйелерiнiң (AFTN, ТЕЛЕКС, ТЕЛЕФАКС) каналдарын пайдалану кезiнде осы желiлер үшiн қабылданған электрбайланыс орнату және жүргiзу ережелерi сақталыну керек.

19 тарау. Басқа ведомстволардың басқару пункттерiмен өзара әрекеттесуге арналған электробайланыс

      151. ӘҚБ орталықтарының басқа ведомстволардың басқару пункттерiмен электробайланысын ұйымдастыру осы Ережелердiң 35, 36 тармақтарына сәйкес ұйымдастырылады.

      152. ӘҚБ орталықтарының (пункттерiнiң) басқа ведомстволардың басқару пункттерiмен байланыс арналарын пайдалану ретi ҚР заңында көрсетiлген ретпен анықталады.

      153. Басқа ведомстволардың басқару пункттерiмен байланыс арналары бар АӘҚБ (ҚАО) және азаматтық авиация басқа әуе айлақтарында арналардың жұмыс қабiлеттiлiгi жүйелi түрде тексерiлуi мен олардың сенiмдi жұмыс iстеуi қамтамасыз етiлуi керек.

20 тарау. Мәлiметтердi беру желiлерi

      154. Мәлiметтердi беру желiлерi әртүрлi автоматтандырылған басқару жүйелерiне (әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйелерiне - ӘҚ АБЖ, өндiрiстiк-шаруашылық қызметтерiн басқарудың автоматтандырылған жүйелерiне, әуе қозғалысын жоспарлауды басқарудың автоматтандырылған жүйелерiне (осыдан кейiн - АЖ ӘҚБ), авиабилеттердi сату мен орынды брондауды басқарудың автоматтандырылған жүйелерiне, коммерциялық қызмет пен басқа да функционалды АБЖ-ны басқарудың автоматтандырылған жүйелерiне дискреттi ақпараттарды бepу үшін ұйымдастырылады.

      155. Мәлiметтердi беру үшiн мыналар пайдаланылады:
      1) мәлiметтер берудiң авиациялық жер үстi байланыс торабы;
      2) басқа да ведомстволардың, заңды және жеке тұлғалардың байланыс каналдары мен желiлерi.

      156. Басқарудың автоматтандырылған жүйесiн жобалау мен дайындауда АБЖ-ның мәлiметтер беру арналарының типтерi мен санын АБЖ-ның құрылымы мен оның мақсатына, мәлiметтердi хабарлау желiсiнiң (осыдан кейiн - МХЖ) сенiмдiлiгiне қойылған талаптарға, сондай-ақ ең аз қаржылық шығынға орай мәлiметтер беру желiсiнiң жобасын дайындаушылар таңдайды.

21 тарау. Авиациялық орнықты электрбайланыс желiсi

      157. Авиациялық орнықты электрбайланыс желiсi осы желi аумағындағы станциялардың арасында электрбайланыс хабарларын алмасуға арналады.

      158. Желi халықаралық талаптарға сәйкес, AFTN ретрансляциялық станциялар жүйесiн пайдалану негiзiнде құрылған.

      159. Халықаралық трафика үшiн желiде кiру/шығу нүктесi бар.
      Желi тарамдалған-тарапты сұлба бойынша ұйымдастырылады және ол мыналардан құралады:
      1) коммутациялық хабарлардың негiзгi орталықтары (осыдан кейiн - КXHO);
      2) хабарланған өңiрлердің коммутациялық орталықтары (осыдан кейiн - ХӨКО);
      3) хабарланған аймақтардың коммутациялық орталықтары (осыдан кейiн - ХАКО);
      4) коммутациялық хабарлардың шеткi орталықтары (осыдан кейiн - КХШО);
      5) AFTN шеткi станциялары (осыдан кейiн ШС AFTN-нiң).

      160. Желiлердi жоспарлау, дамыту, ұйымдастыру және басқару iсiн әуе қозғалысын ұйымдастыратын, ұшу мен байланысты радиотехникалық құралдармен қамтамасыз ететiн мемлекеттiк кәсiпорындар жүзеге асырады.

      161. Желiнi тiкелей басқаруды кәсiпорындағы коммутациялық хабарлардың негiзгi орталығы жүзеге асырады.

      162. Желiнi ұйымдастыруға электрбайланыс желiсiн арендаға алған жалпы мемлекеттiк каналдар мен азаматтық авиация ұйымдарының өзi ұйымдастырған электр байланыстың жеке каналдары пайдаланылады.

      163. Байланыстың әрбiр бағытындағы каналдардың (телеграфтық немесе мәлiметтер берiлiмiнiң) түрлерi мен саны ақпараттардың көлемiмен, каналдардың жiберу қабiлеттiлiгiмен және айналып өтетiн жолдарды ұйымдастыру қажеттiлiгімен анықталады.

      164. AFTN станцияларының арасындағы сымдық немесе спутниктiк каналдарда қор жасау үшiн байланыстың барлық түрлерi пайдаланылуы тиiс.

22 тарау. Авиация электрбайланысы станцияларында телеграмма
(хабарлар) құрастыру, беру және жiберу

      165. Авиациялық электр байланысының басқа желілерiнде (AFTN желiсiнен басқасы) телеграмма (хабарлар) құрастыру, беру және жiберу сондай-ақ сөйлесу жүргiзу осы Ережеге сәйкес.

      166. Телеграммалар мен хабарлар бөлшектенедi:
      1) олардың өңделуiнiң сатысына байланысты (станциядан өтуiне): шығатын - жiберушiден қабылдау және осы станциядан желiге жiберу;
      транзиттi - осы станция арқылы өтетiн және осында өңделетiн;
      кiрушi - осы станцияға желiден келiп түскен және осы станцияда тұратын иелерiне жеткiзуге жататын;
      2) мекен жай иелерiне жазылғандарды жiберушiнiң құрастыруына байланысты:
      бiр адрес иесi - желiнiң бiр адрес иесiне жiберiлетiн;
      көп адрес иесi - желiнiң бiрнеше адрес иесiне жiберiлетiн;
      айналмалы - барлық станция желiсiне жiберiлетiн;
      3) мәтiнiне және өңдеу тәсiлiне байланысты:
      нысандалған - қатаң үлгi түрiндегi мәтiнде құрастырылған;
      қарапайым түйсiкке негiзделген;
      криптограммалар - бүркемелi хабарлар;
      қызметшi хабарлар - байланыс торабының жұмыс қабілетiн тексеру үшiн пiкiр алмасу хабарлары.

      167. "Жедел" деген категориялы телеграммаларды беру кезегi желiде қалыптасқан кезекке сай жүзеге асырылады. Ал "Жедел" деген категориясы жоқ телеграммаларды беру кезегі телеграмманың станцияға берiлген уақытымен анықталады.

      168. Желiге хабарды беру мүмкiндiгiн анықтау мен мәтiннiң дұрыс жазылу жауапкершiлiгi телеграмманы құрастырған жiберушiге жүктеледi. Станция қызметкерлерiне желiге беру үшiн әкелiнген телеграмманың мәтiнiн өзгертуге және түзетуге тиым салынады.

      169. Станцияға беру үшiн жiберушi даярлаған телеграмма әдiрiс бөлiмiнен, шығу көзiнен, мәтiннен және қызметтiк мәлiметтерден тұруы керек. Телеграмма осы желi үшiн айқындалған талапқа сай орыс немесе латын әлiпбиiнде құрастырылуға тиісті.

      170. Жеделхатты жiберу уақытында 6 цифрлi топ енедi:
      "күнi, уақыты, бiрiншi екi цифр күнiн, айын, ал соңғы төртеуi сағаты мен минутын (UTC) көрсетедi. Уақыт 24 сағатпен есептелiнiп, белгiленедi.
      Станция қызметкерi бланкiде көрсетiлген телеграмманың берiлу уақытын, сәйкестiгiн тексеруi қажет. Уақыты сәйкес келмесе, станция қызметкерi жiберушiден телеграмманың берiлу уақытын өзгертуiн талап етуi тиiс.
      Жеделхатты жiберiлу уақытын көрсетпей станцияға жеделхатты тапсыруға рұқсат етiледi. Бұл жағдайда жеделхаттың берiлу уақытын станция қызметкерi жазады және станцияның уақытымен сәйкестендiредi.

      171. Жеделхат мәтiнi қысқа, анық, қарапайым, жалпылама ұғынықты сөзтiркестерiнен тұратын, және де азаматтық авиацияда қабылданған шартты немесе ұстанылған айтылымдармен желiде берiлуге рұқсат етiлген белгiлер қолданылып құрастырылуы керек. Мәтiн ұзақтығын және қажетiне қарай оны бiрнеше телеграммаға бөлудi желi талаптары анықтайды. Желiде белгiленген талаптар жоқ болса, онда мәтiн ұзақтығын, оны бiрнеше телеграммаға бөлудi AFTN желiсi талаптары анықтайды (AFTN желiсi бойынша басшылық - қараңыз). Телеграммада орыс сөздерiн латын әрiптерiмен жазу қажеттiгi кезiнде осы Ережелердiң 7-қосымшасында сәйкестiк кестенi пайдаланады.
      Радиотелефон желiлерi жұмысы кезiнде мыналар ескерiлуi тиіс:
      1) сөздер мен сөйлемдер таңдалып алынуы қажет, оларды радиотелефон каналдары арқылы бергенде, оптималды дәрежеде ыңғайлы болғаны және дұрыс түсiнбеу себептерiн тудырмағаны жөн;
      2) альтернативтi ұзақ немесе күрделi сөйлемдер болған жерде сөйлеу байланыс Щ-кодын пайдалану мүмкiн;
      3) жеделхат мәтiнiнде орыс немесе латын әлiпбиiн, AFTN торабында пайдаланылатын цифрлар мен белгiлердi пайдалануға болады. Радиотелефон торабы арқылы берiлген кезде ол белгiлердiң атауы айтылады.

      172. Жiберу станциясы осы мақсатқа пайдалануға рұқсат етiлген канал бойынша немесе жiберушiге бланкiде берiлген телеграмаларды желiге жiберу үшiн қабылдайды.

      173. Бланкiдегi телеграмма қағазда жазу парағының жартысынан кем емесi мөлшерiнде немесе арнайы дайындалған бланкiде болуы тиiс. Ол сиямен немесе қара пастасымен қолдан әрбiр белгiсi бiр мағыналы түсiнiк болып қабылданылады. Жiберушiге телеграмманың көшiрмесi қажет болған жағдайда байланыс станциясына екi дана етiп берiледi.

      174. Айтылған ережеге сәйкес келмейтiн немесе анықтайтын жазылмаған жiберушi құрастырған жеделхатты станция өңдеуге қабылдамайды. Оның жетуi мен жеткiзiлуiнiң кешiгу жауапкершiлiгi жiберушiге жүктеледi.

      175. Жеделхаттың мәтiнi соңында шек сызықтың астына қызмет жайындағы мәлiметтер көрсетiледi:
      1) жiберушiнiң лауазымы және фамилиясы, жiберушiнiң қол қоюымен куәландырылады;
      2) басқа да қызметтiк жазулар, егер қажет болса (телеграмманы берушiнiң фамилиясы, телефоны, түзеткендi растау, түзетудi енгiзушiнiң, жiберушiнiң, орындаушының қол қоюы);
      3) дата (күнi, айы, жылы).

      176. Егер телеграмманың мәтiнiне лауазымды адамның фамилиясы көрсетiлген жағдайда, тек осы лауазымды адамға ғана телеграммаға қол қою құқығы берiледi. Егер телеграмманың мәтiнiне бiрнеше фамилия көрсетiлсе, онда шек сызығының астына телеграмманы жiбергендердiң қолдары қойылған болуы тиiс.

      177. Станцияға берiлетiн телеграммаларға телеграммаға қол қою құқығы берiлген лауазымды адамдар қол қоюы тиiс. Ұйымдарда "телеграммаларға қол қою құқығына ие лауазымды адамдардың тiзiмi" болуы керек осы Ережелердiң 15 қосымшасында көрсетiлген, оны азаматтық авиация ұйым басшысы бекiтедi. Бұл тiзiм станцияда болуға тиiс.

      178. Жiберушiнiң жеделхатқа түзету енгiзуге, қосымша жасауға, кiдiруге немесе бергiзбеуге құқығы бар. Бұл әрекеттiң барлығы телеграмманың бланкiсiнде жiберушiнiң қол қоюымен расталуы қажет. Егер телеграмма берiлiп кеткен жағдайда, онда жiберушi түзетудi енгiзу, қосымша жасау, оны жоққа шығару үшiн мәтiннiң басталуында "ТҮЗЕТУ ҚАЙТАЛАНУЫ" деген жазуы бар басқа телеграмма беруi тиiс.

      179. Станцияда өңдеуге қабылданған телеграммалардың түпнұсқасы жiберушiге қайтарылмайды.

      180. Телеграмманы (хабарды) жiберген соң станция қызметкерi бланкiге белгi қояды, мазмұны:
      1) желiге хабардың жiберiлу уақыты;
      2) станция қызметкерiнiң қолы.

      181. Басқа желiден келген хабарларды жiберу қажеттiгi кезiнде ол бланкiде немесе осы мақсатқа пайдалану үшiн рұқсат етiлген канал бойынша станцияға берiледi. Бұл жағдайда, желiге осындай хабарларды жiберу кезiнде алғашқы желiнiң атрибут форматы хабарланбайды.

      182. Жеделхаттармен бiртектi жеделдiк индексi бар криптограммалар алғашқы кезекте беріледi.

23 тарау. Авиациялық жерүстi электрбайланыс станцияларында телеграмманы (хабарды) адресатқа жеткiзу

      183. Авиациялық жерүстi электрбайланыс станциясы өзi қызмет көрсететiн аэроалаң шекарасы аумағында орналасқан адресатқа (адресаттарға), ал бұл шекара аумағынан тыс тек, әкiмшілiктiң арнайы келiсiмi негiзiнде анықталған адресаттарға хабар жеткiзу үшiн жауапты.

      184. Хабар жеткiзу мекемесiнің желiсi (торабы). Желiсi (тораб) басқармасының талаптарына сәйкес iске асырылуы тиiс. Басқа желi (тораб) станцияларында осы ереже талаптары таралады.
      Жеделхаттар (хабарлар) жазбаша немесе станцияның мекеме басшылығымен белгiленген үнемi пайдаланылатын басқа әдiс түрлерiмен жеткiзiледi. Ескерту: Хабар жеткiзуде жазып алатын құрал-жабдықтары жоқ телефондық және дауыс зорайтқыш жүйе қолданылса жеткiзілгендiгiн растау үшiн оның жазбаша көшiрмесiн көрсету қажет.

      185. Жеделхаттың көшiрмесiн алуға, оны адресiнде көрсетiлмеген басқа адамға тапсыруға тыйым салынады.

24 тарау. Авиациялық жер үстi радиобайланыс
желiлерiн ұйымдастыру

      186. Электр байланыстарының жер үстi желiлерiн ұйымдастыру мүмкiндiгi болмай, бiрақ оларды резервтеу қажет болса, ӘҚБ орталықтарының (бөлiмшелерiнiң) өзара әрекеттестiгiн қамтамасыз ету
үшiн авиациялық жер үстi радиобайланысының желiлерi (арналары) ұйымдастырылуы тиiс.

      187. Авиацияның жерүстi байланысының мынандай желiлерін ұйымдастырылады:
      1) ӘҚБ орталықтарының (бөлiмшелерiнiң) өзара әрекеттестiгiнде радиобайланыстың бiрыңғай желiсi;
      2) ӘҚБ орталықтарының (бөлiм) өзара әрекеттестiгiнде радиобайланысының республикалық желiсi;
      3) радиобайланысының аймақтық желiсi.

      188. ӘҚБ орталықтарының (бөлiмшелерiнiң) өзара әрекеттестiгiнiң радиобайланысының бiрыңғай желiсi Қазақстан Республикасының ӘҚБ орталықтарының өзге мемлекет ӘҚБ орталықтарымен өзара әрекеттестiгiне арналған.

      189. ЖЖ радиобайланысының бiрыңғай желiсiнiң құрылымы және корреспонденттер құрамы заңдар тәртiбiмен анықталады.

      190. ӘҚБ орталықтарының (бөлiмшелерiнiң) өзара әрекеттестiгiнiң ЖЖ радиобайланысының республикалық желiсi Қазақстан Республикасының ӘҚБ орталықтарының (бөлiмшелерiнiң) өзара әрекеттестiгiне арналған. Аталған желi сондай-ақ азаматтық авиация мекемелерiнде де пайдаланылады және әуе қозғалысын пунктi (осыдан кейiн - ӘҚП), ӘҚҰ, ӘҚБ орталықтарының (бөлiмшелерiнiң) арасындағы электрбайланыс құралдарының басқа резервтерi болып табылады.
      Ол резерв ретiнде тек қана басқа желiлердiң мүлде жоқ немесе iстен шыққан жағдайларында қолданылады.

      191. Республикалық желiлердегі ЖЖ радиобайланыстың құрылымын (жетекшi радиостанциялардың нұсқауымен), радиожелi тiлшiлерiнiң құрамын ӘҚҰ және ұшулармен байланыстың радиотехникалық құралдарын пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк кәсiпорын анықталады.

      192. ЖЖ радиобайланыстың аймақтық торабы аймақ территориясындағы кәсiпорындардың (кәсiпорын қызметтерiнiң) өзара әрекеттестiгiне бағытталған.

      193. ЖЖ радиобайланысының аймақтық желiсiнiң құрылымын және радиожелiнiң тiлшiлерiнiң құрамын азаматтық авиация Комитетiнiң басшысы анықтайды.

      194. ЖЖ радиобайланыс торабының жұмыс технологиясы осы Ережелермен анықталады.

25 тарау. Радиобайланыс орнату және жүргiзу ережелерi

      195. Азаматтық авиацияның әуе кемелерi мен корреспонденттердiң арасындағы радиобайланыс осы Ереженiң төмендегi тәртiбi бойынша жүргiзiледi:
      1) радиобайланысты орнату:
      2) телеграммаларды жiберу және қабылдау;
      3) радиобайланыс арналарымен сөйлесулер жүргiзу;
      4) телеграмма жазу және радиобайланыстың есепке алу құжаттарын жүргiзу.

      196. Радиомекемелерге (жеке радиостанцияларда) радиобайланыс орнату және жүргiзу үшiн радиомәлiметтер жиiлiктерi:
      корреспонденттердiң азимуттары, шақыру белгiлерi және радиожелiлердiң жұмыс кестесi болу керек.

      197. Радиобайланыс жүргiзу кезiнде радиооператорлар радиобайланыс желiсiнiң аппараттық журналын, осы Ережелерiнiң 8, 9 қосымшасында көрсетiлгендей, жүргiзу керек. Қабылданған хабарламалар ұқыпты, анық жазылуы шарт. Мәтiн (сөз) топтары аралықтарымен бөлiнуi керек.

      198. Қызмет ететiн радиожелiлер мен радиобағыттар құрамына кiретiн барлық әуе кемелерiнiң және жер үстi бөлiмшелерiнiң радиостанциялары өздерiне белгiленген жиiлiкте үздiксiз тыңдау жүргiзуге мiндеттi.

      199. Радиожелi (бағыт) корреспонденттерінің арасындағы радиобайланысты тексеру үшiн, әрбiр 30 минут сайын радиооператорлар бақылау байланысын жүргiзуге тиiс.

      200. Радиобайланыстың сапасы тiлшiден қолданатын мәтiннiң (әрiп, сан) естiлуi және анықтылығы туралы сұраулар мен хабарламалар қабылдау кезiнде анықталмайды. Байланыстың тұрақсыз жағдайында, антенналарды, жиiлiктердi, аппаратураларды, алмастырғанда радиотаспа қуатын өзгерткенде, режимiн ауыстырғанда ecтiлуi мен анықтылығы туралы хабарламалар қажеттiлiкке байланысты берiледi.

      201. Корреспонденттердiң жұмысы өз желiлерiнде тыңдалмайтын кезде ғана радиобайланысқа шығу рұқсат етiледi.

      202. Радиожелiнiң бас радиостанциясына тiлшiлердiң жұмысына араласуға, оларды үзiп тастауға рұқсат етiледi. Ал басқа тiлшiлерге ондайға баруға қауiпсiздiк, апат немесе шұғыл хабарламаларды жеткiзу қажет болғанда ғана рұқсат етiледi.

      203. Радиотелефондық желiлер (бағыттар) арқылы сөйлесуге, радиостанцияны пайдалануға жауапты, мекеме басшылығы бекiтiп, тiзiмге енгiзген лауазым иелерi жiберiледi. Радиотелефондық желiлер арқылы сөйлесу жүргiзуге жiберiлген қызмет адамдары осы Ережелердiң 28, 29 тарауларында мазмұндалған ережелердi бiлуi тиiс.

      204. Бiр радиооператор қызмет көрсететiн радиобағыттардың, радиожелiлердiң санын, және сағатына 30 минуттан аспайтын радио арқылы пiкiр алмасудың жалпы уақытын тұрақты радиобайланысты қамтамасыз ету жағдайларына сәйкес мекеме басшысы анықтайды.

      205. Радиооператорға pадиожелiмен (радиобағыттармен) жұмыс iстеу кезiнде телеграммалар мен хабарламаларды қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

      206. Бiр радиожелiде жұмыс iстейтiн корреспонденттер байланысты орнатуда және хабар беруде бiр-бiрiне көмек көрсетуге тиiстi.

      207. Егер радиооператор шақырылған станцияның шақыру белгiлерiнiң дұрыстығына күмәнданса, онда ол радиотелеграфтық есту жұмысында "ШРЗ?" шартты белгiсiн пайдаланып, радиотелефондық жұмыста "Мен ... менi кiм шақырады?" деген фразамен шақыруға дереу жауап беруi тиiс.

      208. Бас радиостанция мiндеттерi:
      1) радиожелi (радиобағыт) жұмыстарымен байланысты ұйымдастыру мәселелерiн шешу, жиiлiктер кестесiн уақтылы әрекетке келтiру және күндiзгiден түнгiге немесе керiсiнше резервтi жиiлiктерге көшудi бақылау;
      2) желi радиостанцияларының ережелерi мен радиобайланыс тәртiбiн, радиобайланыс жұмысында орнатылған peжимдi орындауды қадағалау, радиожелi мен радиобағыт жұмысын басқару және осы ережелер талабының орындалуын бақылауды жүзеге асыру.

      209. Басты радиостанция құқықты: радиобайланыс жүргiзу және радиотәртiп ережелерiн бұзуды тез арада тоқтатуды желi хат алмасушыларынан (радиобағытының хат алмасушы) талап етуге.

      210. Радиобайланыс жүргiзу кезiнде оперативтiк және қызметтiк пiкiр алмасулар жүзеге асырылады.

      211. Шұғыл түрдегi пiкiр алмасуларға жеделхаттарды, дабылдарды, бұйрықтарды жiберу (қабылдау) азаматтық авиация ұйымдары әуе кемелерiнiң экипаждары мен диспетчерлерiнiң, радиооператорларының, лауазым адамдарының бiр бiрiмен сөйлесулерi кiредi.

      212. Жұмыс кезiндегi радио арқылы сөйлесу радиобайланысты орнату және желi (бағыт) жұмысын қамтамасыз ету үшiн жүргiзiледi.

      213. Радиооператорлар мен диспетчерлерге байланыс кестесiне енгiзiлмеген корреспонденттермен радиобайланыс орнатып, радио арқылы сөйлесуге үзiлдi-кесілдi тыйым салынады.

      214. Телеграммалар мен белгiлер квитанциялы, квитанциясыз және қайта тексеру тәсiлiмен берiледi.

      215. Радиоауысудың квитанциялы түрiнде телеграммалар квитанциялармен куәландырылады (расталады).
      Квитанциялар алынбаған телеграммалар жiберiлмеген болып саналады. Квитанциясыз тәсілдi қолдану туралы ескертiлмеген жағдайда әрқашан корреспонденттердiң квитанциялық тәсiлмен телеграммалар қабылдауы қолданылады.

      216. Егер радиооператорға радиостанцияны қалыпқа келтiру үшiн сынақ белгiлерiн беру керек болса, онда ол белгілердi жiберу 10 секундтан аспауы керек.
      Бұл белгiлер радиотелефондық байланыс кезiнде айтылу цифрларынан (бiр, екi, үш т.б.) тұрады және радиотелеграфты есту жұмысында "ЖЖЖ" деген әрiптер қатарынан қойылады. Олар сынақ дабылдарын беретiн радиостанциялардың шақырылу белгілерiмен расталады.

      217. Радиобайланыс желiлерiнде жiберуге арналған жеделхаттар бланктерге толтырылады. Әуе кемелерiнiң қозғалысына қатысты жеделхаттар осы Ережелердiң 250 тармағына сәйкес жiберiледi.

26 тарау. Радиотелеграфтық eсту байланысын орнату және
жүргiзу ережелерi

      218. Радиобайланыс желiлерi мен бағыттарында радиотелеграфтық есту байланысы телеграфтың "Морзе әлiппесi" арқылы жүзеге асады осы Ережелердiң 8 қосымшасында көрсетiлген.

      219. Радиотелеграфтық есту байланысы қызметi радиопiкiрлесудi жүргiзу үшiн осы Ережелердiң 9 қосымшасында көрсетiлген Щ-кодты қолданады.

27-тарау. РадиотелеграФтық есту байланысын
енгiзу және оны орнату тәртiбi

      220. Корреспондент пен радиобайланыс орнату мынандай тәртiппен жүргiзiледi:
      1) шақырылатын радиостанцияның шақырылу дабылы - үш рет;
      2) "ДЕ" сөзi - бiр рет; қарамағымыздағы радиостанцияның шақырылу дабылы - екi рет;
      3) "ЩСА"-ның кодтық айтылуы ("Менiң дабылдарымның күшi қаншалықты?") - бiр рет;
      4) "К" әрпi (жауапқа шақыру) - бiр рет;
      5) шақырылушы радиостанцияның тілшiсiнiң шақырылу дабылы;
      6) шақырушы радиостанцияның (өзiнiң) шақыру дабылы.
      Тілшiнi шақырудың көрсетiлген ретi байланыс жүргiзудің жағдайларының өзгеруiне қарай қайталануы мүмкiн.

      221. Байланыс орнатылған соң (жұмыс кестесiн сақтамағанда) өз қарамағындағы радиостанцияның шақырылу дабылы бiр рет беріледi.
      Тілшiнi шақыру хабарларының берiлу жылдамдығы минутына 60-90 белгiден аспауы керек.

      222. Шақыруға жауап келесi тәртiп бойынша берiледi:
      1) шақырылушы радиостанцияның шақырылу дабылы - екi рет;
      2) "ДЕ" сөзi - бiр рет;
      3) радиостанцияның өзiнiң шақыру дабылы - бiр рет;
      4) "ЩСА 5"-тiң шартты сөзтiркесi - бiр рет.
      Дабылдардың естілу деңгейi радиооператорлардың бес баллдық жүйесiмен бағаланады:
      "1" - әрең естiлетiн (қабылданатын);
      "2" - әлсiз естiлетiн;
      "3" - естілуi қанағаттанарлық;
      "4" - ecтiлуi жақсы;
      "5" - естiлуi өте жақсы.

      223. Бiрнеше тiлшiлерiн бiр мезгiлде радиожелiге шақырылуы, кез келген немесе қажеттi ретпен берілетiн радиожелiлердiң шақырылулары мен "ДЕ" сөзiнен, өз қарауындағы радиожелінің шақырылу дабылынан және "К" әрпiнен тұрады.
      РЛПМ - радиостанциялық байланыстың екiншi шақыру белгiсi.
      Бiрдей уақытта шақырылған радиостанцияның байланыс корреспонденттерiнің iшiнен бiрiншi шақырылған корреспондент жауап бередi.

      224. Радиобайланыс корреспонденттердiң барлық циркулярлық шақырулары үш дүркiн "ЦЩ" кодтық сөйлемшесiмен, "ДЕ" cөзі және өз радиостанциясының екi дүркiн шақыру белгiсiнiң берiлуiмен жүргiзiледi.

      225. Радиостанциямен радиобайланыс орнатылған соң, корреспондент үшiн жедел хат бар болған жағдайда "ЩРЖ?" кодтық сөйлемшесi берiлуi мүмкiн. Сiз жеделхат қабылдауға дайынсыз ба? және "К" әрпi берiледi.
      Корреспондент жедел хатты қабылдау туралы ұсынысы мақұлданған соң, қабылдау туралы келiсiмiн "ЩРЖ" кодтық сөйлемшесiмен және "К" әрiпiн бередi.

      226. Егер корреспондент ұсынылған жеделхатты қабылдауға дайын болмаса, онда "АС" ("Күтiңiз"), уақытын (қанша минуттан соң қабылданатынын) шартты сөзтiркеспен, "К" әрпiн беруi тиiс.

      227. Егер 1 минут iшiнде шақырылған радиостанциядан жауап болмаған жағдайда, шақырылған радиостанция байланысының желiсi бос болған жағдайда шақыру үш ретке дейiн қайталанады. Үшiншi рет жауап ала алмаған жағдайда, радиостанция операторы радиобюро бастығына баяндап, аппарат журналына жазады, содан кейiн барып корреспондентпен радиобайланыс орнатуды жалғастырады. Басқа каналдардың байланыс орталығымен байланысы бар болған жағдайда, корреспонденттiң шақыру сигналына жауап берiлмеуiнiң, себебiн сұрау керек.

      228. Радиобағытта - байланыс тұрақты және естiлуi жақсы болған жағдайда тиiмдi шақырылымы қысқаша жүргiзiледi.

      229. Жеделхатты жөнелту.
      Жеделхаттар алдын ала ұсыныс беру мен қабылдауға келiсiм алумен және олсыз жүргiзiледi.
      Жеделхаттарды қабылдау ұсынысы келесi тәртiппен жүргiзiледi:
      1) шақырылатын радиостанцияның шақыру сигналы - бiр рет;
      2) "ДЕ" сөзi - бiр рет;
      3) өз қарауындағы радиостанцияның шақыру сигналы - бiр рет;
      4) "ЩТЦ" кодтық сөйлемшесi ("... сiз үшiн" жеделхат бар) - бiр рет;
      5) "К" хабарының аяқталу белгісi.

      230. Жеделхатты қабылдауға ұсыныс алған радиостанция, қабылдауға келiсiмдi келесi тәртiптер бойынша бередi:
      1) радиостанцияның өзiнiң шақыру сигналы - бiр рет;
      2) "ЩРЖ" (мен дайынмын) кодтық айтылуы немесе "FA" ("жұмысты қайтадан бастаңыз") - бiр рет;
      3) "К" хабардың аяқталу белгiсi.

      231. Егер тiлшiден жеделхат қабылдау жөнiнде үш рет берiлген ұсынысқа жауап алынбаса ерекше қажеттiлiк туған жағдайда радиооператордың жеделхатты ешкiмнiң келiсiмiнсiз ақ (Блиндом әдiсiмен жөнелту) жiберуiне болады.

      232. Радиобайланысты қалпына келтiрген соң, келiсiмiнсiз жiберiлген жеделхатқа сұраныс жiберу керек.

      233. Егер шақырылатын радиостанцияда хабар беру үшiн категориялы жеделхат бар болса, онда ол жеделхаттардың категорияларын көрсете отырып қарама-қарсы ұсыныс жасайды.
      Өзара жұмыс iстеушi корреспонденттердiң бiрдей категориялы жеделхаттары болса, олар бiр-бiрiмен кезектесiп айырбас жасайды.

      234. Корреспондентке жеделхаттың хабары аса қажет болған жағдайда, радио айырбас жасаушы, радиооператор, хабарды соңына дейiн күтiп (тeк айырбастың соңына дейiн емес) корреспонденттi шақырып, жеделхаттың шұғыл категорияға сәйкес көрсетiлгенiн ұсынады.

      235. Шұғылдықтың жоғары категориясына сәйкес жеделхатты қабылдауға ұсыныс алған радиоператор, осыған дейiн өзiмен айырбас жасаған корреспондентке "АС" ("Күт") кодтың қысқартуын беруге мiндеттi, ал шақырған радиостанция оны қабылдауға келiсiм бередi.
      Егер шақырылған радиостанция басқа радиостанциядан осындай категориялы жеделхатты қабылдаса немесе жiберсе, онда ол "ОК АС" (түсiндiм, күтіңiз) деп жауап берiп, жеделхатты қабылдау мен хабарды аяқтап бiрден қабылдауға келiсiм бередi.

      236. Радиостанцияға түсетiн жеделхат осы ережелердiң талаптарына сәйкес құрастырылып, белгiленген тәртiп бойынша жүйелi бiрiздiлiкпен берiлуi тиiс.

      237. Радиотелеграфтық есту байланысының торабы (бағыттары) арқылы берiлетiн жеделхаттар тақырыбынан (қажет болған жағдайда), мекен-жайының дерегiнен, жiберушi туралы жолдардан және жеделхат мәтiнiнен тұрады.
      1) Жеделхаттың аты мыналарды қамтуы керек:
      жеделхат кiрiспесiндегi КА-белгiсiнiң тұруы;
      хабарды бiлдiру үш әрiптен тұрады, мұнда бiрiншi әрiп радиостанцияға шақыру сигналын берушi болып табылады, екiншi әрiп - корреспондент шақырушы сигналының бiрiншi әрпi болса, үшiншi әрiп - хабар берiлетiн радиобайланыс торабының әрiптiк белгiсiн бiлдiредi;
      радиобайланыстың осы желi бойынша жiберiлетiн жеделхаттың үш таңбалы нөмер ретi.
      Жеделхаттың нумерациясы күн сайын 00 сағатта 001 нөмiрiнен басталуы керек.
      2) Жеделхаттың мекен-жайы келесi тәртiптер бойынша құрастырылады және жiберiледi: бөлiм белгiсi, жеделхаттың шұғылдығының көрсеткiшi; жiберушiнiң көрсеткiшi - сегiз әрiптiк топ.
      3) Егер жеделхаттың мекен-жайында пункттердiң (әуежайлардың) ашық атауларын жiберушi (адресат) екi әрiптiк шартты белгiмен көрсетсе, олар сол ретiмен берiледi.
      4) Материалдардың жолы келесi тәртiптер бойынша құрастырылады және берiледi, үш белгiлi топ, жеделхаттың жiберiлу күнi мен уақытын бiлдiредi; жiберушiнiң көрсеткiшi (адресат көрсеткiшiнiң формасы сияқты) - сегiзәрiптiк топ немесе пункттiң ашық атауларын бiлдiретiн екi әрiптiк немесе төртәрiптiк шартты белгi; бөлiм белгiсi.
      5) Жеделхаттың мәтiнi жiберушi дайындаған хабарламаның мағыналық мазмұнынан тұрады.

      238. Жеделхатты жiберу тәртiбi:
      1) Көп сөздi жеделхаттарды жiберу жағдайында дуплекстiк радиобайланыстан соң, әрбiр 25 топ (сөз) қабылданған сайын корреспонденттен қабылдау дұрыстығын (?) сұрау белгiсiмен тексеруге рұқсат берiледi. Ол үшiн корреспондент қабылдаудың дұрыстығын "К" әрпiмен растау керек. Содан кейiн жеделхат жiберушiге "ИИ" қайталау белгiсiн бередi және хат жiберушiге "ИИ" қайталау белгiсiн бередi және көп сөздi жеделхат мәтiнiнiң соңғы дұрыс берiлген сөз тобын жiберудi жалғастырады. Егер корреспонденттен жiберiлген жеделхаттың қайталануы қажет болса, онда жiберiлудiң аяқталуын бiлдiретiн "К" белгiсiнiң алдынан "РПТ" ("қайталау") кодтық сөйлемшесi берiледi.
      2) Корреспондент келiсiмiнсiз (симплекстiк жұмыста) және квитанциясыз тәсiлмен жiберiлген жеделхат екi рет қайталанады. Әрбiр жiберiлу алдында шақырылатын радиостанцияның шақыру сигналын үш рет, өз радиостанциясын - екi рет, "ШТЦ" кодтық сөйлемшесi берiледi. Жiберiлу аяқталарда жiберiлудiң аяқталғанын бiлдiретiн "К" белгiсiнiң орнына "АР" берiледi.
      3) Егер жеделхат ұшу мерзiмiндегi әуе кемесi адресiне жiберiлетiн және белгiлi бiр пункт арқылы жеткiзiлетiн болса, онда адресаттың көрсеткiшi сегiз топты әрiппен жазылады, алдыңғы төрт әрiп - жеделхатты бортқа жiберетiн пункттiң шартты белгiсi, қалған төртеуi - "ЗЗЗЪ" бiлдiредi.
      4) Мұндай жағдайда адресатқа жiберiлетiн жедел хат мәтiнiнiң бiрiншi жолында әуе кемесiнiң борттық нөмерi (шартты шақыру) жазылады. Мұндай жеделхат "ТЧК" әрiптерiмен аяқталуы тиiс.
      5) Ұшу мерзiмiндегi әуе кемесiнiң бортында қабылданған жеделхат ары қарай жер бетiндегi авиациялық радиобайланыс желiсi бойынша жiберiледi, онда қабылдау пунктiнде белгiленген формат бойынша құрылуы тиiс. Мұндай жағдайда жiберушiнiң көрсеткiшi жеделхатты қабылдаушы пункттiң шартты төрт әрiптiк және қосымша "ЗЗЗЬ" белгiсiн қамтуы тиiс. Әуе кемесiнiң борттық нөмiрi ("шартты шақыру") жеделхат мәтiнiнiң бiрiншi жолында көрсетiледi, содан кейiн "ТЧК" әрiптерi қойылады.

      239. Жеделхат қабылдауды растау.
      1) Әрбiр қабылданған жеделхатты растау екi жақты радиобайланыстың квитанция түрiнде берiледi. Радиостанция сұранысты күтпей-ақ квитанцияны беруi тиiс. Қабылданған жеделхатқа берiлетiн квитанция мынадай бiрiздiлiкпен жүредi:
      кодтық сөйлемше "ЩСЛ" - бiр рет;
      жеделхат нөмiрi - бiр рет;
      жiберiлудiң аяқталуын бiлдiретiн "К" белгiсi - бір рет.
      2) Жеделхат қабылдау (жiберу) уақыты квитанцияны жiберу (алу) уақыты болып саналады.
      3) Жеделхатты жiберушi радиостанцияның талабы бойынша, жеделхаттың қабылданғанын растау туралы қайта қайталау берiлуi мүмкiн. Қайта қайталау корреспонденттiң жеделхаттың толық мәтiнiн беруiмен жүргiзiледi.
      4) Жеделхатты алғаннан кейiн радиооператор қайтадан тексерiп салыстырғанда, ауытқушылық тапса, оны түзету туралы корреспондентке айтуға мiндеттi. Корреспондент түзетудi алып, түзетiлген топтарды (сөздердi) қайталайды, бұдан соң радиооператор жеделхатты жiберiп, "ЦФМ" кодтық сөйлемше арқылы жеделхатты қабылдаудың дұрыстығын растайды.
      5) Жiберiлген жеделхаттың мекенжайға тапсырылуын растауды "ШДЦ" кодтық сөйлемше арқылы сұрайды (N ... жеделхат адресатқа тапсырылды ма?) және жеделхат нөмiрi көрсетiледi.
      6) Адресатқа жеделхаттың тапсырылуын растайтын "ЩДЦ" кодтық сөйлемшесi тапсырылған уақытты қоса көрсетедi.
      7) Радио айырбастың квитанциясыз тәсiлiнде корреспонденттiң жеделхатты қабылдағанын растауды басқа байланыс арналары арқылы жүргiзедi.

      240. Жеделхатты түзету мен қайталау:
      1) Симплекстiк радио байланысы кезiнде жеделхаттарды қабылдағанда күдiктi сөздер тобының астын радиооператор сызады да, ал сөздерi түсiп қалған жерлердi сызықша арқылы белгiлейдi. Радиооператор жеделхатты қабылдап болған соң, кодтық сөйлемшелер арқылы күдiктi және түсiп қалған сөздер тобын қайталап сұрайды "РПТ" ("қайталау"), "БН" ("Бәрi аралық ... және ...), АЛ (бәрi, жаңа ғана берiлген), "AA" ("Бәрiнен кейiн ...), "АБ" (Бәрi алда...) және бәрiн қайталау керек екенiн көрсетедi. Егер радиооператор бiрнеше жеделхатты қатарынан қабылдаса, жеделхат нөмiрiн көрсетуi керек.
      2) Радиоператор корреспонденттен сұрап болған соң, көрсетiлген мәтiндi, топты қайталауға мiндеттi.
      3) Дуплекстiк және жартылай дуплекстiк жұмыс кезiнде қате жiберiлсе қабылдау станциясының радиооператорлары шұғыл түрде нүкте сериясынан тұратын үзiлiс белгiсiн беруi керек, ал станциядан хабар берушi радиооператор бұзылған белгiлердi (әрiптер, цифрлар) соңынан бастан дұрыс берiлген топтарын қайталауы керек.
      4) Қажет болған жағдайда корреспондент осы Ережелердiң қосымшасында көрсетiлген кодтық сөйлемшелердi пайдалана отырып, қабылданған жеделхаттар мәтiнiн анықтауға сұраныс жасай алады.
      5) Квитанция жiберiлген соң қабылданған жеделхаттың мәтiнiнде қате табылса, жеделхатты қайталау туралы немесе оның бөлшегiн белгiленген тәртiп бойынша дереу жасауға сұраныс берiледi.
      Жеделхаттың мәтiнiн анықтау аса қажет болған жағдайда радиобайланыс желiсi немесе сымдық байланыс бойынша корреспондентке қызметтiк жеделхат жiберiледi.

      241. AFTN желiлердiң каналынан түскен жеделхатты радиотелеграфтық естiлу жүйесiмен берiлетiн хабарлардың құранды бөлiктерi: баса, қысқартылған жолдар мен аяқталуы берiлмейдi.
      1) Егер хабардағы мекен-жай жолында немесе индексiнде жiберушiнiң белгiсi болса, ондағы бесiншi немесе алтыншы әрiптiң орнына "ЬЬ" белгiлерi қолданған, ал олар радиотелеграфтық есту желiсi бойынша берiлмейдi.
      2) Мекен-жай жолына немесе жiберушi жолының орнына осы жеделхат мәтiнiнiң басында көрсетiлген пункттiң ашық атауы мен адресаттық немесе жiберушiнiң шартты белгiсi берiледi.

      242. Айналымдық жеделхаттың жiберiлуi:
      1) Жiберуге жататын циркулярдың жеделхат белгiленген тәртiп бойынша бiр бланкаға жазылады. Циркулярлық жеделхатты бастамас бұрын радиооператор радио желiсiндегi корреспонденттердiң радиоайырбаспен жұмыс iстеп жатпағанына көз жеткiзуi керек. Бұдан соң циркулярлық жеделхатты жiберу туралы радио желiсi корреспонденттердi ескерту үшiн циркулярлық шақыру берiлуi, жеделхат жiберiледi.
      2) Радиожелiдегi корреспонденттердi жалпы циркулярлық шақыру "ЦЩ" кодтық сөйлемшеден тұрып, "ДЕ" сөзi үш рет берiледi. Радиостанцияның өзiнiң шақыру сигналы екi рет жiберiледi, "ЩТЦ" кодтық сөйлемше (сiз үшiн жеделхатым бар) "К" хабардың аяқталу желiсi.
      3) Бұл шақыру бойынша радиожелідегi барлық корреспонденттер циркулярлық жеделхатты қабылдауға дайындалады.
      4) Корреспонденттер тарапынан жалпы циркулярлық шақыру жауап берiлмейдi.
      5) Корреспонденттердi жалпы циркулярлық шақыру желiдегi радиобайланыстың ұзақ уақыттан үзiлiссiз күштi радиокедергiге әлсiз естiлуiне байланысты үш ретке дейiн хабарлауы мүмкiн.
      6) Радиожелiлердiң жақсы жұмыс iстеуiне байланысты циркулярлық жеделхатты алдын ала шақырусыз-ақ жiберуге болады. Радиожелi корреспонденттерiне циркулярлық жеделхат хабарына кедергi жасауға тиым салынады.
      7) Радиожелi корреспонденттерi циркулярлық жеделхатты қабылдап болған соң, оның квитанциясын радиожелiдегi негiзгi радиостанцияға жiбередi.
      8) Радиожелiдегi әрбiр корреспондент циркулярлық жеделхаттағы мәтiнiн анықтау үшiн, қосымшада көрсетiлген ережелерге сәйкес сұраныс салушы рұқсат етiледi. Егер радио желi корреспонденттер циркулярлық жеделхат мәтiнiнен 20% астамын қабылдамаса немесе бұзылғанын қабылдаса, мұны жiберген радиостанция қайтадан жiберуге мiндеттi.
      9) Бiржақты радиобайланыс болғанда және квитанциясыз жұмыс iстегенде циркулярлық жеделхатты қабылдағаны туралы растау берiлмейдi. Мұндай жағдайда циркулярлық жеделхат мәтiнiнен кейiн "К"-нiң орнына "АР" берiледi.

      243. Көп мекен-жайлық жеделхаттың берiлуi:
      1) Бiрнеше корреспондентке жiберiлетiн мазмұны бiр жеделхаттарды толтыру осы Ережеде көрсетiлген тәртiп бойынша жүргiзiледi. Жеделхатты жiбергенде барлық мекенжайлар көрсетiлуi тиiс.
      2) Радиооператор көп мекенжайлық жеделхаттарды жiберудiң алдында, корреспондентке барлық мекенжай санын ескертуi тиiс. Бұл үшiн мекенжай сандарын көрсететiн "МЦ" кодтық сөйлемшелерiн жiбередi.

      244. Жеделхатты аралық радиостанциялар арқылы жiберу Жiберушi РЦИП орындайды Аралық радиостанция РБРП арқылы Алушыға РЛПМ:
      1) Аралық радиостанция арқылы жеделхаттарды қабылдау ұсыныспен және ұсыныссыз жүргiзiледi.
      2) Аралық радиостанцияға жеделхатты қабылдау туралы ұсыныс кәдiмгi тәртiппен берiледi, бiрақ "ЩТЦ" (менде сiз үшiн жеделхат бар") кодтық сөйлемшесi орнына "ЩДА?" ("Сiз радиостанция арқылы жеделхатты қабылдай аласыз ба?") және белгiленген радиостанцияның шақыру белгiсi көрсетiледi.
      3) Аралық радиостанция (корреспондент) жеделхаттың белгiленген жерiне жеткiзу мүмкiндiгiн анықтайды және кәдiмгi тәртiппен қабылдауға келiсiм бередi.
      4) Жеделхат мекен-жай бөлiмiне жiберiлерде "ФМ" (кiмнен) және "ФОР" (үшiн) кодтық сөйлемшесiмен радиостанциясының шақыру белгiсi немесе жөнелтушi және алушы пункттiң шартты атаулары жазылады.
      Егер аралық радиостанция арқылы жiберiлетiн жеделхаттар алдын-ала ұсыныссыз берiлетiн болса, онда жiберiлер алдында шақырылатын радиостанцияның шақыру белгiсi үш рет, өз радиостанциясының белгiсiн - екi рет, "ЩТЦ" кодтық сөйлемшесi, мекен-жайы бөлiмiнде "ФМ" және "ФОР" сөздерi радиостанцияның шақыру белгiсiмен жазылады.
      Аралық радиостанция транзиттiк жеделхаттарды белгiленген радиостанцияға кәдiмгi тәртiппен жiбередi, атын және мекен-жайы бөлiмiн өзгертпейдi.
      Егер радиостанция (алушы) өзiне белгiленген жеделхатты аралық радиостанциямен бiрдей уақытта қабылдаса, онда ол тез арада аралық радиостанцияға ұсыныссыз жеделхаттың жiберiлуiн және квитанцияны беруi тиiс.

      245. Бiрнеше жеделхаттың қатар жiберiлуi:
      1) Тұрақты радиобайланыста бiрнеше жеделхаттың қатар жiберiлуiне рұқсат етiледi. Симплекстiк радиобайланыста мәтiндегi сөздердiң саны 25 топтан аспайтын жеделхаттар қатар берiледi. 25 топтан асатын жеделхаттар бөлшектенiп берiледi. Жеделхаттарды бөлiмдерге бөлу осы Ережелер бойынша анықталады.
      2) Дуплекстiк және жартылай дуплекстiк радиобайланыс кезiнде жеделхатты жiберу екi жаққа да үзiлiссiз жүргiзiлуi тиiс.
      3) Бiрнеше жеделхатты қатарынан қабылдау туралы ұсыныс "ЩСГР" (кодтық сөйлемшесi ("мен жеделхатты дереу жiберуiм керек пе?") арқылы берiлiп, жеделхат саны көрсетiледi.
      4) Бiрнеше жеделхатты қабылдауға келiсiм "ЩСГ" кодтық сөйлемшелер арқылы берiледi.
      5) Радиооператор бiрнеше жеделхатқа қатарынан жiбергенде, әрбiр жеделхаттан соң, жiберу аяқталды дегендi бiлдiретiн "К"-нiң орнына "ЖЦ" кодтық сөйлемшесiн бередi. Бұдан соң келесi жеделхаттарды қабылдауға кiрiседi. Соңғы жеделхат жiберiлiп болғаннан кейiн, жiберудi бiтiру туралы "К" белгiсi берiледi.
      Қатарынан қабылданған жеделхаттардың квитанциясы нөмiрлерімен көрсетiлiп берiледi.

      246. Сигналдардың берiлуi.
      1) Сигналдардың берiлуi - корреспонденттердi алдын ала шақырмай, қабылдауға келiсiм алғанда жүзеге асырылады.
      Сигналдар келесi тәртiптер бойынша берiледi:
      радиостанцияны шақыратын сигналы - үш рет;
      "ДЕ" сөзi - бiр рет;
      радиостанцияның өзiнiң шақыру сигналы - екi рет;
      "ЬЬЬ" кодтық сөйлемше ("Шұғыл хабар") - бiр рет;
      сигнал - екi рет;
      "К" хабар берудi бiтiру белгiсi - бiр рет.
      2) Қабылданған сигналға квитанция беру шұғыл түрде сигналды қайталау арқылы берiледi.
      3) Бiрнеше сигналды хабарды жiбергенде олардың әрқайсысы екi ретпен қайталанып, алдыңғы жiберiлген сигналдан бөлiм белгiсi бойынша ерекшеленедi.
      4) Қабылданған сигналға квитанция беру шұғыл түрде әрбiр сигналға квитанция беру шұғыл түрде әрбiр сигналды бiр-бiр реттен қайталау арқылы берiледi.
      5) Сигналдың берiлу байланысы сенiмсiз болса қайталануы мүмкiн.
      6) Сигналдарды циркулярлы беру, циркулярлы жеделхаттың берiлу ережелерiн сақтай отырып жүзеге асырылады.
      7) Қабылданған сигналдың квитанциясы радиожелiдегi барлық корреспондентке циркулярлы берiлiп, тек сигналды берген радиостанцияның талабымен жiберiледi.
      8) Сигналдың адресатқа тапсырылғаны туралы корреспондентке сұрау жеделхатты жiберушiнiң талабы бойынша орындалады.

      247. Радиобайланыстың аяқталуы.
      Кез келген радиобайланыстың өз жұмысын аяқтауы, радиостанция өзiнiң шақыру сигналы мен СК кодтық сөйлемшелерi ("байланыс коды") арқылы жүргiзiлуi тиiс.

28 тарау. Радиотелефондық байланысты орнату
және жүргiзу ережелерi

      248. Азаматтық авиацияда радиотелефондық байланыс радиожелiлерi (бағыттары) және радиожелілік байланыс арқылы жүзеге асады.

      249. Қазақстан Республикасы территориясындағы азаматтық авиацияда авиациялық әуе байланысы орыс және ағылшын тілдерiнде жүргiзiлуi тиiс.

      250. Өзара әрекеттестiк радиотелефондық желiлерi (бағыттар) арқылы ӘҚБ орталықтарының (бөлiмшелерiнiң) қозғалысына қатысты бұйрықтары, хабарламалар және нұсқаулары берiледi. Бұл хабарлар қозғалыс қызметiнiң қызмет адамының ауызша нұсқауы бойынша диспетчер немесе радиооператор арқылы тiкелей беріледi. Бұл жағдайда радиооператор аппарат журналына хабар мәтiнi мен қажет болған жағдайда хабарлаушы қызмет адамының фамилиясын жазу керек. Содан кейiн радиоператор хабарламаны корреспондентке беруге құқылы.

      251. Қабылдау станциясындағы радиооператор қабылданған хабарлама мәтiнiн аппарат журналына жазуға және мазмұнын адресатқа жiберуге мiндеттi.

      252. Шақырылған станция шақырушы станцияның белгiлерiне күмәнданса:
      "СТАНЦИЯ, ШАҚЫРУШЫ... (шақырылған станция) ШАҚЫРУ БЕЛГIЛЕРIҢIЗДI ҚАЙТАЛАҢЫЗ" деп жауап жiберуi тиiс.

      253. Хабар берiлiп жатқан жиiлiктiң екi цифрын атау қажет.

29 тарау. Радиотелефондық байланысты басқару және орнату тәртiбi

      254. Радиобайланысты басқару және орнату.
      1) Корреспонденттер мен радиотелефондық байланыс орнату және радиобағыттағы, радио желiдегi корреспонденттерге меншiктелген радиотелефондық шақырылу белгiсiнiң қолданылуымен жеделхаттарды жiберу радиотелефондық байланыстың ережесi бойынша жүргiзiледi.
      2) Радиотелеграфтық есіту байланысы кезiнде қолданылатын кодтық сөйлемше хабардың қолайлылығы үшiн, олардың мән-мағынасымен ауыстырылады.
      Тұрақты радиобайланыста корреспонденттердi шақыруды қысқартылған түрде жүргiзуге болады.
      УВД және метео (ВБ АПП ДЕП ЩАВ) бойынша мәлiметтердi жiберу жөнелтушi мен мекен-жайы туралы жолынсыз жiберуге рұқсат берiледi.
      3) Радио желiдегi барлық корреспонденттердi шақыру үшiн және циркулярлы жеделхатты жiберуде "бәрiне" деген сөз үш рет қолданылады.

      255. Радиотелефондық байланыс бойынша сөйлесудi басқару.
      1) Радиотелефондық байланыспен сөйлесудi басқаруға жiберiлген тұлға азаматтық авиацияның радио байланыстарындағы желiлерi бойынша ашық хабар берудi, сондай-ақ радио пiкiрлесу ережесi мен мәлiметтер тiзiмiн бiлуге мiндеттi.
      2) Радиотелефондық байланыс желi арқылы сөйлесу алдын-ала дайындалумен, максималдық дәлдiгiмен, қысқалығымен жүзеге асуы керек. Дыбысталуы ұқсас мағынасы қарама-қарсы сөздердi де көп қабылдаудан аулақ болу кepeк.
      Әр сөздi айқындап айтып, сөйлеудiң анық естiлу деңгейiн бiрқалыпты ұстап тұру керек. Хабардың жылдамдығы минутына 100 сөзден аспауы керек.
      Қиын айтылатын сөздер мен қызметтiк белгiлер бөлек әрiптер арқылы берiледi.
      Мұндай жағдайда осы Ережелердiң 10 қосымшада көрсетiлгендей әрбiр әрiп сөзбен берiледi.
      Алфавиттiң әрiптерiн бiлдiруде басқа сөздердi қолдануға тыйым салынады.
      Халықаралық радиобайланыста әрiптiк және цифрлық мағыналар осы Ережелердiң 11 қосымшада көрсетiлген мазмұнға сәйкес жүргiзiледi.
      3) Барлық санның берiлуiнде, осы тармақтың 4-шi тармақшасында белгiленгендердi қоспағанда, әрбiр цифр бөлек айтылады.
      4) Бүтiн жүздіктерден, бүтiн мыңдықтардан тұратын бұлттың биiктiгi, көз көрерлiк, ұшу қону жолын алыстан көрушiлiк сияқты абсолюттiк биiктiк туралы деректерде қолданылатын барлық сандардың берiлуiнде белгiлi бiр жүздiк, мыңдықтарды бiлдiретiн сандағы әрбiр цифр айтылады. Осыдан кейiн барып жүздiк және мыңдық сөздерi сәйкестенедi. Мыңдықтар және бүтiн жүздiктер санын беруде, мыңдықтар санын бiлдiретiн әрбiр цифр айтылады. Бұдан соң "мың" сөзi жалғасады, сосын жүздiктер саны, осыдан кейiн барып "жүз" сөзi айтылады.

      256. Осы Ережелердiң 255 тармағының 3) iшкi тармақшада белгiленгендей ондық бөлшектер соған сәйкес берiледi, осы жүйелiлiкке негiзделген ондық бөлшектер ҮТIР сөзiнiң көмегiмен бiлдiрiледi, ағылшын тiлiнiң мәтiнiнде бұл орында DECIMAL (ДЭ-СИ-МАЛ) сөзi қолданылады.

      257. Уақыттың берiлуiнде берiлетiн сағаттың тек минутын көрсету талап етiледi. Әрбiр сан бөлек айтылады. Қандай да бiр шатасушылық болған жағдайда сағатын да көрсетуге болады.
      Ағылшын тiлiнде берiлгенде сандар осы Ережелердiң 11-қосымшада айтылады.

      258. Радиотелефондық байланыста осы Ережелердiң 12-қосымшада айтылады.

      259. Әуе кемелерi радиотелефондық шақыру сигналдары:
      1) Толық шақыру сигналдары.
      Радиотелефондық шақыру сигналдары келесi түрлерге бөлiнедi:
      Үлгi а) - әуе кемесiнiң тiркелу белгiлерiне сәйкес келетiн белгiлер немесе;
      Үлгi б) - әуе кемесiнiң тiркелу таңбаларының төрт соңғы таңбасынан бұрын жазылатын ұшу пайдалану агенттiгiнiң шартты телефондық белгiленуi;
      Үлгi в) - рейс белгiсiнiң алдында жазылады ұшу пайдаланым агенттiгiнiң шартты телефондық белгiленуi.
      Әуе кемесiн жасаушының атауы немесе әуе кемесiнiң атауы жоғарыдағы шақыру сигналында көрсетiлгендей радиотелефондық префикс ретiнде пайдалануы мүмкiн.
      Жоғарғы а), б) және в) тармақшаларында көрсетiлген шақырылулар Халықаралық электрбайланыстың одағына радиобайланыстарының регламентiне сәйкес таңбалардың бiрлестiктерiне енгiзiлген.
      б) және в) тармақтарында көрсетiлген шартты белгiлер ИКАО ДОС-тың "Ұшу-пайдалану агенттiктерiнiң авиацияның өкiлеттi органдары мен қызметтерiнiң шартты белгiленулерi" деген 8585 құжатында бар.
      2) Қысқартылған шақырылу дабылдары.
      Әуе кемесiндегi радиотелефондық шақыру сигналдары осы тармақтың 1)-шi тармақшасына сәйкес қанағаттанарлық байланыс орнатқаннан кейiн ғана, сондай-ақ ешқандай шатасу пайда болмағанда ғана қысқартылуы мүмкiн. Борттық станция өзiнiң қысқартылған шақыру сигналдарын авиациялық жазып алу (фиксированной) станциясы оны өзiне қарату үшiн қолданғаннан кейiн ғана пайдаланады.
      Қысқартылған шақыру сигналдары келесi формалар бойынша берiледi:
      Үлгi а) - тiркелген белгiнiң алғашқы белгiсi және шақыру сигналының екiден аз емес соңғы белгiлерi.
      Үлгi б) - шақырылушының соңғы екi белгiсiнiң алдында белгiленетiн ұшу пайдалану агенттiгiнiң телефондық шартты белгiсi.
      Үлгi в) - қысқартылған түрi болмайды.
      Жоғарыда көрсетiлген а) үлгiсiндегi шақырудың бiрiншi белгiсiнiң орнына әуе кемесiн жасаушының атауы немесе әуе кемесiнiң типiнiң атауы қолданылуы мүмкiн.
      Байланысты орнату кезiнде үнемi толық радиотелефондық шақыру сигналдары қолданылады.

      260. Байланыс сапасының жобалық бағасы ретiнде жiберiлген фразалар мен командалардың айтылуындағы мағыналық нақтылық осы Ережелердiң 13 сипаттармен анықталады.

30 тарау. Авиациялық радиохабарлау

      261. Әуе кемелерi экипаждарына метеорологиялық және ұшу ақпараттарының берiлуiн қамтамасыз ету үшiн радиохабардың арнайы желiсi ұйымдастырылады.

      262. Әуе кемелерi экипаждарын ұшақалаң ауданында метеорологиялық және ұшу ақпараттарымен жедел қамтамасыз ету үшiн А, Б, В, Г, Д дәрежелi ұшақалаңдарда радиохабардың автоматтандырылған ақпарат жүйесi (осыдан кейiн - АТАЖ) желiсi ұйымдастырылуы мүмкiн.

      263. Ұшып бара жатқан әуе кемелерi экипаждарын метеорологиялық хабарлармен қамтамасыз ету үшiн ӨЖЖ және ЖЖ диапазонында ВОЛМЕТ радиохабарлары ұйымдастырылады.

      264. 1500-3000 км аралығындағы диапазонының ВОЛМЕТ радиохабарларын қабылдауды толық қамтамасыз ету үшiн, бұл жүйелер бiр уақытта бiрнеше жиiлiкте жұмыс iстейдi.

      265. ВОЛМЕТ метеорологиялық ақпараттарын жеткiзу радиохабарлары ұйымдастырылатын әуе жайлар тiзiмiн ҚР азаматтық авиациясының өкiлеттi ұйымы анықтайды.

      266. Радиохабарлар жеткiзу желiсiне енгiзiлмеген әуежайлардағы әуе кемелерiнiң экипаждары авиациялық әуе электрбайланыс желiлерi арқылы сол әуежайлардың радиооператорлары мен қозғалыс қызметi диспетчерлерiнен талап етедi.

      267. Ұшып бара жатқанда радиохабарлар жеткiзу желiсi арқылы ақпараттар алуда әуе кемелерiнiң экипаждары аэронавигациялық ақпараттар жинағын басшылыққа алады.

      268. Метеорологиялық ақпараттарды радиохабарлауда гидрометеорологиялық қызмет бекiткен бiрыңғай терминология қолданылуы керек.
      Pадиобюродағы радиохабарға метеорологиялық ақпарат коды шешiлген түрде түсуi керек.

      269. Телефондық режимде радиохабарларды жеткiзу минутына 90 сөзден аспайтын жылдамдықпен берiледi.

      270. Әуе трассалары мен халықаралық әуежайлар экипаждарын метеорологиялық ақпараттармен қамтамасыз ету ИКАО ережесi бойынша, радиохабарларды жеткiзу ағылшын тiлiнде жүргiзiледi.

      271. Құрастырушы радиохабарлау материалдарының мәтiнiн жiберiлетiн формаға сай дайындау керек.

      272. Радиохабарларды жеткiзу белгiленген жиілiкте және белгiленген уақытта жүргiзiледi.

      273. Барлық радиохабарларды жеткiзу бағдарламалары мен жиiлiктерi соған сәйкес құжаттарда жарияланады. Жеткiзу уақыттары мен жиiлiктерiндегi кез келген өзгерiс кем дегенде екi апта бұрын НОТАМ арқылы алдын ала хабарлануы керек. Сонымен қатар жүзеге асу мүмкіндiгi бар кез келген өзгерiс соған дейiн 48 сағат бұрын тұрақты радиохабарлар жеткiзулерiнде хабарланады және мұндай хабарландыру әрбiр радиохабардың басында және соңында бiр рет берiледi.

      274. Бағдарламаға сай жүргiзiлетiн (бекiтiлген тәртiп бойынша жүргiзiлетiн ұжымдық жеткiзулерден басқа) радиохабарлар бағдарламада бекiтiлген жалпы шақыру уақытымен басталады.
      Егер бекiтiлген уақытта радиохабарларды жеткiзу кiдiрiп жатса, абонентке минуттермен саналатын кiдiрiс уақыты және күту ұсынылатыны қысқаша ескертiледi.

      275. Бiрақ уақыт күту қажеттiгi туралы ескерту жасалғаннан кейiн көрсетiлген уақыт аяқталғанша радиохабарлау басталмайды.

      276. Радиохабарлау бөлiнген уақыт аралығында жүргiзiлетiн болса, материалдың толық жеткiзiлу-жеткiзiлмеуiне қарамастан бөлiнген уақыт соңында әрбiр станцияда аяқталады.

      277. Жүйелi тәртiп бойынша бекiтiлген ұжымдық радиохабарларды таратуда әрбiр станция белгiленген уақытта өз хабарларын бастауға дайын болады. Егер қандай бiр себептермен ол өз жұмысын бастай алмаса, онда келесi станция бiраз күтiп жұмысын өзiне белгіленген уақытта бастайды.

      278. Радиохабарларды жеткiзуге жауапты станциясында үзiлiс болған жағдайда оның бiрқалыпты қалыптасқанша бұл хабар басқа станция арқылы берiледi.

      279. Радиотелефон арқылы жүзеге асатын әрбір радиохабарлар преамбуласы жалпы шақырудан, станция мiндеттерiнен және хабарлау уақытынан (UTC) тұрады.

31 тарау. Есепке алу және есептiлiк

      280. Есепке алу, пайдалану құжаттарына, берiлуге тиiс жеделхаттар радиобайланыс арналарының аппараттық журналдары (дискiлер, дискеттер) рулонды және таспалы бақылау жазбалары, жеделхаттарды есепке алу мен жеткiзу.

      281. Электрбайланыс арналары бойынша тәулiктiк есепке алуға мыналар жатады:
      1) телеграфты және телефонды арналар бойынша байланыстың бұзылу ұзақтығы мен саны;
      2) радиоканалдар бойынша (есту және телефонды радиобайланыс) ақпараттық журналындағы жiберiлген және қабылданған хабарлар саны.

      282. Тәулiк соңында станция жұмысшылары шығатын және транзиттi телеграммалардың бланкiлерiн жинақтайды, рулондарды желiмдейдi, оларға станция қызметкерлерiнiң қолы, күнi, айы қойылып, архивке арналған арнайы орынға орналастырылады.

      283. Телеграммада қабылданған ақпараттар көлемдi болса, оларды жеке-жеке жинақтауға болады (шығатын, халықаралық телеграммалар және рулонды жазбалар көшiрмесi).

      284. Құжаттарды сақтаудың төмендегi мерзiмi бекiтiледi:
      1) радиобайланыс арналарының аппараттық, борттық журналдары, есепке алу және жеткiзу телеграммаларының журналдары, рулонды және таспалы бақылау жазбалары - 30 тәулiк;
      2) телеграммалардың түпнұсқалары (метеоақпараттық телеграммалардан басқалары), магниттi дискiлер мен дискеттер - 30 тәулiк;
      3) транзиттi телеграммалар, шығатын метеорологиялық телеграммалардың түпнұсқалары - 15 тәулiк.

      285. Байланыс станцияларында құжаттарды сақтау мерзiмi төмендегiше есептеледi:
      1) түпнұсқалар, жiберiлген шығатын және транзиттiк телеграммалар көшiрмесi, рулонды және таспалы бақылау жазбалары үшiн - олардың жеткiзiлген күнiнен бастап;
      2) журналдар үшiн - соңғы жазба датасы қойылған күннен бастап.

      286. Құжаттарды өткiзу немесе жою қабылдап алу тапсырмаларымен немесе жою туралы актiлермен iске асырылады.

Қазақстан Республикасы азаматтық  
авиациясының авиациялық электрбайланысы
туралы Ережелерiне 1-қосымша    
Қазақстан Республикасы Көлiк және 
коммуникация министрлiгі     
Азаматтық авиация комитетi   
төрағасының            
2003 жылғы 14 мамырдағы      
N 218 бұйрығымен бекiтiлген    

Авиациялық электр байланысы құралдарының шартты белгілерi 1. Радио және радиорелелiк байланыс құралдары

__________________________________________________________________
рр |  Байланыс құралдары мен объектiлерiнiң атауы     | Шартты
NN |                                                  |белгілері
__________________________________________________________________
1   Радиостанция*
2   Бас радиостанция**
3   Жылжымалы радиостанция (автомобильдiк)
4   Портативтiк станция (алып жүретiн)
5   Радиотарату
6   Радиоқабылдағыш
7   Тропосферлiк байланыс радиостанциясы
8   Берушi радиоорталық (БРО)
9   Қабылдайтын радиоорталық (ҚБРО)
10  Радиорелелiк станция
11  Радиорелелiк станция (бiр жартылай жиынтық)
12  Радиорелелiк станция
13  Ғарыштық радиостанция
14  Жердегi радиостанция (ғарыштық байланыс)
15  Әуе кемесiндегi радиостанция
16  Автомобильдегi радиостанция
17  АФУ бар радиостанция (А-қабылдап-беруші,
     Б-беруші. В-қабылдаушы)
18  Тіке тарату
__________________________________________________________________

      * үшбұрышта кВт-пен радиоберушінің қуаттылығы белгіленеді.
      ** үшбұрыш ашық көгілдір бояумен боялады

      Шартты белгілерді қағаз мәтіннен қараңыз

2. Сым арқылы байланыс құралы

__________________________________________________________________
рр |             Аппаратураның атауы                  | Шартты
NN |                                                  |белгілері
__________________________________________________________________
1   Телефон аппараты, жалпы қолданыстағы
2   Арнайы аппаратурамен жабылған телефон аппараты
3   Телефон аппараты, жалпы қолданыстағы
4   Телеграф аппараты, шұғылтоқтатқыш
5   Арнайы аппаратурамен жабылған телеграф аппараты,
     шұғылтоқтатқыш
6   Деректерді беру аппараты (ДБА)
7   Дыбыс күшейткіш байланыс аппаратурасы (ДКБ)
8   Фототелеграфтық аппаратура
9   Хабарларды коммутациялау орталығы АФТН (ХКО)
10  Автоматтандырылған жұмыс орны АФТН (АЖО АФТН)
__________________________________________________________________

     Шартты белгілерді қағаз мәтіннен қараңыз

Қазақстан Республикасы азаматтық  
авиациясының авиациялық электрбайланысы
туралы Ережелерiне 2-қосымша    
Қазақстан Республикасы Көлiк және 
коммуникация министрлігі    
Азаматтық авиация комитетi   
төрағасының            
2003 жылғы 14 мамырдағы      
N 218 бұйрығымен бекiтiлген    

Бекiтiлген азаматтық          
авиацияның ұйымының           
жетекшiсi ӘКП және ӘҚБ        
ұйымы ____________________    
(күнi, айы, жылы)      

ӘҚБ жетекшісінің орынбасарымен
келісілген ___________________
            (күнi, айы, жылы)

Авиациялы жерүсті АО электр байланысын ұйымдастырудың типтiк сұлбасы

                                  ЖЖ р/желi ҚР өзара қозғалыс ӘҚҚА
     Шартты белгілерін             ЖЖ р/желi ҚР өзара қозғалыс ӘҚҚА
  қағаз мәтіннен қараңыз           ЖЖ р/желi
                                  ЖЖ р/желi А/ж ЖӘЖ және ЖДП
                                  ЖЖ р/желi а/ж ЖӘЖ

               CBЧ р/желi взаимо. ӘҚҚА және а/п
               Ескерту: Қажеттiлiкке байланысты ұйымдастырылған
               байланыс арнасы және басқару пунктi үзiк
               сызықпен көрсетiлген. Схемада ӘҚҚА үшiн байланыс
               арналарының жобалы саны көрсетiлген.

      РТЖБП қызметiнiң жетекшiсi _____________________
                                  (күнi, айы, жылы)

Қазақстан Республикасы азаматтық  
авиациясының авиациялық электрбайланысы
туралы Ережелерiне 3-қосымша    
Қазақстан Республикасы Көлiк және 
коммуникация министрлігі    
Азаматтық авиация комитетi   
төрағасының            
2003 жылғы 14 мамырдағы      
N 218 бұйрығымен бекiтiлген    

Бекiтiлген азаматтық          
авиацияның ұйымының           
жетекшiсi ӘКП және ӘҚБ        
ұйымы ____________________    
(күнi, айы, жылы)      

ӘҚБ жетекшісінің орынбасарымен
келісілген ___________________
            (күнi, айы, жылы)

ӘҚҚА мен біріктірілген авиациялық жерүсті электр байланысын
ұйымдастырудың типтiк сұлбасы
Эпизод. өзарақозғал. БП міндетті ӘҚҚА бағыныштары БП
ӘҚҚА әуежай өзарақозғ. ӘҚҚА АО ӘАО Ретр, пункт, ХДП ЖӘЖ п/у ведомств

   Шартты белгілерін            ЖЖ р/желi ҚР өзара қозғалыс ӘҚҚА
қағаз мәтіннен қараңыз         ЖЖ р/желi ҚР өзара қозғалыс ӘҚҚА
                               ЖЖ р/желi
                               ЖЖ р/желi A/п МВЛ және МДП
                               ЖЖ р/желi а/П МВЛ
                               СВЧ р/желi өзарақ/қ. ӘҚҚА және а/п
                               Ескерту: Қажеттiлiкке байланысты
                               ұйымдастырылған байланыс арнасы және
                               басқару пунктi үзiк сызықпен
                               көрсетiлген. Схемада ӘҚҚА үшiн
                               байланыс арналарының жобалы саны
                               көрсетiлген.

                               РТЖБП қызметiнiң жетекшiсi
                               __________________________
                                   (күнi, айы, жылы)

Қазақстан Республикасы азаматтық  
авиациясының авиациялық электрбайланысы
туралы Ережелерiне 4-қосымша    
Қазақстан Республикасы Көлiк және 
коммуникация министрлігі    
Азаматтық авиация комитетi   
төрағасының            
2003 жылғы 14 мамырдағы      
N 218 бұйрығымен бекiтiлген    

Бекiтiлген азаматтық          
авиацияның ұйымының           
жетекшiсi ӘКП және ӘҚБ        
ұйымы ____________________    
(күнi, айы, жылы)      

ӘҚБ жетекшісінің орынбасарымен
келісілген ___________________
            (күнi, айы, жылы)

ХДП авиациялы электр байланысын ұйымдастырудың
типтiк сұлбасы

                                        А/п
ЖӘЖ зонасындағы авиациялы әуе радио         МВЛ      РЦ        МДП
желiсi ӨЖЖ диапазонында ________________       

                                                ЖӘЖ зонасындағы авиациялы әуе және               Шартты белгілерін
жерүстi радиожелiсi диапазонында _______       қағаз мәтіннен қараңыз

ХДП зонасындағы авиациялы әуе жерүсті
радиожелiсi диапазонында _______________

ХДП авиациялы жерүстi радиожелiсi ЖЖ
диапазонында ___________________________

Жергiлiктi жағдайларға тәуелдi және
оны ұйымдастыру қажеттiлiгiне кiрiптар электр
байланыс арналары мен ӘҚБ пунктi үзiк
сызықпен көрсетiлген.

РТҚБП қызметiнiң жетекшiсi __________________
                           (күнi, айы, жылы)

Қазақстан Республикасы азаматтық  
авиациясының авиациялық электрбайланысы
туралы Ережелерiне 5-қосымша    
Қазақстан Республикасы Көлiк және 
коммуникация министрлігі    
Азаматтық авиация комитетi   
төрағасының            
2003 жылғы 14 мамырдағы      
N 218 бұйрығымен бекiтiлген    

ӘҚБ-ға арналған авиациялы әуе радиобайланысын және ХДП аудандарындағы байланысты ұйымдастырудың типтiк сұлбасы

                    ______________________________________________
                   |Диапазон|Жиіліктің|жабдықтары|радиожелілердің
                   |        | шартты  |          |     атауы
Шартты белгілерін   |        |белгілері|          |
қағаз мәтіннен     |______________________________________________
    қараңыз        | ӨЖЖ     F-25       ӘҚҚА    Басқа ведомстволар
                   |                    ҚАО     үшін арнайы байланыс
                   | ӨЖЖ     F-8        ӘҚҚА    Апаттық құтқару
                   |                    ҚАО
                   | ЖЖ      F-8/1      ӘҚҚА    Апаттық құтқару
                   |                    ҚАО
                   | ЖЖ      F-21/І-ІІІ ӘҚҚА    Метео хабарлау
                   |                    АМСА
                   | ӨЖЖ     F-30       ӘҚҚА    Резервті зона РДС
                   | ӨЖЖ     F-16/І-ІХ  АО      РДС зонасы
                   | ӨЖЖ     F-15/І-ІХ  АО ҚАО  РДС зонасы
                   | ӨЖЖ     F-28       КӨДҚ    Информациялы ОДҚК
                   | ЖЖ      F-17/І-ІІІ ЦРОС ГА Алыс радиобайланыс
                    ______________________________________________

      ҰАЭҚ РТҚЖП қызметiнiң жетекшiсi____________________
                                       (күнi, айы, жылы)

Қазақстан Республикасы азаматтық  
авиациясының авиациялық электрбайланысы
туралы Ережелерiне 6-қосымша    
Қазақстан Республикасы Көлiк және 
коммуникация министрлігі     
Азаматтық авиация комитетi    
төрағасының             
2003 жылғы 14 мамырдағы      
N 218 бұйрығымен бекiтiлген    

Аэроалаң маңындағы ӘҚБ үшін авиациялы әуе радиобайланысын ұйымдастырудың типтік сұлбасы

                    ______________________________________________
                 |Диапазон|Жиіліктің|жабдықтар| радиожелілердің
    Шартты       |        | шартты  |         |     атауы
белгілерін       |        |белгілері|         |
қағаз мәтіннен    |______________________________________________
    қараңыз       | ӨЖЖ     F-7/І-ІІІ  ЖПП-1,2,3 Ыңғай (сектор саны
                 |                              бойынша)
                 | ӨЖЖ     F-5/І-І    ШДП       Шеңбер
                 | ӨЖЖ     F-5/І-І    БДП, КДП, Көтерілу, қону
                 |                    ЖӘЖ       (бөлек болуы мүмкін)
                 | ӨЖЖ     F-5/І-ІІ   КДП       қону
                 | ӨЖЖ     F-4        ДПР, СДП  Тұтқаны игеру
                 | ӨЖЖ     F-9/1      РДП       Арнайы байланыс
                 |                              (басқа ведомстволар.
                 |                              дың ВС-мен)
                 | ӨЖЖ     F-8        ЖДП       Апаттан құтқару
                 | ӨЖЖ     F-20       АМСА      метеохабарлау
                  ______________________________________________

      ҰАЭҚ РТҚЖП қызметiнiң жетекшiсi____________________
                                       (күнi, айы, жылы)

Қазақстан Республикасы азаматтық  
авиациясының авиациялық электрбайланысы
туралы Ережелерiне 7-қосымша    
Қазақстан Республикасы Көлiк және 
коммуникация министрлігі     
Азаматтық авиация комитетi    
төрағасының             
2003 жылғы 14 мамырдағы      
N 218 бұйрығымен бекiтiлген    

ОРЫС СӨЗДЕРIН ЛАТЫН ӘРIПТЕРIМЕН ЖАЗУ
YШIH ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОРЫС ӘЛIПБИIНIҢ ӘРIПТЕРI
ЖӘНЕ СОҒАН СӘЙКЕС ЛАТЫН ӘРIПТЕРI

__________________________________________________________________
          ӘРIПТЕР                        ӘРIПТЕР
__________________________________________________________________
   Орысша       Латынша            Орысша        Латынша
__________________________________________________________________
  Аа              Aa                 Р              Rr
  Бб              Bb                 Cc             Ss
  Вв              Ww                 Тт             Tt
  Гг              Gg                 Уу             Uu
  Дд              Dd                 Фф             Ff
  Ее              Ее                 Хх             Нh
  Жж              Vv                 Цц             Cc
  Зз              Zz                 Чч             CHch
  Ии              Ii                 Шш             SHsh
  Кк              Kk                 Щщ             Qq
  Лл              Ll                 Ыы             Yy
  Мм              Mm                 Ьь             Хх
  Нн              Nn                 Ээ             Ее
  Оо              Оо                 Юю             Iuiu
  Пп              Pp                 Яя             Iaia
                                     Ий             Jj
__________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы азаматтық  
авиациясының авиациялық электрбайланысы
туралы Ережелерiне 8-қосымша    
Қазақстан Республикасы Көлiк және 
коммуникация министрлігі     
Азаматтық авиация комитетi    
төрағасының             
2003 жылғы 14 мамырдағы      
N 218 бұйрығымен бекiтiлген    

МОРЗЕНІҢ ТЕЛЕГРАФТЫҚ КОДЫ

__________________________________________________________________
  Әріптер       Телеграфтық        әріптер        Телеграфтық
                 белгілер                           белгілер
__________________________________________________________________
   Аа            .-                  Пп              .--.
   Бб           - ...                Рр               .-.
   Вв           .--                  Сс               ...
   Гг           --.                  Тт                -
   Дд           -..                  Уу               ..-
   Ее            .                   Фф               ..-.
   Жж          ...-                  Хх               ....
   Зз          --..                  Цц               -.-.
   ИИ           ..                   Чч               ---.
   Йй          .---                  Шш               ----
   Кк           -.-                  Щщ               --.-
   Лл          .-..                  Ыы               -.--
   Мм          --                    Ь                -..-
   Нн          -.                    Юю               ..--
   Оо          ---                   Яя               .-.-
__________________________________________________________________

ЦИФРЛАРҒА ТАҒАЙЫНДАЛҒАН БЕЛГІЛЕР

__________________________________________________________________
  Сандар       Телеграфтық        Сандар        Телеграфтық
                 белгілер                         белгілер
__________________________________________________________________
    1             .----             6             -....
    2             ..---             7             --...
    3             ...--             8             ---..
    4             ....-             9             ----.
    5             .....             10            -----
__________________________________________________________________

НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕР ЖӘНЕ ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ

__________________________________________________________________
        Белгі атауы                  Телеграфтық белгі
__________________________________________________________________
      Нүкте                               ......
      үтір                                .-.-.-
      қос нүкте                           ---...
      сұрақ белгісі                       ..--..
      леп белгісі                         --..--
      апостроф                            .----.
      сызықша                             -....-
      бөлшекті сызық                      -..-.
      жақша                               -.--.-
      қате                                ........
      Телеграмманың аяқталу белгісі       .-.-.
      Күту   №                            .-...
      Жұмыстың соңы                       ...-.-
__________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы азаматтық  
авиациясының авиациялық электрбайланысы
туралы Ережелерiне 9-қосымша    
Қазақстан Республикасы Көлiк және 
коммуникация министрлігі     
Азаматтық авиация комитетi    
төрағасының             
2003 жылғы 14 мамырдағы      
N 218 бұйрығымен бекiтiлген    

Қызметтi Щ-кодынан көшiрме
__________________________________________________________________
Кодты                Кодты белгiнiң мәнi
белгi
__________________________________________________________________
ЩАР?      ...жиiлiкте ... минут бойына тыңдауды тоқтатуға рұқсат
           етiңiз.
ЩАР       ...жиiлiкте ... минут бойына тыңдауды тоқтатуға рұқсат
           етемiн.
ЩАТ       Хабарлау алдында тыңдап алыңыз. Сiз ... радиостанциясы.
           мен бiр уақытта жұмыс істейсіз (шақыру белгiсi).
ЩВВ       ... КГЦ жиiлiгiнде қосымша радио арнаны ашыңыз
           (радиобағытқа, радиорелiге ауысыңыз...)
ЩВГ?      Радиостанцияға Сiздiң орныңызға жауап беру керек пе?
           (шақыру белгiлерi)
ЩВГ       Радиостанцияға менiң орныма жауап берiңiз (шақыру
           белгiлерi)
ЩВЖ?      ... КГЦ жиiлiгiндегi жұмысты жабуға рұқсат етiңiз.
ЩВЖ?      ... КГЦ жиiлiгiндегi жұмысты жабуға рұқсат етемiн.
ЩВЗ?      Радиостанциямен байланыс орнатылды ма, хабарлаңыз.
ЩВЗ       Радиостанциямен байланыс орнатылды.
ЩВИ       Сымды телеграфқа жедел жауап берiңiз.
ЩВМ?      Радиограмма кiмнен шығып тұр?
ЩВМ       N... радиостанциядан радиограмма шығып тұр?
ЩВН       Сiзге ... радиостанция жауап бередi ме? қадағалаңыз.
ЩВО       Менiң N... радиограммамды ... (шақыру белгiсi) үшiн
           радиостанция арқылы хабарлаңыз.
ЩВП       Хабарлауды тоқтатыңыз, бас радиостанцияның нұсқауын
           орындаңыз.
ЩВТ       N... радиограммасын ... (шақыру) радиостанциясы үшiн
           хабарлаңыз.
ЩВУ?      Сiз маған радиограмма жiбердiңiз бе?
ЩВУ       Радиограммаларға ... рет жiберiлген, қабылданғанын
           растаңыз (куәләндiрiңiз)
ЩВЬ       N...радиограмманы сымды арна арқылы жiберiңiз.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Кодты                Кодты белгiнiң мәнi
белгi
__________________________________________________________________
ЩДА?      ... (шақыру) радиостанциясы үшiн радиограмманы
           қабылдай аласыз ба?
ЩДА       ... (шақыру) радиостанциясы үшiн радиограмманы
           хабарлаңыз
ЩДЦ?      Сiз N... радиограмманы .. адресатқа (мекен-жайы)
           хабарладыңыз.
ЩДЦ       N... радиограмманы мен адресатқа (мекен жайы) (...сағ,
           ... мин) жiбердiм.
ЩДВ       ... КГЦ (МГЦ) қосымша жиiлiгiне ауысыңыз.
ЩЛВ       Кезектi тексеру квитанцияны ... сағ, . мин берiңiз.
ИЛИ?      N... радиограмма қашан қабылданды?
ЩЛЛ       N... радиограмма ... (күнi, уақыты) қабылданды.
ЩРЖ       Мен дайынмын.
ЩРЗ?      Кiм менi шақырып жатыр?
ЩРЗ       ... КГЦ (МГЦ)-те Сiздi ... (шақыру) шақырып жатыр.
ЩРК?      Менiң хабарламаның анықтылығы қандай?
ЩРК       Сiздiң хабарламаңыз ...
           1. анық емес
           2. кейбiр жерлерi анық
           3. анықтау өте қиын
           4. анық
           5. өте анық.
ЩРЛ       Мен бос емеспiн (немесе ... бос емеспiн), кедергi
           жасамауыңызды өтiнемiн.
ЩРН       Маған атмосфералық кедергiлер бөгет болады.
ЩРО       Радиохабарлағыштың қуатын арттырыңыз.
ЩРП       Радиоқабылдағыштың қуатын төмендетiңiз.
ЩРС       Бiр минутта ... сөздi баяу хабарлаңыз.
ЩТР       Хабарлауды тоқтатыңыз.
ЩРУ?      Сiзде маған радиограмма бар ма?
ЩРУ       Сiзге радиограмма жоқ.
ЩСГ?      ... радиограмманы бiрден беруiм керек пе?
ЩСГ       ... радиограмманы бiрден хабарлаңыз.
ЩСЛ?      Сiз қабылдағаныңызды растай аласыз ба?
ЩСЛ       Мен N ... радиограмманы қабылдағанымды растаймын
ЩСЗ       Әр топты (сөздi) екi реттен (немесе ... реттен
           хабарлаңыз.
ЩСФ?      Радиограмманы бөлшектеп ... топпен (сөз) хабарлау керек
           пе?
ЩСТ       Мен үшiн микрофонмен жұмыс iстеңiз.
ЩТА       N... радиограмманы берiлмегендей жоққа шығарыңыз.
ЩТР?      Тура уақыт қандай?
ЩТР       Тура уақыт ... (caғ. мин)
ЩТЦ?      Хабарлауға қанша радиограммаңыз бap?
ЩТЦ       Сiзге (немесе ...) радиограмма бар.
ЩУВ?      N... радиограммаға квитанция алдыңыз бa?
ЩУВ       Мен N ... радиограммаға квитанцияны алдым;
           1. алдым
           2. алмадым
ШУМ?      Апат туралы хабар (ауысу) аяқталды
ШУМ?      Апат туралы хабар аяқталды.
ЩУМ       Менен алған хабардың соңғы нөмiрi қандай?
ЩУЦ?      Сiзден алған хабардың соңғы нөмiрi ...
ЩУЦ       Радиоауысудың ережесiн бұзасыз (сiз Ж ААА-2001 N ...
           бабының талабын бұздыңыз.
ЩЦЗ       Сiз телеграмманы қабылдай аласыз ба?
ЩЦО?      Сiздiң шақыру белгiңiз қандай?
ЩЦЬ?      Менiң шақыру белгiм ...
ЩЦЬ       Сiз менен (немесе)...(уақытта) берiлген хабарды
           қабылдадыңыз бa?
ЩЩС       Мен Сiзден (немесе...) ... (уақытта) берiлген хабарды
           қабылдадым.
ЩЩТ       Қайталаңыз, Сiз ... (уақытта) ненi хабарладыңыз?
ЩЩТ       Қайталаймын, ... уақытта мен ... хабарладым.
ЩЫБ       N радиограммаңызға жылдам жауап берiңiз.
ЩЫВ?      ... мен байланысуыңызға көмектесейiн бe?
ЩЫВ       ... мен байланысуға көмектесiңiз.
ЩЫГ       N радиограммаға жоқ деп жауап берiңiз.
ЩЫЕ?      Күндiзгi және түнгi жиiлiктiң ауысым уақытын хабарлаңыз.
ЩЫЕ       Күндiзгi және түнгi жиiлiктiң ауысым уақыты ...
ЩЫЖ       N радиограмма бұрмаланды, тексерiңiз, жылдам қайталаңыз.
ЩЬС       Тiкелей әңгiме жүргiзу үшiн ... радиостанцияға шақырыңыз
ЩЬУ       Сiздiң хабарыңыз алынбады
ЩЬФ       Сiз үшiн өте көп радиограмма бap, сапалы қабылдауды
           қамтамасыз етiңiз.
__________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы азаматтық  
авиациясының авиациялық электрбайланысы
туралы Ережелерiне 10-қосымша   
Қазақстан Республикасы Көлiк және 
коммуникация министрлігі     
Азаматтық авиация комитетi    
төрағасының             
2003 жылғы 14 мамырдағы      
N 218 бұйрығымен бекiтiлген    

ОРЫС ӘЛІПБИІ ӘРІПТЕРІНІҢ БЕЛГІЛЕНУІ КЕСТЕСІ

__________________________________________________________________
      Әріп           Сөз             Әріп            Сөз
__________________________________________________________________
      А            Анна               Р            Роман
      Б            Борис              С            Семен
      В            Василий            Т            Татьяна
      Г            Григорий           У            Ульяна
      Д            Дмитрий            Ф            Федор
      Е            Елена              Х            Харитон
      Ж            Женя               Ц            Цапля
      З            Зинаида            Ч            Человек
      И            Иван (қысқа)       Ш            Шура
      Й            Иван краткий       Щ            Щука
      К            Константин         Э            Эхо
      Л            Леонид             Ю            Юрий
      М            Михаил             Я            Яков
      Н            Николай            Ы            Еры
      О            Ольга              Ь            Жіңішкелік
      П            Павел                           белгісі
                                      Ъ            Айырым белгісі
__________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы азаматтық  
авиациясының авиациялық электрбайланысы
туралы Ережелерiне 11-қосымша   
Қазақстан Республикасы Көлiк және 
коммуникация министрлігі     
Азаматтық авиация комитетi    
төрағасының              
2003 жылғы 14 мамырдағы       
N 218 бұйрығымен бекiтiлген     

ЛАТЫН ӘРIПТЕРI МЕН ЦИФРЛАРЫНЫҢ АЙТЫЛУ
КЕСТЕСI

__________________________________________________________________
  Әрiп        Сөз        Айтылуы       әрiп      Сөз    айтылуы
(цифр)
__________________________________________________________________
   А        Alpha        Алфа           U       Uniform  Юниформ
   В        Bravo        Браво          V       Victor   Виктор
   С        Charlie      Чарли          W       Whiskey  Виски
   D        Delta        Делта          X       X-ray    Эксрей
   E        Echo         Эко            Y       Yankee   Янки
   F        Foxtrot      Фокстрот       Z       Zulu     Зулу
   G        Golf         Голф           0       Zero     Зиро
   H        Hotel        Хотэл          1       One      Уан
   І        India        Индия          2       Two      Ту
   J        Juliett      Джульет        3       Threе    Три
   К        Kilo         Кило           4       Four     Фор
   L        Lima         Лима           5       Five     Файв
   М        Mike         Майк           6       Six      Сикс
   N        November     Новембер       7       Seven    Севэн
   O        Ockar        Оскар          8       Eight    Эйт
   Р        Рара         Папа           9       Nin-er   Найн-эр
   Q        Quebek       Квебек       ондық     Decimal  Дэ-си-мал
   R        Romeo        Ромео        таяқша/
   S        Sierra       Сьерра       сызықша
   T        Tango        Танго        жүздік    Hundred  Хан-дред
                                      мыңдық    Thousand Тау-зэнд
__________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы азаматтық  
авиациясының авиациялық электрбайланысы
туралы Ережелерiне 12-қосымша   
Қазақстан Республикасы Көлiк және 
коммуникация министрлігі     
Азаматтық авиация комитетi    
төрағасының              
2003 жылғы 14 мамырдағы       
N 218 бұйрығымен бекiтiлген     

        Тiркестер                         Мағыналары

      PACTAҢЫЗ      ACKNOLEDGE    "Сiз осы мәлiметтi алғаныңыз
                                  және түсiнгенiңiз туралы
                                  хабарлаңыз"
      РАСТАЙМЫН     AFFIRM        "Иә"
      МАҚҰЛДАНДЫ    APPPOVER      "Ұсынылған әрекетке рұқсат
                                  берiледi"
      БӨЛIМ         BREAK         "Мәлiмет бөлiмдерiнiң аралығын
                                  көрсетемiн (мәтiн аралығында
                                  және мәлiметтер бөлiмi аралығында
                                  нақты бөлшектену жоқ кезде
                                  қолданылады)
      БӨЛIМ БӨЛIМ   BREAK BREAK   "Мұнымен қарқынды жиiлiктердегi
                                  әуе қозғалысындағы әуе кемелерiне
                                  берiлетiн мәлiметтер аралығын
                                  көрсетемiн"
      ЖОЯМЫН        CANCEL        "Бұрын берілген шешiм жойылады"
      ТЕКСЕРУ       СНЕСК         "Iстiң орындалуын тексеру"
                                  (Ереже бойынша, жауап талап
                                  етiлмейдi)
      РҰҚСАТ        CLEARED       "Келiсiлген шартқа сәйкес iс-
                                  әрекетiнiң орындалуына рұқсат
                                  етемiн"
      PACTAҢЫЗ      CONFIRM       "Мен сөзтiркестi дұрыс түсiндiм
                                  бе...? Немесе "Сiз берiлген
                                  хабарды дұрыс түсiндiңiз бе...?
      ЖҰМЫС         CONTACT       "Радиобайланыс орнатыңыз..."
      IСТЕҢІЗ
      ДҰРЫС         СORRЕСТ       "Түсіндім, дұрыс"
      ТҮЗЕТУ        CORRECTION    "Жiберiлген хабарда (немесе
      БЕРЕМIН                      көрсетiлген мәлiметте) қате
                                   кеткен. Дұрыс варианты
                                   төмендегiдей..."
      НАЗАРЫҢЫЗҒА   DISREGARD      "Бұл мәлiмет берілген жоқ деп
      АЛМАҢЫЗ                      есептеңiз".
      ЖАЛҒАСТЫРЫҢЫЗ СО AHEAD       "Мәлiмет беруiңiздi
                                   жалғастырыңыз".
      ҚАЛАЙ         HOW DO YOU     "Менiң хабарымның сапасы
      ЕСТIЛЕДI      READ           қандай?"
      ҚАЙТАЛАЙМЫН   I SAY AGAIN    "Айқындық және анықтылық үшiн
                                   қайталаймын".
      БАҚЫЛАҢЫЗ     MONITOR        "Тыңдаңыз (жиiлiкте").
      ЖОҚ           NEGATIVE       "мақұлдай алмаймын",
                                   "келiспеймiн", "рұқсат
                                   етпеймiн", немесе "дұрыс емес".
      ҚАБЫЛДАУ      OVER           "Менiң хабар жөнелтуiм аяқталды,
                                   сiзден жауап күтемiн".
      КОНЕЦ         OUT            "Осымен хабар алмасу аяқталды
                                   және жауап күтiлмейдi".
      ҚАЙТАЛАҢЫЗ    READ ВАСК      "Осы хабардың толық немесе
                                   көрсетілген бөлiгiн сiз қалай
                                   қабылдадыңыз, сол күйiнде
                                   қайталаңыз".
      ЖАҢАДАН       RECLEARED      "Соңғы рұқсатқа өзгертулер
      РҰҚСАТ                       енгiзілген, ал бұл жаңа рұқсат
      БЕРЕМІН                      сiзге ертеде берiлген рұқсаттың
                                   немесе оның бөлiгiнiң орынына
                                   берiлiп тұр".
      ХАБАР         REPORT         "Маған келесi хабарларды
                                    берiңiз ...".
      ӨТIНЕМIН      REQUEST        "Менiң бiлгiм келiп едi..."
                                   немесе Менің естiгiм келiп едi.."
      СIЗДI         ROCER          "Мен сiздiң барлық соңғы
      ТYСIНДIМ                     хабарларыңызды қабылдадым".
                                   Ескерту.
                                   Сұраққа жауап берген
                                   жағдайларда кайталауды керек
                                   ететiн немесе мақұлдау (иә) мен
                                   терiске шығаруды (жоқ) көрсететін
                                   жауаптар қолданылмайды.
      ҚАЙТАЛАҢЫЗ    SAY AGAIN      "Сiздiң соңғы хабарыңыздың
                                   барлық немесе келесi бөлiгiн
                                   қайталаңыз".
      БАЯУЛАТЫП     SPEAK          "Хабардың жылдамдығын баяулатып
      АЙТЫҢЫЗ       SLOWER         айтыңыз".
      КYТIҢIЗ       STANDBY        "Күтiңiз, мен сiздi шақырамын"
      TEКCEPIҢIЗ    VERIFY         "Тексерiңiз және құрастырушыдан
                                   растауды алыңыз".
      ОРЫНДАЙМЫН    WILCO          "Сiздiң хабарларыңызды
                                   қабылдадым, орындаймын".
      СӨЗДI         WORDS TWICE    а) сұрақ кезiнде: "Байланыс
      ҚАЙТАЛАҢЫЗ                   нашар
      немесе                       Әр сөздi немесе сөздер тобын
      СӨЗДЕР                       екi реттен беруiңiздi өтiнемiн".
      ҚАЙТАЛАНАТЫН                 б) ақпарат хабар үшiн:
      БОЛАДЫ                       "Байланыс нашар болғандықтан,
                                   бұл хабардағы әрбiр сөз және сөз
                                   топтары екi реттен қайталанып
                                   берiледi".

Қазақстан Республикасы азаматтық  
авиациясының авиациялық электрбайланысы
туралы Ережелерiне 13-қосымша   
Қазақстан Республикасы Көлiк және 
коммуникация министрлігі     
Азаматтық авиация комитетi    
төрағасының              
2003 жылғы 14 мамырдағы       
N 218 бұйрығымен бекiтiлген     

___________________________________________________________________
Сөйлеу сапасын               Байланыс сапасының сипаты
    бағалау
___________________________________________________________________
      1.            Байланыс жасаған мәтiннiң толық түсiнiксiздiгi
      2.            Жiберiлген сөздердi қайталау арқылы, қайта
                    сұрау арқылы үлкен қиындықпен түсiну.
      3.            Айтылғандарды қайта сұрамай, қайталамай
                    ерекшe назар аудара отырып түсiну.
      4.            Айтылғандарды ешбiр қиындықсыз түсiну.
      5.            Айтылғандарға ешбiр ерекше назар аудармай-ақ
                    түсіну.
___________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы азаматтық  
авиациясының авиациялық электрбайланысы
туралы Ережелерiне 14-қосымша   
Қазақстан Республикасы Көлiк және 
коммуникация министрлігі     
Азаматтық авиация комитетi    
төрағасының              
2003 жылғы 14 мамырдағы       
N 218 бұйрығымен бекiтiлген 

_____________________________________________________________
Хабарлар категориясы және кезек         Радиотелефондық дабыл
тәртiбi
_____________________________________________________________
1) апаттық шақыру, апат туралы          МЕЙДЕЙ (МАYDАҮ)
хабарлар немесе сөз тіркесі
2) жедел хабарлар, медициналық-         PAN, PAN
немесе санитарлық көлiктердiң
хабарламаларының соңында               PAN, PAN MEDICAL.
берiлетiн хабарларымен қоса
3) ұшу қауiпсiздiгi туралы хабарлар
4) метеорологиялық хабарлар
5) ұшу жүйелiлiгiне қатысты хабарлар

_____________________________________________________________

      НОТАМ хабарларын осы тармақтың 2)-5) iшкi тармақшаларында көрсетiлген кез келген категориясына жатқызуға болады. НОТАМ хабарының категориясы оның тиесiлi әуе кемесi үшiн мазмұны және мәндiлiгiмен анықталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады