Ұлттық почта операторына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 216 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 11 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2433. Күші жойылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 200 (V042988) қаулысымен.

      "Почта туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  6-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлттық почта операторына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереже бекітілсін.
      2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және Ұлттық почта операторына жіберсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының  
Ұлттық Банкi Басқармасының 
"Ұлттық почта операторына  
арналған пруденциалдық   
нормативтер туралы ереженi 
бекiту туралы" 2003 жылғы  
4 шілдедегі N 216     
қаулысымен бекiтiлген   

  Ұлттық почта операторына арналған пруденциалдық
нормативтер туралы ереже

      Осы Ереже " Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ", " Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы ", " Почта туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзiрлендi және Ұлттық почта операторына арналған пруденциалдық нормативтердi белгiлейдi.

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк) Ұлттық почта операторы үшiн мынадай пруденциалдық нормативтердi белгiлейдi:
      меншiк қаражаты жеткiлiктiлiгiнiң коэффициентi;
      ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентi;
      ашық валюта позициясының лимиттерi.

  2-тарау. Меншiк қаражаты жеткiлiктiлiгiнiң коэффициентi

      2. Меншiк қаражаты жеткiлiктiлiгiнiң коэффициентi Ұлттық почта операторының меншiк капиталының өз активтерiнiң сомасына қатынасы ретiнде есептеледi.
      3. Меншiк қаражатының жеткiлiктiлiгi коэффициентiнiң ең аз мәнi 0,08-ден кем болмауға тиiс.

      4. Ұлттық почта операторының меншiк капиталы мыналардың сомасы ретiнде есептеледi:
      төленген жарғылық капитал (ақшалай төленген сома шегiнде);
      қосымша капитал;
      өткен жылдардағы бөлiнбеген таза кiрiс (оның iшiнде бөлiнбеген таза кiрiс есебiнен қалыптастырылған қорлар, резервтер);
      ағымдағы жылғы кiрiстердiң ағымдағы жылғы шығыстардан асып олардан:
      материалдық емес активтердi алып тастағанда, Банктiң негiзгi қызметiнiң мақсаттары үшiн сатып алынған және 1999 жылғы 1 шiлдеден бастап немесе одан кейiнгi кезеңдi қамтитын қаржылық есеп беруге арналған күшiне енген Қаржылық есептiң халықаралық стандарттары жөнiндегi комитеттiң Басқармасы 1998 жылғы шiлдеде бекiткен Қаржылық есептiң "Материалдық активтер" N 38 халықаралық стандартына (бұдан әрi - Қаржылық есептiң N 38 халықаралық стандарты) сәйкес келетiн лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудi қоспағанда;
      өткен жылдардағы шығындар;
      ағымдағы жылғы шығыстардың ағымдағы жылғы кiрiстерден асып кетуi;
      басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы.

  3-тарау. Ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентi

      5. Ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентi есептi айдың соңында есептелген өтiмдiлiгi жоғары активтердiң талап ету бойынша мiндеттемелерiнiң көлемiне қатынасы ретiнде есептеледi.
      Ұлттық почта операторының ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентi 0,5-тен кем болмауға тиiс.

      6. Өтiмдiлiгі жоғары активтердi есептеуге:
      қолма-қол ақша;
      Ұлттық почта операторының керi сатып алу шарттарымен сатқан бағалы қағаздарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ұлттық Банк шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары;
      Ұлттық Банктегi, Қазақстан Республикасының банктерiндегi талап ету бойынша депозиттер;
      сауда-саттық ұйымдастырушының ең жоғары санат бойынша ресми тiзiмiне енгiзiлген, Standard & Poor's агенттiгiнiң "А"-дан төмен емес ұзақ мерзiмдi борыштық рейтингi немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар резидент емес банктердiң бағалы қағаздары кiредi.

      7. Талап ету бойынша мiндеттемелердi есептеуге:
      клиенттердiң және корреспондент банктердiң талап ету бойынша депозиттерi;
      талап ету бойынша басқа да мiндеттемелер, оның iшiнде, жүзеге асыру мерзiмi бiр айдан аспайтын немесе оларды жүзеге асыру мерзiмi белгiленбеген ақша төлемi және аударымы, қолма-қол ақша беру жөнiндегi мiндеттемелер кiредi.

      8. Есептi кезең iшiнде Ұлттық почта операторында кредиторлар мен дебиторлар алдында мерзiмi өткен мiндеттемелерi не ақша төлемi және аударымы туралы Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларын бұзу фактiлерi болған жағдайда, өтiмдiлiк коэффициентiнiң есеп айырысу мәнiне қарамастан, ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентi орындалмады деп есептеледi.

  4-тарау. Ашық валюта позициясының лимиттерi

      9. Ашық валюта позициясы - бұл жекелеген шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы Ұлттық почта операторы талаптарының (мiндеттемелерiнiң) Ұлттық почта операторының сол шетел валютасындағы талаптарынан (мiндеттемелерiнен) асуы.
      Ұзақ валюта позициясы - бұл жекелеген шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы ашық валюта позициясы, ондағы талаптар (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы) Ұлттық почта операторының сол шетел валютасындағы мiндеттемелерiнен (мiндеттемелерi мен шартты мiндеттемелерiнiң жиынтық сомасынан) асады.
      Қысқа валюта позициясы - бұл жекелеген шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы ашық валюта позициясы, ондағы мiндеттемелер (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) Ұлттық почта операторының сол шетел валютасындағы талаптарынан (активтерi мен шартты талаптарының жиынтық сомасынан) асады.
      Ұлттық почта операторының валюталық нетто-позициясы Ұлттық почта операторының барлық шетел валюталары бойынша ұзақ позицияларының жиынтық сомасы мен барлық шетел валюталары бойынша қысқа позицияларының жиынтық сомасы арасындағы айырмашылық ретiнде есептеледi.
      Әрбiр шетел валютасы бойынша ашық валюта позициясы жеке есептеледi.
      Жекелеген шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер тобының) валюталары бойынша ашық валюта позицияларын есептеген кезде, бiрiншi кезекте Ұлттық почта операторының актив шоттарында және мiндеттемелер шоттарында ашылған әрбiр шетел валютасы бойынша шоттар сальдосы есептеледi. Содан кейiн шартты талаптар шоттарында және шартты мiндеттемелер шоттарында ашылған сол шетел валютасы бойынша сальдо айқындалады. Шетел валютасындағы талаптардың (мiндеттемелердiң) мiндеттемелерден (талаптардан) асуын көрсететiн сальдо өзара жинақталады, ал алынған нәтиже Ұлттық почта операторының шетел валютасы бойынша ашық позициясының мөлшерi мен түрін айқындайды.
      Шетел валютасымен көрсетiлген талаптар мен мiндеттемелер валюта позициясының осы талаптар мен мiндеттемелер көрсетiлген (белгiленген, индекстелген) шетел валюталары бөлiгiне есепке енгiзiледi.

      10. Ұлттық почта операторының ашық валюта позициясы мынадай лимиттерден:
      Standard & Рооr's агенттiгiнiң "A"-дан төмен емес тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар елдердiң шетел валюталары бойынша - меншiк капиталы көлемiнiң 15 процентiнен;
      басқа шетел валюталары бойынша - меншiк капиталының 7,5 процентiнен аспауға тиiс.
      Валюталық нетто - Ұлттық почта операторының позициясы меншiк капиталының 30 процентiнен аспауға тиiс.
      Ашық валюта позициясының осы тармағында белгiленген лимиттерi есептiк ай iшiнде кез келген шетел валютасы бойынша үш реттен асып кетсе, бұзылған валюталардың ашық валюта позициясының лимиттерi келесi айдың iшiнде белгiленген лимиттер 5 процентке азайтыла отырып айқындалады.
      Ашық валюта позициясын және валюталық нетто позицияны есептеуге Ұлттық почта операторының Ислам Даму Банкiнен шетел валютасымен алған, Қазақстан Республикасының Yкiметi өтелуiне кепiлдiк берген заемдарына байланысты талаптары мен мiндеттемелерi кiрмейдi.
      Ұлттық почта операторының жеке алынған шетел валютасы бойынша белгiленген лимиттердi 0,09 процент асыруы ашық валюта позициясының лимиттерiн бұзу болып саналмайды.

  5-тарау. Қорытынды ережелер

      11. Ұлттық почта операторы ай сайын, есептiк айдан кейiнгi айдың жиырма бесiнен кешiктiрмей Ұлттық Банкке осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысанда пруденциалдық нормативтердің орындалуы туралы есеп ұсынады.
      Әрбiр шетел валютасы және валюталық нетто-позиция бойынша валюталық позициялар туралы есеп апта сайын, есептiк аптаның соңғы жұмыс күнiндегi жағдай бойынша келесi есептiк аптадан кешiктiрмей ұсынылады.

      12. Ұлттық Банк Ұлттық почта операторының пруденциалдық нормативтердi сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
      13. Ұлттық почта операторы осы Ереженiң талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауап бередi.
      14. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.

Ұлттық почта операторына   
арналған пруденциалдық    
нормативтер туралы ережеге 
1-қосымша          

Пруденциалдық нормативтердiң орындалуы туралы есеп
_________________________________________
(Ұлттық почта операторының атауы)

200_ жылғы "__"____________ жағдай бойынша

                                                      мың теңге
_________________________________________________________________
         Құрамдас бөлiктердiң атауы          |       Мәнi
_________________________________________________________________
Меншiк капиталы
Активтер
Меншiк қаражаты жеткiлiктiлiгiнiң
коэффициентi 0,08-ден кем емес
Өтiмдiлiгi жоғары активтер
Талап ету бойынша мiндеттемелер
Ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентi (0,3-тен
кем емес)
_________________________________________________________________

      Басшы ________________________    ______________ [мөp]
                  (аты-жөнi)                (қолы)

      Бас бухгалтер ________________    ______________
                       (аты-жөнi)           (қолы)

      Орындаушы ____________________    ______________  __________
                     (аты-жөнi)             (қолы)      (телефоны)

Ұлттық почта операторына  
арналған пруденциалдық   
нормативтер туралы ережеге 
2-қосымша          

Әрбiр шетел валютасы және валюталық нетто-позиция
бойынша валюталық позициялар туралы есеп
____________________________________________
(Ұлттық почта операторының атауы)

200_ жылғы "___"______________ жағдай бойынша

                                                       мың теңге
__________________________________________________________________
 Шетел валютасының түрi | Ұзақ позиция | Қысқа позиция |  Нетто-
                        |              |               | позиция
__________________________________________________________________

      Жиынтығы:
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________
Меншiк капиталы                                        |
_______________________________________________________|__________
Валюта түрлерi бойынша ашық валюта позицияларының ең   |
көп мөлшерi                                            |
_______________________________________________________|__________
                                                       | _______________________________________________________|__________
Нетто-позицияның ең көп мөлшерi                        |
_______________________________________________________|__________

      Басшы ________________________    ______________ [мөp]
                  (аты-жөнi)                (қолы)

      Бас бухгалтер ________________    ______________
                       (аты-жөнi)           (қолы)

      Орындаушы ____________________    ______________  __________
                     (аты-жөнi)             (қолы)      (телефоны)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады