Қаржы агенттігі үшін пруденциалдық нормативтер және қаржы агенттігі мәртебесін жоғалту тәртібі туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 25 шілдедегі N 251 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 19 тамызда тіреклді. Тіркеу нөмірі N 2449. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 77 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының18-бабының  1-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қаржы агенттіктері үшін мынадай пруденциалдық нормативтер белгіленсін:
      1) меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері - кем дегенде 1 миллиард теңге;
      2) меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті - кем дегенде 0,08.
      2. Меншікті капиталдың мөлшерін, меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициентін есептеу тәртібі осы қаулының 1-қосымшасымен айқындалады деп белгіленсін.
      3. Қаржы агенттіктерінің пруденциалдық нормативтерді сақтауын бақылауды бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
      4. Пруденциалдық нормативтердi сақтауы мақсатында қаржы агенттігі есептi тоқсаннан кейiнгi бiрiншi айдың он бесінші күннен Астана уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешiктiрмей осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес ресiмделген есептi тоқсаннан кейiнгi бiрiншi айдың бiрiншi күнiнiң басындағы жағдай бойынша пруденциалдық нормативтердi сақтау туралы мәлiметтердi, сондай-ақ бухгалтерлiк баланс және пайда мен зиян туралы есеп электрондық және қағаз тасымалдағышта уәкiлеттi органға ұсынады;
      Электрондық тасымалдағыштағы есептер құпиялылығын және ұсынылатын деректердің түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін көлік жүйесін пайдаланумен ұсынылады.
      Есептілік есепті күнгі жағдай бойынша қағаз тасымалдағышта қаржы агенттігінің бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтері қол қойып, мөрмен куәландырылады және уәкілетті органға ұсынылады, сондай-ақ қаржы агенттігінде сақталады.
      Қаржы агенттігі уәкілетті органның талап етуі бойынша сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күннен кешіктірмей белгілі бір күнгі жағдай бойынша есептілікті қағаз тасымалдағышта ұсынады.
      Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестігін банктің бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы тұлға) және бас бухгалтер қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      4-1. Есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне байланысты, қаржы агенттігі есептілікті ұсынған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде уәкілетті органға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін түсіндіре отырып жазбаша өтініш ұсынады.
      Қаржы агенттігі ұсынған есептілікте толық емес және (немесе) шынайы емес ақпаратты анықтаған кезде уәкілетті орган ол жайында қаржы агенттігіне хабарлайды. Қаржы агенттігі уәкілетті орган хабарлаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықталған есептілікті ұсынады.
      Ескерту. Қаулы 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      4-2. Пруденциалдық нормативтер мәндері белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда қаржы агенттігі сәйкессіздік анықталған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып, пруденциалдық нормативтерді сақтамау фактілері мен себептері туралы уәкілетті органға хабарлайды.
      Қаржы агенттiгiнiң өтiнiшi бойынша пруденциалдық нормативтердiң мәндерiн осы қаулының талаптарына сәйкес келтiру жөнiнде оларға берiлген жоспар негiзiнде қаржы агенттiгiне құқық бұзушылықтарды жою үшiн қырық бес күннен аспайтын мерзiм берiлуi мүмкiн.
      Ескерту. Қаулы 4-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      5. Уәкілетті орган қаржы агенттігі мәртебесін ұйымның жоғалтуы туралы шешімді мынадай жағдайлардың бірі басталған фактісі анықталғаннан кейін бір ай ішінде:
      1) қаржы агенттігі қаржы агенттігі ұғымына немесе қаржы агенттігіне Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда;
      2) осы қаулымен белгіленген пруденциалдық нормативтер бір жыл ішінде орындалмаған жағдайда қаржы агенттігі мәртебесін ұйымның жоғалтуы туралы шешім қабылдайтыны белгіленсін.
      6. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының барлық мүдделі бөлімшелеріне, бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушыларға, бағалы қағаздар рыногында депозитарлық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
      8. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының   
Ұлттық Банкі Басқармасының  
"Қаржы агенттігі үшін    
пруденциалдық нормативтер  
және қаржы агенттігі мәртебесін
жоғалту тәртібі туралы"    
2003 жылғы 25 шілдедегі   
№N 251 қаулысына       
1-қосымша           

      1. Меншікті капитал:
      жарғылық капиталдың сомасын (алынып тасталған капиталды шегере отырып), өткен жылдардың таза кірісі, сондай-ақ басқа заңды тұлғалар акцияларына салынған сомаларды (жарғылық капиталда қатысу үлесін) алып тастағанда өткен жылдардың бөлінбеген таза кірістері есебінен қалыптасқан қорлар мен резервтерді білдіреді.
      2. Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті басқа заңды тұлғалар акцияларына салынған сомаларды (жарғылық капиталда қатысу үлесін) қоспағанда, активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің сомаларына меншікті капиталдың қатынасы ретінде есептеледі.

Қазақстан Республикасының   
Ұлттық Банкі Басқармасының  
"Қаржы агенттігі үшін    
пруденциалдық нормативтер  
және қаржы агенттігі мәртебесін
жоғалту тәртібі туралы"    
2003 жылғы 25 шілдедегі   
№N 251 қаулысына       
2-қосымша           

200____ "____" ___________
пруденциалдық нормативтерді сақтау туралы мәліметтер

_______________________________________________
(қаржы агенттігінің атауы)

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

                                                        мың теңге
___________________________________________________________________
Құрамдас бөліктерінің атауы                   | Мәні
___________________________________________________________________
Жарғылық капитал (алынып тасталған капиталды
шегере отырып)

Өткен жылдардың таза кірісі есебінен
қалыптасқан қорлар мен резервтер

Өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісі

Басқа заңды тұлғалардың акцияларына салынған
сома (жарғылық капиталда қатысу үлесі)

Меншікті капиталдың жиынтығы

Активтер

Шартты және ықтимал міндеттемелер

Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті
(кем дегенде 0,08)
___________________________________________________________________

      Бірінші басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам)
      _______________________   _________ [мөрі]
            (аты-жөні)           (қолы)
      Бас бухгалтер _________________   ___________
                      (аты-жөні)          (қолы)
      Орындаушы _____________________   ____________
                      (аты-жөні)         (телефоны)

О пруденциальных нормативах для финансового агентства и порядке утраты статуса финансового агентства

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2003 года № 251. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 августа 2003 года № 2449. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 февраля 2012 года № 77

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 24.02.2012 № 77 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Во исполнение пункта 1 статьи 18 Закона Республики Казахстан "О рынке ценных бумаг" Правление Национального Банка Республики Казахстан постановляет:

      1. Установить следующие пруденциальные нормативы для финансовых агентств:
      1) минимальный размер собственного капитала - не менее 1 миллиарда тенге;
      2) коэффициент достаточности собственного капитала - не менее 0,08.

      2. Установить, что порядок расчета размера собственного капитала, коэффициента достаточности собственного капитала определяется Приложением 1 к настоящему постановлению.

      3. Контроль за соблюдением финансовыми агентствами пруденциальных нормативов осуществляется уполномоченным органом, осуществляющим регулирование и надзор за рынком ценных бумаг (далее - уполномоченный орган).

      4. В целях соблюдения пруденциальных нормативов финансовое агентство не позднее 18.00 часов времени города Астаны пятнадцатого числа первого месяца, следующего за отчетным кварталом, представляет уполномоченному органу сведения о соблюдении пруденциальных нормативов, по состоянию на начало первого дня первого месяца, следующего за отчетным кварталом, оформленные в соответствии с приложением 2 к настоящему постановлению, а также бухгалтерский баланс и отчет о прибылях и убытках на электронном и бумажном носителях.
      Отчетность на электронном носителе представляется с использованием транспортной системы гарантированной доставки информации с криптографическими средствами защиты, обеспечивающей конфиденциальность и некорректируемость представляемых данных.
      Отчетность на бумажном носителе по состоянию на отчетную дату подписывается первым руководителем (на период его отсутствия – лицом, его замещающим), главным бухгалтером финансового агентства, заверяется печатью и представляется в уполномоченный орган, а также хранится в финансовом агентстве.
      По требованию уполномоченного органа финансовое агентство не позднее двух рабочих дней со дня получения запроса представляет отчетность по состоянию на определенную дату на бумажном носителе.
      Идентичность данных, представляемых на электронном носителе, данным на бумажном носителе, обеспечивается первым руководителем финансового агентства (на период его отсутствия – лицом, его замещающим) и главным бухгалтером.
      Сноска. Пункт 4 в редакции постановления Правления АФН РК от 03.09.2010 N 131 (вводится в действие по истечении четырнадцати календарных дней со дня его гос. регистрации в МЮ РК).

      4-1. В случае необходимости внесения изменений и (или) дополнений в отчетность, финансовое агентство в течение трех рабочих дней со дня представления отчетности представляет в уполномоченный орган письменное ходатайство с объяснением причин необходимости внесения изменений и (или) дополнений.
      При обнаружении неполной и (или) недостоверной информации в отчетности, представленной финансовым агентством, уполномоченный орган уведомляет об этом финансовое агентство. Финансовое агентство не позднее двух рабочих дней со дня уведомления уполномоченным органом представляет доработанную с учетом замечаний уполномоченного органа отчетность.
      Сноска. Постановление дополнено пунктом 4-1 в соответствии с постановлением Правления АФН РК от 03.09.2010 N 131 (вводится в действие по истечении четырнадцати календарных дней со дня его гос. регистрации в МЮ РК).
      4-2. В случае несоответствия значений пруденциальных нормативов установленным требованиям финансовое агентство в течение трех рабочих дней с момента выявления несоответствия сообщает уполномоченному органу о факте и причинах несоблюдения пруденциальных нормативов с приложением плана мероприятий по их устранению.
      По заявлению финансового агентства на основании представленного им плана по приведению значений пруденциальных нормативов в соответствие с требованиями настоящего постановления, финансовому агентству предоставляется срок не более сорока пяти календарных дней для устранения нарушений.
      Сноска. Постановление дополнено пунктом 4-2 в соответствии с постановлением Правления АФН РК от 03.09.2010 N 131 (вводится в действие по истечении четырнадцати календарных дней со дня его гос. регистрации в МЮ РК).

      5. Установить, что уполномоченный орган принимает решение об утрате организацией статуса финансового агентства в течение одного месяца после выявления им факта наступления одного из следующих случаев:
      1) финансовое агентство перестает соответствовать понятию финансового агентства или требованиям к финансовому агентству, установленным законодательными актами Республики Казахстан;
      2) в течение одного года не выполняет пруденциальные нормативы, установленные настоящим постановлением.

      6. Департаменту финансового надзора (Бахмутова Е.Л.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановления до сведения всех заинтересованных подразделений центрального аппарата Национального Банка Республики Казахстан, организаторов торгов с ценными бумагами, организаций, осуществляющих депозитарную деятельность на рынке
ценных бумаг, объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана".

      7. Контроль над исполнением настоящего постановления возложить на Заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Сайденова А.Г.

      8. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      Председатель
    Национального Банка

Приложение 1             
к постановлению Правления     
Национального Банка         
Республики Казахстан        
"О пруденциальных нормативах    
для финансового агентства и    
порядке утраты статуса       
финансового агентства"      
от 25 июля 2003 года N 251    

      1. Собственный капитал представляет собой:
      сумму уставного капитала (за вычетом изъятого капитала), фондов и резервов, сформированных за счет чистого дохода прошлых лет, а также нераспределенного чистого дохода прошлых лет за минусом суммы вложений в акции (долей участия в уставном капитале) других юридических лиц.
      2. Коэффициент достаточности собственного капитала рассчитывается как отношение собственного капитала к сумме активов, условных и возможных обязательств, за исключением суммы вложений в акции (долей участия в уставном капитале) других юридических лиц.

   Приложение 2            
к постановлению Правления     
Национального Банка         
Республики Казахстан        
"О пруденциальных нормативах    
для финансового агентства и    
порядке утраты статуса       
финансового агентства"      
от 25 июля 2003 года N 251   

      Сноска. Приложение 2 с изменением, внесенным постановлением Правления АФН РК от 03.09.2010 N 131 (вводится в действие по истечении четырнадцати календарных дней со дня его гос. регистрации в МЮ РК).

            Сведения о соблюдении пруденциальных нормативов
                      на "___" _________ 200 _ г.

                  ___________________________________
                 (наименование финансового агентства)

                                                    тысяч тенге

Наименование компонентов

Значение

Уставный капитал (за вычетом изъятого капитала)


Фонды и резервы, сформированные за счет чистого дохода прошлых лет


Нераспределенный чистый доход прошлых лет


Сумма вложений в акции (долей участия в уставном капитале) других юридических лиц


Итого собственный капитал


Активы


Условные и возможные обязательства


Коэффициент достаточности собственного капитала (не менее 0,08)


Первый руководитель (на период его отсутствия – лицо, его замещающее)
___________________________  ________  [печать]
(фамилия, имя, отчество)    (подпись)

Главный бухгалтер ________________________  _________
                 (фамилия, имя, отчество)  (подпись)

Исполнитель: ___________________________  _________
               (фамилия, имя, отчество)   (телефон)