Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 2316 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекiту туралы" 2003 жылғы 21 сәуiрдегi N 127 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 тамыздағы N 285 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 9 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 2479. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 222 қаулысымен.

        Ескерту: Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы  N 222  (қолданысқа енгізілу тәртібін   3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
________________________________________

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеудi жетiлдiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекiту туралы" 2003 жылғы 21 сәуiрдегi N 127  қаулысына  (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2316 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 19 мамыр-1 маусымда N 11 жарияланған) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      10-тармақтың 1) тармақшасының екiншi абзацында мемлекеттік тiлдегi мәтiндегi "тиiс" деген сөзден кейiн "және Қордың зейнетақы мен меншiктi активтер есебiнен банктiң дауыс берушi акцияларына инвестициялары осы банктiң дауыс берушi акцияларының жалпы санының он процентiнен аз болмаған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
      17-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "10-тармақтың 1) тармақшасының екiншi абзацында белгiленген талаптар бұзылған жағдайда, Қор осы бұзушылықты өз активтерiнiң есебiнен жояды.".
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары осы қаулы күшiне енген күннен бастап үш ай iшiнде екiншi деңгейдегi банктердегi зейнетақы және меншiк активтерi есебiнен сатып алынған салымдарға инвестициялардың мөлшерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуiрдегi N 127  қаулысымен  бекiтiлген Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциялдық нормативтер туралы ереженiң 10-тармағы 1) тармақшасының екiншi абзацындағы талаптарға сәйкес келтiрсiн.
      3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, "Активтердi басқарушылар қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiгiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне және жинақтаушы зейнетақы қорларына жiберсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.
      5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

О внесении дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 апреля 2003 года № 127 "Об утверждении Правил о пруденциальных нормативах для накопительных пенсионных фондов", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под № 2316

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 4 августа 2003 года № 285. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 сентября 2003 года № 2479. Утратило силу - постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 октября 2006 года № 222 (вводится в действие с 15 декабря 2006 года)

        Сноска. Постановление Правления Национального Банка РК от 4 августа 2003 года N 285 утратило силу - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 октября 2006 года N  222 (вводится в действие с 15 декабря 2006 года).

      В целях совершенствования регулирования деятельности накопительных пенсионных фондов Правление Национального Банка Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      1. В  постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 апреля 2003 года N 127 «Об утверждении Правил о пруденциальных нормативах для накопительных пенсионных фондов» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 2316, опубликованное 19 мая - 01 июня 2003 года в изданиях Национального Банка Республики Казахстан «Казакстан Улттык Банкiнiн Хабаршысы» и «Вестник Национального Банка Казахстана» N 11) внести следующие дополнения:
      абзац второй подпункта 1) пункта 10 дополнить словами «и при условии, что инвестиции Фонда за счет пенсионных и собственных активов в голосующие акции банка составляют менее десяти процентов от общего количества голосующих акций данного банка»;
      пункт 17 дополнить абзацем вторым следующего содержания:
      «В случае нарушения требований, установленных абзацем вторым подпункта 1) пункта 10, Фонд устраняет данное нарушение за счет собственных активов.».

      2. Накопительным пенсионным фондам в течение трех месяцев со дня введения в действие настоящего постановления привести размер инвестиций во вклады в банках второго уровня, приобретенных за счет пенсионных и собственных активов, в соответствие с требованиями абзаца второго подпункта 1) пункта 10  Правил о пруденциальных нормативах для накопительных пенсионных фондов, утвержденных постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 апреля 2003 года N 127.

      3. Департаменту финансового надзора (Бахмутова Е.Л.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации 
в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений центрального аппарата Национального Банка Республики Казахстан, Объединения юридических лиц в форме Ассоциации «Ассоциация Управляющих активами», Объединения юридических лиц «Ассоциация финансистов Казахстана» и накопительных пенсионных фондов.

      4. Контроль над исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Сайденова А.Г.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

       Председатель
      Национального Банка