Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік қаржы бөлудің 258-51 бюджеттік Бағдарламасын жүзеге асырудың Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қорғалжын аудандық мәслихатының 2003 жылғы 15 шілдедегі N 9/32 шешімі. Ақмола облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 16 шілдеде N 1922 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2007 жылғы 1 маусымдағы № 5/32 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2007.06.01 № 5/32 шешімімен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының 1.1. тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік қаржы бөлудің "258-51" бюджеттік бағдарламасын жүзеге асырудың Ережесі бекітілсін. (Қосымша N 1).
      2. Қоса берілген комиссия құрамы бекітілсін. (Қосымша N 2).
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

      Сессия төрайымы
      Мәслихат хатшысы

Қорғалжын аудандық мәслихаттың
9/32 шешімімен бекітілген
15.07.2003 жылғы аудандық
Мәслихат сессиясының шешіміне
қосымша

258-51 бюджеттік бағдарламаға сәйкес азаматтардың жекелеген топқа арналған әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Азаматтардың жекелеген топқа арналған әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру Ережесі (бұдан әрі Ереже) 258.51 "Өкілеттік органдар шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топқа әлеуметтік төлемдері" атты бюджеттік бағдарламаға сәйкес төлемдерді ұйымдастырудың тәртібін реттейді.
      2. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергілікті басқару туралы" және "2003 жылға Республикалық бюджет туралы" Заңдары Ережені қабылдауды құқықтық негізі болып табылады.
      3. Ереженің әрекеті Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңының реттеу қатынастарына тарамайды

2. Төлемдерді алу құқығы

      4. Күнкөріс жағдайы төмен отбасыларына, өмір сүру минимумынан төмен кірісі бар азаматтарға және әртүрлі жағдайға байланысты әлеуметтік көмекті қажет етушілерге, сол сияқты мерекелік іс - шараларға байланысты азаматтардың жекелеген топқа әлеуметтік төлемдер алу құқығы беріледі. Өмірлік қиын жағдайларға: отбасы мүшелерінің біреуінің қайтыс болуы, онкологиялық және туберкулез ауруларымен ұзақ емделгенде, операция жасау қажеттілігі туғанда және ҚР территориясы көлемінде орналасқан емдеу мекемелеріне бару қажет болған жағдайлар жатады.
      5. Аудан территориясында тұратын орташа кірісі өмір сүру минимумынан жоғары емес отбасы мүшелерінің денсаулығының нашарлауы, аварияға ұшырауы сияқты ерекше жағдайларда төлем алу құқығына ие бола алады. Азаматтардың өтініші бойынша комиссияның шешімімен әлеуметтік төлемдер мынадай жағдайда бөлінеді:
      әлеуметтік жағдайы осал отбасына қосалқы шаруашылығын дамыту үшін және қамқорлығында кәмелетке толмаған балалары бар отбасына оқу жылының алдында мектеп киімдері мен құралдарын алу үшін.

3. Төлем беру жұмысын ұйымдастыру

      6. Төлем беру жұмысын ұйымдастыру мақсатында аудандық мәслихат депутаттары, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі, ауданның қоғамдық ұйым мүшелері және жергілікті өзін - өзі басқару мекеме қызметкерлері өкілдерінен комиссия құрылады. Комиссияның сандық, жекелей құрамын аудандық мәслихат шешімімен бекітеді. Комиссия мәжілісі айына бір рет өткізіледі.
      7. Комиссияның негізгі мақсаттары:
      1) Азаматтардың әлеуметтік көмек жөніндегі өтініштерін қорғау.
      2) Өтініш берушінің әлеуметтік тұрмыс жағдайын және отбасының нақтылы кіріс мөлшерін тексеру.
      3) Әлеуметтік төлемнің берілуі немесе берілмеуі туралы шешім қабылдау.

4. Жәрдем мөлшері мен беру тәртібі

      8. Әлеуметтік көмек ақша түрінде отбасының бір мүшесіне (азаматқа) жылына бір рет беріледі.
      9. Әлеуметтік көмек алушы азамат аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне өтініш береді. Өтінішке қосымша қажетті құжаттар:
      1) алушының жеке басын куәландыратын құжат
      2) отбасы құрамы туралы анықтама
      3) өткен тоқсандағы кірісі туралы анықтама
      4) әлеуметтік төлем қажеттілігін дәлелдейтін құжат.
      10.  Төлем өтініш берушінің дербес есеп шотына ақша аудару арқылы жүзеге асады.
      11. Мерекелік шараларға байланысты әлеуметтік төлем өтінішсіз азаматтың мекен - жайындағы дербес есеп шотына ақша аудару арқылы жүзеге асады.
      8-наурыз, халықаралық әйелдер күніне - 2000 теңге, "Алтын алқа", "Күміс алқа" белгілерімен, Батыр - Ана және 1-2 дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға, 90 - жасқа толған қарияларға - 1000 теңге.
      Ауғаныстаннан әскер әкету күніне байланысты жауынгерлер мен мүгедектерге - 2000 теңге
      9 - мамыр, Жеңіс күніне - Ұлы Отан Соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне 3000 теңге.
      Қаза болған жауынгерлердің жесірлеріне, кәмелетке толмаған фашистік лагерь тұтқындарына, сол сияқты алты айдан астам еңбек еткен соғыс тылындағы еңбеккерлерге - 2000 теңге.
      Балаларды қорғау күнінде - 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 500 теңге.
      Конституция күніне - жетім студенттерге, арнайы оқу орнында оқитын осал отбасының дарынды балаларына - 5000 теңгеге дейін.
      Қарттар күніне - зейнетақысы 5500 теңге көлеміндегі кәсіпорны жоқ зейнеткерлерге - 1000 теңге.
      Мүгедектер күніне - бірінші, екінші топтағы мүгедектерге - 1000 теңге, үшінші топтағы мүгедектерге - 500 теңге.
      Мерей тойлары күндерінде - зейнеткерлер мен Ұлы Отан Соғыс ардагерлеріне (75, 80, 85, 90, 95 жас).
      Бұл төлем мөлшерін белгілі бір жағдайға байланысты комиссия анықтайда.
      12. Жәрдемақы мөлшері Қазақстан Республикасының "2003 жылғы Республика бюджеті туралы" Заңында көрсетілгендей 3, 7 айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек. Ереженің 5 - тарауындағы жағдай қаралғанда төлем көбейтілуі мүмкін, бірақ 20 есептік көрсеткіштен аспауы керек.

5. Төлемді қаржыландыру

      13. Әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру "Жергілікті өкілеттік органдардың шешімімен азаматтардың жекелеген топтарына арналған әлеуметтік төлемдер" атты 258-51 бюджеттік бағдарламасының негіздегі аудандық бюджеттен осы мақсатқа қарастырылған қаржы көлемінде жүргізіледі.

6. Төлемді жүзеге асыру тәртібі

      14. Мерекелік күндерге арналған әлеуметтік төлемдер жалпы тізім бойынша Қорғалжын пошта бөліміндегі әр адамның дербес есеп шотына ақша аудару арқылы жүзеге асырылады.
      15. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі "Төлем орталығы" берген құжаттар мен аудан бюджетінің осы мақсатқа бөлінген қаржының көлемі негізінде, төлем алушы азаматтардың тізімін жасап ұсынады және оның ақиқаттығына жауап береді.

7. Төлемді жүзеге асыруды бақылау

      16. Әлеуметтік төлемді жүзеге асыруды бақылау және есеп беру Қазақстан Республикасының "Республикалық және жергілікті бюджеттің орындалуын бақылау туралы" Заңына сәйкес жүргізіледі.

Аудан мәслихатының 9/32
сессиясына қосымша N 2
15.07.2003 жыл

Жекелеген топтағы азаматтарға әлеуметтік төлем бөлуді жүзеге асыруға арналған комиссия құрамы

      1. Жекелеген топтағы азаматтарға әлеуметтік төлем бөлуді жүзеге асыру мақсатында жұмыс ұйымдастыру үшін төмендегідей комиссия мүшелерін тағайындау.
      Аққожина С.Қ. - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы
      Төлеубаев Қ.А. - аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы, комиссия төрайымның орынбасары
      Комиссия хатшысы:
      Иманова А.О. - ардагерлермен жұмыс жүргізу және аз қамтылған халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы
      Комиссия мүшелері:
      1. Ахметов Серік Абдықалыкович - қаржы бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
      2. Ержанов Ахдан Искендирович - жұмыспен қамту орталығының директоры
      3. Жумагулов Төлеухан Айтмағанбетович - аудандық статистика бөлімінің бас маманы, мәслихат депутаты (келісім бойынша)
      4. Төлешов Кенесбай Төлешович - ардагерлер кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
      5. Хамзина Роза Ибраевна - мемлекеттік зейнетақы тағайындау және төлеу орталығының бастығы (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады