Аудан әкімияты жанындагы аудандық эпидемияға қарсы төтенше комиссиясы туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Көксу ауданы әкімиятының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 8-38 қаулысы. Алматы облыстық Әділет басқармасында 2003 жылы 28 шілдеде N 1261 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қаңтардағы N 07 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2011.01.12 N 07 Қаулысымен

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағы 17-тармақшасына сәйкес аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Аудан әкімияты жанындағы аудандық эпидемияға қарсы төтенше комиссия құрылсын (1 қосымша).
       2. Аудан әкімияты жанындағы аудандық эпидемияға қарсы төтенше комиссиясының құрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітілуге ұсынылсын.
       3. Аудан әкімияты жанындағы аудандық эпидемияға қарсы төтенше комиссиясы туралы Ережесі бекітілсін (2 қосымша).
       4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Қайнарбековке жүктелсін.

      Аудан әкімі

      Аудан әкімінің орынбасары

      Аппараттың басшысы

      Аппараттың заңгері
      міндетін атқарушы

      Жалпы бөлімінің бастығы

Аудан әкімиятының
2003 жылғы 10 шілдедегі
N 8-38 Қаулысына
1 қосымша

Аудан әкімияты жанындағы аудандық эпидемияға қарсы төтенше
комиссиясының дербес құрамы:

1. Қайнарбеков Талғат Қанатұлы

аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы

2. Ағыбаев Ғани Бартайұлы

"Көксу ауданы орталық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

3. Ешкенов Ертай Оразұлы

"Көксу аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

4. Есмұрзанов Әділғазы Уахитұлы

ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы

Комиссия мүшелері:

1. Мұқанов Берік Мейрханұлы

аудандық қаржы бөлімінің бастығы (келісім бойынша)

2. Садыров Ерлан Молдахметұлы

аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры (келісім бойынша)

3. Ким Валерий Валентинович

"Су құбыры және канализация" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директор (келісім бойынша)

4. Хасанаев Марал Жақсыбайұлы

аудандық білім бөлімінің бастығы

5. Бейсенов Мәлік Амантайұлы

Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Көксу аумақтық басқармасының бастығы (келісім бойынша)

6. Абіш Альтаир Мұхтарұлы

аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы

7. Рақымбеков Аманбек

қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инспекторы (келісім бойынша)

8. Кәрібаев Мырзатай Ауғанбайұлы

аудандық телекоммуникация бөлімінің бастығы (келісім бойынша)

9. Ахметченов Даулетбак Әкәұлы

"Көксу аудандық электр жүйесі" акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)

      Аудан әкімінің
      орынбасары

Аудан әкімиятының
2003 жылғы 10 шілдедегі
N 8-38 Қаулысына
2 қосымша

Аудан әкімияты жанындағы аудандық эпидемияға қарсы төтенше
комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы "Халықтың санитарлық эпидемиологиялық салауаттығы туралы" Заңына сәйкес құрылған эпидемияға қарсы аудандық төтенше комиссия өзінің қызметінде құқылық, маңызды ұйымдастыру шараларын атқарғанда осы Ережені басшылыққа алады.
      2. Комиссия ведомстволар арасындағы бағыт беруші консультативтік кеңесші орган болып табылады және аудандағы біртұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыруда жұқпалы аурулар індеті енуден және таралудың алдын алу, зақымдану ошағын толық оқшаулау, салдарын жою шараларын жүргізіп, адамдардың жаппай улануына жол бермеу, жануарлардың эпизоотияға шалдықпауы, өсімдіктердің ауруын, аурулардың себептері мен жағдайларын айқындайды және эпидемияға қарсы іс-қимылды қамтамасыз етуге, төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккендерді қорғауға дайындық, оны ұйымдастыру мақсатында құрылады.
      3. Комиссия жергілікті өкілетті және атқарушы органдармен, кәсіпорындармен, мекемелермен және меншік нысанына қарамастан өнеркәсіптер және ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен барлық мүдделі ұйымдармен өз құзыреті шегінде өзара ынтымақтастықта болады.
      4. Комиссияның негізгі міндеті мекемелермен, ұйымдармен меншік нысанына қарамастан (заңды тұлғалармен) жұқпалы аурулардың таралуына жол бермейтін және оның салдарын жоюға бағытталған шектеу шараларын ұйымдастыру, адамдардың жаппай улануына, жануарлардың эпизоотияға шалдықпауы, зақымдану ошағын толық оқшаулауға, оның салдарын жоюға бағытталған шектеу шекарасын санитарлық қорғау, карантин арқылы аса қауіпті жұқпалы аурулардың тысқары шығып кетуіне жол бермеу.

2. Функциялары және құқықтары

      5. Ұсынылған тапсырмаларды орындау үшін Комиссияға төмендегі міндеттер жүктеледі:
      1) адамдардың жұқпалы ауруларға шалдығу мен улану оқиғаларын болдырмау, аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу және карантиндік инфекцияларды анықтау және оның таралуына қарсы іс қимылдар шараларын ұйымдастыру;
      2) азаматтар мен заңды тұлғаларға жұқпалы ауруларға шалдығу мен жаппай улану оқиғаларын болдырмауды ескертіп, қызметті үйлестіру мен әдістемелік басшылық ету;
      3) эпидемияға қарсы және эпизоотияға қарсы барлық мүдделі ұйымдар мен заңды тұлғаларды ұйымдастырып, нақты іс-шаралар өткізу;
      4) эпидемияға және эпизоотияға қарсы енгізілген және жабылған карантин енгізудің шарттары мен іс-шараларын жүргізу;
      5) эпидемияға және эпизоотияға қарсы атқарылып жатқан іс-шаралардың жай күйі жөнінде жауапты қызметкерлерді шақырып олардың есептерін тыңдау, қаралған мәселелердің қорытындысын шығарып, жобалардың ұйымдастырылуына, шешімдерін әзірлеуге көмектесу;
      6) аса қауіпті жұқпалы аурулардың зақымдану ошағын толық оқшалауға төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық құрамаларын құруға ықпал етуді денсаулық сақтау мекемелері үйлестіріп, жұқпалы аурулармен зақымдану ошағын оқшаулауға және оның зардаптарын болдырмауға қарсы денсаулық сақтау мекемелері тұрақты даярлықтағы арнайы медициналық көмек тобын қалыптастыру;
      7) тұрғындарды аса қауіпті жұқпалы аурулардан сақтандыру мақсатында денсаулық сақтау және мал дәрігерлік мекемелердегі тұрғындарға медициналық, санитарлық - мал дәрігерлік үгіт-насихат жұмыстарын үйлестіруде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану;
      8) аса қауіпті аурулардың аудан көлемінде және ауданнан тыс жерлерге таралу салдарын болжау, жіктеудің қорытындысын бақылау;
      9) адамдар мен жан-жануарларды басқа аумақтарға көшіру, аурулардың зақымдану ошағын оқшаулау, халық өмірі айрықша жағдайға көшірілген карантин арқылы тыйым салу және бақылауды күшейту;
      10) аудандағы эпидемия мен эпизоотия жайында және аса қауіпті жұқпалы ауруларға шалдығу жағдайлары туралы аудан әкіміне хабарлама беру.
      6. Комиссия құқықтары:
      1) адамдар, жан-жануарлар мен өсімдіктердің жұқпалы ауруларының жағдайлары туралы орталық жергілікті атқарушы органдардан хабарлар жинау;
      2) тиісті жергілікті кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарда жұқпалы аурулардың және тамақ өнімдері мен уланудың алдын алу шарттарының орындалуын тексеру туралы уәкілетті органдардың есебін тыңдау;
      3) адамдарды, жан-жануарлар мен өсімдіктердің жұқпалы аурулардан сақтандыру мақсатында оның салдарын жоюға бағытталған шектеу шаралары карантинді енгізу туралы ұсыныс жасау;
      4) жұқпалы аурулардың алдын алу, санитарлық профилактикалық, эпидемияға және эпизоотияға қарсы іс-шаралардың орындалу барысы туралы комиссия мәжілістерінде тиісті басшылардың есептерін тыңдау және белгіленген тәртіп бойынша қажет құжаттарды сұрату;
      5) адамдардың жаппай улануы, жұқпалы ауруларға шалдығуының әрбір жағдайы, эпидемияға, эпизоотияға жол берген кінәлі лауазымды басшыларды әкімшіл және қылмыстық жауаптылыққа тартып, қызметтен босату туралы ұсыныс беру және жинақталған материалдарды тиісті органдарға жіберу;
      6) жұқпалы аурулардың алдын алу, ауру көрсеткіштерінің төмендеуі адамдардың улану қауіпін болдырмау жөніндегі материалдарда көтерілген мәселе бойынша қаулы қабылдау үшін аудан әкімиятына ұсыныс беруі.

3. Жұмысты ұйымдастыру

      7. Комиссия ағымдағы және болашақтағы мәселелерді шешу үшін жоспарлы жұмыстар атқарады:
      1) жұқпалы аурулардың таралуы мен адамдардың улануынан сақтандыру шараларын ұйымдастырады;
      2) Қазақстан Республика Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жұқпалы аурулардан алдын алу мен болдырмау және сақтық іс-шараларын заңды тұлғалардың орындауы туралы комиссия мәжілісі өткізіледі.
      8. Эпидемия және эпизоотия жағдайына байланысты комиссия қажеттілігіне қарай жоспарланған және кезектен тыс мәжіліс өткізеді және хаттама ретінде қабылданған шешімдердің орындалуын бақылайды.
      9. Аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы комиссияның ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз етеді.
      10. Комиссия хаттамасы рәсімделіп, үзінділері заңды тұлғалар мен азаматтарға орындау үшін жіберіледі.

      Аудан әкімінің
      орынбасары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады