"Көксу ауданы әкімінің 2003 жылғы 24 маусымдағы Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамы туралы" N 6-276 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Көксу ауданы әкімінің 2003 жылғы 28 тамыздағы N 8-302 шешімі. Алматы облыстық Әділет басқармасында 2003 жылы 3 қыркүйекте N 1312 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімінің 2011 жылғы 12 қаңтардағы N 01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімінің 2011.01.12 N 01 Қаулысымен

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 17-тармақшасына Қазақстан Республикасы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының дербес құрамындағы өзгерістерге байланысты, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Көксу ауданы әкімінің 2003 жылғы 24 маусымдағы "Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамы туралы" N 6-276 шешіміне (Облыстық Әділет басқармасында 2003 жылы 25 маусымда N 1229 болып реестрде тіркелген, 2003 жылы 11 шілде N 28, "Көксу таңы" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
       1) Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамынан:
      Әбділданов Қанат Таңжарықұлы - туризм және спорт жөніндегі бас маманы, комиссия хатшысы шығарылсын.
       2) Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамына:
      Жұмағұлова Айгүл Майданқызы - ұйымдастыру-кадр жұмысы жөніндегі бөлімінің жетекші маманы, комиссия хатшысы болып енгізілсін.
       2. Осы шешімінің орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Қайнарбековке жүктелсін.

      Аудан әкімі

      Аудан әкімінің орынбасары

      Аппараттың басшысы

      Аппараттың заңгері
      міндетін атқарушы

      Жалпы бөлімінің бастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады