Жер учаскелерінің жеке меншікте болуы мүмкін шекті (ең жоғары) мөлшері, суармалы жерлердегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері туралы

Жаңартылған

Бірлескен Қызылорда облыстық мәслихатының 2003 жылғы 27 тамыздағы № 226 шешімі және Қызылорда облыстық әкімиятының 2003 жылғы 27 тамыздағы № 600 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2003 жылғы 3 қыркүйекте № 3465 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 10.12.2015 № 260 қаулысымен мен Қызылорда облыстық мәслихатының 10.12.2015 № 336 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 50-бабының 2-тармағында санамаланған, жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері осы қаулы мен шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 10.12.2015 № 260 қаулысымен мен Қызылорда облыстық мәслихатының 10.12.2015 № 336 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Меншікке немесе жер пайдалануға берілетін суармалы жерлердегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері осы қаулы мен шешімнің 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 10.12.2015 № 260 қаулысымен мен Қызылорда облыстық мәслихатының 10.12.2015 № 336 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. Қаулы мен шешім 3-тармақпен толықтырылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 10.12.2015 № 260 қаулысымен мен Қызылорда облыстық мәслихатының 10.12.2015 № 336 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Облыс әкімі С. Нургисаев
      Облыстық Мәслихаттың XXI
сессиясының төрағасы
М. Мухаммедов
      Облыстық Мәслихат хатшысы А. Божанова

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2003 жылғы "27" тамыздағы № 600 қаулысына және
Қызылорда облыстық мәслихатының
2003 жылғы "27" тамыздағы № 226 шешіміне 1-қосымша

"Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 50 бабының 2-тармағында санамаланған, жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 10.12.2015 № 260 қаулысымен мен Қызылорда облыстық мәслихатының 10.12.2015 № 336 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      (гектар)

Аудан (қала) атауы

Ауылдық жерлерде өзіндік қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егістік телімдерді қоса алғанда) жүргізу үшін

Жеке тұрғын үй
құрылысы үшін

Бағбандық, сондай-ақ
саяжай құрылысы
үшін

суарылмайтын жерде

суарылмалы жерде

Арал

3,0

2,0

0,5

0,6

Қазалы

2,5

1,5

0,5

0,6

Қармақшы

2,0

1,0

0,5

0,6

Жалағаш

2,5

1,5

0,5

0,6

Сырдария

3,0

2,0

0,5

0,6

Шиелі

1,75

0,75

0,5

0,6

Жаңақорған

1,75

0,75

0,5

0,6

Қызылорда қаласы

2,0

1,0

0,5

0,6

      Ескертпе: "Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы" Қазахстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 Жарлығына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiне жеке меншік құқығын беруге 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін мораторий жарияланды.

      Ескерту. 1-қосымша ескертпемен толықтырылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 15.02.2017 № 707 қаулысымен және Қызылорда облыстық мәслихатының 15.02.2017 № 95 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2003 жылғы "27" тамыздағы №600 қаулысына және
Қызылорда облыстық мәслихатының
2003 жылғы "27" тамыздағы №226 шешіміне
  2-қосымша

Меншік немесе жер пайдалануға берілетін суармалы жерлердегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 10.12.2015 № 260 қаулысымен мен Қызылорда облыстық мәслихатының 10.12.2015 № 336 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      (гектар)

Аудан (қала) атауы

Инженерлік тұрғыда Әзірленген суармалы жерлерде

Басқа да суармалы жерлерде

Арал

200

2

Қазалы

350

2

Қармақшы

250

2

Жалағаш

200

2

Сырдария

350

2

Шиелі

300

2

Жаңақорған

200

2

Қызылорда қаласы

350

2

      Ескертпе: "Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы" Қазахстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 Жарлығына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiне жеке меншік құқығын беруге 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін мораторий жарияланды.

      Ескерту. 2-қосымша ескертпемен толықтырылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 15.02.2017 № 707 қаулысымен және Қызылорда облыстық мәслихатының 15.02.2017 № 95 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады