Көрнекi ақпараттардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде безендiрiлуiне бақылау жасау жөнiндегi комиссия туралы

Жаңа

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімиятының 2003 жылғы 14 тамыздағы № 145 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2003 жылғы 8 қыркүйекте № 2468 тіркелді

      Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекiтiлген 2001-2010 жылдары тiлдердi қолдану және дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңды орындау мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңның 31 бабы 1 тармағы 3,17 тармақшаларына сәйкес, Науырзым ауданының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Көрнекi ақпараттардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде безендiрiлуiне бақылау жасау жөнiндегi аудандық комиссия құрылсын. Көрнекi ақпараттардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде безендiрiлуiне бақылау жасау жөнiндегi аудандық комиссияның құрамы аудандық мәслихаттың сессиясына бекiтiлуге енгiзiлсiн (1 қосымша).
      2. Қоса берiлiп отырған көрнекi ақпараттардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде безендiрiлуiне бақылау жасау жөнiндегi комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Қ.Ж. Зейнеловке жүктелсiн.

      Аудан әкiмi

Қазақстан Республикасы     
Қостанай облысы            
Науырзым ауданы әкiмиятының
2003 жылғы 14 тамыздағы    
№ 145 қаулысына 1 қосымша  

Көрнекi ақпараттардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде
безендiрiлуiне бақылау жасау жөнiндегi комиссияның
ҚҰРАМЫ

Зейнелов Қойшыбай Жұрмағамбетұлы

аудан әкiмiнiң орынбасары, төраға

Едiресов Халит Iлиясұлы

аудан әкiмi аппаратының iшкi саясат және әлеуметтiк сала бөлiмiнiң бастығы, хатшы

Комиссия мүшелерi:

Ахметова Назерке Қасымқанқызы

аудан әкiмi аппаратының iшкi саясат және әлеуметтiк сала бөлiмiнiң бас маманы

Байтұяқов Түлкiбай Садуақасұлы

Қарамеңдi селолық округiнiң бас маманы

Вавулин Геннадий Алексеевич

аудан әкiмi аппаратының бас маман - заң кеңесшiсi

Жарылғасымов Асқар Қуанышбайұлы

аудан әкiмi аппаратының бас маман - аудармашысы

Сүйiндiков Мұрат Қалымбайұлы

аудан әкiмi аппаратының маман - сәулетшiсi

Қазақстан Республикасы     
Қостанай облысы            
Науырзым ауданы әкiмиятының
2003 жылғы 14 тамыздағы    
№ 145 қаулысына 2 қосымша  
бекiтiлдi                  

Көрнекi ақпараттардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде
безендiрiлуiне бақылау жасау жөнiндегi комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ереже

      1. Комиссия өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңды, басқа да нормативтiк-құқықтық актiлердi және осы Ереженi басшылыққа алады.
      2. Комиссияның құрамы аудан әкiмиятының қаулысымен құрылады және комиссияның дербес құрамы аудандық мәслихатқа бекiтiлуге ұсынылады.
      3. Комиссияның шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
      4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру, материалдық-техникалық және әдiстемелiк қамтамасыз ету жергiлiктi атқарушы органмен жүзеге асырылады.

2. Негiзгi мiндеттерi

      5. Комиссияның "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңды орындау саласындағы негiзгi мiндеттерi:
      1) аудан аумағында көрнекi ақпараттардың, маңдайша жазулардың, мәтiндердiң, стендтердiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде безендiрiлуi жөнiнде ұсынымдар даярлауды және бақылау жасауды жүзеге асыру;
      2) өзiнiң отырыстарында көрнекi ақпараттардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде безендiрiлуi мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың, мекемелердiң жетекшiлерiнiң есептерiн, хабарламаларын қарау.

3. Негiзгi қызметтерi мен өкiлеттiлiгi

      6. Комиссия жүктелген мiндеттерiн шешу мақсатында:
      1) Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлерiне көрнекi ақпараттардың безендiрiлуiн сәйкестендiруге бағытталған шаралар кешенiн жүзеге асырады;
      2) көрнекiлiк ақпараттар мәселелерi бойынша ұйымдар мен жеке азаматтардың хаттарын қарайды және тиiстi ұсынымдар бередi.

4. Жұмысты ұйымдастыру

      7. Комиссияның отырысында қабылданған және оның төрағасы бекiткен жұмыс жоспарына сәйкес комиссияның отырысы тұрақты түрде өткiзiледi. Комиссияның мүшелерiнiң жартысынан кем емесi қатынасқан жағдайда комиссияның отырысы өткiзiлдi деп есептелiнедi.
      8. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыспен оның отырысына қатынасып отырған мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады.
      9. Комиссияның құзырына кiретiн жеке мәселелердi қарау үшiн қажет болған жағдайда жұмыс топтары құрылады.
      10. Комиссияның хатшысы жұмыс жоспарын, отырыстардың күн тәртiбiн құрады, комиссия мүшелерiнiң өзара қарым-қатынасын ұйымдастырады және iс қағаздарын жүргiзедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады