Алматы қаласының маңындағы аймақ туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2003 жылғы 24 маусымдағы N 2/373 қаулысы. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2003 жылғы 16 шілдеде N 543 тіркелді Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 23 тамыздағы N 4/532 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы "Жер туралы"  Заңының  88 бабын жүзеге асыру мақсатында Алматы қалалық Әкiмшiлiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Алматы қаласының маңындағы аймаққа енгiзiлген жерлердi пайдаланудың тәртiбi және режимi туралы ұсынылып отырған Ереже келiсу үшiн Алматы қалалық Мәслихатына ұсынылсын.
      2. Алматы қалалық Жер ресурстарын басқару комитетi (А.Сапаров) және Алматы қалалық сәулет және қала құрылысы департаментi (С.Баймағамбетов) Алматы қаласының маңындағы аймақтың құрамындағы жер учаскелерiнiң меншiк иелерi және жердi пайдаланушылар туралы мәлiметтердi бiр айлық мерзiмде ұсынсын.
      3. Алматы қалалық сәулет және қала құрылысы департаментi (С.Баймағамбетов) Алматы қаласының маңындағы аймақтың аумағын аймақтарға бөлу жұмысының құнын бiр айлық мерзiмде анықтасын.
      4. Алматы қалалық қаржы басқармасы (Қ.Тәжiбаев) Алматы қаласының 2003 жылға арналған бюджетiнде Алматы қаласының маңындағы аймақтың аумағын аймақтарға бөлу жұмыстарын жүзеге асыруға арналған қаржы бөлудi қарастырсын.
      5. Алматы қаласы Әкімшілігінің 2003 жылғы 12 ақпандағы "Алматы қаласының маңындағы аймақ туралы" N 1/77 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Я.И.Заяцқа жүктелсiн.

 
       Алматы қаласының
      Әкiмi                          В.Храпунов

 
      Әкiмшiлiк хатшысы              К.Тәжиева

Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң
2003 жылғы "24" маусымдағы
N 2/373 қаулысына
N 1 қосымша

Алматы қаласының қала маңына енген,
жерлердi пайдалану тәртiбi мен оған
қойылатын талап Ережесi

 
      Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шiлдедегi "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы"  Заңына , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы "Жер туралы"  Заңына , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы сәулет қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы"  Заңына  сәйкес әзiрлендi және Алматы қаласының қала маңына енген жерлердi пайдалану тәртiбi мен оған қойылатын талап Ережесiн анықтайды.
      1. Алматы қаласының табиғат аймағына енетiндер:
      1) қала маңындағы ауыл шаруашылық өндiрiсiн үдерiстi дамыту аймағы;
      2) қала тұрғындарының демалыс орнына айналған қорғау және тазалық мiндетiн атқаратын орман, орман бағы және басқа жасыл желектермен толтырылған жасыл аймақтар.
      3) қала маңындағы ауыл шаруашылық өндiрiсiн үдерiстi дамыту аймағындағы жерлер ауыл шаруашылық бағыттағы жерлер болып табылады.
      1.1. қала маңындағы ауыл шаруашылық жер аймағын ауыл шаруашылығын жүргiзуге байланыссыз мақсатта алу, ауыл шаруашылық жер аймағын бiр түрiнен басқа түрiне алмастыру Алматы қаласы жергiлiктi атқарушы органының заңнамаларымен анықталған тәртiпте жүргiзiледi.
      Қалақұрылысын ерекше реттеу аймағына енген жерлер, қаланың инженерлiк және көлiк инфрақұрылымының қалыпты жұмыс iстеуiне қажеттi дамуының резервтiк аумағы болып табылады.
      1.2. Қала тұрғындарының демалыс орнына айналған қорғау және тазалық мiндетiн атқаратын орман, орман бағы және басқа жасыл желектермен толтырылған жасыл аймақтар орман қорының жерлерi болып табылады.
      1.3. Аталған аймақтағы жерлер орман шаруашылығын жүргiзуге байланыссыз басқа санаттағы жерлерге алмастыруға алынатын болса, онда Қазақстан Республикасының Үкiметiмен жүзеге асырылады.
      Осы аймақтарға қосылған жерлердiң құқықтық ережелерi Қазақстан Республикасының жер заңнамалары мен Орман  Кодексiмен  реттеледi.
      2. 1.2-1.3 тармақтарда көрсетiлген аймақтар Алматы қаласының бас жоспары мен қалақұрылысы дамуының тұтасып жатқан кешендi кестесiне сай анықталады, оны Алматы қаласының жергiлiктi өкiлеттi органы құптаған Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен. Алматы қаласының бас жоспары мен қалақұрылысы дамуының тұтасып жатқан кешендi кестесi Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет қалақұрылысы және құрылыс қызметi туралы"  Заңының  44, 47 баптар талабына сәйкес жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органы әзiрлейдi.
      Алматы қаласының бас жоспары мен қалақұрылысы дамуының тұтасып жатқан кешендi кестесiнде мыналар анықталады:
      1) қала маңындағы ауыл шаруашылық өндiрiсiн үдерiстi дамыту аймағындағы жерлердi Алматы қаласын ауыл шаруашылық өнiмдерiмен толығымен қамтамасыз ету мақсатында;
      2) қалақұрылысын ерекше реттеу аймағына енген жерлер, қаланың инженерлiк және көлiк инфрақұрылымының қалыпты жұмыс iстеуiне жағдай жасау болып табылады.
      3) қала тұрғындарының демалыс орнына айналған қорғау және тазалық мiндетiн атқаратын орман, орман бағы және басқа жасыл желектермен толтырылған жасыл аймақтар, Алматы қаласының аумағын табиғи және антропогендiк, техногендiк құбылыстардан және болмыстардан қорғау мақсатында, экологиялық жағдайды жақсарту, тарихи және мәдени мұраны сақтау және (немесе) жасыл желектердiң жайқалуына көңiл бөлiнедi.
      4) қала маңындағы облысқа түйiсiп жатқан елдi мекендердiң аумағы.
      Көп жылғы жасыл желектер, жасыл аумақта орналасқандықтан есепке алынады, жасыл желектердi тазалық ретiнде ғана кесуге рұқсат етiледi.
      3. Қала маңындағы жердi пайдалануға және (немесе) меншiкке жер алаңын алу құқығы берiлуге немесе оның пайдалану бағытын өзгертуге мүдделi азаматтар мен заңды тұлғалар Алматы қаласының аумағына оның түйiсiп жатқан жер алаңдарына тиiстi құқықтар беретiн тиiстi (аудандық (қаладағы ауданнан басқа), қалалық, поселкелiк, ауыл және селолық атқарушы орган) облыстың жергiлiктi атқарушы органына өтiнiштерiн бередi.
       Өтiнiште мыналар көрсетiледi:
      1) жер алаңын пайдалану мақсаты;
      2) оның болжам мөлшерi;
      3) орналасқан жерi;
      4) пайдалануға сұраным жерлер;
      5) басқа жер учаскелерiнiң болуы (болмауы) (жер учаскелерi үшiн: селолық жердегi жеке қосалқы үй шаруашылығын жүргiзу (усадьба жанындағы және егiстiк жер учаскелерi) 0,25 га суғарылмайтын жерлер және 0,15 га суғарылатын жерлер; жеке тұрғын үй құрылысы үшiн 0,10 га; бағбаншылық, сондай-ақ саяжай құрылыс үшiн 0,12 га). Пайдалы қазбаларды өңдеген жағдайда, өтiнiш хатқа Жер қойнауын пайдалануға арналған контрактiнiң көшiрмесi қоса берiледi.
      Аталған атқарушы органдар осы өтiнiштердi келiсу үшiн Алматы қаласының Әкiмшiлiгiне жiбередi.
      4. Алматы қаласының Әкiмшiлiгiмен келiсу мынадай реттiлiкпен жүргiзiледi:
      1) Өтiнiш Алматы қалалық сәулет және қала құрылысы департаментiне жiберiледi;
      2) Алматы қалалық сәулет және қала құрылысы департаментi сұраным жер алаңын аумақтық түгендеуге сәйкес пайдалану мүмкiндiгiн анықтайды және материалдарды қалалық құрылыс комиссиясына бағыттайды;
      3) қалалық құрылыс комиссиясы сұраным жер алаңдарына рұқсат құқығын немесе осы өтiнiштiң орындалмауы жайлы хабарлама бередi;
      4) Алматы қалалық сәулет және қала құрылысы департаментi қала құрылысы комиссиясының тұжырымына сай жоғарыда аталғанындай Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң қаулысын шығарады;
      5) Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң қаулы жобасы Алматы қаласы Әкiмi аппаратының заң бөлiмiне және сәулет және құрылыс саласына жетекшiлiк ететiн Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасарына келiсуге жiберiледi;
      6) Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң жоғарыда аталған мәселелер бойынша шығарған қаулысы облыстың тиiстi жергiлiктi атқарушы органына жiберiледi.
      5. Қаулы өтiнiш келiп түскен күннен бастап бiр айдың iшiнде шығарылады.
      6. Қала маңындағы жердi пайдалануға және (немесе) меншiкке жер алаңын алу құқығы берiлуге немесе оның пайдалану бағытын өзгертуге мүдделi азаматтар мен заңды тұлғалар Алматы қаласының аумағына оның түйiсiп жатқан жер алаңдарына тиiстi құқықтар беретiн тиiстi (аудандық (қаладағы ауданнан басқа), қалалық, поселкелiк, ауыл және селолық атқарушы органға) облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер алаңын пайдалануға беру немесе бермеу шешiмi Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң тиiстi қаулысынан кейiн ғана шығарылады.
      7. Азаматтар мен заңды тұлғалардың Алматы қаласының қала маңында орналасқан жер алаңдарын басқа бағытта пайдалану жөнiндегi өтiнiштерi, осы Ереженiң 3-6 тармақшаларында көрсетiлген тәртiпте қаралады.
      8. Қала маңындағы аймақтағы жерлердi қорғау және оны пайдалануға бақылау, сәулет, қалақұрылысы және құрылыс қызметi, құрылыс жүргiзудi мемлекеттiк реттеу, құрылыс ғимараттарын қабылдап алу Алматы қаласының жергiлiктi атқарушы органы және (немесе) белгiленген тәртiпте орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесi жүргiзедi.
      9. Алматы қаласының қала аймағындағы жердi облыстық жергiлiктi атқарушы органның алуы белгiленген заң тәртiбiнде Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң өз бастамасымен немесе оның келiсiмiмен ғана жүзеге асырылады.

 
       Әкiмшiлiк хатшысы              К. Тәжиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады