Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 29 қаңтардағы N 1/80 “Халыққа мемлекеттік нақты әлеуметтік көмек көрсету бойынша учаскелік комиссиялар жөніндегі Ережені бекіту туралы” қаулысының N 2 қосымшасына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2003 жылғы 17 қыркүйектегі N 4/535 қаулысы. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2003 жылғы 29 қыркүйекте N 552 тіркелді

      Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 5/870  қаулысымен .
_______________________________________

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және 2001 жылғы 17 шілдедегі " Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңдарына сәйкес Алматы қалалық Әкімшілігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы Әкімшілігінің   2002 жылғы 29 қаңтардағы N 1/80 "Халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша учаскелік комиссиялар жөніндегі Ережені бекіту туралы"  қаулысының N 2 қосымшасына (Әділет басқармасында 2002 жылы 8 ақпанда тіркелген, "Вечерний Алматы" және "Алматы ақшамы" газеттерінде 2002 жылдың ақпан айында жарыққа шыққан Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылы 29 қаңтардағы N 1/80 қаулысы) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) Алмалы аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін:
      Ғабдашева Светлана Қасымханқызы - жедел дәрігерлік көмек ауруханасы мемлекеттік қазыналық мекеменің төрағасы, зертхана меңгерушісі;
      2) Бостандық аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін:
      Исина Баян Ақжанқызы - аудандық "Ұстаз" кәсіподақ комитеті төрағасының міндетін атқарушы;
      Сәдуақасова Нұрилаш Ергедекқызы - аудандық көп балалы аналар Одағы қоғамдық ұйымының төрағасы;
      Матмұратова Зинегүл Айтмағанбетқызы - комиссия хатшысы, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау орталығы тұрмыс деңгейін талдау бөлімінің бастығы;
      осы құрамнан шығарылсын:
      Козлова Г.А.
      3) Жетісу аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін:
      Даниярова Бейсенгүл Бәзікенқызы - аудандық Әкім аппараты әлеуметтік сала бөлімінің бастығы;
      Әмірбеков Нұрмұхамет Әмірбекұлы - комиссия хатшысы, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау орталығы тұрмыс деңгейін талдау бөлімінің бастығы;
      осы құрамнан шығарылсын:
      Шәмпиева С.Ө., Қуатжанова С.Т.
      4) Түрксіб аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін:
      Кеніштібаева Раиса Мырзағалиқызы - Түрксіб аудандық жұмыспен қамту орталығының бастығы;
      Айымбетова Бибіраба - аудандық көп балалы аналар одағының төрағасы.

       Алматы қаласының
      Әкімі
 
             Әкімшілік хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады