Аудандық ономастикалық комиссияны құру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 468 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 26 желтоқсанда N 1093 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 14 маусымдағы N 166 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2010.06.14 N 166 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11 Заңының 31-бабы 17) тармақшасына сәйкес және мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауын тәртіпке келтіру, елді-мекендер мен көшелерді қайта атау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық ономастикалық комиссия құрылсын.
      2. Аудандық ономастикалық комиссия туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Қ. Омаровқа жүктелсін.

      Аудан әкімі

Аудан әкімдігінің
"Аудандық ономастикалық
комиссияны құру туралы"
2003 жылғы 23 желтоқсандағы
N 468 қаулысымен бекітілді

Мамлют ауданы әкімдігі жанындағы
ономастикалық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Аудан әкімдігі жанындағы аудандық ономастикалық комиссия (әрі қарай - Комиссия) географиялық объектілерді атауға бірыңғай әдістеме қалыптастыру, топонимикалық атауларды қолдану және есепке алуды тәртіптеу, ауданның тарихи-мәдени мұрасының құрама бөлігі ретінде тарихи атауларды қалпына келтіру, сақтау және оларды қайта атау мақсатында ономастика облысында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды әзірлейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында тілдер туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарды, ұйымдарды, мекемелерді, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібі туралы"қаулысын және осы Ережені басшылыққа алады.
      3. Комиссия құрамы аудан әкімінің ұсынысы бойынша Мамлют ауданының мәслихатымен бекітіледі.
      4. Комиссия әкімшілік-аумақтық бірліктердің, физикалық-географиялық объектілер мен мемлекеттік меншік объектілерінің атауларына қатысты ұсыныстар береді.

2. Негізгі міндеттер

      Комиссияның негізгі міндеттері:
      географиялық атауларды жинау және зерделеу, ономастика мәселелеріне байланысты материалдарды жүйелендіру;
      ертеде жоғалған тарихи топонимдерді қалпына келтіру бойынша ұсыныстар енгізу;
      жаңа объектілерді атау бойынша ұсыныстар енгізу;
      ономастиканы географиялық және тарихи-мәдени тәртіп ретінде қолдау.

3. Негізгі функциялар мен өкілеттіктер

      Жүктелген міндеттерді шешу мақсатында комиссия:
      әкімшілік-аумақтық бірліктерді атау және қайта атау, атаулардың транскрипцияларын өзгерту, әлеуметтік, мәдени, тұрмыс объектілерін атау бойынша комиссияға түскен құжаттарды қарастырады. Олар бойынша шешім қабылдайды және материалдарды облыс әкімдігі жанындағы облыстық комиссияға қарастыруға жібереді;
      тарихи топонимдерді қалпына келтіру және ауыстыру мәселелері бойынша ұйымдардың және жеке азаматтардың хаттарын қарастырады және сәйкес ұсыныстар береді;
      аудан картасын құрастыру процесінде пайда болатын мәселелерді шешуде көмек көрсетеді, ондағы ауданның географиялық атауларының транскрипциясының дұрыстығын қадағалайды;
      елді-мекендердің, көшелердің қорықтық атауларын сақтауға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады;
      облыстың тарихи-мәдени мұрасы болып табылатын тарихи қалыптасқан және ежелгі халықтық атауларға халықтық құрметтеушілік  көзқарасын қалыптастыруға белсенді жағдай жасау;
      жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың ақпараттары және материалдар, хабарландырулар бойынша ономастика облысында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жағдайын талдайды.

4. Жұмысты ұйымдастыру

      1. Комиссия отырыстары материалдардың түсу шамасы және қажеттілік бойынша өткізіледі. Комиссия отырыстарына, оның мүшелерінің жартысынан кем емес мүшелері қатысса шын болып есептеледі.
      2. Комиссия шешімдері отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің жалпы санынан ашық түрде көп дауыс бергендердің сайлауымен қабылданады.
      3. Комиссия құзырына енетін жеке мәселелерді қарастыру үшін қажеттігінше жұмыс топтары құрылады.
      4. Комиссия хатшысы қажет құжаттарды, отырыстардың күн тәртібін дайындайды, комиссия мүшелерінің өзара байланысын ұйымдастырады және іс жүргізуге жауап береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады