Үй жануарларын ұстаудың ережелері туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық Мәслихатының 2003 жылғы 20 қарашадағы N 9-2с шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 23 желтоқсанда N 1084 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес, үй жануарларын ұстаудың ережелері бекітілсін.
      2. Аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 19 наурыздағы N 8-10с "Үй жануарларын ұстаудың ережелері туралы" шешімінің күші жойылды деп есептелсін.

      Сессия төрағасы
      Аудандық мәслихаттың хатшысы
      Аудандық санитарлық эпидемиологиялық станцияның бас дәрігері
      Ауданның мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторы

2003 жылғы 20 қарашадағы
мәслихаттың II сессиясының
N 9-2с шешiмiне Қосымша

Үй жануарларын ұстаудың ережелері

I бөлігі

1. Жалпы ережелер

      1) Осы ережелер барлық Кiшкенекөл селосы мен Уәлиханов ауданындағы елдi-мекендерiнде тұратын үй жануарларының иелерiне қатысты, оның iшiнде барлық меншiктегi ұжымдар мен ауыл шаруашылық нысандарына, меншiк түрiне және ведомстволық бағынышына қарамастан.
      2) Үй жануарларын ұстаудың мiндеттi шарттары:
      тiркеу, жыл сайын қайта тiркелу, аса қатерлi жұқпалы ауруларға қарсы вакцинация жүргiзу, паразитарлық ауруларға қарсы жұмыстарды өткiзу, 2,5-3 айлық жастарынан бастап диагностикалық тексеруден өткiзу;
      санитарлық-тазалық, ветеринарлық-санитарлық ережесi мен мөлшерiн сақтау.
      3) Әкiмшiлiк ауданнан тысқары сыртқа шығаруға және сатуға үлгiмен белгiленген ветеринарлық куәлiктi ресiмдегеннен кейiн рұқсат берiледi, ол куәлiктi беретiн ауданның мемлекеттiк ветеринарлық қызметi, барлық өткiзiлген ветеринарлық алдын алу жұмыстары осы куәлiкте көрсетiледi.
      4) Елдi-мекендердiң аумағында үй жануарларын шомылдыруға, көшелер мен парктерде бағуға тыйым салынады.
      5) Аса қатерлi жұқпалы ауруларға күдiктi жануарлар, мал мамандарының шешiмi бойынша алынып, бөлек қамауға қойылады.

2. Үй жануарлар иелерінің міндеттері

      1) Жануарлардың иелерi мiндеттi:
      оларды биологиялық қабiлеттiлiгiне сәйкес ұстау, жануарларды қайырымдылықпен күту, ауырып қалған жағдайда ветеринарлық көмек жасауға;
      оларды ұстайтын жерлердi санитарлық жағдайда қалыпты сақтауға;
      мемлекеттiк мал мекемелерi мамандарының талаптары бойынша үй жануарларын диагностикалық тексерiстен емдеу-алдын алу жұмыстарын өткiзу үшiн уақытында оларды әкелуге;
      адамдар мен жануарлардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн барлық сақтық шараларды қабылдауға;
      егер жануарлар адамды немесе жануарларды тiстеген жағдайда, тез арада медициналық немесе мал дәрiгерлiк мекемелерiне қаралуы керек. Жануарларды мал емдейтiн мекемеге көрсетуге және карантин  қоюға мал дәрiгерлiк мамандарының қарауымен әкелу қажет.
      2) Өлген жануарлардың тәнiн жою немесе жағу, мал өлiмтiгiн жағып-жоятын жерде, селолық округтердегi мал мамандарының бақылауымен жануарлар иесiнiң есебiнен өткiзiледi.
      3) Бiрнеше жануар кенеттен өлген, бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы ветеринариялық мамандарға хабарлауға және ветеринариялық мамандар келгенге дейiн ауру деп күдiк келтiрiлген жануарларды оқшаулап ұстау жөнiнде шаралар қолдану қажет.

3. Жануарлар иелерінің құқығы

      1) Әрбiр жануар ие меншiгiнде саналады және меншiк есебiнде Заңмен қорғалады.

II бөлігі

1. Ит пен мысықты ұстау

      1) Рұқсат етiледi:
      қысқа байлауышпен тұмырықталған иттердi қыдыртуға;
      жануарларды барлық көлiк түрiмен тасымалдауға, егер жолаушыларға қысылым кедергi жасалмаса.
      2) Тыйым салынады:
      қоғамдық жерлерде байлауышсыз, тұмырықталмаған итпен жүруге және қыдыртуға;
      спорттық, балалар алаңдарын, тротуарларды және парк аумақтарын жануарлардың ластауына;
      қоғамдық жерлерде, көшелер мен парктерде иесiз жүрген иттер мен мысықтар, иесiз қаңғырып жүргендер болып саналады, олар ұсталынып немесе атылуға тиiстi.

2. Ауыл шаруашылық үй жануарларын, құстарды
және араларды ұстау

        1) Ауыл шаруашылық үй жануарлары, құстар және аралар арнайы жабдықталған құрылымдарда ұсталуы тиiс.
      2) Қи, жем-шөп қалдықтары, басқа да қоқыстар арнайы белгiленген орындарға уақытында шығарылуы тиiс. Мал қоралары ай сайын ақталуға және дезинфекциядан өткiзiлуi тиiс.
      3) Сәуiр айынан қараша айына дейiнгi мерзiмде, әр түрлi жұқпалы ауруларды тасымалдайтын, шыбын-шiркейлермен күрес  мақсатында үй жануарлары мен құстар тұратын қораларды аптасына бiр рет инсектицидтiк препараттармен өңдеп тұру қажет.
      4) Көшелерде, парктерде және басқа да жалпы пайдаланатын жерлерде малды бағып шығаруға тыйым салынады.
      5) Жазғы жайылым мерзiмiнде малды селолық округтiң әкiмшiлiгi белгiлеген жер телiмдерiнде ғана бағуға болады.
      Жалпы қоғамдық табынға тек денi сау, жоспарлы ветеринарлық тексерiстерден өткен малды ғана қосуға болады.

III бөлігі

1. Осы ережені бұзғаны жөніндегі жануарлардың
иелерінің жауапкершілігі

      1) Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шiлдедегi N 339-II "Ветеринария туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы N№155-II "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiне, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 361-II "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Заңына сәйкес, жануарлардың иелерiне осы ереженi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк жүктеледi.
      2) Жануарлар азаматтардың денсаулығына зиян немесе мүлiктерiне шығын келтiрсе, ол Заңды түрде жануарлар иесiнiң есебiнен өндiрiлiп алынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады