Кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлікпен басқаруға табыстау туралы Ережелерді бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімиятының 2003 жылғы 14 қарашадағы N 245 қаулысы. Атырау облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 13 желтоқсанда N 1720 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі N 116 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2011.04.11 N 116 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"Заңының 27-бабына сәйкес облыс әкімияты қаулы етеді:
      1. Кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлікпен басқаруға табыстау туралы Ережелер бекітілсін (жалғанады).
      2. Облыс әкімінің 2000 жылғы 4 ақпандағы 344 шешімімен бекітілген кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлікпен басқаруға табыстау туралы Ережелерінің (Атырау облыстық әділет басқармасында 2000 жылғы 18 ақпанда 157-нөмірмен тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.К. Нокинге жүктелсін.

      Облыс әкімі                                А. Мусин


Облыс әкімиятының 2003 жылғы 14 қарашадағы N 245 қаулысымен бекітілген

Кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлікпен басқаруға беру Ережелері
1. Жалпы Ережелер

      1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 "Жекешелендіру туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес өңделді және басқарушымен жасалатын кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз)коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлікпен басқаруға табыстау келісім-шартының тәртібін, сондай-ақ басқарушы орындауға тиісті келісім-шарт (шарт) шарттарының бақылау механизмін айқындайды.
      Осы Ережелер коммуналдық меншік объектісін кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) билік ету құқығынсыз басқару, пайдалану және иелік ету құқығын беру процесінде туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді.
      Тоқтаусыз пайдаланылуын және сақталуын қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық меншік объектілерін шаруашылық етуші субъектіге сатып алу құқығынсыз сенімгерлікпен басқаруға, кейіннен тендерге шығару шартымен табысталуы мүмкін.
      Ескерту: 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облыстық әкімиятының 16.03.2007 N 75 қаулысымен.
      2. Осы ережелерде мынадай түсініктер пайдаланылады:
      Меншік иесі - Атырау облысы қаржы департаменті, ал Атырау қаласы мен аудандардың коммуналдық меншік объектілерін жәй сенімгерлікпен басқаруға берген жағдайда - аудандар мен қала әкімияттарының қаржы бөлімдері;
      Тендер - қатысушылар арасында табыстаудың неғұрлым тиімді жағдайын ашуға бағытталған бәсекелестікті көздейтін коммуналдық меншік объектілеріне билік ету құқығынсыз басқаруға, пайдалануға және иелік ету құқығын табыстау жөнінде өткізілетін конкурс әдісі.
      Тендерлік комиссия - облыс әкімі уәкілеттік берген орган немесе тендер өткізу және оның жеңімпазын анықтау жөнінде Меншік иесі қалыптастырған комиссия.
      Объект - мүліктік кешен ретіндегі мемлекеттік кәсіпорын немесе мемлекеттік мекеме, оларды жекешелендіру тұйықталған технологиялық циклді бұзбайтын мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорынның өндірістік немесе өндірістік емес бөлімшелері мен құрылымдық бірліктері; кәсіпорынның мүлкі; акциялар; жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы үлестер; Қазақстан Республикасының Үкіметі мен облыс әкімиятының нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленген тәртіппен коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген өзге де мемлекеттік мүлік; сондай-ақ нақты коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген басқа да мемлекеттік мүлік.
      Әлеуетті басқарушы - мүлікті сенімгерлікпен басқару келісім-шартын (шарт) жасау мақсатында коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлікпен басқаруға табыстау процесіне қатысушы заңды немесе жеке тұлға.
      Қатысушы - меншік иесі ұсынған шарттарға келім-шарт (шарт) жасауға келісімін берген және қажетті құжаттарды ұсынған жеке немесе заңды тұлға.
      Кейіннен сатып алу құқығымен мүлікті сенімгерлікпен басқаруға табыстау - мемлекет атынан меншік иесі тендер жеңімпазына келісім-шарт негізінде кейіннен сатып алу құқығымен (билік ету құқығынсыз) басқаруға, пайдалануға және иелік ету құқығын табыстау. Кейіннен сатып алу құқығымен мүлікті сенімгерлікпен табыстау алдан-ала жекешелендіру сатысы ретінде қаралады.
      Жәй сенімгерлікпен басқару - Меншік иесінің кейіннен сатып алу құқығынсыз коммуналдық меншік объектісін табыстауы;
      Объектіні сенімгерлікпен басқару келісім-шарты (шарты) - Меншік иесі мен Басқарушы арасында жасалған азаматтық-құқықтық келісім-шарт;
      Басқарушы - коммуналдық меншік объектісін сенімгерлікпен басқаруға меншік иесімен келісім-шарт (шарт) жасаған заңды немесе жеке тұлға;
      Өтінім - Меншік иесі ұсынған келісім-шарт шарттарын орындауға және тендер шарттары негізінде келісім-шарт (шарт) жасасуға қатысушының келісімі бойынша қатысушы ұсынған қажетті құжаттар жинағы.
      Тендерлік өтінімді қамтамасыз ету - тендерге қатысуға тілек білдірген қатысушының ұсынған кепілдік жарнасы.
      Ескерту: 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облыстық әкімиятының 16.03.2007 N 75 қаулысымен.

Объектіні жәй сенімгерлікпен басқаруға табыстау тәртібі

      3. Объектіні жәй сенімгерлікпен басқаруға табыстау туралы ұсыныстар Меншік иесіне объектінің баланс ұстаушысымен немесе баланс ұстаушының мемлекеттік басқару органымен берілуі мүмкін.
      Ескерту: 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облыстық әкімиятының 16.03.2007 N 75 қаулысымен.
      4. Объектіні жәй сенімгерлікпен басқаруға өтінімді кез келген заңды және жеке тұлға бере алады. Өтінім Меншік иесіне белгілеген нысан бойынша ұсынылады.
      5. Объектілерді жәй сенімгерлікпен басқаруға табыстау туралы өтінімдер келесі құжаттар болған жағдайда қарастырылады:
      1) Заңды тұлғалар үшін нотариалды куәландырылған құрылтайшылық құжаттардың көшірмесі, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгендігі жөніндегі куәлік, статистикалық кәртішке және салық төлеуші ретінде тіркелгендігі жөніндегі анықтама, сондай-ақ өкілінің уәкілеттігін куәландыратын құжат көшірмелері;
      2) Жеке тұлғалар үшін төлқұжат немесе жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі, салық төлеуші ретінде тіркелгендігі жөнінде анықтама, ал жеке кәсіпкерлер үшін одан басқа тиісті құжат көшірмесі;
      3) Жеке объектілер үшін Меншік иесі Объекті қажеттілігінің техникалық-экономикалық негізін немесе оны пайдалану жұмысының жоспарын талап етуге құқылы;
      Шетелдік заңды тұлғалар үшін орыс және қазақ тілдерінде нотариалды куәландырылған құрылтайшылық құжаттарының көшірмесі.
      4) осы ережемен танысқаны жөнінде өтінімде қолхат немесе белгі болуы тиіс.
      6. Келіп түскен өтінімдерді қарау үшін Меншік иесі төмендегілерді сұратады:
      1) әкімшілік-аумақ бірлігіне тиісті әкімнің немесе Объектіні мемлекеттік басқару органының келісімі;
      2) Объект балансын ұстаушысының келісімі;
      3) Объектінің баланстық құны мен техникалық сипаттамасы туралы баланс ұстаушыдан анықтама.
      7. Осы ереженің 6-тармағында көрсетілген мәліметтерді алғаннан кейін әлеуетті басқарушы объектінің жәй сенімгерлікпен басқару келісім-шартының (шарттының) талаптарымен таныстырылады.
      8. Ұсыныстарды немесе өтінімдерді және ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша Меншік иесі төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) Объектіні жәй сенімгерлікпен басқаруға табыстау туралы;
      2) осы Объекті бойынша Басқарушыны тендер арқылы іріктеу туралы;
      3) жазбаша түрде бас тарту туралы себептерін көрсету арқылы.
      9. Объектіні жәй сенімгерлікпен басқару табыстау келісім-шарты осы ереженің 4-бөліміне сәйкес жасалады.

3. Кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) Объектіні сенімгерлікпен басқаруға табыстау жөнінде тендер өткізу тәртібі
3.1. Жалпы ережелер

      10. Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен табыстау жөнінде тендерге шығару туралы шешімді облыс әкімияты қабылдайды.
      11. Объектінің баланс ұстаушысы Объекті бойынша мәліметтердің сенімділігіне және Объектіні Басқарушыға табыстау кезеңіне дейін оның сақталуына жауапты болып табылады.
      12. Облыс әкімі атынан және өз құзыреті шегінде іс-қимыл жасайтын Меншік иесі тендер ұйымдастырушысы болып табылады.
      13. Тендер ұйымдастырушысы:
      1) Кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен табысталатын объектінің бастапқы бағасын анықтайды;
      2) тендерлік комиссияға ұсынуға қажетті өтінімдер мен басқа да құжаттарды қабылдайды және тіркейді;
      3) қатысушыларға осы Ережені танысуға ұсынады;
      4) қажет болған жағдайда тиісті сала мамандарынан немесе кеңес беру фирмаларынан келісім-шарт негізінде мәліметтер алады;
      5) тендер ұйымдастырушысы ұсынатын құжатнамаларды дайындау, басып шығару және тарату шығындарын жабу үшін ақы алуға құқылы;
      6) басқаруға табысталатын объектілер жөнінде белгіленген тәртіпте ақпараттық хабарлама жариялауды ұйымдастырады;
      7) өтінім берушіге белгіленген нысан бойынша оның тендер қатысушысы болып танылғанын немесе тендер қатысушысы болып танылмайтын себебін көрсете отырып хабарлайды.

3.2. Тендер комиссиясының қызметін ұйымдастыру тәртібі

      14. Тендер өткізу үшін Меншік иесі құрамына Меншік иесінің, облыстық әділет департаменті және басқа да мүдделі ведомстволары немесе олар бөлімшелерінің өкілдері енгізілетін тендер комиссиясы құрылады. Тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы саны 5-тен кем болмауы тиіс. Тендер комиссиясының төрағасы Меншік иесінің өкілі болып табылады.
      Тендерлік комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстардың тепе-теңдігі кезінде төрағаның даусы шешуші болып табылады.
      Ескерту: 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облыстық әкімиятының 16.03.2007 N 75 қаулысымен.
      15. Тендер комиссиясы тұрақты жұмыс істейтін және /немесе жекелеген объектілер бойынша тендер өткізу және ұйымдастыру үшін қызмет етуі мүмкін.
      16. Тендер комиссиясы Объектіні сенімгерлікпен басқаруға табыстау жөнінде тендер өткізеді және келесі қызметтерді атқарады:
      1) тендер өткізу шарттарын әзірлейді және бекітеді;
      2) кепілдік жарна мөлшерін белгілейді;
      3) тендер өткізеді;
      4) тендер жеңімпазын анықтайды.

3.3. Тендер өткізуге дайындық

      17. Тендер өткізуге дайындықты Меншік иесі жүзеге асырады.
      18. Тендер өткізуге дайындық мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:
      1) қажетті материалдарды жинау жүргізіледі;
      2) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқаруға берілетін объектілердің бастапқы бағасы айқындалады;
      3) кепілдік жарнаны енгізудің мөлшері мен тәртібі айқындалады;
      4) тендер ұткізу мерзімдері белгіленеді;
      5) объектінің техникалық сипаттамасы жасалады;
      6) сауда-саттықтар өткізу туралы ақпараттық хабарлама жарияланады және басқа да жарнамалық қызмет жүзеге асырылады;
      7) кепілдік жарналар қабылданады;
      8) қатысушыларды тіркеу жүргізіледі.
      19. Кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен табысталатын объектілердің бастапқы бағасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 6 мамырдағы N 562 қаулысымен бекітілген "Жекешелендіру объектілерінің құнын бағалау туралы" ережеге сәйкес Меншік иесі белгілейді.
      Меншік кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқаруға табысталатын объектінің құнын бағалауды консалтингтік ұйымдардың немесе тәуелсіз аудиттің қорытындысы негізінде жүзеге асыруға құқылы.
      Кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқаруға табысталатын объектінің алғашқы бағасын Меншік иесі бекітеді.
      20. Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна әр объекті үшін кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқаруға табысталатын объектінің алғашқы бағасының 1-15 пайызы шамасында немесе жәй сенімгерлікпен табысталатын объектінің қалдық құнының 1-15 пайызы шамасында белгіленеді.
      21. Кепілдік жарна қатысушының мынадай міндеттемелерінің қамтамасыз етілуі болып табылады:
      1) жеңіске жеткен жағдайда тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюға;
      2) тендер нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сенімгерлікпен басқару келісім шартын жасасуға;
      3) сенімгерлікпен басқару келісім-шарты (шарты) бойынша міндеттемелерін тиісті деңгейде орындау.
      22. Кепілдік жарна Меншік иесінің деректемелеріне ақпараттық хабарламада белгіленген нысан мен тәртіпте және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізіледі. Кепілдік жарнаны қатысушының атынан кез-келген жеке немесе заңды тұлға енгізуі мүмкін. Кепілдік жарнаны алушы Меншік иесі болып табылады.
      23. Тендерді жеңіп шыққан және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқару келісім-шартын (шарт) жасасқан қатысушының кепілдік жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдердің есебіне жатады.
      24. Кепілдік жарнаны Меншік иесінің қайтармайтын кездері:
      1) Тендер қатысушысына тендердің өткізілуіне үш күннен аз қалғанда оған қатысудан бас тартқан жағдайда;
      2) Тендер Жеңімпазының тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан, не сенімгерлікпен басқару келісім-шартын (шартын) жасаудан бас тартқан жағдайда;
      3) Басқарушы сенімгерлікпен басқару келісім-шарты (шарты) бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті деңгейде орындамаған жағдайда.
      25. Меншік иесі кепілдік жарнаны мынадай жағдайларда қайтарады:
      1) тендер Жеңімпазына жәй сенімгерлікпен басқару келісім-шартының (шарттың) мерзімі аяқталғанда;
      2) тендер жеңімпазын анықтамай тендер өткізу тәртібі тоқтатылған кезде;
      3) басқа тендер қатысушысын жеңімпаз ретінде анықтағанда;
      4) тендер өткізуге үш күннен кем емес мерзімде, тендер өтінімдерін ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін тендер өтінімін кері қайтарып алса.
      26. Жекелеген объектілерге тендер өткізілетіндігі туралы хабарлама олар өткізілуге дейін кемінде 15 күн бұрын, ал мемлекеттік пакет акцияларын және шаруашылық етуші субъектілердің жарғылық қорындағы мемлекеттік үлестер бойынша - тендер өткізілуге дейін 30 күннен кешіктірмей, облыстық ресми баспасөзде мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануы тиіс.
      27. Ақпараттық хабарлама мынадай мазмұнда болуы керек:
      1) тендердің өткізілетін күні, орны және уақыты;
      2) тендер атауы;
      3) сенімгерлікпен басқаруға табысталатын объект туралы мәліметтер;
      4) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқаруға табысталатын объектілердің бастапқы бағасы;
      5) Меншік иесінің кепілдік жарнасының мөлшері мен банктік деректемелері;
      6) өтінімді қабылдайтын орын мен мерзімдері;
      7) тендер өткізудің тәртібі мен тендер Жеңімпазын анықтау шарты;
      8) Тендерді ұйымдастырушының телефоны мен орналасқан жері;
      9) Меншік иесінің шешімі бойынша қосымша ақпараттар.
      28. Меншік иесі өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанша өзбастамасымен немесе қатысушының сұранысына түсіндірме жауап ретінде ақпараттық хабарламаға тиісті хаттама рәсімдеу арқылы өзгеріс енгізуге құқылы. Енгізілген өзгерістің міндетті күші бар және ол ресми басылымда мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануға тиісті. Бұл ретте өтінімдерді ұсыну мерзімі соңғы өзгеріс енгізу жарияланған күннен бастап есептеледі.
      29. Әрбір объекті бойынша ақпараттық хабарлама жарияланғанға дейін Меншік иесі мынадай құжаттар көшірмелерінен тұратын құжаттар пакетін дайындауы тиіс:
      1) егер тендерге шығарылатын объект мемлекеттік кәсіпорын немесе акционерлік қоғам болса, объектінің жарғысын;
      2) акциялар эмиссиясының проспектісі мен эмиссиялардың тіркелгендігі туралы куәлігі;
      3) объектіні тендерге шығару туралы шешім қабылдаған күнге дейінгі есептік кезеңдегі бухгалтерлік баланстарды;
      4) статистикалық кәртішкені;
      5) заңды тұлғаның тіркелгендігі туралы куәлігін;
      6) акционерлік қоғам акционерлерінің немесе серіктестік қатысушыларының тізілімінен көшірмені;
      7) олардың құнын көрсете отырып, жарғылық капиталға енген негізгі құрал-жабдықтардың тізбесін;
      7) кредиторлық немесе дебиторлық берешектердің таратылып жазылуын;
      8) әлеуметтік сала объектілерінің тізбесін, олардың құнын көрсете отырып, акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестері тендерге шығарылатын акционерлік қоғамдар мен серіктестіктер ұсынады;
      9) Меншік иесінің ұйғарымы бойынша басқа да құжаттарды дайындауы тиіс.
      Құжаттардың пакетіне басқа да қосымша мәліметтер (инвестордың тәуекел факторларының талдауы, ұйымды техникалық қайта жарақтау нұсқауларының мүмкіндіктері туралы деректер, кіріс есептері, өндіріс үшін қажетті инвестициялардың көлемін, өндіретін өнімнің әлемдік немесе ішкі рыноктардағы перспективалығын бағалау және тағы басқа) де енгізілуі мүмкін.
      Ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін Меншік иесі объекті және тендер өткізудің ережесі туралы ақпараттарды барлық тілек білдірушілердің еркін алуын қамтамасыз етуге міндетті.
      Жарнамалардың басқа түрлері еркін нысанда жүзеге асырылады және қатысушыларды барынша кең тартуға бағытталуы тиіс.
      30. Тендерге қатысушыларды тіркеу ақпараттық хабарламалар жарияланған күннен бастап жүргізіледі және конкурс өткізілетін күннің алдындағы күні жергілікті он сегіз сағатта аяқталады.
      31. Тендер қатысушысы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      1) Тендерге қатысушының жазбаша міндеттемесін қамтитын тендерге қатысудың, ал, ол Жеңімпаз деп жарияланған жағдайда ақпараттық хабарламада белгіленген шарттармен сенімгерлікпен басқару келісім-шартын (шартын) жасасудың өтінімін;
      2) төлқұжатын немесе жеке басын куәландыратын өзге құжаттың көшірмесі;
      3) белгіленген нысанда салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
      4) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатының көшірмесі мен көшірмелердің шынайылығын растау үшін төлем құжаттарының түпнұсқасын;
      5) кейіннен сатып алу құқығымен объектіні сенімгерлікпен басқаруға табыстау бойынша тендерге қатысу үшін жабық конвертте объектіні басқару бадарламасы (бизнес-жоспар) ұсынылады;
      6) сауда-саттыққа қатысу үшін қатысушының қаржылық жағдайын растайтын құжаттар (тиісті салық комитетінің салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқтығы туралы белгіленген нысандағы анықтама; банк алдында мерзімі өткен берешегі жоқтығы туралы банктен алынған анықтама).
      7) өкілдің уәкілеттігін растайтын құжат.
      Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары жарғының, статистикалық кәртішкенің және заңды тұлғаның тіркелгендігі туралы куәліктің нотариалдық расталған көшірмелерін қосымша ұсынады.
      Акционерлік қоғамдар олардың акцияларына иелік ететін акционерлік қоғамдар туралы ақпаратты қамтитын акционерлердің тізімінен көшірмені (ақпараттық хабарлама жарияланған сәттегі) қосымша ұсынады.
      Шетелдік заңды тұлғалар құрылтай құжаттарын орыс тіліндегі нотариалдық расталған аудармасымен ұсынады.
      32. Объектінің ерекшеліктеріне байланысты тендерлік комиссияның шешімі бойынша қатысушылардан басқа да ұсыныстар мен құжаттар талап етілуі мүмкін.
      33. Тендерге қатысуға тілек білдірген тұлғалардың өтінімдерін қабылдау мен тіркеу, талап етілетін құжаттардың толық жинақтамасы болған жағдайда жүргізіледі.
      34. Қатысушылардың құжаттары арнайы журналда тіркелгеннен кейін арнайы сейфте сақталады, тендер өткізілетін күні қатысушылардың құжаттары қаралып, тендерге жіберілу үшін комиссияға беріледі.

3.4. Тендер өткізу тәртібі

      35. Объектінің ерекшеліктеріне байланысты тендердің шарттары бола алады:
      объектіге тартылатын инвестициялардың көлемі, түрі және мерзімі бойынша міндеттемелер;
      өндіріс көлемінің, шығарылатын өнімдер номенклатураларының немесе көрсетілетін қызметтердің белгілі бір деңгейін қамтамасыз ету;
      белгілі бір тұтынушыларға өнімдерді жеткізу;
      баға белгілеу шарттары, соның ішінде бағаның шекті деңгейі бойынша шектеулер;
      табиғатты қорғау шараларын жүргізу;
      жұмыс орындарын сақтау немесе жаңа жұмыс орындарын құру;
      өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің орын алып отырған тәртібі мен пайдалану шарттарын сақтау;
      кредиторлық берешектерді белгіленген мерзімінде өтеу;
      жалақы төлемдері бойынша берешектерді өтеу;
      мәмілелерді жасауды шектеу (қайта сату, кепілге, сенімді басқаруға беру және т.б.) және/немесе жекешелендіру объектісіне қатысты белгілі бір уақыт ішінде белгілі бір іс-қимылдарға тыйым салу;
      тендер комиссияның қалауы бойынша басқа да шарттар болуы мүмкін.
      36. Тендерлік комиссия Меншік иесінің тендер шарттарын, кепілдік жарнасының көлемін белгілейді және тендерді ұйымдастыру жөнінде өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
      37. Егер тіркелген қатысушылардың саны екеуден аз болса, онда объекті бір ғана қатысушыға табысталуы мүмкін, үшінші және одан кейінгі тендерлерді қоспағанда, тендер өтпеген болып саналады.
      38. Тендерлік комиссияның отырысында қатысушылардың ұсыныстары жазылған өтінімдерді комиссияның барлық мүшелері зерделейді және салыстырады. Тендерлік комиссия барлық ресми жағдайлардың сақталуын тексереді, талап етілетін мәліметтер мен құжаттардың бар-жоғын айқындайды.
      39. Тендерлік комиссия тендер өтінімдері бар конверттерді ақпараттық хабарламада көрсетілген күні, уақыты мен мекен-жайы бойынша ашады. Тендер қатысушысы немесе оның уәкілетті өкілі конверт ашу кезінде қатысуға құқылы.
      40. Әрбір табысталған объекті бойынша тендер нәтижелері хаттамамен ресімделеді, оған тендерлік комиссия төрағасы, оның барлық мүшелері және әр объекті бойынша тендер аяқталғаннан кейін тендер Жеңімпазы қол қояды.
      Тендер өткізілген кезде, қатысушылардың тендерлік ұсыныстары нақтылауды қажет еткен жағдайда, тендерлік комиссия қажетті мәліметті алу мақсатында тиісті қорытынды алу үшін мамандарды тыңдауға құқылы.
      Қатысушылардың өтінімдерін қарау нәтижесі туралы шешім қабылдайтын күннен кейінгі күні Меншік иесі тендер қатысушыларының барлығына тендер нәтижелерін бекітуге немесе бас тартуға тиіс.
      41. Хаттама Меншік иесі мен тендер жеңімпазы үшін бір-бір данадан жасақталады.
      42. Тендер нәтижелері туралы хаттама тендер нәтижелері мен Жеңімпаздың және Меншік иесінің тендердің нәтижесі болып табылатын шарттармен сенімгерлікпен басқару келісім-шартын (шарт) жасасу міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады. Объектіні тендер нәтижесі бойынша табыстаудың жеке кездерін анықтау қажеттілігінен басқа жағдайларда, хаттамаға қол қойылған күннен бастап, мерзімі біткенде бұл құқықтық күші жойылатын, он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге сенімгерлікпен басқару келісім-шартын (шарт) жасасуға Жеңімпаздың құқығы бар.
      43. Тендерге қатысуға өтінім болмаған кезде немесе тендерлік комиссия жеңімпаздың болмауы туралы шешім қабылдаған кезде Меншік иесі тендерлік комиссияға тендер шарттарын өзгерту туралы жаңа тендер жариялауға ұсыныс беруге құқылы.

4. Сенімгерлікпен басқару келісім-шарты (шарты)
4.1. Объектіні сенімгерлікпен басқару келісім-шартын (шартын) жасау

      44. Объектіні басқару келісім-шарты (шарт) осы Ереженің42-тармағында белгіленген тәртіпке сәйкес қол қойылуы тиіс.
      45. Тараптар қол қойған сенімгерлікпен басқару Объектісінтапсыру-қабылдау актісі келісім-шарттың (шарттың) құрамдас бөлігі болып табылады. Объектіні табыстау шарты келісім-шартта (шартта) келісіледі.
      46. Табысталатын объекті бойынша өндірістік қызметін жүзегеасыруға рұқсат құжаттарын (лицензия және тағы басқалар) белгіленгентәртіпте алу Басқарушыға жүктеледі.

4.2. Объектіні сенімгерлікпен басқару келісім-шартының талаптары

      47. Келісім-шарттың негізгі талаптары болып табылады:
      1) өндіріс профилін, қызмет көрсетуді сақтау, белгілі бір деңгейде өнім шығару немесе оны әрі қарай көбейту;
      2) барлық және келісім-шартта анықталған қызмет орындарын сақтау;
      3) әлеуметтік кепілдемені қамтамасыз ету, объектідегіқызметкерлердің денсаулығын және өмірін өндірістік жарақаттан және өндірістегі сәтсіз жағдайлардан сақтандыру;
      4) объектінің өрттен, жарылыстан, авариядан, апаттан тәуекелі;
      5) өнімнің сапасын және оның бәсекелестігін көтеру, өндіріс шығындарын төмендету;
      6) келісім-шартта келісілген мерзімде объектінің берешегін жою;
      7) еңбек, қоршаған ортаны жер қойнауын қорғауға қатысты нормалар мен ержелерді сақтау;
      8) Қаржы тарту бойынша міндеттемелер: инвестициялық, айналым қаражатына тауар кредиті;
      9) монополияға қарсы реттелуге жататын шығарылатын өнім бағаларының деңгейі бойынша міндеттемелер;
      10) отандық тауар өндірушілер үшін қолайлы бағаға ішкі базар қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша міндеттемелер;
      11) объектіде аймақтағы және салаларындағы сай келетін мемлекеттік инвестициялық стратегияны дамытуға сәйкес орта және заң мерзімді инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша Басқарушының міндеттемелері;
      12) объектіні қайта құру бағдарламасын жетілдіру бойынша оның қаржылық тұрақтылығының жетістігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар;
      13) және басқа да ұсыныстар.
      48. Әрбір жеке жағдайда Объектінің ерекшелігіне байланысты талаптар өзгеріп және толықтырылып отырылуы мүмкін.

4.3. Объектіні сенімгерлікпен басқару келісім-шартының (шарт) мерзімдері

      49. Меншік иесі мен Басқарушы арасындағы келісім-шарт (шарт)қол қойылған кезден бастап күшіне енеді. Мерзімді есептеу Меншік иесі Басқарушыға объектіні табыстаған күннен басталады.
      50. Келісім-шарт Объектіге байланысты он жылдан көп емес мерзімге жасалады.

4.4. Тараптардың жауапкершілігі

      51. Егер тараптар келісім-шарт (шарт) бойынша өз міндеттемелерін орындамаса немесе тиісінше орындамаса, тараптар азақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республикасының заңнамасымен және келісім-шарт(шарт) талаптарымен реттелмеген мәселелерге Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық келісім нормалары қолданылады.
      52. Келісім-шарт (шарт) талаптарын және шарттарына қайшы келетін тікелей және жасырын түрдегі мәмілелер жарамсыз болып табылады, оған кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауапкершілік жүктеледі.
      53. Айыпты адамдарды жауаптылыққа тарту келітірілген залалдыөтеу міндеттілігінен босатпайды.
      54. Келісім-шартты (шартты) осы Ережеде қарастырылмаған негіздері бойынша мерзімінен бұрын бұзған жағдайда зардап шегуші тарап екінші тараптан барлық тікелей шығындарды, соның ішінде заңды бұзумен келтірілген материалдық залалды өндіруге құқылы.

4.5. Форс-мажор

      55. Егер алапат күші (форс-мажор) жағдайы нәтижесінде міндетемелердің толық немесе жартылай орындалмағаны, жасалған келісім-шарттың (шарттың) орындалуы, сондай-ақ шарттың орындалуынатікелей немесе жанама қатысты ҚР нормативтік құқықтық актілерін қабылдау кешіктірілгені үшін тараптар жауаптылықтан босатылады.Алапат күші жағдайларына тараптардың бақылауынан тыс шығатын жағдайлар жатады, соның ішінде: соғыс жанжалдары, апат жағдайлары (су тасу, жер сілкіну және т.б.).
      56. Форс-мажор жағдайы туындағанда, зардап шегуші тарап жедел жазбаша түрде екінші тарапты жағдайдың басталу күнін көрсете отырып және форс-мажор жағдайын растайтын құжатты ұсынуға міндетті.
      57. Жасалған келісім-шарт (шарт) бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі форс-мажор жағдайларының өтуіне сәйкестеліп жылжытылады.

4.6. Келісім-шарт (шарт) іс-әрекетін тоқтатылу талаптары

      58. Келісім-шарт (шарт) өзінің іс-әрекетін келесі себептердің бірімен тоқтатады:
      1) егер тараптар келісім бойынша келісім-шарт іс-әрекетін ұзартпаған жағдайда, келісім-шарт әрекетінің мерзімінің өтуі бойынша;
      2) осы Ережелердің 55 тармағына сәйкес алапат күшімен болған жағдайлардан басқа жағдайларда (форс-мажор), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес тараптардың бірі келісім-шарт талаптарын орындамаса немесе елеулі бұзса;
      3) тараптардың бірі екінші тараптың келісімінсіз өз мүддесі бөлігінің қайсысын болса да үшінші тұлғаға берсе;
      4) тиісті сот шешімінің негізінде;
      5) сатып алған жағдайда.
      59. Басқарушы объект қызметін қамтамасыз ету бойынша келісім-шартта (шартта) белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, Меншік иесі Басқарушыны 15 күн бұрын ескертіп келісім-шартты біржақты бұзуға құқылы.

4.7. Дауларды шешу

      60. Осы Ережемен реттелмеген барлық мәселелер бойынша тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының аумағында нақты құқықтық мәртебесіне ие халықаралық келісім нормаларын басшылыққа алады.
      61. Акцияларының мемлекеттік пакетін келісім-шарт (шарт) бойынша немесе объектіні басқаруға табыстау құқығынан туындайтын даулар тараптардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен қаралады. Тараптар 60 күн мерзім ішінде шеше алмаған жағдайда, нақтылы шешу үшін тиісті сотқа беріледі. Сот шешімі екі тарап үшін ақырғы шешім болып табылады.

5. Кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқару келісім-шарты (шарты)

      62. Кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқарукелісім-шарты (шарты) бойынша Басқарушыға жүктелген міндеттердіңорындалуын бақылау Меншік иесіне жүктеледі. Меншік иесікелісім-шарттың (шарттың) тиісті орындалуын бақылауды жүзеге асырумақсатында басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандарынтартуға, сондай-ақ оны жүзеге асыруды объектінің баланс ұстаушысынанемесе жергілікті басқару органдарына жүктеуге құқылы.
      63. Егер Басқарушы кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқару келісім-шартының (шарт) талаптарын тиісінше орындаса, Меншік иесі тендерлік комиссия ұсынысымен объектіні тікелей адрестік сату туралы шешім қабылдайды.
      64. Объектіні тікелей адрестік сату Қазақстан Республикасының жекешелендіру туралы немесе тиісті облыс әкімиятының нормативтік құқықтық актілері заңнамасымен реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады