Екінші деңгейдегі банктердің жылдық қаржылық есебін ұсыну және жариялау тәртібі, нысандары мен мерзімдері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 10, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 29 бірлескен қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 10 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2702. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2005 жылғы 15 наурыздағы N 35 және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 15 наурыздағы N 43 бірлескен қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2005.03.15 N 35 және ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005.03.15 N 43 бірлескен қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  8-бабына , "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  9-бабына , "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 54 және  55-баптарына , "Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы және Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі қаулы етеді:
      1. Еншілес ұйымы жоқ екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - банктер) Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) жыл сайын:
      осы бірлескен қаулының 2-тармағына сәйкес жасалынған шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есепті;
      аудиторлық ұйым растаған шоғырландырылған жылдық қаржылық есепті ұсынатын болсын.
      Еншілес ұйымы бар банктер Агенттікке:
      осы бірлескен қаулының 2-тармағына сәйкес жасалынған шоғырландырылмаған және шоғырландырылған жылдық қаржылық есепті;
      аудиторлық ұйым растаған шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есепті ұсынатын болсын.
       Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 56, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы  ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 117 бірлескен   қаулысымен .
      2. Жылдық қаржылық есеп мыналарды қамтиды:
      1) 1-нысан бойынша жасалған, осы бірлескен қаулының 1-қосымшасында белгіленген шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) бухгалтерлік баланс;
      2) 2-нысан бойынша жасалған, осы бірлескен қаулының 2-қосымшасында белгіленген кірістер мен шығыстар туралы шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) есеп;
      3) 3-нысан бойынша жасалған, осы бірлескен қаулының 3-қосымшасында белгіленген ақша қозғалысы туралы шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) есеп;
      4) 4-нысан бойынша жасалған, осы бірлескен қаулының 4-қосымшасында белгіленген, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) есеп;
      5) шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есепке аудиторлық ұйым растаған, шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есеппен туындаған айырмашылықтардың түсініктемесі бар, түсіндірме жазба.
      Банктер жылдық қаржылық есепті, оның ішінде аудиторлық ұйыммен расталған есепті және аудиторлық қорытындыны 15 сәуірге дейін мерзімде ұсынады.
       Ескерту: 2-тармаққа өзгерту мен толықтыру енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 56, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы  ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 117 бірлескен   қаулысымен .
      3. Банктер:
      1) шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есепті Агенттікке электрондық және қағазға шығарылған түрде ұсынуды қамтамасыз ететін болсын;
      2) еншілес ұйымдардың шоғырландырылған негізде жасалған жылдық қаржылық есебінің тиісті нысандарын ұсынсын;
      3) 1 мамырға дейінгі мерзімде аудиторлық ұйым растаған бухгалтерлік балансты және кірістер мен шығыстар туралы есепті, ал еншілес ұйымдары бар банктер аудиторлық ұйым растаған шоғырландырылған бухгалтерлік баланс нысандарын және кірістер мен шығыстар туралы есепті жариялайтын болсын;
      4) 15 мамырға дейінгі мерзімде Агенттікке осы тармақтың 3) тармақшасының орындалуы туралы мәліметті ұсынсын.
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы бірлескен қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы бірлескен қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және Агенттікке жіберсін.
      5. Агенттіктің Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) осы бірлескен қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он бес күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және Банктерге жіберсін;
      2) осы бірлескен қаулы күшіне енген күнінен бастап Банктердің шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есебін осы бірлескен қаулыға сәйкес жинауды, өңдеуді және жинақтауды қамтамасыз етсін.
      6. Осы бірлескен қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы бірлескен қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ететін болсын.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға (4 және 7-тармақтар бойынша) және Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға (5-тармақ бойынша) жүктелсін.

       Ұлттық Банк Төрағасының           
      міндетін атқарушы 

       Қазақстан Республикасының
      қаржы нарығын және қаржы
      ұйымдарын реттеу мен
      қадағалау жөніндегі
      агенттігінің төрағасы

"Екінші деңгейдегі банктердің    
жылдық қаржылық есебін ұсыну    
және жариялау тәртібі,       
нысандары мен мерзімдері туралы" 
Қазақстан Республикасының      
Ұлттық Банкі Басқармасының     
2004 жылғы 24 қаңтардағы N 10   
және Қазақстан Республикасының   
Қаржы нарығын және қаржы      
ұйымдарын реттеу мен қадағалау  
жөніндегі агенттігінің       
2004 жылғы 24 қаңтардағы      
N 29 бірлескен қаулыларына     
1-қосымша            

N 1 нысан            

________________________________
(банктің атауы)

200_ жылғы ________________ жағдай бойынша
Бухгалтерлік балансы

                                                     мың теңгемен
___________________________________________________________________
             Баптардың атауы           |Ескерту| есепті  | өткен
                                       |       | жылдың  | жылдың
                                       |       |соңындағы|соңындағы
___________________________________________________________________
                     1                      2       3         4
___________________________________________________________________
Активтер 
Қолма-қол ақша                              1
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкіндегі корреспонденттік шоттар
және салымдар                               2
Тазартылған қымбат металдар                 3
Саудаға арналған бағалы қағаздар
(ықтимал шығындар резервтерін шегергенде)   4
Басқа банктердің корреспонденттік
шоттары және салымдары (ықтимал шығындар
резервтерін шегергенде)                     5
Басқа банктерге берілген заемдар және
қаржылық жалдау (ықтимал шығындар
резервтерін шегергенде)                     6
Клиенттерге қойылған басқа да талаптар
(ықтимал шығындар резервтерін шегергенде)   7
Басқа да бағалы қағаздар (ықтимал
шығындар резервтерін шегергенде)            8
Капиталға инвестициялар және
реттелген борыш                             9
Негізгі құрал-жабдықтар
(амортизацияны шегергенде)                  10
Материалдық емес активтер
(амортизацияны шегергенде)                  11
Басқа активтер (ықтимал шығындар
резервтерін шегергенде)                     12
Активтердің жиынтығы:

Міндеттемелер
Банктердің корреспонденттік
шоттары және салымдары                      13
Клиенттердің банктік шоттары
және салымдары                              14
Шығарылған борыштық бағалы қағаздар         15
Банктер алдындағы берешек                   16
Басқа да тартылған қаражат                  17
Реттелген борыш                             18
Салық міндеттемесі                          19
Басқа да міндеттемелер                      20
Міндеттемелердің жиынтығы:

Азшылық үлесі                               21

Меншікті капитал
Жарғылық капитал                            22
оның ішінде:
жай акциялар                                23
артықшылықты акциялар                       24
Сыйлықақылар (қосымша төленген капитал)     25
Алынған капитал                             26
Резервтік капитал                           27
Басқа да резервтер                          28
Бөлінбеген таза кіріс (өтелмеген шығын)     29
Капиталдың жиынтығы:

      Міндеттемелердің және меншікті
      капиталдың жиынтығы:
___________________________________________________________________

      2-бағанда қаржылық есептің түсіндірме жазбасында көрсетілген баптар бойынша ескертулердің нөмірлері көрсетіледі
      "Азшылық үлесі" бабы шоғырландырылған қаржылық есеп жасау кезінде толтырылады

      Бірінші басшы ______________________ күні ___________
      Бас бухгалтер ______________________ күні ___________
      Орындаушы __________________
      Мөрге арналған орын

"Екінші деңгейдегі банктердің    
жылдық қаржылық есебін ұсыну    
және жариялау тәртібі,       
нысандары мен мерзімдері туралы" 
Қазақстан Республикасының      
Ұлттық Банкі Басқармасының     
2004 жылғы 24 қаңтардағы N 10   
және Қазақстан Республикасының   
Қаржы нарығын және қаржы      
ұйымдарын реттеу мен қадағалау  
жөніндегі агенттігінің       
2004 жылғы 24 қаңтардағы      
N 29 бірлескен қаулыларына     
2-қосымша            

N 2 нысан            

200_ жылғы "____" __________ жағдай бойынша
_______________________________________
кірістер мен шығыстар туралы есеп

                                                     мың теңгемен
___________________________________________________________________
             Баптардың атауы           |Ескерту| есепті | өткен
                                       |       | жылдағы| жылдағы
___________________________________________________________________
                    1                      2       3         4
___________________________________________________________________
Сыйақы алуға байланысты кірістер:
корреспонденттік шоттар және
орналастырылған салымдар бойынша            1
банктерге берілген заемдар және
қаржылық жалдау бойынша                     2
клиенттерге берілген заемдар және
қаржылық жалдау бойынша                     3
бағалы қағаздар бойынша                     4
банктің сыйақы алуына
байланысты басқа да кірістер                5

Сыйақы төлеуге байланысты шығыстар:
ағымдағы шоттар және клиенттерден
тартылған салымдар бойынша                  6
корреспонденттік шоттар және
банктерден тартылған салымдар бойынша       7
банктерден алынған заемдар бойынша          8
бағалы қағаздар бойынша                     9
сыйақы төлеуге байланысты
басқа да шығыстар                           10

Заемдар бойынша ықтимал шығындар
резервтері қалыптастырылғанға дейінгі,
сыйақы алуға байланысты таза кіріс (шығын)

Заемдар бойынша ықтимал шығындар
резервтері/(резервтерді қалпына келтіру)    11

Сыйақы төлеуге байланысты
таза кіріс (шығын)

Дивиденд түріндегі кірістер                 12
Комиссия және алымдар түріндегі
кірістер                                    13
Комиссия және алымдар төлеу
бойынша кірістер                            14
Бағалы қағаздарды сатып алудан/сатудан
кірістер (шығындар) (нетто)                 15
"РЕПО" операциялары бойынша
кірістер (шығындар) (нетто)                 16
Саудаға арналған және сату үшін қолда
бар бағалы қағаздар құнының өзгеруінен
кірістер (шығындар) (нетто)                 17
Шетел валютасымен операциялар бойынша
кірістер (шығындар) (нетто)                 18
Шетел валютасымен көрсетілген қаржы
активтерін қайта бағалаудан кірістер
(шығындар) (нетто)                          19
Қауымдасқан ұйымдарға
қатысуға байланысты кірістер                20
Қаржылық емес активтерді сатудан
және активтер алудан кірістер               21
Сыйақы алуға байланысты емес,
басқа да операциялық кірістер               22

Сыйақы алуға байланысты емес
таза кіріс (шығындар)

Жалпы әкімшілік шығыстар                    23
оның ішінде:
еңбекке ақы төлеу және іссапар шығыстары   24
амортизациялық ақша аудару және тозу       25
корпоративтік табыс салығын қоспағанда,
салықтар және бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдер бойынша шығыстар      26
Қаржылық емес активтерді сатудан және
активтерді беруден шығыстар                 27
Сыйақы төлеуге байланысты емес
басқа да операциялық шығыстар               28

Басқа да операциялар бойынша резервтер
қалыптастырғанға дейінгі және салық
төлегенге дейінгі пайда (шығындар)

Басқа да операциялар бойынша ықтимал
шығындар резервтері/(резервтерді
қалпына келтіру)                            29

Көзделмеген кірістер (шығындар):            30

Салық салынғанға дейінгі пайда (шығындар)

Корпоративтік табыс салығы                  31

Азшылық үлесіне дейінгі таза пайда
(шығындар)

Азшылық үлесі                               32

Таза пайда (шығындар) жиынтығы
___________________________________________________________________

      2-бағанда қаржылық есептің түсіндірме жазбасында көрсетілген баптар бойынша ескертулердің нөмірлері көрсетіледі
      "Азшылық үлесі" бабы шоғырландырылған қаржылық есеп жасау кезінде толтырылады

Бірінші басшы ______________________ күні ______________
Бас бухгалтер ______________________ күні ______________
Орындаушы __________________
Мөрге арналған орын

"Екінші деңгейдегі банктердің    
жылдық қаржылық есебін ұсыну    
және жариялау тәртібі,       
нысандары мен мерзімдері туралы" 
Қазақстан Республикасының      
Ұлттық Банкі Басқармасының     
2004 жылғы 24 қаңтардағы N 10   
және Қазақстан Республикасының   
Қаржы нарығын және қаржы      
ұйымдарын реттеу мен қадағалау  
жөніндегі агенттігінің       
2004 жылғы 24 қаңтардағы      
N 29 бірлескен қаулыларына     
3-қосымша            

N 3 нысан            

200_ жылғы "____" __________ жағдай бойынша
_______________________________________
(банктің атауы)
Ақша қозғалысы туралы есеп (жанама әдіс)

                                                     мың теңгемен
___________________________________________________________________
             Баптардың атауы           |Ескерту| есепті | өткен
                                       |       |жыл үшін|жыл үшін
___________________________________________________________________
                    1                      2       3         4
___________________________________________________________________
Салық салуға дейінгі кіріс (шығын)          1
Ақшалай емес операциялық баптарға
түзетулер:
  оның ішінде:                              2
  амортизациялық есептеулер және тозу       3
  ықтимал шығындарға резервтер бойынша
  шығыстар                                  4
  Қаржы активтерінің құнын өзгертуден
  жұмсалмаған кірістер және шығыстар        5
  алуға сыйақы түрінде есептелген
  кірістер                                  6
  Сыйақы төлеуге шығыстар                   7
ақшалай емес баптарға басқа да түзетулер
Операциялық активтерді және
міндеттемелерді өзгерткенге дейінгі
операциялық кіріс (шығын)

Операциялық активтерде (көбеюі) азаюы
  Өтеу мерзімі үш айдан астам мерзіммен
  орналастырылған салымдардың (көбеюі)
  азаюы                                     8
  Берілген заемдардың және қаржылық
  жалға алудың (көбеюі) азаюы               9
  Саудаға арналған және қолда бар
  сатуға арналған бағалы қағаздардың
  (көбеюі) азаюы                            10
  Кері РЕПО операцияларының (көбеюі)
  азаюы                                     11
  Клиенттерге қойылатын талаптардың
  (көбеюі) азаюы                            12
  Басқа активтердің (көбеюі) азаюы          13

Операциялық міндеттемелердің көбеюі
(азаюы)
  Өтеу мерзімі үш айдан астам мерзімге
  тартылған салымдардың (көбеюі) азаюы      14
  "РЕПО" операциясының көбеюі (азаюы)       15
  Басқа кредиторлық берешектің
  көбеюі (азаюы)                            16
  Басқа міндеттемелердің көбеюі (азаюы)     17

Операциялық қызметтен түскен ақшаның
көбеюі және азаюы
  Корпоративтік табыс салығы                18

Салық салудан кейінгі операциялық
қызметтен түскен ақшаның көбею
(азаю) жиынтығы

Инвестициялық қызметпен байланысты
ақшалай түсімдер және төлемдер
Өтеуге дейін ұсталынатын бағалы
қағаздарды сатып алу (сату)                 19
Негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық
емес активтерді сатып алу                   20
Негізгі құрал-жабдықтар мен
материалдық емес активтерді сату            21
Басқа заңды тұлғалардың капиталына
инвестициялар                               22
Басқа да түсімдер және төлемдер             23
Инвестициялық қызметтен түскен
ақшаның көбею (азаю) жиынтығы

Қаржылық қызметке байланысты
ақшалай түсімдер және төлемдер
Акциялар шығару                             24
Борыштық міндеттемелер шығару               25
Меншік акцияларын сатып алу немесе өтеу     26
Дивидендтер төлеу                           27
Азшылық үлесінің көбеюі (азаюы)             28
Басқа түсімдер және төлемдер                29
Қаржылық қызметтен түскен ақшаның
көбею немесе азаю жиынтығы

Есепті кезеңдегі ақшаның таза
көбею немесе азаю жиынтығы

Есепті кезең басындағы ақша қалдығы         30
Есепті кезең соңындағы ақша қалдығы         31
___________________________________________________________________

      2-бағанда қаржылық есептің түсіндірме жазбасында көрсетілген баптар бойынша ескертулердің номері көрсетіледі
      "Азшылық үлесінің көбеюі (азаюы)" бабы шоғырландырылған қаржылық есепті жасау кезінде толтырылады

Бірінші басшы ______________________ күні ______________
Бас бухгалтер ______________________ күні ______________
Орындаушы __________________
Мөрдің орны

"Екінші деңгейдегі банктердің    
жылдық қаржылық есебін ұсыну    
және жариялау тәртібі,       
нысандары мен мерзімдері туралы" 
Қазақстан Республикасының      
Ұлттық Банкі Басқармасының     
2004 жылғы 24 қаңтардағы N 10   
және Қазақстан Республикасының   
Қаржы нарығын және қаржы      
ұйымдарын реттеу мен қадағалау  
жөніндегі агенттігінің       
2004 жылғы 24 қаңтардағы      
N 29 бірлескен қаулыларына     
4-қосымша            

N 4 нысан            

Меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп
___________________________________________
(банктің атауы)
200_ жылғы ________________ жағдай бойынша

                                                      мың теңгемен
___________________________________________________________________
                          |Жар.|Сый.|Алын.|Ре.  |Басқа|Бөлін.|Жиын.
                          |ғы. |лық.|ған  |зерв.|ре.  |беген |тығы
                          |лық |ақы |капи.|тік  |зерв.|кіріс |
                          |ка. |(қо.|тал  |капи.|тер  |(жа.  |
                          |пи. |сым.|     |тал  |     |был.  |
                          |тал |ша  |     |     |     |маған |
                          |    |тө. |     |     |     |шығын)|
                          |    |лен.|     |     |     |      |
                          |    |ген |     |     |     |      |
                          |    |ка. |     |     |     |      |
                          |    |пи. |     |     |     |      |
                          |    |тал)|     |     |     |      |
___________________________________________________________________
              1              2   3     4     5     6     7     8
___________________________________________________________________
Есепті кезеңнің басындағы
сальдо
Есеп саясатындағы
өзгерістер және негізгі
қателерді түзету
Есепті кезеңнің басында
қайта есептелген сальдо
Есепті кезеңде қосымша
шығарылған (сатып алынған)
меншікті акциялар
Дивидендтер 
Негізгі құрал-жабдықты
қайта бағалау
Сатуға арналған қолда бар
бағалы қағаздардың
құнын өзгерту
Есепті кезеңде бөлінбеген
кіріс (шығын)
Ішкі аударымдар
резервтік капиталды
қалыптастыру
негізгі құрал-жабдықтың
жинақталған қайта
бағалауын өзгерту
Өзге операциялар
Есепті кезеңнің аяғындағы
сальдо
___________________________________________________________________

Бірінші басшы ______________________ күні ______________
Бас бухгалтер ______________________ күні ______________
Орындаушы __________________
Мөрдің орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады