Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1769 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшілігінің, арнайы басқарушысының қызметі және еріксіз тарату туралы ережені бекіту туралы" 2001 жылғы 28 қазандағы N 420 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасы Төрағасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 8 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 23 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2710. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 77 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 77   қаулысымен .
_______________________________

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын еріксіз таратуды жүзеге асыру тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшілігінің, арнайы басқарушысының қызметі және еріксіз тарату туралы ережені бекіту туралы" 2001 жылғы 28 қазандағы N 420  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1769 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 25 ақпан - 10 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      мемлекеттік тілдегі атауында және мәтін бойынша "ұйымдарының уақытша әкімшілігінің, арнайы басқарушысының қызметі және" деген сөздер "ұйымдарын" деген сөзбен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшілігінің, арнайы басқарушысының қызметі және еріксіз тарату туралы ережеде:

      мемлекеттік тілдегі мәтін бойынша атауындағы "ұйымдарының уақытша әкімшілігінің, арнайы басқарушысының қызметі және" деген сөздер "ұйымдарын" деген сөзбен ауыстырылсын;

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексіне , " Сақтандыру қызметі туралы ", "Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі туралы ", " Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы ", " Акционерлік қоғамдар туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын еріксіз тарату, оның ішінде банкроттық негіз бойынша тарату тәртібін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының құқықтық мәртебесін және өкілеттіктерін, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлар комитетін қалыптастыру мен қызметінің ерекшеліктерін, қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) өкілеттіктерін айқындайды.";

      мәтіндегі "уәкілетті мемлекеттік органның", "уәкілетті мемлекеттік органмен", "уәкілетті мемлекеттік орган", "уәкілетті мемлекеттік органға" деген сөздер тиісінше "уәкілетті органның", "уәкілетті органмен", "уәкілетті орган", "уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын - кепілдік берілген сақтандыру төлемдері жүйесінің қатысушысын еріксіз тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының  Заңында  және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған еріксіз таратылатын ұйымның міндетті сақтандыру шарты бойынша барлық басталған сақтандыру жағдайлары жөніндегі міндеттемелері (кепілдік берілген және өтемақы жасау төлемдері) өтеді.".

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің және тарату комиссиясының құрамына енгізілген уәкілетті органның қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі болмаған жағдайда не оның құны осы шығыстардың орнын жабуға жеткіліксіз болғанда соттың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын еріксіз тарату жөнінде шешім қабылдағаны туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын екі мерзімді басылымда жариялау бойынша шығыстардың орнын жабу жағдайларын қоспағанда, уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын еріксіз таратуға байланысты шығыстарды қаржыландыруына тыйым салынады.".

      2, 3-тараулар алынып тасталсын;

      24-тармақтың бірінші, екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "24. Тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап оған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін және ісін басқару жөніндегі өкілеттіктер өтеді.
      Тарату комиссиясы уақытша әкімшіліктен (уақытша басқарушыдан) 10 күндік мерзімде сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиялардың түпнұсқаларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін және құжаттарын қабылдау-өткізу актісі бойынша қабылдап алады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияларының түпнұсқалары тарату комиссиясы тағайындалған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қайтарылуға жатады.";

      мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
      "26-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы төрағасының, мүшелерінің және өзге де тартылған қызметкерлердің әрқайсысына төленетін сыйақының ай сайынғы мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңдарда белгіленген олардың ең аз жалақысының он еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.";

      34-тармақта:
      бірінші абзацтағы "заңнамасында" деген сөз "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы "хабарлауы" деген сөзден кейін ", сондай-ақ уәкілетті органға мәлімдеуі" деген сөздермен толықтырылсын;

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "35. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының - кепілдік берілген сақтандыру төлемдері жүйесі қатысушысының тарату комиссиясының құрамына уәкілетті органға ұсынылған өтініш негізінде міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өкілі кіруі мүмкін.";

      36-тармақта:
      3) тармақшадағы "арнайы басқарушысынан" деген сөздер "уақытша әкімшілігінен (уақытша басқарушысынан)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақшадағы "тарату басталған күннен бастап" деген сөздер "тарату комиссиясы белгілеген күннен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату мақсаттарына сәйкес оның активтерін анықтайды және активтерін басқарады;";
      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "10-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жасаған сақтандыру шарттары бойынша оның міндеттемелерінен тұратын сақтандыру портфелін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беру жөнінде шаралар қабылдайды;";
      22) тармақшадағы "тарату комиссиясы тағайындаған соттың және" деген сөздер алынып тасталсын;
      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "23) тарату туралы есепті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату балансын жасайды және оларды келісу үшін уәкілетті органға жібереді.";
      24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "24) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталғаннан кейін құжаттарды белгіленген тәртіппен мұрағатқа сақтауға өткізеді және бұл жөнінде уәкілетті органға мәлімдейді."; 
      25) тармақшадағы "осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заң актілеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      37-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шоты оның бас офисі тұрған жерде екінші деңгейдегі банкте ашылады.";
      екінші абзацтағы "ағымдағы есепшотына" деген сөздер "ағымдағы шотына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      43-тармақтағы екінші сөйлем алынып тасталсын;

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "56. Аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тізілімі жасалғаннан кейін тарату комиссиясы оларды уәкілетті органға бекітуге ұсынады.";

      59-тармақ алынып тасталсын;

      60, 61-тармақтардағы "сотта" деген сөз "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "62. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату ісіне байланысты шығыстар, сондай-ақ соттың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күнге дейін басталған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру шығыстары кезектен тыс жүргізіледі.
      Тарату массасын мақсатсыз жұмсауға, сондай-ақ тарату комиссиясына ақы төлеу үшін екі айдан астам мерзімге қаражатты резервтеуге тыйым салынады.";

      71-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Кредиторлар комитеті өз қызметінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.";

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "72. Тарату комиссиясы кредиторлар комитеті құрамының тізімін аралық тарату балансы және кредиторлардың тізілімі бекітілген күннен бастап он күндік мерзімде жасайды, тарату комиссиясының төрағасының қолы қойылып, тез арада уәкілетті органға бекітуге жібереді.";

      76-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мұндай жағдайда тарату комиссиясы кейіннен кредиторлар комитетінің тізімін уәкілетті органға бекітуге ұсына отырып, кредиторлар комитетінің құрамын өзгерту жөнінде жұмыс жүргізеді.";

      79-тармақта:
      5) тармақшадағы "өкілін" деген сөз "өкілдерін" деген сөзбен ауыстырылсын;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын ескере отырып, тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне төленетін негізгі және қосымша төлемдердің мөлшерін қоса, тарату шығыстарының сметасын бекітуге;";

      84-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын тағайындайды;";
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) еріксіз таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін бекітеді;";
      3) тармақшадағы "қарайды" деген сөз "бекітеді" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) тарату комиссиясы ұсынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату туралы есебі мен тарату балансын қарайды және келіседі;";
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) тарату комиссияларының қызметінде Қазақстан Республикасы заңдарының, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы анықталғанда заң бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамалар шығарады, нұсқамалардың орындалу мерзімін белгілейді.";

      86-тармақтағы "және бұл жөнінде сотқа хабарлайды" деген сөздер алынып тасталсын;

      87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "87. Тарату комиссиясы белгіленген мерзімде жазбаша нұсқамаларды орындамаған жағдайда, уәкілетті орган кредиторлардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа не прокуратура органдарына өтініш береді.";

      88, 89-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "88. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысуы аяқталғаннан кейін тарату комиссиясы сотқа уәкілетті органмен келісілген тарату туралы есепті және тарату балансын ұсынады.
      Сот тарату туралы есепті және тарату балансын бекітеді және тарату өндірісінің аяқталғаны туралы ұйғарым шығарады.

      89. Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшірмесін заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді жүзеге асыратын тиісті әділет органына, сондай-ақ уәкілетті органға жібереді.";

      90-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентінің "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" Заң күші бар Жарлығы белгілеген" деген сөздер "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңында  белгіленген" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн ішінде қолданысқа енеді.

      3. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (Бадырленова Ж.Р.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, еріксіз таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларына жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Төрағасы Б.Б. Жәмішевке жүктелсін.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады