Қазақстан Республикасының құрама командаларын жасақтау мен даярлауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 1 наурыздағы N 06-2-2/69 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 23 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2762. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 02-02-18/169 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Туризм және спорт министрінің 2011.08.24 № 02-02-18/169 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы құрама командаларының негізгі, жастар және жасөспірімдер құрамын қалыптастыру кезіндегі қызметті тәртіптеу және мөлдірлікті қамтамасыз ету, жаттықтырушы-оқытушылар құрамының жұмысын бақылау және Қазақстан спортшыларын әлем, Азия және Еуропа чемпионаттары мен Кубоктарына, Азия және Олимпиада ойындарына және басқа да халықаралық ресми жарыстарға даярлаудың тиімділігін арттыру мақсатында бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының құрама командаларын жасақтау мен даярлауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Жоғары жетістіктер спорты мен спорт резерві басқармасы (Ю.П.Гуськов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
      3. Бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның орынбасары Е.Қанағатовқа жүктелсін.

       Төраға

Қазақстан Республикасы     
Туризм және спорт жөніндегі  
агенттігі Төрағасының     
2004 жылғы 1 наурыздағы    
"Қазақстан Республикасының   
құрама командаларын жасақтау 
мен даярлауды ұйымдастыру  
жөніндегі нұсқаулықты    
бекіту туралы"        
N 06-2-2/69 бұйрығымен    
бекітілген          

  Қазақстан Республикасының құрама командаларын
жасақтау мен даярлауды ұйымдастыру жөніндегі
Нұсқаулық 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының құрама командаларын жасақтау мен даярлауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1755  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі туралы ережеге сәйкес әзірленді.

      2. Осы Нұсқаулықта мынадай терминдер мен ұғымдар қолданылады:
      1) бас жаттықтырушы - Қазақстан Республикасы құрама командасының негізгі құрамын спорт түрлерінен халықаралық, соның ішінде ресми жарыстарға дайындау, қатысу және басқару үшін жауапты жаттықтырушы;
      2) мемлекеттік жаттықтырушы - Қазақстан Республикасында спорт түрін дамытуға және оны басқаруға жауапты жаттықтырушы;
      3) аға жаттықтырушы - құрама командалардың (ерлер, әйелдер, жастар командалары, жалпы дене дайындығы, арнаулы, техникалық дайындық бойынша) жұмыс бөлімі үшін жауап беретін жаттықтырушы;
      4) мақсатты кешенді бағдарлама - спорт ұйымдарының күш-қимылын мақсатты және тиімді бөлуге, біліктілігі жоғары спортшыларды тәрбиелеудің басты бағыттарына назар аударуға мүмкіндік беретін, оқу-жаттығу, ғылыми-әдістемелік және медициналық қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаны, тәрбиелік және патриоттық жұмысты дамытуды қоса алғанда, нақты бір халықаралық жарыстарға спортшыларды даярлау жөніндегі мәселелерді кешенді шешуге арналған келешектің жоспары;
      5) спортшы - спортпен жүйелі шұғылданатын және спорт жарыстарына қатысатын жеке тұлға;
      6) жаттықтырушы-оқытушы - тиісті кәсіби (мамандығы бойынша дене тәрбиесі және спорт) білімі бар және тікелей жаттықтырушы-оқытушылық қызметпен айналысатын жеке тұлға;
      7) жаттықтырушылар кеңесі - спортшылар мен командаларды спорт жарыстарына қатысуға даярлаудың әдістемелік стратегиясын тұжырымдау үшін облыстардың, Алматы мен Астана қалаларының аға жаттықтырушыларынан, дәрігерлерден, құрама командалардың мамандарынан құрылған кеңесуші орган.

      3. Қазақстан Республикасының құрама командалары - спортшылардың, жаттықтырушылардың, ғалымдардың, дене шынықтыру-спорт ұйымдары мен спорт медицинасы ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің ұжымдары спорттың түрлері бойынша федерациялардың құрамдас бөлігі болып табылады, халықаралық жарыстарға даярлау және оларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында қатысу мақсатында құрылады.

      4. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) бекіткен арнайы нормативтерді орындаған спортшылардың арасынан спорт түрлері бойынша тиісті республикалық федерациялардың, жаттықтырушылар кеңесінің, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұсыныстарын ескере отырып, спорттың әрбір түрінен Қазақстан Республикасының құрама командалары конкурстық негізде құрылады.

      5. Қазақстан Республикасының спорт түрінен құрама командасы негізгі, жастар және жасөспірімдер құрамынан құралады.
      Спорт түрінен Қазақстан Республикасының негізгі құрама командасына мүшелікке жоғары даярлығы бар, ел чемпионаттары мен халықаралық жарыстарда ұдайы жоғары нәтижелерге жетіп жүрген спортшылар қабылданады.
      Спорт түрінен Қазақстан Республикасының жастар құрама командасының мүшелігіне үміткер - жастар арасындағы республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары немесе жүлдегерлері және одан әрі спорттық жетілуге әлеуеті бар спортшылар болуы мүмкін.
      Спорт түрінен Қазақстан Республикасының жасөспірімдер құрама командасының мүшелігіне республиканың спорттық әлеуетін анықтайтын жасөспірімдер арасындағы республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері үміткер бола алады.

      6. Қазақстан Республикасы құрама командаларының негізгі, жастар және жасөспірімдер құрамаларына мүше спортшылар өз қатарларынан команда капитанын сайлайды. Команда капитаны оқу-жаттығу процесі мен жарыс кезінде құрама команданың мүшелері мен команда басшылығы арасында негізгі дәнекер болады.

  2. Қазақстан Республикасы құрама командаларының
негізгі мақсаттары мен міндеттері

      7. Негізгі мақсаттар:
      1) Қазақстан Республикасының әлемдік спорттық қоғамдастықтағы беделін одан ірі нығайту үшін әлемдік спорт ареналарында алдыңғы қатарлы ұстанымдарды жеңіп алу;
      2) әртүрлі спорттық іс-шараларға қатысу, олимпиадалық және халықаралық спорттық қозғалысты Қазақстан Республикасында және одан басқа жерлерде насихаттау;
      3) халықаралық спорттық жарыстарға қатысу арқылы халықтар арасындағы достық пен өзара түсінісушілікті нығайту.

      8. Негізгі міндеттері:
      1) Азиялық, Олимпиадалық, Параолимпиялық ойындарға, Универсиадаларға, әлем, Азия, Еуропа чемпионаттары мен Кубоктарына және басқа халықаралық жарыстарға дайындалу мен қатысу;
      2) спортшылардың спорттық шеберлігін одан әрі жетілдіру;
      3) Қазақстан спортының халықаралық аренадағы беделін арттыру;
      4) спортшыларды патриоттыққа тәрбиелеу және Отанға қызмет етуге дайындығын қалыптастыру, дене шынықтыруды және спортты насихаттау;
      5) команданы, спорт түрінің жақсы дәстүрлерін сақтайтын, аға ұрпақтың тәжірибесі мен жетістіктерін ескеретін ұжымды қалыптастыру;
      6) спортшыларды даярлаудың, оқу-жаттығу процесін ғылыми және медико-биологиялық қамтамасыз етудің әдістемесін жетілдіру;
      7) өскелең ұрпақты спортпен жүйелі шұғылдануға тарту.

  3. Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамы

      9. Негізгі, жастар және жасөспірімдер құрамасына алынған спортшы спорт түрінен Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшесі болып табылады. Ресми халықаралық жарыстарда Қазақстан Республикасы атынан қатысатын спортшы спорт түрінен Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшесі болып табылады.

      10. Қазақстан Республикасы құрама командасы мүшелерінің сандық құрамын командалардың Азия және Олимпиада ойындарына, әлем, Азия, Еуропа чемпионаттары мен Кубоктарына жіберілген команданың сандық құрамын, жылдың ең басты жарыстарының нәтижелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасында спорттың даму деңгейін ескере отырып, жаттықтырушылар кеңесінің ұсынымы бойынша уәкілетті орган бекітеді.
      Негізгі, жастар және жасөспірімдер контингентінің сандық құрамына спорттың жекпе-жек түрлерінен - үш құрам, спорттың қалған түрлері бойынша қосалқы құрам қабылданады.

      11. Спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының құрама командаларының мүшелері:
      1) орталықтандырылған дайындық (оқу-жаттығу жиындары) және Азиялық, Олимпиадалық, Параолимпиялық ойындарға, Универсиадаларға, әлем, Азия, Еуропа чемпионаттары мен Кубоктарына және басқа халықаралық жарыстарға қатысу кезінде тұратын орындармен, тамақтандырумен, жарақтармен және спорттық киіммен;
      2) медициналық, сондай-ақ республиканың спорттық мекемелерінде, дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінде емдеумен қамтамасыз етіледі.

      12. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасына мүшеліктен үміткерлер:
      1) спорттық қызметі туралы шарттың (келісім-шарттың) және шартта (келісім-шартта) көрсетілген міндеттемелерді орындаудың мерзімі аяқталғаннан кейін бір дене шынықтыру спорт ұйымынан басқа ұйымға немесе шетелдің дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысуы;
      2) спортта жеткен жоғары жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің және басқа нормативтік актілермен белгіленген ақшалай сыйақыларды алуы;
      3) талаптарды орындаған жағдайда белгіленген тәртіппен "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" атақтарын алу үшін ұсынылуға, сондай-ақ уәкілетті органның медальдарымен, дипломдарымен және грамоталарымен марапатталуға, Азия, Олимпиада ойындарында, әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарында, басқа да халықаралық жарыстарда жеткен жоғары жетістіктері және спортты дамытуға қосқан зор үлесі үшін мемлекеттік наградалармен марапаттауға ұсынылуы;
      4) уәкілетті орган спортшыларды халықаралық ресми жарыстарға дайындалу және қатысу кезінде қолайсыз жағдайлардан сақтандыруы мүмкін.

      13. Спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының құрама командасына мүшеліктен үміткерлер:
      1) Қазақстан Республикасының атынан халықаралық спорт аренасындағы жарыстарға, әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарына, Азия, Еуропа, әлем Кубоктарына, Азия және Олимпиада ойындарына және басқа халықаралық жарыстарға лайықты қатысуы, өздерінің жеткен жетістіктерімен Қазақстанның спорттық даңқын нығайтуы;
      2) спорттық шараларға қатысуы, өзінің спорттық шеберлігін арттыруы, жоғары азаматтық, моральдық, жігерлілік және әдептілік қасиеттерін көрсетуі, гигиена негіздерін зерттеуі және сақтауы, дене шынықтыру және спорт, олимпиадалық және халықаралық спорт қозғалыстары туралы білімді меңгеруі;
      3) спорттық іс-шараларға құрама команданың сапында қатысуға шақырылған кезде спортшының оқу-жаттығу жұмысын орындағаны туралы жаттықтырушының есебі мен оқу-жаттығу жиындарына арналған ұсынымдары болуы;
      4) дайындықтың, жаттығудың жеке жоспарларын және жарысу тапсырмаларын орындауы;
      5) құрама командада жолдастық рухты, іскерлік бәсекелестікті, Қазақстан Республикасы құрама командасының басшылығы мен қызметкерлерін, төрешілерді, көрермендерді сыйлауды жеке өз басы үлгі етіп көрсетуі;
      6) Қазақстан Республикасы құрама командасы басшылығының нұсқауларын, жаттықтырушылар құрамының, дәрігерлердің, ғылыми топтардың оқу-жаттығу процесі мен жарыс кезіндегі талаптары мен ұсыныстарын орындауы;
      7) спортта адал бәсекеге түсуі, Халықаралық Олимпиада Комитетінің Медициналық комиссиясының және спорт түрлері бойынша халықаралық спорт федерациялары тыйым салған ынталандыру құралдарын (есірткілер, допингтер) қолданбауы, режім, тәртіп және қоғамдық тәртіпті сақтауы;
      8) спорттық киімді, мүкәммалдарды, спорт ғимараттарының жабдықтарын ұқыпты сақтауы қажет.

      14. Құрама командалардың мәртебесін және спортшылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында негізгі, жастар және жасөспірімдер құрамындағы спортшылар арасынан ұжымға құрама команданың жаңа мүшелерін салтанатты түрде қабылдауды қосымшаға сәйкес, құрама команда мүшесінің антын қабылдағаннан кейін қарастыру қажет.

      15. Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшесі, спортшы спорттық нәтижелерді төмендеткені, жеке жоспарлар мен белгіленген нормативтерді жүйелі орындамағаны, тыйым салынған препараттарды қолданғаны, шарт талаптарын бұзғандығы үшін команда құрамынан шығарылуы мүмкін.

  4. Қазақстан Республикасы құрама командасының
жұмысын ұйымдастыру және басқару

      16. Уәкілетті орган жаттықтырушылар кеңесінің, спорт түрінен федерациялардың ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы құрама командасының мемлекеттік, бас және аға жаттықтырушылары мен мамандарын қызметке бекітеді.

      17. Спорт түрінен Қазақстан Республикасының құрама командасын басқаруды бас жаттықтырушы жүзеге асырады және спорт түрінен жаттықтырушылар кеңесі басқарады.

      18. Бас жаттықтырушы спорт түрлерінен құрама команда мүшелерінің даярлығы жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және құрама командаға мүше - спортшылардың жарыстарға қатысуының нәтижелеріне үнемі талдау жүргізеді. Даярлықтың мақсатты әрі кешенді бағдарламаларын (бұдан әрі - МКБ) іске асыру жөнінде жұмыстар жүргізеді. Бас жаттықтырушының жұмысы оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға және халықаралық жарыстарға қатысуға, команда құрамындағы тәрбие жұмыстарына және команда құрамында психологиялық ахуал жасауға бағытталған.

      19. Қазақстан Республикасы құрама командасына мүше спортшының жеке жаттықтырушысы Қазақстан Республикасы құрама командасына орталықтандырылған даярлық үшін уақытша іссапарға жіберілуі мүмкін. Жеке жаттықтырушы Қазақстан Республикасы құрама командасынан тыс жерде спортшының жеке дайындық жоспарын орындағаны үшін  жеке өзі жауап береді.

      20. Спорт дәрігері Қазақстан Республикасы құрама командасына мүше спортшының денсаулығын қадағалайды, жаттықтырушылар құрамына спортшының хал-жайы және ұсынылатын жаттығу жүктемелері жөнінде ұсыныстар береді, медико-биологиялық, қалпына келтіру шаралары мен емдеуді, сондай-ақ спортшыны теңгерімді тамақтандыруды, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар өтетін орындардың санитарлық-тазалық жағдайын бақылауды жүзеге асырады.

      21. Қазақстан Республикасы құрама командасының массажшысы спорт дәрігерінің немесе бас дәрігердің әдістемелік басшылығымен жұмыс істейді.

      22. Қазақстан Республикасы құрама командасын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету үшін тартылатын мамандар спортшыларды даярлау жөнінде әдістемелік көмек көрсетеді, оның функционалдық және техникалық деңгейіне ағымдағы бақылауды жүзеге асырады. Бас жаттықтырушымен, жаттықтырушылар кеңесімен бірлесіп дайындықтың МКЖ-ны және жеке жоспарларды әзірлеуге қатысады.

      23. Қазақстан Республикасы құрама командасына тартылатын басқа да мамандар (қару және кеме шеберлері, механиктер, атбегілер және тағы басқалар) өздерінің лауазымдық нұсқаулықтары мен біліктілік мінездемелеріндегі талаптарға сәйкес жұмыстарды орындайды.

      24. Қазақстан Республикасының құрама командаларына тартылатын жаттықтырушылар мен мамандар:
      1) орталықтандырылған оқу-жаттығу жиындарында және баратын жарыстарында тұратын орынмен, тамақпен, спорттық киіммен қамтамасыз етілуі;
      2) спорттағы жоғары нәтижелері үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі және басқа да нормативтік актілермен белгіленген ақшалай сыйақылар алуы;
      3) Азия, Олимпиада және Параолимпиялық ойындарда, Универсиадаларда, әлем, Азия, Еуропа чемпионаттары мен Кубоктарында жоғары спорттық нәтижелерге жеткені және спортты дамытуға қосқан зор үлесі үшін мемлекеттік марапаттарға ұсынылуы;
      4) "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атағын беруге, уәкілетті органның құрмет белгілерімен, сондай-ақ дипломдармен және грамоталармен марапаттауға ұсынылуы мүмкін.

      25. Қазақстан Республикасы құрама командаларының мемлекеттік, бас, аға жаттықтырушылары мен тартылған мамандары:
      1) өздерінің кәсіби біліктілігін тұрақты арттыруға;
      2) бұрынғы даярлық кезеңіне талдау мен Қазақстан Республикасы құрама командаларының және жекелеген спортшылардың халықаралық жарыстарға қатысуының негізінде жедел жоспарлар мен келешекке арналған жоспарларды, оқу-жаттығу процесінің қазіргі ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейін қамтамасыз етуі;
      3) спорт түрлері бойынша әлем, Азия, Еуропа чемпионаттары мен кубоктарында, Олимпиадалық және Параолимпиялық ойындарда, Универсиадаларда және басқа халықаралық жарыстарда құрама командалар алдына қойылған міндеттерді шешу жөніндегі уәкілетті органның тапсырмасын орындауы;
      4) Қазақстан Республикасы құрама командасында жолдастық ахуалды, іскерлік бәсекелестікті, Қазақстан Республикасы құрама командасы қызметкерлеріне, төрешілер мен көрермендерге сыйластықпен қарауды қалыптастыруы;
      5) халықаралық аренада Қазақстан спортының беделін арттыруы;
      6) спортшылармен тұрақты тәрбие жұмыстарын жүргізуі;
      7) Халықаралық Олимпиада Комитеті мен халықаралық федерациялардың Медициналық кодексін сақтауы;
      8) Қазақстан Республикасы құрама командасының жаңа буын жаттықтырушылары мен командаға мүше-спортшыларға дайындық әдістемесі саласында жинақталған тәжірибелер мен ғылыми әдістемелік және медико-биологиялық жетістіктерді табыстауы;
      9) Азия, Олимпиада және Параолимпиялық ойындарда, Универсиадаларда, әлем, Азия, Еуропа чемпонаттары мен кубоктарында және басқа халықаралық жарыстарда Қазақстан Республикасының атынан лайықты қатысуы;
      10) Қазақстан спортшыларының шеберлігін жетілдіруі қажет.

  5. Жаттықтырушылар кеңесі

      26. Мемлекеттік жаттықтырушының ұсынысы бойынша жаттықтырушылар кеңесі құрылады және оны уәкілетті орган бекітеді.

      27. Жаттықтырушылар кеңесі құрама команданы халықаралық жарыстарға даярлаудың мәселелерін қарастырады және спорт түрлері бойынша негізгі, жастар және жасөспірімдер құрама командаларының тізімін жасайды, ағымдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді белгілейді және спортшылар мен жаттықтырушылардың жеке жоспарды орындау жөніндегі есебі мен қатысқан жарыстардың нәтижелерін тыңдайды. Қойылған міндеттерді орындаудың қорытындысын шығарады және алдағы жоспарларға түзетулер енгізеді.

      28. Жаттықтырушылар кеңесі МКЖ-ны қарайды, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді және оны іске асыру туралы ұсынымдар дайындайды.

      29. Бас жаттықтырушының басқаруындағы құрама команданың жаттықтырушылар кеңесі МКЖ-ны іске асыру мақсатында спортшыларды даярлаудың оқу-жаттығу процесін материалдық-техникалық, әдістемелік, медициналық, ғылыми қамтамасыз етуді ұйымдастырады, оқу-жаттығу процесі кезінде еңбек тәртібінің және техника қауіпсіздігі шараларының сақталуын қамтамасыз етеді.

  6. Қазақстан Республикасының құрама командаларын
материалдық-техникалық қамтамасыз ету мен қаржыландыру

      30. Қазақстан Республикасының құрама командаларын материалдық-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы     
Туризм және спорт жөніндегі  
агенттігі Төрағасының     
2004 жылғы 1 наурыздағы    
N 06-2-2/69 бұйрығымен     
бекітілген           
Қазақстан Республикасының   
құрама командаларын жасақтау 
мен даярлауды ұйымдастыру  
жөніндегі нұсқаулыққа    
қосымша           

Қазақстан Республикасы құрама
командасы мүшесiнiң
АНТЫ

      Мен, (Т.А.Ә), менi ______________________________________ (спорт түрi) Қазақстан Республикасының құрама командасына қабылдауды мемлекеттiң көрсеткен ерекше сенiмi ретiнде бағалай және өзiмнiң жауапкершiлiгiмдi сезiне отырып:
      - аса жоғары нәтижелерге жету үшiн өзiмнiң жеңiске деген бар күш-жiгерiмдi жұмсай отырып, спорт аренасында бiздiң Отанымыздың намысын лайықты қорғау үшiн спорттық шеберлiгiмдi үнемi жетiлдiруге;
      - спорт жарыстарында адал күресуге, жарыс ережелерiн қатаң сақтауға, допингке қарсы кодекстi ұстануға және тыйым салынған заттарды пайдаланбауға;
      - спорттағы тәлiмгерлердiң барлық нұсқаулары мен талаптарын орындауға, жаттықтырушы-оқытушылар құрамына, команда мүшелерiне, бәсекелестерге, төрешiлерге, көрермендер мен жанкүйерлерге сыйластықпен қарауға;
      - өзiмнiң барлық қарекетiмде спорттық әдеп ережелерiн басшылыққа алуға салтанатты түрде ант етемiн.
      Менiң осы антты бұзуым Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшесi деген жоғары атақпен сыйыспайтындығын ұғынамын.

      ____________                      ______________ Т.А.Ә.
      (күні)

Об утверждении Инструкции по организации подготовки и формирования сборных команд Республики Казахстан

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по туризму и спорту от 1 марта 2004 года № 06-2-2/69. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 марта 2004 года № 2762. Утратил силу приказом Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 24 августа 2011 года № 02-02-18/169

      Сноска. Утратил силу приказом Министра туризма и спорта РК от 24.08.2011 № 02-02-18/169 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его официального опубликования).

      В целях упорядочения деятельности и обеспечения прозрачности при формировании контингента в основной, молодежный и юношеский составы сборных команд Республики Казахстан по видам спорта, контроля за работой тренерско-преподавательского состава и повышения эффективности подготовки казахстанских спортсменов к чемпионатам и Кубкам мира, Азии, Европы, Азиатским и Олимпийским играм и другим официальным международным соревнованиям приказываю:
      1. Утвердить прилагаемую Инструкцию по организации подготовки и формирования сборных команд Республики Казахстан.
      2. Управлению спорта высших достижений и спортивного резерва (Гуськов Ю.П.) в установленном порядке представить настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан.
      3. Приказ вступает в силу со дня его государственной регистрации.
      4. Контроль за выполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Е.Канагатова.

       Председатель

         Утверждена           
приказом Председателя Агентства 
Республики Казахстан       
по туризму и спорту       
от 1 марта 2004 года N 06-2-2/69
"Об утверждении Инструкции   
по организации подготовки и   
формирования сборных команд  
Республики Казахстан"      

Инструкция
по организации подготовки и формирования
сборных команд Республики Казахстан 1. Общие положения

      1. Настоящая Инструкция по подготовке и формированию сборных команд Республики Казахстан разработана в соответствии с  Законом  Республики Казахстан "О физической культуре и спорте",  Положением  об Агентстве Республики Казахстан по туризму и спорту, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 ноября 1999 года N 1755.
      2. В настоящей Инструкции применяются следующие термины и определения:
      1) главный тренер - тренер, отвечающий за руководство, подготовку и участие основного состава сборной команды Республики Казахстан по виду спорта в международных соревнованиях, в том числе официальных;
      2) государственный тренер - тренер, отвечающий за руководство и развитие вида спорта в Республике Казахстан;
      3) старший тренер - тренер, отвечающий за раздел работы в сборных командах (мужская, женская, юношеская, молодежная команды, по общефизической, специальной, технической подготовке);
      4) комплексная целевая программа - перспективный план для комплексного решения вопросов по подготовке спортсменов к определенному международному соревнованию, включающий учебно-тренировочную, научно-методическое и медицинское обеспечение, развитие материально-технической базы, воспитательную и патриотическую работу, позволяющий более целенаправленно и эффективно распределить усилия спортивных организаций, сконцентрировать внимание на главных направлениях воспитания спортсменов высшей квалификации;
      5) спортсмен - физическое лицо, систематически занимающееся спортом и выступающее на спортивных соревнованиях;
      6) тренер-преподаватель - физическое лицо, имеющее соответствующее профессиональное (по специальности физическая культура и спорт) образование и занимающееся непосредственно тренерско-преподавательской деятельностью;
      7) тренерский совет - совещательный орган, состоящий из числа старших тренеров областей и городов Астаны и Алматы, врачей, специалистов сборных команд для выработки стратегии в методике подготовки спортсменов и команд к выступлениям на спортивных соревнованиях.
      3. Сборные команды Республики Казахстан - коллективы спортсменов, тренеров, ученых, других работников физкультурно-спортивных организаций и организаций спортивной медицины являются составной частью федерации по видам спорта, создаются в целях подготовки к международным соревнованиям и участия в них под Государственным флагом Республики Казахстан.
      4. Сборные команды Республики Казахстан по различным видам спорта формируются на конкурсной основе, с учетом предложений тренерского совета, физкультурно-спортивных организаций Республики Казахстан, соответствующих республиканских федераций по видам спорта из числа спортсменов, выполнивших специальные нормативы, утвержденные уполномоченным органом в области физической культуры и спорта (далее - уполномоченный орган).
      5. Сборная команда Республики Казахстан по виду спорта состоит из кандидатов в основной, молодежный и юношеский составы.
      Кандидатом в члены основного состава сборной команды Республики Казахстан по виду спорта могут быть спортсмены - имеющие высокую подготовку, показывающие стабильно высокие результаты на чемпионатах страны, международных соревнованиях.
      Кандидатом в члены молодежного состава сборной команды Республики Казахстан по виду спорта могут быть спортсмены - победители или призеры республиканских и международных соревнований и имеющие потенциал для дальнейшего спортивного совершенствования.
      Кандидатом в члены юношеского состава сборной команды Республики Казахстан по виду спорта могут быть спортсмены - победители или призеры юношеских республиканских и международных соревнований, определяющие спортивный потенциал республики.
      6. Спортсмены - кандидаты в члены основного, молодежного, юношеского составов сборных команд Республики Казахстан из своих рядов выбирают капитана команды. Капитан команды является главным посредником между членами сборной команды и руководством команды в период учебно-тренировочного процесса и соревнований.

 

2. Основные цели и задачи сборных команд
Республики Казахстан

      7. Основные цели:
      1) завоевание передовых позиций на мировой спортивной арене для укрепления имиджа Республики Казахстан в мировом спортивном сообществе;
      2) участие в различных спортивных мероприятиях, пропаганда Олимпийского и международного спортивного движения в Республике Казахстан и за его пределами;
      3) укрепление дружбы и взаимопонимания между народами через участие в международных спортивных соревнованиях.
      8. Основные задачи:
      1) подготовка и успешное выступление на Азиатских, Олимпийских, Паралимпийских играх, Универсиадах, чемпионатах и Кубках мира, Азии, Европы и других международных соревнованиях;
      2) дальнейшее совершенствование спортивного мастерства спортсменов;
      3) повышение имиджа казахстанского спорта на международной арене;
      4) патриотическое воспитание спортсменов и формирование готовности служения Отечеству, пропаганда физической культуры и спорта;
      5) формирование коллектива, сохраняющего лучшие традиции команды, вида спорта, учитывающие опыт и достижения старшего поколения;
      6) совершенствование методики подготовки спортсменов, научного и медико-биологического обеспечения учебно-тренировочного процесса;
      7) вовлечение подрастающего поколения в систематические занятия спортом.

 

3. Составы сборных команд Республики Казахстан

      9. Кандидатом в члены сборной команды Республики Казахстан по виду спорта является спортсмен, зачисленный в основной, молодежный или юношеский состав. Членом сборной команды Республики Казахстан по виду спорта является спортсмен, представляющий республику на официальных международных соревнованиях.
      10. Списочный состав кандидатов в члены сборных команд Республики Казахстан утверждается уполномоченным органом по представлению тренерского совета, федераций по видам спорта, исходя из численного состава допуска команды к Азиатским и Олимпийским играм, чемпионатам мира, Азии, Европы, результатов выступления в главных соревнованиях года, а также уровня развития вида спорта в Республике Казахстан.
      В численные составы кандидатов в члены основного, молодежного и юношеского контингента может быть зачислено - в видах единоборств - тройной состав, в остальных видах - двойной.
      11. Кандидаты в члены сборной команды Республики Казахстан по виду спорта могут обеспечиваться:
      1) проживанием, питанием, снаряжением и спортивной формой в период централизованной подготовки (учебно-тренировочных сборов) и участия в Азиатских, Олимпийских, Паралимпийских играх, Универсиадах, чемпионатах мира, Азии, Европы и других соревнованиях;
      2) медицинским обслуживанием, а также лечением в республиканских спортивных медицинских учреждениях, врачебно-физкультурных диспансерах.
      12. Кандидаты в члены сборной команды Республики Казахстан по виду спорта могут:
      1) переходить из одной физкультурно-спортивной организации в другую или иностранную физкультурно-спортивную организацию после окончания срока договора (контракта) о спортивной деятельности и выполнения указанных в договоре (контракте) обязательств;
      2) получать денежные премии, установленные Правительством Республики Казахстан за высокие спортивные достижения и другими нормативными актами;
      3) быть представленными к получению спортивных званий: "Мастер спорта Республики Казахстан", "Мастер спорта международного класса Республики Казахстан", "Заслуженный мастер спорта Республики Казахстан", в установленном порядке при соблюдении требований, а также к награждению медалями, дипломами и грамотами уполномоченного органа, государственными наградами за высокие спортивные достижения на Азиатских и Олимпийских играх, чемпионатах мира, Азии, Европы, других международных соревнованиях и за большой вклад в развитие спорта;
      4) быть застрахованными от несчастных случаев уполномоченным органом при подготовке и участии в официальных международных соревнованиях.
      13. Кандидаты в члены сборной команды Республики Казахстан по видам спорта должны:
      1) достойно представлять Республику Казахстан на международной спортивной арене, на чемпионатах мира, Азии, Европы, Кубках мира, Азии, Европы, Азиатских и Олимпийских играх и других международных соревнованиях, своими достижениями крепить спортивную славу Казахстана;
      2) участвовать в спортивных мероприятиях, повышать свое спортивное мастерство, проявлять высокую гражданственность, морально-волевые и этические качества, изучать и соблюдать основы гигиены, овладевать знаниями о физической культуре и спорте, олимпийском и международном спортивном движении;
      3) иметь при вызове на спортивные мероприятий в состав сборной команды отчет личного тренера о проделанной спортсменом учебно-тренировочной работе и рекомендации на учебно-тренировочный сбор;
      4) выполнять индивидуальные планы подготовки, тренировочные и соревновательные задания;
      5) личным примером стремиться к созданию в сборной команде духа товарищества, делового соперничества, уважительного отношения к руководству и обслуживающему персоналу сборной команды Республики Казахстан, судьям, зрителям;
      6) выполнять указания руководства сборной команды Республики Казахстан, требования и рекомендации тренерского состава, врача, научной группы в ходе учебно-тренировочного процесса и соревнований;
      7) вести честную спортивную борьбу, не применять стимулирующие средства (наркотики, допинги), запрещенные Медицинской комиссией Международного Олимпийского комитета и международными спортивными федерациями по видам спорта, соблюдать режим, дисциплину и общественный порядок;
      8) бережно относиться к спортивной форме, инвентарю, оборудованию спортивных сооружений.
      14. В целях повышения статуса сборных команд и ответственности спортсменов необходимо предусмотреть торжественное принятие новых кандидатов в члены сборных команд основного, молодежного и юношеского составов с принятием Клятвы члена сборной команды, согласно приложения.
      15. Спортсмен, член сборной команды Республики Казахстан может быть отчислен из сборной команды за снижение спортивных результатов, систематическое невыполнение индивидуального плана и установленных нормативов, применение запрещенных препаратов, нарушений требований договора (контракта).

 

4. Руководство и организация работы
в сборных командах Республики Казахстан

      16. Государственные, главные и старшие тренеры, тренеры и специалисты сборной команды Республики Казахстан утверждаются на должность уполномоченным органом по представлению тренерского совета, федераций по видам спорта.
      17. Руководство сборной командой Республики Казахстан по виду спорта осуществляет главный тренер и возглавляет тренерский совет по виду спорта.
      18. Главный тренер организует работу по подготовке членов сборной команды по виду спорта к международным соревнованиям и проводит регулярный анализ результатов выступлений спортсменов-членов команды на соревнованиях. Проводит работу по реализации комплексной целевой программы подготовки (далее - КЦП). Работа главного тренера направлена на организацию учебно-тренировочных сборов и участие в международных соревнованиях, на воспитательную работу и создание психологического климата в сборной команде.
      19. Личный тренер спортсмена-члена сборной команды Республики Казахстан может быть временно прикомандирован к сборной команде Республики Казахстан на централизованную подготовку. Личный тренер организует работу спортсмена, направленную на выполнение им индивидуального плана подготовки в период его нахождения вне сборной команды Республики Казахстан.
      20. Спортивный врач ведет наблюдение за состоянием здоровья спортсмена-члена сборной команды Республики Казахстан, дает рекомендации тренерскому составу о функциональном состоянии спортсмена и рекомендуемых тренировочных нагрузках, осуществляет медико-биологические, восстановительные мероприятия и лечение, а также контроль за сбалансированным питанием спортсмена, санитарно-гигиеническими условиями мест проведения учебно-тренировочных сборов и соревнований.
      21. Массажист сборной команды Республики Казахстан работает под методическим руководством спортивного врача или главного тренера.
      22. Психолог, специалисты, привлекаемые для научно-методического обеспечения сборной команды Республики Казахстан оказывают методическую помощь в подготовке спортсменов, осуществляют текущий контроль за функциональным и техническим уровнем его подготовленности. Совместно с главным тренером, тренерским советом участвует в разработке КЦП и индивидуальных планов подготовки.
      23. Другие привлекаемые специалисты сборной команды Республики Казахстан (оружейные и судовые мастера, механики, конюхи и другие) выполняют работу в соответствии с требованиями своих должностных инструкций, квалификационных характеристик.
      24. Тренеры и привлекаемые специалисты сборных команд Республики Казахстан могут:
      1) обеспечиваться проживанием, питанием, спортивной формой на централизованных учебно-тренировочных сборах, и выездах на соревнования;
      2) получать денежные премии, установленные Правительством Республики Казахстан и другими нормативными актами, за высокие спортивные результаты;
      3) быть представленными к государственным наградам за высокие спортивные достижения спортсменов на Азиатских, Олимпийских и Паралимпийских играх, Универсиадах, чемпионатах, Кубках мира, Азии, Европы и большой вклад в развитие спорта;
      4) быть представленными к присвоению звания: "Заслуженный тренер Республики Казахстан", награждению почетными знаками, а также дипломами и грамотами уполномоченного органа.
      25. Государственные, главные, старшие тренеры, тренеры и привлеченные специалисты сборных команд Республики Казахстан должны:
      1) постоянно повышать свою профессиональную квалификацию;
      2) обеспечивать современный организационный и методический уровень учебно-тренировочного процесса, оперативное и перспективное планирование на основе анализа прошедших этапов подготовки и участия в международных соревнованиях сборной команды Республики Казахстан и отдельных спортсменов;
      3) выполнять задание уполномоченного органа по решению задач, стоящих перед сборными командами по видам спорта на чемпионатах и Кубках мира, Азии, Европы, Азиатских, Олимпийских и Паралимпийских играх, Универсиадах и других международных соревнованиях;
      4) создавать в сборной команде Республики Казахстан атмосферу товарищества, делового соперничества, уважительного отношения к обслуживающему персоналу сборной команды Республики Казахстан, судьям, зрителям;
      5) повышать имидж казахстанского спорта на международной арене;
      6) вести постоянную воспитательную работу со спортсменами;
      7) соблюдать Медицинский кодекс Международного Олимпийского комитета и международных федераций;
      8) накапливать и передавать опыт в области методики подготовки и достижений научно-методического и медико-биологического обеспечения новым поколениям тренеров и спортсменов-членов сборных команд Республики Казахстан;
      9) достойно представлять Республику Казахстан на Азиатских, Олимпийских и Паралимпийских играх, Универсиадах, чемпионатах, Кубках мира, Азии, Европы и других международных соревнованиях;
      10) совершенствовать мастерство казахстанских спортсменов.

 

5. Тренерский совет

      26. Тренерский совет создается по предложению государственного тренера и утверждается уполномоченным органом.
      27. Тренерский совет рассматривает вопросы качественной подготовки сборной команды в целях успешного выступления на международных соревнованиях и комплектует списки кандидатов основного, молодежного и юношеского составов сборных команд по виду спорта, определяет основные задачи на текущий период и заслушивает тренеров и спортсменов по выполнению индивидуальных планов и итоги участия в соревнованиях. Подводит итоги выполнения поставленных задач и вносит коррективны в перспективное планирование.
      28. Тренерский совет рассматривает КЦП вносит предложения по ее совершенствованию и готовит рекомендации по ее реализации.
      29. Тренерский совет сборной команды под руководством главного тренера организует материально-техническое, методическое, медицинское, научное обеспечение учебно-тренировочного процесса подготовки спортсменов в целях реализации КЦП, обеспечивает соблюдение трудовой дисциплины и мер техники безопасности при проведении учебно-тренировочного процесса.

 

6. Финансирование и материально-техническое обеспечение
сборных команд Республики Казахстан

      30. Материально-техническое обеспечение сборных команд Республики Казахстан осуществляется в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      

Приложение               
к Инструкции по организации подготовки 
и формирования сборных команд      
Республики Казахстан, утвержденной   
приказом Председателя Агентства     
Республики Казахстан по туризму и спорту
от 1 марта 2004 года N 06-2-2/69     

Клятва
члена сборной команды Республики Казахстан

      Я,_______________________(Ф.И.О.), оценивая включение меня в сборную команду Республики Казахстан по ___________ (вид спорта), как выражение особого доверия государства, и осознавая свою ответственность, торжественно клянусь:
      - постоянно совершенствовать свое спортивное мастерство, чтобы достойно защищать честь нашей Родины на спортивной арене, прилагая все усилия и волю к победе для достижения наивысшего результата;
      - в спортивных состязаниях вести честную борьбу, строго соблюдать правила соревнований, следовать антидопинговому кодексу и не использовать запрещенные препараты;
      - исполнять все указания и требования спортивных наставников, с уважением относиться к тренерско-преподавательскому составу, членам команды, соперникам, судьям, зрителям и болельщикам;
      - во всех своих действиях руководствоваться нормами спортивной этики.
      Сознаю, что нарушение этой присяги несовместимо с высоким званием члена сборной команды Республики Казахстан.

      _____________      _______________        Ф.И.О.
         (дата)             (подпись)