Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының қызметіне бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 67 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 13 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2800. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 160 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 160 қаулысымен.

--------------Қаулыдан үзінді----------------

       Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының қызметiне бақылауды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 67 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2800 тiркелген) күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi...

      Төраға
------------------------------       

      

      Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының қызметіне бақылауды жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
      1. Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының қызметіне бақылауды жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап:
      "Таратылатын банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларының қызметіне бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 16 наурыздағы N 87  қаулысының  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1837 тіркелген, 2002 жылғы 22 сәуір - 5 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енеді.
      4. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (Бәдірленова Ж.Р.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларына жіберсін.
      5. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.

       Төраға

Қазақстан Республикасының Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау жөніндегі 
агенттігі Басқармасының 
"Банктердің, сақтандыру 
(қайта сақтандыру) ұйымдарының, 
жинақтаушы зейнетақы қорларының 
қызметіне бақылауды жүзеге асыру 
ережесін бекіту туралы" 2004 
жылғы 15 наурыздағы N 67 
қаулысымен бекітілген 

  Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының,
 жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметіне 
бақылауды жүзеге асыру ережесі

      Осы Ереже " Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы ", "Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметі  туралы", " Сақтандыру қызметі туралы ", "Қазақстан Республикасындағы  зейнетақымен қамсыздандыру  туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі - қаржы ұйымдары) қызметіне бақылауды жүзеге асыру тәртібін қаржы ұйымдарының тарату комиссияларының (бұдан әрі - тарату комиссиялары) қызметіне тексеру жүргізу жолымен белгілейді.

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Уәкілетті орган қаржы ұйымдарының тарату комиссияларының қызметін бақылауды қамтамасыз ету және таратылатын қаржы ұйымдары кредиторларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында тарату комиссияларының заңдар талаптарын сақтауына бақылау жасайды, оның ішінде олардың қызметіне тексеру жүргізу арқылы да жүзеге асырады.

      2. Тарату комиссиясының қызметін тексеруді уәкілетті органның қаржы ұйымдарын тарату бөлімшесінің (бұдан әрі - уәкілетті бөлімше) қызметкерлері жүргізеді.
      Тексерулерді уәкілетті бөлімшенің қызметкері не тексеру басшысы жетекшілік ететін жұмыс тобы жүзеге асыра алады.

      3. Тексеру осы Ереженің 6-тармағына сәйкес тексеруді өткізу тапсырмасында көрсетілген мәселелер бойынша және мерзімде өткізіледі.

      4. Уәкілетті бөлімше жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізеді.
      Жоспарлы тексерулерді уәкілетті орган жылына бір реттен жиі өткізбейді;
      Тарату комиссияларының қызметін жоспардан тыс тексеру мына негізде жүзеге асырылады:
      1) уәкілетті орган тарату комиссиясының қызметінде Қазақстан Республикасының заңдары талаптарының бұзылғандығын анықтаған жағдайда;
      2) уәкілетті орган тексеру барысында анықтаған тәртіп бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою туралы жазбаша ұйғарымдар мен нұсқауларын тарату комиссиясы орындамаса;
      3) таратылып жатқан қаржы ұйымдарының кредиторларының Қазақстан Республикасының заңдар нормаларының бұзылуы туралы шағымдары болса;
      4) таратылып жатқан қаржы ұйымдарының және басқа органдардың кредиторларының, кредиторлар комитетінің немесе акционерлердің (қатысушылардың) Қазақстан Республикасының заңдар талаптарының сақталуына тексеру жүргізу қажеттілігі туралы өтініштері болса.
      Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер тарату комиссиясының қызметін кешенді және іріктеп тексеруге бөлінеді.
      Кешенді тексеру - тарату комиссиясының қаржы ұйымындағы тарату рәсімдерінің жалпы жағдайын анықтауға бағытталған қызметін тексеру.
      Іріктеп тексеру - тарату комиссиясы қызметінің жекелеген бағыттарын тексеру.

  2-тарау. Тексеру жүргізуге дайындық, тексеруді
ұйымдастыру және оны жүргізуге жағдай жасау

      5. Тарату комиссиясының қызметіне тексеру жүргізу үшін тексеру жүргізуге тапсырма жасалады, оны уәкілетті органның басшысы бекітеді.

      6. Тапсырмада мақсаттар, тексеру жүргізетін мәселелердің тізбесі және мерзімі, тарату комиссиясы қызметінің тексеруге жататын кезеңдері, тексеру жүргізетін жұмыс комиссиясының басшысы мен оның мүшелері туралы мәліметтер олардың мазмұндары көрсетіле отырып беріледі.
      Тексеру жүргізетін басшы тексеру жүргізетін жұмыс комиссиясының мүшелері арасындағы нақты міндеттерді бөле отырып, жұмыс жоспарын белгілейді.

      7. Уәкілетті бөлімше тексеру жүргізу тапсырмасына дайындық кезінде қажетті ақпаратты тарату комиссиясынан алдын-ала талап етуге құқылы.

      8. Уәкілетті бөлімше тарату комиссиясына оның қызметіне тексеру жүргізілетіндігі жөніндегі хабарламаны, тексерудің негізгі мәселелерін және/немесе тексеруші тұлға сол жерге келгенде тарату комиссиясына ұсынылуы тиіс құжаттарды көрсете отырып, жіберуге құқылы. Тексеру жүргізу алдын-ала хабарланбай да жасалуы мүмкін (ескертусіз тексеру).

      9. Тарату комиссиясы хабарламаны алған кезден бастап тексеруші тұлғаларға көрсету үшін қажетті барлық құжаттарды дайындайды.

      10. Тарату комиссиясының қызметіне тексеру жүргізген уақытта тексеруші тұлғалардың тексеру объектісінің автоматтандырылған деректер базасына (ақпаратты жүйелерге) еркін кіру рұқсатын алуға және кез-келген құжаттарды (мәліметтерді) алғаш талап еткен сәттен бастап оларды қағазға шығарылған және электронды тасымалдағыштармен алуға, сондай-ақ тексеру қорытындысы туралы актіге қосу үшін олардың көшірмелерін алуға құқығы бар.

      11. Тексеру жүргізген уақытта тексеруші тұлғалар тарату комиссиясының кез-келген қызметкерінен және өзге де адамдардан жүргізген тексеруге, олардың лауазымдық міндеттері және тексеріліп отырған объект қызметіне қатысы бар мәселелер бойынша түсіндірулер (жазбаша түсіндірулер) алуға құқылы. Тексеруші тұлғалар сондай-ақ жеке үй-жай алуға және оған еркін кіріп-шығу мүмкіндігіне ие болуға құқылы.

      12. Тексеруші тұлғалар тексеру жүргізу кезінде қабылдаған құжаттарының (мәліметтерінің) сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етуі тиіс.

      13. Осы Ереже бойынша белгіленген талаптарды тарату комиссиясы орындамауы немесе тиісінше орындамауы тексеру жүргізуге кедергі келтіру болып қаралады, ол тексеру жүргізуге кедергі келтіру туралы актімен ресімделеді.

      14. Тексеру жүргізуге кедергі келтірген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдар актілеріне сәйкес жауапкершілікте болады.

  3-тарау. Тексеру қорытындыларын ресімдеу

      15. Тексеруші тұлғалар тарату комиссиясын тексеруді аяқтағаннан кейін тексеру қорытындысы туралы екі данамен акт (бұдан әрі - тексеру актісі) жасайды. Тексеру актісінің бір данасы тарату комиссиясының төрағасына беріледі.

      16. Тексеру актісінде мынадай ақпараттар болады:
      1) жасалған күні және орны;
      2) тексеруші тұлғалардың аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда) және қызметі;
      3) тексеру объектісі туралы мәліметтер (қаржы ұйымының, оның ұйымдық-құқықтық нысанының атауы, мекен-жайы, мемлекеттік тіркеу туралы деректер, тарату процесі басталған күн);
      4) тексеру жүргізу туралы бекітілген тапсырманың нөмірі және күні;
      5) тексерудің мақсаты, міндеті және түрлері, бекітілген тапсырмада көрсетілген, тексеруге алынған қызмет кезеңі;
      6) бекітілген тапсырма мәселелеріне - тексеру қорытындысына сәйкес тексеру мәнінің сипаты, оның ішінде қажетті ақпарат пен құжаттардың болуы;
      7) тәртіп бұзу анықталған кезде - тәртіп бұзу фактісін растайтын құжаттар (нөмірі, күні, сомасы, құжаттардың атауы және басқалар) деректемелерін көрсете отырып, әр фактіні жан-жақты және нақты баяндау, басқа да мәліметтер.
      Тексеру актісінің әр бөлімі тексеру жүргізу туралы бекітілген тапсырмада айтылған әр мәселені көрсетеді. Қажетті ақпараттардың және құжаттардың болуы тексеру актісінде жеке бөлімде көрсетіледі, онда сонымен бірге тексеру жүргізуге кедергі келтіру фактілері көрсетіледі. Тексеру актісінің соңғы бөлімінде жүргізілген тексеру нәтижесі (тұжырымдар) болады.

      17. Тексеру актісіне тексеруші тұлға (жұмыс тобы), тарату комиссиясының төрағасы мен бас бухгалтері қол қояды. Егер тарату комиссиясының төрағасы мен бас бухгалтері тексеру актісіне қол қоюдан бас тартқан жағдайда, оған тиісті белгі қойылады. Осы акт тексеру қорытындысын бекітетін түпкілікті және тиісті дәрежеде ресімделген құжат болып табылады.

      18. Тарату комиссиясының қызметінде тәртіп бұзушылықтар анықталған жағдайда тексеру актісіне жіберілген тәртіп бұзушылықтардың фактілерін растайтын құжаттар көшірмесі беріледі (қосымшалар саны тексеру актісінде көрсетіледі).
      Тексеру жүргізуші лауазымды тұлға әкімшілік құқық бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының заңдар актілерінде белгіленген тәртіп пен мерзімде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасайды.
      Егер жүргізілген тексеруде тарату комиссиясының қызметінде Қазақстан Республикасының заңдар нормаларында белгіленген тәртіп бұзушылық фактісі анықталған жағдайда тексеру актісіне қол қоятын күні - тәртіп бұзушылық фактісін анықтаған күн болып табылады.

      19. Тарату комиссиясы жүргізілген тексеру қорытындыларымен келіспеген жағдайда уәкілетті органға тексеру аяқталған күннен бастап үш күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша қарсылық ұсынады.

      20. Уәкілетті орган тексеру қорытындыларын өз бақылау қызметін қамтамасыз ету мақсатындағы айрықша жағдайларда ғана пайдалануы тиіс.

  4-тарау. Тексеру қорытындысы бойынша қабылданатын шаралар

      21. Тексеру қорытындысы бойынша тарату комиссиясының жұмысында Қазақстан Республикасының заңдар нормаларының бұзылуын анықтаған жағдайда уәкілетті орган тарату комиссиясы төрағасының атына орындалуы міндетті жазбаша ұйғарым жібереді.

      22. Тарату комиссиясы уәкілетті орган белгілеген мерзімде тәртіп бұзушылықтарды жояды, уәкілетті органға жазбаша ұйғарым талаптарының орындалуы және тәртіп бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою шаралары туралы жазбаша нысанда ақпарат жібереді.
      Тарату комиссиясы ақпаратта көрсетілген барлық тәртіп бұзушылықтарды толық жойғанға дейін уәкілетті бөлімшеге өткізілген іс-шаралар туралы ай сайын ақпарат беріп отырады.

      23. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының заңдар актілерінде көзделген жауапкершілік құқықтық жағынан бұзылғаны анықталған жағдайда материалдар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының заңдар актілеріне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті органдағы (лауазымды) тұлғаға жіберіледі.

      24. Тарату комиссиясы төрағасының өз міндеттерін орындамағанына және/немесе тиісінше орындамағанына дәлел болатын фактілер анықталған жағдайда уәкілетті орган ерікті таратылып отырған қаржы ұйымының акционерлерінің (қатысушылар) жалпы жиналысын тарату комиссиясының төрағасына және/немесе мүшелеріне қатысты тиісті шаралар қабылдау үшін жүргізілген тексеру қорытындысы туралы хабарлама жасауға, құқық қорғау органдарына ақпарат ұсынуға құқылы.

  5-тарау. Қорытынды ережелер

      25. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады