Астық сапасының сараптамасы тәртiбiне және астық сапасының паспортын беруге қойылатын талаптарды бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 19 сәуірдегі N 226 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 11 мамырдағы тіркелді. Тіркеу N 2841. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту. Барлық мәтін бойынша "сертификат", "сертификатта", "сертификаты", "сертификатын", "сертификатында", "сертификатының" деген сөздер тиісінше "паспорт", "паспортта", "паспорты", "паспортын", "паспортында", "паспортының" деген сөздермен;
      барлық мәтін бойынша "стандартқа", "стандарт", "стандарттың", "стандартты", "стандартпен" деген сөздер "стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға", "стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар", "стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың", "стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды", "стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттармен" деген сөздермен ауыстырылды;
      барлық мәтін бойынша ", техникалық шарттардың", ", техникалық жағдайлармен" деген сөздер алынып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2007.05.28. N  355 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      Келiсiлдi          
Қазақстан Республикасы     
Индустрия және сауда      
министрлiгiнiң Стандарттау,  
метрология және сертификаттау 
жөніндегі комитетінің төрағасы 
_____________________________ 
2004 ж. 16 сәуір N __________ 

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы "Астық туралы"  Заңын жүзеге асыру мақсатында бұйырамын:
      1. Қоса берiлген астық сапасының сараптамасы тәртiбiне және астық сапасының паспортын беруге қойылатын талаптар бекiтiлсiн.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Егiншiлiк департаментiнiң директоры А.Қ.Евниевке жүктелсiн.
       Ескерту. Тақырыбына және 1-тармағына өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2007.05.28. N  355 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
      3. Егiншiлiк департаментi (Евниев А.Қ.) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      орынбасары - Министр

"Астық сапасының сараптамасы  
тәртiбiне және астық сапасының 
паспортын беруге қойылатын  
талаптарды бекiту туралы"    
Қазақстан Республикасы Ауыл   
шаруашылығы Министрiнiң     
2004 жылғы 19 сәуірдегі     
N 226 бұйрығымен бекiтiлген   

  Астық сапасының сараптамасы тәртiбiне және астық сапасының паспортын   беруге қойылатын талаптар

       Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2007.05.28. N  355 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      Осы Астық сапасының сараптамасы тәртiбiне және астық сапасының паспортын беруге қойылатын талаптар (бұдан әрi - Талаптар) "Астық туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына , сәйкес әзiрлендi және сапасы бойынша стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға жатпайтын астықты экспортқа және iшкi рынокта сатуға жол бермеуге бағытталған.
      Осы Талаптар астық сапасын сараптау жөнiндегi зертханаларды тiркегенде және тiркеуге дайындағанда, астық сапасына сараптама жүргiзгенде, астық сапасын сараптау жөнiндегi зертханалардың қызметiне мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырғанда мiндеттi.
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2007.05.28. N  355 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

  1. Осы Талаптарда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      1. Осы Талаптарда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      өтiнiш - астық сапасын сараптау жөнiндегi зертханаға берiлетiн, соның негiзiнде астық сапасын сараптау жүргiзiлетiн, белгiленген үлгiдегi құжат;
      өтiнiш берушi - астық сапасын сараптауды жүргiзуге өтiнiш берген жеке немесе заңды тұлға;
      сынау - белгiленген процедураға сәйкес астықтың бiр немесе бiрнеше сипаттамаларын анықтаудан тұратын техникалық операция;
      астық сапасын сараптау жөнiндегi зертхана - астық сапасын сараптауды жүргiзу және сапа паспортын беру құқығына белгiленген тәртiппен тiркелген астық сапасын сараптау жөнiндегi сынау зертханасы;
      тiркеу аймағы - тiркеген кезде орындауға құқықтық алынған астық сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi жұмыстар тiзбесi;
      астық партиясы - сапасы туралы бiр құжатпен ресiмделген бiр жылғы астықтың сапасы бойынша бiртектi көлемi;
      сынау хаттамасы - сынау нәтижелерi және сынауға жататын басқа да ақпараты бар құжат;
      астық сапасының паспорты - астықтың нақты сапа көрсеткiштерiн және олардың стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар талаптарына және (немесе) келiсiм-шарттың шарттарына сәйкестiгiн растайтын құжат;
      астық сапасының сараптамасы - астық сапасының нақты көрсеткiштерiн анықтауға және бекiтуге бағытталған, өзiне көлiк құралдарын (қойманы) зерттеудi, сынақты алу мен сынауды, астық сапасының паспортын ресiмдеудi қосатын шаралар кешенi.

  2. Жалпы қағидалар

      2. Астық сапасының сараптамасын астық сапасының сараптамасын жүргiзу құқығына тіркеу жөніндегі орган белгiленген тәртiппен тiркеген зертханалар жүзеге асырады.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2007.05.28. N  355 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      3. Тiркелген астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертханалар жүзеге асыратын астық сапасының сараптамасы жөнiндегi жұмыстардың түрi тiркеу аймағымен айқындалады және тіркеу жөніндегі орган берген тiркеу аттестатымен расталады.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2007.05.28. N  355 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      4. Астық сапасының сараптамасын астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертханалардың белгiленген тәртiппен аттестатталған мамандары жүргiзедi.

      5. Астық сапасының паспорты бiр мекен-жайға, көлiк құралының (автомобиль, вагон, кеме) бiр түрiне тиеп жөнелтiлетiн немесе бiр уақытта сақтауға арналған астықтың әрбiр бiртектi партиясына берiледi.

      6. Астық сапасының паспорты сынау хаттамасы негiзiнде берiледi.

  3. Астық сапасының сараптамасын жүргiзу
тәртiбiне қойылатын талаптар

      7. Астық сапасының сараптамасына:
      1) көлiк құралын (қойманы) зерттеу;
      2) сынамалар алу;
      3) сынаулар жүргiзу;
      4) астық сапасының паспортын ресiмдеу енедi.

      8. Астық сапасының сараптамасы астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхана мен өтiнiш берушi арасында астық сапасының сараптамасын жүргiзуге жасалған шарттың негiзiнде жүргiзiлуi тиiс.

      9. Өтiнiш берушi астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертханаға осы талаптардың 1-қосымшасына сәйкес астық сапасына сараптама өткізуге өтініш беруi тиiс. Ол тiркеледi және оны астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхананың меңгерушiсi қарайды.
       Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2007.05.28. N  355 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      10. Астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхананың меңгерушiсi астық сапасының сараптамасын жүргiзу жөнiндегi маманды айқындауы тиiс. Оған тапсырма мен өтiнiштiң көшiрмесi берiледi.

      11. Астықты тиеу сәтiне дейiн көлiк құралы бөтен заттардың, астық қалдығының, бөтен иiстiң болмауы және зиянкестермен залалдануы мәнiне мұқият зерттелуге жатады.
       Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2007.05.28. N  355 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      12. Осы Талаптардың 11-тармағында көрсетілген жағдайлардың біреуі белгілі болғанда осы Талаптардың 3-қосымшасына сәйкес көлік құралын жарамсыз деп тану актісі жасалуы керек. Жарамсыз деп тану актiне астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхананың маманы, астық қабылдау кәсiпорны мен өтiнiш берушiнiң өкiлдерi қол қояды.
       Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2007.05.28. N  355 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      13. Қоймада сақтаулы астықтың сапасын сараптау кезiнде қойманың зиянкестермен залалданбағанына, ластанбағанына зерттеу жүргiзiлуi тиiс. Астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхананың маманы зиянкестермен залалданбағанын және ластанбағанын айқындау үшiн қойманың, технологиялық жабдықтың толтырылмаған бөлiгiнен астықтың шашылған, сыпырылған қалдықтарын алады.
      Қойманың залалданғаны, ластанғаны белгiлi болған жағдайда астық сапасының сараптамасы тоқтатылуы және акт жасалуы тиiс. Оған астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхананың маманы, астық қабылдау кәсiпорны мен өтiнiш берушiнiң өкiлдерi қол қояды.

      14. Сынамалар алу астық қабылдау кәсiпорны өкiлiнiң қатысуымен өтiнiште көрсетiлген сынамалар алу әдiстемесiне сәйкес жүргiзiлуi тиiс. Сынамалар алу сынамалар алу актiмен осы Талаптардың 4-қосымшасына сәйкес ресiмделуi тиiс. Сынамалар N 1 нысандағы журналда осы Талаптардың 5-қосымшасына сәйкес тiркелуi тиiс.
       Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2007.05.28. N  355 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      15. Сынаулар астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертханада өтiнiш берушiнiң өтiнiшiнде көрсетiлген сапа көрсеткiштерi мен сынау әдiстерi бойынша жүргiзiлуi тиiс. Сынаулар сынамалар алу сәтiнен бастап үш сағаттан кешiкпей басталуы тиiс.

      16. Тiркеу аймағына енбейтiн сапа көрсеткiштерiн айқындау қажет болған жағдайда қосалқы мердiгер шартымен басқа астық сапасының сараптамасы жөніндегі тiркелген зертхананың нәтижелерi қабылдана алады.
      Бұл жағдайда алынған, мөрленген және астық сапасының сараптамасы жөніндегі зертхананың маманы мен өтініш беруші қол қойған сынама осы Талаптардың 6-қосымшасына сәйкес өтінішпен бірге басқа астық сапасының сараптамасы жөніндегі зертханаға жіберілуі тиіс. Осы көрсеткіш бойынша сынау жүргізген астық сапасының сараптамасы жөніндегі зертхана сынау нәтижесін осы Талаптардың 7-қосымшасына сәйкес беруі тиіс.
       Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2007.05.28. N  355 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      17. Сынау нәтижелері осы Талаптардың 8-қосымшасына сәйкес екі данада сынау хаттамасымен рәсімделуі және осы Талаптардың 9-қосымшасына сәйкес N 2 нысандағы журналға тіркелуі тиіс. Сынау хаттамасының бір данасы өтініш берушіге беріледі, екіншісі астық сапасының сараптамасы жөніндегі зертханада қалады.
       Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2007.05.28. N  355 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      18. Астық сапасының сараптамасының өтiнiш берушiнiң талаптарын қанағаттандыратын нәтижелерiн алған жағдайда астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхананың маманы астық сапасының паспортын осы талаптардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресiмдеуi және беруi тиiс. Астық сапасының паспортының түпнұсқасы мен телнұсқасы өтiнiш берушiге берiлуi тиiс. Астық сапасының паспортының көшiрмесi астық сапасының сараптамасы жөніндегі зертханада қалады және үш жыл сақталады.
      Астық сапасының паспорты әр ыдыс-орын бойынша сынау жүргiзiлгеннен кейiн үш сағаттан кешiкпей берiлуi тиiс.
       Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2007.05.28. N  355 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      19. N 1, 2 нысандағы журналдар жiпке тiгiлуi, нөмiрленуi және зертхана меңгерушiсiнiң қолымен бекiтiлуi тиiс.

      20. Салынған және астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхананың маманы мен өтiнiш берушi мөрлеген сынама астық сапасының сараптамасы жөніндегі зертханада мына мерзiм iшiнде:
      тиеп жөнелтiлген және сақтаулы партияларға - сапа паспортының күшi мерзiмi iшiнде;
      сапасы бойынша түсiнiспеушiлiктер болған жағдайда - түсiнiспеушiлiктердi қарастырудың толық аяқталғанына дейiн сақталуы тиiс.
       Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2007.05.28. N  355 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      21. Астық сапасының паспорты күшiнiң мерзiмiн астық сапасының сараптамасы жөніндегі зертхана белгiлейдi, бiрақ ол 30 күнтiзбелiк күннен аса алмайды.
       Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2007.05.28. N  355 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

  4. Астық сапасының паспортын ресiмдеу
тәртiбiне қойылатын талаптар

      22. Астық сапасының паспорты дәндi, дәндi-бұршақты, майлы дақылдарға ресiмделедi.
      Астық сапасының паспортында:
      код ТН СЭҚ;
      берiлген күнi, айы, жылы - айы жазбаша көрсетiледi;
      күшi мерзiмi;
      жiберушi - жiберушiнiң атауы қойылуы тиiс;
      жiберу пунктi - жiберу станцияның атауы қойылуы тиiс;
      астық қабылдау кәсiпорнының атауы;
      көлiк (склад) N - автокөлiктiң, вагонның, кеменiң құралының немесе қойманың нөмiрi қойылуы тиiс;
      салмағы - партияның салмағын килограммен көрсету керек;
      орын саны - ыдысқа салынған жүктер үшiн немесе "үюлi түрде" - ыдыссыз жүктер үшiн көрсетiледi;
      қабылдаушы - алушының атауы және елi қойылуы тиiс;
      жеткiзу пунктi - жеткiзу станцияның атауы қойылуы тиiс.
      Басқа бағандар мынадай түрде толтырылуы тиiс:
      "Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және (немесе) келісім-шарт" - стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың нөмiрiн және (немесе) келiсiм-шарттың нөмiрi мен күнiн көрсету керек;
      "Дақылдың атауы" - астықтың көрсетiлген түрiне арналған стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар бойынша дақылдың атауын көрсету керек, жүгерiге "астықта" немесе "собықта" деген сөздердi қосады, астық қоспасында қоспаның құрамын пайызбен көрсетедi.
      "Түрі" - стандарт бойынша түрдің нөмірі рим санымен қойылуы тиіс. Түрлердің қоспасына нөмірлерді және олардың құрамын көптігіне қарай қою керек.
      "Түр-түрлері" - түр-түрлерінің нөмірі араб санымен қойылуы тиіс. Түр-түрлерінің араласқанын көптігіне қарай түр тармақтарының нөмірлері мен олардың құрамы көрсетеді.
      "Сынып" - сынып нөмiрi стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес араб санымен қойылуы тиiс. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар бойынша төменгi сыныптың нормаларын қанағаттандырмайтын астықты сыныпсыздық белгiсiн көрсету арқылы "сыныпсыз" деп айқындайды. Жарма дақылдарының астығына "стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды" немесе егер стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар талаптарына сай болмаса "стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарсыз" деп көрсету керек.
      "Түсi" - түсiнiң сипаттамасы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес берiлуi тиiс. Түссiз бидай түссiздену дәрежесiмен сипатталады, мысалы: "II дәрежеде түссiзденген", қарайған астық "қарайған " деп айқындалады; ұнды дәндер қоспасы есебiнен түсi бойынша ауытқымалар бар қатты бидай "түсi бойынша сай емес" деп айқындалады.
      "Иiсi" - стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес көрсетiлуi тиiс. Егер өтiнiштiң талаптарында басқа иiстiң болуына жол берiлсе иiстiң атауы көрсетiлуi тиiс.
      "Залалдануы" - астық кенесiмен және астық қорының зиянкестерiмен бүлiнудiң барлығын және бүлiнудiң дәрежесiн көрсету керек. Бүлiну болмаған жағдайда "айқындалған жоқ" деп көрсету керек.
      "Табиғаты" - 1 граммға дейiн дәлдiкте граммен қойылуы тиiс.
      "Ылғалдылығы" - 0,1 %-ға дейiнгi туралықпен ылғалдың нақты көлемi көрсетiлуi тиiс. Жүгерi собықта болған жағдайда астықтың ылғалдылығы бөлшекпен көрсетiледi, бұл жерде бөлiндiде астықтың ылғалдылығы, бөлгiште - сабақтың ылғалдылығы көрсетiледi.
      "Жылтырлығы" - 1 пайызға дейiн дәлдiкте бидай мен күрiшке қойылуы тиiс.
      "Дән маңызының салмақтық үлесi" - бидай астығына шикi дән маңызының саны 1 пайызға дейiн дәлдiкте қойылуы тиiс, жуылмайтын дән маңызы бар бидайға - "жуылмайтын" деп жазу керек.
      "Дән маңызының сапасы" - (бүтiн) шартты тiрлiктердiң саны көрсетiлуi тиiс.
      "Тобы" - жазбаша жазылуы тиiс (бiрiншi, екiншi, үшiншi), "жуылмайтында" - бағанда сызықша қойылады.
      "Арамшөптiк араласпалар" - 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте арамшөптiк араласпалар фракция сомасы қойылуы тиiс, соның iшiнде мiндеттi түрде 0,01 пайызда дәлдiкте:
      минералды - сипаты (қиыршық тас, топырақ, құм және т.б.) және саны;
      бүлiнген - бүлiнген дән саны;
      зиянды - қоспалық бөлек әр түрi немесе қосындысы мен бойынша аты саны;
      бидай, сұлы, арпадағы фузариозды және қызғылт түстi дәндер;
      саны стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттармен және (немесе) келiсiм-шартпен (шартпен) шектелген қиын бөлiнетiн және улы қоспалар фракциялар көрсетiледi.
      "Дәндiк (майлы) араласпалар" - 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте дәндiк (майлы) араласпалар фракциясының сомасы қойылуы тиiс, соның iшiнде мiндеттi түрде 0,01 пайызда дәлдiкте  сының астық (майлы) қоспа фракциялары көрсетiледi:
      дәндiк (майлы) араласпаларға жататын екпе өсiмдiктер дәнiнiң болуы;
      стандарпен және (немесе) келiсiм-шарт (шартпен) көрсетiлген соғылған, желiнген, мыжылған, солғын, өнiп кеткен және басқадай фракциялар;
      кендiр тұқымына - үпiлмәлiк тұқымының болуы немесе болмауы көрсетiлуi тиiс.
      Егер де арамшөптiк араласпалар немесе дәндiк (майлы) араласпалар бары анықталмаған жағдайда, "0,0 пайызден" көрсетiлуi тиiс, қоспа 0,05 пайыздан кем болған жағдайда нақты саны қойылады, мысалы: "0,04 пайыз" немесе "0,01 пайыз".
      "Құлау саны" - секундына құлау саны көрсеткiшi мен сынау әдiсi көрсетiлуi тиiс.
      "Ақуыз" - сынау әдiсiн көрсетуi арқылы абсолюттi кебу затына ақуыздың (протеиннiң) маңызы көрсетiлуi тиiс.
      "Ерекше белгiлер" - көрсетiлуi тиiс:
      егер астық кептiрiлген болса - "кептiрiлген"
      газдау және газсыздандыру күндерi, фумиганттың аты (eгep астық газдалған болса);
      жемдiк мақсатта жеткiзiлетiн астықта бүлiнген және жарақаттанған дәндер саны 1 пайыздан жоғары болса, оның жемдiкке жарамды екенi туралы ветеринар қызметi анықтамасының нөмiрi мен күнi көрсетiледi;
      астықта металмагниттi қоспа табылған жағдайда оның салмағы 1 кг астықта 1 мг дейiн дәлдiкте көрсетiледi;
      бидай тасбақаша-кенемен зақымданған жағдайда, осы зиянкеспен зақымданған дәннiң саны 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте көрсетiледi;
      бидай, тарыда қаштауыш дән қоспалары болса - олардың саны 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте көрсетiледi;
      ақаулық дәрежесi (ашыған, зең көгерген, шiрiген көгерген иiсi бар астыққа).
      "Қосымша көрсеткiштер" - көрсетiлуi тиiс:
      1) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттармен көзделмеген, бiрақ келiсiм-шартта (шартта) жазылған сапа көрсеткiштерi, оларды сынау әдiстемесi және осы сынау әдiстемесiнде көзделген дәлдiктегi нәтижелер;
      2) сапа паспортының бланкiнде бағандары жоқ стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттармен көзделген сапа көрсеткiштерi;
      ашытқы және спирт өндiрiсiне жеткiзiлетiн сыра қайнататын арпа және басқа дәндi дақылдар - өну қабiлетi (5-шi күнi) немесе 1 пайызға дейiн дәлдiкте өмiрге қабiлеттiктi (сыра қайнататын арпа);
      қарамық, тары, күрiш және жармалық сұлы - 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте қауыздығы көрсетiледi;
      жарма өндiруге жөнелтiлетiн сұлы, тары және қарамық - 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте ядросының маңызы көрсетiледi;
      кендiр және зығыр майтұқымы - 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте тазалығы көрсетiледi;
      жасымық, асбұршақ, бұршақ дән қоңызымен және жапырақ ширатқыш көбелекпен зақымдануы - 0,01 пайызға дейiн дәлдiкте көрсетiледi;
      дайындалатын және жемдiк сұлы - стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына қарай жиынтық бойынша немесе бөлек түрде екпе өсiмдiктердiң тұқымы мен дәнiнiң маңызы, сонымен қатар, жемдiк сұлыға - металмагниттi қоспаның көлемi 1 киллограммдағы миллиграммға дейiн дәлдiкте және бөлшектердiң көлемi көрсетiледi;
      собықтағы жүгерi - 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте дән шығымы қойылады;
      күрiш - 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте қызыл, сарғайған және глютинозды дәндер бөлек көрсетiледi;
      қарамық және жармалық сұлы - астық запастарының өлi зиянкестерiнiң саны көрсетiледi;
      тары - 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте гүл қабыршақтары қоңыр, қара қоңыр және қара түстес дәндердiң көлемi көрсетiледi;
      балалар тамағына арналған тары, сұлы және қарамық - сәйкестiк паспортының нөмiрi көрсетiледi;
      күнбағыс тұқымы - 0,1 мг КОН дәлдiкте майдың қышқылдық саны көрсетiледi;
      азықтық бөрiбұршақ - 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте бөрiбұршақтың алколоидты тұқымының көлемi көрсетiледi;
      жармалық сұлы - 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте бидайдың, полбаның, қара бидайдың және арпаның соммалық маңызы көрсетiледi;
      балалар тамағына арналған дайындалатын және жармалық сұлы, қарамық, күрiш - 1 градусқа дейiн дәлдiкте қышқылдығы көрсетiледi;
      мақта тұқымы - 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте тұқымның толық түктенуi көрсетiледi.
      "Астық сапасының паспортын берген зертхананың атауы" - астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхананың толық атауы көрсетiледi.
      "Аттестаттың N" - астық сапасының caраптамасы жөнiндегi зертхананың тiркеу аттестатының нөмiрi көрсетiледi.
      "Қолы" - астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхана маманының қолы қойылуы тиiс.
      "М.П." - астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхананың мөрi қойылуы тиiс.
       Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2007.05.28. N  355 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      23. Егер де стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттармен және (немесе) келiсiм-шартпен түрлерi, түр-түрлерi, сыныбы немесе жоғарыда көрсетiлген көрсеткiштер көзделмесе, онда тиiстi бағанда сызықша қойылады.

      24. Астық сапасының паспорты, телнұсқасы және көшiрмесi анық және түзетiлмеген күйiнде толтырылуы тиiс.

  5. Астықтың сапа паспорты бланкiнiң сипаттамасы

      25. Астық сапасының паспорты үшпарақты нысандағы (астық сапасының паспорты, астық сапасының паспортының телнұсқасы, астық сапасының паспортының көшiрмесi) бланкта ресiмделедi.
       Ескерту. 25-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2007.05.28. N  355 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      26. Астық сапасының паспортының үш қорғаныс дәрежесi бар. Сатып алынған баланктiң қорғаныс дәрежесiн өзгертуге және толықтыруға тыйым салынады.

      27. Астық сапасының паспорты осы Талаптардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша астық рыногы саласындағы уәкiлеттi орган анықтаған ұйым дайындайды.
       Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2007.05.28. N  355 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      28. Астық сапасының паспорты қатаң есеп беру бланкiсi болып табылады. Бланктердi есепке алуын ұйымдастыру мақсатында астық сапасының паспортында паспортта, телнұсқада және көшiрмеде бiрдей нөмiр бар. Астық сапасының паспорты бланктерiнiң қозғалысы туралы есептi ай сайын астық сапасының сараптамасы жөнiндегi тiркелген зертханалар астық рыногы саласындағы уәкiлеттi органға тапсырулары тиiс.
       Ескерту. 28-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2007.05.28. N  355 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

Астық сапасының сараптамасы  
тәртiбiне және астық сапасының 
паспортын беруге қойылатын 
талаптарға 1-қосымша

       Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2007.05.28. N  355 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

              200_ж. "___"______________________

          Астық сапасына сараптама жүргізуге N_____өтініш

Өтініш беруші_______________________________________________________
Мекен-жайы__________________________________________________________
Телефоны, факсы_____________________________________________________
______________,____________________________________жеткізу станциясы
жеткізілетін ел
алушы_________________________тиеп жөнелтуге арналған,______________
                                                          атауы
_____________астық қабылдау кәсіпорнында сақтаулы, салмағы_____тонна
___________астығы партиясының сапасына сараптама жүргізуді сұраймыз.
дақылдың атауы
Сараптама жасауға жататын астық_____________________________________
                    стандарттың және (немесе) келісім-шарттың нөмірі
талаптарына сай болуы тиіс.
Тиеп жөнелту____________________________________________жүргізіледі.
                          тиеп жөнелту күні
Сынама алу_______________________________________сәйкес жүргізіледі.
                        стандарттың нөмірі
Сынаулар мынадай көрсеткіштер және сынау әдістемелері бойынша
жүргізіледі:
________________ ____________________ ______________________________
көрсеткіш атауы   стандарттың нөмірі                норма
________________ ____________________ ______________________________
________________ ____________________ ______________________________
________________ ____________________ ______________________________
Нәтижелеріне қарамастан астықтың сапасын сараптау рәсімімен
байланысты шығындарды____________________шартқа сәйкес төлеуге
міндеттенеміз.
Өтініш беруші_____________ __________________
                 қолы           Т.А.Ә
М.О.
Орындау үшін зертхана маманы______________________________жіберілді.
Орындалғаны туралы белгі:___________________________________________

Астық сапасының сараптамасы  
тәртiбiне және астық сапасының 
паспортын беруге қойылатын 
талаптарға 2-қосымша

       Ескерту. 2-қосымша алынып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2007.05.28. N  355 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

       Астық сапасының сараптамасы  
тәртiбiне және астық сапасының 
паспортын беруге қойылатын 
талаптарға 3-қосымша       

       Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2007.05.28. N  355 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

Көлік құралын жарамсыз деп тану акті

200_жылғы "__"_______________    ___________________________________
                                             АҚК атауы

      Біздер, мына құрамдағы комиссия: астықтың сапасын сараптау
жөніндегі зертхананың маманы_______________________________________,
                                   (зертхананың атауы, Т.А.Ә)
өтініш берушінің өкілі_____________________________________________,
                                       (лауазымы, Т.А.Ә)
астық қабылдау кәсіпорнының өкілі__________________________________,
                                       (лауазымы, Т.А.Ә)
мынаны анықтадық____________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________________транспорт
           (транспорт құралдарының атауы және N N)
құралдары мыналардың: бөтен заттардың, астық қалдығының, бөтен
иістің, зиянкестермен залалдануы (керегінің астын сызу қажет)
болғандығынан астықты тасымалдау үшін жарамсыз деп танылды.
      Қолдар:
      Маман:
      Астық қабылдау кәсіпорнының өкілі:
      Өтініш берушінің өкілі:

Астық сапасының сараптамасы  
тәртiбiне және астық сапасының 
паспортын беруге қойылатын 
талаптарға 4-қосымша       

       Ескерту. 4-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2007.05.28. N  355 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

Сынамалар алу
aктi
200___ жылғы "___" _______________

      Мен, _______________________________________________ маманы,
                          (зертхананың атауы, Т.А.Ә)
_______________________________________________________ қатысуымен
  (астық қабылдау кәсiпорны өкiлiнiң лауазымы, Т.А.Ә)
_______________________________________________________ қатысуымен
         (өтiнiш берушi өкiлiнiң лауазымы, Т.А.Ә)
__________________________________________________________________
      (сынама алған орын: астық қабылдау кәсiпорнының атауы)
N___ силоста сақтаулы, салмағы ______ тонна партиядан ____________
талаптарына сәйкестiгiне _________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
көрсеткiштер бойынша астықтың сапасына сынау жүргiзу үшiн МЕМСТ 13586.3-83 2.2.3-т. сәйкес сынамалар алдым.
Салмағы 2000 г. сынамалар әрқайсысы астықты тиеп жөнелту кезiнде әрбiр вагондық партиядан алынды, ________________________ салынды, мөрлендi және _________________________________ сақтауға арналған.
__________________________________________________________________
      (астықтың сапасын сараптау жөнiндегi зертхананың атауы)
      Ескерту: бiр алу aктi бiр сөтке iшiнде, бiр өтiнiш берушi, бiр келiсiм-шарт бойынша тиеп жөнелткен астықтың вагондық партияларына алу актiнде әрбiр ыдыс-орынды (вагонды) көрсету арқылы жасала алады.
Вагондардың NN:
__________________
__________________
__________________
__________________
__________________
__________________

Салмағы 2000 г. сынама ____________ салынды, _____________________
                                                (кiммен, қалай)
мөрлендi және _________________________________ жiберуге арналған.
   (астықтың сапасын сараптау жөнiндегi зертхананың атауы)
Сынамалар алу уақыты: ___сағ.___мин. бастап ___сағ.___мин. дейiн
Маман:       _________________        _________________________
                 (қолы)                        (Т.А.Ә)
АҚК өкiлi:   _________________        _________________________
                 (қолы)                        (Т.А.Ә)
Өтiнiш берушiнiң өкiлi: ____________  _________________________
                            (қолы)               (Т.А Ә)

Астық сапасының сараптамасы  
тәртiбiне және астық сапасының 
паспортын беруге қойылатын 
талаптарға 5-қосымша       

       Ескерту. 5-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2007.05.28. N  355 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

N 1 нысан  

Астықтың сынамаларын тiркеу
журналы

__________________________________________________________________
Рет|Күні|Өтiнiш|Дақылдың|  Көлiк   |Партияның|Сынамалар |Сынаманы
N |    |берушi| атауы  |құралының |салмағы, |aлу жүргi.|қабылда.
   |    |      |        |(қойманың)|   кг    |зiлген АҚК|ған маман.
   |    |      |        |     N    |         |   атауы  |ның қолы
__________________________________________________________________
1    2     3       4        5          6          7        8
__________________________________________________________________

Астық сапасының сараптамасы  
тәртiбiне және астық сапасының 
паспортын беруге қойылатын 
талаптарға 6-қосымша       

       Ескерту. 6-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2007.05.28. N  355 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

____________________________________________________
сынаманы сынауға жiберiп отырған зертхананың атауы

                   _______________________________________________
                     сынама жiберiлiп отырған зертхананың атауы

Өтiнiш

      __________________________________________________ астығының
                        дақылдың атауы
_____________________________________________________ сынамаларына
       сынамалардың тiркеу нөмiрлерi көрсетiледi
__________________________________________________________________
        көрсеткiштiң атауы және сынау әдiсi көрсетiледi
_____________________________________________ көрсеткiштер бойынша
сынау жүргiзудi сұраймыз.

      Маман: ____________      _________________________________
                 қолы                          T.А.Ә

      M.O.

Астық сапасының сараптамасы  
тәртiбiне және астық сапасының 
паспортын беруге қойылатын 
талаптарға 7-қосымша       

       Ескерту. 7-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2007.05.28. N  355 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

___________________________
    зертхананың атауы
___________________________
   тiркеу аттестатының N
___________________________
  зертхананың мекен-жайы

Зерттеу нәтижесi

      Өтiнiш берушiнiң атауы ______________________________
      Дақылдың атауы ______________________________________
      Сынаманы _______________________________________ алды
                          кім, қай жерден

      Сынаманың салмағы ______ кг    Түскен ____________ күнi
      _______________________________________ өтiнiшi бойынша
      Астықтың сапасын сараптау жөнiндегi зертхананың атауы
      Сынау жүргiзiлген күн _____________________
__________________________________________________________________
  Сапа көрсеткiштерi |    Сынау әдiсi   |     Нақты нәтиже
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Қоршаған ортаның жағдайы:

      Орындаушы _____________________________
                        Т.А.Ә., қолы

      Зертхана меңгерушiсi ___________________________
                                    Т А.Ә., қолы

      M.O.

      Берiлген күнi:

Астық сапасының сараптамасы  
тәртiбiне және астық сапасының 
паспортын беруге қойылатын 
талаптарға 8-қосымша       

       Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2007.05.28. N  355 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

____________________________________________________________________
    Астық сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың атауы

Мекен-жайы:                                 200_жылғы "__"__________
Телефоны/факсы:                             N_______тіркеу аттестаты

      200_жылғы "__"__________________N_____ сынау хаттамасы

      Парақтар саны __________
________________________________алу актісімен бірге түскен сынамалар
Сынаманы алған_______________________Сынама алынған орын____________
                      (кім)
Сынаманың түскен күні мен уақыты: 200_жылғы "__"___ ____сағ.____мин.
Өтініш беруші_______________________________________________________
Мекен-жайы__________________________________________________________
200_ж. егін астығы. Партияның салмағы______Сынаманың салмағы________
Астықтың түрі_______________________Тегі___________сыныбы___________
____________________талаптарына сәйкестігіне сынау түрі______________
ТН ВЭД коды         КП ВЭД коды         (200_жылғы "__"____өтініш N)
Сынаулар жүргізілген күн

Көрсеткіштердіңатауы

Сынау әдістеріне
арналған стан-
дарттар

Өтініш бойынша
нормалар

Нақты
көрсеткіштер













   Қоршаған ортаның температурасы,  0 С:
Орташа ылғалдылық, %:

Орындаушылар:
Зертхана меңгерушісі:
Сынаулар тіркеу шарттарына сәйкес жүргізілді.
Хаттама сынау жүргізілген сынамаға жүреді.
Астықтың сапасын сараптау жөніндегі____________________зертханасының
сынау хаттамасын ішінара немесе толығымен көшіріп басуға тыйым салынады.

  Астық сапасының сараптамасы  
тәртiбiне және астық сапасының 
паспортын беруге қойылатын 
талаптарға 9-қосымша       

       Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2007.05.28. N  355 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

N 2 нысан
                Астық сапасының паспортын және
              сынақ хаттамаларын тіркеу және беру
                            журналы

РетN№

Сынау хаттамасының N және күні

Ескерту
(басқа
зертха-
наның
сынау
нәтиже-
лерінің
N және
күні)

Сынау
жүргізген
маманның
Т.А.Ә.

Астық
сапасы
паспортының
N

Астық
сапасының
паспортын
алғаны туралы
өтініш
берушінің
қолы және күні

1

2

3

4

5

6

  Астық сапасының сараптамасы  
тәртiбiне және астық сапасының 
паспортын беруге қойылатын 
талаптарға 10-қосымша      

       Ескерту. 10-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2007.05.28. N  355 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

Астықтың сапа паспорты N 0000001

                                    _____________________________ 
                                   |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
                                        Код ТН СЭҚ 

"__"__________ 200_ж               "__"______ 200__ж. дейiн күшiнде

Жiберушi ________________________  Араласпалар:
                                   Арамшөптiк араласпалар________%
Жiберу пунктi ___________________  сондай-ақ:
Астық қабылдау кәсіпорнының
атауы ___________________________  ______________________________%
Көлiк (склад) N _________________  ______________________________%
Салмағы _____кг Орын саны _______  ______________________________%
Қабылдаушы ______________________
Жеткiзу пунктi                     Құлау саны ___________________с
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және (немесе) келісім-шарт________ ____________  Ерекше белгiлер ______________
Дақылдың атауы __________________  ______________________________
Түрлерi__ Түр-түрлерi__ Сынып ____ ______________________________
Сапа көрсеткіштерi:                Қосымша көрсеткiштер _________
Түсi____ Иiсi____ Залалдануы_____  ______________________________
Табиғаты____г/л Ылғалдылығы____%   ______________________________
Жылтырлығы____%                    Астық сапасының паспортын
                                   берген зертхананың атауы
Дән маңызының салмақтық үлесi___%  Аттестаттың N____
Дән маңызының сапасы ______ у.ед.
Тобы. ________________

      Жалғасы

Дәндiк (майлы) араласпалар ___ %
сондай-ақ
_______________________________%
_______________________________%
_______________________________%

Ақуыз _________________________%
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________

Қолы ________

Астық сапасының сараптамасы  
тәртiбiне және астық сапасының 
паспортын беруге қойылатын 
талаптарға 11-қосымша      

Астықтың сапа паспортының телнұсқасы N 0000001

                                    _____________________________ 
                                   |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
                                                 Код ТН СЭҚ  

"__"__________ 200_ж               "__"______ 200__ж. дейiн күшiнде

Жiберушi ________________________  Араласпалар:
                                   Арамшөптiк араласпалар________%
Жiберу пунктi ___________________  сондай-ақ:
Астық қабылдау кәсіпорнының
атауы ___________________________  ______________________________%
Көлiк (склад) N _________________  ______________________________%
Салмағы _____кг Орын саны _______  ______________________________%
Қабылдаушы ______________________
Жеткiзу пунктi                     Құлау саны ___________________с
Нормативтiк құжаттар ____________  Ерекше белгiлер ______________
Дақылдың атауы __________________  ______________________________
Түрлерi__ Түр-түрлерi__ Сынып ____ ______________________________
Сапа көрсеткіштерi:                Қосымша көрсеткiштер _________
Түсi____ Иiсi____ Залалдануы_____  ______________________________
Табиғаты____г/л Ылғалдылығы____%   ______________________________
Жылтырлығы____%                    Астық сапасының паспортын
                                   берген зертхананың атауы
Дән маңызының салмақтық үлесi___%  Аттестаттың N____
Дән маңызының сапасы ______ у.ед.
Тобы. ________________

      Жалғасы

Дәндiк (майлы) араласпалар ___ %
сондай-ақ
_______________________________%
_______________________________%
_______________________________%

Ақуыз _________________________%
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________

Қолы ________

Астық сапасының сараптамасы  
тәртiбiне және астық сапасының 
паспортын беруге қойылатын 
талаптарға 12-қосымша      

Астықтың сапа паспортының көшірмесі N 0000001

                                    _____________________________ 
                                   |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
                                             Код ТН СЭҚ  

"__"__________ 200_ж               "__"______ 200__ж. дейiн күшiнде

Жiберушi ________________________  Араласпалар:
                                   Арамшөптiк араласпалар________%
Жiберу пунктi ___________________  сондай-ақ:
Астық қабылдау кәсіпорнының
атауы ___________________________  ______________________________%
Көлiк (склад) N _________________  ______________________________%
Салмағы _____кг Орын саны _______  ______________________________%
Қабылдаушы ______________________
Жеткiзу пунктi                     Құлау саны ___________________с
Нормативтiк құжаттар ____________  Ерекше белгiлер ______________
Дақылдың атауы __________________  ______________________________
Түрлерi__ Түр-түрлерi__ Сынып ____ ______________________________
Сапа көрсеткіштерi:                Қосымша көрсеткiштер _________
Түсi____ Иiсi____ Залалдануы_____  ______________________________
Табиғаты____г/л Ылғалдылығы____%   ______________________________
Жылтырлығы____%                    Астық сапасының паспортын
                                   берген зертхананың атауы
Дән маңызының салмақтық үлесi___%  Аттестаттың N____
Дән маңызының сапасы ______ у.ед.
Тобы. ________________

      Жалғасы

Дәндiк (майлы) араласпалар ___ %
сондай-ақ
_______________________________%
_______________________________%
_______________________________%

Ақуыз _________________________%
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________

Қолы ________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады