Ғылыми зерттеулердi енгiзу, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына зияткерлiк меншiктi кiргiзу, оның iшiнде венчурлық өндiрiстi ұйымдастыру кезiнде зияткерлік меншікті бағалау әдістерін қолдану жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 6 сәуірдегі N 91, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 6 сәуірдегі N 290, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2004 жылғы 6 сәуірдегі N 79, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрінің 2004 жылғы 6 сәуірдегі N 79 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 12 мамырдағы тіркелді. Тіркеу N 2844. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 438, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 497, Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 762, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 477 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 03.07.2015 № 438, ҚР Әділет министрінің 15.09.2015 № 497, ҚР Инвестиция және даму министрінің 16.07.2015 № 762, ҚР Энергетика министрінің 10.07.2015 № 477 бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 шiлдедегi N 712-1  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөнiндегi 2003-2015 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының 5.3.2.1-тармағын iске асыру мақсатында бұйырамыз:
      1. Қоса берiлiп отырған Ғылыми зерттеулердi енгiзу, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына зияткерлiк меншiктi кiргiзу, оның iшiнде венчурлық өндiрiстi ұйымдастыру кезiнде зияткерлiк меншiктi бағалау әдiстерiн қолдану жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi Ж.Қ.Асановқа, Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым вице-министрi Н.С.Бектұрғановқа, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi Ә.Ө.Исекешевке және Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар бiрiншi вице-министрi Б.С.Iзмұхамбетовке жүктелсiн.
      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
      Әділет министрі       

      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасы
      Индустрия және сауда министрі

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика және минералды
      ресурстар министрі

Қазақстан Республикасы       
Әділет министрінің         
2004 жылғы 6 сәуірдегі N 91    
Қазақстан Республикасы       
Білім және ғылым министрінің    
2004 жылғы 6 сәуірдегі N 290    
Қазақстан Республикасы       
Индустрия және сауда министрінің 
2004 жылғы 6 сәуірдегі N 79    
Қазақстан Республикасы       
Энергетика және минералды      
ресурстар министрінің       
2004 жылғы 6 сәуірдегі N 79     
"Ғылыми зерттеулерді енгізу,   
сондай-ақ заңды тұлғалардың    
жарғылық капиталдарына      
зияткерлік меншікті кіргізу,  
оның ішінде венчурлық өндірісті 
ұйымдастыру кезінде зияткерлік 
меншікті бағалау әдістерін    
қолдану жөніндегі нұсқаулықты  
бекіту туралы" бірлескен     
бұйрығымен бекітілген       

  Ғылыми зерттеулерді енгізу, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына зияткерлік меншікті кіргізу, оның ішінде венчурлық өндірісті ұйымдастыру кезінде зияткерлік меншікті бағалау әдістерін қолдану жөніндегі
Нұсқаулық 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ғылыми зерттеулерді енгізу, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына зияткерлік меншікті кіргізу, оның ішінде венчурлық өндірісті ұйымдастыру кезінде зияткерлік меншікті бағалау әдістерін қолдану жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексіне , "Бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 5 желтоқсандағы N 2076 тіркелген Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 2 желтоқсандағы N 184  бұйрығымен бекітілген Бағалау қызметінің субъектілерінің зияткерлік меншік объектілерін бағалау әдістеріне қойылатын талаптарды қолдану жөніндегі ережеге сәйкес әзірленді.

      2. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі түсініктер пайдаланылады:
      1) бағалау объектісі құнының қорытынды мөлшері - бағалаушының бағалаудың түрлі тәсілдері мен әдістерін пайдалану кезінде бағалау объектісінің құнын есептеу нәтижелерін негіздеп жалпылау қорытындысы ретінде алынған бағалау объектісі құнының мөлшері;
      2) лицензиялық шарт - өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықтар иесі (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) өнеркәсіптік меншіктің тиісті объектісін уақытша белгілі бір жолмен пайдалану құқығын беру шарты;
      3) лицензиялық сыйақы - лицензиялық келісім нысаны болып табылатын лицензияны, "ноу-хауды" және басқаларды пайдалануға құқықтарды берген үшін өтемақы төлеу;
      4) паушалдық төлем - бір жолғы тәртіппен, сондай-ақ ұзартылған мерзімде төленуі мүмкін лицензиялық сыйақының белгіленген келісімде қатаң көрсетілген сомасы;
      5) роялти - нақты тұрақты ставкалар ретінде белгіленетін және лицензиат нақты келісілген уақыт мерзімінен кейін төлеп тұратын тұрақты пайыздық жарналар.

      3. Зияткерлік меншікті міндетті түрде бағалау:
      1) жекешелендіру, сенімгерлік басқаруға не жалға (кейіннен сатып алатын жалға) беру үшін;
      2) меншік иесінен мүлікті мемлекет мұқтажына сатып алу және алып қою үшін;
      3) сот орындаушысы жүргізген бағаға борышкер немесе өндіріп алушы қарсылық білдіргенде борышкер мүлкінің құнын белгілеу үшін;
      4) Өзге де жағдайларда жүргізіледі.

      4. Зияткерлік меншік объектілерін бастамашылық бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тапсырыс берушінің ерік білдіруінің негізінде жүргізіледі.

  2. Зияткерлік меншікті бағалау тәсілдері

      5. Нарықтық немесе нарықтықтан басқа өзге құн өздерінің спецификасы бойынша табысты, шығынды және салыстыру тәсілдеріне топтастырылған бағалау әдістерін қолдану жолымен белгіленеді.

      6. Бағалаудың нақты әдістерін таңдау бағалаудың мақсаттарымен және қолда бар және қол жететін бастапқы мәліметтермен белгіленеді.

      7. Табыстық тәсіл негізгі болып табылады. Шығындық тәсіл көмекші тәсіл ретінде және объектіні табыстық тәсіл арқылы бағалау қиын болған жағдайларда пайдаланылады. Салыстыру тәсілін қолдану зияткерлік меншік объектілерінің сирек кездесетініне және зияткерлік меншік объектілерімен коммерциялық мәмілелер жөнінде ақпараттың болмауына байланысты шектелген.

  3. Табыстық тәсіл

      8. Табыстық тәсіл экономикалық күту қағидатына негізделеді және зияткерлік меншік объектісін пайдаланудан түсетін болашақ табыстардың ағымдағы құнын белгілеуден тұрады.

      9. Табыстық тәсіл:
      1) табыстар мен тәуекелдердің түрлі түрлерін;
      2) шығын факторларын;
      3) ақшаның ағын жолдарын;
      4) құқықтарды пайдаланудың ықтимал мерзімдерін;
      5) саланың, өндірілетін өнімдер көлемінің, нарықтық конъюнктураның дамуын болжауды ескереді.

      10. Бағалаудың табыстық тәсілін қолдану кезінде мынадай әдістер қолданылады:
      1) табыстарды капиталдандыру әдісі;
      2) ақша ағындарын дисконттау әдісі;
      3) лицензиялық сыйақыдан босату әдісі.

      11. Табыстарды капиталдандыру әдісі зияткерлік меншік объектісін пайдаланудан түскен табысты тікелей ағымдағы құнға айналдыру негізінде осы объектіні пайдаланудан тұрады.

      12. Бұл әдіс пайдаланудың тұрақты шарттарын сақтай отырып бір мезгілде зияткерлік меншік объектілерін өзара немесе бірдей қарқынмен өзгеріп отырған ақша ағындарын әкелетін бағаланатын объектілер үшін пайдаланылады.

      13. Табысты капиталдандыру зияткерлік меншік объектісінің құнын оны пайдаланудан түсетін табыс тұрақты болған жағдайда, мысалы, бұл табыс патенттелген өнертабысты пайдаланған үшін алынатын тұрақты көлемдегі лицензиялық төлемдерден (роялти) құралғанда айтарлықтай дәл белгілеуге мүмкіндік береді. Есепке салық салынғанға дейінгі пайда алынады, өйткені бағалаудың мақсаты - зияткерлік меншік объектісінің нарықтық құнын анықтау.

      14. Табыстарды капиталдандыру кезінде мынадай жұмыстар жүргізіледі:
      1) бағалау объектілерінен түсетін таза табыстың көздері мен шамасы айқындалады;
      2) таза табыстың капиталдандыру ставкасы белгіленеді;
      3) бағалау объектісінің құны таза табыспен капиталдандыру ставкасының бөліндісі ретінде есептеледі.

      15. Тұрақты табыс әкелетін зияткерлік меншік объектісін пайдаланудың нарықтық құнын анықтау кезінде бағаланатын объектіні ағымдағы жылда пайдаланудан алынған жылдық табыс (салық салынғанға дейінгі) арнайы көбейткішке (мультипликаторға) М көбейтіледі:

Сд = Е х М,

      мұнда Сд - бағаланып отырған зияткерлік меншік объектісі құнының табыстық тәсіл негізіндегі әдіспен есептеу мөлшері;
      Е - зияткерлік меншік объектісін пайдаланудан алынған таза табыс;
      М - мультипликатор.
      Егер пайда тұрақты болса, мультипликатор

M = 1/r 0

      формуласы бойынша есептеледі, мұнда
      r 0 - осы салада тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындар үшін үлестермен көрсетілген капиталдандыру ставкасы.
      Үлестермен көрсетілген капиталдандыру ставкасы

r 0 = r/100

      формуласы бойынша есептеледі, мұнда
      r - пайыздармен көрсетілген капиталдандыру ставкасы.
      Егер пайда тұрақты қарқынмен өссе, онда

M = 1/(r 0 - g),

      мұнда g - пайда қарқыны.

      16. Тұрақты немесе тұрақты өспелі табыс әкелетін зияткерлік меншік объектісін бағалау үшін осы қор нарығының негізінде арнайы әдістемелер бойынша есептелетін мультипликаторлар және капиталдандыру ставкалары пайдаланылады.

      17. Ақша ағындарын дисконттау әдісі зияткерлік меншік объектілерін пайдаланудан дисконттаудың белгілі бір ставкасы бойынша бағалауды жүргізу күніне барлық болашақ ақша ағындарын әкелу процесін білдіреді.

      18. Осы әдіс пайдаланудың тұрақты шарттарын сақтай отырып бір мезгілде зияткерлік меншік объектілерін пайдаланудан түсетін өз ара бірдей емес ақша ағындарын әкелетін бағаланатын объектілер үшін пайдаланылады.

      19. Ақша ағындарын дисконттау кезінде мынадай жұмыстар жүргізіледі:
      1) бағалау объектілерін пайдаланудан түсетін таза табысты құрайтын болашақ ақша ағындары бағаланады;
      2) дисконттау ставкасы белгіленеді;
      3) болашақ табыстардың ағымдағы сомалық құны есептеледі;
      4) алынған нәтижеге ағымдағы кезеңге келтірілген бағалау объектілерінің құны қосылады.

      20. Ағымдағы жылдың пайда ағыны түсетін немесе жедел төленуге тиіс қаражаттан тұратын 1 коэффициентімен ескеріледі. Әрбір келесі жыл үшін дисконттау коэффициенті алдыңғы жыл үшін коэффициентті 1/(1 + а д ) мөлшеріне көбейту арқылы алынады, мұнда
      а д - үлестермен көрсетілген дисконт ставкасы. Үлестермен көрсетілген ставка

а д = а/100

      формуласы бойынша есептеледі, мұнда
      а - пайыздармен көрсетілген дисконт ставкасы.
      Келтірілген құн (Спр)

Спр=Дп 0 +1/(1+а д )хДп 1 + [1/(1+а д )] 2 хДп 2 + ... +[1/(1+а д )] Т хДп T

      формуласы бойынша есептеледі, мұнда
      Спр - Дп 0 , Дп 1 , Дп 2 , ..., Дп T ақша ағындарының ақырлы  тізбегінің келтірілген құны;
      0 индексі - бағаланатын активті ағымдағы жылы пайдалану көрсеткіші;
      1, 2 және... индекстері - бағаланатын активтерді келесі жылдары пайдалану көрсеткіштері;
      Т индексі - бағаланатын активті соңғы жылы пайдалану көрсеткіші.

      21. Дисконтталатын табыс ретінде таза табыс немесе ақша ағыны пайдаланылуы мүмкін.

      22. Лицензиялық сыйақыдан босату әдісі зияткерлік меншік объектісіне айрықша құқық иесін егер бұл құқықтарға басқа адам ие болатын болғанда төлеуге мәжбүр болатындай жағдайда лицензиялық сыйақыны төлеу қажеттілігінен босата алады. Лицензиялық шарт жасалатын зияткерлік меншік объектісінің құны осы лицензиялық шарт бойынша барлық лицензиялық төлемдердің ағымдағы сомасы ретінде қаралатын әдіс мағынасын білдіреді.

      23. Лицензиялық төлемдер роялти немесе паушалдық төлемдер түрінде төленеді.

      24. Роялтидің есептеу ставкасы лицензиялық шарттарды жасасудың отандық және шетелдік тәжірибесін талдау негізінде белгіленеді. Ақпарат көздерінде қажетті мәліметтер болмаған жағдайда роялтидің есептеу ставкасы лицензия объектісін пайдалану нәтижесінде потенциалды лицензиат алуы мүмкін экономикалық тиімділікті немесе пайданы талдау тәсілімен белгіленуі мүмкін.

      25. Бұл жағдайда роялти ставкасы

R=(Д л /100)х(/\Э/P)=[(0,1+35)/100]х(/\Э/P)=0,35х(/\Э/P)

      формуласы бойынша белгіленеді, мұнда
      R - роялтидің есептеу ставкасы;
      Д л - лицензиялық шарт объектісін пайдаланудан алынатын лицензиат пайдасындағы лицензиардың үлесі;
      Р - лицензия бойынша өнім бірлігінің есептеу бағасы;
      /\Э - лицензия бойынша өнім бірлігіне келетін потенциалды лицензиаттың экономикалық эффектісі немесе пайдасы.

      26. Лицензиялық шарт объектісін пайдалану кезінде лицензиаттың алатын экономикалық тиімділігі немесе пайда, лицензия бойынша өнімді сату сомасы мен осы өнімнің өзіндік құнының және өнімді сатуға кеткен шығындар айырымы ретінде белгіленуі мүмкін. Мұнда лицензиаттың барлық шығындары мен түсімдері есеп айырысу жылына келтірілуі тиіс.

      27. Роялтидің есептеу мөлшерін белгілеу үшін роялти базасын таңдау қажет. Роялти базасы лицензиялық шарт объектісін пайдаланудан лицензиар мен лицензиат өнім өндірісінің (сатылуының) көлемі өскен сайын, лицензия негізінде технологияны пайдаланылған сайын табыс ала алатындай етіп таңдалады. Өндірілген (сатылған) өнімнің құны, лицензиялық өнім бірлігінен тұрақты аударым, лицензия бойынша объектіні пайдаланудан түсетін қосымша пайда база болуы мүмкін.

      28. Егер роялти базасы ретінде өндірілген (сатылған) өнімнің құны алынса, онда роялти түріндегі лицензиялық сыйақының есептеу мөлшері

                          Т
                     CR = E/\P і х V і  х R і
                         і=1

      формуласы бойынша есептеледі, мұнда
      CR - роялти түріндегі лицензиялық сыйақының есептеу мөлшері;
      P і - лицензия і-ші қолданылатын жылы лицензия бойынша өнім бірлігінің бағасы;
      V і - лицензияның і-ші қолданылатын жылы лицензия бойынша өнімнің жоспарланып отырған өндіріс (сату) көлемі;
      R і - і жылындағы роялти ставкасы;
      Т - лицензияның жылдарға шаққанда қолданылу мерзімі;
      і - 1, 2, 3... (Т - 1), Т - лицензияның қолданылу жылы.

      29. Егер роялти базасы ретінде лицензия бойынша шығатын өнім бірлігінен алынатын тұрақты аударым алынса, онда роялти түріндегі лицензиялық сыйақының есептеу мөлшері

                          Т
                     CR = E /\P х V і
                         і=1

      формуласы бойынша есептеледі, мұнда
      /\P - лицензия бойынша өндірілетін (сатылатын) өнім бірлігінен аударылатын сома.

      30. Егер роялтидің базасы ретінде лицензияны пайдаланудан алынатын қосымша табыс алынса, онда роялти түріндегі лицензиялық сыйақының есептеу көлемі

                          Т
                     CR = E В х R і
                         і=1

      формуласы бойынша есептеледі, мұнда
      В - лицензиаттың қосымша табысы;
      Rі - і жылы лицензиаттың табысындағы лицензиардың үлесі ретіндегі роялти ставкасы.

      31. Бағаланатын объект құнының шамасы зияткерлік меншік объектісін пайдалану құқығын берген үшін оның қолданылу мерзімі ішінде роялти нысанында төленетін сыйақы шамасын келтіру жолымен

                          Т
                     CД = E  С /(1 + а д ) і
                         і=1

      формуласы бойынша есептеледі.

      32. Паушалдық төлем пайдаланылған кезде лицензиат несие беруші, ал лицензиар - несие алушының рөлін атқарады. Лицензиар паушалдық төлемдердің банкте бола тұра алынатын мөлшері мен уақыты бойынша роялти түріндегі лицензиялық сыйақы төлеміне тең табысты қамтамасыз ете алатындай сомасын алуға тырысады. Дисконттау әдісін пайдаланып роялти нысанындағы ағымдағы төлемдерді паушалдық төлемдерге келтіруге және, керісінше, паушалдық төлемді лицензиялық шарттың барлық қолданылу кезеңіне роялтидің орташа деңгейіне келтіруге болады. Дисконт ставкасы ретінде коммерциялық банктің ұзақ мерзімді қарызы бойынша қолданылып жүрген ставкалары, салалар бойынша тиімділіктің орташа деңгейі, ұқсас инвестициялар немесе пайызда көрсетілген тиімділіктің салалық нормативтік коэффициенті бойынша табыс нормасы алынуы мүмкін.

      33. Осылай, лицензияның есептеу бағасының формуласын паушалдық төлемдер түрінде төлеу кезінде мынадай ықшамдалған түрде көрсетуге болады:

п = C R х К і ,

      мұнда Cл п - паушалдық төлемдер түрінде төлеу кезіндегі лицензияның есептеу бағасы;
      К і - роялти түріндегі төлемдерден паушалдық төлемдерге ауысу (дисконттау) коэффициенті, ол мына формула бойынша есептеледі:

К і = 1/(1 + а д ) і ,

      мұнда, і - шартқа қол қою күнінен бастап лицензиардың тиісті жылы роялтиді алған күніне дейінгі уақыт кезеңі.

  4. Шығындық тәсіл

      34. Шығындық тәсіл бағаланатын зияткерлік меншік объектілерін қайта шығаруға жұмсалған шығындарды моральдық тозуды алып тастағанда ағымдағы бағамен есептеуден тұрады. Шығындық тәсіл шеңберінде мынадай әдістер қолданылады:
      1) нақты шығындар әдісі;
      2) қалпына келтіру құнының әдісі;
      3) келтірілген шығындар әдісі.

      35. Нақты шығындар әдісі зияткерлік меншік объектісін жасаумен, оны сатып алумен және оны практикалық пайдалану мүмкін болатындай жағдайға жеткізумен байланысты барлық нақты өндірістік шығындарды сомалауға негізделеді. Нақты шығындар әдісі зияткерлік меншік объектілерінің баланстық құнын анықтау үшін қолданылады. Бухгалтерлік есепте материалдық емес активтер түрлі кезеңдердегі құндық бағаларды есеп беру жылына келтіре отырып және зияткерлік меншік объектілерінің моральдық тозуын ескере отырып көрсетіледі.

      36. Нақты шығындар әдісінің шеңберінде зияткерлік меншік объектісінің құны

Сз (факт.) = C 1 + C 2 + C 3 + C 4

      формуласы бойынша белгіленеді, мұнда
      Сз (факт.) - шығындық тәсіл негізінде бағаланатын зияткерлік меншік объектісі құнының есептеу мөлшері;
      C 1 - зияткерлік меншік объектісін жасауға жұмсалған шығындар, ғылыми-зерттеу жұмыстарын (бұдан әрі - ҒЗЖ) толық көлемде (ізденістен есеп беруге дейін) орындауға және техникалық құжаттаманың (бұдан әрі - ТҚ) тиімділікті ескере отырып есептелген барлық сатыларын әзірлеуге іс жүзінде жұмсалған шығындар сомасы болып табылады. Бұл ретте ҒЗЖ-ға кеткен шығындар мәселені алдын ала әзірлеуді, маркетингті және басқаларды қоса алғанда ізденіс жұмыстарына, теориялық зерттеулерге, эксперименттер, сынақтар жүргізуге, басқа ұйымдардың қызметтеріне, есеп жасауға, қарауға және бекітуге жұмсалған шығындардан құрылады. ТҚ-ны әзірлеуге жұмсалған шығындар нобайлық жобаны, техникалық жобаны, жұмыс жобасын орындауға, есептерді жасауға, сынақтарды жүргізуге, басқа ұйымдардың қызметтеріне, авторлық қадағалауға, жетекшілік етуге, дизайнды әзірлеуге және басқаларға жұмсалған шығындардан тұрады. ҒЗЖ және/немесе техникалық және жобалық құжаттама жартылай орындалған жағдайда немесе зияткерлік меншік объектісін жасаудан бұрын тек ҒЗЖ немесе ТҚ-ны әзірлеу жүргізілген болса, онда зияткерлік меншік объектісінің құнын есептеу нақты орындалған жұмыстарға жұмсалған шығындар бойынша жүргізіледі;
      C 2 - зияткерлік меншік объектісін құқықтық қорғауға (қорғау құжатын алуға өтінім материалдарын ресімдеу, өтінім бойынша хат алмасу, өтінім бергені үшін, сараптама жүргізген үшін, қорғау құжатын, куәлікті алған үшін, қорғау құжатын күшінде сақтау, қорғау құжатының қолданылу мерзімін ұзарту үшін, қорғау құжатының қолданылуын қалпына келтіру үшін және басқа ақы төлеу) жұмсалған шығындар. C 2 құрамасы ноу-хау, ҒЗЖ, ТҚ тәрізді зияткерлік меншік объектілері үшін болмайды;
      C 3 - маркетингтік зерттеулерге жұмсалған шығындар;
      C - зияткерлік меншік объектілерін өнеркәсіптік пайдалануға және коммерциялық сатуға дайындау үшін кеткен шығындар.
      Келтірілген құндық бағалаулар - бұл есеп айырысу жылына келтірілген кез келген бағалаулар (шығындар, пайда және басқа).

      37. Құнды қалпына келтіру әдістемесі бағалау күніне бағалау объектісінің мақсаты және сапасы бойынша ұқсас қайта өндіру (қайта жасау, қалпына келтіру) үшін қажетті барлық шығындарды анықтау болып табылады.

      38. Зияткерлік меншік объектісін құнды қалпына келтіру әдісімен бағалау

                  Т
          Сз = Кс E З і х К і х Ки і
                 і=t
      формуласы бойынша белгіленеді, мұнда
      Сз - зияткерлік меншік объектісінің қалпына келтіру құны;
      Кс - есептеу кезеңінің соңғы жылы зияткерлік меншік объектісінің моральдық тозу (амортизация) коэффициенті;
      З і - і-ші жылы зияткерлік меншік объектісін жасауға жұмсалған шығындар;

      К і - і-ші есептеу жылына арнап әр түрлі уақыттарда құндық бағалауларды есептеу жылына келтіру коэффициентінің сандық мағынасы (банктік пайыз ставкаларын өсіру коэффициенті);
      Ки і - бағалар индекстерінің і-ші есептеу жылына арналып өзгерілуін ескеретін индекстеу коэффициенті.
      Кс - келесі формула бойынша белгіленеді:

Кс = 1 - Тф/Тн,

      мұнда
      Тн - қорғау құжатының, лицензияның номинальды қолданылу мерзімі;
      Тф - есептеу кезеңінің ақырғы жылына қорғау құжатының, лицензияның нақты қолданылу мерзімі;
      t - есептеу кезеңінің алғашқы жылы;
      Т - есептеу кезеңінің соңғы жылы.

      39. Бағалау объектісінің ағымдағы нарықтық құнын есептеу кезінде келтірілген шығындар әдісі бағалау объектісін жасауға және пайдалануға дайындауға жұмсалған бұрынғы нақты шығындарды ақшаның уақытта өзгеруін ескеріп ағымдағы құнға қайта есептеуден тұрады.

      40. Келтірілген шығындар әдісінің шеңберінде зияткерлік меншік объектісінің құны

                           t
        Сз (пр.) = Сз (факт.) E К і D і /100
                          і=1

      формуласы бойынша есептеледі, мұнда
      Сз (пр.) - келтірілген шығындар;
      Сз (факт.) - нақты шығындар;
      D і - і-ші жылы нақты шығындар үлесі, %;
      К і - түрлі кезеңдік құн бағаларын есептеу жылына келтіру коэффициентінің (банктік пайыз ставкаларын өсіру коэффициенті) сандық мағынасы:
      1) есептеу жылынан бұрынғы кезең үшін:

К і = (1 + Е) T-tp

      2) есептеу жылынан кейінгі кезең үшін:

К і = 1/(1 + E)  T-tp

      формуласы бойынша белгіленеді, мұнда
      Е - түрлі кезеңдердегі құндық бағалауларды келтіру нормативы

Е = а/100

      формуласы бойынша есептеледі, мұнда
      а - банктік пайыз (қайта қаржыландыру ставкасы);
      tp - құндық бағалау есептеу жылына келтірілген жыл (құқықтық қорғау объектісін әзірлеудің алғашқы жылы, объектіге айрықша құқықтардың алғашқы қолданылу жылы, лицензиялық шарттың қолданылу жылы және басқа).

  5. Салыстыру тәсілі

      41. Бағаланатын объектіге ұқсас объектілерді сату-сатып алу мәмілелері туралы күмәнсіз нарықтық ақпараттың жеткілікті саны болған кезде салыстырып сату әдісі қолданылады.

      42. Әдіс салыстырылып отырған зияткерлік меншік объектілерінің сипаттарының ерекшеліктеріне байланысты түзетулерді ескеріп ұқсас объектіні бағаланатынмен салыстырудан тұрады.

      43. Салыстырып сату әдісін қолдану кезінде мынадай жұмыстар жүргізіледі:
      1) ұқсас бағалау объектілері бойынша жасалған мәмілелер туралы ақпарат жиналады;
      2) бағаланатын объектілері салыстырылатын көрсеткіштер тізбесі белгіленеді;
      3) бағаланатын объектімен салыстыру көрсеткіштерінің маңыздылығы ескеріле отырып зияткерлік меншік объектілері бойынша жасалған мәмілелердің нақты бағалары түзетіледі;
      4) салыстырылған мәмілелер бойынша түзетілген нақты деректер негізінде бағаланатын объектінің құны анықталады.

      44. Салыстырмалы сату әдісі шеңберінде зияткерлік меншік объектісінің құны

Сср = Сс х Пс

      формуласы бойынша белгіленеді, мұнда
      Сср - салыстырмалы сату әдісімен бағаланатын зияткерлік меншік объектісі құнының есептеу мөлшері;
      Сс - бағаланатын зияткерлік меншік объектісімен салыстырылатын ұқсас объектінің бағалау күніндегі құнының түзетілген мөлшері;
      Пс - зияткерлік меншіктің бағаланатын және салыстырылатын объектілері арасындағы сандық және сапалық айрықшылықтарды ескеретін ұқсас объектінің түзетілген құнына жиынтық түзету.

      45. Бағаланатын объектіге ауыстыру үшін ұқсас объекті құнының түзетілген мөлшері

Сс = Са х К - А

      формуласы бойынша белгіленеді, мұнда
      Са - ұқсас объектінің мәміле жасау күніндегі сату бағасы;
      К - арнайы индекстер (индекс-дефлятор, салалық индекстер, тұтыну бағаларының индексі және басқа) арқылы есептелетін зияткерлік меншіктің бағаланатын объектісімен салыстыру үшін мәміле жасалған күннен бастап кезеңге бағалау күніне дейінгі инфляция индексін өзгертуді ескеретін коэффициент;
      А - зияткерлік меншіктің қаралатын объектісін ұқсас объект бойынша мәміле жасалған күннен бастап бағалау күніне дейінгі кезеңге есептелген амортизация (тозу) мөлшері

А = Са х m/k

      формуласы бойынша белгіленеді, мұнда
      m - сатуларды салыстырып талдау кезінде ұқсас объект бойынша мәміле жасалған күннен бастап бағалау күніне дейінгі кезең (айларда);
      k - бағаланатын объектінің экономикалық қызмет мерзіміне сүйене отырып белгіленетін амортизацияның толық мерзімі (айларда).
      Бағаланатын объект пен салыстырылатын оған ұқсасының сипаттамалары арасындағы сандық және сапалық айрықшылықтарды ескеретін зияткерлік меншіктің салыстырмалы ұқсас объектісінің түзетілген құнының мөлшеріне Пс жиынтық түзету мөлшері

Пс = f(Во, Оп, Ви, Ппр, Пп, Фп, Тд, Юсс, Спп, Вс)

      функциясы болып табылады, мұнда
      Во - зияткерлік меншік объектісін иеленуші мемлекет;
      Оп - өнеркәсіп саласы немесе зияткерлік меншік объектісін қолдану саласы;
      Ви - зияткерлік меншік объектілерін пайдаланып жасалатын заттың түрі;
      Ппр - берілетін тауарлардың толықтығы (қарапайым, ерекше емес лицензия, ерекше лицензия);
      Пп - құқықтық қорғаудың (қорғау құжатының) болуы;
      Фп - төлем нысаны (паушалдық, роялти және/немесе аралас);
      Тд - қорғау құжатының немесе лицензияның қолданылу аумағы;
      Юсс - қорғау құжаты немесе лицензияның заңды қызмет мерзімі;
      Спп - берілетін құқықтар мерзімі;
      Вс - зияткерлік меншік объектісінің жаңа бұйымды шығаруға немесе барын жетілдіруге не өнімді әртараптандыруға тигізетін әсерінің дәрежесі.

      46. Зияткерлік меншік объектісінің бағалау құнын түрлі әдістерді қолданып есептеу кезінде әртүрлі мағына беретін нәтижелер шығады.

      47. Бағалау есептері бағалау объектісі құнының қорытынды мөлшерін шығару үшін кейін есептеу нәтижелерін келістіріп табыстық, шығындық және салыстыру тәсілдерінің шеңберінде түрлі әдістермен бір мезгілде жасалады.

      48. Бағалау объектісі құнының қорытынды мөлшері құндардың әртүрлі әдістермен алынған "орташа арифметикалық" және әрбір әдістің бір-біріне қатысты салыстырмалы қателігіне пропорционалды болып қабылданған салмақтық мағыналармен "орташа өлшенген" шамасы ретінде есептелуі мүмкін.
      Объектіні бағалаудың қорытынды Си мөлшері "орташа арифметикалық" шама негізінде

Си = (ES)/n

      формуласы бойынша белгіленеді, мұнда
      Си - объектіні бағалаудың қорытынды мөлшерінің мағынасы, "статистикалық орташа баға";
      S - бағалаудың әртүрлі әдістерімен алынған құндық бағалаулардың мағыналары;
      n - пайдаланылған бағалау әдістерінің саны.

      49. Объектіні бағалаудың қорытынды Си мөлшері "орташа өлшенген" шама негізінде

< в д   < 1,0  < в з   < 1,0 в ср   < 1, в д + в з + в = 1 жағдайларда

Си = в д х Сд + в з х Сз + в ср х Сср

      формуласы бойынша белгіленеді, мұнда
      в д , в з , в ср - тиісінше табыстық, шығындық және салыстыру тәсілдерін қолдану кезінде алынған және олардың салыстырмалы маңызын көрсететін (Сд, Сз, Сср) құндардың салмақтық бағалаулары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады